"Тауардың шығарылған елін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификат беру және оның күшін жою жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 155 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 15 қыркүйектегі № 198-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 17 қыркүйекте № 21215 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тауардың шығарылған елін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификат беру және оның күшін жою жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 155 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10947 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бұйрығына мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тауардың шығарылған елін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификат беру және оның күшін жою жөніндегі қағидаларда:

      4-қосымшада:

      "

90-топ

Оптикалық, фотографиялық, кинематографиялық, өлшеу, бақылау, дәлме-дәл, медициналық немесе хирургиялық құралдар мен аппараттар; олардың бөліктері мен керек– жарақтары

Дайындау, ол кезде барлық пайдаланылатын материалдардың құны түпкiлiктi өнiм бағасының 50%-ынан аспауға тиiс

      "

      деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "

9019 20 000 0

Озонды, оттекті және аэрозольді терапияға, жасанды тыныс алуға арналған аппаратура немесе өзге де терапиялық тыныс алу аппаратурасы

Дайындау кезінде пайдаланылатын тораптар мен бөлшектердің құны осы тауар түрі дайындала басталған бірінші және екінші жылы түпкілікті өнім бағасының 90%-ынан аспауға тиіс, сондай-ақ технологиялық операцияларды орындаған жағдайда:
- корпусты құрастыру операциялары;
- жоғары қысымды шлангыны кесу;
- жоғары қысымды шлангты орнату;
- ауа беру желісінің инфрақұрылымын монтаждау;
- оттегі беру желісінің инфрақұрылымын монтаждау;
- жабдықты аралық сынау;
- жабдықты баптау және калибрлеу;
- жабдықты соңғы сынау
(жоғары қысыммен сынау, нақты ағынды бақылау сынағы, электр қауіпсіздігін сынау, қызмет мерзімін сынау);
- таңбалау, орау.
Үшінші жылы - түпкілікті өнім бағасының 80%, сондай-ақ технологиялық операцияларды орындаған жағдайда:
- корпусты құрастыру операциялары;
- электрондық платаны жасау;
- жабдықты механикалық монтаждау;
- жоғары қысымды шлангыны кесу;
- жоғары қысымды шлангыны орнату;
- ауа беру желісінің инфрақұрылымын монтаждау;
- оттегі беру желісінің инфрақұрылымын монтаждау;
- жабдықты аралық сынау;
- жабдықты баптау және калибрлеу;
- жабдықты соңғы сынау
(жоғары қысыммен сынау, ағынды дәл бақылау сынағы, электр қауіпсіздігін сынау, қызмет мерзімін сынау);
- таңбалау, орау.

  ".

      2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
сауда және интеграция министрі
Б. Сұлтанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлiгi

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі