БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жаңартылатын энергия көздері департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі |
Н. Ногаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 27 тамызы № 287 Бұйрықпен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. Күші жойылды - ҚР Энергетика министрінің 03.09.2024 № 309 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2. "Қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын орталықтандырылған сатып алуы және сатуы, қаржы-есеп айырысу орталығының басым шартты тұтынушыға күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша электр энергиясының тиісті үлесін қайта есептеу және қайта бөлу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 наурыздағы № 164 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10662 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 18 тамызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын орталықтандырылған сатып алуы және сатуы, қаржы-есеп айырысу орталығының басым шартты тұтынушыға күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша электр энергиясының тиісті үлесін қайта есептеу және қайта бөлу қағидаларында:
74-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"74. БШТ сату шартын жасасу үшін ЖЭК пайдалану объектісінің электр қондырғыларын кешенді сынау өткізу басталған күнге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей, қаржы-есеп айырысу орталығына мынадай құжаттарды ұсынады:
1) БШТ мүдделерін білдіретін уәкілетті заңды тұлғаның құрылтай құжаттары (бұдан әрі – БШТ өкілі);
2) БШТ мүдделерін білдіру үшін заңды тұлғаның құқығын растайтын құжат;
3) БШТ пайдалануға енгізген ЖЭК пайдалану объектісіне құқық белгілеуші құжаттардың көшірмелері;
4) ағымдағы жыл аяқталғанға дейін пайдалануға енгізілген БШТ және шартты тұтынушылардың ЖЭК пайдалану объектілері бөлінісінде БШТ желіге босатуға жоспарланған электр энергиясының көлемі туралы ақпарат;
5) Заңның 6-тармағының 5) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекітетін ЖЭК пайдалану объектілерін орналастыру жоспарына БШТ-ның қосылғаны туралы уәкілетті орган хабарламасының көшірмесі.";
97-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"97. Банк кепілдігі немесе резервтік аккредитив қайтарылуға жатпайтын болуы және оларды сатып алу туралы шартқа қол қойылған күннен бастап алушының (бенефициардың) нұсқауы бойынша толық немесе бөлшектеп орындау мүмкіндігін көздеуі тиіс:
күн электр станциялары үшін – 25 (жиырма бес) айдан кем емес;
жел және биогаз электр станциялары үшін –37 (отыз жеті) айдан кем емес;
гидроэлектр станциялары үшін – 61 (алпыс бір) айдан кем емес.";
101-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) егер Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамасына сәйкес бекітілген, оған қатысты сатып алу шарты жасалатын ЖЭК пайдалану объектісін пайдалануға қабылдау актісінің көшірмесі ұсынылмаса – сатып алу шартының талаптарын орындауды қаржылық қамтамасыз ету сомасының 100% көлемінде, ал осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес сатып алу шартының талаптарын орындауды қаржылық қамтамасыз етуінің бір бөлігін ұстап қалған жағдайда – сатып алу шартының талаптарын орындауды қаржылық қамтамасыз ету сомасының 70% көлемінде сатып алу шартына қол қойған күннен бастап мына мерзімдерде:
күн электр станциялары үшін –24 (жиырма төрт) ай ішінде;
жел және биогаз электр станциялары үшін –36 (отыз алты) ай ішінде;
гидроэлектр станциялары үшін – 60 (алпыс) ай ішінде.";
106-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) күн электр станциялары үшін сатып алу шартына қол қойылған күннен бастап 24 (жиырма төрт) ай ішінде, жел және биогаз электр станциялары үшін шартқа қол қойылған күннен бастап 36 (отыз алты) ай ішінде, гидроэлектр станциялары үшін шартқа қол қойылған күннен бастап 60 (алпыс) ай ішінде: Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамасына сәйкес бекітілген, оған қатысты сатып алу шарты жасалатын ЖЭК пайдалану объектісін пайдалануға қабылдау актісінің көшірмесін ұсынады.
Бұл ретте, егер осы тармақшаның бірінші бөлігінде көзделген мерзімнің аяқталуына дейін ЖЭК объектісінің құрылысы бойынша жалпы жұмыс көлемінен 70%-дан кем емес көлемде ЖЭК пайдалану объектісі бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау туралы Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамасына сәйкес техникалық қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті ұйымнан (тұлғадан) растау ұсынылған жағдайда, көрсетілген мерзім күнтізбелік 1 (бір) жылға ұзартылады;".
3. "Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін қосу туралы үлгілік шартты, сондай-ақ оны жасасу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 27 шілдедегі № 343 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14108 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2016 жылғы 6 қыркүйекте жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін қосу туралы үлгілік шартта:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Энергия беруші ұйымның:
1) техникалық шарттардың қолданыс мерзімі өткенге дейін берілген Энергия өндіруші ұйымның өтінімі бойынша қаржы-есеп айырысу орталығымен жасалған электр энергиясын сатып алу шартына сәйкес жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісін пайдалануға берудің соңғы мерзіміне дейін техникалық шарттардың қолданылуын ұзартуға;
2) техникалық шарттар талаптары орындалмаған жағдайда, электр желісіне қосылуға рұқсат беруден бас тартуға;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда, Энергия өндіруші ұйымға алдын ала жазбаша хабарлап, техникалық шарттарға тиісті өзгерістер енгізуге құқығы бар.".
4. "Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру жоспарын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 27 шілдедегі № 345 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14155 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2016 жылғы 5 қыркүйекте жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру жоспарын қалыптастыру қағидаларында:
29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"29. Уәкілетті орган Ұйымдастырушыдан Аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарының тізілімін алған сәттен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде ЖЭК пайдалану объектілерін салу бойынша тиісті жобаларды ЖЭК орналастыру жоспарына қосады.";
34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"34. Уәкілетті орган басым шартты тұтынушылардың ЖЭК пайдалану объектілерін салу бойынша жобаларын ЖЭК орналастыру жоспарына ЖЭК пайдалану объектісін пайдалануға бергенге дейін кемінде 6 ай қалғанда ЖЭК пайдалану объектісі электр қондырғының кешенді сынау өткізу күнінің басталуына дейін қосады.";
3-қосымша осы Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
5. "Аукционға қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын, өтінімнің мазмұнын және оны беру тәртібін, аукционға қатысуға арналған өтінімді қаржылық қамтамасыз ету түрлерін және оларды енгізу мен қайтару шарттарын, қорытынды шығару және жеңімпаздарды анықтау тәртібін қамтитын аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № 466 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16240 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық банкінде 2018 жылғы 24 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аукционға қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын, өтінімнің мазмұнын және оны беру тәртібін, аукционға қатысуға арналған өтінімді қаржылық қамтамасыз ету түрлерін және оларды енгізу мен қайтару шарттарын, қорытынды шығару және жеңімпаздарды анықтау тәртібін қамтитын аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларында:
51-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"51. Ұйымдастырушы мынадай шарттарды орындаған кезде баға есебін жүргізеді:
1) аукциондық сауда-саттыққа қатысуға арналған өтінімдердің белгіленген қуатының жиынтық көлемі белгіленген қуатқа сұраныс көлемінің кемінде 130%-ы;
2) сауда жүйесінде тіркелген және тиісті аукциондық сауда-саттыққа жіберілген қатысушылардың екеуден саны кем емес.
Жоғарыда көрсетілген шарттар орындалмаған жағдайда, Ұйымдастырушы баға есебін жүргізбейді, сауда-саттық сессиясының жабылу уақыты аяқталғанға дейін сауда-саттықты жабады және сауда-саттықты өткізілмеген деп жариялайды.
Осы тармақтың 1) тармақшасының ережесі электр энергиясын өндіру үшін гидродинамикалық су энергиясын, биомассаны, биогазды және органикалық қалдықтардан алынатын өзге де отынды пайдаланатын жобаларды іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты жүргізуге қолданылмайды.";
56-1 және 57-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"56-1. Аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарының алдын ала тізіміне енбеген, электр энергиясын өндіру үшін гидродинамикалық су энергиясын, биомассаны, биогазды және органикалық қалдықтардан жасалған өзге де отынды пайдаланатын жобаларды іріктеу бойынша құжаттамасы жоқ аукциондық сауда-саттыққа қатысушыларға Ұйымдастырушы аукциондық баға бойынша мынадай шарттарды ұсына отырып, жеңімпаздардың алдын ала тізіміне енгізілгені туралы офертаны жібереді:
1) аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарының алдын ала тізімінде көрсетілген ең төменгі бағадан 1% - ға төмен, егер шекті аукциондық баға 50% - дан астам және одан астам төмендетілген жағдайда;
2) аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарының алдын ала тізімінде көрсетілген ең төменгі бағадан 5% - ға төмен, егер шекті аукциондық баға 30% - дан жоғары және 50% - ға (қоса алғанда) дейін ауқымда төмендетілген жағдайда;
3) аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарының алдын ала тізімінде көрсетілген ең төменгі бағадан 7% - ға төмен, егер шекті аукциондық баға 10% - дан жоғары және 30% - ға (қоса алғанда) дейін ауқымда төмендетілген жағдайда;
4) аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарының алдын ала тізімінде көрсетілген ең төменгі бағадан 10% - ға төмен, егер шекті аукциондық баға 10% - ға (қоса алғанда) дейін төмендетілген жағдайда.
Мұндай қатысушыдан келісім алған жағдайда аукциондық сауда-саттық көлемі оның берілген өтінімінің көлеміне ұлғайтылады және аукциондық сауда-саттыққа қатысушы аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарының тізіліміне енгізіледі.
57. Ұйымдастырушы өткізілген аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша сауда сессиясы жабылғаннан кейін 1 (бір) сағат ішінде Қатысушыларға өткізілген аукциондық сауда-саттық қорытындысы туралы электрондық түрде хабарлама жібереді. Қатысушыларға жазбаша хабарламалар келесі жұмыс күні Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 18-00-ден кешіктірілмей жіберіледі.";
60-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"60. Уәкілетті орган Ұйымдастырушыдан Аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарының тізілімін алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарын ЖЭК пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар тізбесіне және күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде ЖЭК пайдалану объектілерін орналастыру жоспарына енгізеді.
Бұл ретте аукциондық сауда-саттықтың жеңімпаздары ЖЭК пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар тізбесіне енгізілгеннен кейін күнтізбелік 60 (алпыс) күн ішінде қаржы-есеп айырысу орталығымен сату шартын жасасу үшін өтінім береді.".
6. "Қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдармен, шартты тұтынушылармен және басым шартты тұтынушылармен жасалатын шарттарының үлгілік нысандарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 28 желтоқсандағы № 480 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16241 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 23 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымнан электр энергиясын аукциондық бағалар бойынша сатып алу үлгілік шартында:
11-тармақтың 17) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"17) күн электр станциялары үшін шартқа қол қойылған күннен бастап 24 (жиырма төрт) ай ішінде, жел және биогаз электр станциялары үшін шартқа қол қойылған күннен бастап 36 (отыз алты) ай ішінде, гидроэлектр станциялары үшін шартқа қол қойылған күннен бастап 60 (алпыс) ай ішінде – Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамасына сәйкес оған қатысты шарт жасалған ЖЭК пайдалану объектісін пайдалануға қабылдау актісінің көшірмесін қаржы-есеп айырысу орталығына ұсынуға міндетті.
Бұл ретте, егер осы тармақшаның бірінші бөлігінде көзделген мерзімі аяқталуына дейін ЖЭК пайдалану объектісінің құрылысы бойынша жалпы жұмыс көлемінен 70% кем емес көлемде ЖЭК пайдалану объектісі бойынша құрылыс-монтаждау жұмысын орындау туралы Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамасына сәйкес техникалық қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті ұйымнан (тұлғадан) растау ұсынылған жағдайда, көрсетілген мерзім күнтізбелік 1 (бір) жылға ұзартылады;".
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне 1-қосымша |
Ескерту. 1-қосымшаның күші жойылды - ҚР Энергетика министрінің 03.09.2024 № 309 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Басым шартты тұтынушылардың ЖЭК пайдалану объектісін салу бойынша жобаларын ЖЭК орналастыру жоспарына қосуға арналған өтініш
__________________________________________________________________________
(басым шартты тұтынушының өкілетті өкілінің толық атауы)
__________________________________________________________________________
(шартты тұтынушының (-лардың) толық атауы)
қажетті құжаттар топтамасымен бірге ЖЭК пайдалану объектісін салу бойынша
__________________________________________________ жобасын ЖЭК орналастыру
(жобаның толық атауы)
жоспарына қосу үшін осы өтінішті жолдайды.
1. Басым шартты тұтынушы туралы жалпы мәліметтер (атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, Қазақстан Республикасындағы орналасқан жері, пошталық мекенжайы, Қазақстан Республикасындағы нақты мекенжайы, Қазақстан Республикасындағы байланыс телефоны, электрондық пошта мекенжайы).
2. Басым шартты тұтынушының құрамына кіретін шартты тұтынушылар туралы ақпарат (атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, Қазақстан Республикасындағы орналасқан жері, пошталық мекенжайы, Қазақстан Республикасындағы нақты мекенжайы, Қазақстан Республикасындағы байланыс телефоны, электрондық пошта мекенжайы).
3. Басым шартты тұтынушының ЖЭК пайдалану объектісін (бұдан әрі - Объект) салу бойынша жобасы туралы деректер:
1) Объектінің пайдаланатын ЖЭК түрі және БЭЖ аймағын, облысын, ауданын көрсете отырып, Объектінің жоспарланған орналасу орны көрсетілген Объекті атауы;
2) ЖЭК түрлері мен жылдар бойынша бөле отырып, Объектінің генерациялайтын жабдығының белгіленген жиынтық қуаты;
3) Объектіні пайдалануға енгізудің жоспарланған күні;
4) Объектінің қуатын пайдаланудың болжамдық коэффициенті.
4. Объекті жабдығы туралы деректер - генерациялайтын жабдықтың жеке бірлігінің қуатын көрсете отырып, Объектідегі жабдықтың саны мен түрі.
5. Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) ______________________________________________________________________;
2) ______________________________________________________________________;
3) _______________________________________________________________________.
________________________________________ ________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (қолы, күні)
және лауазымы)
Ескертпе: ұйым бланкісінде толтырылады. Өтінішке бірінші басшы немесе өзге уәкілетті адам қолын қояды.