"Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың жекелеген типтерін күтіп-ұстау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2013 жылғы 29 шілдедегі № 342 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № 56/қе бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 26 қыркүйекте № 21286 болып тіркелді

Қолданыстағы

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың жекелеген типтерін күтіп-ұстау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2013 жылғы 29 шілдедегі № 342 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізіміндегі актінің тіркеу № 8659, № 229 (28168) 09 қазандағы 2013 ж. "Егемен Қазақстан" жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың жекелеген типтерін күтіп-ұстау қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Шағын көлемді кемелердің жекелеген типтерін күтіп ұстау тәртібі";

      4-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының аумақтық суларында (теңізде) және ішкі суларында тұрақты тұратын орындары жоқ және сол кемежайға, айлаққа, орналасу пункттеріне және тоқтап тұратын тұрақты орнына тіркелусіз Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің аумақтық бөлімшесінде (бұдан әрі – Шекара қызметінің аумақтық бөлімшесі) аумақтық суларда (теңізде) оларды пайдалану жоспарындағы жауапты учаскеде шағын көлемді кемелердің жеке типтерін есепке алуға;";

      5-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Шекара қызметінің аумақтық бөлімшесінде шағын көлемді кемелердің жекелеген типтерін есепке қою иесінің жұмыс орны, жеке тұлғаның туған жылы, әкесінің аты (ол болған жағдайда), аты, тегі көрсетілген иесінің жазбаша өтінішінің сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжатпен тіркелген құжаттың негізінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің аумақтық бөлімшесінің Қазақстандық шағын көлемдіөздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты)кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың жекелеген типтерін тіркеу журналына тиісті мәліметтерді енгізу жолымен жүзеге асырылады.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Осы Қағидалар 5-тармағының талаптарын бұзу арқылы құжаттарды ұсынған жағдайда, иесіне шағын көлемді кеменің жекелеген типін Шекара қызметінің аумақтық бөлімшесіне тіркеуге қоюдан бас тартады."

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Шекара қызметінің аумақтық бөлімшесінде шағын көлемді кемелердің жекелеген типтерін есепке қою, иесінің болатын орны немесе өтініш қабылдаған күнгі тіркеу орнының тұрақты тұратын жерінің мекенжайымен тіркелген құжаттың тиісті бетінің оң жақ астыңғы бұрышына Шекара қызметінің аумақтық бөлімшесінің анықтама үшін мөртабан қоюмен бекітіледі.";

      Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың жекелеген типтерін күтіп ұстау қағидаларына 1-қосымшада:

      журналдың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі аумақтық бөлімшесінің Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың жекелеген типтерін есепке алу журналы";

      Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың жекелеген типтерін күтіп ұстау қағидаларына 2-қосымшасы алынып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры Дархан Айтқалиұлы Ділмановқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы
К. Масимов