"Мемлекеттік авиацияда авиациялық оқиғаларды болғызбау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 тамыздағы № 486 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 6 тамыздағы № 371 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 17 тамызда № 21097 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік авиацияда авиациялық оқиғаларды болғызбау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 тамыздағы № 486 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15801 болып тіркелген, 2017 жылғы 18 қазанда Қазақстан Республикасы эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік авиацияда авиациялық оқиғаларды болғызбау жөніндегі нұсқаулықта:

      3-тармақта:

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) әуе кемесін ұшуда пайдалану – ұшқыш құрамының әуе кемесін ұшу алды қарап-тексеруді жүргізуді бастағаннан бастап ұшу мақсатында бортта болған барлық адамдардың әуе кемесінен кеткен сәтке (ұшқышсыз ұшатын аппаратты іріктеу сәтіне) дейінгі кезеңді қамтитын әуе кемесін пайдалану процесі;";

      7) тармақша алып тасталсын;

      8) және 9) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) мемлекеттік авиацияның ұшу қауіпсіздігі органы – Қазақстан Республикасының мемлекеттік авиациясындағы ұшу қауіпсіздігі мәселелері бойынша мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің құрылымдық бөлімшесі;

      9) қамтамасыз ету бөлімдері – авиациялық-техникалық базалар, авиациялық комендатуралар, әуе қозғалысын басқару орталықтары, байланыс және радиотехникалық қамтамасыз ету бөлімдері, материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімдері;";

      11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) қауіпті фактор – авиациялық жағдайдың туындауына әкеп соқтыратын авиациялық жүйенің қандай да бір элементіне кез келген (нақты немесе әлеуетті) ықпал ету;";

      13), 14) және 15) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "13) мемлекеттік авиацияның басқару органдары:

      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің авиациясында – Қазақстан Ресупубликасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері басқолбасшысының басқармасы;

      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің авиациясында – Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бас қолбасшылығы;

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің авиациясында – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің авиациялық қызметі;

      14) ұшу қауіпсіздігі органы – мемлекеттік әуе кемелерімен авиациялық оқиғаларды болғызбауға бағытталған қызметті жүзеге асыратын басқару органы, авиациялық бөлім құрамындағы құрылымдық бөлімше;

      15) ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесі – ұйымдық құрылымды, жауапкершілік сатысын (бөлінуін), басшылық қағидаттарды және рәсімдерді қамтитын ұшу қауіпсіздігін басқаруға жүйелі тәсіл;";

      мынадай мазмұндағы 17) және 18) тармақшалармен толықтырылсын:

      "17) қатер факторы – авиациялық оқиғадан туындайтын салдарлардың болжамды ықтималдығы және елеулілігі;

      18) еркін (жасырын) хабарлама – ұшуды қауіпсіз орындауға ықпал ететін авиациялық қызметтің қауіпті факторлары (қатер факторлары) туралы берілген бейресми ақпарат;";

      6-тармақта:

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) алдағы ұшудың және ұшып өтудің жерүсті радиотехникалық құралдармен қамтамасыз етілуі;";

      2-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-параграф. Мемлекеттік авиация басқару органдары, авиациялық бөлімдері және қамтамасыз ету бөлімдері басшыларының (командирлерінің, бастықтарының) авиациялық оқиғаларды болғызбау жөніндегі қызметі";

      3-параграф алып тасталсын;

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Ұшу қауіпсіздігі органдарыбасшыларының және мамандарының авиациялық оқиғалардыболғызбау жөніндегі қызметі";

      1-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-параграф. Жалпы ережелер";

      2-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-параграф. Мемлекеттік авиация ұшу қауіпсіздігі органы басшысының қызметі";

      32-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "32. Мемлекеттік авиация ұшу қауіпсіздігі органының басшысы құзыреті шегінде:";

      мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:

      "8) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қарулы Күштері Бас штабының құрылымдық бөлімшелерінен, мемлекеттік авиацияның басқару органдарынан және авиациялық бөлімдері мен қамтамасыз ету бөлімдерінен ұшу қауіпсіздігі мәселелері бойынша қажетті ақпаратты сұратады.";

      4-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-параграф. Мемлекеттік авиация ұшу қауіпсіздігі органдары мамандарының авиациялық оқиғаларды болғызбау жөніндегі қызметі";

      34-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:

      "11) ұшу қауіпсіздігі талаптарын бұзушылықтарды және авиациялық оқиғаларды есепке алуды жүргізеді.";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Мемлекеттік авиацияда авиациялық оқиғаларды болғызбау жөніндегі профилактикалық жұмысты және ұшу қауіпсіздігін басқару жөніндегі қызметті ұйымдастыру";

      1-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-параграф. Авиациялық оқиғаларды болғызбау жөніндегі профилактикалық жұмыстың және ұшу қауіпсіздігін басқару жөніндегі қызметтіңмазмұны, мәні, қағидаттары және ұйымдастыру";

      37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "37. Ұшу қауіпсіздігін басқару жөніндегі қызметмәні авиациялық қызметтің қауіпті факторларын белсенді анықтауды, қатер деңгейін бағалауды және қауіпті факторларды жою,олардың ықпал етуін төмендету немесе оларды болғызбау арқылы қатер деңгейін төмендету жөнінде шаралар қабылдауды қамтиды.

      Авиациялық оқиғаларды болғызбау жөніндегі профилактикалық жұмыс мәні белгілі себеп-факторлар тобы бойынша авиациялық оқиғалардың қайталанбауына бағытталған іс-шаралар жүргізуді қамтиды.";

      2-параграфтың тақырыбы алып тасталсын;

      39 және 40-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "39. Ұшу қауіпсіздігі органы мамандарының қызметін ұйымдастыру:

      1) ұшу қауіпсіздігін басқаруды;

      2) авиациялық оқиғаларды болғызбау жөніндегі жұмысты жоспарлауды;

      3) авиациялық оқиғаларды болғызбау жөніндегі негізгі профилактикалық іс-шараларды;

      4) авиациялық оқиғаларды болғызбау жөніндегі жұмыс және ұшу қауіпсіздігін басқару жөніндегі қызмет тиімділігін талдауды және бағалауды қамтиды.

      40. Ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесі мемлекеттік авиацияның авиациялық бөлімдерінде және басқару органдарында ұйымдастырылады.";

      мынадай мазмұндағы 40-1-тармақпен толықтырылсын:

      "40-1. Мемлекеттік авиацияның ұшу қауіпсіздігі органында мемлекеттік авиация субъектілеріндегі авиациялық оқиғаларды болғызбау жөніндегі профилактикалық жұмысқа және ұшу қауіпсіздігін басқару жөніндегі қызметкебақылаужүзеге асырылады.";

      53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "53. Мемлекеттік авиацияның құрылымдық бөлімшелерін ұшу қауіпсіздігі мәселелері бойынша инспекциялау (тексеру) барлық басшылық құрамның тікелей міндеттерінің бірі болып табылады және барлық инстанциялардың лауазымды адамдары жүзеге асырады.";

      55, 56 және 57-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "55. Ұшу қауіпсіздігі мәселелері бойынша хабарламаларды ерікті (жасырын) ұсыну жүйесі мемлекеттік авиацияның ұшу қауіпсіздігі органында ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіретін авиациялық қызметтің кемшіліктері және ерекше оқиғалар туралы ақпарат жинауда жәрдемдесу мақсатында ұйымдастырылады. Жүйе ақпарат көздерін қорғауды көздейді. Ұсынылған ақпаратты мемлекеттік авиацияныңұшу қауіпсіздігі органы тексеруге тиіс.".

      56. Мемлекеттік авиация басқару органдарының басшылары, әскери бөлімдердің командирлері ерікті хабарламалар жүйесі арқылы алынған ақпаратты растаған кездемемлекеттік авиацияның ұшу қауіпсіздігі органына қабылданған шаралар туралы хабарлама жолдай отырып, анықталған кемшіліктерді жоюға шаралар қабылдайды.

      57. Қатер деңгейін бағалаудыұшу қауіпсіздігі органықауіпті факторларды талдау негізінде жүзеге асырады және ол авиациялық оқиғаның туындауы салдарының ықтималдығы жәнеелеулілігі дәрежесін айқындау процесін білдіреді.";

      59-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "59. Қауіпті факторларды талдау нәтижелері бойынша ұшу қауіпсіздігі органыкейіннен қатер деңгейін бағалаумен авиациялық оқиғаның туындау ықтималдығын айқындайды:";

      70-тармақтың 8) тармақшасы алып тасталсын;

      71-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "71. Бағдарлама құрылымдық тұрғыдан төрт бөлімнен тұрады:

      бірінші бөлім –мемлекеттік авиацияда соңғы бес жылда орын алған авиациялық оқиғаларды және елеулі авиациялық оқыс оқиғаларды қысқаша талдау;

      екінші бөлім – өткен жылдағы авиациялық оқыс оқиғаларды қысқаша талдау (басқару органында – мемлекеттік авиацияның барлық бағынысты бөлімдері үшін, авиациялық бөлімде, қамтамасыз ету бөлімінде – өз бөлімі үшін);

      үшінші бөлім – міндеттер, оларды шешу жағдайлары және оларды орындау кезіндегі қауіпті факторларды жою жөніндегі шаралар;

      төртінші бөлім – жоспарланған профилактикалық іс-шаралар тізбесі.";

      73-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "73. Бағдарлама төртінші бөлімініңіс-шаралары Бағдарламаның алдыңғы үш бөліміне жүргізілген талдау (аналитикалық) нәтижелері бойынша әзірленеді, оларды жүргізу мерзімдері және жауапты орындаушылар айқындалады.";

      79-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "79. Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспарларын авиациялық бөлімдерде ұшу қауіпсіздігі органдары(штабтар – қамтамасыз ету бөлімдерінде) бір айға әзірлейді және оны бөлімдер командирлері бекітеді.";

      119-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "119. Жедел (кезеңдік) ақпарат жедел (кезеңдік) ақпарат іс-шараларыжөніндегі есептік құжаттамамен папкада сақталады. Жедел (кезеңдік) ақпаратты жеткізу туралы белгі жауынгерлік даярлық іс-шараларын есепке алу журналына (сынып журналына) "Ұшу қауіпсіздігі" деген бөлімде жазылады.";

      122-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "122. Ұшу қауіпсіздігі жөніндегі конференция (бұдан әрі – Конференция) мемлекеттік басқару органдарының және авиациялық бөлімдердің (қамтамасыз ету бөлімдерінің) басшылық құрамы үшін ұйымдастырылады және мынадай кезеңділікпен өткізіледі:

      1) мемлекеттік авиацияның ұшу қауіпсіздігі органы – 3 жылда 1 реттен сиретпей;

      2) мемлекеттік авиацияның басқару органдары –1 жылда 1 реттен сиретпей.

      Мемлекеттік авиацияның ұшу қауіпсіздігі органы Конференция өткізетін жылы мемлекеттік авиация басқару органы басшысының шешімімен Конференция өткізілмейді.";

      124-тармақ алып тасталсын;

      125-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "125. Авиациялық бөлімдерде және қамтамасыз ету бөлімдерінде анағұрлым күрделі (жаңа) міндеттерді шешу кезінде ұшу қауіпсіздігі мәселелері маусымдық пайдалану ерекшеліктері бойынша ұшу-техникалық конференциялар өткізу кезінде қаралады.";

      126-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Конференция басталғанға дейін 30 тәулік бұрын – Конференция өткізуге бұйрық әзірлеуді және шығаруды;";

      136-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "136. Конференция материалдары Конференция өткізген ұшу қауіпсіздігі органында жинақталады, тіркеледі және сақталады.";

      148-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "148. Негізгі оқу-жаттығу мәселелері:

      1) қаралатын тақырыпқа тән белгілі бір кезеңдегі авиациялық оқиғаларды (жерүсті оқиғаларын, ұшуды қамтамасыз етудегі кемшіліктерді) талдау;

      2) авиациялық оқиғаларға(жерүсті оқиғаларына, ұшуды қамтамасыз етудегі кемшіліктерге) анағұрлым тән мән-жайлар мен себептер;

      3) авиациялық персоналға ұшуда ерекше жағдайлар туындаған және өрбіген процесте дұрыс әрекет ету (қамтамасыз ету бөлімдері үшін – ұшуды қамтамасыз ету кезіндегі іс-қимылдар) бойынша ұсынымдар болып табылады.";

      мынадай мазмұндағы 182-1-тармақпен толықтырылсын:

      "182-1. Авиациялық бөлімдер, қамтамасыз ету бөлімдері командирлері талдау жүргізу кезінде ұшуды қамтамасыз етудің әрбір түрін бағалайды және тиісті есептік кезең үшін бөлімнің қорытынды бағасын шығарады.";

      183-тармақта:

      12) және 13) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "12) осы Нұсқаулыққа 4-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тексерушілердің ескертулерінесепке алу журналы;

      13) ұшу қауіпсіздігі мәселелері бойынша комиссиялар тексерулерінің материалдары;";

      мынадай мазмұндағы 15) және 16) тармақшалармен толықтырылсын:

      "15) ұшуды қамтамасыз ету түрлері бойынша есептік-тіркеу құжаттамасы;

      16) қамтамасыз ету түрлері бойынша ұшуды қамтамасыз ету сапасын есепке алу журналдары (басқару органдары үшін).";

      186 және 187-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "186. Талдауды дайындау кезеңдері:

      1) статистикалық деректерді жинау, өңдеу, жүйелендіру, жинақтау;

      2) болған авиациялық, төтенше және жерүсті жағдайларын талдау;

      3) статистикалық деректерді және басқа да көздерден деректерді талдау, соның ішінде ұшу қауіпсіздігінің жай-күйін бағалау негізінде қорытынды шығару;

      4) анықталған және болжамдықауіпті факторлар профилактикасы жөнінде ұсынымдар және ұсыныстар дайындау.

      187. Талдауды басқару органдарының басшылары, авиациялық бөлімдердің және қамтамасыз ету бөлімдерінің командирлері жүргізеді.";

      мынадай мазмұндағы 187-1-тармақпен толықтырылсын:

      "187-1. Тиісті есептік кезең үшін талдаудан қорытындылар барлық авиациялық персоналға мемлекеттік авиация басқару органының, авиациялық бөлімнің, қамтамасыз ету бөлімінің жұмысын қорытындылауда жеткізіледі және қорытындылауды жеткізу материалдарына жеке бөлім болып енгізіледі.";

      188-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "188. Ұшу қауіпсіздігінің және авиациялық оқиғаларды болғызбау жөніндегі қызметтің жай-күйін талдау осы Нұсқаулыққа 5-қосымшаға сәйкес үлгілік нысан бойынша әзірленеді.";

      мынадай мазмұндағы 188-1-тармақпен толықтырылсын:

      "188-1. Мемлекеттік авиацияның басқару органдарында ұшу қауіпсіздігінің жай-күйін талдау мемлекеттік авиация басқару органының басшысы белгілеген нысан бойынша әзірленеді.";

      мынадай мазмұндағы 189-1-тармақпен толықтырылсын:

      "189-1. Қамтамасыз ету бөлімдерінде ұшу қауіпсіздігінің жай-күйі авиациялық оқиғаларды болғызбау жөніндегі жұмыстың жай-күйі бойынша бағаланады.";

      190 және 191-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "190. Авариялылық жай-күй былай бағаланады:

      1) "қанағаттанарлық", егер бағаланатын кезеңде авиациялық бөлімде авиациялық персонал жол берген қате әрекет етулерге және бұзушылықтарға байланысты авиациялық оқиғалар және әуе кемесін зақымдаумен болған елеулі авиациялық оқыс оқиғалар болмаса;

      2) "қанағаттанарлықсыз", егер бағаланатын кезеңде авиациялық бөлімде авиациялық персонал жол берген қате әрекет етулерге және бұзушылықтарға байланысты авиациялық оқиға және әуе кемесін зақымдаумен болған елеулі авиациялық оқыс оқиғаға жол берілсе.

      191. Авиациялық оқиғаларды болғызбау жөніндегі жұмыстың жай-күйі 5-1-қосымшаға сәйкес авиациялық оқиғаларды болғызбау жөніндегі профилактикалық жұмыс және ұшу қауіпсіздігін басқару жөніндегі қызмет бағаларының орташа арифметикалық мәні ретінде айқындалады және қойылады:

      1) "үздік", егер орташа балл кемінде 4,6 болса;

      2) "жақсы", егер орташа балл 4,6-дан төмен, бірақ кемінде 3,6 болса;

      3) "қанағаттанарлық", егер орташа балл 3,6-дан төмен, бірақ кемінде 2,6 болса;

      4) "қанағаттанарлықсыз", егер орташа балл 2,6-дан төмен болса.";

      204-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) инженерлік-техникалық құрамдаұшуға дайындық түрлерін орындауда практикалық дағдылардың және әуе кемелерінің ұшу саны азайтылған жағдайларда регламенттік жұмыстардың болмауы;";

      207-тармақтың 9) тармақшасындағы "жабдықтаудағы бұзушылықтар болып табылады." деген сөздер "жабдықтаудағы бұзушылықтар;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 10) және 11) тармақшалармен толықтырылсын:

      "10) әуеайлақ маңындағы аумақта және әуе трассалары шегіндегі жергілікті жерде орналасқан объектілер құрылысы, электр-тарату желілері, басқа да кедергілер;

      11) құстардың жаппай жиналуына немесе ұшу көрінісініңнашарлауына (түтін бүркемесі салдарынан) әкелетін объектілердің орналасуы болып табылады.";

      208-тармақтың 9) тармақшасындағы "ұстаумен жүзеге асырылады." деген сөздер "ұстаумен;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:

      "10) мекемелердің, кәсіпорындар мен ұйымдардың әуеайлақ маңындағы аумаққа әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіретін объектілерді орналастыру жөніндегі қызметін бақылаумен жүзеге асырылады.";

      6-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-параграф. Ұшуды радиотехникалық қамтамасыз етудегі қауіпті факторлар және оларды жою жөніндегі іс-шаралар";

      210, 211 және 212-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "210. Ұшуды радиотехникалық қамтамасыз етудегі қауіпті факторлар:

      1) ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету құралдары операторларының әуе кемелерінің экипаждарына және ұшуды басқару тобының персоналына деректер берудегі кателері;

      2) радиолокациялық станция антеннасының үш және одан да көп айналымы ішінде, сондай-ақ нысанаға бағыттаудың соңғы кезеңінде авиацияны басқару пункттерінің жұмыс орындарына радиолокациялық ақпаратты беруді тоқтату;

      3) ұшуда ұшып тексерілмеген байланыс және радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарын пайдалану;

      4) ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету құралдары операторының "Апат" деген сигналға назар аудармауы немесе оны екі минуттан астам уақытқа кешіктіріп беруі;

      5) жеке құрамның ұшу экипаждарына және ұшуды басқару тобының персоналына ақпарат беруді тоқтатуға (немесе оны бұрмалауға) әкеп соқтыратын ұшуды байланыспен және радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарын қосу бойынша білікті әрекет етпеуі;

      6) ұшуды байланыспен және радиотехникалық қамтамасызету құралдарының электрмен қоректендіру жүйесіндегі істен шығу, автономды қоректендіру көздерінің уақтылы қосылмауы;

      7) ұшу уақытында байланыс және радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарының істен шығуы болып табылады.

      211. Ұшуды радиотехникалық қамтамасыз етудегі қауіпті факторларды болғызбау:

      1) әуеайлақтарды инфрақұрылыммен және байланыс және РТҚқұралдарымен жабдықтауды, жеке құрамды даярлауды және техниканы ұшуды қамтамасыз етуге дайындауды регламенттейтін басшылық құжаттардың талаптарын сақтаумен;

      2) жеке құрамның кәсіби даярлығы және жаттыққандығы деңгейін арттырумен;

      3) жеке құрамның өз міндеттерін, оның ішінде ерекше жағдайларда орындауға әзірлігін ұдайы бақылаумен;

      4) ұшуды байланыспен және радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарын дайындау сапасын арттырумен;

      5) басқару, навигациялау мен қону объектілерін энергиямен жабдықтау жүйесін жетілдірумен (көп реттік резервке қоюмен);

      6) ұшуды байланыспен және радиотехникалық қамтамасыз ету бөлімшелерін қажетті қосалқы бөлшектермен, шығыс материалдарымен, агрегаттың, блоктармен жиынтықтаушы бұйымдардың ауыспалы қорымен қамтамасыз етумен;

      7) ұшуды байланыспен және радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарының техникалық ақаусыздығын және дұрыстығын тиімді бақылаумен;

      8) ұшуды байланыспен және радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарының жиі қайталанатын істен шығуынансақтандыру жөніндегі іс-шараларды орындаумен жүзеге асырылады.

      212. Ұшуды радиотехникалық қамтамасыз етудегі қауіпті факторлардың ықпал етуін болғызбау (оқшаулау) үшін жүргізілетін негізгі іс-шаралар тізбесі осы Нұсқаулыққа 11-қосымшада мазмұндалған.";

      216-тармақта:

      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) ұшу уақытында әуеайлақта санитариялық көліктің болмауы және/немесе мақсаты бойынша пайдаланбау;".

      221-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министріне жыл сайын 15 ақпанға дейін өткен күнтізбелік жыл үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік авиациясындағы ұшу қауіпсіздігінің жай-күйі туралы баяндайды;

      2) мемлекеттік авиацияның басқару органдарына жыл сайын 20 ақпанға дейін өткен күнтізбелік жыл үшін ұшу қауіпсіздігінің жай-күйі туралы ақпаратты және авиациялық оқиғаларды болғызбау және авиациялық оқыс оқиғалардың қайталануын болдырмау жөніндегі ұсынымдарды ұсынады.";

      222-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "222. Мемлекеттік авиацияның басқару органдары мемлекеттік авиацияның ұшу қауіпсіздігі органына:

      1) 25 желтоқсанға дейін ағымдағы жыл үшін мемлекеттік авиацияның басқару органдарында және авиациялық бөлімдерде (қамтамасыз ету бөлімдерінде) ұшу қауіпсіздігінің жай-күйін тексерулер кезінде анықталған кемшіліктерді жою жөнінде қабылданған шаралар туралы ақпаратты;

      2) күн сайын сағат 08.00-ге дейін авиацияның жұмыс жоспарынан үзінді-көшірмелерді және өткен тәуліктегі ұшу нәтижелері туралы ақпаратты, мемлекеттік авиацияның әуе кеңістігін пайдаланудың тәуліктік жоспарын;

      3) сағат сайын мемлекеттік авиацияның әуе кемелері пайдаланатын әуеайлақтар бойынша нақты метеорологиялық ақпаратты ұсынады.";

      мынадай мазмұндағы 222-1-тармақпен толықтырылсын:

      "222-1. Авиациялық бөлімдер мемлекеттік авиацияның басқару органына:

      1) ай сайын 5-і күніне дейін осы Нұсқаулыққа 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өткен ай үшін әскери бөлімнің ұшу қауіпсіздігі жай-күйін және авиациялық оқиғаларды болғызбау жөніндегі қызметті талдауды;

      2) ай сайын 5-і күніне дейін мемлекеттік авиация әуе кемелерінің техникалық жай-күйі туралы мәліметтерді, өткен айда анықталған авиациялық техниканың ақаулықтарын есепке алу бланкілерінің көшірмесін;

      3) күн сайын сағат 17.00-ге дейін келесі тәулікке арналған жоспарлы ұшу кестелерін. Бірнеше ұшу ауысымы жоспарланған кездеұшу аяқталғаннан кейін бір сағат ішінде соңғы ұшу кестесін;

      4) күн сайын ұшу аяқталғаннан кейін бір сағат ішінде (ауызша) авиация жұмыс жоспарының орындалмауына әкеп соқтырған әуе кемелерінің істен шығуы және ұшуды қамтамасыз етудегі кемшіліктер туралы және авиациялық оқыс оқиғалар туралы ақпаратты;

      5) авиациялық оқиғалар және елеулі авиациялық оқыс оқиғалар туралы дереу ауызша баяндауды ұсынады.";

      223-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) ұшу қауіпсіздігі жөніндегі ақпаратты жинауды, талдауды, әзірлеуді және жеткізуді;";

      224, 225, 226-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "224. Ақпараттық қамтамасыз етудің негізгі міндеттері:

      1) ұшу қауіпсіздігі жөніндегі ақпаратты жинау және талдау;

      2) ұшу қауіпсіздігі бойынша ақпараттық-талдау құжаттарын әзірлеу және басқару органдарына, авиациялық бөлімдерге (қамтамасыз ету бөлімдеріне) сондай ақ басқа да мүдделі ұйымдарға сұрау салу бойынша ұсыну;

      3) мемлекеттік авиацияның басқару органдарын, авиациялық бөлімдерін (қамтамасыз ету бөлімдерін) орын алған авиациялық оқиғалар, оларды тергеп-тексеру қорытындылары, авиациялық қызметте анықталған қауіпті факторлар (қатер факторлары) туралы жедел және кезең-кезеңімен ақпараттандыру болып табылады.

      225. Авиациялық оқиғаларды болғызбау жөніндегі іс-шараларды ақпараттық қамтамасыз етуді ұйымдастыру мемлекеттік авиацияның органдарының құрылымдық бөлімшелерінжәне қызметі ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты басқа да ұйымдардытарта отырып, мемлекеттік авиацияның ұшу қауіпсіздігі органына жүктеледі.

      226. Ақпараттық-талдау құжаттарына авиациялық оқиғаларды болғызбау жөніндегі қызметке ықпал ету үшін қажетті ұшу қауіпсіздігі бойынша ақпарат қамтылғанактілер, анықтама-баяндамалар,ұсынымдар, ұсыныстар, қызметтік хаттар мен басқа да құжаттар жатады.".

      1, 2 және 4-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес 4-1-қосымшамен толықтырылсын;

      5-қосымша осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес 5-1-қосымшамен толықтырылсын;

      9, 10 және 11-қосымшалар осы бұйрыққа 7, 8 және 9-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      14 және 15-қосымшалар алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының ұшу қауіпсіздігін қадағалау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) мемлекеттік тіркелгеннен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі
Н. Ермекбаев

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      2020 жылғы " ___ " _________________

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

      2020 жылғы " ___ " _________________

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2020 жылғы 6 тамызы
№ 371 бұйрығына
1-қосымша
  Мемлекеттік авиацияда
авиациялық оқиғаларды
болғызбау жөніндегі
нұсқаулыққа
1-қосымша
  Нысан

Қатер факторлары туралы ескертулерді есепке алу журналы

  20___ ж. "___" ____________ басталды
  20___ ж. "___" ____________ аяқталды

Журналды жүргізуге жауапты____________________________________ Бірінші беті

Р/с №

Шығыс №

Қатер деңгейі

Қатер деңгейіненегіз болған қауіпті факторлар тізбесі

1

2

3

4

Екінші беті

Ұшу қауіпсіздігі органы басшысының қатер деңгейін төмендету жөніндегі ұсыныстары.Әскери атағы, Т.А.Ә. (бар болған кезде), қолы

Командирдің қатер деңгейін төмендету жөніндегі нұсқаулары.Әскери атағы, Т.А.Ә. (бар болған кезде), қолы

Командирдің нұсқауларын орындау туралы белгі

5

6

7

      Журналды жүргізу бойынша нұсқаулар:

      1. Журнал басқару органының, авиациялық бөлімдердің ұшу қауіпсіздігі органдарында, қамтамасыз ету бөлімдерінің штабтарында жүргізіледі.

      2. №2 бағанда жоғары тұрған ұшу қауіпсіздігі органында қатер факторы туралы ескертуді әзірлеген кезде шығыс тіркеу нөмірі жазылады немесе авиациялық бөлімдерде (қамтамасыз ету бөлімдерінде) ескертуді әзірлеген кезде кіріс тіркеу нөмірі жазылады.

      3. № 3 бағанда осы бұйрықтың 59-тармағына сәйкес қатер деңгейін бағалау жүзеге асырылады.

      4. 4,5,6-бағандар қауіпті факторларды, ұсыныстар мен нұсқауларды нақтылаумен бағандардың атауына сәйкес толтырылады.

      5. 7-баған күнін, әскери атағын, орындаушының (қауіпсіздік органы басшысының) қолын және оның ТАӘ, сондай-ақ, егер профилактикалық іс-шаралардың орындалуын бақылауоның бар болуын білдіретін құжаттың (баянат, акт, баяндама) тіркеу нөмірін қоюмен "орындалды (жойылды)" деген белгімен толтырылады.

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2020 жылғы 6 тамызы
№ 371 бұйрығына
2-қосымша
  Мемлекеттік авиацияда
авиациялық оқиғаларды
болғызбау жөніндегі
нұсқаулыққа
2-қосымша
  Нысан

Жоспарланған профилактикалық іс-шаралар тізбесі (Бағдарламаның төртінші бөлімі)

Р/с№

Іс-шаралар атауы

Кім тартылады

Кім өткізеді

Өткізу орны

Іс-шараларды өткізу мерзімдері

Өткізу нәтижелері

қаңтар

ақпан

наурыз

сәуір

мамыр

маусым

шілде

тамыз

қыркүйек

қазан

қараша

желтоқсан

1-бөлім. Ұйымдастыру іс-шаралары

басқару органдары үшін

1.

Ұшу қауіпсіздігінің жай-күйін және авиациялық оқиғаларды (бұдан әрі – АО) болдырмау бойынша жұмысты кешенді тексеру

тексерілетін авиациялық бөлім

басқару органының комиссиясы (Қазақстан Республикасымемлекеттік авиациялық қауіпсіздік органы)

тұрақты дислокация пункті














2.

Ұшу қауіпсіздігінің жай-күйін және АО-ны болдырмау бойынша жұмысты тақырыптық тексеру

тексерілетін қамтамасыз ету бөлімі














3.

Ұшу қауіпсіздігі жөніндегі әдістемелік кеңестер

басқару органың (бұдан әрі – БО) басшылық құрамы

БО


БО басшысының нұсқауы бойынша


4.

Ұшу қауіпсіздігі жөніндегі конференцияға дайындалу және өткізу

БО басшысының шешімімен

БО















5.

Ұшу қауіпсіздігі бойынша әдістемелік жиын

ұшу қауіпсіздігі мамандары

БО















6.

Ұшу қауіпсіздігі мәселелері бойынша әдістемелік кеңес

кеңес мүшелері, БО басшылық құрамы

кеңес төрағасы


әдістемелік кеңестің жұмыс жоспарына сәйкес және/немесе БО басшысының нұсқауы бойынша


7.

Ұшу қауіпсіздігі мәселелері бойынша иесі көрсетілмеген сауалнаманы ұйымдастыру және жүргізу

авиациялық персонал

БО


инспекциялау барысында


авиациялық бөлімдер үшін

8.

Ұшу қауіпсіздігі жөніндегі конференцияға дайындалу және қатысу

авиациялық персонал

БО

БО (Нұр-Сұлтан қ.)














9.

Ұшу-техникалық конференцияға дайындалу және өткізу

басшылық құрам, авиациялық персонал

бөлім командирі

сынып














10.

Ұшу қауіпсіздігі мәселелері бойынша әдістемелік кеңес

















11.

Ұшу қауіпсіздігі бойынша әдістемелік жиынға қатысу

















2-бөлім. Авиациялық оқиғаларды болғызбау жөніндегі қызметті ұйымдастыру

1. Авиациялық оқиғаларды болғызбау бойынша жұмысты жоспарлау

12.

АО болғызбау бағдарламасын әзірлеу және бекіту

басшылық құрам

қауіпсіздік бөлімінің бастығы

қауіпсіздік бөлімі












30 дейін


13.

Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу және бекіту

















14.

Авиациялық жүйенің жай-күйін сипаттайтын факторларды талдау және есепке алу (жеке құрам санаттарының даярлық деңгейі мен жаттыққандығы; авиациялық техниканың, ұшуларға жерүсті қызмет көрсету құралдарының, әуеайлақтың, оқу материалды-техникалық базаның; бөлінген құралдардың жай-күйі және т.б.)




міндеттерді жоспарлау және орындау барысында ұдайы


2. Авиациялық оқиғаларды болғызбау жөніндегі негізгі профилактикалық іс-шаралар

15.

Ұшу қауіпсіздігі бойынша жедел ақпаратты зерделеу және жеткізу

авиациялық персонал

бөлім командирі, ұшулар қауіпсіздігін бөлімінің бастығы

сынып

келіп түсуіне қарай зерделеукезекті ұшу ауысымына жеткізу


16.

Ұшу қауіпсіздігі бойынша кезеңдік ақпаратты зерделеу және жеткізу




келіп түскеннен кейін бір апта мерзімде


17.

Жауынгерлік даярлық курсының жаттығуларын, нақты ұшуларды (командирлік, оқу жаттығу ұшулар нұсқасы бойынша және т.б.), нақты ұшуларға ұшудың жеке кезеңдерін орындау кезінде қауіпсіздік шараларын әзірлеу




ұдайы: ұшуалды нұсқаулықта міндетті қоюда алдын ала дайындық кезеңінде, ұшуалды дайындық кезеңінде жеткізумен


18.

Апатқа ұшыраған әуе кемесінің экипажына көмек көрсету бойынша кешенді жаттықтыруды ұйымдастыру және өткізу

















19.

Ұшу қауіпсіздігі бойынша арнайы сабақтар:

ұшқыш құрамы, ұшуды басқарушы тобы (бұдан әрі – ҰБТ), басқару пункті

бөлім командирі

сынып

ай сайын ұшуға жалпы дайындық күндері
(қамтамасыз ету бөлімдері үшін кәсіби даярлық күндері)


1)

Тақырып: "АО мен авиациялық оқыс оқиғалар (бұдан әрі – АОО) мән-жайлары мен себептерін талдау,





























20.

Ұшу қауіпсіздігі бойынша арнайы сабақтар:

қамтамасыз ету мамандары

бөлім командирі

сынып

Тоқсан сайын ұшуға жалпы дайындық күндері
(қамтамасыз ету бөлімдері үшін кәсіби даярлық күндері)


1)

Тақырып: "Ұшуды қамтамасыз етудегі кемшіліктерге байланысты АО мен АОО-ның мән-жайлары мен себептерін талдау (ұшуды қамтамасыз ету түрлері бойынша)"





























21.

Ұшқыш құрамын, ұшуды басқарушы тобының персоналын ұшуда ерекше жағдайлардағы іс-қимылдарға даярлау және тексеру

1)

Авиациялық техника істен шыққан және ерекше жағдай туындаған кездегі іс-қимылдар бойынша тренажерларда және/немесе әуе кемелерінің кабиналарында практикалық сабақтарды ұйымдастыру және өткізу

ұшқыш құрамы

нұсқаушылар құрамы

трена-
жер, әуе кемесінің кабина
сы

алдын ала және ұшуалды даярлық күндері




















3. АО мен АОО-ның белгілі себептер топтары бойынша қайталануынболғызбау жөніндегі профилактикалық іс-шаралар

22.

Ұшудыұйымдастырудағы және оған басшылық жасаудағы (әуе қозғалысын басқарудағы) бұзушылықтардан:

1)

ұшуды басқарушы тобының персоналымен жиындар өткізу



































23.

Әуе кемелерінің әуеде соқтығысуынан:

1)

Соңғы 5 жылдағы АО мен елеулі авиациялық оқыс оқиғалар (бұдан әрі – ЕАОО) талдау



































24.

Әуе кемелерінің жергілікті жер бедерімен соқтығысуынан:

1)

Соңғы 5 жылдағы АО мен ЕАОО-ны талдау



































25.

Кеңістіктік бейімделуді жоғалтудан, ұшақтардың құлауынан және иірімге түсіп қалуынан, тікұшақтардың сол жаққаөздігінен айналуға түсуінен

1)

Соңғы 5 жылдағы АО мен ЕАОО-ны талдау



































26.

Ұшып шығудағы және қонудағы қателіктерден:

1)

Соңғы 5 жылдағы АО мен ЕАОО-ны талдау



































27.

Ауа райының қауіпті құбылыстарына түсуінен:

1)

Соңғы 5 жылдағы АО мен ЕАОО-ны талдау



































28.

Пайдалану шектеулерінен асып кетуден:

1)

Соңғы 5 жылдағы АО менЕАОО-ны талдау



































29.

Әуе кемелерінің ұшуда істен шығуынан:

1)

Соңғы 5 жылдағы АО мен ЕАОО-ны талдау



































30.

Жауынгерлік қолдануға және ұшуды орындау барысындағы қателіктерден (әуе нысандарына тосқауылдары мен шабуылдары, маневрлік әуе шабуылдыры, жерүсті нысандарына (теңіз нысандарына) шабуылдары) және ұшу-тактикалық жаттығулар:

1)

Соңғы 5 жылдағы АО мен ЕАОО-ны талдау



































31.

Әуекемелерінің жаңа типтерін және ұшу даярлығының жаңа түрлерін (мұндай міндет бар болған кезде) меңгерген кезде авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды болғызбау жөніндегі іс-шаралар:

1)

Әуе кемесінің осы типін пайдалану кезінде АО мен ЕАОО-ны талдау



































4. Қамтамасыз ету түрлері бойынша қауіпті факторлардың ықпал етуін болдырмау үшін негізгі профилактикалық іс-шаралар:

32.

Ұшуды инженерлік-авиациялық қамтамасыз етуде:

1)

Соңғы 5 жылдағы инженерлік-техникалық қамтамасыз ету кемшіліктері салдарынан болған АО мен АОО-ны талдау



































33.

Ұшуды әуеайлақтық-техникалық қамтамасыз етуде (бұдан әрі – ӘТҚ):

1)

Соңғы 5 жылдағы ӘТҚ-дағы кемшіліктерден АО мен АОО-ны талдау


















………………………..

















34.

Ұшуды байланыспен және радиотехникалық қамтамасыз етуде:

1)

Ұшуды байланыспен және радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарын пайдалануды ұйымдастыру (техникалық қызмет көрсетуді жүргізу)



































35.

Ұшуды метеорологиялық және орнитологиялық қамтамасыз етуде

1)

Соңғы 5 жылдағы ұшуды метеорологиялық және орнитологиялық қамтамасыз етудегі кемшіліктерден АО мен АОО-ны талдау



































36.

Ұшуды медициналық қамтамасыз етуде (әуе кемесінің экипажы мүшелерінің, ұшуды басқарушы тобының персоналының, жерүсті мамандарының ұшуда жұмысқа қабілеттілігінің төмендеуінен (көңіл-күйінің нашарлауынан) авиациялық жағдайды болғызбау)

1)

Комиссияаралық кезеңде ұшқыш құрамының денсаулық жағдайындинамикалық дәрігерлік бақылау




ұдайы




















3-бөлім. Ұшу қауіпсіздігінің жай-күйін және авиациялық оқиғаларды болғызбау жөніндегі қызметті талдау

37.

Авиациялық техниканың сенімділігін талдау




тоқсан сайын авиациялық бөлімдер үшін, кезең үшін жедел-тактикалық деңгей үшін, бір жыл үшін БО үшін


38.

Объективтік бақылау материалдары бойынша ұшу тапсырмаларын орындау сапасын талдау

















39.

Авиациялық оқыс оқиғаларды талдау (бұзушылықтар және қате іс-қимылдар)

















40.

Ұшу қауіпсіздігінің жай-күйін және АО-ны болғызбау жөніндегі қызметті талдау

















4-бөлім. Қосымша іс-шаралар және арнайы сабақтар (қауіпті факторларды анықтау барысында)

41.


















42.


















  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2020 жылғы 6 тамызы
№ 371 бұйрығына
3-қосымша
  Мемлекеттік авиацияда
авиациялық оқиғаларды
болғызбау жөніндегі
нұсқаулыққа
4-қосымша

Әзірленетін құжаттар мен жүргізілетін іс-шаралар тізбесі

Р/с

Құжаттың, іс-шараның атауы

Әзірлеу (өткізу) жиілігі

Әзірлеу үшін негіз

жыл

кезең

тоқсан

ай

Мемлекеттік авиацияны басқару органдарында

1.

Бағдарлама

+




Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 тамыздағы № 486 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік авиацияда авиациялық оқиғаларды болғызбау жөніндегі нұсқаулық (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15801 болып тіркелген) (бұдан әрі – Нұсқаулық)

2.

Ұшу қауіпсіздігі жөніндегі конференция

+




Нұсқаулық

3.

Профилактикалық іс-шаралар жоспарлары

Әуе кемесін зақымдаумен болған авиациялық оқиғаларды және елеулі авиациялық оқыс оқиғалардытергеп-тексеру нәтижелері бойынша

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 145 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік авиациясындағы авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру қағидалары (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10821 болып тіркелген) (бұдан әрі – Қағидалар)

4.

Басқару органына қатысты бөлігінде анықталған бұзушылықтарды жою үшін қабылданған шаралар туралы ақпарат (жоспар)

Мемлекеттік авиация ұшу қауіпсіздігі органы комиссиясының тексеру нәтижелері бойынша

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 424 бұйрығымен бекітілген Ұшу қауіпсіздігі мәселелері бойынша мемлекеттік авиацияның қызметіне мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүргізу қағидалары (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15928 болып тіркелген) (бұдан әрі – Бақылау және қадағалау қағидалары)

5.

Ұшу қауіпсіздігінің
жай-күйін бағалау бойынша қорытындылар шығару бөлімі


+



Нұсқаулық

6.

Авиациялық техниканың сенімділігін кезең-кезеңімен талдау


+



Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 19 тамыздағы № 634қбпү бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік авиациясындағы инженерлік –авиациялық қамтамасыз ету қағидалары (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19303 болып тіркелген) (бұдан әрі – ИАҚҚ)

7.

Соңғы 5 жылда авиациялық оқиғалар мен елеулі авиациялық оқыс оқиғалардыталдау материалдары

+




Нұсқаулық

 
Авиациялық бөлімдерде

1.

Бағдарлама

+




Нұсқаулық

2.

Маусымдық пайдалану ерекшеліктері бойынша ұшу-техникалық конференция


+



Нұсқаулық

3.

Ұшу қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі әдістемелік кеңестер материалдары

Ұзақ үзілістерден кейін ұшқыш құрамын қатарға енгізу кезінде, әуе кемелерінің жаңа типтерін меңгеру, ұшу даярлығының жаңа түрлерін меңгеру кезінде

Ұшу жұмысын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық

4.

Ұшу қауіпсіздігі жөніндегі арнайы сабақтар




+

Нұсқаулық

5.

Авиациялық оқыс оқиғалардыталқылау (талдау)

тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін

Қағидалар

6.

Авиациялық техниканың сенімділігін кезең-кезеңімен талдау



+


ИАҚҚ

7.

Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегііс-шаралар жоспары




+

Нұсқаулық

8.

Объективті бақылау материалдары бойынша ұшу тапсырмаларын орындау сапасын талдау

Ұдайы

Нұсқаулық

9.

Бөлім командирінің бірінші топтағы фактор-себептер бойынша анықталған авиациялық оқыс оқиғалардытергеп-тексеру нәтижелері бойынша бұйрықтары

тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін

Қағидалар

10.

Ұшу қауіпсіздігінің жай-күйін талдау бойынша қорытынды шығару бөлімі




+

Нұсқаулық

11.

Профилактикалық іс-шаралар жоспарлары

Авиациялық бөлімде болған авиациялық оқыс оқиғалардытергеп-тексеру нәтижелері бойынша

Қағидалар

12.

Авиациялық бөлімге қатысты анықталған бұзушылықтарды жою жоспары

Мемлекеттік авиация ұшу қауіпсіздігі органы комиссиясының тексеру нәтижелері бойынша

Бақылау және қадағалау қағидалары

Қамтамасыз ету бөлімдерінде

1.

Бағдарлама

+




Нұсқаулық

2.

Ұшу қауіпсіздігі жөніндегі арнайы сабақтар



+


Нұсқаулық

3.

Авиациялық оқиғаларды болғызбау жөніндегі қызмет бойынша қорытынды шығару бөлімі


+



Нұсқаулық

4.

Ұшуды қанағаттанарлықсыз қамтамасыз етуге байланысты авиациялық оқыс оқиғаларды(жерүсті оқиғаларын) талқылау

тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін

Қағидалар

5.

Ұшуқауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегііс-шаралар жоспары


+



Нұсқаулық

6.

Егер жеке құрамның кінәсінен оқиғаларға жол берілсе,бөлім командирінің авиациялық оқыс оқиғалардытергеп-тексеру нәтижелері бойынша бұйрықтары

тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін

Қағидалар

7.

Ұшу қауіпсіздігі бойынша анықталған бұзушылықтарды жою жоспары

Мемлекеттік авиация ұшу қауіпсіздігі органы комиссиясының тексеру нәтижелері бойынша

Бақылау және қадағалау қағидалары

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2020 жылғы 6 тамызы
№ 371 бұйрығына
4-қосымша
  Мемлекеттік авиацияда
авиациялық оқиғаларды
болғызбау жөніндегі
нұсқаулыққа
4-1-қосымша
  Нысан

Тексерушілердің ескертулерін есепке алу журналы

Тексерушілердің ескертулері

Тексерушінің лауазымы, әскери атағы, қолы, тегі, тексеру күні

Бөлім командирінің нұсқаулары

Күні, орындалғаны туралы белгі

1.





2.





      Ескертпе:

      1. Журналды мемлекеттік авиация басқару органының (ҚР ҚК ӘҚК ӘӘК қолбасшысынң басқармасы) лауазымды адамдары ұшуды ұйымдастыру, жүргізу және басқару мәселелерінде, қамтамасыз етудің барлық түрлерінде, сондай-ақ комиссиялар құрамынан тыс авиациялық оқиғаларды болғызбау жөніндегі жұмыста ескертулерді анықтаған кезде толтырады.

      2. Журналды жүргізуге және сақтауға жауапты – бөлім командирінің ұшу қауіпсіздігі жөніндегі орынбасары (ұшу дайындығы жөніндегі).

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2020 жылғы 6 тамызы
№ 371 бұйрығына
5-қосымша
  Мемлекеттік авиацияда
авиациялық оқиғаларды
болғызбау жөніндегі
нұсқаулыққа
5-қосымша
  Нысан

______________________ авиациялық бөлімі ұшу қауіпсіздігінің жай-күйін және авиациялық бөлімнің нөмірі оқиғаларды болғызбау жөніндегі қызметін талдау (20__ жылғы ____________) есептік ай

      1. Ұшу даярлығы жоспарын орындаудың негізгі қортындылары:

      1) ұшу ауысымдары саны (жоспарланған/орындалған);

      2) жалпы ұшу уақыты (жоспарланған/орындалған);

      3) міндеттер бойынша жоспарды орындау (нақты орындалған және орындалмаған міндеттер), оларды орындамау міндеттері.

      2. Кезең ішіндегі авиациялық оқиғаларды талдау:

      1) бір оқиғаға авиациялық оқиғалардың жалпы саны мен ұшу уақыты;

      2) санаттар бойынша (авиациялық оқыс оқиғалар, елеулі авиациялық оқыс оқиғалар, әуе кемесін зақымдаумен болған елеулі авиациялық оқыс оқиғалар) бір оқиғаға авиациялық оқиғалар саны мен ұшу уақыты;

      3) фактор-себептер топтары бойынша (1-топ, 2-топ, 3-топ) авиациялық оқиғаларды бөлу;

      4) авиациялық оқиғаларды ұшу кезеңдері (ұшыру және басқару, ұшып көтерілу және биікті алу, айнала ұшу, маршрут бойынша ұшу, аймақта басқарып ұшу техникасы, топпен ұшып жаттығу, әуе нысаналары бойынша жауынгерлік қолдану, жерүсті және теңіз нысаналары бойынша жауынгерлік қолдану, авиациялық техниканы бақылап ұшу, қонуға кіру, қону, басқару) бойынша бөлу;

      5) авиациялық оқиғаларды метеожағдайлар (күндіз: жәй және күрделі метеожағдай, түнде: жәй және күрделі метеожағдай) бойынша бөлу;

      6) авиациялық оқиғаларды ұшқыш құрамының сыныптық жіктелуі бойынша бөлу.

      3. Авиациялық оқиғалардың бір және сол себептер бойынша қайталануы.

      4. Жеке құрамның санаттары бойынша бұзушылықтар мен қате әрекет етуінің жалпы сипаты:

      1) жауынгерлік (ұшу) даярлығы нормативтеріне сәйкес қанағаттанарлық бағасына келмейтін ұшудың есептік режімдерінен ауытқу;

      2) ұшқыш құрамының ұшу міндеттерін (санын) орындау кезінде қате әрекет етуі және олардың себептері.

      5. Қатер факторлары туралы әзірленген ескертулерді талдау:

      1) қатердің шекті деңгейі туралы ескерту саны және қолайсыз деңгейі туралы ескерту санын көрсетумен (ескертуді әзірлеу себептерін және қауіпті факторларды жою жөнінде шаралар қабылдауды көрсетумен) ескертулердің жалпы саны;

      2) ескертуде көрсетілген жойылмаған қауіпті факторлар тізбесі.

      6. Талдау кезеңінде ұшу қауіпсіздігі жай-күйін алдыңғы кезеңдегі мен өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырмалы талдау.

      7. Шешу талап етілетін ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері.

      8. Ұшқыш құрамның, ұшуға басшылық жасау тобы персоналының және жерүсті мамандарының ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша білікті кәсіби әрекет етуінің оң мысалдары.

      9. Бөлімдерде және оның әрбір бөлімшелерінде ұшу қауіпсіздігін бағалау түрінде қортынды шығару.

      10. Командирдің авиациялық оқиғаларды болғызбау жөніндегі нұсқаулары.

      11. Инженерлік-авиациялық қамтамасыз етуде ұшу қауіпсіздігінің жай-күйін талдау:

      1) авиациялық техникада орындалған жұмыс түрлері

АТ түрі

Регламенттік жұмыстар

Ұшуға даярлық

Парктік күндер

Маусымдық қызмет көрсетуге ауыстыру жөніндегі жұмыстар

Сақтау жөніндегі жұмыстар

Түрі

Саны

Алдын ала

Ұшуалды

Қайталап ұшуға

Ұшудан кейін





















      2) авиациялық қозғалтқыштарды ауыстыру (қашан, себебі, негіздемесі, ескертулер мен нәтижелер);

      3) мақсатты қарап-тексерулер және тексерулер (қандай, қашан, негіздемесі, ескертулер мен нәтижелер);

      4) кезеңдік жұмыстар (қандай, қашан, ескертулер мен нәтижелер);

      5) әскери жөндеу (қандай, қашан, себебі, ескертулер мен нәтижелер);

      6) өнеркәсіп бюллетеньдері бойынша жұмыстар (қандай, қашан, негіздемесі, ескертулер мен нәтижелер);

      7) авиациялық техникада анықталған істен шығулар мен ақаулықтар;

Р/с

ӘК түрі (борттық №)

Істен шығу күні және жұмыс түрі

Істен шығу сипаттамасы
(мән-жайы)

Себебі

Кінәлілік және салдары

Жойылған күні және тәсілдері















      8) авиациялық техниканың, тренажерлардың жұмыс істеуі

Әуе кемесінің түрі

Істен шығу саны

атқарымы

Жалпы

Жерүсті

Әуеде

ӘК-ның істен шығуы себебінен АОО саны

ӘК-ның істен шығуы себебінен елеулі авиациялықоқыс оқиға саны

Жалпы

Жерүсті

Әуеде

Бір істен шығуға

Бір
авиациялықоқыс оқиғаға

Бір
елеулі авиациялықоқыс оқиғаға

























      9) істен шығулар мен ақаулықтардан сақтандыру жөніндегі профилактикалық іс-шаралар;

      10) авиациялық жою құралдарын қолдану және оларда орындалған жұмыстар:

Авиациялық жою құралдары түрі

Қолданылған саны

Орындалған жұмыстар

Регламенттік жұмыстар

Қолдануға дайындау

Маусымдық қызмет көрсету

Түрі

Саны













      11) инженерлік-авиациялық қызмет мамандарының технологиялық тәртіпті бұзуы:

Р/с

Авиациялық техникадағы жұмыс күні және түрі

Бұзушылыққа жол берген маманның лауазымы, әскери атағы, тегі, А.Ә. (бар болған кезде)

Бұзушылық сипаттамасы, себебі және
салдары

Бұзушылықтарды жою жөнінде қабылданған шаралар және кінәлілерді жазалау











      12) инженерлік-техникалық құрам жүргізген немесе ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі инженерлік-авиациялық қызмет мамандарын тартумен жүргізілген басқа да іс-шаралар;

      13) инженерлік-авиациялық қатынаста ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шешімдер талап етілетін мәселелер.

      12. Ұшуды әуеайлақтық-техникалық қамтамасыз етуде ұшу қауіпсіздігінің жай-күйін талдау:

Р/с

Күні

Ұшуды жерүсті қамтамасыз ету құралдарының істен шығуы, оларды пайдалану кезінде персонал жол берген бұзушылықтар мен олқылықтар

Себебі





      1) ұшуды әуеайлақтық-техникалық қамтамасыз етудегі бұзушылықтар мен олқылықтардан болған авиациялық оқыс оқиғалар;

      2) әуеайлақты күтіп-ұстауда және ұшуға дайындауда жіберілген бұзушылықтар;

      3) авиациялық отынды қабылдауды, сақтауды және сапасын бақылауды ұйымдастырудағы кемшіліктер;

      4) аккумуляторлық зарядтау станцияларының жұмысындағы кемшіліктер (олқылықтар);

      5) әуеайлақта автокөлік, ұшуды жерүсті қамтамасыз ету құралдары және жаяу жүргіншілер қозғалысын ұйымдастырудағы бұзушылықтар;

      6) әуеайлақты және әуе қозғалысын басқару объектілерін электрмен жабдықтаудағы бұзушылықтар (олқылықтар);

      7) әуеайлақ жабындарының техникалық жай-күйі туралы мәліметтер:

Жабын элементінің атауы

Техникалық жай-күйі

Жалпы алаңы

Бар ақаулары

Ақаулар ауқымы (м², м³, қума м)

Жүргізілген жұмыс түрлері (ауыстыру, жөндеу, құю және т.б.)

Жұмыс ауқымы (м², м³, қума м)

Жасанды жабыны бар ұшу-қону жолағы







Магистральды басқару жолы







1,2,3,4-басқару жолдары







Тұрақ орны







Орталық май құю орнының орналасуы







Топырақты ұшу-қону жолағы







Бақылау-жуу пункті







Автомобиль кірме жолдары







      Ескертпе: бағандар әрбір жабын элементі бойынша жеке толтырылады.

      8) ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша әуеайлақтық-техникалық тұрғысынан шешу талап етілетін мәселелер.

      13. Ұшу қауіпсіздігінің, ұшуды байланыспен және радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарының жай-күйін талдау

      1) ұшуды қамтамасыз ету сапасының көрсеткіштері:

Талдау параметрі

Есептік кезеңде

Өткен кезеңде

Өткен жылдың ұқсас кезеңінде

Қамтамасыз етілген оқу-жаттығу ұшулар ауысымы саны




Ұшуды қамтамасыз етуге орташа баға




Ұшуды қамтамасыз етуде анықталған кемшіліктер, барлығы:




Авиациялық техниканың бір кемшілікке ұшуы, сағат:




      2) байланыс және радиотехникалық құралдары (одан қарай РТҚ) сенімділігінің көрсеткіштері:

Талдау параметрі

Есептік кезеңде

Өткен кезеңде

Өткен жылдың ұқсас кезеңінде

РТҚ техникалық әзірлігі коэффициенті




РТҚ-ның орташа қолданылу мерзімі, жыл




ОЖҰ-ны қамтамасыз ету кезінде РТҚ-да анықталған ақаулықтар:




істен шығу




зақымдану




ақаулық




авария




Авиациялық техниканың бір ақаулыққа ұшу уақыты, сағат




      3) жеке құрамның даярлық деңгейі (талдауда тек жартыжылдық және бір жыл үшін):

Әскери қызметшілер санаты

Даярланған мамандар саны

шебер

1-сыныпты

2-сыныпты

3-сыныпты

сыныпсыз

Офицерлер






Келісім-шарт әскери қызметшілер






Әскерге шақыру бойынша әскери қызметшілер






      4) Есептік кезеңдегі РТҚ ақаулығының себептері (талдауда тек жартыжылдық және біржыл үшін):

Өндірістік-техникалық кемшіліктер бойынша

Зауыттық ақаулар (монтаждау, жинау)

Сапасыз жөндеу

Бөлшектер мен құралдардың істен шығуы

блоктың, модульдің, платаның,бөлшектің істен шығуы

бағдарламалық қамтамасыз етудің істен шығуы (іркілісі)

бірінші немесе екінші электр қоректендірудің істен шығуы

мониторингтеу және басқару аппаратурасының, индикация панелінің істен шығуы

Беру-терету блоктарының (құрылғыларының) істен шығуы

антена-фидерлік құрылғыларының істен шығуы

монтаждау тартқыштары, жиынтық қосқыш кабельдері, толқын-сулы және жоғары жиілікті трактылар оқшаулағышының бұзылуы, кабельдік ажыратқыштардың істен шығуы

схема (қозғалтқыш, редуктор, тістегершік, мойынтірек) механикалық елементтерінің істен шығуы

ақпаратты трансляциялау желіслерінің (модемдердің, байланыс талшықты-оптикалық желілерінің, телебасқару және теледабылдама желілерінің) істен шығуы

анықталмаған себеп

























      Кестенің жалғасы

Пайдалану себептері бойынша

Басқа да себептер бойынша

техниканы нашар білу

пайдалану қағидаларын бұзу

техникалық қызмет көрсетуді уақтылы орындамау

техникалық қызмет көрсетуді уақтылы орындамау

нашар техникалық бақылау

жабдықты бұзу

метеожағдайдың және сыртқы факторлардың ықпал етуі

бөлшектер мен аспаптардың табиғи тозуы

















      5) ұшуды қамтамасыз етудегі кемшіліктер себептерді(талдауда тек жартыжылдық және біржыл үшін):

Мыналарға байланысты жеке құрам кінәсінан

Мынадай себеп бойынша құралдың ақаусыздығынан

Мыналар уақытында кемшілік анықталды

байланыс және радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарын ұшуды қамтамасыз етуге сапалы дайындамау

жеке құрамның тәртіпсіздігі және өз қызметтік міндеттеріне немқұрайлы қарауы

жеке құрамның жауынгерлік кезекшілікті атқаруға даярланбауы, өз міндеттерін нақты білмеуі және құралдардың тактикалық-техникалық мүмкіндігін және олардың қадағалау аппаратурасын қолдана алмауы

құралдарға техникалық қызмет көрсету және ұшып пайдалану ауқымын және мерзімдерін бұзу

құралдардың конструкторлық-өндірістік кемшіліктері

құралдарды сапалы жөндемеу

алдын ала даярлау

ұшуалды даярлық

ұшуды қамтамасыз ету

ұшудан кейін даярлық

 
ЖҚ-ҚСД

 
ЖҚ-ТСН

 
ЖҚ-КДМ

 
ЖҚ-ТҚБ

 
КӨК

 
ҚСД

 
ААД

 
ҰАД

 
ҰҚ

 
ҰКД











      6) ұшуды қамтамасыз ету сапасын нашарлатуға (жақсартуға) әкеп соқтыратын себептерді бағалау;

      7) радиотехникалық құралдар сенімділігін төмендетуге (арттыруға) әкеп соқтыратын себептерді бағалау:

      8) ұшуды қамтамасыз етудегі кемшіліктер және РТҚ ақаулықтары профилактикасы үшін қандай қосымша іс-шаралар жүргізілді (жоспарланды):

      9) ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша радиотехникалыққа қатынаста шешім қабылдау талап етілетін мәселелер;

      Қорытынды: Ұшуды радиотехникалық қамтамасыз етудегі ұшу қауіпсіздігінің жай-күйі есептік кезеңде ___________ бағаланады.

      14. Метеорологиялық және орнитологиялық қамтамасыз етудегі ұшу қауіпсіздігінің жай-күйін талдау:

      1) ұшуды метеорологиялық қамтамасыз ету техникалық құралдарының жай-күйі (бар болуы, жиынтықтылығы), проблемалық мәселелер;

      2) ұшуды орнитологиялық қамтамасыз ету бойынша проблемалық мәселелер (құстарды үркітудің активті, пассивті, акустикалық және биоакустикалық құралдар жай-күйі, әуе кемелерінің құстармен соқтығысуы, әуеайлақ ауданында құстардың шоғырлану орындарының болуы);

      3) ауа-райы болжамындағы қателер және ұшуға басшылық жасау тобының персоналын және ұшқыш құрамды ауа-райының қауіпті құбылыстары туралы уақтылы хабардар етепеу;

      4) ұшуды метеорологиялық және орнитологиялық қамтамасыз ету жөніндегі бұзушылықтардан және олқылықтардан болған авиациялық оқыс оқиғалар;

      5) ұшқыш құрамды және ұшуға басшылық жасау топтарының персоналына басшылық жасау басшылық құрамының метеорологиялық жағдайларды ескермеуі, әуе кемелерінің экипаждарын олардың даярлық деңгейіне және ұшу тапсырмасын орындау сипатына сәйкес келмейтін метеожағдайларда ұшуға жіберу;

      6) ауа-райын радиолокациялық және әуеден барлауды қанағаттанарлықсыз ұйымдастыру, әуе кемелерінің ұшқыш экипажынан ауа-райы туралы объективті емес ақпараттар;

      7) әуеайлақтардың белгіленген минимумына сәйкес келмейтін техникалық метеоролгиялық жарақтануы;

      8) метеорологиялық және орнитологиялық тұрғыдан ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шешу тулап етілетін мәселелер.

      15. Медициналық қамтамасыз етудегі ұшу қауіпсіздігінің жай-күйін талдау:

      1) ұшқыш құрамның денсаулық жағдайы;

      2) ұшуды медициналық қамтамасыз етудегі талаптарды бұзу жағдайлары (ұшқыш құрамының және ұшуға басшылық жасау тобы персоналының ұшуалды демалу режимін бұзуы, ұшуды орындау уақытында авиациялық персонал денсаулық жағдайының нашарлауы, ұшқыш құрамының және ұшуға басшылық жасау тобының демалыс аралық мерзімдерін бұзуы, дәрігерлік-ұшқыш комиссиясы, терең медициналық қарап-тексеру мерзімдерінің өтіп кетуі);

      3) ұшуды медициналы қамтамасыз етуде жол берілген бұзушылықтардан және кемшіліктерден авиациялық оқыс оқиғалар;

      4) ұшуды медициналық қамтамасыз ету бойынша шешу тулап етілетін мәселелер.

      17. Бағдарлама іс-шараларын орындауды талдау:

      1) Бағдарлама іс-шараларын толық және сапалы орындауды бағалау;

      2) Бағдарламаны түзету қажеттілігі;

      3) анықталған қауіпті факторлар бойынша және жаңа міндеттерді ескере отырып, қандай қосымша профилактикалық іс-шаралар әзірленді.

      Авиациялық бөлім командирі ________________ бөлім нөмірі ________________ _______________________ әскери атағы Т.А.Ә. (бар болған кезде)

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2020 жылғы 6 тамызы
№ 371 бұйрығына
6-қосымша
  Мемлекеттік авиацияда
авиациялық оқиғаларды
болғызбау жөніндегі
нұсқаулыққа
5-1-қосымша

Авиациялық оқиғаларды болғызбау жөніндегі жұмыстың жай-күйін бағалау

      1. Авиациялық оқиғаларды болғызбау жөніндегі профилактикалық жұмыс мынадай көрсеткіштер бойынша бағаланады:

Көрсеткіштер

Көрсеткіштерді бағалауөлшемшарттары

"өте жақсы"

"жақсы"

"қанағаттанарлық"

"қанағаттанарлықсыз"

Авиациялық қызметті регламенттейтін басшылық құжаттар талаптарының сақталуы

Нормативтік құжаттармен айқындалған ұшуды ұйымдастырумен, жүргізумен, басқарумен және қамтамасыз етумен байланысты барлық іс-шаралар толық көлемде орындалады

Қолайлы тәуекел факторларына сәйкес келетін нормативтік актілердің талабынан шамалы ауытқулар бар

Нормативтік актілердің талаптарынан ауытқулар арасында жол берілетін тәуекел факторлары деп жіктелетіндері бар

Нормативтік актілердің талаптарынан ауытқулар арасында қолайсыз тәуекел факторлары деп жіктелетіндері бар

Авиациялық оқиғаларды болғызбау жөніндегі жұмысты жоспарлау

Авиациялық оқиғаларды болғызбау бағдарламасы әзірленген, оның мазмұны Нұсқаулыққа сәйкес келеді. Бағдарлама жүргізіледі, жоспарланған барлық іс-шара уақтылы орындалады.
Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспарлары тексерілетін кезеңінің барлық айларына әзірленген және тиісті командир бекіткен. Жоспарлар Бағдарламаға сәйкес келеді, жүргізіледі, жоспарланған барлық іс-шара уақтылы орындалды (мерзімдерін бұзбай орындалады).
Инспекциялау (тексерулер), авиациялық оқиғаларды тергеп-тексеру нәтижелері бойынша профилактикалық іс-шаралар жоспарлары уақтылы әзірленген, тексеру актісіне сәйкес келеді, тиісті командир бекіткен. Жоспарлар жүргізіледі, жоспарланған барлық іс-шара орындалған (мерзімдерін бұзбай орындалады).
Жоспарлау құжаттарының іс-шаралары лауазымды адамдарға (орындаушыларға) уақтылы жеткізілді.

Талаптар "өте жақсыға" орындалады, бұл ретте жиі болмайтын мынадай түрдегі кемшіліктер бар: жоспарлау құжаттарын уақтылы әзірлемеу (бекітпеу, жүргізбеу) немесе жоспарланған кейбір іс-шаралардың уақтылы орындалмауы немесе жоспарлау құжаттарының Нұсқаулық (тексеру актілерінің) талаптарына құрылымы және/немесе мазмұны бойынша шамалы сәйкес келмеуі немесе жоспарланған іс-шаралардың орындаушыларға уақтылы жеткізілмеуі.

Жиі сипатта болады:
жоспарлау құжаттарының уақтылы орындалмауы (бекітілмеуі, жүргізілмеуі) немесе жоспарланған іс-шаралардың уақтылы орындалмауы немесе жоспарлау құжаттарының Нұсқаулық (тексеру актілерінің) талаптарына құрылымы және/немесе мазмұны бойынша елеулі сәйкес келмеуі немесе жоспарланған іс-шаралардың орындаушыларға уақтылы жеткізілмеуі.

Авиациялық оқиғаларды болғызбау бағдарламасы әзірленбеген немесе ай сайынғы ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспарлары орындалмайды немесе Инспекциялау (тексерулер), авиациялық оқиғаларды тергеп-тексеру нәтижелері бойынша профилактикалық іс-шаралар жоспарлары әзірленбеген.

Ұшуға қауіпсіздік шараларын әзірлеу және ұшқыш құрамына жеткізу

Басшы құрам өз қызметінде ұшуды ұйымдастыруды, орындауды және қамтамасыз етуді регламенттейтін құжаттардан жалпы қауіпсіздік шараларын пайдаланады.
Бөлімде қауіпсіздіктің арнайы шаралары әзірленген және Нұсқаулықтың 95 – 98-тармақтары ескерілген.
Оқу-жаттығуларда (көрсетулерде) ұшу қауіпсіздігі бойынша мемлекеттік авиацияның басқару органы әзірлеген нұсқаулар бар.
Нақты ұшуға қауіпсіздік шаралары магнитофонға жазу арқылы жеткізіледі.

Талаптар "өте жақсыға" орындалады, бұл ретте ұшу қауіпсіздігі жай-күйіне ықпал етпейтін ескертулер бар:
жалпы қауіпсіздік шараларын қолдану бойынша немесе қауіпсіздіктің арнайы шараларын әзірлеуге немесе нақты ұшуға қауіпсіздік шараларын жеткізу кезінде объективті бақылауды ұйымдастыру бойынша

Бөлімде қауіпсіздіктің арнайы шаралары әзірленген және Нұсқаулықтың 95 – 98-тармақтары ескерілмей жасалған немесе нақты ұшуға қауіпсіздік шаралары магнитофонға жазбай жеткізіледі немесе оқу-жаттығуларда (көрсетулерде) ұшу қауіпсіздігі бойынша мемлекеттік авиацияның басқару органы әзірлеген нұсқаулар орындалатын ұшу сипатына сәйкес келмейді.

Басшы құрам өз қызметінде ұшуды ұйымдастыруды, орындауды және қамтамасыз етуді регламенттейтін құжаттардан жалпы қауіпсіздік шараларын ескермейді немесе бөлімде қауіпсіздіктің арнайы шаралары әзірленбеген немесе мемлекеттік авиацияның басқару органы оқу-жаттығуларда (көрсетулерде) ұшу қауіпсіздігі бойынша нұсқауларды әзірлемеген.

Жедел және кезеңдік ақпаратты зерделеу

Жедел ақпарат барлық ұшқыш құрамына жеке есепті жүргізумен жеткізіледі.
Жедел ақпаратты зерделеу белгіленген мерзімдерде жүргізіледі.
Жедел ақпарат жедел ақпаратты есепке алу журналына уақтылы енгізілген.
Мерзімдік ақпарат түскеннен кейін мамандарға бір апта мерзімінен кешіктірмей жеткізіледі.
Жедел (мерзімдік) ақпаратта көрсетілген кемшіліктерді болғызбау жөніндегі іс-шаралар жоспарланған және толық көлемде орындалған.

Жедел ақпарат барлық ұшқыш құрамына жеке есепті жүргізбей жеткізіледі немесе жедел ақпаратты зерделеу кезінде белгіленген мерзімдердің шамалы бұзуға жол беріледі немесе жедел ақпарат жедел ақпаратты есепке алу журналына уақтылы енгізілмейді немесе түскеннен кейін мерзімдік ақпаратты мамандарға жеткізу бір апта мерзімнен асып кетеді немесе жедел (мерзімдік) ақпаратта көрсетілген кемшіліктерді болғызбау бойынша жоспарланған іс-шаралар толық көлемде, шамалы ескертулермен орындалған.

Жедел ақпарат барлық ұшқыштар құрамына жеткізілмейді және/немесе жеке есеп жүргізілмейді немесе жедел ақпарат белгіленген мерзімдердің елеулі бұзумен зерделенеді немесе жедел ақпарат жедел ақпаратты есепке алу журналына енгізілмейді немесе мерзімдік ақпарат мамандарға жеткізілмейді немесе жедел (мерзімдік) ақпаратта көрсетілген кемшіліктерді болғызбау бойынша жоспарланған іс-шаралар толық емес көлемде және/немесе елеулі ескертулермен орындалған.

Жедел және мерзімдік ақпарат жеке құрамға жеткізілмейді немесе жедел (мерзімдік) ақпаратта көрсетілген кемшіліктерді болғызбау бойынша іс-шаралар жоспарланбаған немесе жедел (мерзімдік) ақпаратта көрсетілген кемшіліктерді болғызбау бойынша жоспарланған іс-шаралар орындалмайды.

Ұшу қауіпсіздігі бойынша конференция (тек мемлекеттік авиацияның басқару органдары үшін)

Ұшу қауіпсіздігі бойынша конференция белгіленген кезеңділікпен өткізілген.
Конференцияның жоспарлаушы, басқару және есептік құжаттары уақтылы және толық көлемде әзірленген.
Конференция нәтижелері бойынша орындалуы әлеуетті түрде ұшу қауіпсіздігі деңгейін арттыруға әкелетін пәрменді ұсынымдар қабылданған.
Конференция қорытындылары бойынша қатысушылар ұшуды басқару және қамтамасыз ету қызметтері бойынша тәжірибе алмасты.

Талаптар "өте жақсыға" орындалады, бірақ конференцияны ұйымдастыруға және өкізуге мемлекеттік авиацияның басқару органдары тарапынан елеусіз ескертулер бар

Ұшу қауіпсіздігі бойынша конференция атүсті немесе төмен ұйымдастырушылық деңгейде өткізілген немесе конференция нәтижелері бойынша орындалуы әлеуетті түрде ұшу қауіпсіздігі деңгейін арттыруға әкелетін пәрменді ұсынымдар қабылданбаған немесе конференция ұшуды басқару және қамтамасыз ету қызметтері бойынша тәжірибе алмасуға әкелмеді.

Ұшу қауіпсіздігі бойынша конференция өткізілген жоқ.

Ұшу қауіпсіздігі бойынша арнайы сабақтар

Ұшу қауіпсіздігі бойынша арнайы сабақтар жоспарланған, авиациялық оқиғаларды болғызбау бағдарламасында көрсетілген, айлық жоспарларға және сабақтар кестелеріне енгізілген, үнемі өткізіледі.
Арнайы сабақтар тақырыбы мен мазмұнында Нұсқаулықтың 138-тармағында айқындалған мақсатқа қол жеткізілген.
Арнайы сабақтар қатысты бөлігінде барлық авиациялық персоналға жеткізілген.
Арнайы сабақтар бойынша есепке алу-есеп беру материалы бар, белгіленген тәртіппен сақталады.

Талаптар "өте жақсыға" орындалады, бірақ елеусіз кемшіліктер бар:
арнайы сабақтардың тақырыбы мен мазмұнын жоспарлауда, оларды есепке алуда және материалдарын сақтауда немесе арнайы сабақтар материалдары авиациялық персоналдың 90% азына жеткізілген.

Ұшу қауіпсіздігі бойынша арнайы сабақтар жоспарланған, бірақ авиациялық оқиғаларды болғызбау бағдарламасында көрсетілмеген немесе айлық жоспарларға және сабақтар кестелеріне енгізілмеген немесе үнемі жүргізілмейді немесе арнайы сабақтар тақырыбы мен мазмұнында Нұсқаулықтың 138-тармағында айқындалған мақсатқа қол жеткізілмеген немесе арнайы сабақтар материалдары авиациялық персоналдың 60% азына жеткізілген. немесе арнайы сабақтар бойынша есепке алу-есеп беру материалдары жоқ немесе дұрыс сақталмаған.

Арнайы сабақтар жоспарланбайды және/немесе жүргізілмейді немесе авиациялық персоналды арнайы сабақтармен қамту 30% азды құрайды немесе жоспарланған арнайы сабақтардың көп бөлігінің тақырыбы мен мазмұнында ұшу қауіпсіздігін басқарумен және қамтамасыз етумен байланысты емес материалдар бар.

Апатқа ұшыраған әуе кемесінің экипажына көмек көрсету бойынша кешенді жаттығулар

Жаттығулар кезеңділігі жылына 2 реттен сиретпей ұйымдастырылған.
Кешенді жаттығудың ұйымдастырушылық-әдістемелік құжаттары толық көлемде жасалған.
Жеке құрам апатқа ұшыраған әуе кемесінің экипажына көмек көрсету бойынша қажетті дағдылар мен шеберлікті меңгерген (бекіткен).
Жеке құраммен жаттығуды талдау жүргізілген.
Есепке алу-есеп беру материалы бар, белгіленген тәртіппен сақталады.

Талаптар "өте жақсыға" орындалады, бірақ елеусіз кемшіліктер бар:
кешенді жаттығуды жоспарлауда, ұйымдастыруда, өткізу әдістемесінде немесе есепке алу-есеп беру құжаттамасының сақталуында немесе кешенді жаттығуға жетекшілерді дайындауда және/немесе олардың оқу материалын беруінде ескертулер болған. немесе кешенді жаттығуды өткізу қорытындылары бойынша жеке құрам қажетті дағдылар мен шеберлікті толық меңгермеген.

Кешенді жаттығулар ұйымдастырылған, бірақ:
кешенді жаттығудың ұйымдастырушылық- әдістемелік құжаттары толық көлемде жасалмаған немесе жеке құрам апатқа ұшыраған әуе кемесінің экипажына көмек көрсету бойынша қажетті дағдылар мен шеберлікті іс жүзінде меңгермеген (бекітпеген) немесе жаттығуды өткізу қорытындылары бойынша жеке құраммен талдау жүргізілмейді немесе есепке алу-есеп беру материалы жоқ.

Кешенді жаттығулар жылына екі реттен сиретпей жүргізіледі немесе жүргізілмейді. немесе кешенді жаттығуды ұйымдастыру және/немесе оны өткізу әдістемесі қажетті дағдылар мен шеберлікті меңгеруге (бекітуге) әкелген жоқ.

Ұшқыш құрамын ұшуда ерекше жағдайлардағы іс-қимылдарға даярлау

Ұшуда ерекше жағдайларды зерделеу бойынша теориялық сабақтар Нұсқаулықтың 178-тармағында белгіленген кезеңділікпен жоспарланған және уақтылы жүргізіледі. Сабақтарды өткізу туралы мәліметтер сынып журналдарында көрсетілген.
Авиациялық тренажерлардағы (әуе кемелерінің кабиналарындағы) практикалық сабақтар бөлімнің ұшқыш құрамын толық қамтумен ұдайы негізде ұйымдастырылған.
Бөлімде пайдаланылатын әуе кемелерінің типтеріне кешенді тренажерлар бар немесе олар болмаған кезде бөлімнің барлық ұшқыш құрамы басқа авиациялық бөлімдердегі тренажерларда (олар бар болған жағдайда) кезеңдік оқытып-үйретумен өтеді.

Ұшуда ерекше жағдайларды зерделеу бойынша теориялық сабақтар Нұсқаулықтың 178-тармағында белгіленген кезеңділікпен жоспарланған, бірақ олардың уақтылы өткізілмеуі туралы мәліметтер бар (немесе сынып журналдарында жазулар жоқ) немесе авиациялық тренажерлардағы (әуе кемелерінің кабиналарындағы) ұдайы тәжірибелік сабақтар ұйымдастырылған, бірақ оқытып-үйретумен бөлімнің кемінде 90% аз ұшқыш құрамы қамтылған. Ұшқыш құрамының ұшудағы ерекше жағдайлардағы іс-қимылдар бойынша тұрақты дағдылары бар немесе бөлімде пайдаланылатын әуе кемелерінің типтеріне кешенді тренажерлар болмаған кезде басқа авиациялық бөлімдердегі тренажерларда (олар бар болған жағдайда) кезеңдік оқытып-үйретуді бөлімнің 90% дейін аз ұшқыштар құрамы өтеді.

Ұшуда ерекше жағдайларды зерделеу бойынша теориялық сабақтар Нұсқаулықтың 178-тармағында белгіленген кезеңділікті бұзумен жоспарланған, оларды өткізбегені туралы жеке оқиғалар бар (немесе сыныптық журналдарда жазулар жоқ). немесе авиациялық тренажерларда (әуе кемелерінің кабиналарында) практикалық сабақтар ұдайы ұйымдастырылмаған немесе ұшқыш құрамында ұшуда ерекше жағдайлардағы іс-қимылдардың әлсіз дағдылары бар немесе бөлімде пайдаланылатын әуе кемелерінің типтеріне кешенді тренажерлар болған кезде басқа авиациялық бөлімдердегі тренажерларда (олар бар болған кезде) кезеңдік оқытып-үйретуді бөлімнің 60% дейін аз ұшқыш құрамы өтеді.

Ұшуда ерекше жағдайларды зерделеу бойынша теориялық сабақтар жоспарланбаған немесе статикалық тренажерларда (әуе кемелерінің кабиналарында) практикалық сабақтар ұйымдастырылмаған немесе ұшқыш құрамында ұшуда ерекше жағдайлардағы іс-қимылдардың дағдылары жоқ немесе бөлімде пайдаланылатын әуе кемелерінің типтеріне кешенді тренажерлар жоқ, бұл ретте бөлімнің ұшқыш құрамы басқа авиациялық бөлімдердегі тренажерларда (олар бар болған кезде) оқытып-үйрету үшін жіберілмейді.

      1. Ұшу қауіпсіздігін басқару бойынша қызмет тиіміділік көрсеткіші бойынша бағаланады – Э ұқбж



      Кқф – іс-шаралар толық көлемде орындалған, авиациялық бөлімдерде әзірленген қатер факторлары туралы ескертулер саны;

      Nаф – Nаф – әскери бөлімде лауазымды адамдардың себеп-факторлардың ("адами фактор") бірінші тобы бойынша анықталған авиациялық оқыс оқиғалардың саны;

      Nбо – басқару органдар (мемлекеттік авиацияның ұшу қауіпсіздігі органы) лауазымды адамдарының себеп-факторлардың ("адами фактор") бірінші тобы бойынша анықталған авиациялық оқыс оқиғалардың саны;

      Nжалпы – авиациялық бөлімде себеп-факторлардың ("адами фактор") бірінші тобы бойынша анықталған авиациялық оқыс оқиғалардың жалпы саны.

      Көрсеткіштіңалынған мәні ұшу қауіпсіздігін басқару жөніндегі қызметті бағалау кестеге сәйкес айқындалады

Э ұқбж

Ұшу қауіпсіздігін басқару жөніндегі қызметті бағалау

Авиациялық бөлімнің ҰҚБЖтиімділігінің өлшемшарттары

≥ 0,8

өте жақсы

ұшу қауіпсіздігін басқару жөніндегі қызметтің тиімділігі

0,79 ÷ 0,35

жақсы

ұшу қауіпсіздігін басқару жөніндегі қызметтің нәтижелілігі

0,34 ÷ 0

қанағаттанарлық

ұшу қауіпсіздігін басқару жөніндегі қызметтің жеткіліктілігі

-0,01 ÷ - 1

қанағаттанарлықсыз

тиімсіз (қолайлы емес) ұшу қауіпсіздігін басқару жөніндегі қызмет

      Ескертпе: авиациялық бөлімде себеп-факторлардың ("адами фактор") бірінші тобы бойынша авиациялық оқыс оқиғаларболған кездетиімділік көрсеткіші (Э ұқбж) Кқф/10 қатынасымен айқындалады.

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2020 жылғы 6 тамызы
№ 371 бұйрығына
7-қосымша
  Мемлекеттік авиацияда
авиациялық оқиғаларды
болғызбау жөніндегі
нұсқаулыққа
9-қосымша

Ұшуды инженерлік-авиациялық қамтамасыз етудегі қауіпті факторлардың әсер етуін болдырмау (оқшаулау) үшін жүргізілетін негізгі іс-шаралар тізбесі

Қауіпті факторлар

Қауіпті факторларды болдырмау үшін жүргізілетін негізгі іс-шаралар

1. Бөлімшелердің, авиациялық бөлімдер мен қамтамасыз ету бөлімдерінің инженерлік-авиациялық қызметтері ұйымдық-штаттық құрылымының шешілетін міндеттердің көлемі мен күрделілігіне сәйкес келмеуі

1. Инженерлік-авиациялық қызметтің ұйымдық-штаттық құрылымын шешілетін міндеттерге сәйкес жетілдіру.
2. Инженерлік-авиациялық қызметтің бөлімшелерін жеке құраммен жасақтау.

2. Авиациялық техниканың ақаулығын қалпына келтіру үшін басқа әуе кемелерінен алынған агрегаттарды пайдалану қажеттігіне байланысты монтаждау-бөлшектеу жұмыстары санының елеулі артуына әкеп соқтыратын қосалқы бөлшектермен, агрегаттармен қанағаттанарлықсыз қамтамасыз ету

1. Қосалқы бөлшектер мен агрегаттардың қажетті санын айқындау және жбдықтау органынан талап ету мақсатында авиациялық техниканың істен шығуы мен ақаулығына уақтылы талдау жүргізу.
2. Авиациялық техника ресурстарының шығысын және әуе кемелерінің жөндеуге кетуін шешілетін міндеттерге сәйкес жоспарлау.
3. Авиациялық мүлік қорын құру.

3. Инженерлік-техникалық құрам және ұшқыш құрамы кәсіби даярлығының жеткіліксіз деңгейі (авиациялық техниканы ұшуға дайындау жөніндегі жұмыстарды орындау кезінде).

1. Авиациялық техникада жұмыстың толық және сапалы орындалуын бақылау жүйесін ұдайы жетілдіру.
2. Авиациялық техниканың құрылымын және пайдалану қағидаларын, анағұрлым қауіпті және жиі қайталанатын құрылымдық және өндірістік кемшіліктерді және авиациялық техниканың істен шығуын болғызбау әдістерін зерделеу.
3. Пайдаланылатын авиациялық техниканың эргономикалық кемшіліктерін зерделеу және олардың жұмыс сапасына ықпал етуін жою жөніндегі шараларды іске асыру.
4. Авиация мамандарын басқа авиациялық бөлімдерде анықталған қауіпті факторлар, сондай-ақ оны пайдалануды ұйымдастырудағы кемшіліктер туралы жедел және объективті түрде хабардар ету, оларды жою жөніндегі тиімді іс-шараларды пысықтау және іске асыру

4. Инженерлік-техникалық құрамның әуе кемелерінің ұшу саны азайған жағдайда ұшуға дайындық және регламенттік жұмыс түрлерін орындауда практикалық дағдыларының болмауы.

1. Авиациялық техникада орындалатын жұмыстардың көлемі мен күрделілігінің қолда бар күштер мен құралдарға, сондай-ақ инженерлік-техникалық (ұшқыш) құрамының кәсіби даярлығы деңгейіне сәйкес келуін қамтамасыз ету.
2. Авиациялық техниканы ұшуға дайындау жөніндегі жұмыстарды орындаудағы тұрақты дағдыларды сақтау үшін дайындық түрлері бойынша кешенді тренаждар өткізу.
3. Инженерлік-техникалық (ұшқыш) құраммен авиациялық техниканы зерделеу бойынша көрсету бақылау сабақтарын, білімі мен практикалық дағдылары тексерілетін дайындық түрлерін практикада орындаумен кешенді тренаждар өткізу.
4. Инженерлік-техникалық құраммен ақаулықтарды іздеу және жою, регламенттік жұмыстар мен әскери жөндеу бойынша көрсету бақылау сабақтарын білімі мен практикалық дағдыларын тексерумен өткізу.

5. Авиациялық техникада жұмыстарды орындау технологиясын бұзу.

1. Жол берілетін қателіктердің себептерін кейіннен оларды болғызбау жөніндегі іс-шараларды пысықтаумен және іске асырумен талдау.
2. Авиациялық техникаға қызмет көрсетуге жалпы қолданыстағы жерүсті қызмет көрсетудің ақаусыз құралдарын жіберу.
3. Авиациялық техниканы пайдалану кезінде техникалық құжаттамада көзделген, ақаусыз және салыстырылып тексерілген бақылау-тексеру аппаратурасын, сервистік жабдық пен құрал-сайманды пайдалану.
4. Жұмыстарды ақаусыз таңбаланған құрал-сайманмен орындау.
5. Техникалық құжаттама талаптарында көзделген сұрыпталған шығыс және жанар-жағармай материалдарын қолдану.
6. Нәтижелерді құжаттаумен және талдаумен авиациялық техниканы ұшуға дайындаудың толықтығымен сапасын бағалау үшін объективті бақылау құралдарын пайдалану.
7. Авиациялық техниканы пайдалануды климат және маусымдық жағдайлардың ерекшеліктерін ескерумен ұйымдастыру.
8. Жеке құрамның кінәсінен авиациялық қозғалтқыштардың газ-ауа жолына бөгде заттардың (бітешіг, мұз, құрал-сайман, авиақозғалтқыштарды сынақтан өткізуге арналған алаң бетіндегі заттар, киім-кешек және т.б.) түсу жағдайларын болдырмау.
9. Әуе кемелерін қардан, мұздан, құмнан, жәндіктерден сапалы тазартпау және сыртқы ортаның басқа да қолайсыз әсер ету фактілеріне жол бермеу.
10. Реттеу жұмыстарын жүргізу кезінде реттеудің дұрыс емес нәтижелерін болдырмау.
11. Кейіннен сыртқы қабатының герметикалығын бұзумен, зақымдаумен, қозғалтқышқа түсіп кетуімен, отынның, майлар мен басқа да сұйықтықтардың ағып кетуімен ұшуда олардың жұлынып кетуіне әкеп соқтыратын шамдардың, есіктердің, қақпақтардың, люктардың, капоттардың, тығындардың жабылмауын (сапасыз жабылуын) болғызбау.
12. Әуе кемелерінің әртүрлі жүйелері құбырлары қосымша сомындарының зақымдануына, әуе кемелері жүйелері агрегаттары және құбырлары бекітпе элементтері мен қамыттарының дұрыс бекітілмеуіне жол бермеу.
13. Қызмет көрсету, агрегаттарды ауыстыру жөніндегі жұмыстарды, басқару жүйесінде, бұранда механизмдерінде пысықтауды орындау кезінде дұрыс бақылап бекітпеу немесе оның болмауы жағдайларын болдырмау.
14. Сүзгі элементтерін тексеру және жуу кезінде техникалық құжаттама талаптарын сақтау.
15. Бір орындаушының басқаға аяқталмаған жұмыстарды беру жағдайларын болдырмау, бұл жұмыс көлемінің толық орындалмауына және істен шығудың туындауына әкеп соқтыруы мүмкін.

6. Авиациялық техникада жұмыстардың орындалуын әрбір операция бойынша тиісті бақылаудың болмауы

1. Авиациялық техникадағы жұмыстардың барлық түрлері үшін бақылау операцияларының және әрбір операция бойынша бақылау карталарының тізбесін әзірлеу.
2. Авиациялық техникада жұмыстар орындау кезінде әрбір операция бойынша бақылауды жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулардың талаптарын орындау.
3. Авиация бас инженері қолданысқа енгізетін өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес техникалық құжаттаманы жаңарту.

7. Авиациялық техниканың сенімділігін артыруға бағытталған өнеркәсіп бюллетеньдерін орындамау.

1. Инженерлік-авиациялық қызметті өзекті техникалық құжаттамамен қамтамасыз ету.
2. Инженерлік-авиациялық қызметтің мамандарын бюллетеньдер бойынша жұмыстарды орындау тәртібіне оқытып-үйрету.
3. Инженерлік-авиациялық қамтамасыз ету бөлімшелерін бюллетеньдер бойынша жұмыстарды орындау үшін мүлікпен қамтамасыз ету.
4. Пайдаланушының күшімен орындалуы мүмкін емес бюллетеньдер бойынша жұмыстарды орындау үшін өнеркәсіп өкілдерін шақыру.

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2020 жылғы 6 тамызы
№ 371 бұйрығына
8-қосымша
  Мемлекеттік авиацияда
авиациялық оқиғаларды
болғызбау жөніндегі
нұсқаулыққа
10-қосымша

Ұшуды әуеайлақтық-техникалық қамтамасыз етуде қауіпті факторлардың ықпал етуін болдырмау (оқшаулау) үшін жүргізілетін негізгі іс-шаралар тізбесі

Қауіпті факторлар

Қауіпті факторларды болдырмау үшін жүргізілетін негізгі іс-шаралар

1. Әуеайлақты күтіп ұстаудағы және ұшуға дайындаудағы бұзушылықтар

1. Әуеайлақтың авиациялық аға бастығы комиссиясының (кемінде жылына 2 рет) әуеайлаққа техникалық қарап тексеруді жүргізуі.
Комиссия жұмысының нәтижесі анықталған кемшіліктер актісі мен оларды жою жоспары болып табылады.
2. Әуеайлаққа техникалық қарап тексеруді жүргізу барысында әуеайлақ маңындағы аумақта ұшу қауіпсіздігіне қауіп төндіретін объектілер мен құрылыстардың салынуын бақылау.
3. Қамтамасыз ету бөліміне (бөлімшесіне) әуеайлақ төсемесін жөндеуге және дайындауға қажетті уақыт бөлуді ескере отырып, ұшуды жоспарлау:
1) әр айда қатарынан кемінде 3 тәулік;
2) жоспарлы ұшуға дайындық кезінде кемінде 3 сағат;
3) ауысымдар арасындағы ұшуға дайындық кезінде кемінде1 сағат.
4. Ұшуға әуеайлақты қабылдау кезінде ұшулар жетекшісі қамтамасыз ету бөлімшесінің командирімен бірлесіп, ұшу-қону жолағы, шеткі және жиектегі қауіпсіздік жолақтары шегінде құрғату-су ағызу жүйесі құдықтарының мықты жабылуын тексеру.
5. Әуеайлақты тексеру аяқталғаннан кейін топырақтың (қар қабатының) мықтылығы мен тегістігін көрсете отырып, әуеайлақтың ұшуға әзірлік жай-күйін есепке алу журналы бойынша ұшулар жетекшісіне әуеайлақты тапсыру.
6. Ұшу барысында жасанды ұшу-қону жолағын қарап тексеруді ұшу ауысымында кемінде 1 рет жүргізу.
7. Әуеайлақты периметр бойынша екі қатарлы тікенекті сыммен қоршау.
8. Әуеайлақты күрделі жөндеуді және реконструкциялауды орындағаннан кейін ұшу жолағы элементтері геометриялық өлшемдерінің әуеайлақтың формуляры мен басты жоспарына сәйкес келуі.
9. Мынадай ақаулықтарды дереу жою:
1) жасанды жабындардың бетінде бөгде заттардың, көктайғақтың болуы;
2) қорғаусыз ашықарматураның өткір ұштары, өткір ұштары бар плиталардың сынықтары мен тереңдігі 30 миллиметрден (бұдан әрі – мм) астам сынықтар;
3) ұшу-қону жолағында және магистральдық басқару жолында тиісінше 25 және 30 мм астам плиталардың өзара кертпештері;
4) биіктігі 30 мм астам жіктердің үстінде жатқан резеңке-битумнан жасалған білікшелер;
5) ұшу-қону жолағының асфальт-бетонды жабынындағы тереңдігі 30 мм астам және басқару жолында 50 мм астам із жолдар, толқын тәрізді кедір-бұдыр мен ауытқулар.
10. Көктемде және ұшу алаңының топырақты бөлігін (топырақты ұшу-қону жолағының, қауіпсіздік жолақтарының) жөндеуден кейін нивелирлік түсірілім арқылы сыртқы беттің тегістігін бақылау.
11. 3 м тақтайшаны төсеп салған кезде ұшу жолағының топырақ бөлігіндегі тегіс еместікті бақылау: көлік ұшақтары үшін кемінде 15 сантиметр (бұдан әрі – см), басқа үлгідегі әуе кемелері үшін – кемінде 10 см (қар қабатының тегістігіне қойылатын талаптар ұқсас).
12. Ұзындығы кемінде 200 метр (әуе кемесінің типіне байланысты – 270 метр), ені кемінде 100 метр авариялық тежеу алаңының болуы.
13. Әуедегі кіреберіс жолақтарындағы кедергілер биіктігінің ұшу-қону жолағының шетінен учаскелердегі шекті жол берілген еңістерге сәйкес болуы: 400 метр – 0,005, 1450 метр – 0,013, 9000 метр – 0,02.
14. Ұшу-қону жолағының шетінде төсемі анағұрлым қатты 20 метр өтпелі учаскелердің, жасанды жабындардың жиектері бойынша – кемінде 0,5 метр өтпелердің болуы.
15. Ұшу жолағының шекарасында қар үйінділерінің болмауы. Қар үйіндісі кемінде 1:15 аспайтын еңіспен орындалуы тиіс.
16. Авиациялық қозғалтқыштарды уақытынан бұрын алуды ескерту үшін мемлекеттік авиацияны басқару органдары мен авиациялық бөлімдерде іс-шаралар жоспарын пысықтау, жыл сайын.

2. Авиациялық отынды қабылдауды, сақтауды және сапасын бақылауды ұйымдастырудағы кемшіліктер.

1. Әуеайлақ жанар-жағармай материалдары қоймасында авиациялық отынды (оны теміржол цистерналарынан ағызып алудан бастап және әуе кемелерінің бактарына құюға дейін) жабық түрде айдау технологиясын сақтау.
2. Шығыс резервуарларында қабылдау, ағызу және тазарту құбыржолдарының, ағызу крандары мен әуе сүзгілерінің болуы.
3. Отынды сүзгілеу схемасының белгіленген талаптарға сәйкес келуі және номиналдық жіңішкелігі 5 – 7 микрометрден аспайтын жанармайды екі рет сүзгілеуді қамтамасыз ету.
4. Жанар және жағармай материалдары қоймасының зертханасы мен бақылау пунктінің жабдықпен және бақылау материалдарымен жабдықталуының басшылық құжаттардың талаптарына сәйкес келуі.
5. Әуе кемелеріне сапалы жанармай құюды қамтамасыз ететін негізгі жұмыстарды орындау технологиялық картасының ережелерін қатаң сақтау.
6. Авиациялық майды (сұйықтықты) тек тұндырудан, сүзгілеуден және тазалығын тексергеннен кейін қолдану. Майды (сұйықтықты) бақылап талдауды шығыс сыйымдылығын әрбір толтыру кезінде жүргізу.
7. Жабдық орнатылған отын құбыржолдарын акт жасай отырып, төзімділік пен герметикалыққа сынау (тереңдетілген – жылына 1 рет, тереңдетілмеген – екі жылда 1 рет).

3. Зарядтау аккумуляторлық станциялар жұмысындағы кемшіліктер (олқылықтар).

1. Зарядтау аккумуляторлық станцияларының үй-жайларында мәжбүрлеп желдетумен (қышқыл және сілті цехтары үшін бөлек), орталықтандырылған жылытумен және су құбырымен тиісті бөлмелер санының болуы.
2. Зарядтау аккумуляторлық станциялардың бақылау-өлшеу аппаратурасымен, құрал-сайманмен, қондырғылармен, ыдыспен және басқа да мүлікпен жабдықталуының басшылық құжаттардың талаптарына сәйкес болуы.
3. Аккумуляторлық батареяларда регламенттеу жұмыстарын авиациялық бөлімде әзірленетін және қамтамасыз ету бөлімімен (бөлімшесімен) келісілетін жоспар-кестеде көзделген мерзімдерде орындау.

4. Әуе кемелеріне әуеайлақтық-техникалық қызмет көрсету құралдарын пайдалануды ұйымдастырудағы кемшіліктер.

1. Әуе кемелеріне әуеайлақтық-техникалық қызмет көрсету құралдарын пайдалану кезінде негізгі қуат қондырғысының (жүйенің, агрегаттың) әрбір 50 ± 10 және 200 (+40, – 30) сағат жұмыс атқарымы сайын регламенттік жұмыстарды жоспарлау және орындау. Регламенттік жұмыстарды базалық шассиге нөмірлік техникалық қызмет көрсетуді жүргізумен қатар орындау.
2. Тиісті техникалық қызмет көрсетуден және регламенттік жұмыстардан өтпеген, сондай-ақ басшылық құжаттарда тізбесі жарияланған басқа да кемшіліктері бар автомобиль және арнайы автомобиль техникасын пайдалануға жол бермеу.

5. Әуеайлақта автокөлік, ұшуды жерүсті қамтамасыз ету құралдарының және жолаушылар қозғалысын ұйымдастырудағы бұзушылықтар.

1. Белгіленген маршруттар және таңбасы (межелеу) бар бағыттар бойынша әуеайлақта машиналардың қозғалысы әуеайлақтың ұшу алаңы бойынша жеке құрамның және автомобиль техникасының қозғалу маршруттарының схемасына сәйкес.
2. Машина жүргізушілерінің мынадай қағидаларды сақтауы:
1) ұшу-қону жолағына, басқару жолына шығу үшін рұқсат алып, жүргізуші ұшу-қону жолағына, басқару жолына дейін 50 метр жетпей тоқтайды, әуе кемесінің жоқ екеніне көз жеткізеді және тек содан кейін қозғалысты жалғастырады;
2) басқару жолы бойынша қозғалған кезде жүргізуші қарсы жүріп келе жатқан әуе кемесіне дейін кемінде 100 метр қалғанда оның жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін басқару жолын босатады, жиекке шығады және тоқтайды.
3. Әуе кемесіне қызмет көрсету үшін келген машиналар жүргізушілерінің әуе кемесі технигінің барлық командалары мен өкімдерін орындайды. Машинаның әуе кемесіне 10 метрден жақын келуіне әуе кемесі технигінің рұқсатынсыз жол берілмейді.
4. Әуе кемесін сүйреп тарту кезінде жүргізуші сүйреп тартуды басқаратын адамға бағынады. Сүйреп тарту әуе кемесінің сынуын болдырмау үшін жылдамдықты 20 км/сағ. асырмай қалыпты (жұлқусыз, күрт бұрылусыз) жүргізіледі. Түнгі уақытта сүйреп тарту кезінде және әуе кемесінде нашар көріну кезінде аэронавигациялық шамдар, ал тартқышта – жақын жарық фаралар қосылады.

6. Әуеайлақты және әуе қозғалысын басқару объектілерін электрмен жабдықтаудағы бұзушылықтар (олқылықтар).

1. Әуеайлақтарды электрмен жабдықтау кемінде екі байланыссыз түрде өзара резервтегі электр энергиясымен қоректендіру көздерінен.
2. Әуе қозғалысын басқару, радионавигация, қондыру және байланыс объектілерін электрмен жабдықтау кепілді электр энергиясымен қоректендіру қалқандарынан.
3. Жылыту аспаптарын, сондай-ақ әуеайлақтың кез келген басқа да объектілерін әуе қозғалысын басқару, радионавигация, қондыру және байланыс объектілерін кепілді қоректендіру қалқанына қосуға тыйым салу.

7. Әуе кемелері ұшуларының қауіпсіздігіне қауіп төндіретін объектілердің әуеайлақ маңындағы аумақта орналасуы және салынуы.

1. Мекемелердің, кәсіпорындар мен ұйымдардың әуе кемелері ұшуларының қауіпсіздігіне қауіп төндіретін объектілерді әуеайлақ маңындағы аумақта орналастыру жөніндегі қызметіне бақылауды жүзеге асыру.

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2020 жылғы 6 тамызы
№ 371 бұйрығына
9-қосымша
  Мемлекеттік авиацияда
авиациялық оқиғаларды
болғызбау жөніндегі
нұсқаулыққа
11-қосымша

Ұшуды радиотехникалық қамтамасыз етуде қауіпті факторлардың ықпал етуін болдырмау (оқшаулау) үшін жүргізілетін негізгі іс-шаралар тізбесі

Қауіпті факторлар

Қауіпті факторларды болдырмау үшін
жүргізілетін негізгі іс-шаралар

1. Радиолокациялық станциялар, радиолокациялық қону жүйелері операторларының, автоматты радиопеленгаторлардың әуе кемелерінің экипаждарына және ұшуға басшылық жасау тобына деректерді берудегі қателіктері.

1. Жеке құрамның кәсіби даярлық деңгейін, функционалдық міндеттерін орындау қабілетін талдау.
2. Тренаждарды қолдана отырып, радиолокациялық станциялар мен пеленгаторлардың есептоптарын әуе кемелерінің экипаждарына және ұшуға басшылық жасау тобының адамдарына ақпаратты дұрыс беру жөніндегі іс-қимылдарға тиімді оқытып-үйрету процесін қалыпты емес жағдайлардағы іс-қимылдарға назар аудара отырып ұйымдастыру.
3. Операторлардың әуе кемелерінің координаталарын айқындаудағы, биіктік, пеленг мағыналарын танып оқу және т.б. білімі мен дағдыларын жүйелі түрде (жылына екі реттен сиретпей) тексеруді қамтамасыз ету.
4. Оператор лауазымына кәсіби тұрғыдан даярланған және психологиялық тұрақты, дикциясы мен ден қоюы жақсы әскери қызметшілерді іріктеу.

2. Авиацияны басқару пункттерінің жұмыс орындарына радиолокациялық ақпарат беруді қатарынан үш және одан көп антенна айналымы ішінде тоқтату. Соңғы бағыттау кезеңінде радиолокациялық ақпарат беруді тоқтату.

1. Радиолокациялық станцияларға техникалық қызмет көрсетуді, радиолокациялық станциялардың көпфункционалды жүйелерінің анағұрлым жиі қайталанатын істен шығуларын талдауды және ескертуді ұйымдастыру.
2. Қолда бар радиолокация құралдарын кешенді қолдану, авиацияны басқару пункттерінің жұмыс орындарына радиолокациялық ақпаратты үздіксіз беруді қамтамасыз ету үшін радиолокациялық станциялар резервін құру.
3. Радиолокациялық станциялар есептоптарының радиолокациялық ақпарат беруде қолда бар резервтерін жедел пайдалануы жөніндегі жүйелі жаттықтыруларын жүргізу.

3. Радиолокациялық станциялар, радиолокациялық қону жүйелері операторларының, автоматты радиопеленгаторлардың "Зілзала" сигналын өткізіп алуы немесе оны беруді екі минуттан аса кешіктіруі.

1. Операторлардың "Зілзала" сигналын алу, ұшуға басшылық жасау тобына оларды уақтылы беру іс-қимылдарына жаттықтырулар өткізу.
2. Сигналдарды қабылдау аппаратурасының жұмыс істеу қабілетін, оның ішінде байланыс және радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарын ұшу алдында ұшып тексеру барысында және ұшуды қамтамасыз ету процесінде кезеңдік бақылау.

4. Ұшуда сыналмаған байланыс және радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарын ұшуды қамтамасыз ету үшін пайдалану.

1.Ұшуларды қамтамасыз етуге ұшуда сыналмаған байланыс және радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарын бөлу оқиғаларын болдырмау.
2.Ұшуларды байланыс және радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарын ұшу алдындағы аралап ұшу әдістемесін орындау.

5. Жеке құрамның әуе кемелерінің ұшқыш экипаждарына және ұшуға басшылық жасау тобының адамдарына ақпаратты беруді тоқтатуға (немесе оның бұрмалануына) әкеп соқтыратын байланыс және радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарын іске қосу жөніндегі сауатсыз әрекеттері.

1.Жеке құрамды байланыс және радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарының негізгі жұмыс істеу қағидаттарына, олардың құрылысы мен техникалық мүмкіндіктеріне оқытып-үйретуді, сол білімдерін ұдайы бақылауды ұйымдастыру.
2.Жеке құрамның байланыс және радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарын қабылдау-тарату құрылғыларының резервтегі жиынтықтарына ауыстырып қосу жөніндегі іс-қимылдарға жаттығуының жоғары деңгейіне қол жеткізу.
3.Кезекші ауысым жеке құрамының жоғары жауапкершілігін, орындаушылығы мен тәртіптілігін, өз қызметтік борышы мен жұмыс орнындағы функционалдық міндеттерін нақты орындаудың маңыздылығы жөніндегі түсінігін тәрбиелеу.

6. Байланыс және радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарының электрқоректендіру жүйесіндегі істен шығулары, автономдық көздерді уақтылы іске қоспау.

1. Негізгі және резервтегі электрмен қоректендіру көздерінің жұмыс істеу қабілетіне жүйелі тексеру жүргізу.
2. Автономды автоматтандырылған электрмен қоректендіру көздерін пайдалану.
3. Кезекші ауысымның жеке құрамымен тұтынушыларды сыртқы электрмен қоректендіру көздерінен автономдыға ауыстырып қосу жөнінде тренаждар өткізу, жеке құрамның жаттықтырылу деңгейін ұдайы бақылау.

7.Байланыс және радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарының ұшу уақытында істен шығулары

1. Байланыс және радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарының жай-күйін объективті түрде бақылау, белгіленген шарттарды және оның пайдалану мерзімдерін сақтау;
2. Байланыс және радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарында жөндеу және регламенттік жұмыстардың барлық түрлерін уақтылы жүргізу;
3. Байланыс және радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарын ұшуды қамтамасыз етуге дайындау жөніндегі жұмыстардың тізбесін және көлемін белгілеу;
4. Жеке құрамның, негізгі және қосымша байланыс және радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарының ұшуды қамтамасыз етуге әзірлігін жүйелі түрде тексеру.