Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 29.08.2024 № 393-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Телерадио хабарларын тарату туралы" 2012 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 42-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшу мерзімдерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 13 маусымдағы № 262 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркелген тiзiлiмiнде № 17082 болып тіркелген, 2018 жылғы 20 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшудің мынадай мерзімдері айқындалсын:
1) бірінші кезең, 2018 жылғы 31 желтоқсанға дейін: Маңғыстау, Жамбыл, Түркістан облыстары және Шымкент қаласы;
2) екінші кезең, 2019 жылғы 1 шілдеге дейін: Алматы, Павлодар және Қостанай облыстары;
3) үшінші кезең, 2020 жылғы 1 желтоқсанға дейін: Солтүстік Қазақстан облысы және Алматы қаласы;
4) төртінші кезең, 2021 жылғы 1 желтоқсанға дейін: Қарағанды облысы және Нұр-Сұлтан қаласы;
5) бесінші кезең, 2022 жылғы 1 шілдеге дейін: Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстары.".
2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі |
А. Балаева |