ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5 т. қараңыз
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Кіріспе жаңа редакцияда көзделген - ҚР Ұлттық экономика министрінің 18.11.2022 № 81 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған "Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу қызметіне лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі |
Р. Даленов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 5 маусымдағы № 47 бұйрығымен бекітілді |
"Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу қызметіне лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
1-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Ұлттық экономика министрінің 18.11.2022 № 81 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Осы "Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу қызметіне лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және "Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу қызметіне лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібін айқындайды.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті осы Қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!3-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Ұлттық экономика министрінің 18.11.2022 № 81 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар мен терминдер пайдаланылады:
1) біліктілік талаптары – өтініш берушінің және лицензиаттың жекелеген лицензияланатын қызмет түрімен және (немесе) лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрімен айналысу қабілетін сипаттайтын, лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде, сол сияқты оның жарамдылығы уақытының бүкіл кезеңінде талап етілетін сандық және сапалық нормативтер мен көрсеткіштер жиынтығы;
2) Бiрыңғай байланыс орталығы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, көрсетiлетiн қызметтi алушыларға мемлекеттiк және өзге де қызметтер көрсету мәселелерi бойынша ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік органдарға – ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпарат беру жөнiндегi ақпараттық-анықтамалық қызмет функцияларын орындайтын заңды тұлға;
3) көрсетілетін қызметті алушы – орталық мемлекеттік органдарды, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерін, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарын, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін қоспағанда, жеке және заңды тұлғалар;
4) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсететін орталық мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар;
5) лицензия – жеке немесе заңды тұлғаға қауіптіліктің жоғары деңгейіне байланысты лицензияланатын қызмет түрін не лицензияланатын қызметтің кіші түрін жүзеге асыруға лицензиар беретін бірінші санаттағы рұқсат;
6) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі;
7) мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесі – мемлекеттік, оның ішінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін қызметтерді көрсету процесін автоматтандыруға және мониторингілеуге арналған ақпараттық жүйе;
8) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты – мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі;
9) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган;
10) уәкілетті орган – табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
11) "электрондық үкіметтің" веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе.
12) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны алу неме қайта ресімдеу үшін көрсетілетін қызметті берушіге www.egov.kz "электронды үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүгінеді және мына құжаттарды:
лицензия алу үшін:
1) мына өтініштердің бірін:
осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша заңды тұлғаның энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу қызметіне лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтiнiшін;
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке тұлғаның энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу қызметіне лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтiнiшін;
2) осы Қағиданың 3-қосымшаға сәйкес тұтынушылармен жұмысты қамтамасыз ететін қызметтер (персоналдар) – абоненттiк қызметтердің, учаскелердің болуы туралы мәліметтер нысаны;
3) кемiнде 10000 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айналым қаражатының болуы туралы банктен анықтама;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!4) тармақша алып тастау көзделген - ҚР Ұлттық экономика министрінің 18.11.2022 № 81 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
4) өтініш беруші мен энергия өндiрушi және энергия берушi ұйымдардың арасында электр энергиясын, оның iшiнде авариялар болған жағдайларда резервтен орнын толтыру шартымен өңірден тыс жерлерге жеткiзуге және беруге және (немесе) таратуға арналған шарт немесе ниеттер хаттамасы;
5) құқық белгілейтін құжаттар не оны пайдалануға, оның ішінде тұтынушылармен жұмыс істеу және абоненттік қызметтерді орналастыру үшін ғимаратқа немесе үй-жайға жалға алу, қосымша жалға алу шарты бойынша алғандығын куәландыратын көшірме (ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);
лицензияны қайта ресімдеу үшін мына өтініштердің бірін:
1) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша заңды тұлғаның энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу қызметіне лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған өтiнiшін;
2) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке тұлғаның энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу қызметіне лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған өтiнiшін ұсынады.
Жеке басты куәландыратын құжаттар, жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, осы қызметті атқару құқығы үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгені туралы, лицензия туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!5-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Ұлттық экономика министрінің 18.11.2022 № 81 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 6-қосымашаға сәйкес "Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу қызметіне лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі стандартында баяндалған.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!6-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Ұлттық экономика министрінің 18.11.2022 № 81 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
6. Көрсетілетін қызметті алушы өтінішпен жүгінген кезде көрсетілетін қызметті беруші құжаттардың келіп түскен күні оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады (сағат 18.00-ден кейін түскен жағдайда өтініш келесі жұмыс күні тіркеледі, 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері түскен жағдайда өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады) және жауапты құрылымдық бөлімшеге орындауға береді.
Портал арқылы жүгінген кезде "жеке кабинетте" көрсетілетін қызметті алушының өтініштер тарихында мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салудың қабылдағаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні көрсетілген хабарлама көрсетіледі.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!7-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Ұлттық экономика министрінің 18.11.2022 № 81 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
7. Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу қызметіне лицензия беру кезінде мемлекеттік қызметті көрсетудің жалпы мерзімі ұсынылған құжаттарды тіркеген кезден бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайды.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық нысанда көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинетіне" жолданады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!8-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Ұлттық экономика министрінің 18.11.2022 № 81 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
8. Мыналар:
1) жеке тұлға-лицензиаттың тегінің, атының, әкесінің атының (болған жағдайда) өзгеруі;
2) дара кәсіпкер-лицензиаттың қайта тіркелуі, оның атауының немесе заңды мекенжайының өзгеруі;
3) заңды тұлға-лицензиаттың "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабында айқындалған тәртіпке сәйкес қайта ұйымдастырылуы;
4) заңды тұлға-лицензиаттың атауының және (немесе) орналасқан жерінің өзгеруі (лицензияда мекенжай көрсетілген жағдайда);
5) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талаптың болуы лицензияны қайта ресімдеу үшін негіз болып табылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) және 4) тармақшаларының күші дара кәсіпкер-лицензиаттың заңды мекенжайының өзгеруі "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес елді мекендер атауының, көше аттарының өзгеруіне байланысты болған жағдайларға қолданылмайды. Лицензиаттар мен лицензия объектісі мекенжайларының бұлай өзгеруі мемлекеттік ақпараттық жүйелерді интеграциялау арқылы жүзеге асырылады.
9. Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу қызметіне лицензияны қайта ресімдеу кезінде мемлекеттік қызметті көрсетудің жалпы мерзімі ұсынылған құжаттар тіркелген кезден бастап 3 (үш) жұмыс күнінен аспайды.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық нысанда көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинетіне" жолданады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!10-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Ұлттық экономика министрінің 18.11.2022 № 81 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
10. "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 34-бабының 4 және 5-тармақтарында көзделген негіздер бойынша қайта ресімдеуді қоспағанда, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеген жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкестігін тексермейді.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!11-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Ұлттық экономика министрінің 18.11.2022 № 81 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
11. Көрсетілетін қызметті беруші лицензия және лицензияны қайта ресімдеуге ұсынылған құжаттар мен мәлімерттер тіркелген кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні олардың толықтығын тексереді.
Өтініш беруші толық топтама ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және оны өтініш берушіге портал арқылы электрондық құжат нысанында жолдайды.
12 .Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер:
лицензия алу үшін:
1) жеке немесе заңды тұлғалардың осы санаты үшiн қызмет түрімен айналысуға Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынуы;
2) лицензиялық алымның енгізілмеуі;
3) өтініш берушінің Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы № 60 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10598 болып тіркелген) бекітілген энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану қызметі үшін біліктілік талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне сәйкес келмеуі;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе тыйым салу туралы соттың заңды күшiне енген шешімінің (үкiмiнің) болуы;
5) сот орындаушысының ұсынуы негізінде соттың өтініш беруші-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салуы;
6) өтініш берушінің лицензия алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің анықталуы.
лицензияны қайта ресімдеу үшін:
1) лицензиялық алымның енгізілмеуі;
2) ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттар көшірмелерінің ұсынылмауы немесе тиісінше ресімделмеуі;
3) ұсынылуы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құжаттардың ұсынылмауы немесе тиісінше ресімделмеуі;
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тексеріс жағдайында өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі.
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
13. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші, табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беруге болады.
Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
14. Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде шағым берген өтініш берушіге ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электронды түрде берілген кезде) хабарлайды.
15. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгіне алады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!1-қосымша жаңа редакцияда көзделген - ҚР Ұлттық экономика министрінің 18.11.2022 № 81 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу қызметіне лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 1-қосымша |
|
Нысан |
Заңды тұлғаның энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу қызметіне лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтiнiші
____________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, орналасқан
жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі
болмаған жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-
сәйкестендіру нөмірі)
____________________________________________________________________
(қызмет түрінің және (немесе) қызметтің кіші түрі(лері)нің толық атауы көрсетiлсiн)
____________________________________________________________________
_____________________ жүзеге асыруға лицензияны және (немесе) лицензияға
қосымшаны беруiңiздi сұраймын.
Заңды тұлғаның мекенжайы _______________________________________
(пошталық индексі, елі (шетелдік заңды тұлға үшін), облысы, қаласы,
ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі)
Электрондық пошта _____________________________________________;
Телефондар ____________________________________________________;
Факс __________________________________________________________;
Банктік шот ____________________________________________________;
(шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)
Қызметті немесе іс-қимылдарды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің
мекенжайы ____________________________________________
(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы,
үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі).
Тұтынушылармен жұмысты қамтамасыз ететін қызметті құру туралы бұйрықтың
болуы туралы ақпарат – абоненттік қызметтер, учаскелер:
1) қызметті құру туралы бұйрықтың нөмірі__________________________;
2) бұйрыққа қол қойылған күн_____________________________________;
3) жауапты адамның аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда), тегi
____________ _______________________________________________________.
Көрсетілетін қызметті алушының энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдармен жасасқан ниет хаттамалары немесе шарттары:
1) көрсетілетін қызметті алушының энергия өндіруші ұйыммен авария болған жағдайда резервтік ауыстыру шартымен электр энергиясын жеткізуге жасасқан қол қойылған ниет хаттамасының немесе шартының нөмірі және күні
____________________________________________________________________;
2) энергия өндіруші ұйымның атауы ________________________________
____________________________________________________________________;
3) көрсетілетін қызметті алушының энергия өндіруші ұйыммен авария болған жағдайда
резервтік ауыстыру шартымен электр энергиясын беруге және (немесе) бөлуге
жасасқан қол қойылған ниет хаттамасының немесе шартының нөмірі және күні
_____________________________________________________;
4) энергия беруші ұйымның атауы _________________________________;
Кемiнде 10 000 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айналым қаражатының болуы
туралы ақпарат:
1) банктің атауы ________________________________________________;
2) шот нөмірі ___________________________________________________;
3) айналым қаражатының көлемі (сомасы) __________________________;
"Электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензия беру үшін бюджетке лицензиялық алым төлеу туралы мәліметтер:
1) түбіртектің нөмірі мен күні ___________________________________.
Бұл ретте, көрсетілетін қызметті алушы "Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану қызметі үшін біліктілік талаптары мен оларға сәйкестiкті растайтын құжаттар тiзбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы № 60 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10598 болып тіркелген) белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келеді.
Осымен:
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;
қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатыны;
өтініш берушінің лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін беретіні расталады;
_____________________________________________________________
Осымен, өзім ұсынған (толтырған) ақпараттың анықтығына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болатынымды растаймын.
Басшы _________________________________________________________
(электрондық цифрлық қолтаңба) (аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда), тегi)
Толтыру күні: 20__ жылғы "__" __________
ЗҚАИ-ның ескертпесі!2-қосымша жаңа редакцияда көзделген - ҚР Ұлттық экономика министрінің 18.11.2022 № 81 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу қызметіне лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 2-қосымша |
|
Нысан |
Жеке тұлғаның энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу қызметіне лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтiнiші
____________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
____________________________________________________________________
(жеке тұлғаның аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда) тегi, жеке сәйкестендіру нөмірі)
__________________________________________________________________
(қызмет түрiнің және (немесе) қызметтiң кіші түрі(лері)нің толық атауы көрсетiлсiн)
жүзеге асыруға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруiңiздi сұраймын.
Жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің мекенжайы________________________
(пошталық индексі, облысы,
қаласы, ауданы, елді мекені,
көше атауы, үй/ғимарат нөмірі)
Электрондық пошта _____________________________________________;
Телефондар ____________________________________________________;
Факс __________________________________________________________;
Банктік шот ____________________________________________________;
(шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)
Қызметті немесе іс-қимылдарды (операцияларды) жүзеге асыру
объектісінің мекенжайы ______________________________________________
(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше
атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі).
Тұтынушылармен жұмысты қамтамасыз ететін қызметті құру туралы бұйрықтың
болуы туралы ақпарат – абоненттік қызметтер, учаскелер:
1) қызметті құру туралы бұйрықтың нөмірі__________________________;
2) бұйрыққа қол қойылған күн_____________________________________;
3) жауапты адамның аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда), тегi ____________
_______________________________________________________.
Көрсетілетін қызметті алушының энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдармен жасасқан ниет хаттамалары немесе шарттары:
1) көрсетілетін қызметті алушының энергия өндіруші ұйыммен авария болған жағдайда резервтік ауыстыру шартымен электр энергиясын жеткізуге жасасқан қол қойылған ниет хаттамасының немесе шартының нөмірі және күні
____________________________________________________________________;
2) энергия өндіруші ұйымның атауы________________________________;
3) көрсетілетін қызметті алушының энергия өндіруші ұйыммен авария болған жағдайда резервтік ауыстыру шартымен электр энергиясын беруге және (немесе) бөлуге жасасқан қол қойылған ниет хаттамасының немесе шартының нөмірі және күні
_____________________________________________________;
4) энергия беруші ұйымның атауы _________________________________.
Кемiнде 10 000 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айналым қаражатының болуы туралы ақпарат:
1) банктің атауы ________________________________________________;
2) шот нөмірі ___________________________________________________;
3) айналым қаражатының көлемі (сомасы) __________________________.
"Электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензия беру үшін бюджетке лицензиялық алым төлеу туралы мәліметтер:
1) түбіртектің нөмірі мен күні _____________________________________.
Бұл ретте, көрсетілетін қызметті алушы "Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану қызметі үшін біліктілік талаптары мен оларға сәйкестiкті растайтын құжаттар тiзбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы № 60 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10598 болып тіркелген) белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келеді.
Осымен:
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;
қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатыны;
өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін беретіні расталады;
____________________________________________________________________.
Осымен, өзім ұсынған (толтырған) ақпараттың анықтығына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болатынымды растаймын.
Жеке тұлға ________________________________________________________
(электрондық цифрлық қолтаңба) (аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда), тегi)
Толтыру күні: 20___ жылғы "__" ___________
"Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу қызметіне лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 3-қосымша |
|
Нысан |
Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу қызметі түрін жүзеге асыруға лицензия алуға арналған мәліметтер нысаны
Тұтынушылармен жұмысты қамтамасыз ететін қызметті - абоненттiк қызметтерді, учаскелерді құруы туралы бұйрықтың болуы туралы ақпарат:
1) қызметті құру туралы бұйрықтың нөмірі ____________________;
2) бұйрыққа қол қойылған күн _______________________________;
3) жауапты адамның Т.А.Ә. _________________________________.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!4-қосымша жаңа редакцияда көзделген - ҚР Ұлттық экономика министрінің 18.11.2022 № 81 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу қызметіне лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 4-қосымша |
|
Нысан |
Заңды тұлғаның энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу қызметіне лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған өтiнiші
____________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы,
орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру
нөмірі болмаған жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің
бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
____________________________________________________________________
(қызмет түрінің және (немесе) қызметтің кіші түрі(лері)нің толық атауы)
_______________________________________________ жүзеге асыруға берілген
____________________________________________________________________
(лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның (лардың)
нөмірі(лері), берілген күні, лицензияны және (немесе) лицензияға
қосымшаны (ларды) берген лицензиардың атауы
20____ жылғы "____" _____________ № ____________ лицензияны және (немесе)
лицензияға қосымшаны (тиістінің астын сызыңыз) мына негіз(дер) бойынша
(тиісті торкөзде Х көрсетіңіз) қайта ресімдеуді сұраймын:
1) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 34-бабында айқындалған тәртіпке сәйкес заңды тұлға-лицензиаттың:
бірігу _________________________________________________________;
қайта құру _____________________________________________________;
қосылу ________________________________________________________;
бөліп шығару ___________________________________________________;
бөліну жолымен (тиісті торкөзде Х көрсетіңіз) қайта ұйымдастырылуы;
2) заңды тұлға-лицензиат атауының өзгеруі__________________________;
3) заңды тұлға-лицензиаттың орналасқан жерінің өзгеруі ______________;
4) егер лицензияны иеліктен шығару _______________________________
Заңға 1-қосымшада көзделген жағдайларда, лицензиаттың "объектілерге берілетін рұқсаттар" класы бойынша берілген лицензияны үшінші тұлғалардың пайдасына объектімен бірге иеліктен шығаруы;
5) "объектілерге берілетін рұқсаттар" класы бойынша берілген лицензия үшін немесе лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып, объект нақты көшірілмей оның орналасқан жерінің мекенжайының _________________
________________________ болып өзгеруі;
6) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы
_____________________________________________________ талаптың болуы;
7) қызмет түрі атауының ___________________________________ өзгеруі;
8) қызметтің кіші түрі атауының _____________________________ өзгеруі.
Заңды тұлғаның мекенжайы_______________________________________;
(ел – шетелдік заңды тұлға үшін, пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы,
елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі).
Электрондық пошта_____________________________________________;
Телефондар____________________________________________________;
Факс __________________________________________________________;
Банктік шот____________________________________________________;
(шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)
Қызметті немесе іс-қимылдарды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің
мекенжайы _______________________________________________
(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы,
үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі).
"Электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін бюджетке лицензиялық алым төлеу туралы мәліметтер:
1) түбіртектің нөмірі мен күні __________________________________.
Осымен:
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;
қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатыны;
өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін беретіні расталады;
Басшы _________________________________________________________
(электрондық цифрлық қолтаңба) (аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда), тегi)
Толтыру күні: 20__ жылғы "__"________________
ЗҚАИ-ның ескертпесі!5-қосымша жаңа редакцияда көзделген - ҚР Ұлттық экономика министрінің 18.11.2022 № 81 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу қызметіне лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 5-қосымша |
|
Нысан |
Жеке тұлғаның энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу қызметіне лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған өтiнiші
____________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
____________________________________________________________________
(жеке тұлғаның аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда) тегi, жеке сәйкестендіру нөмірі)
____________________________________________________________________
(қызмет түрiнің және (немесе) кіші түрі (лері) нің толық атауы)
_______________________________________________ жүзеге асыруға берілген
____________________________________________________________________
(лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның(лардың)
нөмірі(лері), берілген күні, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны (ларды)
берген лицензиардың атауы
20____ жылғы "____" _____________ № ____________ лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны (тиістінің астын сызыңыз) негіз (дер) бойынша (тиісті торкөзде Х көрсетіңіз) қайта ресімдеуді сұраймын:
1) жеке тұлға-лицензиаттың атының, әкесінің атының (болған жағдайда)
тегінің _________________________________________________ болып өзгеруі;
2) дара кәсіпкер-лицензиаттың қайта тіркелуі, оның атауының
_____________________________________________________________ өзгеруі;
3) дара кәсіпкер-лицензиаттың қайта тіркелуі, оның заңды мекенжайының
_____________________________________________________________ өзгеруі;
4) егер лицензияны иеліктен шығару _______________________________
"Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан
Республикасы Заңына 1-қосымшада көзделген жағдайларда, лицензиаттың
"объектілерге берілетін рұқсаттар" класы бойынша берілген лицензияны үшінші
тұлғалардың пайдасына объектімен бірге иеліктен шығаруы;
5) "объектілерге берілетін рұқсаттар" класы бойынша берілген лицензия үшін немесе
лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып, объект нақты көшірілмей
оның орналасқан жерінің мекенжайының
_______________________________________________________ болып өзгеруі;
6) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талаптың болуы
______________________________________________________;
7) қызмет түрі атауының өзгеруі ___________________________________;
8) қызметтің кіші түрі атауының өзгеруі.
Жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің мекенжайы
____________________________________________________________________
(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы,
үй/ғимарат нөмірі)
Электрондық пошта _____________________________________________;
Телефондар ____________________________________________________;
Факс __________________________________________________________;
Банктік шот____________________________________________________;
(шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)
Қызметті немесе іс-қимылдарды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің
мекенжайы __________________________________________________________
(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені,
көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі)
"Электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін бюджетке лицензиялық алым төлеу туралы мәліметтер:
1) түбіртектің нөмірі мен күні _____________________________________.
Осымен:
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;
қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы;
өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін беретіні расталады
___________________________________________________________
Жеке тұлға __________ ___________________________________________
(электрондық цифрлық қолтаңба) (аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда), тегi
Толтыру күні: 20__ жылғы "__" _________________
ЗҚАИ-ның ескертпесі!6-қосымша жаңа редакцияда көзделген - ҚР Ұлттық экономика министрінің 18.11.2022 № 81 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу қызметіне лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 6-қосымша |
"Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу қызметіне лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің стандарты | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің аумақтық органдары |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері | Өтініштер мен құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады. |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
Лицензияны беру кезінде – 15 (он бес) жұмыс күні; |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық (толық автоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Электрондық нысандағы энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу қызметіне лицензия, қайта ресімделген лицензия не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6 | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және оны Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларда алу тәсілдері |
Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі. |
7 | Жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден – 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден – 18.30-ға дейін; |
8 | Мемлекеттiк қызметті көрсетуге қажеттi құжаттар тiзбесi |
Лицензияны алу үшін: |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
Лицензияны алу үшін: |
10 | Мемлекеттік қызметті көрсетудің, оның ішінде электронды нысанда көрсетудің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда портал арқылы алу мүмкіндігі бар. |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 5 маусымдағы № 47 бұйрығына қосымша |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Табиғи монополияларды реттеу саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 245 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11019 болып тіркелген, 2015 жылғы 20 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
2. "Табиғи монополияларды реттеу саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 362 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11214 болып тіркелген, 2015 жылғы 22 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
3. "Табиғи монополияларды реттеу саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 245 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 38 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13293 болып тіркелген, 2016 жылғы 9 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
4. "Табиғи монополияларды реттеу саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 362 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 24 ақпандағы № 96 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13518 болып тіркелген, 2016 жылғы 5 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
5. "Табиғи монополияларды реттеу саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 245 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 30 маусымдағы № 299 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14031 болып тіркелген, 2016 жылғы 12 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
6. "Табиғи монополияларды реттеу саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 362 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 26 қыркүйектегі № 422 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14361 болып тіркелген, 2016 жылғы 10 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
7. "Табиғи монополияларды реттеу саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 245 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 15 наурыздағы № 117 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15019 болып тіркелген, 2017 жылғы 28 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).
8. "Табиғи монополияларды реттеу саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 245 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 11 шілдедегі № 275 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15480 болып тіркелген, 2017 жылғы 24 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).
9. "Табиғи монополияларды реттеу саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 362 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 25 қыркүйектегі № 341 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15868 болып тіркелген, 2017 жылғы 19 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).
10. "Табиғи монополияларды реттеу саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 245 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 28 сәуірдегі № 166 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16889 болып тіркелген, 2018 жылғы 23 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).
11. "Табиғи монополияларды реттеу саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 362 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 13 маусымдағы № 215 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17120 болып тіркелген, 2018 жылғы 9 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).
12. "Табиғи монополияларды реттеу саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 245 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 28 қарашадағы № 87 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17835 болып тіркелген, 2018 жылғы 7 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).
13. "Табиғи монополияларды реттеу саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 362 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 17 қаңтардағы № 8 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18218 болып тіркелген, 2019 жылғы 23 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).
14. "Табиғи монополияларды реттеу саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 245 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 6 мамырдағы № 35 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18650 болып тіркелген, 2019 жылғы 20 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).
15. "Табиғи монополияларды реттеу саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 362 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 71 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19153 болып тіркелген, 2019 жылғы 7 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).