Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы жүргізу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 4 маусымдағы № 229 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 4 маусымда № 20821 болып тіркелді.

Қолданыстағы

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы жүргізу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті Қазақстан Республикасының Білім және ғылым заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
А. Аймагамбетов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының цифрлық даму,

      инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі

      Министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 4 маусымдағы
№ 229 бұйрығына
1-қосымша

"Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы жүргізу" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы жүргізу" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуіріндегі Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабының 1) тармақшасына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және "Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы жүргізу" мемлекеттік қызметті көрсету (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін анықтайды.

      2. Мемлекеттік қызмет "Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы" акционерлік қоғамының (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) арқылы көрсетіледі.

      3. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметтердің көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушімен is.ncste.kz ақпараттық жүйесі немесе www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке және (немесе) заңды тұлға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға 1 - қосымшаға сәйкес "Мемлекеттік ғылыми - техникалық сараптаманы жүргізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Мемлекеттік қызметті көрсету стандарты) 8-тармағына сәйкес құжаттар тізімін көрсетілетін қызметті берушіге немесе портал арқылы ұсынады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптар тізбесі мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартында мазмұндалған.

      5. Портал немесе ақпараттық жүйе арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызметті көрсету үшін жолданған сұрау салынған өтінімнің қабылданғаны туралы статусы, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

      6. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттардың келіп түскен күні оларды қабылдау мен тіркеуді жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде сұрау салынған өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      7. Көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңының 5 - бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері) құжаттарды тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде оларды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 01 тамыздағы № 891 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидаларының (бұдан әрі - Сараптама қағидалары) 10-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкестігін тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы Сараптама қағидаларының 10-тармағына сәйкес келмейтін құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуден себептемелі бас тарту жасайды. Себептемелі бас тарту көрсетілетін қызметті берушімен ақпараттық жүйе немесе портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.

      9. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген, Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген негіздер мен жағдайларда мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.

      10. Көрсетілетін қызметті алушының құжаттарының Сараптама қағидаларының 10-тармағына сәйкес болған жағдайда Сараптама кағидаларына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші 15 (он бес) жұмыс күні ішінде сарапшыларды іріктеуді жүзеге асырады, олармен шарттар жасасады және оларға мемлекеттік ғылыми - техникалық сараптамаға (бұдан әрі - МҒТС) құжаттарды жолдауды жүзеге асырылады.

      11. МҒТС сараптамасы 25 (жиырма бес) жұмыс күні аралығында жүргізеді.

      12. МҒТС шекті балынан төмен балл жинаған өтінімдер бойынша МҒТС аяқталғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті беруші немесе портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" МҒТС нәтижелерін (МҒТС балын көрсете отырып) қайтарады.

      Сараптама қағидаларына сәйкес МҒТС шекті балын және одан жоғары балл алған өтінімдер сұрау салынған қаржыландыру көлемінің негізділігін бағалау үшін МҒТС нәтижелерімен (МҒТС балын көрсетпей) бірге, көрсетілетін қызметті алушыны ақпараттық жүйе немесе портал арқылы көрсетілетін қызметті алушынының "жеке кабинетіне" хабардар ете отырып, көрсетілетін қызметті берушімен тартылған сарапшыға МҒТС аяқталғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде жіберіледі.

      13. Сұрау салынған қаржыландыру көлемінің негізділігін бағалау сарапшымен МҒТС аяқталғаннан кейін 12 (он екі) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүргізіледі.

      Сараптама қағидаларына сәйкес сұрау салынған қаржыландыру көлемінің негізділігін бағалау нәтижелері өтінімдер МҒТС нәтижелерімен бірге (МҒТС балын көрсетпей) бағыттар бойынша тиісті ұлттық ғылыми кеңестерге (бұдан әрі - ҰҒК) көрсетілетін қызметті алушыны хабардар ете отырып, ақпараттық жүйе немесе портал арқылы көрсетілетін қызметті алушынының "жеке кабинетіне" 2 (екі) жұмыс күні ішінде жіберіледі.

      14. Сұрау салынған қаржыландыру көлемінің негізділігін бағалау нәтижелерін және өтінімдер МҒТС нәтижелерімен бірге (МҒТС балын көрсетпей) алғаннан кейін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 16 мамырдағы № 519 қаулысымен бекітілген ҰҒК туралы ережеге (бұдан әрі - ҰҒК туралы ереже) сәйкес, барлық қаралатын мәселелер бойынша ҰҒК отырыстары 22 (жиырма екі) жұмыс күннен аспайтын мерзімде өткізіледі.

      15. ҰҒК туралы ережесіне сәйкес көрсетілетін қызметті беруші ҰҒК отырыстарының хаттамаларын ресімдеп, оған ҰҒК отырысына қатысқан барлық мүшелерінен отырысты өткізу аяқталған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қол қоюды қамтамасыз етеді.

      МҒТС қорытындысы мен ҰҒК шешімі 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті беруші ақпараттық жүйе немесе портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.

      Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарастыруға жатады.

      17. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

  Мемлекеттік ғылыми-
техникалық сараптаманы
жүргізу" мемлекеттік
қызметті көрсету
қағидаларына
1-қосымша

"Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы жүргізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

"Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы" акционерлік қоғамы

2

Мемлекеттік қызметтерді көрсету жолдары

1) Көрсетілетін қызметті берушімен is.​ncste.​kz ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) арқылы;
2) "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы.

3

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімі

МҒТС қорытындысы мен ҰҒК шешімі беру жалпы мерзімі - 101 жұмыс күні:
1 кезең - МҒТС сараптаманы жүргізу- 55 жұмыс күні;
2 кезең - сұрау салынған қаржыландыру көлемінің негізділігін бағалау - 14 жұмыс күні;
3 кезең - МҒТС қорытындылары мен ҰҒК шешімдері- 32 жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызметтерді көрсету нысаны

Электронды/ қағаз түрінде.

5

Мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижелері

1 кезең - МҒТС (МҒТС балын көрсете отырып) қорытындылары - МҒТС шекті балынан төмен балл жинаған өтінімдер бойынша немесе себептемелі бас тарту, өтінімнің сұрау салынған қаржыландыру көлемінің негізділігін бағалау үшін сарпашыға жіберілгені туралы хабарлама;
2 кезең -ҰҒК жіберілгені туралы хабарлама;
3 кезең - МҒТС қорытындысы мен ҰҒК шешімі (МҒТС шекті балын және одан жоғары балл алған өтінімдер бойынша).
Порталда немесе ақпараттық жүйеде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолданып, сақталады.

6

Көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде өндіріп алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақысыз негізде көрсетіледі.

7

Жұмыс кестесі

Көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне сәйкес, дүйсенбіден жұмаға дейін, белгіленген жұмыс кестесіне сай, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Портал немесе ақпараттық жүйесі - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (727) 378-05-67, 37-05-09.

8

Мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті құжаттар тізімі

1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы № 575 қаулысымен бекітілген Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қағидасының 5-қосымшасындағы нысанға сәйкес өтінімдер;
2) конкурстық құжаттама қосымшаларына сәйкес құжаттар;
3) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісін аккредиттеу туралы уәкілетті органның бұйрығынан үзінді немесе куәлігінің көшірмесі;
4) этика және биоэтика мәселелері бойынша орталық және (немесе) жергілікті комиссиялардың оң қорытындысы (адамдарға және жануарларға жүргізілетін биомедициналық зерттеулер үшін);
5) гранттық қаржытандыру бойынша мемлекеттік тапсырысты орындауға арналған шарттың жобасы;
6) іске асыру мерзімдері мен салым сомасы немесе қажетті ресурстар көрсетілген еркін нысандағы салым туралы келісім (қолданбалы зерттеулер бойынша грант алуға үміткер қатысушы үшін).

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту себептері

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті, ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

10

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескеретін өзге де талаптар

1) құжаттар пакетін тапсыруы үшін рұқсат етілетін ең ұзақ күту уақыты - 15 минут;
2) рұқсат етілетін ең ұзақ қызмет көрсету уақыты 15 минуттан аспайды.
Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда портал немесе ақпараттық жүйе арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен статусы туралы ақпаратты қашықтан қол жеткізу режимінде ақпараттық жүйе немесе портал арқылы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.

  "Мемлекеттік ғылыми-
техникалық сараптаманы
жүргізу" мемлекеттік
қызмет көрсету
қағидаларына
2-қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 01 тамыздағы № 891 қаулысымен бекітілген "Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидаларының" 10-тармағында (бұдан әрі - Қағидалар) көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін өтінімдердің тізімі

ЖТН

Атауы

Тапсырыс беруші

Көрсетілетін қызметті алушы

Ғылыми жетекші

Қағиданың талаптары

Конкурстық құжаттама талаптары

Кайтару негіздемесі

1









  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 4 маусымдағы
№ 229 бұйрығына
2-қосымша

Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігінің күшін жойған кейбір бұйрықтарының тізімі

      1. Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрінің 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 205 "Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама жүргізу "мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11077 болып тіркелді, 2015 жылдың 19 мамырында "Әділет" құқықтық-акпараттық жүйесінде жарияланған).

      2. Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрінің 2015 жылғы 11 маусымдағы № 374 "Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11634 болып тіркелді, 2015 жылдың 10 шілдесінде "Әділет" құқықтық-акпараттық жүйесінде жарияланған).

      3. Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрі м.а. 2015 жылғы 2 қарашадағы № 620 "Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрінің "Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 205 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12810 болып тіркелді, 2016 жылдың 05 қаңтарында "Әділет" құқықтық-акпараттық жүйесінде жарияланған).

      4. Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 709 "Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрінің 2015 жылғы 11 маусымдағы № 374 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12945 болып тіркелді, 2016 жылдың 28 қаңтарында "Әділет" құқықтық-акпараттық жүйесінде жарияланған).