"Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2020 жылғы 10 шiлдедегi № 666 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 14 шiлдеде № 20954 болып тіркелді

Қолданыстағы

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексі 82-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінде:

      668-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "668. Осы тарауда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      Арнайы несие шоты – Банкте тек МЖӘ объектісін, оның ішінде концессия объектісін, құру үшін пайдалана алынатын инфрақұрылымдық облигацияларды орналастырудан түскен қаражатты есепке алу үшін ашылған арнайы несие шотында ақша бөлігінің кезеңді төлемдері арқылы қарыз алушының міндетті жинағы;

      бағдарламалық сыртқы қарыз – бағдарламалық жобаны қаржыландыруға тартылатын сыртқы үкіметтік қарыз түрі;

      бағдарламалық жоба – институционалдық дамуға бағытталған, сондай-ақ республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыру шеңберінде бюджеттік қолдау ретінде сыртқы қарыздар қаражаты есебінен іске асырылатын іс-шаралар жиынтығы;

      банк – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекет кепілдік берген қарыздарға, мемлекет кепілгерлігімен тартылған қарыздарға қызмет көрсетуге өкілеттік берілген банк немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым;

      банк-кепілгер – Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкі немесе шетелдік банк. Қазақстан Республикасының кепілдік беретін екінші деңгейдегі банкін қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган ұсынатын ақшалай нысанда атқаруды көздейтін банктік кепілдемелер беруге заңды лицензиясы бар екінші деңгейдегі банктердің атауын қамтитын тізбеден бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган анықтайды;

      бизнес-жоспар – алдағы қарыз жылындағы төлемдер мен кіріс көздерінің түрлері туралы кесте қамтылатын алдағы қаржы жылына арналған қарыз алушы әзірлейтін құжат;

      институционалдық жоба – саланы (аяны) институционалдық дамытуға бағытталған, бюджеттік бағдарлама әкімшісі белгілі бір уақыт кезеңі ішінде тікелей іске асыратын, аяқталған сипатқа ие және қарыз шартын жасасу жолымен мемлекеттік қарыз алу арқылы қаржыландырылатын іс-шаралар жиынтығы;

      жергілікті атқарушы орган – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің жергілікті атқарушы органы;

      кепілгерлік шарты – тараптардың мемлекет кепілгерлігін беру туралы құқық қатынастарын, міндеттемелері мен жауапкершілігін белгілейтін бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган мен мемлекет кепілгерлігімен тартылатын мемлекеттік емес қарыз бойынша облигациялар ұстаушылардың өкілі арасындағы жазбаша келісім;

      концессия мәселелері бойынша мамандандырылған ұйым – концессия мәселелері бойынша қызмет көрсету үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі құрған ұйым;

      қарыз алушы – негізгі борышты өтеу және сыйақыларды, сондай-ақ кредиттік шартқа сәйкес басқа да төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттемелер жүктелген қарыз қаражатын алған қарыз шартының тарабы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан қарыз алушы болып бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган әрекет етеді;

      мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығы – мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

      мемлекет кепілдік берген қарыздар бойынша алдағы төлемдерді қамтамасыз ету жүйесі – қарыз алушының бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша арнайы шарты салым шотын ашуы, сондай-ақ қарыз алушы тиесілі соманы белгіленген мерзімде төлемеген жағдайда, мемлекет кепілдік берген қарыз бойынша берешекті өтеу туралы қарыз алушының бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның алдында банктің кепілдігін беруі;

      мемлекеттік кепілдік беру туралы келісім – бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның, сенім білдірілген өкілдің (агенттің) және қарыз алушының арасындағы мемлекеттік кепілдік беру туралы тараптардың құқықтық қатынастарын белгілейтін мемлекет кепілдік берген қарыз, мемлекеттік кепілдік бойынша міндеттемелерді атқарған жағдайда оқшауландырылған республикалық бюджеттің қаражатын қайтару бойынша мемлекет кепілдік берген қарыз шартына сәйкес міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі келісім;

      облигациялар ұстаушылардың өкілі – бағалы қағаздардың қайталама нарығында инфрақұрылымдық облигацияларды айналдыру, облигациялар бойынша сыйақылар төлеу және оларды өтеу үстінде эмитентпен жасалған шарт негізінде қарыз берушілер мүддесінде әрекет ететін ұйым;

      шартты салымның арнайы шоты (қызмет көрсету шоты) – қарыз алушының сенім білдірілген агент ашқан және тек қана мемлекет кепілдік берген қарыз, мемлекет кепілгерлігімен тартылған қарыз бойынша алдағы төлемдерді өтеуді қамтамасыз етуге ғана арналған арнайы шартты салым шотында ақшаның бөлігін мерзімді төлеу арқылы міндетті жинақтамасы;

      шартты салымның арнайы шотындағы (қызмет көрсету шоты) қаражат қарыз туралы шартқа (келісімге) сәйкес алдағы төлем күніне дейінгі отыз бес күн бұрын негізгі борыштың, есептелген пайыздардың (сыйақының), сондай-ақ өзге де төлемдердің алдағы төлемдерінің жүз пайызы мөлшерінде белгіленеді.";

      673-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "673. Қарыз шарттарын жасасу жолымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыз алуы республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыру мақсатында:

      1) бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру үшін;

      2) институционалдық жобаларды іске асыру үшін;

      3) мемлекеттік бағдарламаның бекітілген көрсеткіштеріне қол жеткізу мақсатында мемлекеттік бағдарламалардың іс-шараларын іске асыру үшін;

      4) қарыз қаражатының бюджетке тікелей түсуі арқылы жүзеге асырылады.

      Қаражаты бюджетке тікелей түсетін сыртқы қарыздарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан сыртқы қарыз тартуды бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган мыналар:

      1) бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесіне оң экономикалық қорытынды;

      2) бюджеттік инвестициялық жоба үшін бекітілген техникалық-экономикалық негіздеме не институционалдық жоба үшін бекітілген қаржылық-экономикалық құжаттама;

      3) бекітілген мемлекеттік бағдарлама;

      4) үкіметтік сыртқы қарыз есебінен қаржыландыруға болжанатын әрбір жоба бойынша республикалық бюджет комиссиясының оң шешімі негізінде жүзеге асырады.

      Жоғарыда санамаланған құжаттардың көшірмелерін мүдделі мемлекеттік орган қарыз жөнінде келіссөздер жүргізгенге дейін 30 жұмыс күн бұрын бюджетті атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға ұсынады.

      Республикалық бюджеттік комиссия шешімінде үкіметтік сыртқы қарыздар есебінен қаржыландыруға болжанған жобаны қаржыландыру көздері белгіленеді.";

      677-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "677. Қазақстан Республикасының Үкіметі қарыз шартын жасасу нысанында қарыз алу кезінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мыналарды:

      1) қаржыландыруға ұсынылған жоба, күтілетін қарыз шарттары бойынша кредит берушілермен келіссөздер ұйымдастыруды және өткізуді;

      2) қарыз шарты мен ілеспе құжаттардың жобаларын дайындауды;

      3) қарыз шарты жобасының бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесіне, институционалдық жобаның қаржылық-экономикалық құжаттамасына немесе мемлекеттік бағдарламаға сәйкестігін бағалауды қамтитын дайындықтарды жүзеге асырады.";

      684-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "684. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп міндетті түрде бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері беретін ақпараттың негізінде және қарыз берушілерден алынатын ақпараттың негізінде үкіметтік сыртқы қарыздардың есебінен қаржыландырылатын жобалардың қаражатын пайдалану мониторингін жүзеге асырады.

      Мемлекеттік сыртқы қарыздар мен республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру бойынша есептілікті ұсыну Бюджет кодексінің 203-бабының 3-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.";

      685-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Егер қарыз шартына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесіне немесе мемлекеттік бағдарламаға өзгерістер мен толықтыруларды енгізуді талап еткен жағдайда бюджеттік бағдарлама әкімшісі бюжеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесіне, бағдарламалық құжатқа немесе мемлекеттік бағдарламаға өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу бойынша рәсімдер өткізеді.";

      833-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "833. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған шоттан сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотынан үкіметтік сыртқы қарыз немесе байланысты гранттың қаражатын алуға арналған өтінімде бірінші топтың қолын алу және бірлесіп қаржыландыру үшін бюджеттік бағдарламалар әкімшісі қаражат алуға арналған өтініммен бірге бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға мыналарды:

      осы Ереженің 136-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сыртқы қарыз шотынан қаражат алуға арналған өтінім бойынша төлемнің мақсатын, не сыртқы қарыз/байланысты грант шотынан қаражатты немесе қаржыландыру қаражатын алуға арналған өтінімдер тізілімін көрсете отырып, ілеспе хатты;

      бірлесіп қаржыландыру бойынша қаржылық операциялар жүргізген кезде аумақтың қазынашылық бөлімшесінде тіркелген шарт және келісімді тіркеу туралы хабарлама;

      қарыз алу шарты немесе байланысты грант туралы келісімнің шеңберінде жасасқан келісімшарттарға төлемдер жүргізілген жағдайда осы келісімшарттарға сәйкес төлем жүргізілетін құжаттардың (орындалған жұмыстардың сертификаттары және/немесе сол немесе өзге қызметтердің берілгені туралы инвойстар, оның ішінде келісімшарттың талаптарында бұл көзделген жағдайларда, банктік кепілдіктердің көшірмелері) көшірмелері, олар бойынша бастапқы төлемдер жүргізу кезінде, одан кейінгі кез келген өзгерістер мен толықтырулары бар көшірмелерін қоса алғанда, осы келісімшарттардың көшірмелері, сондай-ақ егер, бұл қарыз алу шарты және байланысты грант туралы келісім бойынша рәсімдермен көзделген болса, келісімшарттар жасасуға арналған шетелдік қарыз берушінің ресми мақұлдамалар көшірмелерін;

      келісімшарт жасалмай жүргізілетін шығыстар бойынша біржолғы төлемдер жасалған жағдайда бастапқы құжаттардың көшірмесін (шот-фактураларды, жөнелтпе құжаттарды, кіріс кассалық ордерлерді, түбіртектерді, қолхаттарды және өзге де құжаттарды);

      үкіметтік сыртқы қарыздарды және байланысты гранттарды бірлесіп қаржыландыру жөніндегі қаржылық операцияларды қоспағанда, қарыз шарты бойынша немесе байланысты грант туралы келісім бойынша қабылданған қаржы рәсімдеріне сәйкес шетел қарыз берушісіне немесе донорға ұсынуға қажет құжаттардың көшірмесін;

      мемлекеттік бағдарламаның іс-шараларын қаржыландыруға бағытталған үкіметтік сыртқы қарыз қаражатын несие шотынан алу бойынша қаржы операцияларын жүргізу кезінде (аванстық төлемді қоспағанда) қарыз шартымен анықталған көрсеткіштеріне қол жеткізуді растайтын қарыз шартымен көзделген уәкілетті органның (ұйымның) оң қорытындысын;

      бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның сұрау салуы бойынша есеп беретін сомалар жөнінде қосымша ақпаратты, оның ішінде келісімшарттардың, жұмыс көлемі ведомостарының, инвойстердің, сертификаттардың электрондық нұсқасын;

      тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша конкурстық комиссияның шешімін ұсынады.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік қарыз алу департаменті (Д.М. Кенбеил) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер беруді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Қаржы Министрдің міндетін атқарушы
Б. Шолпанкулов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі