ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған "Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметімен айналысу құқығына лицензия беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі |
Б. Атамкулов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 28 мамырдағы № 318 бұйрығымен бекітілген |
"Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметімен айналысу құқығына лицензия беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметімен айналысу құқығына лицензия беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметімен айналысу құқығына лицензия беру тәртібін айқындайды.
2. "Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметімен айналысу құқығына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) осы Қағидаларға сәйкес облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
3. Жеке немесе заңды тұлға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік қызметті алу үшін www.egov.kz, www.elіcense.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі - портал) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған заңды тұлғаның (бұдан әрі - лицензияны алу үшін ЗТ өтініші) және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған жеке тұлғаның (бұдан әрі - лицензияны алу үшін ЖТ өтініші) және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған заңды тұлғаның (бұдан әрі - лицензияны қайта ресімдеу үшін ЗТ өтініші) немесе осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған жеке тұлғаның (бұдан әрі - лицензияны қайта ресімдеу үшін ЖТ өтініші) және осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес "Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметімен айналысу құқығына лицензия беру" (бұдан әрі - Стандарт) мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандарттың 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар жиынтығы.
Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Стандартта жазылған.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 21.01.2021 № 25 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Алып тасталды- ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 21.01.2021 № 25 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
5. Жеке басын куәландыратын құжаттар және автобустар мен шағын автобустардағы тахографтарды тексеру туралы сертификаттар мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші "электронды үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 21.01.2021 № 25 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. Алып тасталды- ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 21.01.2021 № 25 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
7. Алып тасталды- ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 21.01.2021 № 25 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
8. Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 21.01.2021 № 25 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттардың тіркеуін олар келіп түскен күні жүзеге асырады.
10. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру бойынша өтінішті тіркеу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
11. Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметімен айналысу құқығына лицензияны алу үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметтің мерзімі 5 (бес) жұмыс күнін, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін 3 (үш) жұмыс күнін, лицензияның телнұсқалары үшін 2 (екі) жұмыс күнін құрайды.
12. Портал арқылы келіп түскен құжаттардың Стандартың 8-тармағында көзделген және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен тізбеге сәйкес құжаттарды толық емес ұсынған фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші тіркелген кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан еркін түрде бас тарту туралы дәлелді жауапты жолдайды.
13. Стандарттың 8-тармағында көзделген көрсетілетін қызметті алушыдан өтініш және құжаттардың топтамасын ұсынған жағдайда, кеңсе маманы құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы арқылы анықтайтын қызметті берушінің басшысына немесе оның міндетін атқарушы тұлғаға жолдайды.
Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті алушының және мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін қажетті материалдардың, мәліметтер мен ақпараттың осы Қағидалардың және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 72 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10800 болып тіркелген) бекітілген осы Қағидаларға 7-қосымшада келтірілген (бұдан әрі - Біліктілік талаптары) Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесіне сәйкестігін тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушының және ұсынылған материалдардың, мәліметтер мен ақпараттың осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген талаптарға сәйкестігін айқындау нәтижелері бойынша жауапты қызмет беруші облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметімен айналысу құқығына лицензия және (немесе) лицензияға қосымша немесе қайта ресімделген лицензия және (немесе) лицензияға қосымша не лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап ресімдейді.
Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің жобасын көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе жетекшілік ететін директор орынбасарымен және (немесе) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысымен келісу бойынша әрекет ететін тұлғаға жібереді.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 21.01.2021 № 25 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13-1. Көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер автоматты режимде мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне түседі.
Ескерту. Қағида 13-1-тармақпен толықтырылды– ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 06.05.2021 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.14. Алып тасталды- ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 21.01.2021 № 25 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
15. Алып тасталды- ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 21.01.2021 № 25 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
16. Алып тасталды- ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 21.01.2021 № 25 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының "Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметімен айналысу құқығына лицензия беру" мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 21.01.2021 № 25 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
17. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағым көрсетілетін қызметті беруші, басшысының атына немесе Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) басшысының атына www.mііd.gov.kz мекенжайы бойынша, "Көлік комитеті" бөлімінің "мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" деген бөліміне беріледі.
Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе кеңсе арқылы қолма-қол, сондай-ақ портал арқылы беріледі.
Қолма-қол, пошта арқылы келіп түскен шағымды қабылдаудың растамасы шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні көрсетуімен кеңседе оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу күні) болып табылады.
Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға пайдаланушы кабинетіндегі шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, оны мемлекеттік органда өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі, қарау немесе қараудан бас тарту нәтижелері бойынша жауабы) барысында жаңартылып отырады.
Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не кеңседе қолма-қол беріледі.
Мемлекеттік көрсетілген қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы шағыммен мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға жүгінуіне болады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 21.01.2021 № 25 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.18. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған заңды тұлғаның өтініші
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 21.01.2021 № 25 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
_________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
(заңды тұлғаның (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, мекенжайы,
бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған
жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру
нөмірі)
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
(қызметтің түрі және (немесе) қызметтің кіші түрінің(-лері) толық атауы көрсетілсін)
жүзеге асыруға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны
беруіңізді сұраймын.
Заңды тұлғаның мекенжайы
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
(шетелдік заңды тұлға үшін) пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы,
елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)
Электрондық пошта _________________________________________________
Телефондары _______________________________________________________
Факс ___________________________________________________________
___________________________________________________________________
(шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)
Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
(пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы,
үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі) ______ парақта қоса беріліп отыр.
Осымен:
көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен
айналысуға сот тыйым салмайтыны;
қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады;
өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді;
өтініш беруші өтінішті ЭЦҚ-мен куәландырады.
_________________________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Толтыру күні: 20__ жылғы "__" ____________
* Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларға мөрдің болуы талап етілмейді.
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған жеке тұлғаның өтініші
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 21.01.2021 № 25 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
_________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
_________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі)
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
(қызметтің түрі және (немесе) қызметтің кіші түрінің(-лері) толық атауы көрсетілсін)
жүзеге асыруға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны
беруіңізді сұраймын.
Жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің мекенжайы
_____________________________________________________________________
(пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат
нөмірі)
Электрондық пошта ___________________________________________________
Телефондары _____________________________________________________
Факс _____________________________________________________________
(шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)
Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
(пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы,
үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі) ______ парақта қоса беріліп отыр
Осымен: көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;
қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады;
өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді;
өтініш беруші өтінішті ЭЦҚ-мен куәландырады.
__________ __________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Толтыру күні: 20___ жылғы "___" ____________
* Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларға мөрдің болуы талап етілмейді.
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған заңды тұлғаның өтініші
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 21.01.2021 № 25 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
_________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
(заңды тұлғаның (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, мекенжайы,
бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған
жағдайда - шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру
нөмірі)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
жүзеге асыруға (қызметтің түрі және (немесе) қызметтің кіші түрінің(-лері)
толық атауы) 20___ жылғы "___" _______________ № ________________,
__________________________________________________________________
берілген (лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаның (лардың) нөмірі (лері),
берілген күні, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны(ларды) берген
лицензиардың атауы) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны (керектің
асты сызылсын) қағаз тасығышта ___ (лицензияны қағаз тасығышта алу қажет болған
жағдайда Х белгісін қою керек) мынадай негіз(дер) бойынша (тиісті жолға Х қою
қажет):
1) заңды тұлға-лицензиат "Рұқсаттар және хабарламалар туралы"
Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабында айқындалған тәртіпке сәйкес
(тиісті жолға Х қою қажет):
бірігу ____
қайта құру ____
қосылу ____
бөліп шығару ____
бөліну ____
жолымен қайта ұйымдастырылуы
2) заңды тұлға-лицензиат атауының өзгеруі ____
3) заңды тұлға-лицензиаттың орналасқан жерінің өзгеруі ____
4) "бъектілерге берілетін рұқсаттар" класы бойынша берілген лицензия үшін немесе лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып, объект нақты көшірілмей оның орналасқан жерінің мекенжайы өзгеруі ____
5) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талап болған жағдайларда ____
6) қызмет түрінің атауы өзгеруі ____
7) қызметтің кіші түрінің атауы өзгеруі _____ қайта ресімдеуіңізді сұраймын.
Заңды тұлғаның мекенжайы
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
(шетелдік заңды тұлға үшін) пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы,
елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)
Электрондық пошта ________________________________________________
Телефондары ______________________________________________________
Факс ______________________________________________________________
_________________________________________________________________
(шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)
Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
(пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы,
үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі) ______ парақта қоса беріліп отыр.
Осымен:
көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;
қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады;
өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді;
өтініш беруші өтінішті ЭЦҚ-мен куәландырады.
___________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Толтыру күні: 20__ жылғы "__" ____________
* Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларға мөрдің болуы талап етілмейді.
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған жеке тұлғаның өтініші
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 21.01.2021 № 25 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
_________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
_________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі)
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
жүзеге асыруға (қызметтің түрі және (немесе) қызметтің кіші түрінің(-лері)
толық атауы)
20___ жылғы "___" _______________ № ________________,
_________________________________________________________________
берілген, (лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаның (лардың) нөмірі (лері),
берілген күні, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны (ларды) берген
лицензиардың атауы) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны (керектің
асты сызылсын) мынадай негіз(дер) бойынша (тиісті жолға Х қою қажет):
1) жеке тұлға-лицензиаттың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) өзгеруі _______;
2) жеке кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның атауы өзгеруі ______;
3) жеке кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның заңды мекенжайы өзгеруі _______;
4) "объектілерге берілетін рұқсаттар" класы бойынша берілген лицензия үшін немесе лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып, объект нақты көшірілмей оның орналасқан жерінің мекенжайы өзгеруі _______;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талап болған жағдайларда _______;
6) қызмет түрінің атауы өзгеруі ________;
7) қызметтің кіші түрінің атауы өзгеруі ________ қайта ресімдеуіңізді сұраймын.
Жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің мекенжайы
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
(пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы,
үй/ғимарат нөмірі)
Электрондық пошта ________________________________________________
Телефондары _____________________________________________________
Факс _____________________________________________________________
(шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)
Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
(пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы,
үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі) ______ парақта қоса беріліп отыр.
Осымен: көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны; қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады;
өтініш беруші лицензияны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді;
өтініш беруші өтінішті ЭЦҚ-мен куәландырады.
____________ ___________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Толтыру күні: 20___ жылғы "___" ______________
* Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларға мөрдің болуы талап етілмейді.
"Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметімен айналысу құқығына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 21.01.2021 № 25 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арнасы) | Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру www.egov.kz, www.elіcense.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі | 1) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны жіберу кезінде - 5 (бес) жұмыс күні;2) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде - 3 (үш) жұмыс күні;3) лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаны телнұсқасын жіберу кезінде - 2 (екі) жұмыс күні |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасы не осы Стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауабы. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: элетрондық түрінде |
6 | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға: |
7 | Жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті берушінің - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.2) порталда - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы. |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін: |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) лицензиялық алым енгізілмеген; |
10 | Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және мемлекеттік корпорация арқылы ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар |
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары: |
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
Ескерту. 6-қосымша алып тасталды- ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 21.01.2021 № 25 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары
Ескерту. 7-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 06.05.2021 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
р/с № | Біліктілік талаптары мыналарды қамтиды: | Құжаттар | Ескертпе |
1 | Кеден одағы комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 877 шешімімен қабылданған "Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламенті мен "Жолаушылар тасымалдары бойынша автокөлік қызметтері. Жалпы техникалық шарттар" 1040-2001 ҚР СТ талаптарына сәйкес келетін жеке немесе заңды тұлғаларға жеке меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі автобустар мен (немесе) шағын автобустар | жеке меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздерде иелігіндегі автобустар мен шағын автобустардың болуын растайтын құжаттардың көшірмелері | |
2 | жеке меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тасымалдаушыға тиесілі жөндеу-өндірістік базасы не ұйыммен(дармен) жасасқан қызметтер көрсету туралы шарт | жеке меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тасымалдаушыға тиесілі жөндеу-өндірістік базасының болуын растайтын құжаттардың не ұйыммен(дармен) жасасқан қызметтер көрсету туралы шарттың көшірмелері | |
3 | автобустар мен шағын автобустарды рейс алдында техникалық тексеруді және жүргізушілерді рейс алдында (ауысым алдында) медициналық тексеруді жүргізу үшін білікті мамандар не осындай қызметті жүзеге асыратын тиісті ұйымдармен шарттар | автобустар мен шағын автобустарды рейс алдында техникалық тексеруді (автомобиль көлігі саласында арнайы жоғары немесе орта білімі туралы) және жүргізушілерді рейс алдында (ауысым алдында) медициналық тексеруді жүргізу үшін қызметтің және білікті мамандардың болуын растайтын құжаттардың не осындай қызметті жүзеге асыратын тиісті ұйымдармен шарттардың көшірмелері | |
4 | автобустар мен шағын автобустардағы тахографтарды тексеру туралы сертификат | автобустар мен шағын автобустардағы тахографтарды тексеру туралы тиісті сертификаттың көшірмелері | |
5 | автобустар мен шағын автобустар иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының және тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттары | автобустар мен шағын автобустар иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының және тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарының көшірмелері | |
6 | автобустар мен шағын автобустардың жүргізушілерінде тиісті санаттағы жүргізуші куәлігі және тиісті санаттағы көлік құралдарының жүргізушісі ретіндегі жұмыс өтілін растайтын құжат | жеке тұлға үшін тиісті санаттағы жүргізуші куәлігінің не заңды тұлға үшін – жүргізушілер құрамының тиісті санаттағы жүргізуші куәліктерінің, 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес тиісті санаттағы көлік құралдарының жүргізушісі ретіндегі жұмыс өтілін растайтын құжаттың көшірмелері | |
7 | тасымалдарды жүзеге асыру қауіпсіздігі үшін жауапты тұлғаны айқындау туралы бұйрық | тасымалдарды жүзеге асыру қауіпсіздігі үшін жауапты тұлғаны айқындау туралы бұйрықтың көшірмелері |