БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды), оның ішінде электрондық түрде, ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 290 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10937 болып тіркелген, 2015 жылғы 22 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды), оның ішінде электрондық түрде, ұйымдастыру мен өткізу қағидаларында:
35-тармақ алып тасталсын;
36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"36. Сауда-саттық объектісін сатып алу-сату шарты хаттама рәсімделген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде жасалады.";
55-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"55. Қатысушы ұсынысты (конкурстық өтінімді) басып шығарады немесе өшірілмейтін сиямен жазады және тігілген, беттері нөмірленген және соңғы беті жеке тұлғалар үшін – қатысушының қолымен және заңды тұлға үшін – бірінші басшының (немесе сенім білдірген адамның) қолымен куәландырылған түрде ұсынады.";
70-тармақ алып тасталсын;
71-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"71. Сауда-саттық объектісін сатып алу-сату шарты хаттама рәсімделген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жасалады.".
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
С. Омаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлiгi