ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған "Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі |
Б. Атамкулов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 8 шілдедегі № 392 бұйрығымен бекітілген |
"Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін айқындайды.
2. Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия мынадай қызметтің кіші түрлерін қамтиды:
1) уларды өндіру, өңдеу, сақтау, сату, жою;
2) уларды сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану;
3) уларды сатып алу, сақтау, өткізу.
3. "Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) болып табылады және оны Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 23.06.2021 № 321 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жағдайларда қайта ресімделуге жатады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
5. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жолдайды www.egov.kz, www.elicense.kz осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі-Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты) сәйкес құжаттар.
6. Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы берген кезде - көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында баяндалған.
8. Мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзімі:
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде - 5 (бес) жұмыс күні;
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде - 3 (үш) жұмыс күні;
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде көрсетілетін қызметті алушы бөлініп шығу немесе бөліну нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда - 5 (бес) жұмыс күні.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!9-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 10.12.2021 № 640 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
9. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды қабылдауды және тіркеуді олар түскен күні жүзеге асырады және жауапты орындаушы тағайындалатын көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!10-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 10.12.2021 № 640 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
10. Жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды тіркеген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде осындай құжаттардың толықтығын тексереді және көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының не оны алмастыратын адамның электронды цифрлық қолтаңбасы қойылған (бұдан әрі - ЭЦҚ) дәлелді бас тартуды (бұдан әрі - дәлелді бас тарту) дайындайды және оны көрсетілетін қызметті алушыға портал арқылы электрондық құжат нысанында жеке кабинетіне жолдайды.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!11-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 10.12.2021 № 640 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
11. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, жауапты орындаушы осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген мерзім ішінде портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкестігі бөлігінде келісімді алу үшін көрсетілетін қызметті берушінің аумақтық бөлімшесіне электрондық нысанда сұрау салуды жібереді, "Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою бойынша қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 46 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10434 болып тіркелген), (бұдан әрі- біліктілік талаптары), сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі бөлігінде келісу алу үшін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органға (бұдан әрі - санитариялық-эпидемиологиялық талаптар) ұсынады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!12-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 10.12.2021 № 640 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
12. Көрсетілетін қызметті берушінің аумақтық бөлімшесі және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган сұрау салу келіп түскен сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге көрсетілетін қызметті алушының біліктілік және санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы жауап жібереді.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!13-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 10.12.2021 № 640 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
13. Жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті берушінің аумақтық бөлімшесінің және санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық саласындағы мемлекеттік органның жауабын қарағаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 3 немесе 4-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны немесе дәлелді бас тартуды дайындайды.
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер Мемлекеттік қызмет стандартында баяндалған.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" көрсетілетін қызметті беруші басшысының не оны алмастыратын адамның ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында жолданады және сақталады.
14. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер Мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде түседі.
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
15. Шағымдар көрсетілетін қызметті берушінің немесе Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) басшысының атына мына мекенжай бойынша беріледі: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, электрондық пошта мекенжайы: miid@miid.gov.kz (8-7172) 98-35-08, 98-34-82 немесе Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің блогына ("Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің блогы" беті).
16. Шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы не жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде шағымның қабылданғанын растау оның тіркелуі болып табылады (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады).
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетінен" өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі барысында жаңартылып отырады (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).
Шағымда:
1) жеке тұлғаның - оның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), пошталық мекенжайы көрсетіледі;
2) заңды тұлғаның - оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні.
17. Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
18. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
"Уларды өндіру, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 1-қосымша |
"Уларды өндіру, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты"
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 23.06.2021 № 321 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері | www.egov.kz "Электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі - портал) |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде - 5 (бес) жұмыс күні ішінде; |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық (толық автоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру және лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу, не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту |
6 | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
1) осы қызмет түрімен айналысу құқығына лицензия беру кезінде - 10 айлық есептік көрсеткіш; |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші - 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес (бұдан әрі - Кодекс) демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс графигіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін; |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
1) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін: |
9 | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1. Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның беру кезінде: |
10 | Мемлекеттік қызметті көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар. |
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары интернет-ресурстарда орналастырылған: |
"Уларды өндіру, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша |
|
Нысан |
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған жеке тұлғаның өтiнiші |
_______________________________________________________________ |
(лицензиардың толық атауы) |
_______________________________________________________________ |
(жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі) |
_______________________________________________________________ |
(қызметтiң түрi және (немесе) қызметтiң кіші түрінің(-лері) толық атауы көрсетiлсiн) |
жүзеге асыруға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз |
жеткізгіште ________________________________________________________ |
(лицензияны қағаз жеткізгіште алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою керек) |
беруiңiздi сұраймын. |
Жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің мекенжайы______________________ |
____________________________________________________________________ |
(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат нөмірі) |
Электрондық пошта _____________________________________________ |
Телефондары____________________________________________________ |
Факс __________________________________________________________ |
Банк шоты _____________________________________________________ |
(шот нөмірі, банк атауы және орналасқан жерi) |
Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің |
мекенжайы___________________________________________________________ |
(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат |
нөмірі (өндірістік базаның/ғимараттың |
немесе тұрғын емес үй-жайдың (кеңсенің)) |
_________ парақта қоса беріліп отыр. |
Осымен: |
көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы; |
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны; |
қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады; |
өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді; |
өтініш беруші халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерінің өтінішті электрондық цифрлік қолтаңбамен растауына келіседі (халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүгінген жағдайда). |
Жеке тұлға __________ ______________________________________ |
(қолы)(тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда) |
жеке тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасы |
Мөр орны (болған жағдайда) |
Толтыру күні: 20___ жылғы "__" ___________ |
"Уларды өндіру, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызметті көрсету стандартына 2-қосымша |
|
Нысан |
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған заңды тұлғаның өтiнiші |
____________________________________________ |
(лицензиардың толық атауы) |
_______________________________________________________________ |
(заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі) |
_______________________________________________________________ |
(қызметтiң түрi және (немесе) қызметтің кіші түрінің(-лері) толық атауы көрсетiлсiн) |
_______________________________________________________________ |
жүзеге асыруға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз жеткізгіште |
________________________________________________________________ |
(лицензияны қағаз тасығышта алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою керек) |
беруiңiздi сұраймын. |
Заңды тұлғаның мекенжайы ________________________________________ |
_________________________________________________________________ |
(шетелдік заңды тұлға үшін) пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, |
елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі) |
Электрондық пошта _____________________________________________ |
Телефондары___________________________________________________ |
Факс___________________________________________________________ |
Банк шоты _____________________________________________________ |
(шот нөмірі, банк атауы және орналасқан жерi) |
Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің |
мекенжайы___________________________________________________________ |
(пошталық индексі, і, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат нөмірі (өндірістік базаның/ғимараттың немесе тұрғын емес үй-жайдың (кеңсенің)) |
______ парақта қоса беріліп отыр. |
Осымен: |
көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы; |
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны; |
қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады; |
өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді; |
өтініш беруші халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерінің өтінішті электрондық цифрлік қолтаңбамен растауына келіседі (халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүгінген жағдайда). |
Басшы __________ ______________________________________ |
(қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда) |
ұйым басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасы |
Мөр орны (болған жағдайда) |
Толтыру күні: 20__ жылғы "__" _________________ |
"Уларды өндіру, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызметті көрсету стандартына 3-қосымша |
|
Нысан |
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған жеке тұлғаның өтiнiші |
_______________________________________________________________ |
(лицензиардың толық атауы) |
______________________________________________________________ |
(жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі) |
______________________________________________________________ |
(қызметтiң түрi және (немесе) кіші түрінің(-лері) толық атауы) |
_________________________________________________ жүзеге асыруға |
20___ жылғы "___" ___________ № ___________, ___________ берілген, |
(лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаның(лардың) нөмірі(лері), |
берілген күні, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны(ларды) |
берген лицензиардың атауы) лицензияны және (немесе) лицензияға |
қосымшаны (керектің асты сызылсын) |
қағаз жеткізгіште ___ (лицензияны қағаз жеткізгіште алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою керек) мынадай негіз(дер) бойынша (тиісті жолға Х қою қажет): |
1) жеке тұлға-лицензиаттың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) өзгеруі |
_________________________________________________________ |
2) жеке кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның атауы өзгеруі ______ |
3) жеке кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның заңды мекенжайы өзгеруі |
_________________________________________________________ |
4) егер лицензияның иеліктен шығарылатындығы "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына 1-қосымшада көзделген жағдайларда, лицензиат үшінші тұлғалардың пайдасына объектімен бірге "объектілерге берілетін рұқсаттар" класы бойынша берілген лицензияны иеліктен шығаруы |
_________________________________________________ |
5) "объектілерге берілетін рұқсаттар" класы бойынша берілген лицензия үшін немесе лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып, объект нақты көшірілмей оның орналасқан жерінің мекенжайы өзгеруі ___________ |
6) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талап болған жағдайларда |
_______________________________________________ |
7) қызмет түрінің атауы өзгеруі __________________________________ |
8) қызметтің кіші түрінің атауы өзгеруі ________ қайта ресімдеуіңізді сұраймын. |
Жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің мекенжайы _____________________ |
_______________________________________________________________ |
(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат нөмірі) |
Электрондық пошта __________________________Телефондары__________________ |
Факс _________________________________________________________ |
Банк шоты ____________________________________________________ |
(шот нөмірі, банк атауы және орналасқан жерi) |
Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы |
_________________________________________________________ |
(пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат нөмірі (өндірістік базаның/ғимараттың немесе тұрғын емес үй-жайдың (кеңсенің)) |
______ парақта қоса беріліп отыр. |
Осымен: |
көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы; |
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны; |
қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады; |
өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді; |
өтініш беруші халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерінің өтінішті электрондық цифрлік қолтаңбамен растауына келіседі (халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүгінген жағдайда). |
Жеке тұлға ____________ ___________________________________ |
(қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда) |
жеке тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасы |
Мөр орны (болған жағдайда) |
Толтыру күні: 20__ жылғы "__" _________________ |
"Уларды өндіру, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымша |
|
Нысан |
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған заңды тұлғаның өтiнiші |
______________________________________________________________ |
(лицензиардың толық атауы) |
_______________________________________________________________ |
(заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, |
мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру |
нөмірі болмаған жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің |
бизнес-сәйкестендіру нөмірі) |
_________________________________________________ жүзеге асыруға |
(қызметтiң түрi және (немесе) қызметтің кіші түрінің(-лері)толық атауы) |
20___ жылғы "___" __________ № __________, ______________ берілген, |
(лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаның(лардың) нөмірі(лері), |
берілген күні, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны(ларды) |
берген лицензиардың атауы) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны |
(керектің асты сызылсын) |
қағаз жеткізгіште __________ |
(лицензияны қағаз жеткізгіште алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою керек) |
мынадай негіз(дер) бойынша (тиісті жолға Х қою қажет): |
1) заңды тұлға-лицензиат "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" |
Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабында айқындалған тәртіпке сәйкес |
(тиісті жолға Х қою қажет): |
бірігу _____________________________________________________ |
қайта құру _________________________________________________ |
қосылу ____________________________________________________ |
бөліп шығару ______________________________________________ |
бөліну ________ жолымен қайта ұйымдастырылуы |
2) заңды тұлға-лицензиат атауының өзгеруі _____________________ |
3) заңды тұлға-лицензиаттың орналасқан жерінің өзгеруі __________ |
4) егер лицензияның иеліктен шығарылатындығы "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына 1-қосымшада көзделген жағдайларда, лицензиат үшінші тұлғалардың пайдасына объектімен бірге "объектілерге берілетін рұқсаттар" класы бойынша берілген лицензияны иеліктен шығаруы |
________________________________________________ |
5) "объектілерге берілетін рұқсаттар" класы бойынша берілген лицензия үшін немесе лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып, объект нақты көшірілмей оның орналасқан жерінің мекенжайы өзгеруі ___________ |
6) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талап болған жағдайларда |
____________________________________________________________ |
7) қызмет түрінің атауы өзгеруі _________________________________ |
8) қызметтің кіші түрінің атауы өзгеруі _____ қайта ресімдеуіңізді сұраймын. |
Заңды тұлғаның мекенжайы_____________________________________ |
______________________________________________________________ |
(шетелдік заңды тұлға үшін елі, пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі ) |
Электрондық пошта____________________________________________ |
Телефондары __________________________________________________ |
Факс__________________________________________________________ |
Банк шоты ____________________________________________________ |
(шот нөмірі, банк атауы және орналасқан жерi) |
Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы |
_______________________________________________________ |
(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат нөмірі (өндірістік базаның/ғимараттың немесе тұрғын емес үй-жайдың (кеңсенің)) |
______ парақта қоса беріліп отыр. |
Осымен: |
көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы; |
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны; |
қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады; |
өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді; |
өтініш беруші халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерінің өтінішті электрондық цифрлік қолтаңбамен растауына келіседі (халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүгінген жағдайда). |
Басшы __________ ______________________________________ |
(қолы)(тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда) |
ұйым басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасы |
Мөр орны (болған жағдайда) |
Толтыру күні: 20__ жылғы "__" _________________ |
"Уларды өндіру, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 2-қосымша |
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 23.06.2021 № 321 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті | Комитет индустриального развития Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан | |
Нұр-Сұлтан қ. | Нұр-Сұлтан | |
Нөмір: [Құжат нөмірі] |
Берілген күні: | |
[Ұйымның атауы, заңды мекен-жайы, БСН / ЖСН] | ||
Дәлелді бас тарту | ||
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті, Сіздің [күні] жылғы № [кіріс құжатының нөмірі] өтінішіңізді қарап, мынаны хабарлайды. | ||
[Қол қоюшының лауазымы] | [Қол қоюшының аты-жөні (болған жағдайда)] |
"Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларына 3-қосымша |
|
нысан |
Лицензия
20____ жылғы "___" ___________№_____________
____________________________________________________________________
("Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес
лицензияланатын қызмет түрінің атауы)
_______________________________________________________ айналысуға
_____________________________________________________________ берілді
(заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке тұлғаның толық тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі)
Ерекше шарттары___________________________________________________________
("Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабына сәйкес)
Ескерту: ____________________________________________________________
(иеліктен шығарылатындығы, рұқсаттың класы)
Лицензиар ___________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
Басшы (уәкiлеттi тұлға) _____________________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)
Қолы ______________ (қағаз тасығыштағы лицензиялар үшін)
Мөр орны (қағаз тасығыштағы лицензиялар үшін)
Алғашқы берілген күні: " " ____________ _______ ж.
Лицензияның қолданылу кезеңі: " " ____________ _______ ж.
Берілген орны ____________________________
"Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларына 4-қосымша |
|
нысан |
Лицензияға қосымша
Лицензияның нөмірі ____________
Лицензияның берілген күні 20__ жылғы _________________
Лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрі(лері)____________________________
("Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес лицензияланатын қызметтің кіші түрінің атауы)
Лицензиат _______________________________________________________________
(заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке тұлғаның толық тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі)
Өндiрiстік база__________________________________________(орналасқан жерi)
Лицензияның қолданылуының ерекше шарттары____________________________
("Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабына сәйкес)
Лицензиар ___________________________________________________________
(лицензияға қосымшаны берген органның толық атауы)
Басшы (уәкiлеттi тұлға)
_____________________________________________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)
Қолы ______________ (қағаз тасығыштағы қосымшалар үшін)
Мөр орны (қағаз тасығыштағы қосымшалар үшін)
Қосымшаның нөмірі ________________
Қолданылу мерзiмi "____" _______________ _____ ж.
Қосымшаның берілген күні ________________ 20 ____ ж.
Берілген орны ________________________