Денсаулық сақтау ұйымдарының номенклатурасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 қазандағы № ҚР ДСМ-117/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 9 қазанда № 21385 болып тіркелді

Қолданыстағы

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 7-бабының 70) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Денсаулық сақтау ұйымдарының номенклатурасы бекітілсін.

      2. Мына бұйрықтардың күші жойылған деп танылсын:

      1) "Денсаулық сақтау ұйымдарының номенклатурасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 26 қарашадағы № 797 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 5960, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы, 2010 жылғы № 7 болып жарияланған);

      2) "Денсаулық сақтау ұйымдарының номенклатурасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 26 қарашадағы № 797 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 10 қыркүйектегі № 605 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 7224, Заң газетінде 2012 жылғы 15 мамырдағы № 68 болып жарияланған).

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Цой

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2020 жылғы 8 қазаны
№ ҚР ДСМ-117/2020 бұйрығына
қосымша

Денсаулық сақтау ұйымдарының номенклатурасы

1. Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдар

1.

Медициналық пункт

2.

Фельдшерлік-акушерлік пункт

3.

Дәрігерлік амбулатория

4.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек орталығы

5.

Нөмірлік аудандық емхана

6.

Аудандық емхана

7.

Қалалық емхана

8.

Көп бейінді аурухана құрамындағы консультациялық-диагностикалық орталық

9.

Стоматологиялық емхана (орталық, кабинет)

10.

Жастар денсаулық орталығы

11.

Томотерапия орталығы

2. Стационарлық көмек көрсететін ұйымдар

12.

Аудандық аурухана

13.

Нөмірлік аудандық аурухана

14.

Көп бейінді ауданаралық аурухана

15.

Қалалық аурухана

16.

Көп бейінді балалар ауруханасы

17.

Көп бейінді қалалық балалар ауруханасы

18.

Көп бейінді облыстық аурухана

19.

Көп бейінді облыстық балалар ауруханасы

20.

Туберкулезге қарсы диспансер (фтизиопульмонология орталығы)

21.

Психикалық денсаулық орталығы

22.

Жіті бақыланатын мамандандырылған үлгідегі республикалық психиатриялық аурухана

23.

Лепрозорий

24.

Отан соғысының мүгедектеріне арналған госпиталь

25.

Туберкулезге қарсы аурухана

26.

Онкология орталығы/диспансер

27.

Дерматовенерологиялық/тері-венерологиялық диспансер

28.

Ядролық медицина орталығы

3. Жедел медициналық жәрдем және санитариялық авиация ұйымдары

29.

Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы

30.

Республикалық маңызы бар және астананың жедел медициналық жәрдем станциялары

31.

Жедел медициналық жәрдем кіші стационарлары

32.

Жедел жәрдем ауруханасы

33.

Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы

4. Апаттық медицина ұйымдары

34.

Апаттар медицинасы орталығы

5. Қалпына келтіру емі және медициналық оңалту ұйымдары

35.

Санаторийлар

36.

Мамандандырылған санаторийлар

37.

Профилакторийлар

38.

Оңалту орталығы

6. Паллиативтік көмек және мейіргер күтімін көрсететін ұйымдар

39.

Мейіргер күтімін көрсететін аурухана немесе бөлімше (төсек-орын) (паллиативтік көмек ауруханасы)

40.

Хоспис (паллиативтік көмек орталығы) немесе паллиативтік көмек бөлімшесі (палаталары)

7. Қан қызметі саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар

41.

Республикалық, облыстық және қалалық қан орталықтары

8. Сот медицинасы және патологиялық-анатомиялық диагностика саласында қызмет көрсететін ұйымдар

42.

Сот сараптама орталығы

43.

Патологиялық-анатомиялық бюро

44.

Орталықтандырылған патологиялық анатомиялық бөлімше

45.

Патологиялық анатомиялық бөлімше

9. Фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары

46.

Дәріхана

47.

Денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәріхана пункті

48.

Дәріханадан ұйымдастырылған шалғайдағы ауылдық жерлерге арналған жылжымалы дәріхана пункті

49.

Дәріхана (дистрибьюторлық) қоймасы, дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды уақытша сақтауға арналған қойма

50.

Оптика дүкені

51.

Медициналық бұйымдар дүкені

52.

Медициналық бұйымдар қоймасы

53.

Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндірісі бойынша ұйымдар

10. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметтерді жүзеге асыратын ұйымдар

54.

Ұлттық сараптама орталығы

55.

Обаға қарсы күрес станциясы

11. Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар

56.

Ұлттық орталық

57.

Ғылыми орталық

58.

Ғылыми-практикалық орталық

59.

Ұлттық ғылыми орталық

60.

Ғылыми-зерттеу институты

61.

Ғылыми-өндірістік орталық

62.

Ғылыми бөлімшелері бар денсаулық сақтау ұйымдары

12. Салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметтерін жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары

63.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы

64.

Отбасылық денсаулық орталығы

13. АИТВ-профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары

65.

АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы

14. Өзге де медицина ұйымдары

66.

Клиника

67.

Отбасын жоспарлау және ұрпақты болу денсаулық орталығы (адам репродукциясы орталығы)

68.

Әйелдер консультациясы

69.

Дәрігерлік-дене тәрбиесі диспансері

70.

Дұрыс тамақтану орталығы

71.

Арнайы медициналық жабдықтау базасы

72.

Медициналық ақпараттық-талдау орталығы

73.

Балалар үйі

74.

Ревматологиялық орталық

75.

Кардиологиялық орталық

76.

Аллергологиялық орталық (облыстық, қалалық)

      Ескертпе:

      1. Медициналық пункт, фельдшерлік-акушерлік пункт, дәрігерлік амбулатория, ауылдық емхананың құрылымдық бөлімшесі ретінде ауылдық елді мекендерде құрылады. Қалаларда дәрігерлік амбулатория қалалық емхананың құрылымдық бөлімшесі ретінде құрылады.

      2. Алғашқы медициналық-санитариялық көмек орталықтары бекітілген халық саны 10000-нан (он мың) бастап 30000 (отыз мың) адамға дейін болатын елді мекендерде (ауылдық округте) құрылады.

      3. Орталықтандырылған патологиялық анатомиялық бөлімше стационарлық көмек көрсететін ұйымының құрылымдық бөлімшесі ретінде құрылады.

      4. Отбасын жоспарлау және ұрпақты болу денсаулық орталығы, әйелдер консультациясы денсаулық сақтау ұйымының құрылымдық бөлімшелері ретінде құрылады.