Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2020 жылғы 15 маусымдағы № 76 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 23 маусымда № 20889 болып тіркелді.

Жаңартылған

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      1) "Қылмыстық қудалау органдарының жұмысы туралы" № 1-Е нысанды статистикалық есепті және оны құрастыру Нұсқаулығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 1 қазандағы № 102 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9852 болып тіркелген, 2014 жылғы 24 қарашада "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесінде жарияланған):

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы" 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қылмыстық қудалау органдарының жұмысы туралы" № 1-Е статистикалық есеп нысанында:

      № 1 кесте "Қылмыстық қудалау органдарының негізгі көрсеткіштері":

      мынадай мазмұндағы 84-жолмен толықтырылсын:

      "

84

Мүлікті тәркілеу туралы іс жүргізу бойынша қорытынды прокурорға жіберілді (ҚР ҚПК-нің 668-бабының 5-бөлігі)

  ";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қылмыстық қудалау органдарының жұмысы туралы" № 1-Е нысанды статистикалық есепті құрастыру нұсқаулығында:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Есепті кезеңнің соңғы күнінде сағат 00.00-ге дейін (Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша) СДТБТ-ға ЭАЕҚ-ны түпкілікті жүктегеннен кейін белгілі бір кезеңде қалыптастырылған статистикалық есепті есептеу жүргізіледі (статистикалық кесінді), ол есепті кезеңнен кейінгі айдың 2-санында бекітіледі.

      Белгілі бір уақыт аралығында қалыптастырылып, бекітілген статистикалық есепке (статистикалық кесіндіге) қандай да бір түзетулерді енгізуге тыйым салынады.";

      мынадай мазмұндағы 15-1-тармағымен толықтырылсын:

      "15-1. 84-жолда ҚР ҚПК-нің 668-бабының бесінші бөлігінің тәртібінде мүлікті тәркілеу туралы іс жүргізу бойынша қорытынды көрсетіледі.";

      2) Күші жойылды - ҚР Бас Прокурорының 05.08.2024 № 99 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрықты құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілеріне, Комитеттің аумақтық органдарына мәлімет және жұмыста пайдалану үшін жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Казақстан Республикасының
Бас Прокуроры
Г. Нурдаулетов

  Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2020 жылғы 15 маусымдағы
№ 76 бұйрығына
қосымша

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Бас Прокурорының 05.08.2024 № 99 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.