Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 695 бұйрығына "Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тізбесі" өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2020 жылғы 15 маусымдағы № 146 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 17 маусымда № 20866 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 9 қарашадағы № 689 бұйрығымен.

Күшін жойған

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 09.11.2022 № 689 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 695 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12565 болып тіркелген, 2016 жылғы 19 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      осы бұйрығымен бекітілген өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) Тізбесінде:

      реттік саны 17. жолды мынадай редакцияда жазылсын:

      "

17.

Өздігінен жүретін техникасы

  ";

      ескерту алынып тасталсын:

      "**Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 мамырдағы № 570 қаулысымен бекітілген тікелей шетелдік және отандық инвестицияларды тарту жөніндегі іс-шаралардың кешенді жоспарына қосымшаның "Машина жасау" бөлімінің "Ауыл шаруашылығы техникасының өндірісі" 1-тарауында көрсетілген компаниялар өндірген ауыл шаруашылығы техникасын қоспағанда.".

      2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің Қалдықтарды басқаруда мемлекеттік саясат департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыруды;

      3) Осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің м.а С. Брекешев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі