"Қазақстан Республикасында мемлекеттік авиациядағы авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 145 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 4 тамыздағы № 369 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 7 тамызда № 21068 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасында мемлекеттік авиациядағы авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 145 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10821 болып тіркелген, 2015 жылғы 8 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      Қазақстан Республикасында мемлекеттік авиациядағы авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғалардытергеп-тексеру бұйрығына осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының ұшу қауіпсіздігін қадағалау департаментінің бастығы:

      1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі
Н. Ермекбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық қауіпсіздік комитетінің

      Төрағасы

      __________________________

      2020 жылғы "___" __________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрі

      __________________________

      2020 жылғы "___" __________

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2020 жылғы 4 тамызы
№ 369 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2015 жылғы 18 наурыздағы
№ 145 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасында мемлекеттік авиациядағы авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру қағидалары

1-бөлім. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасында мемлекеттік авиациядағы авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының мемлекеттік авиациясындағы авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру тәртібін айқындайды.

      2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) авариялық жағдай – экипаждың және ұшуға басшылық жасайтын топ (әуе қозғалысын басқару (қызмет көрсету) органы) персоналының мүмкіндігі мен біліктілігі, сондай-ақ авиациялық техниканың қолдану қабілетінің резерві анағұрлым ықтимал болып табылатын авиациялық оқиғаны және әуе кемесінің жойылуын немесе зақымдануын болғызбау үшін жеткіліксіз болуы мүмкін ерекше жағдай;

      2) авиациялық жағдай – барысында ұшу қауіпсіздігіне қатер төнген, әуе кемесі зақымданған немесе жойылған және/немесе осы әуе кемесінде болған адамдар қаза тапқан әуе кемесін ұшуда пайдалануға байланысты жағдай;

      3) авиациялық оқыс оқиға – әуе кемесінің тұтастығына және/немесе оның бортындағы адамдардың өміріне қатер тудыруы мүмкін немесе қатер тудырған, бірақ авиациялық оқиғамен аяқталмаған авиациялық әуе кемесін ұшуда пайдалануға байланысты оқиға;

      4) авиациялық персонал – арнайы және/немесе кәсіптік даярлығы бар, әуе кемелерінің ұшуын, әуе тасымалдауларын және авиациялық жұмыстарды орындау және қамтамасыз ету, әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету, әуе қозғалысын ұйымдастыру мен қызмет көрсету, әуе қозғалысын басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар;

      5) авиациялық оқиға – әуе кемесінің бортындағы адамдардың қаза табуына (өлімге әкелген дене жарақатына) және/немесе осы әуе кемесінің жойылып кетуіне әкелген әуе кемесін ұшуда пайдалануға байланысты авиациялық жағдай. Әуе кемесі, егер:

      әуе кемесі толық бүлінгенде;

      әуе кемесінің тұрған орны (оның сынықтары) анықталмағанда және оны ресми түрде іздестіру тоқтатылғанда;

      әуе кемесін алған зақымдарына қарамастан, оны мәжбүрлі қону орнынан эвакуациялау мүмкін болмағанда немесе орынсыз болғанда;

      әуе кемесін қалпына келтіру мүмкін болмағанда немесе экономика тұрғысынан орынсыз болғанда жойылып кетті деп саналады;

      6) авиациялық оқиғаны тергеп-тексеру нәтижелері жөніндегі ұсынымдар – авиациялық оқиғаны тергеп-тексеру кезінде алынған ақпарат негізінде пысықталған және оны болғызбауға бағытталған ұсыныстар;

      7) авария – адам шығындары болмаған авиациялық оқиға;

      8) авиациялық бөлім – мемлекеттік авиация әуе кемелерінің ұшуын ұйымдастыру мен орындауды, оларды пайдалануды және сақтауды жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік мекеме;

      9) апат – адам шығындары болған авиациялық оқиға;

      10) апатты жағдай – экипаждың (борттағы адамдардың) қаза табуын және/немесе әуе кемесінің жойылуын болғызбау мүмкін емес ерекше жағдай;

      11) авиациялық оқиғаның немесе оқыс оқиғаның себептері (факторлары) – авиациялық оқиғаға немесе авиациялық оқыс оқиғаға әкелген әрекет ету, әрекетсіздік, мән-жайлар, жағдайлар немесе олардың жиынтығы;

      12) әуе кемесі – жер (су) бетінен шағылысқан ауамен әрекеттесуді болғызбай, ауамен өзара әрекеттесу есебінен атмосферада қалықтайтын аппарат;

      13) жасаушы мемлекет – әуе кемесін түпкілікті жасап шығаруға жауапты ұйымға қатысты заңды құзыреті бар мемлекет;

      14) әуе кемесі тіркелген мемлекет – тізілімдеріне әуе кемесі тіркелген мемлекет;

      15) әуе кемесін ұшуда пайдалану – экипаждың әуе кемесін ұшуалды қарап-тексеруді жүргізуінен бастап және ұшу мақсатында бортта болған барлық адамдардың әуе кемесінен кеткен сәтке (ұшқышсыз ұшатын аппаратты таңдаған сәтке) дейінгі кезеңді қамтитын әуе кемесін пайдалану процесі;

      16) әуе кемесін зақымдаумен болған елеулі авиациялық оқыс оқиға – зақымданған әуе кемесін қалпына келтіру мүмкін және экономикалық тұрғыдан орынды болатын авиациялық оқыс оқиға;

      17) ерекше жағдай – қауіпті факторлардың пайда болуы (ықпал етуі) нәтижесінде әуе кемесін пайдалану процесінде туындаған жағдай;

      18) төтенше оқиға – әуе кемесін пайдалануға байланысты авиациялық оқиғаға қатысты емес мынадай салдардың бірі туындаған оқиға:

      жауынгерлік ұшу кезінде, террористік акт, әуе кемесін ұшырып әкету немесе ұшырып әкетуге әрекеттену нәтижесінде әуе кемесінің жойылуы немесе бортында болған адамдардың қаза табуы;

      әуеайлақтан тыс мәжбүрлі қонғаннан кейін сыртқы ортаның қолайсыз әсер етуі нәтижесінде әуе кемесінің бортында болған адамдардың қаза табуы;

      басқа әуе кемесімен болған авиациялық оқиға нәтижесінде әуе кемесінің жойылуы немесе жерде (кеме палубасында) болған адамдардың қаза табуы;

      төтенше жағдай аймақтарында арнайы міндеттерді орындау кезінде әуе кемесінің жойылуы немесе онда болған адамдардың қаза табуы;

      19) елеулі авиациялық оқыс оқиға – авиациялық оқиғаның ықтималдығы елеулі артуын сипаттайтын жағдайдың туындауына байланысты оны болғызбау үшін экипаждың және/немесе әуе қозғалысын басқару органдарының әуе кемесінің қалыпты ұшуы жағдайында қолданылмайтын әуе қозғалысына қызмет көрсету, күрделі және/немесе шұғыл әрекет етуді орындау талап етілетін авиациялық оқыс оқиға;

      20) жасаушы мемлекет – әуе кемесі түрінің конструкциясына жауапты ұйымға қатысты заңды құзыреті бар мемлекет;

      21) жағдай орын алған мемлекет – аумағында авиациялық оқиға немесе оқыс оқиға болған мемлекет;

      22) жерүсті оқиға – авиациялық оқиғаға жатпайтын, әуе кемесін зақымдау немесе жойылуы болған оған қызмет көрсетуге, сақтауға немесе тасымалдауға байланысты жағдай;

      23) тергеп-тексерушілердің кезекші тобы – авиациялық жағдайды тергеп-тексеру және ол тағайындалғанға дейін тергеп-тексеру жөніндегі комиссия (бұдан әрі – комиссия) өкілеттігін жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралардың жүргізуін анықтайтын мемлекеттік авиациясының ұшу қауіпсіздігі органының мамандары тобы. Комиссияны тағайындау кезінде тергептергеп-тексерушілердің кезекші тобының мамандары оның құрамына енгізіледі;

      24) қауіпті фактор – ерекше жағдайдың туындауына және/немесе өрбуіне әкелген (әкелетін немесе әкелуі мүмкін) әлеуетті себеп (фактор);

      25) қауіпті жақын келу – нәтижесінде олардың қақтығысуы қатері туындайтын әуе кемелері өз арасында немесе басқа да материалдық объектілерге жартысынан аз аралыққа абайсызда және ұшу тапсырмасында көзделмеген жақындасу;

      26) күрделі жағдай – экипаждың және ұшуға басшылық жасайтын топ (әуе қозғалысын басқару (қызмет көрсету) органы) персоналының мүмкіндігі мен біліктілігі, сондай-ақ авиациялық техниканың қолданылу резерві авиациялық оқиғаны болғызбау үшін жеткілікті ерекше жағдай;

      27) күрделенген жағдай – ұшу экипаждың ерекше және шұғыл әрекет етуінсіз аяқталуы ықтимал ерекше жағдай;

      28) қамтамасыз ету бөлімдері – авиациялық-техникалық базалар, авиациялық комендатуралар, әуе қозғалысын басқару орталықтары, байланыс және радиотехникалық қамтамасыз ету бөлімдері, материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімдері;

      29) қосымша факторлар – оларды жою, болғызбау немесе болмауыболжамды авиациялық оқиғаның немесе оқыс оқиғаның ықтималдығын төмендететін немесе осы авиациялық оқиғаның немесе оқыс оқиғаның ауыр салдарын азайтатын әрекет ету, әрекетсіздік, мән-жайлар, жағдайлар немесе олардың жиынтығы;

      30) мемлекеттік авиацияның ұшуы қауіпсіздігі органы – Қазақстан Республикасының мемлекеттік авиациясындағы ұшу қауіпсіздігі мәселелері бойынша мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің құрылымдық бөлімшесі;

      31) мемлекеттік авиацияны басқару органдары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының басқармасы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бас қолбасшылығы, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Авиациялық қызметі;

      32) мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі;

      33) өлімге әкелген дене зақымы – нәтижесінде авиациялық оқиға болған сәттен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде өлімге әкелген дене зақымы;

      34) уәкілетті өкіл кеңесшісі – авиациялық оқиғаларды тергеп-тексеруде тәжірибесі бар және авиациялық оқиғаға тергеп-тексеру жүргізуде уәкілетті өкілге көмек көрсететін адам;

      35) уәкілетті өкіл – уәкілетті орган тағайындаған басқа мемлекет жүргізетін тергеп-тексеруге қатысу үшін тиісті біліктілігі бар болуына байланысты мемлекеттік авиация саласындағы адам;

      36) ұшу қауіпсіздігі – адамдардың өміріне немесе денсаулығына залал келтіру немесе мүлікке зиян келтіру қатері қалыпты деңгейге дейін төмендетілген және қатер көздерін анықтаудың және қатер факторларын бақылаудың үздіксіз процесі арқылы сол деңгейде не анағұрлым төмен деңгейде ұсталатын ұшуды қауіпсіз жасауды қамтамасыз ететін шаралар кешені;

      37) ұшу қауіпсіздігі органы – мемлекеттік авиацияның басқару органы, авиациялық бөлім құрамындағы құрылымдық бөлімше;

      38) ұшқыш құрамының қате әрекет етуі (қателігі) – ниетсіз әуе кемесін басқару жөніндегі дұрыс немесе уақтылы әрекет етпеуі, әрекетсіздігі. Ұшқыш құрамының қате әрекеттерін нұсқаушылар құрамы, ұшуға басшылық жасау тобының персоналы және объективті бақылау материалдарының деректері бойынша айқындалады;

      39) ұшу тапсырмасы – авиация тегінің жауынгерлік даярлық (ұшу, ұшу-жаттығу) курсымен айқындалған немесе ұшқышқа (ҰҰА операторына) командир (бастық) берген әуе кемесінің ұшып шығуынан бастап қонуына дейінгі ұшуға тапсырма.

      3. Авиациялық оқиғаларды немесе оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру процесі қауіпті факторларды анықтауды, ақпарат жинау мен талдауды, қажетті зерттеулер жүргізуді, авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғалар себептерін анықтауды, есеп беру материалдарын және қорытындыларды дайындауды, авиациялық оқиғалар мен инциденттерді болдырмау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеуді, белгілі себептер бойынша авиациялық инциденттердің қайталануын болдырмауды қамтиды.

      4. Ұшқышсыз ұшатын аппараттармен (бұдан әрі – ҰҰА) болған авиациялық жағдайлар кезінде әскери басқару органының (әуе кемесінің тиесілігі бойынша) ҰҰА пайдалануда тиісті даярлығы және тәжірибесі бар мамандары Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғыларына сәйкес қызметтік тергеп-тексеру жүргізеді.

      5. Әуе кемесімен жерүсті оқиға болған жағдайда мемлекеттік авиацияның басқару органы оны тергеп-тексеру және әуе кемесін қалпына келтіру тәртібін айқындау жөнінде комиссия тағайындайды. Тергеп-тексеру актісінің Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бір данасы мемлекеттік авиацияның ұшу қауіпсіздігі органына ұсынылады.

      6. Авиациялық оқиғаларды немесе оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру мақсаты жағдайдың және (немесе) қосымша факторлардың себептерін анықтау, авиациялық оқиғаларды болғызбау және ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ұсынымдарды пысықтау болып табылады.

      7. Авиациялық оқиғаны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексеру мақсаты біреудің кінәлілігін және жауапкершілігін анықтау болып табылмайды.

      8. Авиациялық жағдайға тергеп-тексеру жүргізу кезінде комиссия мүшелерінің және сарапшылардың қызметіне комиссия құрамына кірмейтін лауазымды адамдар тарапынан араласуға жол берілмейді.

2-бөлім. Авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру тәртібі

1-тарау. Авиациялық оқиғалар

1-параграф. Авиациялық оқиға туралы хабардар ету

      9. Авиациялық оқиға болған жағдайда, сондай-ақ экипажбен радиобайланыс жоғалған және радиолокациялық станциялар индикаторларының экрандарында әуе кемесінен белгілер жоғалған кезде әуе кемесінің ұшуына басшылық жасауды (әуе қозғалысын басқаруды) жүзеге асыратын ұшу жетекшісі (әуе қозғалысын басқару органы кезекші ауысымының аға кезекшісі) ол туралы авиация бөлімінің командиріне (әуе қозғалысына қызмет көрсету аймағындағы аға авиациялық бастыққа) және жоғары тұрған басқару органының жедел кезекшісіне дереу баяндайды.

      Мемлекеттік авиация басқару органының жедел кезекшісі авиациялық оқиға туралы мемлекеттік авиация басқару органының басшысын (әуе кемесінің тиесілігі бойынша), Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы Орталық командалық пунктінің жедел кезекшісін және мемлекеттік авиацияның ұшу қауіпсіздігі органын хабардар етеді.

      Ұшып өтуді орындайтын әуе кемесімен болған авиациялық оқиға туралы ақпарат авиациялық бөлім командиріне (осы әуе кемесінің тиесілігі бойынша) жеткізіледі.

      Болған авиациялық оқиға туралы алғашқы ақпарат осы қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша авиациялық жағдайлар туралы хабарлауды есепке алу журналына тіркеледі.

      10. Авиациялық бөлім командирі (әуе кемесінің тиесілігі бойынша) авиациялық оқиға туралы мемлекеттік авиация басқару органының басшысына (әскери-әуе күштерінің қолбасшысына) және мемлекеттік авиацияның ұшу қауіпсіздігі органының басшысына дереу ауызша баяндайды.

      11. Ауызша баяндауда:

      1) авиациялық оқиға (апат немесе авария) болған күн, уақыты (Нұр-Сұлтан), авиациялық оқиға ауданы;

      2) әуе кемесінің экипажы, бортында жолаушылардың болуы, салдары (зиян шекпеген, жараланған, қаза тапқан) туралы ақпарат;

      3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 қарашадағы № 1296 қаулысымен бекітілген (бұдан әрі – № 1296 қаулы) Қазақстан Республикасының аумағында ұшуды іздестіру-құтқаруды қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі қағидаларға сәйкес іздестіру-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру туралы ақпарат;

      4) белгілі мән-жайлар (ұшу тапсырмасы, метеожағдай, ұшып шығу әуеайлағы, әуе кемесінің түрі, борттық нөмірі және тиесілігі);

      5) әуе кемесінің бортында қауіпті жүктің немесе оқ-дәрілердің болуы;

      6) іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуге қосымша көмек көрсету жөнінде ұсыныстар көрсетіледі.

      Көрсетілген қандай да бір мәліметтің болмауы баяндауды кешіктіруге негіздеме болып табылмайды.

      12. Мемлекеттік авиация басқару органының басшысы авиациялық оқиға туралы ақпаратты нақтыланғаннан кейін мемлекеттік органның басшысына (әуе кемесінің тиесілігі бойынша) және мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган басшысына ауызша баяндайды, онда қысқаша мән-жайлар, салдары мен қабылданатын шаралар көрсетіледі.

      13. Авиациялық бөлім командирі (әуе кемесінің тиесілігі бойынша) авиациялық оқиға туралы жедел ақпаратты жазбаша баяндау нысанында авиациялық оқиға болған сәттен бастап екі сағат ішінде мемлекеттік авиация басқару органының басшысына және мемлекеттік авиацияның ұшу қауіпсіздігі органының басшысына ұсынады.

      14. Жедел ақпаратта:

      1) авиациялық оқиға болған күн, уақыты (Нұр-Сұлтан), жіктемесі;

      2) авиациялық оқиға болған аудан (радиобайланыс жоғалған және радиолокациялық станция индекаторының экранында әуе кемесінен белгінің жоғалған нүкте координаталары, әуе кемесі құлаған орын координаталары);

      3) әуе кемесінің экипажы, ұшу тапсырмасы, метеожағдай, ұшып шығу әуеайлағы, әуе кемесінің түрі, борттық, зауыттық нөмірі және тиесілігі туралы деректер;

      4) әуекемесінің бортында болған жолаушылар туралы деректер;

      5) әуекемесінің бортында қауіптіжүктің немесе оқ-дәрілердің болуы және олардың сипаттамалары туралы деректер;

      6) экипаж мүшелері, әуе кемесінің жолаушылары және қоршаған орта үшін авиациялық оқиғаның салдары туралы ақпарат;

      7) № 1296 қаулыға сәйкес жүргізіліп жатқан іздестіру-құтқару жұмыстары туралы деректер;

      8) авиациялық оқиға фактісі бойынша алғашқы іс-шараларды ұйымдастыру туралы деректер;

      9) баяндауды беру сәтінде белгілі болған авиациялық оқиға жөніндегі басқа да нақты мәліметтер көрсетіледі.

      15. Әуе кеңістігін пайдаланатын мемлекеттік органдарды авиациялық оқиға туралы хабардар етуді мемлекеттік авиацияның ұшу қауіпсіздігі органы жүзеге асырады.

      16. Бағынысты авиациялық бөлімдерді, қамтамасыз ету бөлімдерін авиациялық оқиға туралы хабардар ету мемлекеттік авиация басқару органының тиісті басшысына жүктеледі.

      17. Әскери бөлім командирі бір тәулік ішінде авиациялық оқиға туралы аумағында авиациялық оқиға болған жергілікті атқарушы органды (әкімдікті) және экология департаментін хабардар етеді.

2-параграф. Авиациялық оқиғаларды тергеп-тексеруді ұйымдастыру

      18. Тергеп-тексерушілер кезекші тобының іс-шараларды орындауы және мемлекеттік авиацияның әуе кемелерімен болған авиациялық оқиғаларды тергеп-тексеру жүргізуді ұйымдастыруды мемлекеттік авиация ұшу қауіпсіздігі органының басшысына жүктеледі.

      19. Авиациялық оқиғаны тергеп-тексеру үшін мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган басшысы авиациялық комиссия тағайындайды. Мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органның құрылымдық бөлімшелері комиссияны құру туралы бұйрық жобасын жедел келісуді қамтамасыз етеді.

      Комиссия төрағадан, төрағаның орынбасарынан және комиссия мүшелерінен тұрады. Тиісті даярлығы және авиациялық оқиғаларды тергеп-тексеруге қатысқан тәжірибесі бар мемлекеттік авиация ұшу қауіпсіздігі органының ұшқыш құрамы қатарынан лауазымды адам авиациялық оқиғаны тергеп-тексеру жөніндегі комиссия төрағасы болып тағайындалады.

      20. Комиссия мүшелері авиациялық персонал қатарынан тағайындалады. Комиссия құрамын мемлекеттік авиация ұшу қауіпсіздігі органының басшысы құрады.

      21. Комиссияның жұмыс органдары:

      1) комиссия құрамына кіретін және мемлекеттік авиация ұшу қауіпсіздігі органдарының жеке құрамы қатарынан комиссия мүшелері басшылық жасайтын ұшқыш, инженерлік-техникалық және әкімшілік-штабтық кіші комиссиялар;

      2) кіші комиссиялар құрамына кірмейтін есептік-талдау, жұмыс, зерттеу, сараптама және басқа да топтар болып табылады.

      Топтардың жұмысын комиссия мүшелері болып табылмайтын мамандар басқаруы мүмкін.

      Жұмыс органдарын құру және оның құрамы туралы шешімді Комиссия төрағасы қабылдайды. Жұмыс органдарын құру және құрамы туралы шешімді комиссия төрағасы қабылдайды.

      Кіші комиссиялардың негізгі міндеттері осы қағидаларға 2-қосымшада айқындалған.

      22. Комиссия авиациялық оқиғаларға тергеп-тексеруді құқық қорғау органдарынан тәуелсіз жүргізеді.

      23. Авиациялық оқиғаны және инцидентті тергеп-тексеру бойынша комиссияның өкілеттігі:

      1) авиациялық жағдай орнын, авиациялық оқиғаға немесе инцидентке қатысты объектілерді және сынықтарды қарап-тексеруді жүргізу;

      2) олардың ұйымдық-құқықтық нысандарына және меншік нысанына қарамастан, ғылымның және техниканың тиісті салаларындағы білімді талап ететін міндеттерді шешу үшін ұйымдардың сарапшыларын, қызметкерлерін тарту;

      3) авиациялық жағдайға қатысы бар немесе қатысы болуы мүмкін авиациялық оқиғаны көрген куәгерлерден және адамдардан сұрау, құқық қорғау органдарынан қажетті ақпаратты алу;

      4) авиациялық оқиғаның немесе инциденттің және/немесе жанама факторларының себептерін анықтау үшін қажетті эксперименттік, сараптама, талдау, зертханалық және басқа да зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу;

      5) ғылыми-зерттеу, конструкторлық, жөндеу және өнеркәсіптік ұйымдарына (бұдан әрі – ғылыми-зерттеу ұйымдары) жіберуге жататын объектілерді айқындау;

      6) авиациялық оқиғаға немесе инцидентке ұшыраған әуе кемесін әзірлеуге, сынақтан өткізуге, жасауға, пайдалануға және жөндеуге, авиациялық персонал қатарынан адамдарды даярлауға, әуе қозғалысын ұйымдастыруға, әуе кемесінің ұшуларын орындауға және қамтамасыз етуге қатысты барлық мәселелерді зерделеу;

      7) авиациялық жағдайға ұшыраған әуе кемесін, оның құрамдас бөлшектерін, осы мүліктің тиесілігіне қарамастан, оның бортындағы мүлікті, сондай-ақ осы әуе кемесінің ұшуын қамтамасыз ететін құралдар мен объектілерді тексеру;

      8) осы авиациялық жағдайға байланысты мәселелер бойынша тиісті мемлекеттік органдардан, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардан мәліметтер мен деректерді сұрату және алу;

      9) авиациялық жағдай болған әуе кемесі экипажы мүшелерінің, сондай-ақ авиациялық персонал қатарынан тиісті адамдардың психикалық-физиологиялық жай-күйіне зерттеу жүргізу;

      10) авиациялық оқиғаларды және белгілі себептер бойынша авиациялық инциденттердің қайталануын болдырмау мақсатында ұсынымдарды пысықтау;

      11) авиациялық жағдай болған авиациялық бөлімінің авиациялық персоналын Комиссияның жұмыс органдарының құрамында жұмысқа тарту;

      12) объективтік бақылау материалдарын өңдеу орны туралы шешім қабылдау.

      24. Комиссияның құрамында және оның жұмыс органдарында жұмыс істеу үшін тиісті мемлекеттік органдардың және мемлекеттік авиация басқару органдарының басшыларымен келісу бойынша мемлекеттік органдардың өкілдері, мемлекеттік авиацияның авиациялық персоналы тартылады. Комиссия құрамында және оның жұмыс органдарында жұмыс істеу үшін кандидаттар туралы ақпарат одан сұрау салу алынғаннан кейін бір тәулік ішінде мемлекеттік авиацияның ұшу қауіпсіздігі органына беріледі.

      25. Авиациялық оқиғаны тергеп-тексеруге қатысуға мүдделі мемлекеттердің уәкілетті өкілдері тартылады.

      Мүдделі мемлекеттер:

      1) жағдай болған мемлекет;

      2) әуе кемесі тіркелген мемлекет;

      3) әуе кемесін (қозғалтқышты, жабдықты) жасаушы мемлекет;

      4) әуе кемесін (қозғалтқышты, жабдықты) жасаушы мемлекет;

      5) әуе кемесіне (қозғалтқышқа, жабдыққа) жөндеуді жүзеге асырған мемлекет;

      6) авиациялық оқиға кезінде азаматтары қаза тапқан немесе дене зақымдарын алған мемлекет болып табылады.

      26. Мүдделі мемлекеттер авиациялық оқиғаны тергеп-тексеруге қатысу үшін өзінің уәкілетті өкілін тағайындайды.

      Уәкілетті өкілдер авиациялық оқиғаны тергеп-тексеруге қатысу үшін мамандарды (кеңесшілерді, сарапшыларды) тартады.

      27. Авиациялық оқиғаны тергеп-тексеруге тергеп-тексеру жүргізіліп отырған ұшуды ұйымдастыруға, орындауға, қамтамасыз етуге немесе қызмет көрсетуге қатысы жоқ адамдар қатысады.

      Комиссия мүшелері мен оның жұмыс органдарының мүшелері авиациялық оқиғаға қатысы бар заңды немесе жеке тұлғалар алдында қаржылық міндеттемелері бар сақтандыру компанияларының мүдделерін білдіре алмайды.

      28. Әуе кемесін авиациялық оқиға орнынан эвакуациялау мақсаттылығы туралы шешімді комиссия төрағасымен келісу бойынша мемлекеттік органның (әуе кемесінің тиесілігі бойынша) басшысы қабылдайды.

      29. Ұшуда пайдалану процесінде зақымданған әуе кемесін қалпына келтіру мақсаттылығы туралы шешімді мемлекеттік органның басшысы (әуе кемесінің тиесілігі бойынша) қабылдайды.

      30. Іздестіруге қабылданған шаралар нәтижесіз болған жағдайларда авиациялық оқиғаға ұшыраған әуе кемесін іздестіруді тоқтату туралы шешімді комиссия төрағасы мемлекеттік органның басшысымен (әуе кемесінің тиесілігі бойынша) және іздестіру-құтқару командасының басшысымен келісу бойынша қабылдайды.

      Авиациялық оқиғаға ұшыраған әуе кемесін іздестіруді тоқтату туралы шешім одан әрі іздестіру қолда бар іздестіру-құтқару күштерімен және құралдарымен әуе кемесін табуда және тірі қалған адамдарды құтқаруда нәтиже бермейді деп пайымдауға жеткілікті негіздемелер болғанда қабылданады.

      Іздестіру ресми түрде тоқтатылған әуе кемесі, егер әуе кемесінің орны немесе оның сынықтары табылмаса хабарсыз жоғалған деп саналады. Оны іздестіру іздестіру-құтқару жұмыстары тоқтатылған сәттен бастап өткен уақытқа қарамастан, оның орны туралы қандай да болсын жаңа мәліметтер алынған кезде дереу жандандырылады.

      31. Комиссия мүшелері мен тергеп-тексеруге тартылатын адамдарды авиациялық оқиға болған орынға жеткізуді және орналасқан орынға кері қайтаруды мемлекеттік авиация басқару органының (авиациялық оқиғаға ұшыраған әуе кемесінің тиесілігі бойынша) басшысы ұйымдастырады.

      32. Комиссия мүшелері мен тергеп-тексеруге тартылатын адамдар мемлекеттік авиацияның әуе кемесін пайдаланған кезде тергеп-тексеруді жүргізуге бұйрық көшірмесін және іссапар куәліктерін ұсынуы бойынша әуе кемесі жолаушыларының тізіміне енгізіледі.

      33. Авиациялық оқиғаны тергеп-тексеруге байланысты барлық жұмыстарды авиациялық оқиғаға ұшыраған әуе кемесі пайдалануында тұрған мемлекеттік авиация органы және авиациялық бөлім қамтамасыз етеді.

      Авиациялық бөлім тергеп-тексеруге қатысушыларды оқиға орнында жұмыс істеу үшін арнайы киіммен және аяқ киіммен, жеке қорғану құралдарымен, көлік құралдарымен және байланыс құралдарымен, қажетті құрал-саймандармен және шығын материалдарымен қамтамасыз етеді, оларға жұмыс істеу үшін қажетті жағдайлар жасайды, тергеп-тексеру материалдарын сақтауды, көбейтуді және таратуды ұйымдастырады, демалуға орналасуын және тамақтандыруды қамтамасыз етеді.

      Авиациялық оқиғаны тергеп-тексеруді жүргізу үшін авиациялық бөлім ұсынатын мүлік, керек-жарақ пен техникалық құралдар тізбесі осы қағидаларға 4-қосымшада айқындалған.

      34. Авиациялық оқиғаны тергеп-тексеру ұзақтығы, егер қосымша зерттеулер талап етілмесе, комиссия тағайындалған сәттен бастап авиациялық оқиғаны тергеп-тексеру актісін бекіткен күнге дейін алпыс тәуліктен аспайды.

      Егер авиациялық техникаға зерттеулер және сынақтар жүргізу тергеп-тексеру үшін белгіленген мерзімдерде мүмкін болмаса, мемлекеттік авиация ұшу қауіпсіздігі органдарының басшысы уәкілетті органға баяндай отырып, тергеп-тексеру мерзімдерін ұзартады.

      35. Егер Қазақстан Республикасының мемлекеттік әуе кемесімен авиациялық оқиға басқа мемлекет аумағында болған жағдайда мемлекеттік органның басшысы (авиациялық оқиғаға ұшыраған әуе кемесінің тиесілігі бойынша) тергеп-тексеруге қатысу үшін уәкілетті өкілдерді тағайындайды.

      36. Қазақстан Республикасының мемлекеттік әуе кемелерімен басқа мемлекет аумағында болған авиациялық оқиғаларды тергеп-тексеру осы мемлекеттердің нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын ескере отырып жүргізіледі. Егер осы мемлекеттер арасында авиациялық жағдайларды тергеп-тексеру тәртібін регламенттейтін қағидалар, тиісті шарттар немесе келісімдер бар болса, онда көрсетілген қағидалар, шарттар немесе келісімдер қолданылады.

      37. Мемлекеттік орган басшысының (әуе кемесінің тиесілігі бойынша) кез келген мемлекетке немесе ұйымға (мекемеге) авиациялық оқиғаны тергеп-тексеруге көмек көрсету және жәрдем көрсету өтінішімен жүгінуіне жол беріледі.

      38. Егер аумағында авиациялық оқиға болған мемлекет осы оқиғаны тергеп-тексеру құқығын Қазақстан Республикасына берсе, онда осындай тергеп-тексеру қатысушы тиісті мемлекет болып табылатын шарттар мен келісімдерді және жағдай болған мемлекеттің ұлттық заңнамасын ескере отырып, осы қағидаларға сәйкес жүргізіледі.

      39. Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының әуе кемесімен басқа мемлекет аумағында болған авиациялық оқиғаны тергеп-тексеру барысында туындайтын мәселелерді Авиациялық оқиғаны тергеп-тексеру жөніндегі комиссия төрағасы арқылы уәкілетті өкілдер шешеді.

      Шетел ғылыми-зерттеу ұйымдарында арнайы зерттеулерді жүргізу қажет болған кезде уәкілетті өкілдер мемлекеттік органның басшысына (әуе кемесінің тиістілігі бойынша) баяндайды және ол туралы мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органды хабардар етеді.

      40. Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының әуе кемесімен басқа мемлекет аумағында болған авиациялық оқиғаны тергеп-тексеру нәтижелері бойынша уәкілетті өкіл мемлекеттік органның басшысына (әуе кемесінің тиістілігі бойынша) және мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган басшысына жазбаша баяндаманы ұсынады.

      41. Авиациялық оқиғаны тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін оқиға және оның тергеп-тексеру нәтижелері туралы ресми ақпарат мемлекеттік органның басшысы (әуе кемесінің тиістілігі бойынша) немесе оның тапсырмасы бойынша басқа адам авиациялық оқиға фактісі бойынша тергеуді жүзеге асыратын құқық қорғау органымен келісу бойынша жұртшылыққа, заңды тұлғалар мен азаматтарға жеткізеді.

3-параграф. Авиациялық оқиға кезіндегі лауазымды адамдардың әрекет ету тәртібі

      42. Авиациялық оқиға болған сәттен бастап және комиссия (тергеп-тексерушілердің кезекші тобы) келгенге дейін жауапкершілік аймағында авиациялық оқиға болған аға авиациялық бастық, ал ол келгенге дейін әуе кемесі экипажының мүшелері алғашқы іс-шараларды жүргізеді.

      43. Апатқа ұшыраған әуе кемесі экипажының мүшелері комиссия келгенге дейін әуе кемесінің, оның қосалқа бөлшектері мен сынықтарының, борттық объективті бақылау құралдарының, осы әуе кемесінің бортында болған заттардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдайды.

      44. Авиациялық оқиға, әуеайлақтан тыс жерге мәжбүрлі қонған жағдайда әуе кемесінің экипажы әуе кемесін ұшуда пайдалану жөніндегі, жолаушыларды эвакуациялау және өрт сөндіру жөніндегі басшылықта көзделген әрекет етуді орындайды. Әуе кемесінде жанудың болмауына көзі жеткеннен кейін жауапкершілік аймағында авиациялық оқиға болған аға авиациялық бастық келгенше әуе кемесінің экипажы:

      1) әуе кемесін жедел толық токсыздандырады (егер бұл эвакуация жүргізуге кедергі болмаса) және борттық өздігінен жазатын құралдардың сөндірілгеніне көз жеткізеді;

      2) әуе кемесінің кабинасындағы басқару пульттерінің және борттық өздігінен жазатын құралдарға тиіспеуді қамтамасыз етеді;

      3) әуе кемесінің бортындағы заттарға тиіспеуді қамтамасыз етеді, отынды, майды және басқа да сұйықтарды ағызып тастауға тыйым салады;

      4) есіктерді, люктерді, капоттарды жабады және мүмкіндігінше пломбалайды;

      5) әуе кемесін және оқиға орнын күзетуді ұйымдастырады;

      6) болған жағдай туралы жақын әскери бөлімге немесе жергілікті атқарушы органдарға шұғыл хабарлау бойынша шараларды қабылдайды.

      45. Комиссия төрағасының рұқсатынсыз авиациялық оқиға болған жерде өрт сөндіру, жараланғандар мен қаза тапқандарды эвакуациялау, сондай-ақ жойылуы мүмкін іздерді (мұз қатуы, күйе қабаттары, әуе кемесі қозғалысының топырақтағы іздері және тағы сол сияқты) тіркеу жөніндегі жұмыстарды қоспағанда, қандай да бір жұмыстарды жүргізуге жол берілмейді.

      46. Жауапкершілік аймағында авиациялық оқиға болған аға авиациялық бастық авиациялық оқиға болған жерге келгенде мынадай алғашқы іс-шараларды жүргізеді:

      1) іздестіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырады;

      2) әуе кемесінің жолаушылары мен экипажы мүшелерін құтқару, өрт сөндіру (сақтандыру), заттай айғақтарды сақтау жөніндегі қосымша шараларды қабылдау қажеттілігін айқындайды;

      3) авиациялық оқиға болған орынды күзетуді ұйымдастырады, оған бөгде адамдардың келуін шектейді, әуе кемесіне, оның ішіндегі заттарына немесе оның сынықтарына (сынықтар астынан зардап шеккендерді алып шығу қажет болған жағдайларды қоспағанда) тиіспеуді қамтамасыз етеді. Комиссия келгенге дейін әуе кемесінің немесе оның сынықтарының орнын ауыстыруға, егер олар көлік құралдарының қауіпсіз қозғалысына немесе әуе кемелерінің қонуына кедергі жасаған жағдайларда рұқсат етіледі. Бұл жағдайларда әуе кемесінің немесе оның сынықтарының жай-күйі мен орны ауыстырылғанға дейін жерден бағдаршы тәсілімен және егжей-тегжей фото және бейне, ал қажет болған кезде әуеден түсірумен белгілейді. Оқиға болған жерді тергеп-тексеру актісі жасалады, онда әуе кемесінің және оның сынықтарының қалпы мен жалпы жай-күйі, жерге (жерүсті кедергілеріне) соғылу бұрышы көрсетіледі. Әуе кемесінің кабинасындағы құралдардың көрсеткіштерін, ауыстырып-қосқыштар мен басқару тұтқаларының қалпы фотоға түсіріледі немесе бейне түсіру көмегімен тіркеледі, кабинаны тергеп-тексеру актісі жасалады;

      4) әуе кемесінің экипажын, әуе қозғалысын басқару және ұшуды қамтамасыз етуге, әуе кемесінің ұшуға дайындауға тікелей қатысқан жерүсті қызмет персоналдарын өз міндеттерін атқарудан шеттету жөнінде шаралар қабылдайды. Аталған адамдар өз міндеттерін атқаруға комиссия төрағасының шешімімен жіберіледі;

      5) қажет болған кезде сынықтарды бөлшектеу мен зақымдауды болдырмай, әуе кемесінің негізгі бөлшектеріне қатысты олардың орналасуын алдын ала фотоға түсіргеннен кейін және схемасын жасағаннан кейін қаза тапқандардың денесін эвакуациялау туралы нұсқау береді;

      6) борттық объективті бақылау құралдарын, авиациялық оқиға орнында болған құжаттарды сақтау жөнінде шаралар қабылдайды, авиациялық оқиға болған орынға шектес жергілікті жердегі әуе кемесінің сынықтарын іздестіруді ұйымдастырады және олар табылған орындарда сақталуын қамтамасыз етеді. Егер борттық объективті бақылау құралдары агрессивті сұйықтықтарда немесе өрт ошағында болса, оларды дереу алып шығу, ақпаратты сақтауға шаралар қабылдау, осы қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұшу ақпаратын жинақтағыштарды алу және олардың сыртқы жай-күйі туралы акті жасау қажет. Басқа жағдайларда борттық объективті бақылау құралдарын комиссия келгенге дейін алуға жол берілмейді;

      7) әуе кемесінде радиоактивті элементтердің изотоптары бар агрегаттар мен оқ-дәрілер болған кезде авиациялық оқиға болған жерде радиация деңгейін тексеруді, осы агрегаттарды, сондай-ақ тиісті мамандарды тарта отырып, бар оқ-дәрілерді алуды ұйымдастырады;

      8) жалпы мақсаттағы объективті бақылау материалдарын (ұшуды басқару пункттеріндегі магнитофондардың дыбыс тасымалдағыш кассеталарын, авиациялық оқиға болған сәтте әуе кемесі солардың іс-қимылы аймағында болған радиолокациялық станциялар индикаторларының экрандарындағы бейне жазбасын тіркейтін фотокассеталарды, бейнекассеталарды) алуды және оларды мөрлеуді ұйымдастырады;

      9) әуе кемесін ұшуға дайындау кезінде пайдаланылған керек-жарақты, отынның бақылау сынамаларын, ұшуды жерүсті қамтамасыз ету құралдарын мөрлеуді ұйымдастырады, май құюды тоқтату туралы және авиациялық оқиғаға ұшыраған әуе кемесіне май құю жүзеге асырылған ыдыстарды (отын құйғыштарды) мөрлеу туралы нұсқау береді;

      10) авиациялық оқиғамен аяқталған әуе кемесінің ұшуына қатысы бар ұшу, техникалық және басқа да құжаттаманы (ұшудың жоспарлы кестелерін, метеорологиялық құжаттаманы, экипаж мүшелерінің ұшу және медициналық кітапшаларын, ұшуға басшылық жасауды (оны басқаруды) жүзеге асыратын әуе қозғалысын басқару органының құжаттамасын, әуе кемесін дайындау формулярлары мен журналын, жанармайға, майға, арнайы сұйықтықтар мен газға арналған құжаттарды, борттық объективті бақылау құралдарымен тіркелетін параметрлердің соңғы көрсеткіш материалдарын, аппараттық журналдарды) алуды және сақтауды ұйымдастырады;

      11) әуеайлақтағы, ұшу маршруты бойынша және авиациялық оқиға болған жердегі метеорологиялық жағдайды тіркеу (бақылап өлшеу) жөнінде шаралар қабылдайды;

      12) авиациялық оқиға болған әуе кемесі экипажының мүшелеріне, ұшуға басшылық жасауды және оған әуе кемесін тікелей дайындауды жүзеге асырған адамдарға медициналық қарап-тексеру жүргізуді, олардың әрекеттеріне жазбаша түсініктемелер алуды ұйымдастырады;

      13) оқиға сәтіне жақын кезеңде авиациялық оқиға ауданында ұшуды орындаған әуе кемелерін анықтауды ұйымдастырады және осы әуе кемелерінің борттық объективті бақылау құралдарындағы ақпаратты сақтау жөнінде шара қабылдайды;

      14) авиациялық оқиғаны көрген адамдарды анықтайды және кейін комиссияға ұсыну үшін олардан түсініктемелер алады;

      15) авиациялық оқиға болар алдында әуе кемесін ұшуға дайындау және оны орындау туралы ақпараттың және тиісті құжаттардың сақталуы мақсатында авиациялық оқиға туралы әуе кемесі ұшып шыққан әуеайлақтың аға авиациялық бастығына хабарлайды;

      16) комиссия жұмысын қамтамасыз ету тобын құрады.

      Алғашқы іс-шаралар нәтижесінде алынған барлық материалдар комиссия келісімен оларға тапсырылады.

      47. Жерүсті және борттық магнитофондарды ашуға және тыңдауға, борттық өздігінен жазу құралдарының кодын және шифрын ашуға, сондай-ақ ұшуға және оны қамтамасыз етуге қатысты құжаттамаға қандай да бір толықтырулар, өзгерістер немесе түзетулер енгізуге жол берілмейді. Жерүсті және борттық объективті бақылау құралдарымен жұмыс жасау тек комиссия төрағасының нұсқауы бойынша жүргізіледі.

      48. Жерүсті объективті бақылау құралдарының материалдары комиссия келгенге дейін тек iздестiру және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында пайдаланылуы жіберіледі. Аға авиациялық бастық ақпаратты сақтау жөнінде барлық шараларды қабылдайды және жерүсті объективті бақылау құралдарын алу және олардың сыртқы жай-күйі туралы актіні жасайды.

      49. Авиациялық оқиғаға ұшыраған әуе кемесін пайдалануды, жөндеуді және техникалық қызмет көрсетуді орындаған ұйымдардың басшылары авиациялық оқиға туралы ақпаратты алғаннан кейін тиісінше осы әуе кемесін сынақтан өткізуге, жөндеуге және пайдалануға және оның ұшуын қамтамасыз етуге қатысты құжаттаманың сақталуын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды.

4-параграф. Авиациялық оқиғаны тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның жұмыс істеу тәртібі

      50. Комиссияның (тергеп-тексерушілер кезекші тобының) жиналуы және авиациялық оқиға болған жерге кетуі тапсырма алынғаннан кейін төрт сағаттан кешіктірілмей жүргізіледі.

      Авиациялық оқиғаға тергеп-тексеру жүргізу кезіндегі комиссия қажетті мүлкінің, керек-жарағы мен техникалық құралдарының тізбесі осы қағидаларға 6-қосымшада айқындалған.

      51. Комиссия төрағасының авиациялық оқиғаға байланысты мәселелер бойынша нұсқаулары авиациялық оқиғаны тергеп-тексеруге және комиссия жұмысын қамтамасыз етуге байланысты барлық лауазымды адамдардың орындауы үшін мүлтіксіз болып табылады.

      52. Комиссия төрағасы тергеп-тексерудің барлық кезеңдерінде комиссияның жұмысын ұйымдастырады, жүргізеді және бақылайды, барлық тергеп-тексеруге қатысушылардың әрект етуін үйлестіреді. Тергеп-тексерудің негізгі ұйымдық және әдістемелік мәселелері жөніндегі шешімдерді комиссия қабылдайды, бұл ретте комиссия төрағасының соңғы шешімді қабылдау құқығы бар.

      53. Комиссия отырыстары талқыланатын мәселелер, қабылданған шешімдер, төрағаның нұсқаулары сипатталатын хаттамалармен ресімделеді. Талқыланатын мәселелер бойынша келіспеушіліктер болған кезде хаттамада тараптардың ұстанымдары сипатталады. Хаттамаларға кіші комиссиялардың төрағалары қол қояды және оны комиссия төрағасы бекітеді.

      Қажет болған кезде комиссия отырысының үнтаспалық ақпаратты құжаттау құралдарына жазу жүргізіледі, ол туралы хаттамаға тиісті жазба жасалады.

      54. Комиссияның жұмысы жоспарға сәйкес жүзеге асырылады, оның жобасы төраға оны бекітілгенге дейін комиссия отырысында қаралады және талқыланады. Жоспарда комиссия қызметінің негізгі бағыттары, жұмысты орындау жүйелілігі, зерттеулер, сондай-ақ олардың аяқталу мерзімдері көрсетілген жұмысты жүргізу үшін жауаптылар көзделеді.

      Комиссия жұмыс жоспарының іс-шаралары кіші комиссиялардың және жұмыс топтарының жоспарларында нақтыланады. Комиссияның және кіші комиссиялардың жұмыс жоспары тергеп-тексеру барысында алынған нақты деректерге байланысты түзетіледі және толықтырылады.

      55. Базасында тергеп-тексеру бойынша жұмыс жүргізіліп жатқан әскери бөлім командирі комиссия жұмысын қамтамасыз ету үшін өз бұйрығымен материалдық-техникалық қамтамасыз ету тобын тағайындайды, оларға:

      1) комиссияны және тергеп-тексеру жұмыстарына тартылатын мамандарды материалдық-техникалық және медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастыру;

      2) жергілікті атқарушы органдармен және ұйымдармен комиссияның жұмысын қамтамасыз ету бойынша барлық мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасау;

      3) тергеп-тексеру мақсатында оқиға болған жерден әуе кемесін және оның қосалқы бөлшектерін эвакуациялауды, сондай-ақ комиссия тапсырмасы бойынша авариялық техниканы (қосалқы бөлшектерін) зерттеу үшін тиісті ұйымдарға жіберуді ұйымдастыружүктеледі.

      56. Кіші комиссиялар жұмысының нәтижелері есеп берулер нысанында ресімделеді, олар комиссия отырысында қаралғаннан кейін авиациялық оқиғаны тергеп-тексеру ісіне тіркеледі.

      57. Комиссия эксперименттік, сараптама, талдау, зертханалық және басқа да зерттеулер жүргізуді ұйымдастырады, сараптамалар мен зерттеулер жүргізу үшін объектілерді айқындайды.

      58. Тергеп-тексеруге тартылатын мамандар олардың мамандығына байланысты жұмыс топтарының құрамына енгізіледі немесе жеке мәселелер бойынша сарапшылар ретінде пайдаланылады.

      59. Сарапшы (маман) комиссия (кіші комиссия) төрағасынан жауап талап етілетін сұрақтар тізбесі бар жазбаша нысанда техникалық тапсырма алады.

      Жұмыс нәтижелері сарапшы (маман) қол қоятын қорытынды түрінде ресімделеді, ол авиациялық оқиғаны тергеп-тексеру ісіне тіркеледі.

      60. Авиациялық оқиғаны тергеп-тексеру барысында мемлекеттік орган басшысының (авиациялық оқиғаға ұшыраған әуе кемесінің тиесілігі бойынша) рұқсатымен және авиациялық оқиға фактісі бойынша тергеуді жүзеге асыратын органмен келісу бойынша тек осы авиациялық оқиға туралы нақты деректерді жария етілуі мүмкін.

      61. Авиациялық оқиғаның мән-жайы туралы ақпаратты осы оқиғаны тергеп-тексеруге қатысушылар комиссия төрағасына береді. Комиссия төрағасының келісімімен олар ақпаратты ұшу қауіпсіздігін арттыруға бағытталған шараларды қабылдау үшін қолдануы мүмкін. Тергеп-тексеру процесіне залал келтірмеу үшін көрсетілген ақпарат бөгде адамдарға берілмейді және талқыланбайды.

5-параграф. Авиациялық оқиғаны тергеп-тексеру кезінде зерттеулер жүргізу

      62. Арнайы зерттеулер жүргізу қажеттілігін комиссия айқындайды.

      63. Авариялық авиациялық техниканы зерттеу жұмыс істеу үшін арнайы дайындалған орында, егер ондай мүмкіндік бар болса, ұқсас әуе кемесінде жүргізіледі.

      64. Авиациялық оқиға орнында авариялық авиациялық техниканы зерттеу мүдделі мемлекеттердің өкілдерімен бірге жүргізіледі. Көрсетілген өкілдер авиациялық оқиға туралы хабардар етілген сәттен бастап бес тәулік ішінде келмеген жағдайда зерттеу олардың қатысуынсыз жүргізіледі.

      65. Егер тергеп-тексеру үшін қызығушылық тудыратын әуе кемелері мен оның агрегаттары басқа мемлекетте жасалған болса және сол мемлекетте зерттеу жүргізу қажеттілігі туындаған жағдайда осындай зерттеуді жүргізу туралы шешімді тиісті мемлекеттің авиациялық оқиғаны тергеп-тексеру саласындағы уәкілетті органымен келісу бойынша комиссия қабылдайды.

      66. Авиациялық оқиғаны тергеп-тексеруге байланысты зерттеуді комиссия айқындайтын ғылыми-зерттеу институты жүргізеді.

      67. Авиациялық техника объектілерін ғылыми-зерттеу, оның ішінде шетел мемлекетінің ұйымдарында зерттеу комиссия өкілетті өкілдерінің қатысуымен орындалады.

      68. Зерттеу жүргізу үшін негіздеме комиссияның техникалық тапсырмасы болып табылады, онда зерттеу жүргізу мақсаты, авиациялық оқиға мән-жайының қысқаша мазмұны, әуе кемесі және зерттеу объектісі, оларды жөндеу және техникалық қызмет көрсету туралы деректер көрсетіледі.

      69. Зерттелуге жататын объектілер зерттеу туралы шешім қабылданған сәттен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірілмей ғылыми-зерттеу ұйымының мекенжайына жіберіледі.

      70. Объективті бақылау құралдарының мәнін ашу Комиссияның өкілетті өкілдерінің қатысуымен әуе кемесін жасаушы мемлекетте немесе әзірлеуші мемлекетте жүргізілуі жіберіледі. Мәнін ашу жөніндегі жұмыстар тиісті мемлекеттің авиациялық оқиғаларды тексеру саласындағы уәкілетті органымен келісу бойынша жүзеге асырылады.

      71. Зерттеу нәтижелері бойынша ерікті нысанда есеп беру жасалады, оған зерттеуге қатысушылар қол қояды, оны ғылыми-зерттеу ұйымының басшысы бекітеді және комиссияға жолданады. Есеп беру тергеп-тексеру материалдарының ажырамас бөлігі болып табылады.

      72. Комиссияның техникалық тапсырмасын қамтитын барлық зерттеу материалдары, зерттеу жүргізу бағдарламасы, арнайы әзірленген әдістемелер және барлық жұмыс материалдары (сынау, өлшеу, зертханалық талдау хаттамалары және тағы сол сияқты) ғылыми-зерттеу ұйымы есеп беруінің данасына тіркеледі.

      73. Ғылыми-зерттеу ұйымы зерттеуден өткен авиациялық техника объектілерін және борттық өздігінен жазғыш құралдардың ұшу ақпаратын сақтағышын зерттеу жүргізу аяқталғаннан кейін комиссияға береді.

6-параграф. Авиациялық оқиғаны тергеп-тексеру нәтижелері бойынша құжаттарды ресімдеу тәртібі

      74. Комиссия жұмысының нәтижелері бойынша қорытынды құжат осы қағидаларға 7-қосымшасына сәйкес нысан бойынша авиациялық оқиғаны тергеп-тексеру актісі (бұдан әрі – тергеп-тексеру актісі) болып табылады, ол кіші комиссиялар мен жұмыс топтарының есеп беруінде мазмұндалған материал мен қорытынды, зерттеу мен сараптама нәтижелері негізінде, сондай-ақ комиссияның қарауындағы басқа да материалдарды ескере отырып жасалады. Тергеп-тексеру актісі төрт данада жасалады және оған комиссия мүшелері қол қояды.

      75. Авиациялық оқиғаны тергеп-тексеру актісі басқа да тергеп-тексеру материалымен бірге осы қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік авиацияның әуе кемелерімен болған авиациялық оқиғаларды тергеп-тексеру ісіне ресімделеді.

      Авиациялық оқиғаны тергеп-тексеру актісінің мазмұнымен немесе қорытындыларымен келіспейтін комиссия мүшесі 24 сағат ішінде негіздемесі және нақты ұсыныстары бар ерекше пікірін жазбаша түрде комиссия төрағасына ұсынады.

      Комиссия төрағасы ерекше пікірді қарау үшін арнайы топ құрады, ол бойынша дәлелді қорытындыны дайындайды. Егер комиссия ерекше пікірді ескермесе, оны ұсынған комиссия мүшесі "ерекше пікірмен" деген белгі қойып, тергеп-тексеру актісіне қол қояды. Ерекше пікір ол бойынша дәлелді қорытындымен бірге тергеп-тексеру актісіне тіркеледі.

      Кіші комиссиялар мен жұмыс топтарының есептерін жасау және оларға қол қою кезінде ұқсас тәртіп сақталады.

      76. Тергеп-тексеру актісін бекіту алдында авиациялық оқиғаны тергеп-тексеру ісі мемлекеттік органның басшысына (авиациялық оқиғаға ұшыраған әуе кемесінің тиесілігі бойынша) танысу үшін ұсынылады. Авиациялық оқиғаны тергеп-тексеру материалдарын және себептері туралы комиссияның қорытындыларын зерделегеннен кейін мемлекеттік органның басшысы (әуе кемесінің тиесілігі бойынша) тергеп-тексеру материалдарын алғаннан бастап бес жұмыс күні ішінде авиациялық оқиғаны тергеп-тексеру ісін комиссия төрағасына береді.

      77. Авиациялық оқиғаның себептері туралы комиссияның қорытындыларымен келіспеген жағдайда мемлекеттік органның басшысы (әуе кемесінің тиесілігі бойынша) авиациялық оқиғаны тергеп-тексеру ісін алған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган басшысының мекенжайына тергеп-тексеру нәтижелерін қайта қарау туралы ұсынысты жолдайды, онда:

      1) комиссия қарамаған проблемалар;

      2) осы проблемаларды қарау қажеттілігінің негіздемесі;

      3) қосымша зерттеу мен сараптама жүргізу жөніндегі ұсыныстар;

      4) осы мәселелерді қарау үшін сараптама тобының құрамы туралы ұсыныстар көрсетіледі.

      78. Егер тергеп-тексеру нәтижелеріне ықпал еткен осы қағидаларды бұзу фактілері анықталған жағдайда немесе егер комиссия тұжырымдары мен қорытындыларын қате деп санауға негіздеме болса, мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органның басшысы тергеп-тексеру нәтижелерін қарау туралы ұсыныс негізінде комиссияның авиациялық оқиғаның себептері туралы қорытындыларын қайта қарау туралы шешім қабылдайды.

      79. Авиациялық оқиғаның себептері туралы қорытындыны қайта қарау үшін мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органның басшысы сараптау тобын тағайындау туралы бұйрық шығарады, ол жаңа мән-жайлар мен фактілерді ескере отырып, қосымша зерттеу жүргізеді және авиациялық оқиғаны тергеп-тексеру ісіне тіркелетін сараптама қорытындысын дайындайды.

      80. Мемлекеттік органның басшысы (авиациялық оқиғаға ұшыраған әуе кемесінің тиесілігі бойынша) тергеп-тексеру материалдарымен танысқаннан кейін комиссия төрағасы мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органның басшысына авиациялық оқиғаны тергеп-тексеру актісін қоса бере отырып, оның нәтижелері туралы баяндаманы ұсынады. Баяндамада авиациялық оқиғаның мән-жайлары, оның себептері, тергеп-тексеру барысында анықталған кемшіліктер, сондай-ақ комиссияның осындай авиациялық оқиғаларды болғызбау жөніндегі ұсынымдары көрсетіледі.

      Егер сараптау тобы қосымша зерттеу жүргізген жағдайда комиссия төрағасы сараптама қорытындысын ескере отырып, комиссияның авиациялық оқиғалар себептері туралы бұрынғы қорытындыларын өзгерту негіздемесімен Авиациялық оқиғаның себептері туралы түпкілікті қорытынды жасайды.

      81. Авиациялық оқиғаны тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін мемлекеттік авиацияның ұшу қауіпсіздігі мамандары авиациялық бөлімдерде талдау жүргізеді, онда авиациялық оқиғаның мән-жайлары мен болған себептері, тергеп-тексеру нәтижесі бойынша анықталған қауіпті факторлар мен кемшіліктер, сондай-ақ осындай авиациялық оқиғаларды болғызбау жөніндегі ұсынымдар туралы ақпаратты жеткізеді.

      82. Авиациялық оқиғаны тергеп-тексеру ісі төрт данада жасалады және тергеп-тексеру актісі бекітілгеннен кейін он жұмыс күні ішінде тергеп-тексеру актісінің:

      бірінші данасы – мемлекеттік авиация ұшуының қауіпсіздігі органына;

      екінші данасы – мемлекеттік авиацияның басқару органына (әуе кемесінің тиесілігі бойынша);

      үшінші данасы – авиация бөліміне (әуе кемесінің тиесілігі бойынша);

      төртіншісі – әскери прокуратура органына жолданады.

      83. Авиациялық оқиғаны тергеп-тексеру ісінің мемлекеттік авиация қауіпсіздігі органындағы данасы ұдайы сақтаудағы құжат болып табылады, қалған даналардың сақталу мерзімі – он жыл.

2-тарау. Авиациялық оқыс оқиғалар

1-параграф. Авиациялық оқыс оқиғалар туралы хабар беру

      84. Авиациялық бөлімдерде (қамтамасыз ету бөлімдерінде) басшы лауазымды адамдарды авиациялық оқыс оқиға туралы хабардар ету осы Жаднаманы ескере отырып әзірленетін Авиациялық оқиға немесе оқыс оқиға кезінде лауазымды адамдар әрекет етуінің тәртібі жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.

      85. Хабардар ету жоғары тұрған командалық пунктке (әуе кемесінің тиесілігі бойынша) жедел кезекшілер желісі бойынша ауызша жүзеге асырылады, онда олар авиациялық жағдайлар туралы хабардар етуді есепке алу журналдарында, сондай-ақ мемлекеттік авиацияның ұшу қауіпсіздігі органында есепке алынады:

      авиациялық оқыс оқиға туралы – ұшу аяқталғаннан кейін бір сағат ішінде;

      елеулі авиациялық оқыс оқиғалар туралы – дереу.

      86. Барлық елеулі авиациялық оқыс оқиғалар туралы авиациялық бөлім командирі мемлекеттік авиация басқару органының (әуе кемесінің тиесілігі бойынша) және мемлекеттік авиация ұшу қауіпсіздігі органының басшысына дереу ауызша баяндайды.

      87. Авиациялық бөлім командирі мемлекеттік авиация басқару органының (әуе кемесінің тиесілігі бойынша) және мемлекеттік авиация ұшу қауіпсіздігі органының басшысына жазбаша баяндама нысанында жедел ақпаратты: ұшу (ұшып өту) аяқталғаннан кейін бір сағат ішінде авиациялық оқыс оқиға туралы, елеулі авиациялық оқыс оқиға болған сәттен бастап екі сағат ішінде елеулі авиациялық оқыс оқиға туралы баяндайды.

      88. Жедел ақпаратта:

      1) авиациялық оқыс оқиғаның қауіпті дәрежесі мен салдары бойынша жіктемесі;

      2) күні, тәулік уақыты және метеорологиялық жағдай;

      3) авиациялық бөлім, әуеайлақ, әуе кемесінің түрі, борттық нөмірі;

      4) экипаж командирінің (инструктордың) лауазымы, сыныбы, әскери атағы, тегі мен аты-жөні;

      5) жаттығу нөмірі, ұшу тапсырмасының мазмұны және ұшу кезеңі;

      6) белгілі мән-жайлар, ұшқыштың (экипаждың) және ұшуды басқару тобының (әуе қозғалысын басқару органының) әрекет етуі;

      7) әуе кемесінің зақымдалу сипаты;

      8) авиациялық техника туралы деректер;

      9) әуе кемесінің бортында жолаушылардың, қауіпті жүктіңнемесе оқ-дәрілердің болуы туралы деректер;

      10) ұшуды басқару тобының персоналы (әуе қозғалысын басқару органы) туралы деректер, егер оқыс оқиға олардың әрекет етуінебайланысты болса;

      11) қамтамасыз ету құралдары туралы деректер, егер оқыс оқиға олардың пайдаланылуына байланысты болса;

      12) қабылданған іс-шаралар көрсетіледі.

2-параграф. Авиациялық оқыс оқиғаларды анықтау және оларды тергеп-тексеру тәртібі

      90. Қауіпті факторларды немесе авиациялық оқыс оқиғаларды анықтаған кезде ұшуды ұйымдастыруға, дайындауға, жасауға және қамтамасыз етуге (қызмет көрсетуге) қатысатын авиациялық персонал бұл туралы өзінің тура және тікелей бастығына баяндайды.

      91. Авиациялық оқыс оқиғаларды анықтау, оларды толық және объективті тергеп-тексеру, сондай-ақ оларды есепке алуды жүргізу жөніндегі жұмысты бақылауды мемлекеттік авиацияның басқару органдары, авиациялық бөлімдердің қолбасшылығы және ұшу қауіпсіздігі органдарының тиісті мамандары жүзеге асырады.

      92. Авиациялық оқыс оқиғаларды анықтау үшін:

      1) ұшуды ұйымдастыратын, орындайтын, қамтамасыз ететін және қызмет көрсететін адамдардың жеке бақылаулары мен баяндаулары;

      2) объективті бақылау материалдары;

      3) ұшудыбақылайтынадамдардыңақпараты мен баяндаулары;

      4) ұшу жетекшісінің және ұшуағаинженерініңжурналдарындағы жазбалар;

      5) ұшужәнетехникалыққұжаттама;

      6) куәгерлердің куәлік етуі;

      7) тергеп-тексеруге жататын авиациялық жағдайлар туралы мәліметі бар адамдардың өз еркімен хабарламасы пайдаланылады.

      93. Әрбір авиациялық оқыс оқиға авиациялық оқиғаны тексерудің сол қағидаттарына негізделген және сол мақсатта жүргізілетін тергеп-тексеруге жатады.

      Авиациялық оқыс оқиғанытергеп-тексеру кезінде кіші комиссияларды және жұмыс топтарын құру туралы шешімді Авиациялық оқыс оқиғаны тексеру жөніндегі комиссияның төрағасы қабылдайды.

      Мемлекеттік авиацияда тергеп-тексеруге жататын авиациялық оқыс оқиғалардың тізбесі осы Қағидаларға 9-қосымшада келтірілген.

      94. Әуе кемесінің зақымдануымен болған елеулі авиациялық оқыс оқиғалардытергеп-тексеру кезінде жұмысқа әуе кемесін әзірлеуші ұйымдардың, жасаушы ұйымдардың және жөндеу кәсіпорнының өкілдері тартылады.

      Әуе кемесінің зақымдануымен елеулі авиациялық оқыс оқиғанытергеп-тексеру жөніндегі комиссияны мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органның басшысы құрады.

      Елеулі авиациялық оқыс оқиға кезіндегі әуе кемесінің зақымдануларына агрегаттарды ауыстыру жолмен жойылатын және әуе кемесінің пайдалану-техникалық құжаттамасымен көзделмеген технологияларды қолдануды талап етпейтін зақымданулар жатпайды.

      Әуе кемесін зақымдануымен болған елеулі авиациялық оқыс оқиға болған жағдайда Комиссия төрағасы мемлекеттік авиация басқару органының басшысымен (әуе кемесінің тиесілігі бойынша) оқиға болған күннен бастап жиырма тәуліктен кешіктірмей мемлекеттік органының басшысына (әуе кемесінің тиесілігі бойынша) оны қайта қалпына келтіру бойынша ұсыныстар береді.

      95. Егер тергеп-тексеру үшін қызығушылық тудыратын әуе кемесінің агрегаттары басқа мемлекетте жасалған және осы мемлекетте агрегаттарға зерттеу жүргізу қажет болған жағдайда Комиссия төрағасы мемлекеттік органның басшысына (әуе кемесінің тиесілігі бойынша) осындай зерттеулер жүргізу қажеттілігі туралы баяндайды. Бұл ретте әуе кемесінің агрегаттарын зерттеулер ұйымдарда(мекемелерде), соның ішінде шет мемлекеттерде, Комиссияның уәкілетті өкілдерінің қатысуымен жүргізіледі.

      Агрегаттарды басқа мемлекетте зерттеу мәселесі тиісті мемлекеттің авиациялық жағдайларын тергеп-тексеру саласындағы уәкілетті органмен келісіледі.

      96. Елеулі авиациялық оқыс оқиғаны тергеп-тексеру жөніндегі комиссия мемлекеттік авиацияны басқару органы басшысының (әуе кемесінің тиесілігі бойынша) бұйрығымен құрылады. Бұл ретте елеулі авиациялық оқыс оқиғаны тексеру жөніндегі комиссияның төрағасымен әуе кемесі командирінің жүйесін ұшуда орындайтын ұшқыш құрамынан мемлекеттік авиацияны басқару органының (ӘӘК қолбасшысы басқармасының) лауазымды адамы тағайындалады.

      97. Авиациялық оқыс оқиғалардытергеп-тексеруге тергеп-тексеру жүріп жатқан ұшуды орындауға, қамтамасыз етуге немесе қызмет көрсетуге тікелей қатысы жоқ адамдар қатысады.

      98. Авиациялық оқыс оқиғалардытергеп-тексеру үшін авиациялық бөлім (әуе кемесінің тиесілігі бойынша) командирінің (бастығының) бұйрығымен авиациялық оқыс оқиғалардытергеп-тексеру жөніндегі комиссия құрылады.

      99. Әуе кемесі негізгі әуеайлақтан алыста болған кезде авиациялық оқыс оқиғаларды мемлекеттік авиация басқару органы басшысының бұйрығымен құрылатын комиссия тергеп-тексереді.

      100. Мемлекеттік авиация ұшу қауіпсіздігі органы басшысының шешімі бойынша елеулі авиациялық оқыс оқиғаны немесе авиациялық оқыс оқиғанытергеп-тексеруді мемлекеттік авиация ұшу қауіпсіздігі органының комиссиясы жүзеге асырады.

      101. Авиациялық оқыс оқиғанытергеп-тексеру жөніндегі комиссияны тағайындау туралы бұйрық шығарылған сәттен бастап және тергеп-тексеру актісі бекітілгенге дейін тексеру мерзімі, егер қосымша зерттеулер жүргізу талап етілмесе, бес жұмыс күнінен, елеулі авиациялық оқыс оқиға – он жұмыс күнінен, әуе кемесінің зақымдануымен болған елеулі авиациялық оқыс оқиға – отыз тәуліктен аспайды.

      Арнайы зерттеулер және қосымша іс-шаралар жүргізуді талап ететін жағдайларда комиссияны тағайындаған органның басшысы комиссия төрағасының қолдауы бойынша белгіленген тексеру мерзімін ұзартады.

      102. Әрбір авиациялық жағдайды тергеп-тексеру нәтижелері бойынша осы қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша авиациялық жағдайды тергеп-тексеру актісі жасалады, оны комиссияны тағайындаған лауазымды адам бекітеді. Авиациялық жағдайды тергеп-тексеру материалдары тергеп-тексеру актісіне тіркеледі.

      Егер бір ұшуда бірнеше авиациялық жағдай болса, онда бір тексеру актісі жасалады.

      Авиациялық жағдайды тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде тергеп-тексеру актісінің бекітілген даналары және оған тіркелген материалдар:

      тергеп-тексеру актісінің бірінші данасы – мемлекеттік авиацияныңұшу қауіпсіздігі органына;

      екінші данасы – мемлекеттік авиацияның басқару органына;

      үшінші данасы – авиациялық бөлімге;

      төртінші данасы – сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын органға (сұрау салу бойынша) жолданады.

      103. Егер авиациялық жағдайды тергеп-тексеру тәртібінде кемшіліктер анықталған немесе Комиссияның қорытындылары мен нәтижелерін қате деп санайтын негіздер бар болған жағдайда мемлекеттік авиация ұшу қауіпсіздігі органының басшысы тергеп-тексеру актісін бекіткен әскери басқару органына осы авиациялық жағдайды тергеп-тексерудегі кемшіліктерді жою және оның нәтижелерін қайта қарау жөніндегі ұсыныстарды жолдайды.

      104. Авиациялық оқыс оқиғаны (елеулі авиациялық оқыс оқиғаны) тексеру ісінің даналарын сақтау мерзімі – бес жыл, әуе кемесінің зақымдануымен болған елеулі авиациялық оқыс оқиғаны – он жыл.

3-тарау. Авиациялық оқиғаларды болғызбау жөніндегі іс-шаралар. Авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды жіктеу және есепке алу. Авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғалар туралы деректерді ұсыну жүйесін құру тәртібі

1-параграф. Авиациялық оқиғаны немесе оқыс оқиғаны тексеру нәтижелері жөніндегі профилактикалық іс-шараларды әзірлеу

      105. Авиациялық жағдайды тергеп-тексеру барысында алынған ақпаратты талдау негізінде авиациялық оқиғаны немесе оқыс оқиғанытергеп-тексеру жөніндегі комиссия ұшу қауіпсіздігін арттыру жөніндегі ұсыныстар мен ұсынымдарды әзірлейді. Ұсынымдарды әзірлеу кезінде ұшу қауіпсіздігіне ықпал ететін барлық қауіпті, оның ішінде ұшуда ерекше жағдайдың туындауы мен дамуына тікелей ықпал етпеген, бірақ ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіретін факторлар ескеріледі.

      106. Ұсынымдарда авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету, оны жөндеу және пайдалану жүйесін жетілдіру, ұйымдық-штаттық құрылымдарды жетілдіру, авиациялық персоналды кәсіби даярлау деңгейін арттыру, әуе қозғалысын және ұшуды жерүсті қамтамасыз етуді басқаруды жетілдіру, нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мәселелері және авиациялық қызметтің басқа да аспектілері қамтылады.

      107. Тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның ұсыныстары мен ұсынымдары негізінде профилактикалық іс-шаралар әзірленеді, олар профилактикалық іс-шаралар жоспары түрінде ресімделеді.

      Авиациялық оқиғаны немесе әуе кемесінің зақымдануымен болған елеулі авиациялық оқыс оқиғаны тергеп-тексеру нәтижелері жөніндегі профилактикалық іс-шаралар жоспарын негізгі әзірлеуші мемлекеттік авиацияны басқару органы (авиациялық оқиғаға ұшыраған әуе кемесінің тиесілігі бойынша), қоса орындаушы – авиациялық бөлім (әуе кемесінің тиесілігі бойынша) болып табылады. Авиациялық оқиғаларды немесе әуе кемесінің зақымдануымен болған елеулі авиациялық оқыс оқиғаны тергеп-тексеру нәтижелері жөніндегі профилактикалық іс-шаралар жоспары жиырма жұмыс күні ішінде әзірленеді.

      Елеулі авиациялық оқыс оқиғанытергеп-тексеру нәтижелері бойынша профилактикалық іс-шаралар жоспарын әзірлеушілер мемлекеттік авиацияны басқару органының ұшу қауіпсіздігі органы, авиациялық оқыс оқиғаны – авиациялық бөлімнің ұшу қауіпсіздігі органы болып табылады. Елеулі авиациялық оқыс оқиғанытергеп-тексеру жөніндегі комиссияның ұсынымдарын іске асыру жөніндегі профилактикалық іс-шаралар жоспары он жұмыс күні ішінде, авиациялық оқыс оқиғаны – үш жұмыс күні ішінде әзірленеді.

      Профилактикалық іс-шаралар жоспарларын әзірлеуді бастау мерзімі тексеру жөніндегі комиссияның ұсыныстары мен ұсынымдарын алған сәттен бастап саналады.

      108. Комиссия төрағасының шешімімен ұшу қауіпсіздігі жөніндегі шұғыл профилактикалық іс-шаралар авиациялық жағдайды тергеп-тексеру аяқталғанға дейін әзірленеді және енгізіледі.

      Авиациялық оқиғаны немесе әуе кемесінің зақымдануымен болған елеулі авиациялық оқыс оқиғаны тексеру жөніндегі комиссияның ұсынымдарын іске асыруды бақылау мемлекеттік авиацияныңұшу қауіпсіздігі органына жүктеледі.

      Елеулі авиациялық оқиғаны немесе авиациялық оқыс оқиғаны тексеру жөніндегі комиссияның ұсынымдарын іске асыруды бақылау мемлекеттік авиацияны басқару органына жүктеледі.

      109. Профилактикалық іс-шаралар жоспарын жасау кезінде авиациялық оқиғаны немесе оқыс оқиғанытергеп-тексеру жөніндегі комиссияның барлық ұсынымдары орындауға қабылданады. Сонымен қатар, іс-шаралар жоспарына тергеп-тексеру кезінде анықталған және авиациялық оқиғаны немесе оқыс оқиғаны тексеру жөніндегі комиссияның ұсынымдарында көрсетілмеген кемшіліктерді жоюға бағытталған қосымша шаралар енгізіледі.

      110. Өзара байланысты бірнеше авиациялық жағдайды тергеп-тексеру нәтижелері бойынша біріктірілген профилактикалық іс-шаралар жоспарын әзірлеуге жол беріледі.

      111. Профилактикалықіс-шаралар жоспарын авиациялық жағдайды тергеп-тексеру жөніндегі комиссияны тағайындаған басшы бекітеді. Жоспардың көшірмелері орындаушыларға және мемлекеттік авиацияныңұшу қауіпсіздігі органына жолданады.

      112. Орындаушылар белгіленген мерзімдерде профилактикалықіс-шараларды іске асыру туралы профилактикалық іс-шаралар жоспарын бекіткен басшыға және мемлекеттік авиацияныңұшу қауіпсіздігі органына баяндайды. Жоспардың іс-шараларын орындау мүмкін болмаған жағдайда орындаушылар белгіленген мерзім аяқталғанға дейін бес тәуліктен кешіктірмей орындамау себептері туралы жазбаша баяндауды ұсынады.

      113. Тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін авиациялық жағдайды тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның төрағасы авиациялық бөлімде талқылау жүргізеді, онда авиациялық жағдайдың мән-жайлары мен себептері, тергеп-тексеру нәтижесінде анықталған қауіпті факторлар мен кемшіліктер туралы ақпаратты, сондай-ақ ұқсас авиациялық жағдайларды болғызбау жөніндегі ұсынымдарды жеткізеді. Талқылауды жүргізу уақытын, орны мен тәртібін, сондай-ақ оған тартылатын лауазымды адамдардың тізімін авиациялық жағдайды тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның төрағасы айқындайды.

2-параграф. Авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды жіктеу және есепке алу

      114. Авиациялық жағдайлар олардың салдарының ауырлығына қарай авиациялық оқиға және авиациялық оқыс оқиға болып бөлінеді.

      115. Авиациялық оқыс оқиғаларды жіктеу туралы шешімді авиациялық бөлімнің командирі қабылдайды.

      Авиациялық жағдай дұрыс жіктелмеген жағдайда оны жіктеу туралы түпкілікті шешімді мемлекеттік авиация ұшу қауіпсіздігі органының басшысы қабылдайды.

      116. Авиациялық жағдайды әуе кемесінің зақымдануымен болған елеулі авиациялық оқыс оқиғаға немесе аварияға жатқызу туралы шешімді мемлекеттік органның басшысы (әуе кемесінің тиесілігі бойынша) қабылдайды.

      117. Авиациялық оқиғалар олардың салдарының ауырлығына қарай:

      1) адам шығынымен болған авиациялық оқиғалар – апаттар;

      2) адам шығынысыз авиациялық оқиғалар – авариялар болып жіктеледі.

      118. Авиациялық оқыс оқиғалар олардың қауіптілігі дәрежесі мен салдарына байланысты авиациялық оқыс оқиғаларға, елеулі авиациялық оқыс оқиғаларға және әуе кемесінің зақымдануымен болған елеулі авиациялық оқыс оқиғаларға жіктеледі.

      119. Екі немесе бірнеше әуе кемесінің соқтығысуы (қауіпті жақындауы) бір жағдай ретінде тексеріледі және туындаған салдарларға сәйкес әрбір әуе кемесі үшін жіктеледі. Тергеп-тексеру нәтижелері бойынша бір авиациялық жағдайды тергеп-тексеру ісі ресімделеді.

      Бірнеше әуе кемесін авиациялық оқиғаға немесе оқыс оқиғаға тарту кезінде олардың әрбірі үшін салдар осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген анықтамаларға сәйкес жеке жіктеледі.

      120. Барлық авиациялық жағдай есепке алуға жатады, бұл ретте:

      13) авиациялық бөлімде (бөлімшеде) авиациялық бөлімнің (бөлімшенің), оның ішінде уақытша пайдаланудағы әуе кемелерімен болған авиациялық жағдай есепке алынады;

      14) мемлекеттік авиацияның басқару органында (әскери-әуе күштері қолбасшысының басқармасында) бағынысты бөлімдер мен бөлімшелердің әуе кемелерімен болған авиациялық жағдайлардың есебі жүргізіледі;

      15) мемлекеттік авиацияның ұшу қауіпсіздігі органында мемлекеттік авиацияда болған барлық авиациялық жағдай есепке алынады.

      121. Авиациялық бөлімдердің қолбасшылығы анықтаған бірінші факторлар (себептер) тобы бойынша авиациялық жағдайларды есепке алу осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес авиациялық жағдайларды есепке алу және талқылау журналында жеке жүргізіледі. Ұшу қауіпсіздігі жай-күйін талдау кезінде жоғарыда көрсетілген жағдайлар бойынша статистика авиациялық оқиғаларды болғызбау жөніндегі қызметте оң фактор ретінде қаралады.

      122. ҰҰА-мен болған авиациялық жағдайларғатергеп-тексеру жүргізуді бақылауды және оларды есепке алуды әуе кемесінің тиесілігі бойынша әскери басқару органдары жүргізеді.

      123. Әрбір авиациялық оқиға осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Авиациялық оқиғаларды есепке алу журналында тіркелуге жатады. Авиациялық оқиғаларды есепке алу журналдары мемлекеттік авиацияның ұшу қауіпсіздігі органында, мемлекеттік авиацияның басқару органдарында, авиациялық бөлімдерде жүргізіледі. Авиациялық оқиғаларды есепке алу журналы тұрақты сақтаудағы құжат болып табылады.

      124. Мемлекеттік авиация басқару органдарының командалық пункттерінде (басқару пункттерінде), авиациялық бөлімдерде және қамтамасыз ету бөлімдерінде, мемлекеттік авиацияның ұшу қауіпсіздігі органында авиациялық жағдайлар туралы хабардар етуді есепке алу журналы жүргізіледі.

      125. Авиациялық бөлімінде, мемлекеттік авиацияның басқару органында (ӘӘК қолбасшысы басқармасында) барлық авиациялық жағдай авиациялық жағдайды есепке алу және талдау журналында есепке алынады.

      126. Мемлекеттік авиацияның ұшу қауіпсіздігі органында мемлекеттік авиацияда болған барлық авиациялық оқыс оқиға есепке алынады.

      127. Мемлекеттік авиацияның басқару органдарында, Әскери-әуе күштері қолбасшысының басқармасында басқармалар (қызметтер, бөлімдер) бастықтары (әрқайсысы өз бағыты бойынша) ұшуды ұйымдастыру, жүргізу, басқару және қамтамасыз ету кезінде орын алған авиациялық оқыс оқиғаларды, бұзушылықтар мен кемшіліктерді есепке алады. Есепке алу ұшуды ұйымдастыру, жүргізу, басқару және қамтамасыз ету кезінде орын алған авиациялық оқыс оқиғаларды, бұзушылықтар мен кемшіліктерді есепке алу журналында осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізіледі.

      128. Авиациялық бөлімшелерде авиациялық оқыс оқиғалар, ұшқыш құрамының (экипаждың) бұзушылықтары мен қате әрекет етуі авиациялық оқыс оқиғаларды, ұшқыш құрамының (экипаждың) бұзушылықтары мен қате әрекет етуін есепке алу журналында осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепке алынады.

      129. Авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды есепке алу мемлекеттік авиацияның әуе кемелерімен болған авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғалар факторлары (себептері) топтары бойынша осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.

      130. Ұшу қауіпсіздігін арттыру жөніндегі ұсынымдарды толық әзірлеуді қамтамасыз ету мақсатында авиациялық бөлімдер ай сайын оны күніне дейін мемлекеттік авиацияның ұшу қауіпсіздігі органына өткен айда анықталған авиациялық техниканың ақаулықтарын есепке алу бланкілерінің көшірмелерін ұсынады.

      131. Мемлекеттік авиацияның ұшу қауіпсіздігі органында, мемлекеттік авиацияның басқару органдарында (Әскери-әуе күштері қолбасшысының басқармасында) авиациялық жағдайларды есепке алу электрондық форматта (Microsoft Excel қосымшасы) деректерді кемінде екі магниттік ақпаратты жеткізгіште сақтаумен жүргізуге жол беріледі.

3-тарау. Авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғалар туралы деректерді ұсыну жүйесін құру тәртібі

      132. Авиациялық оқиғаларды болғызбау жөніндегі іс-шараларды ақпараттық қамтамасыз етуді ұйымдастыру қажетті құрылымдық бөлімшелерді, ғылыми-зерттеу ұйымдарын тартумен мемлекеттік авиацияныңұшу қауіпсіздігі органына жүктеледі.

      133. Ұшу қауіпсіздігі жөніндегі ақпараттық құжаттар құрылымдық тұрғыдан:

      1) авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғалар мән-жайларының қысқаша мазмұнын;

      2) авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғалар себептерінің сипаттамасын, ұшуда ерекше жағдайдың даму қарқынын;

      3) істен шығуды анықтау белгілерінің сипаттамасын және осы жағдайларда қажет авиациялық персоналдың дұрыс әрекет етуін;

      4) әуе кемелері экипаждарының, инженерлік-техникалық құрамның дұрыс (дұрыс емес) әрекет етуін, қызметтік құжаттар талаптарының орындалу дәрежесін талдау мен талқылауды;

      5) осындай жағдайлардың қайталануын болдырмау үшін қажетті шаралар туралы ұсынымдарды;

      6) жеке құрамға басшының (командирдің, бастықтың) талаптарын жеткізуді;

      7) оларды орындау жөніндегі нұсқауларды қамтиды.

      134. Мемлекеттік авиацияның басқару органына, авиациялық бөлімге, қамтамасыз ету бөліміне авиациялық оқиға (авиациялық оқыс оқиға) туралы ақпарат келіп түскен кезде командир (бастық):

      1) ақпаратты дербес зерделейді;

      2) бағынысты органдағы (бағынысты бөлімдегі) ұшу қауіпсіздігі жөніндегі істердің ағымдағы жай-күйін бағалайды;

      3) көрсетілген ұсынымдардың орындалуы бойынша жұмыстардың орындаушыларын, негізгі бағыттарын, мазмұнын, көлемін және мерзімін айқындайды;

      4) ақпаратты жеке құраммен зерделеу уақыты мен орнын белгілейді.

      Авиациялық оқиға туралы ақпарат жеке құрамға, оған қатысты бөлігінде жеткізіледі.

      135. Мемлекеттік авиацияның басқару органдарында әзірленген ұшуды ұйымдастыру, жасау және қамтамасыз ету жөніндегі құжаттардың жобалары мемлекеттік авиацияның ұшу қауіпсіздігі органымен келісілуге жатады.

      136. Мемлекеттік авиацияның басқару органдарында және авиациялық бөлімдерде ақпаратты жинауға жәрдем көрсету үшін авиациялық оқиғалар немесе оқыс оқиғалар туралы деректер ұсыну жүйесі құрылады.

      137. Авиациялық оқиғалар немесе оқыс оқиғалар туралы деректер ұсыну жүйесі жазалауға бейімделмеген және ақпарат көздерін қорғауды көздейді. Авиациялық оқиғалар немесе оқыс оқиғалар туралы ақпаратты ұсынған адамдар авиациялық оқиға немесе оқыс оқиға туралы кез келген ақпарат оларға қарсы пайдаланылмайтынына сенімді болуға тиіс.

      138. Авиациялық оқиғаларды немесе оқыс оқиғаларды болдырмау жөніндегі өз бағдарламасы шеңберінде авиациялық оқыс оқиғалар туралы ерікті түрде ұсынылған баяндамаларды пайдаланатын мемлекеттік авиация басқару органдарының басшылары, авиациялық бөлімдердің командирлері алынған ақпаратты белгілі себептер бойынша авиациялық оқиғаларды болғызбау және авиациялық оқыс оқиғалардың қайталануын болдырмау мақсатында пайдаланады.

      139. Адамдар ерікті түрде ұсынған авиациялық оқыс оқиға туралы әрбір ақпарат жоғары тұрған басқару органдарының, оның ішінде болжамды авиациялық жағдай орнына баруымен тексерілуге тиіс.

  Қазақстан Республикасында
мемлекеттік авиациядағы
авиациялық оқиғалар мен оқыс
оқиғаларды тергеп-тексеру
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан
  Бекітемін
____________________________
(тергеп-тексеруактісін бекітетін
лауазымды адамның лауазымы,
әскери атағы, инициалдары және
тегі)
20___ жылғы "___" __________

Жерүсті оқиғаны тергеп-тексеру актісі

      _________________________________________________________________

      (әуе кемесінің типі)

      _________________________________________________________________

      (авиациялық бөлім, мемлекеттік органының атауы)

      _________________________________________________________________

      (жерүсті оқиғаның болған күні және орны)

      1. Әуе кеме штатта тұрған бөлімінің командирі, бөлімшесінің командирі және жерүсті оқиғаға қатысты адамдары туралы мәліметтер (әскери атағы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), туылған күні, лауазымы, лауазымға тағайындалған күні).

      2. Әуе кемесі туралы мәліметтер (типі, зауыттық нөмірі, өндіруші-зауыты, шыққан күні, жөндеулердің саны, соңғы жөндеудің күні, ресурстың қалдығы).

      3. Авиациялық оқиғаның мәнжайлары (күні, аптаның күні, тәулік уақыты, жерүсті оқиғаның болған уақыты (Нұр-Сұлтан/Гринвич бойынша), метеорологиялық жағдайлар). Жерүсті оқиғаның себептерін анықтайтын қандай мәнжайлары оны тергеп-тексеру барысында анықталған. Жерүсті оқиғаға қатысты адамдардың іс-әрекеттері. Әуе кемесінің мен қоршаған ортаның салдары.

      4. Жерүсті оқиғаны тергеп-тексеру барысында анықталған кемшіліктер.

      5. Қорытынды (еркін түрде жерүсті оқиғаның себептері мазмұндалады).

      6. Жерүсті оқиғаны тергеп-тексеру бойынша комиссиясының ұсыныстары (тергеп-тексеру барысында анықталған кемшіліктерді жоюға ұсыныстар ұсынылады).

      7. Әуе кеменің жарамды түріне келтіру тәртібі (әуе кеменің жарамды түріне келтіру барысындағы орындалған (жоспарланған) жұмыстардың тізімі, әуе кемені сапқа тұрғызу күні (ұсынылған күні).

      Комиссия төрағасы ____________________________________________

      (әскери атағы, қолы, инициалдары және тегі)

      Комиссия мүшелері: ______________________________________________

      ______________________________________________

      (әскери атағы, қолы, инициалдары және тегі)

  Қазақстан Республикасында
мемлекеттік авиациядағы
авиациялық оқиғалар мен оқыс
оқиғаларды тергеп-тексеру
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Авиациялық жағдайлар туралы хабарламаларды есепке алу журналы

Күні

Авиациялық бөлім.
Әуеайлақ.
Кім баяндады.
Баяндау уақыты.
Т.А.Ә. (бар болған жағдайда).
Лауазымы

Әуе кеменің түрі.
Авиациялық жағдайдыңболған уақыты.
Тәулік уақыты.
Метеожағдай

Ұшу тапсырмасы.
Авиациялық жағдайдың
мән-жайлары және салдары

Экипаж және ұшуға басшылық жасау тобының персоналы (әуе қозғалысын басқару органы), ұшуға басшылық жасаушы туралы деректер.
Егер авиациялықжағдайавиациялық техниканың істен шығуымен байланысты болса, әуе кемесі туралы деректер.

Кімге баяндалды. Т.А.Ә. (бар болған жағдайда).Лауазымы.

Үлкен бастықтың нұсқаулары.
Қабылданған шаралар.








      Ескертпе:

      1. Журнал мемлекеттік авиация басқару органдарының командалық пункттерінде (басқару пункттерінде) авиациялық бөлімдерде және қамтамасыз ету бөлімдерінде жүргізіледі.

      2. Авиациялық жағдайлар туралы баяндаулардыхронологиялық жүйелілікпен командалық пункттің (басқару пунктінің) кезекші ауысымы қабылдайды және өңдейді. Алынған ақпарат мемлекеттік авиация басқару органының командалық пунктімен авиациялық бөлімдердің және қамтамасыз ету бөлімдердің жедел кезекшілеріне (әскери бөлім бойынша кезекшілерге) жеткізіледі.

      3. Журналдарды кемінде екі ақпарат жеткізгіште сақтаумен электрондық форматта (Microsoft Excel қосымшасында) жүргізуге жол беріледі.

  Қазақстан Республикасында
мемлекеттік авиациядағы
авиациялық оқиғалар мен оқыс
оқиғаларды тергеп-тексеру
қағидаларына
3-қосымша

Кіші комиссиялардың негізгі міндеттері

      1. Кіші ұшқыштар комиссиясының негізгі міндеттері:

      1) авиациялық оқиғаның мән-жайларын қалпына келтіру;

      2) әуе кемесі қозғалысының, әсіресе ерекше жағдай туындаған кезде немесе оның дамуы барысында траекториясы мен параметрлерін айқындау;

      3) ерекше жағдайдың туындауы және дамуы туралы нақты мәліметтерді зерттеу;

      4) экипаждың (ұшқыштың, ҰҰА операторының) ұшуды орындауға және ұшуға басшылық жасау тобы (әуе қозғалысын басқару (қызмет көрсету) органы) персоналының басшылық жасауға (әуе қозғалысын басқаруға (қызмет көрсетуге) нақты дайындығын, сондай-ақ ерекше жағдай туындаған және ол дамыған кезде экипаждың (ұшқыштың, ҰҰА операторының) және ұшуға басшылық жасау тобы (әуе қозғалысын басқару (қызмет көрсету) органы) персоналының әрекет етуін бағалау;

      5) ұшуды ұйымдастыруда, экипаждың (ұшқыштың, ҰҰА операторының) және ұшуға басшылық жасау тобы (әуе қозғалысын басқару (қызмет көрсету) органы) персоналының дайындығында және әрекет етуінде кемшіліктер бар болған кезде олардың авиациялық оқиғаға әсер етуінің және онымен байланысының дәрежесін бағалау;

      6) авиациялық оқиғамен байланысты борттық тіркеу құрылғыларының материалдарын, радиолокациялық мақсаттағы сымның схемаларын, жерүсті ұшуды басқару желілеріндегі магнитофондық радиоалмасу жазбалары мен сөйлесулерді талдау;

      7) экипаждың, ҰҰА операторының денсаулық жағдайын, жұмыс қабілетін және психофизиологиялық қызмет ерекшеліктерін бағалау, осы факторлардың ерекше жағдайдың туындауына және нәтижесіне әсері;

      8) ұшқыштың (экипаж мүшелерінің, ҰҰА операторының) моральдық-психологиялық дайындығын бағалау;

      9) ұшуды басқару және оларға басшылық жасау пункттерінің радиотехникалық бақылау және басқару құралдарымен жабдықталуын зерделеу, ұшуға басшылық жасау (әуе қозғалысын басқару (қызмет көрсету) кезінде осы құралдардың жай-күйін және ұшуды басқару тобы (әуе қозғалысын басқару (қызмет көрсету) органы) персоналының оны пайдалануын бағалау;

      10) жерүсті радиотехникалық құралдарымен ұшуды қамтамасыз етуді зерделеу және экипаждардың оларды ұшуда пайдалануы;

      11) ұшуды метеорологиялық және орнитологиялық қамтамасыз етудің жай-күйін зерделеу;

      12) авиациялық оқиға ауданындағы нақты метеожағдайларды және орнитологиялық жағдайды айқындау, олардың авариялық жағдайдың туындауына және дамуына әсер етуін бағалау;

      13) ұшуды қамтамасыз етудегі кемшіліктерді талдау;

      14) ерекше жағдайдың туындауын және дамуын және ұшқыштың (экипаждың,ҰҰА операторының) және ұшуға басшылық жасау тобы (әуе қозғалысын басқару (қызмет көрсету) органы) персоналының әрекет етуін талдау;

      15) кіші комиссия жұмысының материалдарын жинақтау, авиациялық жағдайдың себептері туралы қорытындылар, ашылған кемшіліктерді жою және авиациялық оқиғаларды және авиациялық оқыс оқиғалардың қайталануын болдырмау жөнінде ұсыныстар дайындау.

      2. Инженерлік-техникалық кіші комиссияның негізгі міндеттері:

      1) авиациялық оқиғаның жағдайларын қалпына келтіру (кіші ұшқыштар комиссиясымен бірлесіп);

      2) әуе кемесінің ұшудағы жұмыс қабілетін бағалау мақсатында оның жай-күйін зерттеу, ал істен шығу анықталған жағдайда – оның себебін анықтау;

      3) әуе кемесін зерделеу және пайдалану шарттары мен сипатын, оған толық және уақтылы техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді бағалау;

      4) инженерлік-техникалық құрамның даярлық деңгейін, олардың осы әуе кемесіне қызмет көрсету жөніндегі талаптарды сақтауын айқындау;

      5) авиациялық техниканың конструкциясындағы, оны дайындау және жөндеу технологиясындағыанықталған кемшіліктерді бағалау, авиациялық жағдай салдарларымен олардың байланысын бағалау;

      6) сақтау және май құю құралдарының жай-күйін, жанар майдың, майлардың, майлағыштардың, арнайы сұйықтықтардың және газдардың сапасын және оларды қолдану тәртібін сақтауды бағалау;

      7) қажетті зерттеулер, сынаулар және эксперименттер жүргізу;

      8) авиациялық оқиға себептерін айқындау үшін зерделенген факторлардың ерекше жағдайдың туындауына әсер ету дәрежесін талдау;

      9) ашылған кемшіліктерді (құрылымдық, өндірістік, пайдаланудағы) жою және олардың қайталануын ескерту жөніндегі ұсынымдарды орындау;

      10) материалдарды жинақтау, кіші комиссияның жұмысы туралы есеп беруді және авиациялық оқиғаның себептері туралы қорытындыға ұсыныстар әзірлеу.

      3. Әкімшілік-штабтық кіші комиссияның негізгі міндеттері:

      1) әуе кемесінің құлау орнын іздеуді ұйымдастыру, оның сынықтары мен бөлшектерін іздеу, авиациялық оқиға орнын фотоға түсіру;

      2) іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу сапасын бағалау;

      3) комиссия мүшелерінің орналасуын ұйымдастыру, оларды тексеру жүргізу үшін қажетті материалдармен қамтамасыз ету;

      4) авиациялық оқиға куәгерлерінен және көзімен көргендерден, сондай-ақ ұшуды ұйымдастыруға және жүргізуге қатысқан адамдардан сұрауды ұйымдастыру;

      5) комиссия отырысын дайындау және хаттамаларды жүргізу;

      6) кіші комиссияның тексеру материалдарын уақтылы ұсынуын бақылау;

      7) кіші комиссияның жұмыс материалдарын жинақтау, есеп беруді дайындау;

      8) тексеру актісінің материалдарын дайындау;

      9) талқылау материалдарын ресімдеу.

  Қазақстан Республикасында
мемлекеттік авиациядағы
авиациялық оқиғалар мен оқыс
оқиғалардытергеп-тексеру
қағидаларына
4-қосымша

Авиациялық жағдайғатергеп-тексеру жүргізу үшін авиациялық бөлім ұсынатын мүлік, керек-жарақтар мен техникалық құралдар тізбесі

Р/с

Атауы

Өлшем
бірлігі

Саны

1

2

3

4

1.

20 адамға жиынтықтағы шатыр

дана

1

2.

Әуе кемесінің фрагменттерін орналастыру үшін жиынтықтағы шатыр

дана

1

3.

Қоншы ұзын су өтпейтін аяқкиім

жұп

20

4.

Қорғаныш киімі (күрте, шалбар)

жұп

20

5.

Әртүрлі күрек (қалақ, үшкір)

дана

10

6.

Авиациялық жағдай орнын қоршауға арналған тіреулер

дана

50

7.

Авиациялық жағдай орнын қоршауға арналған қызыл-ақ түсті сигналдық лента

метр

2000

8.

Медициналық дәрі қобдишасы

жиынтық

2

9.

Полиэтилен пакеттер (қаптар), әртүрлі

дана

50

10.

Радиация деңгейін айқындау үшін аспап

жиынтық

1

11.

Спутниктік навигатор

жиынтық

2

12.

УҚТ диапазонды авиациялық радиостанция

жиынтық

1

13.

Слесарьлық құрал-саймандар жиынтығы

жиынтық

2

14.

Жанар-жағармай материалдарының сынамаларын жинау үшін өлшеуіш ыдыс

дана

10

15.

Тексерушілерді тасымалдау үшін жүріп өту мүмкіндігі жоғары автомобиль (тікұшақ)

бірлік

1

16.

Жердегі жұмыстарды жүргізуге арналған арнайы техника

бірлік

2-3

17.

Автомобиль краны

бірлік

1

18.

Әуе кемелерінің фрагменттерін тасымалдауға арнаалған жүк автомобилі

бірлік

1

19.

Жиынтықтағы компьютер

жиынтық

3

20.

А4 монохромды принтері

жиынтық

3

21.

А4 түрлі-түсті принтері

жиынтық

1

22.

Бейнепроектор, экран

жиынтық

1

23.

Цифрлы планшетті сканер

жиынтық

1

24.

Тексеру материалдарына арналған папка (200 парақта)

дана

30

25.

А4 жазу қағазы

орам

10

26.

А4 фотоқағаз

парақ

100

27.

Ірі масштабты жағдай ауданының картасы

дана

1

28.

Ұшақ (тікұшақ) үлгісі

дана

1

Биологиялық қатерден жеке қорғану құралдары:

29.

Латекстен жасалған бір реттік қолғап

жұп

20

30.

Жұмыс қолғабы

жұп

20

31.

Қорғаныш маска

дана

20

32.

Қорғаныш көзілдірігі

дана

20

33.

Бір рет пайдаланатын қорғаныш костюмі

дана

20

34.

Бір реттік қорғаныш шұлығы мен етігі

жұп

20

35.

Дезинфекциялауға арналған химиялық заттар

литр

2

36.

Биологиялық қауіп төндіретін қалдықтарға арналған пакеттер

дана

20

  Қазақстан Республикасында
мемлекеттік авиациядағы
авиациялық оқиғалар мен оқыс
оқиғалардытергеп-тексеру
қағидаларына
5-қосымша
  Нысан

Ұшу ақпаратын жинақтағыштарды алу және олардың сыртқыжай-күйі туралы актісі

      Мынадай құрамда лауазымды адамдар: ___________________________

      (лауазымы, тегі, инициалдары)

      әуе кемесінің авиациялық оқиғасы орнынан өздігінен жазатын құралдың (магнитофонның) (өздігінен жазатын құралдың, магнитофонныңтүрі) ________________________ контейнерін (құрылымдық элементтерін) тапты.

      (типі, нөмірі)

      Жай-күйі _____________________________________________________

      (егер олар бар болса, зақымдануын, зауыттық нөмірін, пломбалар нөмірін көрсету)

      Өздігінен жазатын құралдың (магнитофонның) контейнері (ақпарат жеткізгіш) авиациялық оқиға орнынан алынды, _____________________ бедері бар мөрмен пломбаланды және ____________________________ берілді.

      Өздігінен жазатын құралдың контейнері

      тапсырды:_____________________ қабылдады:_____________________

      (қолы, лауазымы, инициалдары, тегі, күні)

  Қазақстан Республикасында
мемлекеттік авиациядағы
авиациялық оқиғалар мен оқыс
оқиғалардытергеп-тексеру
қағидаларына
6-қосымша

Авиациялық жағдайға тергеп-тексеру жүргізу кезінде комиссияға қажетті мүліктің, техникалық құралдар мен керек-жарақтардың тізбесі

Р/с

Атауы

Өлшем
бірлігі

Саны

1.

Кодты құлпы бар кейс

дана

5

2.

Мақта-мата қолғап

дана

20

3.

Су өтпейтін қолғап

дана

20

4.

Қорғаныш құралдары (респиратор, дәке маска, көзілдірік)

дана

30

5.

Плащ-жамылғы (жаңбарда киетін)

дана

10

6.

Әртүрлі қырғыш

дана

10

7.

Әртүрлі жаққыш

дана

10

8.

Әртүрлі қылшақ

дана

10

9.

Су өтпейтін электр қолшам (басқа киілетін)

дана

10

10.

Өлшегіш рулетка (ұзындығы 20 метр)

дана

5

11.

Өлшегіш сызғыш (ұзындығы 30 сантиметр)

дана

5

12.

Флаг-маркер (түсі – қызғылт сары)

дана

150

13.

Цифрлық фотоаппарат (бейнекамера)

дана

3

14.

Тасымалданатын дербес компьютер (ноутбук)

дана

5

15.

А4 монохромды принтер

дана

1

16.

Сканер

дана

1

17.

Спутниктік навигатор

дана

5

18.

Цифрлық диктофон

дана

3

19.

Лазерлік қашықтық өлшегіш

дана

3

20.

Дүрбі

дана

3

21.

Дрон

жиынтық

2

22.

Тасымалданатын ультрақысқатолқынды радиостанция (УҚТ)

дана

5

23.

Үлкейткіш линзалары мен жарығы бар арнайы көзілдірік

дана

3

24.

Пинцеттержинағы

жиынтық

3

25.

Иілгіш тұтқасы бар магнит

дана

3

26.

Әмбебап пышақ

дана

5

27.

Иілігіш тұтқасымен жарығы бар қарайтын айна

дана

3

28.

8 есе үлкейтетін әйнек (лупа)

дана

3

29.

Жапсырмалар, байланатын биркалар және өздігінен жапсырылатын биркалар

дана

150

30.

Суға төзімді маркерлер

дана

5

  Қазақстан Республикасында
мемлекеттік авиациядағы
авиациялық оқиғалар мен оқыс
оқиғаларды тергеп-тексеру
қағидаларына
7-қосымша
  Нысан
  Бекітемін
____________________________
(тергеп-тексеруактісін бекітетін
лауазымды адамның лауазымы,
әскери атағы, инициалдары және
тегі)
20___ жылғы "___" __________

Авиациялық оқиғаны тергеп-тексеру актісі

      _________________________________________________________________

      (авиациялық оқиға түрі, әуе кемесі типі)

      __________________________________________________________________

      (авиациялық бөлім, мемлекеттік орган атауы)

      __________________________________________________________________

      (оқиға болған күн, апта күні, тәулік уақыты, оқиға уақыты: Нұр-Сұлтан/Гринвич бойынша)

      __________________________________________________________________

      (авиациялық оқиға орны, оның географиялық координаталары)

      1. Нақты ақпарат:

      1) ұшуды ұйымдастыру туралы деректер:

      ұшуды ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралардың толықтығы мен уақтылығы;

      ұшуды ұйымдастырудың нормативтік талаптарға сәйкестігі туралы қорытындылар;

      2) экипаж туралы деректер:

Р/с №

Экипажда кімнің міндетін атқарды

Штаттық лауазымы, әскери атағы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде), туған күні

Сыныптық біліктілігі және ол берілген жыл

Ұшу жұмысы өтілі, жалпы ұшу сағаты, қай уақыттан бері ұшады және осы әуе кемесінде ұшу уақыты

Ұшу тапсырмасын орындауға рұқсат берілген күн







      экипаждың кәсіби даярлығына,оның ұшу тапсырмасын орындауға рұқсат берілген негіздемеге баға беріледі және оның даярлық деңгейінің ұшу тапсырмасына сәйкестігі туралы қорытынды жасалады;

      3) әуе қозғалысын басқару органының персоналытуралы деректер:

Р/с №

Штаттық лауазымы

Әскери атағы

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)

Сыныптық біліктілігі және ол берілген жыл

Басшылық жасау өтілі және соңғы 12 айда ұшуға басшылық жасау саны







      ұшуды басқаратын адамдардың кәсіби даярлығына және ерекше жағдайдың туындауы және өршуі кезіндегі олардың әрекет етуіне баға беріледі;

      4) жолаушылар туралы деректер:

Р/с №

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)

Әскери қызметке тиесілілігі, лауазымы, жұмыс орны

Осы әуе кемесінде ұшуға негіздеме





      жолаушылардың әуе кемесінің бортында болу негізділігіне баға беріледі;

      5) жеткізілетін жүктің сипаты туралы деректер:

Р/с №

Жеткізілетін жүктің атауы

Габариті (м)

Салмағы (кг)

Жүктің әуе тасымалы кімнің мүддесінде орындалды



Ұзындығы, ені, биіктігі



Жүктің жалпы салмағы



Ортаға дәлдеу



      ұшу салмағының және ортаға дәлдеудің әуе кемесін ұшуда пайдалану жөніндегі басшылық талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды жасалады және әуе тасымалына рұқсат берілген жүктің белгіленген талаптарға сәйкестігіне баға беріледі;

      6) авиациялық техника туралы деректер:

      әуе кемесі туралы деректер: типі, зауыттық нөмірі, жасаушы зауыт, шығарылған күні, пайдаланылғаннан бастап ұшу уақыты, қону және жөндеу саны, соңғы жөндеу күні, одан кейінгі ұшу уақыты мен қону саны;

      қозғалтқыш (қозғалтқыштар) туралы деректер: типі, зауыттық нөмірі, жасаушы зауыт, шығарылған күні, пайдаланылғаннан бастап жұмыс істеуі, жөндеу саны және соңғы жөнделген күні, соңғы жөндеуден кейінгі жұмыс ауқымы;

      әуе кемесінің ұшуды орындауға ресурсының (қолдыналу мерзімінің) жеткіліктілігі және әуе кемесін техникалық пайдаланудың белгіленген талаптарға сәйкестігіне баға беріледі;

      7) метеорологиялық және орнитологиялық ақпарат:

      ұшу және қону әуеайлақтарындағы,ұшу бағыты бойынша және авиациялық оқиға орнындағы ауа райы және нақты метеорологиялық және орнитологиялық жағдайлар туралы деректер келтіріледі;

      ұшуды метеорологиялық және орнитологиялық қамтамасыз етуге қысқаша баға беріледі;

      8) әуеайлақ (қону алаңы) туралы деректер:

      әуеайлақ сыныбы және ұшу-қону жолағының (қону алаңының) сипаттамасы туралы деректер келтіріледі;

      әуеайлақтың (қону алаңының) техникалық жай-күйіне және оны пайдалануға қысқаша баға беріледі;

      9) ұшуды байланыспен және радиотехникалық қамтамасыз ету құралдары туралы деректер:

      барысында авиациялық оқиға болған әуе кемесінің ұшуы процесінде пайдаланылған байланыс, навигациялау, қону және ҰҚБ құралдары туралы деректер келтіріледі;

      ұшуды байланыспен және радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарын техникалық пайдаланудың белгіленген талаптарға сәйкестігіне қысқаша баға беріледі;

      10) іздестіру-құтқару қызметінің іс-қимылдары:

      іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуге тартылатын күштер мен құралдар саны, оларды уақтылы әзірлікке келтіру, іздестіру-құтқару жұмысының нәтижелері көрсетіледі;

      жүргізілген іздестіру-құтқару жұмысына және авиациялық оқиғалардың салдарларын жою жөніндегі жұмысқа қысқаша баға беріледі;

      11) экипаж мүшелерінің және жолаушылардың авиациялық оқиғадан кейінгі жағдайы:

      әуе кемесінің бортында болған адамдардың қаза табуының себептері белгіленеді. Дене жарақатын алған адамдар саны көрсетіледі;

      12) басқа да ақпарат:

      авиациялық оқиғаның мән-жайларын анықтау және осы оқиғаның себептері туралы қорытынды жасау үшін басқа көздерден алынған қажетті барлық нақты ақпарат келтіріледі.

      2. Авиациялық оқиғаның мән-жайлары.

      Оқиғалар хронологиясын сақтаумен (мүмкіндігінше) мыналар көрсетіледі:

      1) ұшу тапсырмасы, авиация тегінің жауынгерлік даярлық курсы жаттығуының нөмірі (ұшу, жаттығу-ұшу және тағы басқа), кезектілігі бойынша нешінші, ұшу ауысымының қай сағатта және ұшу қандай жағдайларда орындалды;

      2) тәулік уақыты, ұшып көтерілу уақыты (жергілікті/Нұр-Сұлтан/Гринвич бойынша) және әуеайлағы (алаңы);

      3) ерекше жағдай ұшып көтерілгеннен кейін қанша уақыт өткеннен кейін, қай жерде (оқиға болған пункт атауы, немесе азимут және оған тән бағдардан арақашықтық), ұшудың қай кезеңінде, кімнің жауапкершілік аймағында, қандай биіктікте және ұшу жылдамдығында, қандай жағдайларда туындады және қалай өрбіді;

      4) ерекше жағдайдағы экипаждың әрекет етуі, осы әрекет етудің ұшу нәтижесіне әсер ету дәрежесі;

      5) ұшу жетекшісінің (топ командирінің және ұшуды басқаратын басқа да адамдардың) ерекше жағдайда әрекет етуі;

      6) әуе кемесінің құлау (қону) сипаты (әуе кемесінің қалпы, құлау бұрышы, жер (су) үсті және басқа да соғылғанға (түйіскенге) дейінгі ұшу траекториясы);

      7) экипаждың құтқару құралдарын қолдану жағдайлары (жылдамдық, ұшу биіктігі, әуе кемесінің қалпы, құтқару жүйесі автоматикасының іске қосылуы және т.б.), сондай-ақ құтқару құралдарын қолданбау немесе оларды кешіктіріп қолдану себептері;

      8) экипаж мүшелері және жолаушылар үшін салдар;

      9) әуе кемесі үшін салдар;

      10) авиациялық оқиға орнындағы қоршаған орта үшін салдар.

      3. Авиациялық оқиғаны тергеп-тексеру кезінде айқындалған кемшіліктер мен қателіктер, олардың ерекше жағдайдың туындауына, өрбуіне және ұшу нәтижесіне әсері.

      Жүргізілген зерттеу бағыттары бойынша авиациялық жүйе жұмысындағы барлық ауытқушылықтар, кемшіліктерді көрсете отырып келтіріледі:

      1) ұшу қызметін регламенттеуде;

      2) ұшуды ұйымдастыруда;

      3) әуе қозғалысын басқаруда (ұшуға басшылық жасауда);

      4) экипаждың әрекет етуінде;

      5) ұшуды қамтамасыз етуде;

      6) авиациялық техниканы жобалауда, жасауда, тәжірибе жүргізудежәне жөндеуде;

      7) ұшуды қамтамасыз ету құралдарын жобалауда, жасауда және жөндеуде;

      8) басқа да кемшіліктер мен қателіктер көрсетіледі.

      Кемшіліктер мен қателіктердің ерекше оқиғаның туындауына және өрбуіне және ұшу нәтижелеріне әсер етуі туралы қорытындылар.

      4. Қорытынды.

      Авиациялық оқиғаның себептері еркін нысанда жазылады. Себептерді тұжырымдау оларды екі мағынада түсіну болмауға тиіс.

      5. Авиациялық оқиғаны тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның ұсынымдары мен ұсыныстары.

      Тергеп-тексеру кезінде айқындалған кемшіліктерді жоюға бағытталған ұсынымдар мен ұсыныстар келтіріледі.

      Комиссия төрағасы ____________________________________________

      (әскери атағы, қолы, инициалдары және тегі)

      Комиссия төрағасының орынбасары

      ______________________________________________

      (әскери атағы, қолы, инициалдары және тегі)

      Комиссия мүшелері

      ______________________________________________

      ______________________________________________

      (әскери атағы, қолы, инициалдары және тегі)

      6. Авиациялық оқиғаның себептері туралы түпкілікті қорытынды.

      Авиациялық оқиғаның себептері туралы түпкілікті қорытынды комиссияның авиациялық оқиғаның себептері туралы қорытындыларының өзгерістерін негіздеумен сараптамалық қорытындыны ескере отырып жасалады.

  Комиссияның
20___ жылғы "___" __________
отырысында қаралды
№ ____ хаттама

Ұшқыш кіші комиссиясының тергеп-тергеп-тексеруге байланысты жүргізілген жұмысының нәтижелері жөніндегі есебі

      ______________________________________________________________

      (авиациялық бөлім,

      _____________________________________________________________

      мемлекеттік орган атауы)

      ________________________________________________________ болған

      (оқиға болған күн және орны)

      _____________________________ ұшақтың (тікұшақтың) _____________

      (авиациялық оқиға түрі)                              (түрі)

      Кіші комиссия 20___ жылғы ________ – _______ дейінгі кезеңде авиациялық оқиғаны тергеп-тексеру барысында мыналарды анықтады:

      1. Ұшуды ұйымдастыру туралы деректер:

      1) ұшуды жасау туралы шешім қабылдау үшін негіздеме (шешім қабылдаған күн, кім қабылдады, қандай мәселелерді шешу үшін, ұшуды қамтамасыз ететін авиациялық бөлімнің басшылық құрамына, авиациялық бөлімдер мен бөлімшелердің командирлеріне тапсырма қашан және қандай нысанда қойылды);

      2) ұшуды жасау туралы қабылданған шешім негізінде авиациялық бөлім штабы жүргізген іс-шаралардың толықтығы (ұшуға өтінім беру уақтылығы және олардың қамтамасыз етілуі, әуе кеңістігін, полигондарды пайдалану жөніндегі ұсыныстар дайындау, жоспарлау кестелерін әзірлеу).

      3) ұшуды жоспарлау (жоспарланған жаттығулардың ұшуды жасау ниетіне сәйкестігі, жоспарланған жаттығулардың әдістемелік жүйелілігін сақтау, жауынгерлік даярлық курсы белгілеген авиация тегін сақтау (ұшу даярлығы курсы және т.б.), жоспарланған ұшудың саны бойынша нормалар және ұшу ауысымындағы экипаждардың ұшу сағаты, қайталанатын ұшуға әуе кемесін дайындау үшін қажетті уақытты сақтау, барлаушы экипаждарды және ауа райын толық барлаушы экипаждарды, іздестіру-құтқару әуе кемелері экипаждарын анықтау, резервтегі әуе кемелерінің болуы, жедел объективті бақылауды жоспарлау, ұшу нұсқалары бойынша әзірленген кестелер саны және басқа да қажетті деректер);

      4) экипажды ұшуға даярлау:

      жалпы даярлық: жүргізілген күн, кім ұйымдастырды және кім жүргізді, жүргізу толықтығы, экипаждың ұшуға даярлығын қашан және кім бақылады;

      алдын ала даярлау: жүргізген күні, ұшуға тапсырмаларды кім қойды және олардың толықтығы, дербес даярлықты жүргізу сапасы, тренажерларда жаттықтырулар (әуе кемелерінің кабиналарында), ұшуға даярлықты бақылау, экипаждың ұшуға даярлығын қашан және кім бақылады;

      ұшуалды даярлығы: медициналық бақылаудан өту, ұшуалды нұсқауларының толықтығы, ұшудың нақты шарттары үшін қажетті есептеулерді орындау, авиациялық техниканы қабылдау, қорғаныс жарақтарын дайындау және тексеру, алдағы ұшу тапсырмаларына әуе кемесі кабиналарының жұмыс орындарын дайындау және тексеру;

      5) ауа райын барлау:

      ауа райына радиолокациялық барлау жүргізу уақтылығы мен толықтығы;

      ауа райын әуеден барлау деректері, қауіпті ауа райы құбылыстарының болуы;

      6) ұшуды ұйымдастырудың толықтығы және нормативтік талаптарға сәйкестігі туралы қорытындылар.

      2. Ұшуды ұйымдастыруға, орындауға және оған қызмет көрсетуге қатысатын негізгі адамдар туралы деректер:

      1) авиациялық бөлім командирі туралы деректер:

      әскери атағы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде), туған жылы, жалпы және әскери білімі (қашан және қандай оқу орындарын бітірді);

      лауазымға тағайындалған күн;

      негізгі лауазымдарда қызмет өткеру мерзімдері;

      осы бөлімге қашан келді;

      оған бағынысты авиациялық бөлімшеде, бөлімде бұрын авиациялық оқиғалар болды ма, олардың себептері;

      осы авиациялық оқиға болған сәтте болған жері мен әрекет етуі;

      2) экипаж командирі (әкету немесе бақылап ұшуды орындау жағдайында деректер нұсқаушыға немесе ұшқышқа толтырылады, ал топпен ұшуды орындау кезінде – егер олардың әрекет етуі ерекше жағдайдың өрбуі және оның нәтижесіне ықпал етсе – жетекшіге және жетектегіге) және әрекет етудің ерекше жағдайдың туындауына және өрбуіне әсер еткен экипаж мүшелері туралы деректер (лауазымы, әскери атағы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде), туған күні, айы және жылы, жалпы және әскери білімі, берілген сыныптық біліктілігі (күні, бұйрық нөмірі, әуе кемесінің қандай типінде), ұшқыш лауазымдарында қызмет өткеру мерзімдері, берілген әуе кемесінің осы типінде қай уақыттан бастап ұшады, әуе кемесінің осы типінде қайта оқытып-үйретуден қашан және қайдан өтті);

      3) қоса берілген кестеге сәйкес ұшу сағаты туралы деректер (жауынгерлік және оқу-жаттығу жауынгерлік әуе кемелері үшін бөлек):

Әуе кемесінің типі

Ұшу сағаты

Жалпы

Күндіз

оның ішінде

Түнде

оның ішінде

Бұлыңғыр күндері

Күрделі
метеожағдайларда

Бұлттарда

Теңіз үстінде

Бұлыңғыр күндері

Күрделі метеожағдайларда

Бұлттарда

Теңіз үстінде













      Кестенің жалғасы

Қону жүйесін қолданумен қону (қонуға беттеу) саны

күндіз

түнде

Барлығы

Белгіленген ауа райы минимумы кезінде

Барлығы

Белгіленген ауа райы минимумы кезінде





      Барлығы ұшу:

      оның ішінде соңғы 12 айда____________;

      соңғы 5 жылда жылдар бойынша жалпы ұшу сағаты__________________;

      4) соңғы 12 айда ұшуда жаттыққандығы туралы деректер (айлар бойыша бөле отырып):

Күні, метеожағдай,
ұшуды шартты белгілеу,
жаттығу нөмірі




Ұшу (сағ. мин.):
күндіз,
түнде,
барлығы,
оның ішіндежаттықтырулық




      5) тренаж өткізу туралы деректер:

Тренажерда

Әуе кемесінің кабинасында

Жалпы ұшу сағаты
(сағат, мин.)

Ұшу саны

Авиациялық оқиғағабайланысты ерекше жағдай бойынша (саны, соңғы тренаж күні)

Ерекше жағдай бойынша соңғы тренаж

Ұшудағы ерекше жағдай бойынша(саны)

Авиациялық оқиғаға байланысты ерекше жағдай бойынша (саны, соңғы тренаж күні)

Экипаждың ұшуға басшылық жасау топтарымен қарым-қатынасын пысықтау бойынша (саны, соңғы тренаж күні)








      6) соңғы 12 айда ұшуда тексерудің белгіленген барынша аз мерзімдерін сақтау туралы деректер (жауынгерлік (ұшу, оқу-жаттығу ұшу) курсына сәйкес авиация тегін даярлау, күні, тәулік уақыты, метеорологиялық жағдай, тексеруді кім жүзеге асырды, бағасы):

      ұшуды басқару техникасы бойынша;

      жауынгерлік қолдану бойынша;

      әуе навигациясы бойынша;

      нұсқаушы үшін – сынақ-әдістемелік ұшу;

      жетекші (жетектегі) үшін – саппен ұшуды басқару техникасын тексеру үшін бақылап ұшу;

      7) парашюттік даярлық туралы деректер:

      парашюттен оқу-жаттықтыру секіру: саны (жалпы/соңғы 12 айда), соңғы секірген күні;

      жердегі катапульттеу: саны, соңғы жаттықтырған күн;

      арнайы тренажерлардағы тренаж: тренажер түрі, жаттықтыру саны, соңғы тренаж күні;

      құтқару құралдарын пайдалану бойынша кешенді тренаж: тренаж түрі, саны, соңғы тренаж күні;

      8) авиациялық оқиға болған ұшу даярлығы түрі бойынша ұшудағы үзілістерден кейін қатарға қосу әдістемесін сақтау туралы деректер (соңғы 12 ай үшін);

      9) ұшуға тапсырмаларды орындау толықтығы, ұшуды басқару техникасының және авиациялық техниканы пайдаланудың ұшуды пайдалану жөніндегі басшылық (экипажға нұсқаулық) және алдыңғы 10 ұшуда объективті бақылаудың борттық және жерүсті құралдарының деректері бойынша авиация тегін жауынгерлік даярлау курсы нормативтері талаптарынан ауытқушылықтар туралы деректер;

      10) соңғы 12 айда мыналардың болуы:

      авиациялық оқиғалар, олардың себептері;

      авиациялық оқыс оқиғалар, олардың себептері;

      тәртіптік жазалау, қандай және не үшін;

      11) отбасы жағдайы, балалар саны, олардың жасы;

      12) тұрғын-үй жағдайы;

      13) дәрігерлік-ұшу комиссиясы және соңғы кезеңдік қарап-тексерген күн және қорытынды. Комиссия аралық кезеңдегі науқастанулары.

      Ұшуалды медициналық бақылау нәтижелері: жүргізілген күн, тамыр соғысы, қан қысымы, температурасы, ұшуға жіберу туралы қорытынды;

      14) кезекті демалыс және соңғы екі жылдағы профилактикалық демалыс уақыты мен өткізу орны туралы деректер.

      Ұшу күні қарсаңында және ұшу күніндегі денсаулық жағдайы және эмоционалдық жай-күйі, еңбек және демалыс режимі, ұшу жүктемесінің денсаулық және жеке төзімділік жағдайына сәйкестігі, жеке тұлғаға тән ерекшеліктер.

      Қысқаша ұшқыш мінездемесі.

      Ұшу даярлығы деңгейі туралы қысқаша қорытындылар және оның ұшу тапсырмаларына сәйкестігі;

      15) ұшуға басшылық жасау тобының персоналы туралы деректер (ұшу жетекшісі туралы – барлық жағдайларда, басқалар туралы – егер олардың әрекет етуі ерекше жағдайдың туындауына және өрбуіне әсер еткен жағдайда):

      лауазымы, әскери атағы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде), туған жылы, сыныптық біліктілігі (оны беру туралы бұйрық нөмірі және күні);

      білімі (қашан және не бітірді);

      негізгі лауазымдарда қызмет өткеру мерзімдері;

      ұшу жұмысын қашан аяқтады (жылы және әуе кемесінің қандай типінде);

      ұшуға басшылық жасауға даярлықты қашан және қайда өтті;

      ұшуға басшылық жасауға кім, қашан және қандай рұқсатнама берді (қандай құраммен, қандай метеожағдайда, күндіз, түнде);

      соңғы 12 ай үшін ұшуға басшылық жасау практикасын қашан және кім, қандай жағдайларда тексерді, тексеру толықтығы мен оның сапасы;

      командир (бастық) белгілеген ұшуға басшылық жасауда рұқсат етілетін үзілістер;

      ұшуға басшылық жасауда рұқсат етілгеннен асатын үзілістер кезінде қалай қатарға қосылды;

      соңғы 12 айда ұшуға басшылық жасау жиілігі (айлар бойынша):

Ай

Күні

Күн/түн

Метеожағдай

Әуе кемелерінің саны











      ұшуға басшылық жасауға даярлық: кім және қашан міндет қойды, даярлықты ұйымдастырды және бақылауды жүзеге асырды;

      ұшу жетекшісінің болатын жері және оның ұшуда ерекше жағдай туындаған сәттегі әрекеттері;

      бұдан бұрын ұшуды басқару кезінде авиациялық оқыс оқиғаларға жол берді ме, олардың себептері;

      өткен кезеңде ұшуға басшылық жасау кезінде авиациялық оқиғалар болды ма, олардың себептері;

      ұшуға басшылық жасау алдында медициналық қарап-тексеру деректері (тамыр соғысы, қан қысымы, температурасы, ұшуға басшылық жасауға жіберу туралы қорытынды);

      ұшу күні қарсаңындағы және ұшу күніндегі денсаулық жағдайының және эмоционалдық жай-күйінің қысқаша сипаттамасы, еңбек және демалыс режимі;

      кәсіби даярлық деңгейі туралы қысқаша қорытындылар.

      3. Нақты ақпарат:

      1) ұшу тапсырмасының мазмұны, оның экипажды даярлау деңгейіне және ұшуды орындау жағдайларына сәйкестігі;

      2) ерекше жағдай туындаған кезеңде ұшу ауданындағы әуе және навигациялық жағдай;

      3) ұшуда ерекше жағдай туындаған кезеңде нақты метеорологиялық, гидрологиялық және орнитологиялық (қажет болған кезде) жағдай;

      4) қолда бар ұшуды байланыспен және радиотехникалық қамтамасыз ету құралдары және оның уақытында авиациялық оқиға болған ұшу процесінде пайдаланылған құралдар туралы деректер;

      5) ерекше жағдайдың туындау және өрбу сипаты.

      Ұшу жағдайының күрделенуі сипаттамасы. Олардың күрделі жағдайға айналуына қандай факторлар әсер етті (күрделенген жағдай ұшуға көтерілуден кейін қандай уақытта, ұшудың қандай кезеңінде, әуе кемесі қозғалысының қандай параметрлері кезінде пайда болды, осындай жағдайда экипаждың, ұшуға басшылық жасау тобы адамдарының немесе әуе қозғалысын басқару органының іс-қимылдары, бұл немен расталады).

      Күрделі жағдай сипаттамасы. Оның авариялық жағдайға айналуына қандай факторлар әсер етті (пайда болу уақыты, ұшудың қандай кезеңінде, әуе кемесі қозғалысының қандай параметрлері кезінде, осындай жағдайда экипаждың, ұшуға басшылық жасау тобы адамдарының немесе әуе қозғалысын басқару органының іс-қимылдары, бұл немен расталады).

      Авариялық жағдай сипаттамасы. Оның өрбу сипаттамасы (пайда болу уақыты, ұшудың қандай кезеңінде және әуе кемесі қозғалысының қандай параметрлері кезінде пайда болды, осындай жағдайда экипаждың, ұшуға басшылық жасау тобы адамдарының немесе әуе қозғалысын басқару органының іс-қимылдары, бұл немен расталады).

      Апаттық жағдай сипаттамасы. Туындаған уақыты, ұшудың қандай кезеңінде және әуе кемесі қозғалысының қандай параметрлері кезінде туындады, осындай жағдайда экипаждың, ұшуға басшылық жасау тобы адамдарының немесе әуе қозғалысын басқару органының әрекет етуі, бұл немен расталады;

      6) ұшу нәтижесі:

      экипаж үшін салдар (кімнің қаза тапқаны, жараланғаны, табылмағаны, сау екені көрсетіледі, немен расталады);

      жолаушылар үшін салдар (қаза тапқандар, жараланғандар, табылмағандар, саулар саны көрсетіледі, немен расталады);

      әуе кемесі үшін салдар (қирау, зақымдану дәрежесі, немен расталады);

      қоршаған орта үшін салдар (авиациялық оқиға орнында қаза тапқандар, жараланғандар саны, құрылысқа, орман алабына, ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жерлерге, су тоғандарына және басқа да объектілерге келтірілген залал, немен расталады);

      7) объективті бақылау құралдарын талдау:

      кеңістіктегі әуе кемесі қозғалысының траекториясын және экипаждың басқару органдарымен іс-қимылдарын сипаттайтын тіркелетін параметрлер шифрларын ашу нәтижелері;

      басқару пункттерімен радиоалмасу магнитофондық жазбаларының шифрларын ашу нәтижелері (хронологиялық жүйелікте ұшуда ерекше жағдайдың туындауын және өрбуін растайтын сөздер көрсетіледі);

      экипаж мүшелерінің сөйлесулерін магнитофондық жазбасының шифрларын ашу нәтижелері (хронологиялық жүйелікте ұшуда ерекше жағдайдың туындауын және өрбуін растайтын сөздер көрсетіледі);

      радиолокациялық құралдар индикаторлары экрандары фототүсіруінің шифларын ашу нәтижелері (уақыт, азимуттар, радиолокациялық станция экрандарында белгілердің жоғалып кетуіне дейін әуе кемесінің орналасу қашықтығы);

      әуе кемесінің авариялық ұшуын растайтын басқа да құралдар шифрларын ашу нәтижелері.

      Объективті бақылау материалдарын талдаудан туындайтын қорытындылар.

      4. Авиациялық оқиғаны тергеп-тексеру кезінде айқындалған кемшіліктер, және олардың авариялық жағдайдың туындауына, өрбуіне және ұшу нәтижесіне әсер етуі.

      Жүргізілгензерттеу бағыттары бойынша авиациялық персоналдың жұмыс істеуіндегі барлық ауытқулар нені және кімнің бұзу фактілері тізбесімен бірге көрсетіледі:

      ұшуды ұйымдастыруда;

      әуе қозғалысына қызмет көрсетуде (ұшуды басқаруда);

      экипаж әрекет етуінде;

      ұшуды қамтамасыз етуде;

      ұшу жұмысын регламенттеуде;

      басқа да ауытқуларда.

      Ерекше жағдайдың туындауына және өрбуіне әкеп соқтырған кемшіліктерді талдаудан туындайтын қорытындылар.

      5. Қорытынды.

      Жүргізілген зерттеу және олардың нәтижелерін талдау негізінде кіші ұшқыш комиссиясы мүшелерінің пікірі бойынша авиациялық оқиғамен себепті байланыстағы қауіпті факторлар туралы қорытындылар жасалады немесе авиациялық оқиға себебі ұшу факторларымен байланысты еместігі көрсетіледі.

      6. Тергеп-тексеру кезінде анықталған қауіпті факторларды жою жөніндегі ұсынымдар.

      Тергеп-тексеру кезінде анықталған қауіпті факторларды жою жөніндегі ұсынымдар келтіріледі.

      Кіші комиссия төрағасы ________________________________________

      (лауазымы, әскери атағы, қолы, инициалдары және тегі)

      Кіші комиссия мүшелері ________________________________________

      (лауазымы, әскери атағы, қолы, инициалдары және тегі)

      Есепке қосымшалар:

      ұшудың жоспарлы кестесінен үзінді-көшірме (көшірме);

      кіші комиссия жұмыс топтарының материалдары;

      өзінің растауын таппаған авиациялық оқиға нұсқаларын сипаттау;

      ұшуды ұйымдастыруға, оларға қызмет көрсетуге және орындауға қатысқан лауазымды адамдардың баянаттары.

  Комиссияның
20___ жылғы "___" __________
отырысында қаралды
№ ____ хаттама

Инженерлік-техникалық кіші комиссияның тергеп-тексеруге байланысты жүргізілген жұмысының нәтижелері туралы есеп

      ________________________________________________________________

      (авиациялық бөлім,

      ________________________________________________________________

      мемлекеттік орган атауы)

      __________________________________________________________ болған

      (оқиға болған күн және орны)

      _____________________________ ұшақтың (тікұшақтың) _____________

      (авиациялық оқиға түрі)                              (түрі)

      Кіші комиссия 20___ жылғы ________ – _______ дейінгі кезеңде авиациялық оқиғаны тергеп-тексеру барысында мыналарды анықтады:

      1. Авиациялық техника туралы деректер:

      1) _________әуе кемесін ____________________ кәсіпорны 20___ ж. "____" ________________________ __________жыл ішінде ресурсын _______________ сағат, бірінші жөндеуге дейін ресурсын ____________ сағат, қолданылу мерзімін___________жыл деп белгілеп шығарған.

      Кепілдік берілген ресурс ________жылда _______________сағат.

      Пайдаланылғаннан бастап ұшу уақыты______ сағат_____ мин., қону _____.

      _________________ әскери бөліміне 20____жылғы "____" __________ пайдалануға қабылданда.

      Белгіленген ресурс (қолданылу мерзімі) 20___ж. "____"_______ сағат, _______жылға дейін ұзартылды.

      Бірінші жөндеуге дейінгі ресурс _______________________негізінде 20___жылғы "____" ___________ ____cағат дейін ұзартылды.

      Әуе кемесі мынадай жөндеуден өтті:

Жөндеудің реттік нөмірі

Жөндеу ауқымы

Жөнделген күн

Кім жүргізді және жөндеу жүргізген орын

Пайдаланылғаннан бастап ұшу уақыты

Жөндеуден кейінгі ұшу уақыты

Жөндеуден кейінгі белгіленген
Ресурс








      Соңғы жөндеуден кейінгі ұшу уақыты _______сағат, қону__________.

      Кезекті жөндеуге дейін қалған ресурсы (қолданылу мерзімі) ____сағат,____жыл;

      2) қозғалтқыштар бойынша мәліметтер:

Қуат қондырғысы бойынша мәлімет

Бірінші

Екінші

Үшінші

Төртінші

Типі





Зауыттық нөмірі





Жасаушы зауыт





Шығарылған күні





Ұшаққа орнатылған күні





Белгіленген ресурс





Жөндеуаралық ресурс





Кепілдік ресурс





Пайдаланылғаннан бастап атқарымы





Жылу-кернеу режимдерінде:
ұшып көтерілу, атаулы





Жөндеуден өтті:





Реттік нөмірі





Жөндеу себебі және ауқымы





Күні





Жөндеу орны





Реттік нөмірі





Жөндеу себебі және ауқымы





Күні





Жөндеу орны





Соңғы жөндеуден кейін жөндеуаралық ресурс белгіленді





Соңғы жөндеуден кейін кепілдік ресурс белгіленді





Соңғы жөндеуден кейінгі атқарымы
әуеде
жерде
барлығы





Жылу-кернеу режимдерынде:
ұшып көтерілу, атаулы





Қалдығы жөндеуаралық ресурс





      Ұшуды орындау үшін әуе кемесі ресурсының (қолданылу мерзімінің) жеткіліктілігі туралы қорытынды.

      2. Әуе кемесін дайындауға қатысатын инженерлік-техникалық құрам туралы деректер.

      Техникалық есеп құрамы:

Р/с

Штаттық лауазымы

Әскери атағы

Тегі, аты, әкесінің Аты (бар болған кезде), туған жылы

Сыныптылығы

Бұйрық нөмірі мен осы типтегі әуе кемесіне қызмет көрсетуге рұқсат берілген күн

Атқаратын лауазымдағы жұмыс өтілі








      Әуе кемесін ұшуға дайындау үшін техникалық есептоп күштерінің жеткіліктілігі туралы қорытындылар. Мамандардың жұмысты орындауға әзірлігін бағалау. Авиациялық техникада өздігінен жұмысқа авиациялық персоналды жіберу бойынша кемшіліктер, қателіктер.

      3. Әуе кемесінде жүргізілетін жұмыстар туралы деректер:

      1) ұшуға даярлық:

Ұшуға даярлық түрі

Дайындық күні, даярлқтың басталу және аяқталууақыты

Даярлықты жүргізу орны

Әскери атағы,тегі және инициалдары

Даярлдықты орындайтын мамандар

Даярлықты бақылайтын мамандар

Ұшудан кейінгі даярлық





Алдын ала даярлық





Ұшуалды даярлығы





Қайталап ұшуға даярлық





      әуе кемесін ұшуға дайындау толықтығы мен сапасы туралы қорытындылар, кемшіліктер, бұзушылықтар;

      2) кезеңдік жұмыстар: орындалған күні, жұмыс түрлері.

      Кезеңдік жұмыстарды орындау толықтығы мен сапасы туралы қорытындылар, кемшіліктер, бұзушылықтар;

      3) регламенттік жұмыстар: 20___ж. "____" _____________ пайдаланылғаннан бастап әуе кемесінің ұшу уақыты______сағат кезінде, соңғы жөндеуден кейін ______сағат, алдыңғы _______ регламенттік жұмыстарды орындаудан кейін (соңғы 24 айлық регламенттік жұмыстардан кейін _____ айдан соң) ______сағат (ай) соң әуе кемесінде _______регламенттік жұмыстар орындалды.

      Соңғы регламенттік жұмыстар орындалғаннан кейін ұшу уақыты ______ сағат, күнтізбелік мерзім ________ай.

      Соңғы регламенттік жұмыстардан кейінгі қозғалтқыштың (қозғалтқыштардың) атқарымы _____сағат.

      Регламенттік жұмыстарды орындау толықтығы мен сапасы туралы қорытындылар, кемшіліктер, бұзушылықтар;

      4) мақсатты қарап-тексеру мен тексеру: орындалған күні, қарап-тексеру мен тергеп-тексеру түрлері.

      Авиациялық техниканы пайдалану мәселелері бойынша нұсқаулардың, директивалар мен өкімдердің орындалу толықтығы мен сапасы туралы қорытындылар;

      5) жазғы (қысқы) пайдалануға дайындық: 20____ж. "____"____________ бастап 20____ж. "____"______________ дейінгі кезеңде әуе кемесінде оны жазғы (қысқы) пайдалануға дайындау бойынша жұмыс тізбесі орындалды.

      Әуе кемесін жазғы (қысқы) пайдалануға дайындау толықтығы мен сапасы туралы қорытындылар, кемшіліктер, қателіктер;

      6) сақтау кезіндегі жұмыстар (ұшуда ұзақ үзілістер кезінде): жұмыстарды орындау түрлері мен мерзімдері.

      Оны сақтау кезіндегі әуе кемесінде жұмыстарды орындау толықтығы мен сапасы туралы қорытындылар, кемшіліктер, бұзушылықтар;

      7) әскери жөндеу: әскери жөндеу қашан, қайда, қандай ауқымда орындалды. Жөндеу себебі, зақымдалу сипаты. Әскери жөндеу орындалғаннан кейінгі ұшу.

      Жөндеу сапасы және әуе кемесін жөндеуден кейін ұшуда пайдалануға жіберу заңдылығы туралы қорытындылар, кемшіліктер, қателіктер;

      8) бюллетеньдер бойынша жұмыс: жұмыстың орындалу тізбесі мен мерзімдері.

      Әуе кемесінде бюллетеньдер бойынша жұмыстың орындалу уақтылығы, толықтығы және сапасы туралы қорытындылар, кемшіліктер, бұзушылықтар;

      9) әуе кемесінің айналып ұшуы: талап етілетін әуе кемесінің айналып ұшуы қашан, қайда жүргізілді. Айналып ұшу себептері.

      Айналып ұшуды жүргізу толықтығы мен сапасы туралы қорытындылар, әуе кемесін одан әрі пайдалануға жіберу негізділігі, кемшіліктер, бұзушылықтар;

      10) әуе кемесінің және қозғалтқыштардың ресурсын ұзарту бойынша жұмыс: орындау үшін негіздемелерді, орындалған күнін көрсету.

      Жұмысты орындау толықтығы мен сапасы туралы қорытындылар;

      11) парктік күн: соңғы парктік күн өткізілген күн.

      Жұмысты орындау толықтығы мен сапасы туралы қорытындылар, кемшіліктер, бұзушылықтар;

      12) әуе кемесіне техникалық қызмет көрсету толықтығы мен сапасы туралы қорытынды.

      4. Авиациялық оқиға болғанға дейін авиациялық техниканы пайдалану кезеңіндегі оның жай-күйі:

      1) соңғы 12 айда айлар бойынша әуе кемесінің ұшу уақыты;

      2) соңғы 12 айда әуе кемесінің ақаусыздығын бағалау: авиациялық оқыс оқиғалар және әуеде істен шығу, авиациялық оқыс оқиғалар болған және істен шыққан күн мен мән-жайы, істен шығуды жойған күн мен әдістері;

      3) әуе кемесін жерде және әуеде пайдалану, сұрыпталмаған ұшуды жерүсті қамтамасыз ету құралдарын, жанар-жағармай материалдарын, арнайы сұйықтықтарды, газдарды және оқ-дәрілерді қолдану қағидаларын бұзу жағдайлары, агрегаттарды, жабдықтарды белгіленген ресурстар, қолданылут мерзімдері шегінен тыс пайдалану (соңғы 12 айға көрсетіледі).

      Әуе кемесі жүйесінің қолданылу қабілеті туралы қорытындылар және соңғы 12 айда оны пайдалану;

      4) авиациялық оқиға алдындағы 10 ұшуда ұшу параметрлерін борттық тіркеу құрылғылары материалдары бойынша әуе кемесі жүйелерінің қолданыс қабілетін бағалау;

      5) осы ұшу күні әуе кемесі ұшуының саны мен ұзақтығы. Ұшу ауысымының алдыңғы ұшуындағы әуе кемесі жүйелерінің жұмысы бойынша ескертулер;

      6) әуе кемесінің жүйелеріне жанар-жағармай материалдарын, газды, арнайы сұйықтықтарды құю (толтырып құю), атауы мен мөлшерін көрсете отырып, ұшу алдында оқ-дәрілерді зарядтау (аспа) туралы деректер. Ұшаққа құйылған жанар-жағармай материалдары, газ, арнайы сұйықтықтар бақылау сынамасының зертханалық талдауы нәтижелері, зарядталған (ілінген) оқ-дәрілердің паспорттық деректері;

      7) борттық ұшу деректерін тіркеу құралдары материалдары бойынша соңғы ұшуда әуе кемесі жүйесінің қолданыс қабілетін бағалау. Авиациялық техниканың істен шығу белгілерінің болуы, экипаждың белгіленген тәртіпті және авиациялық техниканы пайдалану қағидаларын бұзуы кезінде әуе кемесі жүйесінің жұмысын және экипаж әрекет етуін нақты талдау;

      8) әуе кемесі жүйелерінің қолданыс қабілетін және оны соңғы ұшуда пайдалану туралы қорытынды.

      5. Әуе кемесінің авиациялық оқиғадан кейінгі жай-күйі.

      Планердің және оның жүйелерінің, қозғалтқыштардың, агрегаттар мен авиациялық және радиоэлектрондық жабдық коммуникацияларының, авиациялық қару-жарақ пен оқ-дәрілердің, құтқару құралдарының, оларды бекітудің және біріктірудің жай-күйі, тұтқалардың, крандардың, штурвалдардың, ауыстырып қосқыштардың және әуе кемесін басқарудың басқа да агрегаттарының орналасуы, басқару бетінің орналасуы және аспаптар көрсеткіштері сипатталады.

      Әуе кемесінің конфигурациясы, оның қирауы сәтінде сыртқы аспалардың болуы айқындалады. Авиациялық техниканың ұшудағы қолданыс қабілетін сипаттайтын белгілер көрсетіледі. Әсіресе авиациялық оқиғаға әкеп соқтыруы мүмкін авиациялық техника ақаулары (зақымдалулар) егжей-тегжейлі сипатталады.

      Авиациялық оқиғадан кейін жанар-жағармай материалдарының, газдың, арнайы сұйықтықтардың және оқ-дәрілердің болуы, олардың сәйкестігі (сынамалар санын және олардың мөлшерін, қандай жүйелерден алынғанын көрсету) айқындалады. Олардың болмауы жағдайында әуе кемесі жүйесіне май құю жүргізілген май құю құралдарынан іріктелген сынамаларды зертханалық талдау нәтижелері жанар-жағармай материалдарының, газдардың және арнаулы сұйықтықтардың техникалық шарттарға сәйкестігі бағаланады. Авиациялық зақымдау құралдарының сәйкестігі паспорттық деректер және оларды сақтау және пайдалануға дайындау шарттарын тергеп-тексеру нәтижелері бойынша бағаланады.

      6. Соңғы ұшуда әуе кемесі жүйесінің қолданыс қабілетін бағалау бойынша зерттеу.

      Авариялық әуе кемесінде кіші комиссия жүргізген зерттеу сипатталады. Зерттеу нәтижелері, пысықтауға қабылданған авиациялық оқиға нұсқаларын және әрбір нұсқа бойынша кіші комиссияның жұмыс нәтижелері, авиациялық техниканың істен шығуларының себеп-салдарлық байланыстары схемасы, істен шыққан жүйенің құрылымдық-фунционалдық схемасы (егер әуе кемесінің соңғы ұшуында оның істен шығуы болса).

      Ұшатын ғылыми-зерттеу зертханасы қандай зерттеу жүргізді. Зерттеу қорытындылары.

      Ғылыми-зерттеу ұйымдарына не және қашан зерттеуге жіберілді. Зерттеу нәтижелері.

      Әуе кемесі жүйелері істен шығуының немесе ақауының себебі, ол неге әкеп соқтырды (әкеп соқтыруы мүмкін) және бұл немен расталады.

      Ұшуда істен шыққан агрегаттар бойынша деректер (осы есептің 1-бөлімінің талаптарына сәйкес көрсету).

      Авиациялық оқиғаны тергеп-тексеру барысында белгіленген әуе кемесінің конструкциясындағы, оны жасаудағы, пайдаланудағы және жөндеудегі барлық кемшіліктерді, сондай-ақ ұшуды қамтамасыз етудегі кемшіліктерді талдау (кемшіліктерді және олардың істен шығу себебіне ықпал ету дәрежесін көрсету).

      7. Қорытынды.

      Жүргізілген зерттеу және олардың нәтижелерін талдау негізінде инженерлік-техникалық кіші комиссия мүшелерінің пікірі бойынша авиациялық оқиғамен себепті байланыста болған авиациялық техниканың әуеде істен шығуларымен байланысты қауіпті факторлар туралы қорытынды жасалады, немесе авиациялық оқиғаның себебі авиациялық техниканың істен шығуымен байланысты емес екені көрсетіледі.

      8. Ұсынымдар.

      Белгіленген себептер және тергеп-тексеру барысында анықталған қауіпті факторлар бойынша авиациялық өнеркәсіп, ғылыми-зерттеу ұйымдары, пайдаланушылар мен жөндеу кәсіпорындары үшін авиациялық оқиғаларды болғызбау жөнінде ұсынымдар жазылады.

      Кіші комиссия төрағасы ______________________________________

      (лауазымы, әскери атағы, қолы, инициалдары және тегі)

      Кіші комиссия мүшелері ______________________________________

      (лауазымы, әскери атағы, қолы, инициалдары және тегі)

      9. Ғылыми-зерттеу ұйымдарында авариялық техниканы зерттеу нәтижелері бойынша қорытынды.

      Авариялық техниканы зерттеу нәтижелері бойынша қорытынды келтіріледі, оған кім және қашан қол қойды (комиссия жұмысы аяқталғаннан кейін зерттеу нәтижелері бойынша қорытынды алған жағдайда толтырылады).

      Есепке қосымша:

      жұмыс топтарының есептері;

      әуе кемесін ұшуға дайындауға қатысатын лауазымды адамдардың баянаттары, авиациялық оқиға куәгерлерінің жазбаша көрсетулері;

      әуе кемесін ұшуға дайындауды жүргізу және пайдалану кезінде пайдаланылған жанар-жағармай материалдары, авиациялық-техникалық мүлік, әскери жарақтандыру қоймаларын, зарядтау-аккумуляторлық станцияны, ұшуды қамтамасыз етудің жерүсті құралдарын тексеру актілері;

      ұшатын ғылыми-зерттеу зертханасында зерттеу жүргізуге тапсырмалар;

      ғылыми-зерттеу ұйымдарында зерттеу жүргізуге тапсырмалар.

  Комиссияның
20___ жылғы "___" __________
отырысында қаралды
№ ____ хаттама

Әкімшілік-штабтық кіші комиссияның тергеп-тексеруге байланысты жүргізген жұмысының нәтижелері жөніндегі есеп

      ________________________________________________________________

      (авиациялық бөлім,

      ________________________________________________________________

      мемлекеттік орган атауы)

      __________________________________________________________

      болған (оқиға болған күн және орны)

      _____________________________ ұшақтың (тікұшақтың) _____________

      (авиациялық оқиға түрі)                              (түрі)

      Кіші комиссия 20___ жылғы ________ – _______ дейінгі кезеңде авиациялық оқиғаны тергеп-тексеру барысында мыналарды анықтады:

      1. Әуе тасымалын ұйымдастыру

      1) жолаушылар туралы деректер:

Р/с

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)

Әскери қызметке қатысы. Лауазымы, жұмыс орны

Осы әуе кемесінде ұшу үшін негіздеме

Жолаушылар үшін салдар (қаза тапты, жараланды, дені сау, табылмады)






      жеткізу құжаттарының болуы, олардың атауы, толтырылған күні;

      жолаушылар санының осы әуе кемесінде адамдарды жеткізуге рұқсат берілген жолаушылар санына сәйкестігі;

      жеткізуге мәлімделген жолаушылар жүгінің және қолжүгінің салмағы;

      әуе кемесінің бортына жолаушыларды, жүкті және қолжүкті орналастыру;

      2) жеткізілетін жүктің сипаты туралы деректер:

Р/с

Жеткізілетін жүк атауы

Габариті (м)

Салмағы (кг)

Жүкті әуеде жеткізу кімнің мүддесінде орындалды

ұзындығы

ені

биіктігі








Жүктің жалпы салмағы



Ортаға дәлдеу



      әуе кемесінің бортына жүкті орналастыру, оны бекіту әдісі;

      жалпы жүктеме (сонымен қатар шектеулі жол берілетін жүктемені көрсету);

      әуе кемесін ортаға дәлдеу;

      авиациялық оқиға орнында жеткізілетін жүктің жай-күйі (сынды, жанып кетті, жанар-жағармаймен бүлінді, табылмады және т.б.).

      әуе тасымалын ұйымдастыру туралы қысқаша қорытынды.

      2. Іздестіру-құтқару жұмыстары:

Р/с №

Тегі, аты, әкесінің атыәкесінің аты (бар болған кезде)

Әскери қызметке қатысы. Лауазымы, жұмыс орны

Осы әуе кемесінде ұшу үшін негіздеме

Жолаушылар үшін салдар (қаза тапты, жараланды, сау, табылмады)






      1) іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуге тартылған кұштер мен құралдар құрамы;

      2) авиациялық оқиға туралы іздестіру-құтқару күштері кезекшілерін хабардар ету уақыты;

      3) әуе кемесін іздестіруді бастау уақыты және оны табу уақыты;

      4) іздестіруді қысқаша сипаттау: іздестіру ауданының шекаралары, іздестіру уақыты, іздестіру биіктігі, іздестіру нәтижелері;

      5) жерүсті іздестіру-құтқару командаларын хабардар ету және олардың жиналған уақыты және авиациялық оқиға орнына келу уақыты;

      6) авиациялық оқиға орнынан әуе кемесінің жолаушылары мен экипаж мүшелерін эвакуациялау уақыты мен тәсілдері. Зардап шеккендерді емдеу мекемесіне (қандай көрсетілсін) жеткізу уақыты;

      7) іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде авиациялық оқиға болған әуе кемесі экипажы мүшелерінің әрекет етуі;

      8) өрт сөндіру үшін тартылған кұштер мен құралдар, оны жоюға кеткен уақыт;

      9) борттық объективті бақылау құралдарын іздеу нәтижелері;

      10) авиациялық оқиға орнын күзету үшін қабылданған шаралар (қандай күштермен, кім, күзетуді бастау және аяқтау уақыты);

      11) іздестіру-құтқару жұмысын жүргізу кезіндегі метеожағдайлар;

      12) жерүсті іздестіру-құтқару командалары келгенге дейін авиациялық оқиға орнынан эвакуацияланған әуе кемесінің қаза тапқан және жарақаттанған жолаушылары және экипажы мүшелері саны;

      13) жерүсті іздестіру-құтқару командаларының авиациялық оқиға орнынан эвакуациялаған әуе кемесі жолаушылары және экипажы мүшелері саны;

      14) қаза тапқандардың жеке басын анықтау;

      15) патологоанатомиялық зерттеу үшін қаза тапқандардың мәйіті жіберілген мекеме;

      16) іздестіру-құтқару жұмыстарын ұйымдастыруды және жүргізуді қысқаша бағалау.

      3. Авиациялық оқиға куәгерлерінен сұрау деректері.

      Анықталған және сұрау жүргізілген адамдардың тізімі.

Р/с №

Тегі, аты, әкесінің атыәкесінің аты (бар болған кезде)

Сұрау жүргізілген күн

Авиациялық оқиға сәтінде адамның болған жері

Тұрғылықты орны






      Сауал жүргізілген адамдардың жауаптарын жинақтаудан туындайтын деректер.

      4. Әуеайлақ туралы деректер.

      Әуеайлақ сыныбы, ұшу-қону жолағының сипаттамалары, жабын жай-күйі, әуеайлақ ауданында және әуеден қонуға беттеу жолағында жасанды және табиғи кедергілердің болуы.

      Әуеайлақты техникалық пайдалануға қысқаша бағалау.

      5. Авиациялық оқиға орнынан авариялық әуе кемесін эвакуациялау туралы деректер.

      Авиациялық оқиға орнынан радиоактивтік элементтерді алу және оқ-дәрілерді қатерсіздендіру бойынша жүргізілген жұмыстар: күні, тартылған күштер мен құралдар.

      Әуе кемесін авиациялық оқиға орнынан эвакуациялау бойынша жұмыстың басталған және аяқталған күні, бұл жұмысты жүргізу үшін тартылған күштер мен құралдар.

      Авариялық әуе кемесін жеткізу орны.

      6. Авиациялық оқиғаға қатысты құжаттарды, материалдарды алу туралы деректер.

      Алынған және комиссияға берілген құжаттар тізбесі.

      Комиссияның қосымша сұрау салған құжаттарының атаулары.

      Комиссия үшін қажетті авиациялық оқиғаға қатысты материалдардың сақталуы.

      7. Авиациялық оқиғадан келген экономикалық шығынды бағалау.

      Жоғалған авиациялық техника құны ___________(мың теңге).

      Жоғалған жүк құны___________(мың теңге).

      Авиациялық оқиғаға тергеп-тексеру жүргізуге шығындар________ (мың теңге).

      Тергеп-тексеруге ұшатын зертхана мамандарын тартуға шығындар____ (мың теңге).

      8. Авиациялық оқиғаларды тергеп-тексеру кезінде анықталған кемшіліктер.

      Жолаушыларды және жүкті әуеде тасымалдауды ұйымдастырудағы кемшіліктер.

      Іздестіру-құтқару және эвакуациялық жұмысын жүргізудегі кемшіліктер.

      9. Қорытынды.

      Әуе тасымалын ұйымдастыруда лауазымды адамдардың әрекет етуін, жүктеме нормаларын және ортаға дәлдеуді сақтауға, жолаушылар мен жүкке жеткізу құжаттарын ресімдеуге, сондай-ақ іздестіру-құтқару жұмысының тиімділігіне баға беріледі. Егер олар әуе тасымалын ұйымдастырудағы және орындаудағы кемшіліктерге байланысты болса, авиациялық оқиға себептері көрсетіледі.

      10. Ұсынымдар.

      Анықталған кемшіліктерді жоюға бағытталған ұсынымдар келтіріледі.

      Кіші комиссия төрағасы ______________________________________

      (лауазымы, әскери атағы, қолы, инициалдары және тегі)

      Кіші комиссия мүшелері ______________________________________

      (лауазымы, әскери атағы, қолы, инициалдары және тегі)

      Есепке қосымшалар:

      әуе тасымалына байланысты жеткізу құжаттарының, шарттардың және басқа да материалдардың көшірмелері;

      кіші комиссия жұмыс топтарының материалдары;

      жүргізілген іздестіру-құтқару жұмысы бойынша есеп;

      өзінің растауын таппаған әуе тасымалына байланысты авиациялық оқиға нұсқаларының сипаттамасы;

      экономикалық залалбағасын есептеу материалдары;

      әуе тасымалын ұйымдастыруға, іздестіру-құтқару жұмысын ұйымдастыруға және орындауға қатысқан лауазымды адамдардың баянаттары, аивициялық оқиға куәгерлерінің куәлік етуі.

  Қазақстан Республикасында
мемлекеттік авиациядағы
авиациялық оқиғалар мен оқыс
оқиғаларды тергеп-тексеру
қағидаларына
8-қосымша
  Нысан

      __________________________________ болған

      (оқиға болған күні мен жері)

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      (экипаж командирінің лауазымы, сыныбы,

      ________________________________________________________

      басқарған әскери атағы, Т.А.Ә. (бар болған кезде)

      _________________________________________________________________

      (әуе кемесінің түрі және борттық (зауыттық) нөмірі)

      _______________________________________________ тергеп-тексеру актісі

      (авиациялық оқиға түрі)

      Тергеп-тексеруді ________________________________________ ________

      (комиссия тағайындаған лауазымды адам)            (күні)

      № _____ тағайындаған комиссия жүргізді.

      Құрамында:

      Төраға _____________________________________________________

      (лауазымы, әскери атағы, тегі және инициалдары)

      Төраға орынбасары __________________________________________

      (лауазымы, әскери атағы, тегі және инициалдары)

      Комиссия мүшелері __________________________________________

      (лауазымы, әскери атағы, тегі және инициалдары)

      Комиссия жұмысының мерзімдері:

      басталуы ___________________________________________________

      (авиациялық оқиға болған күн)

      аяқталуы ___________________________________________________

      (тергеп-тексеру актісіне қол қойылған күн)

      Тергеп-тексеруге мынадай өкілдер қатысты:

      ___________________________________________________________

      (лауазымын, әскери атағын, тегі мен инициалдарын көрсете отырып,

      ___________________________________________________________

      мемлекеттік органдардың, ғылыми-зерттеу ұйымдарының және

      ___________________________________________________________

      кәсіпорындардың мамандары көрсетіледі)

      Авиациялық оқиғаны тергеп-тексеру ісіне кіретін құжаттар мен материалдар тізілімі:

      1. Авиациялық оқиғаны тергеп-тексеру актісі.

      2. Тергеп-тексеру актісіне қосымша:

      1) оларды пысықтау нәтижелері бойынша қорытындыларды сипаттаумен авиациялық оқиға нұсқалары;

      2) әуе кемесі құлаған жердегі қалдықтар;

      3) әуе кемесі құлаған жерді және авариялық бөлшектерді қарап-тексеру хаттамасы;

      4) объективті бақылау материалдарын талдау деректері;

      5) әуе кемесі экипажының мүшелері арасындағы радиоалмасу хаттамасы;

      6) әуе қозғалысын басқару (бұдан әрі – ҰҚБ) органдары персоналының әуе кемесі экипажымен сөйлесу хатамасы;

      7) авиациялық оқиға болған әуе кемесі радилокациялық сымдарының фототүсірілімі;

      8) авиациялық оқиға болған әуе кемесі сымдары калькасының көшірмесі;

      9) ұшу (авариялық ұшу учаскесінің) схемасы (траекториясы);

      10) ұшуда ерекше жағдайдың туындау және өрбу моделі;

      11) себептык-салдарлық байланыс моделі;

      12) авиациялық оқиғаның өзге де себептері туралы негіздемелер мен ұсыныстар бар авиациялық оқиғаның себептері туралы комиссия мүшелерінің ерекше пікірі;

      13) тергеп-тексеру мәселелері бойынша дау туындаған комиссия отырысының хаттамалары;

      14) қосымшалар бар кіші комиссияның есеп беруі;

      15) арнайы зерттеу бойынша есеп беру;

      16) қызметтік ақпарат;

      17) сараптамалық қорытындылар;

      18) авиациялық оқиға және оны тергеп-тексеру нәтижелері туралы жеткізілім;

      19) авиациялық оқиға фактісі бойынша қызметтік тергеп-тексерунәтижелері жөніндегі мемлекеттік авиацияның басқару органы басшысы бұйрықтарының көшірмелері;

      20) авиациялық оқиғаны тергеп-тексеру нәтижелері жөніндегі профилактикалық іс-шаралар жоспары;

      21) профилактикалық іс-шараларды орындау және анықталған кемшіліктерді жою туралы баяндаулар.

      Тергеп-тексеру ісінің барлық құжаттары мен материалдары түсу шамасына қарай тіркеледі және папкаға тігіледі

      Авиациялық оқиғаны тергеп-тексеру актісіне қол қойылғаннан кейін келген тергеп-тексеру ісінің құжаттары, осы тізімге сәйкес мемлекеттік авиацияның ұшу қауіпсіздігі органында тұрған авиациялық оқиғаны тергеп-тексеру ісінің данасына тігіледі.

  Қазақстан Республикасында
мемлекеттік авиациядағы
авиациялық оқиғалар мен оқыс
оқиғалардытергеп-тексеру
қағидаларына
9-қосымша

Мемлекеттік авиацияда тексерілуге жататын авиациялық оқыс оқиғалардың тізбесі

      1. Елеулі авиациялық оқыс оқиғалар:

      1) әуе кемесінің соқтығысуы;

      2) әуе кемесінің жерүсті (суүсті) кедергімен соқтығысуы;

      3) ұшып көтерілу кезінде әуе кемесі конструкциясы элементінің(шассиді қоспағанда) жер бетімен жанасуы;

      4) әуе кемесінің зақымдау құралдарымен (жарықшақтармен) зақымдануы;

      5) әуе кемесінің атмосфералық электр разрядымен немесе/және бұршақпен бұзылуы (зақымдануы);

      6) авиациялық зақымдау құралдарын рұқсат етілмеген және полигоннан тыс қолдану;

      7) әуе кемесінің ауа райының қауіпті құбылыстарына тап болуы;

      8) әуе кемесінің ұшқыш (экипаж) ондай жағдайларда ұшуға дайындалмаған метеорологиялық жағдайларға тап болуы. Ұшып көтерілу, қону кезінде немесе ұшуда ауа райының белгіленген минимумын бұзу;

      9) конфигурациясыжасаушы зауыттың басшысы бекіткен Ұшуда пайдалану жөніндегі басшылықтың немесе Экипажға нұсқаулықтың (бұдан әрі – ҰПБ) талаптарына сәйкес келмейтін әуе кемесінің ұшып көтерілуі, ұшуы немесе қонуы;

      10) ұшу тапсырмасында көзделмеген әуе кемесін құлдырау режіміне шығару, әуе кемесін басқаруды жоғалту;

      11) құрылымында қалдық майысулардың пайда болуымен әуе кемесінің пайдалану шектеулерінен асыру;

      12) ұшқыштың (экипаждың) кеңістік және көзбен шолу бағдарын жоғалтуы;

      13) ауа райының қауіпті құбылыстарымен кездескен кезде белгіленген әуеайлақтан тыс қону жағдайларын қоспағанда, әуе кемесінің әуеайлақтан тыс (мақсатты түрде белгіленген алаңдар) мәжбүрлі қонуы;

      14) ҰПБ-мен белгіленген әуе кемесіне тиеу немесе центрлеу нормаларын бұзу, ұшуда жүктердің орнының ауысуы;

      15) ұшқыштың (ұшқыштар экипажы мүшесінің) жұмыс істеу қабілеттінің күрт төмендеуі немесе жоғалуы;

      16) әуе кемесінің бортындағы өрт;

      17) кабинада түтіннің, күйік иісінің, сұйықтық буларының, улы заттар иісінің пайда болуы немесе әуе кемесінің кабинасында ауа температурасының көтерілуі;

      18) қосалқы қуат қондырғысының немесе оның агрегаттарының нүктелі бұзылуы;

      19) қозғалтқыштың істен шығуы немесе тапсырмада көзделмеген сөнуі (соның ішінде оның істен шығуы туралы жалған сигналдың болуы салдарынан қозғалтқыштың ажыратылуы);

      20) ҰПБ-даұшудағы ерекше жағдайларға жатқызылған әуе кемесін басқару жүйесінің істен шығулары;

      21) ұшып көтерілуде немесе қону алды жоспарлауда тежегіш парашюттің өздігінен ашылуы, сондай-ақ оның қонуда ашылмай қалуы немесе үзілуі;

      22) шамның (жарманың, жылжитын блистердің), иллюминаторлардың қирауы (ашылуы, жұлынуы), әйнектелген кабиналардың алдыңғы әйнегінде жол берілмейтін жарықшақтардың пайда болуы;

      23) ұшуда әуе кемесі есіктерінің, люктарының, капоттарының немесе айнала ағызғыштардың немесе конструкциясының басқада элементтерінің жұлынып кетуі немесе өздігінен ашылуы;

      24) планердің қуаттық элементтерінде жол берілмейтін жарықшақтың пайда болуы;

      25) негізгі жүйеден бір немесе одан көп шасси тіреуішінің шықпауы. Шассидің өздігінен немесе қате шығуы немесе жиналуы, шасси тіреуіші, көлденең тіреуіші, арба элементтерінің қирауы;

      26) мұз қатқан әуе кемесінде ұшу (мұз қатуға қарсы жүйемен қорғалғанбеттерде мұз бар болған кезде). Мұз қатуға қарсы жүйемен жабдықталмаған әуе кемесінде мұз қату жағдайларында ұшу. Мұз қатуға қарсы жүйесі істен шыққан немесе іске қосылмағанкүйде ұшу;

      27) негізгі несесе басқару винті элементтерінің, негізгі немесе басқару винті төлкесінің қирауы немесе зақымдануы, трансмиссияның қирауы немесе ажырауы немесе трансмиссия агрегаттарының (тікұшақ үшін) қауіпті жұмыс режімдері дабылдамасының іске қосылуы;

      28) ұшудың қауіпсіз биіктігін, белгіленген тігінен, ұзыннан және бүйірлік эшелондау қағидаларын бұзу;

      29) қонуды алаңдарға, оның ішінде оларға қойылатын талаптарға және ҰПБ-да айқындалған қауіпсіздік шарттарына сәйкес келмейтін, әуеден таңдалғандарға орындау;

      30) ұшу-қону жолағының (қону алаңының) шегінен тыс қону, ұшып көтерілу немесе қону кезінде оның шегінен тыс шығу;

      31) 4 км астам биіктікте экипаж кабинасының немесе әуе кемесі салоны (жүк бөлігі) герметизациясының бұзылуы;

      32) бір немесе одан көп гидрожүйеде қысымның түсуі, гидрожүйе герметизациясының бұзылуы;

      33) планер, қозғалтқыш элементтерінің зақымдаунына немесе оның жұмыс режімінің бұзылуына әкеп соқтырған ұшуда құстармен немесе басқа да объектілермен соқтығысу;

      34) әуе кемелеріне сұрыпталмаған жанар-жағармай материалдарын, сұйықтықтар және газдар құю;

      35) әуе кемелерін дайындалмаған ұшу-қону жолақтарында қабылдау және жіберу;

      36) ұшу тапсырмасын орындауға ықпал еткен байланыс және ұшуды радиотехникалық қамтамасыз етудің негізгі және қосалқы құралдарының істен шығулары;

      37) жүкті өздігінен тастау, сыртқы аспалардың (тікұшақтың) жұлынуы;

      38) қиын жағдайға немесе әуе кемесі экипажы мүшелерінің (жолаушылардың) денсаулығына зиян келуіне әкеп соқтырған басқада оқиғалар.

      2. Авиациялық оқыс оқиғалар:

      1) ұшуда пайдалану жөніндегі басшылықта көзделген әуе кемесін авариялық тастап кету құралдарынсыз ұшуды орындау;

      2) ұшуды тоқтату;

      3) ҰПБ талаптарына сәйкес келмейтін конфигурациямен ұшуды орындау әрекеті;

      4) ҰПБ-да көзделген әуе кемесінің осы типі үшін барынша рұқсат етілгеннен артық жүктемемен қону. Қону кезінде әуе кемесі конструкциясы кез келген элементінің (шассиді қоспағанда)ұшу-қону жолағымен(жердің бетімен) жанасуы;

      5) ұшып көтерілу немесе қону үшін төмендеу кезінде шатасу ізіне түсу;

      6) топтық ұшулар орындау кезінде шатасу ізіне түсу;

      7) ҰПБ-да немесе әуеайлақтың аэронавигациялық паспортындакөзделген екінші айналымға кету нүктесінің рұқсат етілген биіктігінен(шешім қабылдау биіктігі) төмен биіктіктенекінші айналымға кету;

      8) ұшу тапсырмасында көзделгеннен аз отын қалдығымен қону;

      9) әуе кемесі және қуат қондырғылары элементтерінің зақымдануына әкеп соқтырмаған әуе кемесінің құстарменнемесе басқа объектілермен соқтығысуы;

      10) жауынгерлік немесе арнайы ұшуды (арнайы тапсырманы) орындау кезінде әуе кемесінің бүтіндігін немесе экипаж бен жолаушылардыңөмірін сақтап қалу мақсатында мәжбүрлі түрде бұзу жағдайларын қоспағанда, ҰПБ-да белгіленген әуе кемесін пайдаланудағы шектеулер шегінен асыру;

      11) әуе кемелері ұшу тәртібінің белгіленген ең төмен қауіпсіздік параметрлерін бұзу;

      12) топтық ұшуда жетекші әуе кемесін көріну аясынан жоғалту, жетекшіні жоғалту кезіндегі іс-қимылдар тәртібін бұзу;

      13) қолда бар радиолокациялық станциялармен оларды жеке бақылауды болдырмайтын, тапсырмада көзделмеген әуе кемелерінің жақындауы;

      14) әуе кемелерінің, полигон аумағындағы объектілердің, адамдар мен жануарлардың авиациялық зақымдау құралардарымен немесе олардың жарықшақтарымен зақымдауға әкеп соқтырмаған авиациялық зақымдау құралдарын қолданудың қауіпсіздік шараларын бұзу;

      15) жетек реверсінің іске қосылмауы, ажыратылмауы, өздігінен немесе қате қосылуы немесе ажыратылуы, әуе винттерінің тіреуіштерден алынбауы;

      16) шассидің алдыңғы тіреуішінің дөңгелегін басқару жүйесінің істен шығуы немесе оны экипаждың ажыратпауы;

      17) негізгі тежеу жүйесінің істен шығуы, өздігінен тежеу немесе әуе кемесін басқару, ұшыру және қондыру кезінде дөңгелектердің тежеуден шығуы;

      18) жекелеген бактардан отынның өңделмеуі, ҰПБ-да көзделген іс-қимылдармен жою мүмкін болмайтын оның біркелкі өңделмеуі немесе оның бактар бойынша бөлінуі. Отын шығынын немесе көлемін өлшеу жүйесінің істен шығуы;

      19) бір және одан көп аспап бойынша ұшу биіктігі мен жылдамдығыныңмәндерін айқындаудың мүмкін болмауы;

      20) бір және одан көп навигациялық жүйелнің істен шығуы немесе ажыратылуы;

      21) бір немесе екі авиакөкжиегі бар әуе кемесінде бір авиакөкжиектің істен шығуы.Үш немесе одан көп авиакөкжиегі әуе кемесінде екі немесе одан көп авиакөкжиектің істен шығуы.Бақылау жүйесінің істен шығуымен үйлесетін бір авиакөкжиектің істен шығуы. Ол туралы сигнал көрінбеген (немесе егер дабылдама көзделмесе) авиакөкжиектердің кез келген санының істен шығуы. Жалған сигналдар берумен авиакөкжиекті бақылау жүйесінің істен шығуы;

      22) ұшуда радиобайланыстың істен шығуы, жоғалуы немесе әуе кемелері мен әуе қозғалысын басқару органдары арасында байланыстың бес минуттан артық болмауы;

      23) бағдар арналарының, крендердің, тангаждың немесе ұшуды автоматты басқару жүйелерінің жетегі автоматының өздігінен немесе қате сөніп қалуы, бір немесе одан көп ұшупараметрлерінің (биіктік-жылдамдық параметрлері, артық жүктеу, еңкею, тангаж, шабуылдау, сырғу бұрыштары, траекторлық параметрлер) белгіленгендерден ауытқуға әкеп соқтыратын ұшуларды автоматты басқару жүйесінің істен шығулары;

      24) электрмен жабдықтау жүйесінің бір немесе одан көп тарату құрылғыларынан тұрақты немесе/және ауыспалы токпен электрмен қоректендіру сипаттамаларын жол берілмеген бұзу, тұрақты немесе ауыспалы токпен авариялық қоректендіруге ауысу,соның ішінде ҰҰА-ны басқару станциялары үшін;

      25) осы типтегі әуе кемесінің пайдалану-техникалық құжаттамасында рұқсат етілген істен шығулар тізбесіне кірмейтін істен шығулар (базалық әуеайлаққа ұшып шығуды қоспағанда)болған кезде әуе кемесінің ұшып шығуы;

      26) әуе кемесін ұшуға техникалық қызмет көрсету аяқталмаған күйде жіберу;

      27) экипаждың науқастанған жай-күйде (ұшу алдындағы медициналық бақылаудан өткеннен кейін)ұшуды орындауы;

      28) экипаж мүшелерінің ұшу жағдайларына сәйкес келетін арнайы керек-жарақсыз, климаттық жағдайларға сәйкес келмейтін ұшу-техникалық киім-кешекпен ұшуды орындауы;

      29) экипаж мүшелерінің ұшуды арнайы штурмандық керек-жарақсыз, ұшу карталарынсыз немесе/және толық ресімделмеген ұшу құжаттамасынсыз орындауы;

      30) ұшу ауысымында экипаждың ұшу сағаты нормаларынанасыруы, ұшу алдында еңбек режімі мен демалыс нормаларын бұзуы, ұшуды ұшу алдындағы медициналық тексерусіз орындау;

      31) авиациялық техникада ұшып өтуді және оны ұшырып әкелуді ұшу және кеме құжаттамасын ресімдеуге қойылатын талаптарды бұзумен орындау;

      32) ұшу тапсырмаларын орындау тәртібін және шарттарын бұзу;

      33) ұшуда әуе кемесінің өрт қаупі бар аймақтарында отын ағуының пайда болуы;

      34) әуе нысанасын шабуылдауды рұқсатсыз (танусыз) орындау;

      35) ұшуда ерекше жағдайдың тез дамуы жағдайларын қоспағанда, әуе қозғалысын басқару (қызмет көрсету) органының рұқсатынсыз ұшу шарттарын өзгерту;

      36) әуе кемесінің орны қате айқындалған кезде ұшқышқа (экипажға) орындау командасын беру;

      37) экипажға әуе кемесінің орны туралы дұрыс емес деректер беру;

      38) экипажға ұшып көтерілу, қонуға кіру және қону шарттары туралы қате деректер беру;

      39) экипаждың әуе кемесін басқаруды уақытша жоғалтуы, сондай-ақ ҰҰА-ны басқаруды (онымен байланысты) жоғалту немесе бағдарламалық қамтамасыз етудің автоматты түрде қайтару алгоритмінде белгіленгеннен артық емес және ұшу тапсырмасын орынауға әсер етпегенуақытқа істен шығуы;

      40) экипаждың оның даярлық деңгейіне сәйкес келмейтін тапсырманы орындауы;

      41) әуе кемесінің бортына дауылды ескертуді немесе ұшып көтерілу және қону пункттерінде ұшу жоспарын өзгертуді талап ететін ұшу бағыттары бойынша ауа райының жай-күйі туралы ақпаратты беру тәртібі мен мерзімдерін бұзу;

      42) негізгі электрмен қоректендіру көздері істен шыққан кезде резервтегі байланыс және ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарына немесе электрэнергиясын ажыратқан кезде электрмен қоректендірудің автономды көздеріне ауысудың нормативтік мерзімдерін асыру;

      43) ұшуды басқару топтары (әуе қозғалысын басқару органдары) персоналының немесе командалық пункттер есептоптарының олардың жауапкершілік аймағындағы әуе жағдайы туралы ақпаратты беруді тоқтатуы;

      44) радиолокациялық станция операторының ұшу биіктігінің мәндерін радиолокациялық станцияның тактикалық-техникалық деректерінен асатын қатемен беруі;

      45) дайындалмаған ұшуларды әуеайлақтық-техникалық қамтамасыз ету құралдарын ұшуға беру, ұшуларды ұшудатексерілмеген (бақылап ұшу мерзімі өтіп кеткен) радиотехникалық құралдармен қамтамасыз ету;

      46) әуе кемесін түнгі уақытта басқару кезінде басқару жолдарында және ұшу-қону жолағына жақын жерде автомобиль немесе арнайы көлік шамдарының жарығымен әуе кемесі ұшқышының (экипаж мүшесінің) көзін шағылыстыру;

      47) дауылды ескертуді уақтылы әзірлемеу және ұсынбау;

      48) ұшу тапсырмасын орындауды тоқтатуға әкеп соқтырғанәуе кемесінің істен шығулары мен ақаулықтары;

      49) ұшуларды жасау, қамтамасыз ету және оларға қызмет көрсету кезіндегі әуе кемесінің бүтіндігіне және оның бортындағы адамдардың өміріне қауіп төндіруі мүмкін немесе төндірген басқа да жағдайлар.

  Қазақстан Республикасында
мемлекеттік авиациядағы
авиациялық оқиғалар мен оқыс
оқиғаларды тергеп-тексеру
қағидаларына
10-қосымша
  Нысан
  Бекітемін
____________________________
____________________________
(комиссияны тағайындаған
лауазымды адамның лауазымы,
әскери атағы, қолы,
инициалдары және тегі)
20__ жылғы "___" __________

Авиациялық инцидентті тексеру актісі (елеулі авиациялық инцидентті, әуе кемесінің зақымдануымен болған елеулі авиациялық инцидентті)

      _______________________________________________________________

      (мемлекеттік авиацияның авиациялық бөлімшесі,

      _______________________________ _________ 20__ жылғы "___" __________

      бөлімі, басқару органы атауы)            (апта күні, жергілікті уақыт)

      болған _________________

      (әуе кемесінің типі)

      1. Жалпы мәліметтер.

      Тергеп-тексеруді _______________________________ __________№_____

      (комиссияны тағайындаған лауазымды адам) (күні)

      бұйрығымен тағайындалған комиссия жүргізді.

      Құрамында:

      Төраға _______________________________________________________

      (лауазымы, әскери атағы, тегі, инициалдары)

      Комиссия мүшелері ___________________________________________

      (лауазымы, әскери атағы, тегі, инициалдары)

      2. Әуе кемесінің экипажы:

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде);

      әскери атағы;

      атқаратын лауазымы;

      берілген сыныптық біліктілігі.

      Экипаж командиріне және ұшқыш-нұсқаушыға қосымша туған жылы, жалпы және әскери білімі, ұшу жұмысындағы өтілі, жалпы ұшуы, әуе кемесінің осы типінде қай уақыттан бері ұшады және ұшуы, бұдан бұрын авиациялық оқыс оқиғаларға жол бергені көрсетіледі.

      Егер авиациялық жағдай әуе қозғалысын басқару органының (бұдан әрі – ӘҚБ), инженерлік-техникалық құрамның немесе ұшуды қамтамасыз ету қызметтерінің қате әрекет етуіне байланысты болса:ӘҚБорганы үшін – ұшуға басшылық жасаудағы өтілі, инженерлік-техникалық құрам және ұшуды қамтамасыз ету қызметтерінің мамандары үшін – осы лауазымдағы жұмыс өтілі және осы әуе кемесін немесе ұшуды қамтамасыз ету құралдарын пайдалану бойынша жеке жұмыс өтілі, бұрын жеке басының қателігі бойынша авиациялық оқыс оқиғаға (оқиғаға) болғаны қосымша көрсетіледі.

      3. Әуе кемесі, қозғалтқыштар, агрегат (станция) туралы деректер.

      Бөлім авиациялық техника істен шыққан (ақаулы болған) жағдайда толтырылады.


Әуе кемесі

Қозғалтқыш

Агрегат

типі және зауыттық нөмірі




Жасаушы кәсіпорын, жасаған күні




Пайдаланудан бастап белгіленген ресурс және ұшуы




Жөндеу саны




соңғы жөндеу (күні, қашан, қандай ауқымда)




Соңғы жөндеуден кейінгі белгіленген ресурс және ұшуы (атқарымы)




      4. Авиациялық жағдайдың мән-жайы.

      Ұшу тапсырмасы, метеорологиялық жағдайлар, ұшу кезеңі және параметрлері, ерекше жағдай туындаған кезде және өрбупроцесінде экипаждың және ұшуды басқару тобының әрекет етуі.Тергеп-тексеру барысында анықталған авиациялық жағдайдың себептеріне негіз болған қандай мән-жағдайлар.

      5. Авиацялық техниканың жай-күйі.

      Авиациялық техниканың сыртқы істен шығуын (ақаулығын) немесе әуе кемесінің зақымдануын сипаттамасы мазмұндалады. Объективті бақылау материалдарына талдау жүргізіледі.

      6. Авиацияылқ жағдай себептерін анықтау үшін орындалған іс-шаралар.

      7.Авиациялық жағдай себептері туралы қорытынды

      8. Авиациялық жағдайды (осы қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес) және себеп факторларын жіктеу (осы қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес).

      9. Тергап-тексеру нәтижелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар.

      10. Әуе кемесін ақаусыз жай-күйге келтіру тәртібі.

      Әуе кемесін ақаусыз жай-күйге келтіру үшін орындалған (жоспарланған) жұмыс тізбесі, әуе кемесін қатарға қосу күні (болжамды күні) көрсетіледі.

      Әуе кемесін зақымдаумен елеулі авиациялық оқыс оқиға болған жағдайда әуе кемесін қалпына келтіру үшін қажетті қосалқы бөлшектер, агрегаттар, бөлшектер мен тораптар тізбесі, қалпына келтіру жұмысының орны мен тәртібі, әуе кемесін қалпына келтірудің болжамды мерзімі, әуе кемесін қалпына келтіруге жауапты лауазымды адам көрсетіледі.

      Комиссия төрағасы _____________________________________________

      (лауазымы, әскери атағы, қолы, инициалдарымен тегі)

      Комиссия мүшелері: _____________________________________________

      (лауазымы, әскери атағы, қолы, инициалдарымен тегі)

      Әуе кемесін қалпына келтіруге жауапты:____________________________

      _______________________________________________________________

      (лауазымы, әскери атағы, қолы, инициалдарымен тегі)

      Акті жасалған күн___________________

      Актіге қосымшалар:

      жоспарлы ұшу кестесінің көшірмесі (ұшуқағазы);

      ауа-райы бюллетенінің көшірмесі;

      объективті бақылау материалдары (сигналограмма, экспресс-талдау бланкілері, экипажда және ҰБО-дасөулесу радиобайланыс хаттамасы, объективті бақылау бөлімшесі бастығының қортындылары);

      авиациялық оқыс оқиғаға қатысты лауазымды адамдардың баянаттары;

      жұмыс топтарының және кіші комиссиялардың (олар құрылған кезде) есептері;

      басқа да құжаттар (фотолар, схемалар, құжаттар көшірмелері).

      Актіге қосымшаларға әскери бөлім штаб бастығы қол қояды және мөрмен расталады.

  Қазақстан Республикасында
мемлекеттік авиациядағы
авиациялық оқиғалар мен оқыс
оқиғаларды тергеп-тексеру
қағидаларына
11-қосымша
  Нысан

Авиациялық жағдайларды есепке алу және талдау журналы

  1-кесте

Авиациялық жағдайларды есепке алу

      ____________________________________________________________________

      (мемлекеттік авиациясы басқару органының (әскери бөлімнің) атауы, жылы)

Р/с №

Күні

Авиациялық жағдай

Тізбе тармағы

Себептер тобы

Әскери бөлім

Тәулік уақыты Метеорологиялық жағдай

ӘК типі

Борттық номер










      Кестенің жалғасы

Авиация тегі

Лауазымы, ә/атағы, Т. А.Ә.

Сыныптық біліктілігі

Ұшу кезеңі

№ жаттығу мазмұны

Мән-жайлар

Себептер

Профилактикалық іс-шаралар

Тергеп-тексеру актісі бекітілген күн










  2-кесте

Авиациялық жағдайларды талдау


ЖИЫНЫ

Факторлар (себептер) тобы бойынша

1-топ

2-топ

3-топ

Барлығы

олардың ішінде

Бөлім қолбасшылығы анықтаған

Барлығы

олардың ішінде

Барлығы

олардың ішінде

Ұ Ұ Б

Ұ Б Б

Ұ Қ Б

Ұ Қ Б

К Ө К

Ж К

ІШСА

С Р Ұ К

Ұ Қ Қ К

А Ж

С Ф Ы

АОО

















ЕАОО

















ЗЕАОО

















ЖО
















Авариялар
















Апаттар


















Ұшу кезеңдері бойынша

Жіберу

Ұшып көтерілу

А алу

басқару техникасы

Маршрут

ӘН бойынша ЖҚ

ЖН бойынша ЖҚ

Топпен ұшу

Айналу

Айналып ұшу

Кіру

Қону

жерде

АОО














ЕАОО














ЗЕАОО














ЖО














Авариялар














Апаттар
















Айлар бойынша

Қаңтар

Ақпан

Наурыз

Сәуір

Мамыр

Маусым

Шілде

Тамыз

Қыркүйек

Қазан

Қараша

Желтоқсан

АОО













ЕАОО













ЗЕАОО













ЖО













Авариялар













Апаттар















Авиациялық бөлімдер бойынша (авиациялық бөлімшелер бойынша – авиациялық бөлімдер үшін)

Авиация тектері бойынша

21751

53975

54835

14157

МА

ӘКА

АА

ҰҰА

АОО









ЕАОО









ЗЕАОО









ЖО









Авариялар









Апаттар











Метеожағдайлар бойынша

Сыныптық біліктілігі бойынша

Ұшу құрамының лауазымдық санаты бойынша

К Қ М Ж

К К М Ж

К Б А М

Т Қ М Ж

Т К М Ж

Т Б А М

Мерген

1

2

3

Сыныпсыз

Ұшқыш, аға ұшқыш

Буын командирі

Авиациялық бөлімшекомандирі(командир орынбасары)

Авиациялық бөлім, мемлекеттік авиация басқару органының басқармасы

АОО
















ЕАОО
















ЗЕАОО
















ЖО
















Авариялар
















Апаттар
















      Авиациялық жағдайларды есепке алу және талдау журналын жүргізу бойынша нұсқаулар:

      1) авиациялық жағдайларды есепке алу күнтізбелік жыл ішінде жүргізіледі;

      2) авиациялық жағдайларды талдау жоғары тұрған ұшу қауіпсіздігінің басшылық органына деректер ұсына отырып, ай сайын, тоқсан сайын және бір жыл үшін жүргізіледі;

      3) есепке алу және талдау нәтижелері ай сайын шығарылады және құпия емес іс жүргізуде есепке алынады;

      4) авиациялық жағдайларды есепке алу және талдау журналының деректері кемінде екі магниттік ақпарат жеткізгіште сақталуға тиіс.

  Қазақстан Республикасында
мемлекеттік авиациядағы
авиациялық оқиғалар мен оқыс
оқиғаларды тергеп-тексеру
қағидаларына
12-қосымша
  Нысан

Авиациялық оқиғаларды есепке алу журналы

      Басталды:

      Аяқталды:

Р/с

Авиацялық оқиға болған күн, авиация тегі, сипаттамасы, қаза тапқандар саны

Авиациялық бөлім. Орналасу әуеайлағы. Әуе кемесінің типі

Тәулік уақыты, метеожағдай,
жауапкершілік аймағы

Экипаж туралы деректер: лауазымы, әскери атағы, инициалдары және тегі, сыныптық біліктілігі, туған жылы, қандай училище және қашан бітірді, әуе кемесінің осы типінде жалпы ұшуы

Әуе кемесі туралы негізгі деректер

Ұшу кезеңі, ұшуға тапсырма, авиациялық оқиғаның мән-жайы

Авиациялық оқиғаның себептері туралы қорытынды

Авиациялық оқиғаны тергеп-тексеру кезінде ашылған кемшіліктер

Ашылған кемшіліктерді жоюға бағытталған іс-шаралар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10











  Қазақстан Республикасында
  мемлекеттік авиациядағы
  авиациялық оқиғалар мен
  оқыс оқиғаларды
  тергеп-тексеру қағидаларына
  13-қосымша
  Нысан

Авиациялық оқыс оқиғаларды, ұшуды ұйымдастыру, жүргізу, басқару және қамтамасыз ету кезінде орын алған бұзушылықтар мен кемшіліктерді есепке алу журналы ___________________________________________________________ (басқару органы бөлімшесінің атауы)

Р/с№

Авиациялық жағдай болған күн мен түрі

Әскери бөлім (әуеайлақ) нөмірі, әуе кемесінің түрі, оның борттық нөмірі

Анықталған кемшіліктер мен бұзушылықтар

Анықталған кемшіліктер мен бұзушылықтартар себебі

Басқару органы қабылдаған шаралар







      Қосымша:

      1)ұшуды ұйымдастыру, жүргізу, басқару және қамтамасыз ету кезінде орын алған бұзушылықтар мен кемшіліктер авиациялық жағдайларды тергеп-тексеру актілері, ұшуды талқылау мәліметтері, сондай-ақ жоғары әскери басқару органдары әскери бөлімдерді тексеру нәтижелері бойынша есепке алынады;

      2) көрсетілген нысанға қосымша мәліметтерді қосуға жол беріледі.

  Қазақстан Республикасында
  мемлекеттік авиациядағы
  авиациялық оқиғалар мен
  оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру
  қағидаларына
  14-қосымша
  Нысан

Авиациялық оқыс оқиғаларды, ұшқыш құрамының (экипаждардың) бұзушылықтары мен қате әрекет етуін есепке алу журналы

      _____________________________________________________

      (авиациялық бөлімше атауы)

      1. Ұшқыш құрамының (экипаждардың) авиациялық оқыс оқиғалары (бұзушылықтары мен қате әрекет етуі):

      Лауазымы, әскери атағы, сыныбы __________________________________

      Ұшқыштың (экипаж мүшесінің) тегі, аты және әкесінің аты (бар болған кезде)

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

Күні

Тәулік уақыты.
Метеожағдайлар.
Әуе кемесінің түрі және борттық нөмірі. Ұшу кезеңі.

Авиация тегі жауынгерлік даярлық курсы жаттығуының нөмірі және ұшу тапсырмасының қысқаша мазмұны.
Есеп бойынша нешінші ұшу және ұшу ауысымының қай сағатында ұшу орындалды

Авиациялық оқыс оқиғаның мән-жайы және сипаттамасы (бұзушылықтар, қате әрекет ету)

Авиациялық оқыс оқиғаның себептері (бұзушылықтар, қате әрекет ету)

Командирдің (бастықтың) нұсқаулары.
Қабылданған шаралар, орындалғаны туралы белгілер

1

2

3

4

5

6







      2. Авиациялық оқыс оқиғаларды талдау нәтижелері, бұзушылықтар мен қателіктер, ашылған себептер мен кемшіліктерді жою бойынша нұсқаулар.

      3. Журналды тексеру нәтижелері.

      Ескертпе:

      1) журнал авиациялық бөлімшенің әрбір ұшқышына бөлек жүргізіледі;

      2) ұшқыш құрамының журналы басшылық ұшқыш құрамның және эскадрилия командирлері авиациялық бөлімінің ұшу қауіпсіздігі бөлімінде, эскадрилия ұшқыш құрамының журналы авиациялық эскадрилия штабында сақталады;

      3) басқа экипаж мүшелері жол берген авиациялық оқыс оқиғалар, бұзушылықтар мен қателіктер экипаж командиріне саналады;

      4) кестенің 6-бағанында тура және тікелей командирлердің (басшылардың) ұшуды талқылау нәтижелері, нұсқаушылардың байқауы, объективті бақылау материалдары, авиациялық жағдайларды тергеп-тексеру бойынша нұсқаулары жазылады. Орындағаны туралы белгі күнімен және лауазымды адамның қолтаңбасымен қойылады;

      5) журналдың2-тармағында ай сайын тікелей командирлер авиациялық оқыс оқиғаларды, ұшқыш құрамының бұзушылықтары мен қателіктерін талдау нәтижелерін жазады, қортынды жасайды және ашылған себептер мен кемшіліктерді жою бойынша нұсқаулар береді;

      6) журналды тура командирлер мен бастықтаржүргізеді. Авиациялық эскадриляда журналды жүргізуді және сақтауды бақылауды авиациялық эскадрилия командирінің орынбасары, авиациялық бөлімде ұшу қауіпсіздігі органының басшысы жүзеге асырады;

      7) журнал кемінде екі жыл жүргізілуге тиіс.

  Қазақстан Республикасында
мемлекеттік авиациядағы
авиациялық оқиғалар мен
оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру
қағидаларына
15-қосымша

Мемлекеттік авиацияның әуе кемелерімен болған авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғалар факторларының (салдарының) топтары

      1. Ұшуды ұйымдастыру, жүргізу, басқару немесе қамтамасыз ету кезіндегі жеке құрамның бұзушылықтары (олқылықтары):

      1) ұшуды ұйымдастырудағы бұзушылықтар (олқылықтар) (ҰҰБ):

      белгіленген тәртіпті және ұшуды ұйымдастыру қағидаларын бұзу (олқылық) (ҰҰБ-а);

      авиациялық бөлім лауазымды адамдарының жеткіліксіз кәсіби даярлығы (ҰҰБ-б);

      авиациялық бөлім (құрама, бірлестік) жеке құрамының ұшуды жасау жөніндегі құжаттарды әзірлеудегі бұзушылықтары (олқылықтары) (ҰҰБ-в);

      2) әуе қозғалысын басқару, ұшуға басшылық жасау кезіндегі бұзушылықтар (олқылықтар) (ҰББ):

      белгіленген тәртіпті және ұшуға басшылық жасау (әуе қозғалысына қызмет көрсету) қағидаларын сақтауды бұзу (олқылық) (ҰББ-а);

      ұшуға басшылық жасауға жеке дайындалу кезінде ҰБТ (ӘҚБ органдары) персоналының жауапсыздығы (ҰББ-б);

      ҰБТ (ӘҚБ органы) персоналының жеткіліксіз кәсіби даярлығы (ҰББ-в);

      ҰБТ (ӘҚБ органы) персоналының өзара іс-қимылды бұзуы (олқылығы) (ҰББ-г);

      ҰБТ (ӘҚБ органы) персоналы жұмыс қабілетінің төмендеуі салдарынан болған бұзушылықтар (олқылықтар немесе қателіктер) (ҰББ-д);

      3) әуе кемесі экипаж мүшелерінің бұзушылықтары (олқылықтары) (НҚҚ):

      белгіленген тәртіпті және ұшу тапсырмаларын орындау қағидаларын бұзу (олқылық) (НҚҚ-а);

      экипаж командирінің (ұшқыштың) ұшуды басқарудағы бұзушылықтары (қателіктері) (НҚҚ-б);

      экипаж мүшелерінің авиациялық техниканы пайдалануды бұзуы (қателігі) (НҚҚ-в);

      экипаж мүшесінің ұшуға жеке дайындық кезіндегі жауапсыздығы (НҚҚ-г);

      экипаж мүшесінің жеткіліксіз кәсіби даярлығы (НҚҚ-д);

      экипаж мүшелерінің өзара іс-қимылындағы бұзушылықтары (олқылықтары) (НҚҚ-е);

      жұмыс қабілетінің төмендеуі салдарынан экипаж мүшелерінің бұзушылықтары (қателіктері) (НҚҚ-ж);

      бұзушылықтар (қателіктер) себебі анықталған жоқ (НҚҚ-з);

      4) ұшуды қамтамасыз етудегі бұзушылықтар (олқылықтар) (ҰҚБ):

      аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз етудегі бұзушылықтар (олқылықтар) (ҰҚБ-а);

      штурмандық қамтамасыз етудегі бұзушылықтар (олқылықтар) (ҰҚБ-б);

      инженерлік-авиациялық қамтамасыз етудегі бұзушылықтар (олқылықтар) (ҰҚБ-в);

      әуеайлақтық-техникалық қамтамасыз етудегі бұзушылықтар (олқылықтар) (ҰҚБ-г);

      радиотехникалық (жарық-техникалық) қамтамасыз етудегі бұзушылықтар (олқылықтар) (ҰҚБ-д);

      метеорологиялық (орнитологиялық) қамтамасыз етудегі бұзушылықтар (олқылықтар) (ҰҚБ-е);

      медициналық қамтамасыз етудегі бұзушылықтар (олқылықтар)

      (ҰҚеБ-ж).

      2. Ұшуды жасауға қатысатын жеке құрамның әрекет етуіне байланысты авиациялық техниканың істен шығуы:

      1) авиациялық техниканың конструкторлық-өндірістік кемшіліктері (КӨК):

      авиациялық техниканың конструкторлық (оның ішінде эргономикалық) кемшіліктері (КӨК-а);

      авиациялық техниканың өндірістік кемшіліктері (КӨК-б);

      2) авиажөндеу кәсіпорындарында авиациялық техниканы жөндеу кемшіліктері (ЖК):

      технологиялық жұмыс құжаттамасында белгіленген жөндеуді ұйымдастыру және оның технологиясы қағидалары мен шарттарын бұзу (олқылық) (ЖК-а);

      орындалатын жұмыстарды орындаушылардың жеткіліксіз кәсіби даярлығы (ЖК-б);

      авиациялық техниканы жөндеу технологиясының нормативтік немесе жөндеу құжаттамасының талаптарына сәйкес келмеуі (ЖК-в);

      белгіленген тәртіпті және жөндеуді орындағаннан кейін авиациялық техниканы ұшуға дайындау қағидаларын бұзу (олқылық (ЖК-г);

      3) себептері анықталмаған, алайда болуы анағұрлым ықтимал авиациялық техниканың істен шығуы (САІШ):

      авиациялық техниканың кострукторлық-өндірістік кемшіліктері (САІШ-а);

      авиациялық техниканы жөндеудегі кемшіліктер (САІШ-б);

      ұшуды инженерлік-авиациялық қамтамасыз етудегі кемшіліктер (САІШ-в);

      ұшуды әуеайлақтық-техникалық қамтамасыз етудегі кемшіліктер (САІШ-г);

      сыртқы факторлардың әсер етуі (САІШ-д).

      3. Басқа да себептер:

      1) авиациялық техниканы сынаудағы және ұшу жұмысын регламенттеудегі кемшіліктер (СҚРК):

      сынауды жүргізу кезінде авиациялық техниканың кемшіліктерін анықтау (СҚРК-а);

      сынауды толық ауқымда жүргізбеу, сынапұшуды орындау тәртібін және қағидаларын бұзу (СҚРК-б);

      ұшу жұмысын ұйымдастыруды регламенттейтін құжаттардың кемшіліктері (СҚРК-в);

      ұшуды басқаруды регламенттейтін құжаттар кемшіліктері (СҚРК-г);

      ұшуды қамтамасыз етуді регламенттейтін құжаттар кемшіліктері (СҚРК-д);

      әуе кемесін ұшуда және техникалық пайдалануды регламенттейтін құжаттар кемшіліктері (СҚРК-е);

      2) ұшуды қамтамасыз ету құралдарының кемшіліктері (ҰҚҚК):

      ұшуды жерүсті қамтамасыз ету құралдарының конструкторлық және эргономикалық кемшіліктері (ҰҚҚК-а);

      ұшуды жерүсті қамтамасыз ету құралдарының төмен пайдалану сенімділігі (ҰҚҚК-б);

      ұшуды жерүсті қамтамасыз ету құралдарын жөндеудің төмен сапасы (ҰҚҚК-в);

      3) себептері анықталмаған, алайда болуы анағұрлым ықтимал жағдайлар (СА):

      экипаж мүшелерінің қате әрекет етуі (СА-а);

      авиациялық техниканың істен шығуы (СА-б);

      сыртқы факторлардың әсер етуі (СА-в).

      4) сыртқы болжанбаған факторлардың әсер етуі (СБФӘ):

      атмосферадағы бөгде заттармен қақтығысу (СБФӘ-а);

      құстармен қақтығысу (СБФӘ-б);

      атмосфералық электрдің әсер етуі (СБФӘ-в);

      турбуленттілік (СБФӘ-г);

      желдің ауысуы (СБФӘ-д);

      әртүрлі кедергілер түрлерінің әсер етуі (СБФӘ-е);

      экипаждың жұмыс қабілетін жоғалтуы (СБФӘ-ж).