"Жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салуды енгізу, оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының міндетін атқарушысының 2015 жылғы 24 шілдедегі № 190 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Төрағасының 2020 жылғы 30 шiлдедегi № 27-5-6/156 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 3 тамызда № 21048 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салуды енгізу оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 шілдедегі № 190 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11939 болып тіркелген, 2015 жылғы 14 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-қосымшаның 8-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Сырдария өзенi Кiшi Арал теңiзiне құятын жерінен Көкарал бөлiп тұру бөгетiне дейiнгi оңтүстiк бағытта, Көкарал түбегіне дейiнгi батыс бағытта, солтүстiк және солтүстiк-шығыс бағыттарда 5 километр (бұдан әрі - км), Сырдария өзенінің ағысымен жоғары бағытта 5 км учаскеде;

      Ескертпе: балық өлiмiн болдырмау мақсатында Көкарал бөгетiнiң төменгi бьефінде, Кiшi Арал теңiзiн Үлкен Арал теңiзiмен байланыстыратын жылғада балық аулауға жол беріледі.";

      1-қосымшаның 8-1 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8-1. Шардара су қоймасының платиналды аймағында қоймалы ауды қолдануға тыйым салу енгізілсін";

      1-қосымшаның 12-тармағының 1), 2) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Жайсан көлінде және Қарақастан бірінші Батин шоқысына дейінгі Бұқтырма су қоймасының көл-өзен бөлігінде 16 сәуiрден 30 мамырды қоса алғандағы аралықта;

      2) бірінші Батин шоқысынан Бұқтырма СЭС дейiн Бұқтырма су қоймасының терең бөлігінде 1 мамырдан 15 маусымды қоса алғандағы аралықта;

      4) Павлодар облысының арқалық, тұщы су айдындарында, Шығыс Қазақстан облысының әкімшілік шекарасынан Ресей Федерациясының мемлекеттік шекарасына дейінгі аралықтағы Ертіс өзенінде және оның жайылмалы су айдындарында, Қаныш Сәтбаев атындағы каналдың бойымен барлық гидротораптарын (суқоймасы) қоса алғанда 15 сәуірден 30 мамырды қоса алғандағы аралықта балық аулауға тыйым салу енгізілсін.";

      1-қосымшаның 13-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Ақсаха балық түрлері уылдырық шашу және артемияның көбеюі кезеңінде мынадай орындар мен мерзімдерде:

      1) Бұқтырма және Өскемен су қоймаларында және Өскемен СЭС-нан Шүлбі су қоймасына дейін және Шүлбі СЭС-нан Павлодар облысының әкімшілік шекарасына дейінгі Ертіс өзенінде, Қаныш Сәтпаев атындағы № 1 каналдың су торабының су қоймасында ақсаха балық түрлерін 10 қарашадан 10 желтоқсанды қоса алғандағы аралықта аулауға;

      2) Павлодар облысының тұзды су айдындарында артемия жұмыртқаларын 1 наурыздан 15 маусымды қоса алғандағы аралықта жинауға және дайындауға;

      3) Бұқтырма су қоймасында Казнаковка өткелінен ағыстан төмен Бұқтырма СЭС-не дейін 10 қарашадан 10 желтоқсанды қоса алғандағы аралықта аулауға тыйым салу енгізілсін.";

      1-қосымшаның 17-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Балық ресурстары мен басқа да су жануарларының уылдырық шашу және көбеюі кезеңінде Нұра-Сарысу бассейнінің су айдындарында мынадай орындар мен мерзімдерде:

      көксерке - 20 сәуірден 20 мамырды қоса алғандағы аралықта;

      сазан (тұқы) - 15 мамырдан 30 маусымды қоса алғандағы аралықта аулауға тыйым салу енгізілсін;"

      1-қосымшаның 19-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қостанай облысының Арқалық қаласы мен Амангелдi, Жангелдi аудандарының су айдындарында:

      шортан - 20 наурыз бен 20 сәуірді қоса алғандағы аралықта;

      сазан (тұқы), табан, оңғақ, көксерке - 20 сәуірден 30 мамырды қоса алғандағы аралықта аулауға;

      2) Қостанай облысының басқа аудандары мен қалаларының су айдындарында:

      мөңке - 20 мамырдан 10 маусымды қоса алғандағы аралықта;

      шортан, аққайран - 10 сәуірден 10 мамырды қоса алғандағы аралықта;

      сазан (тұқы), табан, оңғақ, көксерке - 20 мамырдан 30 маусымды қоса алғандағы аралықта;

      нәлім - 1 желтоқсаннан 31 қаңтарды қоса алғандағы аралықта;

      шаян - 15 қазан мен 30 маусымды қоса алғандағы аралықта аулауға;

      3) Ақтөбе облысының су айдындарында:

      шортан, көксерке, берiш, аққайран, ақмарқа, қызыл көз, торта, алабұға, тұрпа, тарақ балық - 10 сәуірден 10 мамыр қоса алғандағы аралықта;

      сазан (тұқы), мөңке, оңғақ, жайын, қызыл қанатты шұбар балық, айнакөз, табан -10 мамырдан 5 маусымды алғандағы аралықта;

      нәлім - 1 желтоқсаннан 31 қаңтарды қоса алғандағы аралықта;

      ақсаха балық түрлері - 20 қазан мен 30 қарашаны қоса алғандағы аралықта;

      шаян - 1 ақпаннан 5 маусымға қоса алғандағы аралықта аулауға;

      4) кәсіпшілік емес балық аулау құралдарын қолдана отырып 15 сәуірден 1 шілдені қоса алғандағы аралықта:

      сағадан (Демалыс үйі мүйісі) Котюбок шығанағының жоғарғы жағына дейінгі Жоғарғы-Тобыл су қоймасында;

      Халвай кентінен Аят бұлағының бөгетiне (Тобыл қолтығы) дейiнгі аралықта және автожол көпірінен (Рудный қаласы - Тобыл станциясы тас жолы) Майский ауылына (Аят қолтығы) дейiнгі Қаратомар су қоймасында балық аулауға тыйым салу енгізілсін.";

      1-қосымшаның 28-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Балық ресурстары мен басқа да су жануарларының уылдырық шашу және көбеюі кезеңінде мынадай орындар мен мерзімдерде:

      1) Билікөл, Бөгеткөл және Ақкөл көлдерін өзара байланыстыратын Аса өзенінде және оның құймаларында 1 наурыздан 1 шілдені қоса алғандағы аралықта;

      2) Шу-Талас бассейнінің басқа су айдындарында 15 сәуірден 31 мамырды қоса алғандағы аралықта;

      3) Тасөткел су қоймасынан жоғары орналасқан Шу өзенінде, оның құймаларында және Талас өзенінде 15 сәуірден 30 маусымды қоса алғандағы аралықта балық аулауға тыйым салу енгізілсін.";

      1-қосымшаның 29-тармағы алынып тасталсын;

      2-қосымшаның 3-тармағының 1), 2), 4), 5), 6) және 7) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Жайсан көлінде және Қарақастан бірінші Батин шоқысына дейінгі Бұқтырма су қоймасының көл-өзен бөлігінде 31 мамырдан 15 сәуiрді қоса алғандағы аралықта;

      2) бірінші Батин шоқысынан Бұқтырма СЭС дейiнгі ағыстан төмен Бұқтырма су қоймасының терең бөлігінде 16 маусымнан 30 сәуірді қоса алғандағы аралықта;

      4) Павлодар өзенінің арқалық, тұщы су айдындарында, Шығыс Қазақстан облысының әкімшілік шекарасынан Ресей Федерациясының мемлекеттік шекарасына дейінгі Ертіс өзенінде және оның жайылмалы су айдындарында 31 мамырдан 14 сәуірді қоса алғандағы аралықта;

      5) артемия жұмыртқаларын жинау және дайындау үшін Павлодар облысының тұзды су айдындарында 16 маусымнан 29 ақпанды қоса алғандағы аралықта;

      6) ақсаха балық түрлерін аулау үшін Бұқтарма және Өскемен су қоймаларында, Өскемен СЭС-нан Шүлбі су қоймасына дейін және Шүлбі СЭС-нан Павлодар облысының әкімшілік шекарасына дейінгі Ертiс өзенiнде, Қаныш Сәтпаев атындағы № 1 каналдың су торабының су қоймасында 11 желтоқсаннан 9 қарашаны қоса алғандағы аралықта;

      7) Бұқтырма су қоймасында Казнаковка өткелінен ағыстан төмен Бұқтырма СЭС-не дейін 11 желтоқсаннан 9 қарашаны қоса алғандағы аралықта пайдалану орындары мен мерзімдері белгіленсін.";

      2-қосымшаның 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Нұра-Сарысу балық шаруашылығы бассейні бойынша пайдалану орындары мен мерзімдері белгіленсін:

      көксерке - 21 мамырдан 19 сәуірді қоса алғандағы аралықта;

      сазан (тұқы) - 1 маусымнан 30 сәуірді қоса алғандағы аралықта.";

      2-қосымшаның 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Мынадай:

      1) Қостанай облысының Арқалық қаласы мен Амангелдi, Жангелдi аудандарының су айдандарында:

      шортан - 21 сәуірден 19 наурызды қоса алғандағы аралықта;

      сазан (тұқы), табан, оңғақ, көксерке - 31 мамырдан 19 сәуірді қоса алғандағы аралықта;

      2) Қостанай облысының басқа аудандары мен қалаларының су айдындарында:

      мөңке - 11 маусымнан 19 мамырды қоса алғандағы аралықта;

      шортан, аққайран - 11 мамыр мен 9 сәуірді қоса алғандағы аралықта;

      сазан (тұқы), табан, оңғақ, көксерке - 1 шілдеден 19 мамырды қоса алғандағы аралықта;

      нәлім - 1 ақпаннан 30 қарашаны қоса алғандағы аралықта;

      шаян - 1 шілдеден 14 қазанды қоса алғандағы аралықта;

      3) Ақтөбе облысының су айдындарында:

      шортан, көксерке, берiш, аққайран, ақмарқа, қызыл көз, торта, алабұға, тұрпан, тарақ балық - 11 мамырдан 9 сәуірді қоса алғандағы аралықта;

      сазан (тұқы), мөңке, оңғақ, жайын, қызыл қанатты шұбар балық, айнакөз, табан - 6 маусымнан 9 мамырды қоса алғандағы аралықта;

      нәлім - 1 ақпаннан 30 қарашаны қоса алғандағы аралықта;

      ақсаха балық түрлері - 1 желтоқсаннан 19 қазанды қоса алғандағы аралықта;

      шаян - 6 маусымнан 31 қаңтарды қоса алғандағы аралықта;

      4) кәсіпшілік емес балық аулау құралдарын қолдана отырып, сағадан (Демалыс үйі мүйісі) Котюбок шығанағының жоғарғы жағына дейінгі Жоғарғы-Тобыл су қоймасында, сондай-ақ Халвай кентінен Аят бұлағының бөгетiне (Тобыл қолтығы) дейiнгі және автожол көпірінен (Рудный қаласы - Тобыл станциясы тас жолы) Майский ауылына (Аят қолтығы) дейiнгі Қаратомар су қоймасында 2 шілдеден 14 сәуірді қоса алғандағы аралықта пайдалану орындары мен мерзімдері белгіленсін.";

      2-қосымшаның 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Мынадай:

      1) Билікөл, Бөгеткөл және Ақкөл көлдерін өзара байланыстыратын Аса өзенінде және оның құймаларында 2 шілдеден 29 ақпанды қоса алғандағы аралықта;

      2) басқа су айдындарында 1 маусымнан 14 сәуірді қоса алғандағы аралықта;

      3) Тасөткел су қоймасынан жоғары орналасқан Шу өзенінде, оның құймаларында және Талас өзенінде 1 шілдеден 14 сәуірді қоса алғандағы аралықта пайдалану орындары мен мерзімдері белгіленсін.".

      2. Балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу басқармасы заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      ҚР ЭГТРМ Орман шаруашылығы
және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы
А. Кайнарбеков