"Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы 2010 жылғы 2 сәуірдегі Заңының 123-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрған немесе тоқтатылған не лицензиясынан айырылған, сондай-ақ Республикалық палата мүшелігінен шығарылған жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімнің нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот актілерін орындау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Әділет министрі |
М. Бекетаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 14 қыркүйегі № 354 Бұйрығына 1 қосымша |
Лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрған немесе тоқтатылған не лицензиясынан айырылған, сондай-ақ Республикалық палата мүшелігінен шығарылған жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы қағидалар
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрған немесе тоқтатылған не лицензиясынан айырылған, сондай-ақ Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы мүшелігінен шығарылған жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 123-бабына сәйкес әзірленді, лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрған немесе тоқтатылған не лицензиясынан айырылған, сондай-ақ Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы мүшелігінен шығарылған жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шот бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру тәртібін белгілейді (бұдан әрі – ЖСО ағымдағы шоты).
2-тарау. ЖСО ағымдағы шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру тәртібі
2. ЖСО ағымдағы шот бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрған немесе тоқтатылған не одан айырылған, сондай-ақ ол Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасының мүшелігінен шығарылған жағдайларда жүргізіледі.
3. ЖСО ағымдағы шот бойынша шығыс операциялары атқарушылық құжаттарды орындау саласындағы уәкілетті органның және оның аумақтық органдарының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған жеке сот орындаушысының ағымдағы шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімінің (бұдан әрі – Шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім) негізінде бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тоқтатыла тұрады.
4. Атқарушылық құжаттарды орындау саласындағы уәкілетті орган немесе оның аумақтық органдары шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімді екінші деңгейдегі банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрған немесе тоқтатылған не одан айырылған, сондай-ақ оны Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасынан шығарған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей электрондық нысанда немесе қағаз жеткізгіште жібереді.
5. Шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда немесе қағаз жеткізгіште беріледі.
3-тарау. ЖСО ағымдағы шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімнің күшін жою тәртібі мен мерзімдері
6. ЖСО ағымдағы шот бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімнің күшін жоюды, оны шығарған атқарушылық құжаттарды орындау саласындағы уәкілетті орган немесе оның аумақтық органдары Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша атқарушылық құжаттарды орындау саласындағы уәкілетті органның, оның аумақтық органының шығыс операцияларын тоқтата тұрудың күшін жою туралы өкімінің негізінде үш жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді.
7. Атқарушылық құжаттарды орындау саласындағы уәкілетті орган не оның аумақтық органдары екінші деңгейдегі банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, шығыс операцияларын тоқтата тұрған құжаттың деректемелері бар ЖСО ағымдағы шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрудың күшін жою туралы өкімін жібереді.
8. Шығыс операцияларын тоқтата тұрудың күшін жою туралы өкім атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда немесе қағаз жеткізгіште беріледі.
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 14 қыркүйегі № 354 Қағидаларға қосымша |
|
Нысан |
Лицензиясының қолданысы тоқататыла тұрған немесе тоқтатылған не лицензиясынан айырылған, сондай-ақ Жеке сот орындаушылырының республикалық палата мүшелігінен шығарылған жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрудың күшін жою туралы өкім
"___" ____________ 20 __ жылы № ______
__________________________________________________________________________
________________________________________________________________ ұсынылды.
(екінші деңгейдегі банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін
жүзеге асыратын ұйымның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, банктік
сәйкестендіру коды, орналасқан жері)
"Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан
Республикасы Заңының 123-бабына сәйкес, ____________________________________
(лицензиясының қолданылуы тоқтатыла тұрған немесе тоқтатылған не лицензиясынан
айырылған, сондай-ақ оны Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы
мүшелігінен шығарған жеке сот орындаушысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған
кезде), ЖСН, банк шотының нөмірі, банктік сәйкестендіру коды)
ағымдағы шот бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы
"_____" _______________ 20____ жылғы № _______ өкімнің күші жойылсын.
Мөр орны
_________________________________________________________________________.
(атқарушылық құжаттарды орындау саласындағы уәкілетті органның құрылымдық
бөлімшесі не уәкілетті органның аумақтық органы басшысының тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған кезде), қолы)
Осы өкім "___" ____________ 20 ___ жылы тапсырылды.
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 14 қыркүйегі № 354 Бұйрығына 2 қосымша |
|
Нысан |
Жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім
"___" ____________ 20 __ жылы № ______
__________________________________________________________________________
________________________________________________________________ ұсынылды.
(екінші деңгейдегі банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге
асыратын ұйымның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі,
банктік сәйкестендіру коды, орналасқан жері)
"Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан
Республикасы Заңының 123-бабына сәйкес, _________________________________
(мемлекеттік органның атауы)
"______" ________________ 20______ жылғы № ______ бұйрығымен, _____________
__________________________________________________________________________
(лицензиясының қолданылуы тоқтатыла тұрған немесе тоқтатылған не лицензиясынан
айырылған, сондай-ақ Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы
мүшелігінен шығарылған жеке сот орындаушысының тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған кезде), ЖСН, банк шотының нөмірі, банктік сәйкестендіру коды)
ағымдағы шот бойынша шығыс операцияларын тоқтатылсын.
Мөр орны
_________________________________________________________________________.
(атқарушылық құжаттарды орындау саласындағы уәкілетті органның құрылымдық
бөлімшесі не уәкілетті органның аумақтық органы басшысының тегі, аты,
әкесінің аты (ол болған кезде), қолы)
Осы өкім "___" ____________ 20 ___ жылы тапсырылды.