ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызмет үшін біліктілік талаптары мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 84 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10603 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 15 сәуірде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызмет үшін біліктілік талаптары мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер беруді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсiн.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі |
Б. Мусин |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызмет үшін біліктілік талаптары мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесі
Біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды: | Біліктілік талаптарына сәйкестікті растайтын құжаттар | Ескертпе | |
1 | 2 | 3 | 4 |
жеке тұлғалар (дара кәсіпкерлер) үшін | |||
1 | тиісті салада кемінде үш жыл жұмыс өтілімен лицензияланатын қызмет түрінің бейіні бойынша жоғары білімі | осы ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптары мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны | аталған талаптың сәйкестігі бақылау субъектісіне (объектісіне) барумен профилактикалық бақылау жүргізу арқылы белгіленеді |
2 | меншік құқығында немесе өзге заңды негізде техникалық-өндірістік базасы (үй-жайлар немесе арнайы зертханалық немесе стенділік немесе өндірістік немесе технологиялық немесе сынақтық және өлшегіш жабдық немесе бақылау-тексеру аппаратурасы) | осы ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптары мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны | Жылжымайтын мүлік меншігі құқығын растайтын құжат туралы мәліметтер "Мүлік тіркелімі" мемлекеттік деректер базасының ақпараттық жүйесінен алынады. Аталған талаптың болуы бақылау субъектісіне (объектісіне) барумен профилактикалық бақылау жүргізу арқылы белгіленеді |
3 | жобаның мақсаты, өндіріс өрістетілетін немесе қызметтер көрсетілетін аумақ, мәлімделген жұмыстардың орындалуын қамтамасыз ететін техникалық үдерістің сипаттамасы көрініс тапқан техникалық жоба | осы ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптары мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны | аталған талаптың болуы бақылау субъектісіне (объектісіне) барумен профилактикалық бақылау жүргізу арқылы белгіленеді |
заңды тұлғалар үшін | |||
4 | ұйым басшысында жоғары білімінің және басшы лауазымында кемінде үш жыл жұмыс өтілінің болуы | осы ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптары мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны | аталған талаптың сәйкестігі бақылау субъектісіне (объектісіне) барумен профилактикалық бақылау жүргізу арқылы белгіленеді |
5 | штатта тиісті салада кемінде үш жыл жұмыс өтілімен лицензияланатын қызмет түрінің бейіні бойынша жоғары білімі бар мамандардың кемінде 10% болуы | осы ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптары мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны | аталған талаптың сәйкестігі бақылау субъектісіне (объектісіне) барумен профилактикалық бақылау жүргізу арқылы белгіленеді |
6 | меншік құқығында немесе өзге заңды негізде техникалық-өндірістік база (үй-жайлар немесе арнайы зертханалық немесе стенділік немесе өндірістік немесе технологиялық немесе сынақтық және өлшегіш жабдық немесе бақылау-тексеру аппаратурасы) | осы ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптары мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны | Жылжымайтын мүлік меншігі құқығын растайтын құжат туралы мәліметтер "Мүлік тіркелімі" мемлекеттік деректер базасының ақпараттық жүйесінен алынады. Аталған талаптың болуы бақылау субъектісіне (объектісіне) барумен профилактикалық бақылау жүргізу арқылы белгіленеді |
7 | жобаның мақсаты, өндіріс өрістейтін немесе қызметтер көрсетілетін аумақ, мәлімделген жұмыстардың орындалуын қамтамасыз ететін техникалық үдерістің сипаттамасы көрініс тапқан техникалық жоба | осы ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптары мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны | аталған талаптың болуы бақылау субъектісіне (объектісіне) барумен профилактикалық бақылау жүргізу арқылы белгіленеді |
Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызмет үшін біліктілік талаптары мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесіне қосымша |
Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызмет үшін біліктілік талаптары мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесіне мәліметтер нысаны
1. Жеке тұлғалар (дара кәсіпкерлер) үшін:
1. Лицензияланатын қызмет түрінің бейіні бойынша жоғары білімінің және тиісті салада кемінде үш жыл жұмыс өтілінің болуы туралы ақпарат:
1) мамандығы және біліктілігі ________________________;
2) лицензияланатын қызмет түрінің бейіні бойынша жоғары білімі туралы дипломның нөмірі және берілген күні ________________________;
шетелдік ұйымдары берген білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау бойынша мәлімет ________________________________;
3) білім туралы құжатты берген ұйымның атауы, берген күні
_____________________________________________________________;
4) жұмыс орны _______________________;
5) кезеңі, атқаратын лауазымдары ___________________________;
6) жұмысқа қабылданғаны және жұмыстан босатылғаны туралы бұйрықтың нөмірі мен күні және/немесе еңбек шартының нөмірі және күні ___________________________;
7) сертификаттың, жеке куәліктің, куәліктің нөмірі, берілген күні және оны берген ұйымның атауы, сондай-ақ оқу курсының тақырыбы (болған жағдайда)
___________________________;
2. Меншік құқығында немесе өзге заңды негізде техникалық-өндірістік базасының (үй-жайлардың немесе арнайы зертханалық немесе стенділік немесе өндірістік немесе технологиялық немесе сынақтық және өлшегіш жабдықтың немесе бақылау-тексеру аппаратурасының) болуы туралы ақпарат:
1) техникалық-өндірістік базаны сатып алу-сату немесе сыйға тарту немесе мүліктік жалға алу (жалдау) немесе ақысыз пайдалану немесе сенімгерлік басқару немесе тапсыру туралы шарттың нөмірі _________________________;
2) техникалық-өндірістік базаның немесе үй-жайдың орналасқан жері
_________________________;
3) шарт жасасқан күн ___________________________;
4) шарт кіммен жасалды ___________________________;
5) арнайы зертханалық немесе стендтік немесе өндірістік немесе технологиялық немесе сынақтық және өлшегіш жабдық немесе бақылау-тексеру аппаратурасы паспортының нөмірі және күні ________;
6) паспорт берген орган _________________________;
7) жабдықтың тағайындалуы ___________________________;
8) сертификаттың нөмірі, күні, берген орган, салыстырып тексеру (калибрлеу) туралы сертификаттың қолданыс мерзімі (болған жағдайда) ___________________________;
3. Бекітілген техникалық жобаның болуы туралы ақпарат:
1) техникалық жобаның атауы ___________________________;
2) жобаның негізгі мақсатының қысқаша мазмұны ________________;
3) технологиялық процестің сипаттамасы _______________________;
4) өндіріс өрістетілетін немесе қызметтер көрсетілетін аумақ
_________________________;
5) техникалық жобаны кім бекіткен ____________________________;
6) техникалық жобаның бекітілген күні ________________________.
2. Заңды тұлғалар үшін:
1. Ұйым басшысында жоғары білімінің және басшы лауазымында кемінде үш жыл жұмыс өтілінің болуы туралы ақпарат:
1) мамандығы және біліктілігі ________________________;
2) жоғары білімі туралы дипломның нөмірі және берілген күні __________;
3) жоғары білімі туралы диплом берген оқу мекемесінің атауы
______________________;
4) жұмыс орны _______________________;
5) лауазымы ___________________________;
6) ұйымның орналасқан жері ___________________________;
7) жұмысқа қабылданғаны және жұмыстан босатылғаны туралы бұйрықтың нөмірі мен күні және/немесе еңбек шартының нөмірі және күні ___________________________;
8) сертификаттың, жеке куәліктің, куәліктің нөмірі, берілген күні және оны берген ұйымның атауы, сондай-ақ оқу курсының тақырыбы (болған жағдайда)
___________________________.
2. Штатта тиісті салада кемінде үш жыл жұмыс өтілімен лицензияланатын қызмет түрінің бейіні бойынша жоғары білімі бар мамандардың кемінде 10% болуы туралы ақпарат:
1) штаттық кесте бойынша мамандардың жалпы саны (бірлік)
_______________________;
2) лицензияланатын қызмет түрінің бейіні бойынша жоғары білімі бар мамандар саны
_______________________;
3) лицензияланатын қызмет түрінің бейіні бойынша жоғары білімі бар мамандардың Т.А.Ә., олардың мамандықтары және біліктілігі ______;
4) лицензияланатын қызмет түрінің бейіні бойынша жоғары білімі бар әрбір маманның жұмыс орны _______________________;
5) лицензияланатын қызмет түрінің бейіні бойынша жоғары білімі бар әрбір маманның лауазымы _______________________;
6) лицензияланатын қызмет түрінің бейіні бойынша жоғары білімі бар әрбір маманның жұмысқа қабылданғаны және жұмыстан босатылғаны туралы бұйрықтың нөмірі және күні және/немесе еңбек шартының нөмірі мен күні _______________________;
7) сертификаттың, жеке куәліктің, куәліктің нөмірі, берілген күні және оны берген ұйымның атауы, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрінің бейіні бойынша жоғары білімі бар әрбір маманның оқу курсының тақырыбы (болған жағдайда) _______________________.
3. Меншік құқығында немесе өзге заңды негізде техникалық-өндірістік базасының (үй-жайлардың немесе арнайы зертханалық немесе стенділік немесе өндірістік немесе технологиялық немесе сынақтық және өлшегіш жабдықтың немесе бақылау-тексеру аппаратурасының) болуы туралы ақпарат:
1) техникалық-өндірістік базаны сатып алу-сату немесе сыйға тарту немесе мүліктік жалға алу (жалдау) немесе ақысыз пайдалану немесе сенімгерлік басқару немесе тапсыру туралы шарттың нөмірі _________________________;
2) техникалық-өндірістік базаның немесе үй-жайдың орналасқан жері
_________________________;
3) шарт жасасқан күн ___________________________;
4) шарт кіммен жасалды ___________________________;
5) арнайы зертханалық немесе стендтік немесе өндірістік немесе технологиялық немесе сынақтық және өлшегіш жабдық немесе бақылау-тексеру аппаратурасы паспортының нөмірі
және күні __________;
6) паспорт берген орган _________________________;
7) жабдықтың тағайындалуы ___________________________;
8) сертификаттың нөмірі, күні, берген орган, салыстырып тексеру (калибрлеу) туралы
сертификаттың қолданыс мерзімі (болған жағдайда) ___________________________.
4. Бекітілген техникалық жобаның болуы туралы ақпарат:
1) техникалық жобаның атауы ___________________________;
2) жобаның негізгі мақсатының қысқаша мазмұны ________________;
3) технологиялық процестің сипаттамасы _____________________;
4) өндіріс өрістетілетін немесе қызметтер көрсетілетін аумақ
_________________________;
5) техникалық жобаны кім бекіткен ___________________________;
6) техникалық жобаның бекітілген күні ________________________.