Кәсіптік тәуекелдерді басқару қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 363 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 14 қыркүйекте № 21197 болып тіркелді.

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 16-бабының 41-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Кәсіптік тәуекелдерді басқару қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ол ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы ақпаратты ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі А.Ә. Сарбасовқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
Б. Нурымбетов

  Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрінің
2020 жылғы 11 қыркүйегі
№ 363 бұйрығымен
бекітілген

Кәсіптік тәуекелдерді басқару қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Кәсіптік тәуекелдерді басқару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Еңбек кодексі) 16-бабының 41-2) тармақшасына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін, құрамында өндірістік объектілері бар кәсіпорындарда еңбекті қорғауды басқару жүйесінде кәсіптік тәуекелдерді басқару тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) еңбекті қорғауды басқару жүйесі (бұдан әрі – ЕҚБЖ) – еңбекті қорғау жөніндегі саясатты іске асыру, еңбек қауіпсіздігі талаптарын орындау, кәсіптік тәуекелдерді басқару жөніндегі өзара байланысты іс-шаралар кешені;

      2) жұмыс орны – жұмыскердің еңбек қызметі процесінде еңбек міндеттерін орындауы кезінде оның тұрақты немесе уақытша болатын орны;

      3) кәсіптік тәуекел (бұдан әрі – КТ) – еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде жұмыскердің еңбекке қабілеттілігінен айырылу (не қайтыс болу) тәуекелі;

      4) кәсіптік тәуекелді бағалау (бұдан әрі – КТБағ) – ұйымдағы тәуекелдерді сәйкестендіру туралы ақпаратты талдау және науқастану мен өндірістік жарақаттану, ұжымдық және жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілу туралы статистикалық деректер негізінде кәсіптік тәуекел дәрежесін айқындау;

      5) кәсіптік тәуекелдерді басқару (бұдан әрі – КТБасқ) – кәсіптік тәуекелдерді сәйкестендіруді және бағалауды, түзету шараларын, кәсіптік тәуекелді бақылауды және оның мониторингін қамтитын, еңбекті қорғауды басқару жүйесінің құрамдас бөлігі;

      6) өндірістік жабдық – жұмыс, өндіріс үшін қажетті машиналар, механизмдер, құрылғылар, аппараттар, аспаптар және басқа да техникалық құралдар.

2-тарау. Кәсіптік тәуекелдерді басқару тәртібі

      3. КТБасқ келесі рәсімдерден тұрады:

      КТ-ді идентификациялау;

      КТБағ;

      түзетуші шаралар (КТ төмендету бойынша);

      КТ бақылау және мониторингілеу.

      4. КТБасқ рәсімін жүргізу мыналарды қамтиды:

      идентификациялау және КТБағ жүргізу, КТБағ нәтижелері бойынша түзетуші шараларды әзірлеу үшін кәсіпорын басшысы бекітетін сараптамалық топ құрамын айқындау және өкілеттіктер мен міндеттерді оның мүшелері арасында бөлу;

      КТБағ жүргізілетін барлық кәсіптер мен кәсіптік топтардың тізбесін ескере отырып, бағалау объектілерін айқындау, КТБағ өткізу кестесін әзірлеу (бағалауды жүргізетін адамдарды тағайындау);

      КТБағ орындау үшін қажетті ресурстарды айқындау, оның ішінде КТБасқ мәселелері бойынша жұмыскерлерді оқытуға қажеттілікті айқындау, КТ идентификациялау және оларды бағалауды қамтамасыз ету, түзету шараларын өткізуді ұйымдастыру мен КТБасқ барлық сатысында жұмыскерлерді ақпараттандыру және құжаттауды ұйымдастыру;

      5. КТБасқ рәсімдерін жүргізуді ұйымдастыруды Еңбек кодексінің 203-бабына сәйкес құрылатын Еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі жөніндегі өндірістік кеңес жүзеге асырады.

1-параграф. Кәсіптік тәуекелдерді идентификациялау

      6. КТ-ді идентификациялау әрбір кәсіп (жұмыс орны) бойынша өндірістік (технологиялық) процестер мен қызмет түрлері бөлігінде өндірістік факторлардың (механикалық, физикалық, химиялық, биологиялық, психофизиологиялық) жұмыскердің ағзасына әсерін ескере отырып еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде жұмыскердің еңбек қабілеттілігін жоғалтуына (немесе өліміне) алып келуі мүмкін өндірістік факторларды анықтау үшін жүргізіледі.

      7. КТ идентификациялау:

      КТБағ үшін қажетті ақпаратты жинаудан және оның құжаттамалық талдауынан;

      жұмыс орнын техникалық тексеру және визуалды шолудан, жұмыс барысын бақылау мен қызметтің жұмыс қауіпсіздігінің талаптарына сәйкестігін анықтаудан, өндірістік орта мен еңбек процесінің барлық сипаттамаларын: жұмыс орнын, өндірістік жабдықтар мен машиналарды, материалдар, технологиялар және жұмыс әдістерін зерделеуден;

      осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кәсіпорын бойынша кәсіптік тәуекелдердің тізілімін толтыра отырып, әрбір кәсіп (жұмыс орны) бойынша өндірістік (технологиялық, бизнес-процестер) процестер мен қызмет түрлері бөлігінде өндірістік факторлардың жұмыскердің еңбек қабілеттілігін жоғалтуына (немесе өліміне) алып келетін өндірістік факторлардың тізбесін анықтау мен оны кәсіпорын басшысының бекітуінен тұрады.

      8. КТ идентификациялау нәтижесі бойынша, орындалатын жұмыстардың сипаты мен еңбек жағдайлары ұқсас кәсіптер (жұмыс орындары) болған жағдайда, КТбағ үшін бір кәсіптік топты немесе бір жұмыс орнын таңдауға рұқсат етіледі.

2-параграф. Кәсіптік тәуекелдерді бағалау

      9. КТБағ-ға аталған Кәсіпорын бойынша кәсіптік тәуекелдер тізілімінде көзделген барлық өндірістік факторлар жатады және Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша КТБағ (жеке) хаттамасымен ресімделеді.

      10. КТБағ әрбір кәсіп (жұмыс орны) өндірістік (технологиялық) процесстер (технологиялық, бизнес-процестер) және қызмет түрі бөлінісінде жүргізіледі.

      11. Әрбір кәсіп (жұмыс орны) бойынша КТБағ нәтижесі бойынша КТ дәрежесі бірден беске дейін белгіленеді:

      1 дәреже – жол берілетін тәуекел;

      2 дәреже – төмен тәуекел;

      3 дәреже – орташа тәуекел;

      4 дәреже – жоғары тәуекел;

      5 дәреже – өте жоғары тәуекел

      12. КТ әрбір кәсіп (жұмыс орны) бойынша келесі формуламен айқындалады:



      мұндағы:

      В – еңбек жағдайының зияндылығының көрсеткіші, өндірістік (зиян) факторлардың жұмыскердің еңбек қабілеттілігіне, аталған кәсіптегі (кәсіби топтағы оның жұмыс орнына әсерінің ықтималдығын сипаттайды;

      Т – еңбек жағдайының жарақат алу қаупінің көрсеткіші, өндірістік (зиян) факторлардың жұмыскердің еңбек қабілеттілігіне, аталған кәсіптегі (кәсіби топтағы оның жұмыс орнына әсерінің ықтималдығын сипаттайды;

      Об – жұмыскердің аталған кәсіптегі (кәсіби топтағы) оның жұмыс орнындағы еңбек процесінде пайдаланатын өндірістік жабдық қауіпсіздігінің көрсеткіші;

      ЖҚҚ – жұмыскердің аталған кәсіптегі (кәсіби топтағы) оның жұмыс орнындағы еңбек процесінде пайдаланатын ЖҚҚ қамтамасыз етілуінің көрсеткіші;

      З – аталған кәсіптегі (кәсіби топтағы) жұмыскерлердің ауруының көрсеткіші.

3-параграф. Түзету шаралары

      13. КТ дәрежесіне қарай, бағалау нәтижесі бойынша анықталған рұқсат етілген тәуекелді есептемегенде, жоюға немесе дәрежесін төмен мөлшерге төмендетуге бағытталған түзету шаралары жүргізіледі.

      14. Түзету шараларының басымдылығы КТ деңгейін төмендету дәрежесі тәртібінде барлық кәсіптерді (кәсіби топтарды) реттеу арқылы КТ-ны саралау негізінде айқындалады.

      15. Түзету шараларының негізінде КТБасқ бойынша іс-шаралар жоспары әзірленеді.

4-параграф. Кәсіби тәуекелдерді бақылау және мониторингілеу

      16. КТ бақылау өзіне аталған КТБасқ бойынша іс-шаралар жоспарында белгіленген КТ барлық түзету шараларының орындалуын тексеруді қамтиды.

      17. КТ бақылау ақпараттарды жинау, бастапқы материалдарды талдау және КТБасқ-тың міндетті құжаттамасының негізінде жүргізіледі.

      18. КТ мониторингідеу өзіне аталған Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес КТБағ нәтижесін аналитикалық мәліметтерін жинау және құруды, оларды КТ дәрежесін төмендету бойынша ақпаратты алу мақсатында зерттеу және талдауды қамтиды.

  Кәсіптік тәуекелдерді
басқару қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

КӘСІПОРЫН АТАУЫ КӘСІПТІК ТӘУЕКЕЛ ТІЗІЛІМІ (жалпы кәсіпорын және құрылымдық бөлімшелер бойынша)

  ________жыл

Р/с №

Қызмет түрінің, құрылымдық бөлімше, кәсіптің /лауазым атауы

Жұмыскер саны

Жұмыскерлердің үлес салмағы

Көрсеткіш

КТ дәрежесі

В

Т

Об

ЖҚҚ

З


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

I

Әкімшілік қызмет










Құрылымдық бөлімше










Кәсіптер/ лауазымдар



















II

Өндірістік қызмет










Құрылымдық бөлімше










Кәсіптер/ лауазымдар



















III

Көмекші қызмет










Құрылымдық бөлімше










Кәсіптер/ лауазымдар










БАРЛЫҒЫ


100%


      ЕҚ бойынша жауапты адам ________ _            __________________

                                    қолы                   ТАӘ (болған жағдайда)

      20___ ж. "____" ___________

  Кәсіптік тәуекелдерді
басқару қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Кәсіптік тәуекелдерді (жеке) бағалау ХАТТАМАСЫ 20 ___ жылғы "______" __________ №_____

1

Кәсіпорын атауы


2

Құрылымдық бөлімше атауы


3

Қызмет түрі/ Персонал санаты


4

Кәсіптің/лауазымның/ жұмыс орнының (кәсіп коды) атауы


5

Кәсіпке/лауазымға/жұмыс орнына жататын жұмыскерлердің контингенті


6

Еңбекті ұйымдастыру нысаны


7

Өндіріс типі


8

Өндірістік жабдықтар саны


9

Негізгі өндірістік жабдықтар тізбесі


10

Қолданылатын шикізат, материалдар және т.б.


1. Еңбек жағдайларының зияндылығын бағалау (Өндірістік факторлардың зияндылығы)

Фактор түрі

Фактордың жағдайы

Еңбек жағдайлары класы

Балл

Ескертпе

норма (ШЖК/ШЖД )

факт

абс/ сал.




1

2

3

4

5

6

7

8

















Балдар сомасы



Өндрістік факторлар зияндылығының көрсеткіші



      Ескерту:абс/сал. – фактордың нақты мәнінің белгіленген гигиеналық нормативке (ШРК/ДШД) сәйкессіздігі анықталған жағдайда абсолюттік айырмашылығы (қанша адамға) көрсетіледі?) және салыстырмалы (қанша?) мәнде.

2. Еңбек жағдайларының жарақаттану қауіптілігін бағалау (өндірістік факторлардың қауіптілігі)

Орындалатын жұмыс түрлері

Фактор коды (жұмыскер ағзасына механикалық әсер ету)

Балы
























Сомасы, жиыны












Балдар сомасы


Орындалатын жұмыс түрлері саны


Жазатайым оқиғалар туралы мәліметтер

Күні:


Зардап шеккендер саны


салдары


Еңбек жағдайларының жарақаттану қауіптілігінің дәрежесі


      Ескерту: балдар сомасы балдар сомасының атқарылатын жұмыс санына қатынасы ретінде есептеледі

3. Өндірістік жабдықтардың қауіпсіздігін бағалау

р/с №

Жабдық атауы

Құжатталған бағалаудың критерийлері

Балдары

Жабдықты пайдалануға беру күні

Пайдалану мерзімі, жыл

Пайдалану мерзіміне сәйкестігі

Құжаттаманың болуы

Техникалық

Пайдалану

Тексеру

Дб

Вб

Жиыны

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11












Балдар саны


Өндірістік жабдықтардың саны


Өндірістік жабдықтардың қауіпсіздік көрсеткіші (Об)


      Ескерту: Жиыны – құжатталған және визуалды бағалау балдарының орташа арифметикалық мәні ретінде анықталады;

      Өндірістік жабдықтың қауіпсіздік көрсеткіші балдар сомасының өндірістік жабдық санына қатынасы ретінде анықталады

3.1 Өндірістік жабдықтың қауіпсіздігін визуалды бағалау

Жабдықтың конструкциясы және оның жекелеген бөліктеріне қойылатын талаптар

Қорғаныш құралдарына талаптар

Балы Вб

1

2

3

4

1

Өндірістік жабдыққа және оның жекелеген бөліктеріне қиратушы жүктеме жоқ

Қиратушы жүктемелердің туындауын болдырмайтын құрылғылармен жабдықтау


2

Жабдықтың құлау (аударылу) және өздігінен жылжу ықтималдығы жоқ

Жабдықтар мен оның бөліктерін бекіту құралдары мен әдістерінің болуы


3

Заттардың (мысалы, құрал-саймандардың, дайындамалардың, өңделген бөлшектердің, жаңқалардың) құлау және тасталу, сондай-ақ майлайтын, салқындататын және басқа да жұмыс сұйықтықтарының тасталу ытималдығы жоқ

Қорғаныш қоршаулардың болуы (қаптамалар, қалқандар, күнқағарлар, бөгеулер және экрандар)


4

Өндірістік жабдықтың қозғалмалы бөліктерінің әсер ету ықтималдығы жоқ

Жұмыскердің олармен байланыс жасау мүмкіндігін болдырмау немесе дабыл беру, дабыл беру түстері, қауіпсіздік белгілері және апаттық тоқтауды басқару органдары көзделуі үшін қорғау қоршауларының болуы


5

Қысатын, ұстап тұратын, көтергіш және тиеу құрылғыларының немесе олардың жетектерінің конструкциясы үшін толық немесе ішінара өздігінен тоқтау, энергия беруді қалпына келтіру кезінде қауіптіліктің туындау ықтималдығы жоқ

Жұмыскердің олармен байланыс жасау мүмкіндігін болдырмау немесе сигнал беру, сигнал беру түстері, қауіпсіздік белгілері және апатты тоқтауды басқару органдары көзделуі үшін қорғау қоршауларының болуы


6

Өндірістік жабдық конструкциясының элементтерінде өткір бұрыштары, жиектері, қабыршақтары және тегіс емес беттері бар

Жұмыс істеушілерді қорғау шаралары көзделген


7

Гидравликалық, пневматикалық энергияның, бу энергиясының көмегімен жұмыс істейтін өндірістік жабдықтардан және оның жекелеген бөліктерінен (гидро -, бу -, пневможүйелердің құбырлары, сақтандырғыш кабельдер және т. б.) жарақат алу ықтималдығы жоқ

Жұмыс істеп тұрған немесе техникалық қызмет көрсету құралдарымен олардың кездейсоқ зақымдануының алдын алатындай етіп, монтаждау схемаларына сәйкес таңбалаудың болуы, бұғаттау құлыптары мен бекіткіштер


8

Құрастыру бірліктері мен бөлшектерінің бекітпелерінің өздігінен әлсіреу немесе ажырату, сондай-ақ жылжымалы бөліктердің конструкцияда көзделген шектен тыс орын ауыстыру ықтималдығы жоқ

Өндірістік жабдықтарды басқару органдарында шұғыл тежеу және авариялық тоқтату (өшіру) құралдарының болуы


9

Өрт-жарылыс қауіптілігінің туындау ықтималдығы жоқ

Ескерту сигнализациясының, өрт сөндіру, авариялық желдеткіш, герметикалық қабық, жанғыш сұйықтықтарды авариялық ағызужәне жанғыш газдарды өршіту жүйесінің болуы


10

Электр қауіптілігінің туындау ықтималдығы жоқ

Қоршаулардың болуы, жерге тұйықтау, нөлдеу, ток өткізгіш бөліктерді оқшаулау, қорғаныш ажырату



Балдар сомасы



Талаптар саны

10

4. ЖҚҚ қамтылғандығын бағалау

Р/с №

ЖҚҚ атауы

МЕМСТ

Бір жылға беру нормасы (бірлік)

Іс жүзінде ЖҚҚ болуы

Құжаттама

Балл

Нормаға сәйкестігі (0/1)

Сапа сертификатының болуы (0/1)

Құжаттаманың болуы (0/1)


1

2

3

4

5

6

7

8

9










Балдар сомасы


ЖҚҚ саны


ЖҚҚ қамтылу көрсеткіші, жиыны


      Ескерту: ЖҚҚ қамтылу көрсеткіші балдар сомасының ЖҚҚ санына қатынасы ретінде есептеледі

5. Сырқаттануды бағалау

Р/с №

ТАӘ (болған жағдайда)

Сырқаттану бағалау критериі

Балы

ЕҚУА жалпы ұзақтығы*

ЖРВИ саны

Созылмалы аурулардың болуы








Балдар сомасы


Жұмыскерлер саны


Сырқаттану көрсеткіші (З)


      Ескерту: Сырқаттану көрсеткіші балдар сомасының жұмыскерлер санына қатынасы ретінде есептеледі

6. Кәсіптік тәуекел дәрежесін есептеу

Р/с №

Кәсіп (кәсіби топ) атауы

Көрсеткіш

КТ дәрежесі

В

Т

Об

СИЗ

З



БАРЛЫҒЫ


      Кәсіптік тәуекел дәрежесі: __________

      Кәсіптік тәуекелдерді бағалау бойынша жауапты адам

                              ________             ___________________

                              қолы                   ТАӘ (болған жағдайда)

                                                20___ ж. "____" ___________

      немесе

      Сараптамалық ұйымның маманы:

                              ________             ___________________

                              қолы                   ТАӘ (болған жағдайда)

                                                20___ ж. "____" ___________

      Кәсіптік тәуекелді бағалау нәтижелерімен таныстым (ық):

      _________________________________________ ТАӘ (болған жағдайда), күні

                  қолы

      _________________________________________ ТАӘ (болған жағдайда), күні

                  қолы

      Аббревиатураның толық жазылуы:

      ТАӘ – тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

      ЕҚ – еңбекті қорғау;

      ҚТ – қауіпсіздік техникасы;

      ЖҚҚ – жеке қорғаныш құралдары;

      РЕШД – рұқсат етілген шекті деңгейі;

      РЕШШ – рұқсат етілген шекті шоғырлануы;

      ГОСТ – мемлекеттік стандарт;

      ЕҚУА – еңбекке қабілеттігінен уақытша айырылу;

      ЖРВИ – жіті респираторлық вирустық инфекция.

  Кәсіптік тәуекелдерді
басқару қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

КӘСІПОРЫН АТАУЫ Кәсіптік тәуекелдерді бағалаудың нәтижелерінің талдамалық деректері

1. Еңбек жағдайларының (өндірісдік факторлардың) зияндылығын талдау

Құрылымдық бөлімше

Кәсіптің (лауазым) атауы

Жұмыскерлер саны

Химиялық факторлар

Физикалық факторлар

Биологиялық факторлар

Психофизиологиялық факторлар

Жиыны

1

2

3

4

5

6

7

8

I Әкімшілік қызмет









II Өндірістік қызмет

















III Қосалқы қызмет









2. Еңбек жағдайларының (өндіріс факторларының) жарақаттану қауіптілігін талдау

Құрылымдық бөлімше

Кәсіптің (лауазымның) атауы

Жұмыскерлер саны

Жарақаттану факторларының (тәуекелдерінің) түрлері

Еңбек процесінде жарақаттану қауіптілігінің дәрежесі

Жарақаттану қауіптілігін бағалау

1

2

3

4

5

6

7

I Әкімшілік қызмет








II Өндірістік қызмет








III Қосалқы қызмет








3. Өндірістің жабдықтың қауіпсіздігін талдау

Р/с №

Құрылымдық бөлімше

Кәсіптің (лауазым) атауы

Жұмыскерлер саны

Жабдықтың атауы

Құжаттандыруды бағалаудың критериі

Өндірістік жабдықтың қауіпсіздігін бағалау

Жабдықтың пайдалануға берілген күні

Пайдалану мерзімі, жыл

Пайдалану мерзіміне сәйкестігі

Құжаттаманың болуы

Техникалық

Эксплуатациялық (пайдалану бойынша нұсқаманың болуы)

Тексеру

Құжаттандырылған бағалау

Визуалды-техникалық бағалау

Барлығы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

I Әкімшілік қызмет















II Өндірістік қызмет















III Қосалқы қызмет















4. ЖҚҚ қамтылуын талдау

Р/с №

Құрылымдық бөлімше

Кәсіптің (лауазымның) атауы

Жұмыскер саны

ЖҚҚ атауы

Бір жылға беру нормасы (бірлік)

Іс жүзінде ЖҚҚ болуы

Құжаттама

ЖҚҚ қамтылуын бағалау

Ескертпе

Нормаға сәйкестігі (0/1)

Сапа сертификатының болуы (0/1)

Құжаттаманың болуы (0/1)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

I Әкімшілік қызмет













II Өндірістік қызмет













III Қосалқы қызмет













5. Сырқаттанушылықты талдау

Р/с №

Құрылымдық бөлімше

Кәсіптің (лауазымның) атауы

Жұмыскерлер саны

Кәсіптің үлес салмағы

Сырқаттанушылық тәуекелінің дәрежесі белгіленген жұмыскерлер саны

Кәсіп бойынша сырқаттанушылық тәуекелінің дәрежесі

Үдес салмағын ескере отырып кәсіп бойынша сырқаттанушылық тәуекелінің дәрежесі

Құрылымдық бөлімше бойынша сырқаттанушылық тәуекелінің дәрежесі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

I Әкімшілік қызмет














II Өндірістік қызмет














III Қосалқы қызмет














      _________________________________________