"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығына және "Сәйкестендіру карталарының сипаттамасын, оларды беру мен пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 69 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2020 жылғы 12 маусымдағы № 94 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 15 маусымда № 20858 болып тіркелді.

Қолданыстағы

      1. "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14542 болып тіркелген, 2016 жылғы 23 желтоқсандағы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік органдардың ведомстволық біліктілік талаптарында:

      мемлекеттік орган мен оның құрылымдық бөлімшелері қызметінің негізгі бағыттары, мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық өкілеттіктері ескеріліп, осы Үлгілік біліктілік талаптармен көзделмеген құзыреттер бар болуы бойынша;

      А-1 және В-1 мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына міндетті түрде С-О, C-R, D, D-О, Е, E-R және E-G санаттары лауазымдарында жұмыс тәжірибесі бар болуы бойынша талаптар қойылу мүмкін.";

      38-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "жоғары білім немесе жоғары оқу орнынан кейінгі болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.";

      40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "40. D-1 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

      жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

      мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

      жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, D-3, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;

      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда алты жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, D-3, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;

      3) А-3, B-4, C-3, C-O-2, D-3, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бес жылдан кем емес;

      4) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу органдарының, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;

      5) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған немесе ғылыми дәрежесі болған жағдайда мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, D-3, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;

      6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын басшылық лауазымдарда екі жылдан кем емес;

      7) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.";

      44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "44. D-5 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

      жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы накты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.

      мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

      жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.";

      45-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған немесе ғылыми дәрежесі болған жағдайда мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында бір жылдан кем емес;";

      51-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;"

      61-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;";

      63-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "жоғары немесе немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;";

      65-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;".

      2. "Сәйкестендіру карталарының сипаттамасын, оларды беру мен пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 69 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20463 болып тіркелген, 2020 жылғы 25 сәуірде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кiрiспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сәйкестендіру карталарының сипаттамасы, оларды беру мен пайдалану қағидаларында:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Сәйкестендіру картасының беткі жағында:

      1) жоғарғы бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандартына сәйкес қою көк реңде жасалған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген, одан төмен көк түсте жасалған мемлекеттік тілдегі мемлекеттік органның атауы;

      2) ортасында мемлекеттік тілде қою көк түспен қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) және атқаратын лауазымы орналасқан;

      3) cол жағында қызметкердің көлемі 3х4 сантиметр түрлі түсті фотосуреті (анфас) орналастырылады. Қызметкер фотосуретке ақ түсті реңде іскерлік стильдегі киіммен бас киімсіз түседі;

      4) оң жағында сәйкестендіру картасының сериялық нөмірі орналасқан;

      5) төменгі жағында сәйкестендіру картасының жарамдылық мерзімі, мемлекеттік қызметшінің электронды поштасының мекенжайы және мемлекеттік органның интернет-ресурсының мекенжайы көрсетіледі.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Сәйкестендіру картасының сыртқы жағында:

      1) жоғарғы бөлігінің ортасында көк түсте орындалған орыс тілінде мемлекеттік органның атауы;

      2) сол жағында қою көк түспен орыс тілінде қызметкердің тегі, аты және атқаратын лауазымы;

      3) төменгі жағы - машинамен оқылатын аймақ, онда "Е-қызмет" ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінде немесе өзге ведомстволық ақпараттық жүйесінде бар негізгі ақпаратты (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) лауазымы, байланыс деректері) қамтитын QR-код орналастырылады." ;

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Сәйкестендіру картасы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге лауазымға тағайындалған, лауазымы ауысқан, тегін ауыстырған, жоғалтқан кезде, сондай-ақ берілген сәйкестендіру картасының жарамдылық мерзімі өткен, бүлінген (тозған) жағдайда беріледі.

      Сәйкестендіру картасы төрт жыл мерзіміне беріледі.".

      3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызмет департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының мемлекеттік қызмет мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы
А. Жаилғанова