"Мемлекеттік кірістер органының лауазымды адамының кедендік декларацияларды толтыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 13 ақпандағы № 175 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 19 тамыздағы № 767 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 21 тамызда № 21117 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік кірістер органының лауазымды адамының кедендік декларацияларды толтыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 13 ақпандағы № 175 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16445 болып тіркелген, 2018 жылғы 7 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік кірістер органының лауазымды адамының кедендік декларацияларды толтыру қағидаларында:

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Уәкілетті лауазымды адам "Жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік декларациялау туралы" Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2019 жылғы 23 шілдедегі № 124 шешімімен бекітілген, Жолаушылар кедендік декларациясын толтыру және жолаушылар кедендік декларациясында мәлімделген мәліметтерді өзгертуге (толықтыруға) байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібіне сәйкес декларанттың атына қағаз тасымалдағышында жолаушылар кедендік декларациясын толтырады. Бұл ретте, жолаушылар кедендік декларациясының "Қызметтік белгілер үшін" деген бағанда "Толтыруға арналған өтініш" деген жазба жасайды және декларант өтінішінің тіркеу нөмірін және күнін көрсетеді.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың ресми жарияланған кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев