Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 21 қыркүйектегі № 316 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 23 қыркүйекте № 21246 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
Н. Ногаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Экология, геология және

      табиғи ресурстар министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2020 жылғы 21 қыркүйегі
№ 316 Бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Радиоактивтi қалдықтарды және пайдаланылып болған ядролық отынды жинауды, сақтауды және көмудi ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 8 ақпандағы № 39 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13537 болып тіркелген, 2016 жылғы 5 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Радиоактивтi қалдықтарды және пайдаланылып болған ядролық отынды жинауды, сақтауды және көмудi ұйымдастыру қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Радиоактивті қалдықтарды жинауды, сақтауды және көмуді ұйымдастыру тәртібі";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. РАҚ жинау, сақтау және көму Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 26 маусымдағы № ҚР ДСМ-97 бұйрығымен бекітілген "Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18920 болып тіркелген) (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) ескере отырып жүргізіледі.";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Пайдаланылып болған ядролық отынды сақтауды ұйымдастыру тәртібі".

      2. "Иондандырушы сәулелену көздерін мемлекеттік есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 ақпандағы № 59 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13458 болып тіркелген, 2016 жылғы 29 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Иондандырушы сәулелену көздерін мемлекеттік есепке алу қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік есепке алуға радиациялық сипаттамалары "Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 26 маусымдағы № ҚР ДСМ-97 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18920 болып тіркелген) белгілінген алу деңгейінен асатын сәулелену көздері жатады.

      Құрамында уран, торий және плутоний изотоптары бар радионуклидті көздер өзінің радиациялық сипаттамаларына қарамастан мемлекеттік есепке алынуы тиіс.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Сәулелену көздерін мемлекеттік есепке алу тәртібі".

      3. "Радиоактивті заттарды және радиоактивті қалдықтарды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 22 ақпандағы № 75 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13586 болып тіркелген, 2016 жылғы 24 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Радиоактивті заттарды және радиоактивті қалдықтарды тасымалдау қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 26 маусымдағы № ҚР ДСМ-97 бұйрығымен бекітілген "Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18920 болып тіркелген) 5-тармағына сәйкес оларға санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны және атом энергиясын қолдану саласындағы лицензияны алу талап етілмейтін тұтыну тауарларындағы РАЗ тасымалдауды қоспағанда, қолданылады.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Көліктік қаптамалық комплектілерді дайындау және оларға қызмет көрсету";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Радиоактивті заттарды және радиоактивті қалдықтарды дайындау, тиеу, жөнелту";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Транзиттік сақтауды қоса алғанда, жүктерді тасу, соңғы межелі пунктте түсіру және қабылдап алу";

      5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-тарау. Радиациялық бақылау".

      4. "Ядролық материалдарды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 22 ақпандағы № 76 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13587 болып тіркелген, 2016 жылғы 19 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ядролық материалдарды тасымалдау қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 26 маусымдағы № ҚР ДСМ-97 бұйрығымен бекітілген "Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18920 болып тіркелген) 5-тармағына сәйкес оларға санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны және атом энергиясын қолдану саласындағы лицензияны алу талап етілмейтін тұтыну тауарларындағы ЯМ тасымалдауды қоспағанда, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданылады.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Көліктік қаптамалық комплектілерді дайындау және оларға қызмет көрсету";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Ядролық материалдарды дайындау, тиеу, жөнелту";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Транзиттік сақтауды қоса алғанда, жүктерді тасу, соңғы межелі пунктте түсіру және қабылдап алу";

      5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-тарау. Радиациялық бақылау".