"Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша шығыс нормаларын, оқуға және тағылымдамадан өтуге арналған үлгілік шарттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 163 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № 407 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 24 қыркүйекте № 21253 болып тіркелді

Қолданыстағы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша шығыс нормаларын, оқуға және тағылымдамадан өтуге арналған үлгілік шарттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 163 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7613 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2012 жылғы 29 мамырдағы № 274-278 (27352) санында жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Елдер бөлінісінде "Болашақ" халықаралық стипендиясының көлемін анықтау үшін шығыс нормаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Жол жүру бойынша шығыстар "Болашақ" халықаралық стипендиясы тағайындалғаннан кейін Қазақстан Республикасында тұратын жерінен академиялық оқу, тілдік курстардан, магистратура алдындағы дайындықтан, тағылымдамадан өту орнына академиялық оқу немесе тілдік курстардан, магистратура алдындағы дайындықтан, тағылымдамадан өту басталуына дейін күнтізбелік 60 (алпыс) күннен ерте емес және кері бағытта тілдік курстар, магистратура алдындағы дайындық, академиялық оқу немесе тағылымдамадан өту аяқталған соң күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей шыққан кезде жүргізімді.

      Академиялық оқу орнынан Қазақстан Республикасында тұратын жеріне дейін және кері бағытта ұзақтығы 2 (екі) ай және одан да көп семестраралық каникулдық кезеңде Аустралия, Жаңа Зеландия және Солтүстік Америка елдерінде магистратура бағдарламасы бойынша оқитын стипендиаттарға шетелдік жоғары оқу орнының академиялық күнтізбесіне сәйкес каникул демалысы басталғанға дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен ерте емес және кері бағытта каникулдық кезең аяқталғанға дейін күнтізбелік 15 (он бес) күннен кешіктірмей жүргізіледі.

      Академиялық оқу 1 (бір) оқу жылынан ұзақ болған жағдайда, жол жүру бойынша шығыстар Қазақстан Республикасында тұратын жерінен оқитын жеріне оқудың әрбір оқу жылы басталуына дейін күнтізбелік 60 (алпыс) күннен ерте емес және кері бағытта оқудың әрбір оқу жылы аяқталған соң күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірілмей жол жүру бойынша жүргізіледі.

      Академиялық оқу орнынан, тағылымдамадан өтуден, тілдік курстардан, магистратура алдындағы даярлықтан өту және кері қайту жөніндегі шығыстарды төлеу визаны, оның ішінде Қазақстан Республикасында ресімдеу немесе ұзарту қажет болған жағдайда жүргізіледі.

      Бұл ретте жол жүру кезінде әуе көлігін пайдалану бойынша шығыстарды төлеу стипендиаттың өтініші бойынша "Болашақ" халықаралық стипендиясының әкімшісі билетті брондап қойған сәттегі жол ақысының ең аз құны бойынша жүргізіледі.

      Шығыстарды төлеу растаушы құжаттардың негізінде нақты шығыстар бойынша қосымша жүк тасымалдау ақысын төлеместен жүргізіледі:

      1) Қазақстан Республикасының ішінде жол жүру бойынша – тікелей қатынайтын әуе және (Қазақстан Республикасына келген сәттен тұру жеріне дейін/тұру жерінен Қазақстан Республикасынан шығу сәтіне дейін күнтізбелік 5 (бес) күннен аспауы қажет) купе вагоны (жүрдек поездардың жұмсақ дивандары төмен орналасқан, қалпын реттейтін құрылғысымен бірге жұмсақ креслолары бар (СВ), сондай-ақ "Турист" және "Бизнес" класындағы екіорындық купелі вагондарды қоспағанда) тарифінен жоғары емес теміржол көлігін пайдаланғаны үшін сол аймақта қолданыстағы жол жүру құнымен тас жол және қара жол бойынша автокөлікті (таксиді қоспағанда) пайдалану үшін;

      2) Қазақстан Республикасынан тыс жерге жол жүру бойынша – үнемділік класы бойынша тікелей қатынайтын әуе көлігін пайдалану үшін, үнемділік класы бойынша теміржол көлігін пайдалану үшін, сол аймақта қолданыстағы жол жүру құны бойынша тас жол мен қара жол бойынша автокөлікті (таксиді қоспағанда) пайдалану үшін;

      3) тілдік курстардан, магистратура алдындағы дайындықтан өту орнынан ел ішінде академиялық оқу орнына дейін (қала/штат) жол жүру бойынша – үнемділік класы бойынша тікелей қатынайтын әуе көлігін пайдалану үшін, үнемділік класы бойынша теміржол көлігін пайдалану үшін, сол аймақта қолданыстағы жол жүру құны бойынша тас жол мен қара жол бойынша автокөлікті (таксиді қоспағанда) пайдалану үшін.

      Стипендияны есептеу стипендиаттың нақты тұрған жерінің шығыс нормалары бойынша жүргізіледі. Егер стипендиат тілдік курстар, магистратура алдындағы дайындық, академиялық оқу (практика, зерттеу немесе бекітілген оқу жоспарында/жеке оқу жоспарында көзделген жұмыс) уақытында "Болашақ" халықаралық стипендиясы тағайындалған елден ерекшеленетін елде, штатта немесе қалада болса, есептеу стипендиаттың нақты тұратын елінің Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 163 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7613 болып тіркелген) (бұдан әрі – осы шығыстар нормалары) стипендиаттың нақты орналасқан елі, егер мұндай елдер бөлінісінде шығыстар нормаларының бекітілген тізімінде болса болса, жүргізіледі. Норматив болмаған жағдайда, есептеу осы шығыстар нормалары бойынша тағайындау елі бойынша жүргізіледі. Стипендиат академиялық оқу (практика, зерттеу немесе бекітілген оқу жоспарында/жеке оқу жоспарында қарастырылған жұмыс) кезінде Қазақстан Республикасы аумағында болса, Елдер бөлінісінде "Болашақ" халықаралық стипендиясының көлемін анықтау үшін осы шығыс нормаларының 4-тармағын қоспағанда, есептеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 116 қаулысымен бекітілген Білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидалары және олардың мөлшерлеріне сәйкес жасалады.

      "Болашақ" халықаралық стипендиясы иегерлеріне оқу елінде тұру және тамақтану шығыстарының ай сайынғы сомасын есептеу кезеңі шетелдік жоғары оқу орнының/білім беру ұйымының академиялық күнтізбесіне, шақыру хатына (алғаш рет шығатындар үшін), студенттік визаны рәсімдеу үшін иммиграциялық емес нысандарға (DS-2019, 1-20), тағылымдамадан өтудің бекітілген бағдарламасына, бекітілген оқу жоспарына/жеке оқу жоспарына (академиялық оқуын жалғастыруға шығатындар үшін) сәйкес оқу елінде нақты оқудың, тағылымдамадан, тілдік курстардан, магистратура алдындағы дайындықтан өтудің, бірақ оқуды/ тағылымдамадан өтуді ұйымдастыру шартымен белгіленген мерзімнен аспайтын кезеңі болып табылады.

      Оқу елінде тұру және тамақтану шығыстарының ай сайынғы сомаларын есептеу әрбір күнтізбелік айға толық көлемде жасалады.

      Оқу жылының бірінші айы және оқу жылдың соңғы айы күндерінің жалпы саны күнтізбелік 30 (отыз) немесе одан кем күндерді құраса, онда төлем әрбір академиялық оқу жылының бірінші немесе соңғы айында жүзеге асырылады.

      Егер академиялық оқу үшін әрбір оқу жылының бірінші немесе соңғы айындағы оқу күндерінің саны, тағылымдамадан өтудің, тілдік курстардан, магистратура алдындағы дайындықтан жалпы мерзімі күнтізбелік 3 (үш) немесе одан кем күндерді құраса, онда осы айлар үшін төлем жасалмайды.

      Академиялық оқу кезеңінде оқу материалдарын сатып алу шығыстарының сомаларын есептеу бекітілген оқу жоспарына сәйкес жылына екі рет жүргізіледі, тілдік курстардан, магистратура алдындағы дайындықтан және тағылымдамадан өту кезеңінде ай сайын жүргізіледі.

      Тұру, тамақтану және оқу әдебиеттерін сатып алу үшін стипендияны есептеу және төлеу Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен осы шығыстар нормаларға сәйкес тізімдеме құру күніндегі валюта айырбастаудың нарықтық курсы бойынша жүргізіледі. Тұру және тамақтану шығыстарының ай сайынғы сомаларын төлеу алдыңғы айдың 25-інен бастап ағымдағы айдың 5-іне дейін жүргізіледі.

      "Болашақ" халықаралық стипендиясы иегерлерінің жоғары арнаулы білім алу, клиникалық ординатурада, аспирантурада оқу үшін "бакалавриат" бағдарламасы бойынша оқу процесінде оқу әдебиеттерін сатып алу бойынша шығыс нормалары 2012 жылға дейінгі "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысқан стипендия иегерлеріне қолданылады.";

      мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

      "4. Елде академиялық оқу (практика, зерттеу немесе бекітілген оқу жоспарында/жеке оқу жоспарында қарастырылған жұмыс), тағылымдамадан өту, тілдік курстар, магистратура алдындағы дайындықты тоқтатқан, тоқтата тұрған жағдайда немесе академиялық оқу, тағылымдамадан өту, тілдік курстар, магистратура алдындағы дайындық қашықтықтан білім беру технологияларын және/немесе аралас оқу нысанын пайдалана отырып окуға көшсе, еңсерілмейтін күш жағдайларының туындауы салдарынан, атап айтқанда: өрт, су тасқыны, жер сілкінісі, соғыс қимылдары, қоршаулар, эпидемиялар және басқа да мән-жайлар туындауының салдары болып табылса, егер шарттық міндеттемелерді орындауға тікелей әсер етсе, мұндай әсер етуге кедергі болу мүмкін болмаған және қолданылуын қалыптасқан жағдайлардан күтуге болатын барлық ықтимал шаралар мен әрекеттер қабылданған жағдайда (әрі қарай – еңсерілмейтін күш жағдайлары) мүмкіндігі жоқ:

      академиялық оқу (практика, зерттеу немесе бекітілген оқу жоспарында/жеке оқу жоспарында қарастырылған жұмыс) орнынан, тағылымдамадан өту, тілдік курстардан өту, магистратура алдындағы дайындық орнынан Қазақстан Республикасында тұратын жеріне дейін және еңсерілмейтін күш жағдайлары аяқталғаннан кейін/оқуды қайта бастау кері қайту жолына;

      визаны ресімдеу не ұзарту қажет болған жағдайда, академиялық оқу (практика, зерттеу немесе бекітілген оқу жоспарында/жеке оқу жоспарында қарастырылған жұмыс), тағылымдамадан, тілдік курстардан, магистратура алдындағы дайындықтан өту орнынан және кері бағытта шыққан кезде;

      тілдік курстардан, магистратура алдындағы дайындықтан өту, академиялық оқу, тағылымдамадан өту елдерінің және/немесе шетелдік жоғары оқу орнының, тілдік мектептің, шетелдік ұйымның талаптарына сәйкес міндетті медициналық тексеруді қоса алғанда, визаны рәсімдеу, ұзарту (консулдық алым), виза (консулдық алымды) рәсімдеу үшін Елшіліктің талабы бойынша міндетті көрсетілетін қызметтерді төлеу жүзеге асырылады.

      Еңсерілмейтін күш жағдайларының туындауы салдарынан елде академиялық оқу, тағылымдамадан өту, тілдік курстар, магистратура алдындағы дайындықты бір айдан астам мерзімге тоқтатқан, тоқтата тұрған жағдайда шетелде жүрген стипендиат, әуе және/немесе темір жол көлігі болған кезде Қазақстан Республикасының аумағына қайтарылады.

      Еңсерілмейтін күш жағдайларының пайда болуы салдарынан тұруға және тамақтануға арналған шығыстардың ай сайынғы сомасын есептеу мынадай жағдайларда жүргізіледі:

      1) академиялық оқу, тағылымдамадан, тілдік курстардан, магистратура алдындағы дайындықтан өту елінде академиялық оқудың немесе оқу жылының (семестр/триместр), тағылымдамадан, тілдік курстардан, магистратура алдындағы дайындықтан өтудің тоқтату, тоқтата тұру, аяқтау және стипендиаттың Қазақстан Республикасына қайтып оралуына кедергі келтіретін жағдайлардың туындауы;

      2) шетелде окуға алғаш рет кірісетін, жалғастыратын тұлғалар үшін қашықтан білім беру технологияларын және/немесе аралас оқыту нысанын пайдалана отырып, академиялық оқуы, тағылымдамадан, тілдік курстардан, магистратура алдындағы дайындықтан өтуін бастау және/немесе көшу;

      3) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан алғаш рет кірісетін тұлғалар үшін қашықтан білім беру технологияларын пайдалана отырып, академиялық оқуды, тағылымдамадан өтуін бастау;

      4) шетелден Қазақстан Республикасының аумағына амалсыздан оралған адамдар үшін және Қазақстан Республикасының аумағында оқуды жалғастыратын тұлғалар үшін қашықтан білім беру технологияларын пайдалана отырып, академиялық оқуы, тағылымдамадан, тілдік курстардан, магистратура алдындағы дайындықтан өтуіне көшу;

      Бұл ретте тұру мен тамақтануға арналған шығыстардың ай сайынғы сомасын есептеу:

      академиялық оқу, тағылымдамадан, тілдік курстардан өту, магистратура алдындағы дайындықтан өту елінің, осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген тұлғалар үшін оқуды тоқтатқан, тоқтата тұрған, аяқтаған сәттен бастап бір айдан аспайтын мөлшерде;

      академиялық оқу, тағылымдамадан, тілдік курстардан өту, магистратура алдындағы дайындықтан өту елінің осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген тұлғалар үшін;

      Қазақстан Республикасында тілдік курстардан өту үшін көзделген нормативтерге сәйкес, осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген тұлғалар үшін;

      академиялық оқу, тағылымдамадан, тілдік курстар, магистратура алдындағы дайындықтан өту (тұруға) елінің және Қазақстан Республикасында тілдік курстардан өту үшін көзделген нормативтерге (тамақтануға) сәйкес, осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген тұлғалар үшін осы шығыстар нормативі бойынша жүргізіледі;

      Қазақстан Республикасының аумағына мәжбүрлі түрде қайтып келген және Қазақстан Республикасының аумағында қашықтан білім беру технологияларын пайдалана отырып оқуды жалғастыратын стипендиат еңсерілмейтін күш жағдайлары кезеңінде, академиялық оқуды, тағылымдамадан, тілдік курстардан өтуді, магистратура алдындағы дайындық өтуді жалғастыратын Стипендиат (тұрғаны үшін) академиялық оқу, тағылымдамадан, тілдік курстардан өту, магистратура алдындағы дайындық өту елінің нормативі бойынша осы төлемді жүзеге асыру үшін академиялық оқу, тағылымдамадан, тілдік курстардан өту, магистратура алдындағы дайындық өту елінде тұрғаны үшін шығыстарды төлеу бойынша міндеттемелердің бар екендігі туралы растайтын құжаттарды, атап айтқанда: тұрғын үйді жалдау шарты, сондай-ақ төлем туралы чектердің түпнұсқалары немесе төлем туралы түбіртектер, немесе банктің мөртабанымен расталған карт-шот бойынша банктік үзінді көшірме немесе төлем фактісін растайтын шетелдік банктен ресми анықтама/хат академиялық оқу, тағылымдамадан, тілдік курстар, магистратура алдындағы дайындық өту (тұру үшін) елінің нормативі бойынша осы төлемді жүзеге асыру үшін ұсынады.

      Академиялық оқу, тағылымдамадан, тілдік курстардан өту, магистратура алдындағы дайындықтан өту елінде тұрғаны үшін ақы төлеу бойынша міндеттемелер болмаған жағдайда тұрғаны үшін есептеу Қазақстан Республикасында тілдік курстардан өту үшін көзделген нормативтерге сәйкес жүзеге асырылады.

      Еңсерілмейтін күш жағдайларының пайда болуы салдарынан егер бір күнтізбелік ай ішінде стипендиат академиялық оқудан, тағылымдамадан өтуден Қазақстан Республикасында және оқу елінде өтсе, онда стипендияны есептеу стипендиаттың академиялық оқу, тағылымдамадан өту елінде күнтізбелік 4 (төрт) және оданда артық күндер болған кезде академиялық оқу, тағылымдамадан өту елінің нормативі бойынша жүргізіледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2020 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының жиырма алтыншы және отыз бірінші абзацтарын, сондай-ақ 2020 жылғы 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының жиырма сегізінші және отыз үшінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
А. Аймагамбетов