"Тауарлардың жекелеген түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 26 маусымдағы № 374 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 29 маусымда № 20907 болып тіркелді.

Жаңартылған

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "тауарлардың жекелеген түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету Ережесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен::

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Индустрия және
инфрақұрылымдық даму министрі
Б. Атамкулов

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі

      министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сауда және интеграция министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      "КЕЛІСІЛДІ"

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің
2020 жылғы 26 маусымдағы
№ 374 бұйрығына
қосымша

"Тауарлардың жекелеген түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету ережесін бекіту туралы

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "тауарлардың жекелеген түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.

      2. Осы Ережеде "жекелеген тауар түрлері" деп үшінші елдермен сауда-саттықта тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген тауарлар көрсетіледі.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      3-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 23.06.2021 № 321 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. "Тауарлардың жекелеген түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) болып табылады және осы Ережелерге сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) беріледі.

      4. Лицензиялар Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы бойынша жіктелетін және оған қатысты лицензиялау енгізілген әрбір тауарға беріледі.

      5. Лицензияны ресімдеу үшін ұсынылған құжаттар, сондай-ақ лицензияның орындалуын растайтын құжаттар лицензияның қолданылу мерзімі аяқталған күннен бастап немесе лицензияның қолданылуын тоқтату немесе тоқтата тұру туралы шешім қабылданған күннен бастап 3 (үш) жыл ішінде уәкілетті органдарда сақталады.

      Көрсетілген мерзім өткеннен кейін құжаттар "Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 703 Қаулысында белгіленген тәртіппен жойылады.

      6. Лицензия беруге өтінішті ресімдеу және лицензияны ресімдеу Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2014 жылғы 6 қарашадағы № 199 шешімімен бекітілген тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына лицензия беруге өтінішті ресімдеу туралы және осындай лицензияны ресімдеу туралы нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      7. Жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Стандартында келтірілген құжаттар тізбесін ұсынады.

      Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы қажетті құжаттарды толық ұсынған жағдайда – көрсетілген қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрау салуды қабылдау статусы және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу мерзімі көрсетіледі.

      Мемлекеттік қызмет көрсету және нәтижесін беру мерзімі:

      экспортқа лицензия беру кезінде - 1 (бір) жұмыс күні;

      импортқа лицензия беру кезінде - 5 (бес) жұмыс күні;

      ақпаратты немесе шифрлау (криптографиялық) құралдарын жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдардың экспортына немесе импортына лицензия беру кезінде – 10 (он) жұмыс күнін құрайды.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Стандартының 8-тармағында көрсетілген құжаттар мен мәліметтерді тіркеуді жүзеге асырады және олар түскен күні жауапты орындаушыны тағайындайтын жетекшіге жолдайды.

      Өтініш беруші Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес бекітілген жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда өтінішті қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      8. Жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың толықтығын тексереді және көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес 1 (бір) жұмыс күні ішінде тәртіп бойынша дәлелді бас тартуды (әрі қарай – Дәлелді бас тарту) дайындайды және оны көрсетілетін қызметті беруші басшысы немесе оны алмастыратын адамның ЭЦҚ қойылған электрондық құжат түрінде портал арқылы мемлекеттік қызметті алушының жеке кабинетіне жолдайды.

      Жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны, жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы алады.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, жауапты орындаушы оның "Тауарлар экспорты мен импортын лицензиялау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтініштердің нысандарын, лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаның нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 67 бұйрығымен бекітілген біліктілік талаптарына (бұдан әрі - біліктілік талаптары) сәйкестігін тексереді және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін – осы Ереженің 3 немесе 4-қосымшаларына сәйкес жекелеген тауар түрлерін импорттауға не экспорттауға лицензия немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы тауарды экспорттауға лицензия алу үшін құжатты тіркеген күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде және мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы тауарды импорттауға лицензия алу үшін құжатты тіркеген күннен бастап 4 (төрт) жұмыс күні ішінде Дәлелді бас тартуды рәсімдейді.

      Көрсетілетін қызметті алушы ақпаратты немесе шифрлау (криптографиялық) құралдарын жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдардың экспортына немесе импортына лицензия беруге құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, жауапты орындаушы көрсетілген құжаттар тіркелген күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде лицензия беруге келісім алу үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сұраныс жібереді.

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті көрсетілетін қызметті берушінің сұратуы негізінде 5 (бес) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы жауап жібереді.

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті тарапынан белгіленген мерзімде жауап ұсынылмаған жағдайда лицензия беру келісілді деп саналады.

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті тарапынан жауап алынған жағдайда жауапты орындаушы 4 (төрт) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін рәсімдейді.

      Бір жолғы лицензияның қолданылу мерзімі оның қолданылуы басталған күннен бастап 1 жылдан аспауға тиіс. Бір жолғы лицензияның қолданылу мерзімі сыртқы сауда келісім-шартының (шартының) қолданылу мерзімімен немесе лицензия беру үшін негіз болып табылатын құжаттың қолданылу мерзімімен шектелуі мүмкін.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту Қазақстан Республикасының Заңнамасымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Стандартының 9-тармағының негізінде жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі Мемлекеттік қызметті көрсетуші басшысының не оны алмастыратын адамның ЭЦҚ қойылған электрондық құжат ретінде мемлекеттік қызметті алушының жеке кабинетіне жолданады және сонда сақталады.

      10. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабының 11) тармақшасына сәйкес Мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер Мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде жүктеледі.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым экспорттық бақылау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган), Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.

      12. Көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2) тармақшасына сәйкес:

      уәкілетті органмен оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органмен 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

      13. Уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі, қажет болған жағдайда, Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау бойынша тағайындалған лауазымды тұлға 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымданушыға себептерін көрсете отырып шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша түрде (шағым қағаз жеткізгіште берілген жағдайда) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген жағдайда) хабарлайды.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      1-қосымша жаңа редакцияда көзделген - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 23.06.2021 № 321 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Тауардың жекелеген түрлерінің
импортына және (немесе)
экспортына лицензия беру
"мемлекеттік қызмет
көрсету Ережесіне"
1-қосымша

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты "Тауарлардың жекелеген түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру"

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі -көрсетілетін қызметті беруші).

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

www. egov. kz, www. eli cens e. kz "Электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі ‒ портал) арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

Экспортқа лицензия беру кезінде -1 (бір) жұмыс күні.
Импортқа лицензия беру кезінде - 5 (бес) жұмыс күні.
Ақпаратты немесе шифрлау (криптографиялық) құралдарын жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдардың экспортына немесе импортына лицензия беру кезінде – 10 (он) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету түрі

Электрондық (толық автоматтандырылған).

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Тауарлардың жекелеген түрлерінің импортына және (немесе) экспортына Лицензия немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде өтініш берушіден алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлем алу тәсілдері

Жекелеген тауар түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру кезінде – 10 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК).
Лицензиялық алымды төлеу екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол емес нысанда жүзеге асырылады.
Төлем "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі - ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші – 2015 жылдың 23 қарашасындағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
2) портал - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) осы Ереженің 1 немесе 2-қосымшаларына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат түріндегі өтініші;
2) ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, Қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын мәліметтер;
3) "Тауарлардың экспорты мен импортын лицензиялау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын, оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтініштердің нысандарын, лицензиялардың және (немесе) лицензияға қосымшаның нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 67 бұйрығына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы құжаттардың электрондық көшірмесі.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталса;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында жеке немесе заңды тұлғалардың осы қызмет түрімен айналысуына тыйым салынса;
3) көрсетілетін қызметті алушы лицензиялық алым үшін төлем енгізбесе;
4) көрсетілетін қызметті алушы біліктілік талаптарына сәйкес келмесе;
5) көрсетілетін қызметті беруші тиісті келісуші мемлекеттік органнан көрсетілетін қызметті алушының лицензиялау кезінде қойылатын талаптарға сәйкес еместігі туралы жауап алса;
6) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болса;
7) сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот көрсетілетін қызметті алушы-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салса;
8) лицензия беру үшін негіз болып табылатын бір немесе бірнеше құжаттардың қолданылуын тоқтатылса немесе уақытша тоқтатылса;
9) іске асыру үшін лицензия сұралатын шартты (келісімшартты) орындау салдарынан туындауы мүмкін мүше мемлекеттердің халықаралық міндеттемелері бұзылса;
10) Еуразиялық экономикалық комиссияның актісімен көзделген өзге де негіздер.

10

Мемлекеттік қызметті (оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы) көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметі, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметті көрсету мекен-жайлары:
1) көрсетілетін қызметті беруші - www. comprom. miid. gov. kz, "Мемлекеттік қызмет" бөлімінде;
2) портал - www. egov. kz, www. eli cens e. kz

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      2-қосымша жаңа редакцияда көзделген - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 23.06.2021 № 321 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  "Тауардың жекелеген түрлерінің
импортына және (немесе)
экспортына лицензия беру"
мемлекеттік қызмет
көрсету Ережесіне
2-қосымша
  нысан

Қазақстан Республикасы Индустрия жəне инфрақұрылымдық даму министрлігі "Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі



Министерство индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан Республиканское государственное учереждение "Комитет индустриального развития и промышленной безопасности"

 

      Нұр-Сұлтан қ.                                    г. Нур-Султан

      Күні: [Берілген күні] г.                               [Мекеме атауы]

      Нөмір: [Құжат нөмірі]                              [Мекен-жайы]

Дәлелді бас тарту

      "Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі ______ жылдың _______ нан №___________ өтінішіңізді қарастыра отырып келесіні хабарлайды.

      [МӘТІН]

      [Қол қоюшының лауазымы]                         [Қол қоюшының аты-жөні]

  "Тауардың жекелеген түрлерінің
импортына және (немесе)
экспортына лицензия беру"
мемлекеттік қызмет
көрсету Ережесіне
3-қосымша
  нысан

Тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына лицензия беруге Өтініш

Уәкілетті орган

1. Лицензия №

2. Қолданылу кезеңі КК.АА.ЖЖЖЖ-дан КК.АА.ЖЖЖЖ дейін |

3. Лицензия түрі
| ЭКСПОРТ

4. Келісім-шарт
№ бастап

5. Өтініш беруші |

6. Сатып алушы

7. Тағайындалған ел|

8. Сатып алушы ел |

9. Келісім-шарт валютасы|

10. Құны

11. Статистикалық құны

12. Шығарушы ел|

13. Саны

14. Өлшем бірлігі

15. СЭҚ ТН бойынша тауардың коды және оның сипаттамасы |

16. Қосымша ақпарат

17. Лицензия беру үшін негіздеме

18. Уәкілетті тұлға
Аты-жөні
Лауазымы
Қолы және мөрі Күні

Тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына арналған лицензияға Қосымша

Уәкілетті орган

№ Лицензияға қосымша

№ п/п

Тауар сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

№ п/п

Тауар сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

№ п/п

Тауар сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

Тауар сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

Тауар сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

Тауар сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

Тауар сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

Тауар сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

Парақ саны Парақ №

Уәкілетті тұлға
Аты-жөні
Лауазымы
Қолы және мөрі Күні

  "Тауардың жекелеген түрлерінің
импортына және (немесе)
экспортына лицензия беру"
мемлекеттік қызмет
көрсету Ережесіне
4-қосымша
  нысан

Тауарлардың жекелеген түрлерінің импортына лицензия беруге Өтініш

Уәкілетті орган

1. Лицензия №

2. Қолданылу кезеңі КК.АА.ЖЖЖЖ-дан КК.АА.ЖЖЖЖ дейін |

3. Лицензия түрі
| Импорт

4. Келісім-шарт
№ бастап

5. Өтініш беруші |

6. Сатушы

7. Тағайындалған ел|

8. Сатушы ел |

9. Келісім-шарт валютасы|

10. Құны

11. Статистикалық құны

12. Шығарушы ел|

13. Саны

14. Өлшем бірлігі

15. СЭҚ ТН бойынша тауардың коды және оның сипаттамасы |

16. Қосымша ақпарат

17. Лицензия беру үшін негіздеме

18. Уәкілетті тұлға
Аты-жөні
Лауазымы
Қолы және мөрі Күні

Тауарлардың жекелеген түрлерінің импортына арналған лицензияға Қосымша

Уәкілетті орган

№ Лицензияға қосымша


п/п

Тауар сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны


п/п

Тауар сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны


п/п

Тауар сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

Тауар сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

Тауар сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

Тауар сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

Тауар сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

Тауар сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

Парақ саны Парақ №

Уәкілетті тұлға
Аты-жөні
Лауазымы
Қолы және мөрі Күні

  "Тауардың жекелеген түрлерінің
импортына және (немесе)
экспортына лицензия беру"
мемлекеттік қызмет көрсету
Стандартына
1-қосымша
  нысан

Тауардың жекелеген түрлерінің экспортына лицензия беруге ӨТІНІШ

1. Өтініш №

2. Қолданылу кезеңі КК.АА.ЖЖЖЖ-дан КК.АА.ЖЖЖЖ дейін |

3. Тип лицензии
| ЭКСПОРТ

4. Келісім-шарт
№ бастап

5. Өтініш беруші |

6. Сатып алушы

7. Тағайындалған ел|

8. Сатып алушы ел |

9. Келісім-шарт валютасы|

10. Құны

9. Келісім-шарт валютасы|

12. Шығарушы ел|

13. Саны

12. Шығарушы ел|

15. СЭҚ ТН бойынша тауардың коды және оның сипаттамасы |

16. Қосымша ақпарат

17. Лицензия беру үшін негіздеме

18. Уәкілетті тұлға
Аты-жөні
Лауазымы
Телефон нөмірі
Қолы және мөрі
Күні

Тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына арналған лицензия беруге өтінішке Қосымша

№ Лицензияға қосымша


п/п

Тауар сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны


п/п

Тауар сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны


п/п

Тауар сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

Тауар сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

Тауар сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

Тауар сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

Тауар сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

Тауар сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

Парақ саны Парақ №

Уәкілетті тұлға
Аты-жөні
Лауазымы
Телефон нөмірі
Қолы және мөрі
Күні

  "Тауардың жекелеген түрлерінің
импортына және (немесе)
экспортына лицензия беру"
мемлекеттік қызмет
көрсету Стандартына
2-қосымша
  нысан

Тауардың жекелеген түрлерінің импортына лицензия беруге ӨТІНІШ

1. Өтініш №

2. Қолданылу кезеңі КК.АА.ЖЖЖЖ-дан КК.АА.ЖЖЖЖ дейін |

3. Тип лицензии
| ИМПОРТ

4. Келісім-шарт
№ бастап

5. Өтініш беруші |

6. Сатып алушы

7. Тағайындалған ел|

8. Сатып алушы ел |

9. Келісім-шарт валютасы|

10. Құны

9. Келісім-шарт валютасы|

12. Шығарушы ел|

13. Саны

12. Шығарушы ел|

15. СЭҚ ТН бойынша тауардың коды және оның сипаттамасы |

16. Қосымша ақпарат

17. Лицензия беру үшін негіздеме

18. Уәкілетті тұлға
Аты-жөні
Лауазымы
Телефон нөмірі
Қолы және мөрі
Күні

Тауарлардың жекелеген түрлерінің импортына арналған лицензия беруге өтінішке Қосымша

№ Лицензияға қосымша


п/п

Тауар сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны


п/п

Тауар сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны


п/п

Тауар сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

Тауар сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

Тауар сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

Тауар сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

Тауар сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

Тауар сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

Парақ саны Парақ №

Уәкілетті тұлға
Аты-жөні
Лауазымы
Телефон нөмірі
Қолы және мөрі
Күні