Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерін оқыту" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары бекітілсін.
2. Кәсіпкерлікті дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында жариялауды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 1), 2) және 3) тармақтарында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі |
Р. Даленов |
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 30 мамырдағы № 46 бұйрығымен бекітілген |
"Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерін оқыту" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерін оқыту" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Бизнестің жол картасы – 2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерін оқыту" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) ақпараттық субсидиялау жүйесі – мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну процестерін орындау бойынша қызметтер көрсетуге арналған, "электрондық үкімет" веб-порталымен өзара іс-қимыл жасауға, өтінішті тіркеуге, сондай-ақ өтініштің мемлекеттік қолдау көрсету шарттарына сәйкестігін автоматты түрде тексеру арқылы оны өңдеуге мүмкіндік беретін ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсететін персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырушылық-ретке келтірілген жиынтығы;
2) "Бизнеске арналған үкімет" сервисінің веб-порталы – "бірыңғай терезе" қағидаты бойынша кәсіпкерлерге мемлекеттік қызметтер көрсету және мемлекеттік қолдау шаралары жөніндегі онлайн-платформа;
3) жеке кабинет – пайдаланушының (кәсіпкердің, уәкілетті органның, қаржылық емес қолдау операторының, "Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымының, қаржы агенттігінің) субсидиялық ақпараттық жүйесіндегі/"Бизнеске арналған үкімет" сервисінің веб-порталындағы дербес веб-парақшасы;
4) кәсіпкер (бұдан әрі – ШОК субъектісі) – өз қызметін 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асыратын шағын және (немесе) орта кәсіпкерлік субъектісі;
5) кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі – КҚКО) – облыс орталықтарындағы, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Семей қалаларындағы кәсіпкерлер палаталары жанынан және моноқалалардағы, шағын қалалар мен аудан орталықтарындағы облыстар кәсіпкерлерінің палаталары филиалдары жанынан құрылған, кәсіпкерлерге және кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуге және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсынуға, оның ішінде онлайн режимде көрсетуге арналған инфрақұрылымдық кешен;
6) көрсетілетін қызметтерді жеткізуші – субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне/"Бизнеске арналған үкімет" сервисінің веб-порталына қол жеткізуді және оны иеленуші ретінде сүйемелдеуді қамтамасыз ететін тұлға;
7) қаржы агенттігі – Бағдарлама шеңберінде қаржылық қолдауды, сондай-ақ "Шағын және орта кәсіпкерліктің топ-менеджментін оқыту" құралын іске асыруды және мониторингілеуді жүзеге асыратын "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы;
8) қаржылық емес қолдау операторы – "Сыртқы консультанттарды тарту арқылы озық кәсіпорындардың консультациялық жобаларын бірлесіп қаржыландыру (Еуропа қайта құру және даму банкінің (бұдан әрі – ЕҚДБ) Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі бағдарламасы)", "Шағын және орта кәсіпкерліктің топ-менеджментін оқыту" құрамдауыштарын қоспағанда, Бағдарламаның төртінші бағыты шеңберінде кәсіпкерлерге мемлекеттік қаржылай емес қолдау көрсетуді жүзеге асыратын Ұлттық кәсіпкерлер палатасы;
9) қаржылық емес қолдау операторының веб-порталы – пайдаланушыларға электрондық форматта мемлекеттік қолдаудың қаржылық емес шаралары ұсынылатын қаржылық емес қолдау операторының ақпараттық жүйесі;
10) құрал – Бағдарлама шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне көрсетілетін қаржылық емес қолдау шарасы;
11) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың жүгінуі бойынша немесе жүгінуінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі;
12) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты – мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызметті көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі;
13) "Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымы (бұдан әрі - "Назарбаев Университеті" ДБҰ) – "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерін оқыту" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің "Шағын және орта кәсіпкерліктің топ-менеджментін оқыту" құралы шеңберінде кәсіпкерлерге қаржылық емес қолдауды жүзеге асыратын ұйым;
14) уәкілетті орган – кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган;
15) ісін жаңа бастаған кәсіпкер – кредит/лизинг шарты үшін банкке/лизингтік компанияға өтініш берген кезде дара кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелу мерзімі үш жылдан аз уақытты құрайтын кәсіпкер (ісін жаңа бастаған кәсіпкердің жұмыс істеп тұрған үлестес кәсіпкердің ағымдағы қызметінен ерекшеленетін жаңа қызмет түрін құру шартымен ісін жаңа бастаған/жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлермен үлестес болуына жол беріледі);
16) электрондық өтініш – ақпарат электрондық-цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған мемлекеттік қолдау алуға өтініш;
17) "электрондық үкіметтің" веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттар беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің электрондық нысанда көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесін білдіретін ақпараттық жүйе;
18) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған электрондық цифрлық таңбалардың жиынтығы.
2-тарау. "Бизнестің жол картасы – 2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерін оқыту" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі
3. "Бизнестің жол картасы – 2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерін оқыту" мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) "Бизнес-Мектеп" және "Шағын және орта кәсіпкерліктің топ-менеджментін оқыту" құралдары арқылы көрсетіледі.
4. Мына құрал бойынша:
1) "Бизнес-Мектеп" - қаржылық емес қолдау операторы;
2) "Шағын және орта кәсіпкерліктің топ-менеджментін оқыту" - "Назарбаев Университеті" ДБҰ мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушілер болып табылады.
5. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру мына құрал бойынша:
1) "Бизнес-Мектеп" КҚКО, кәсіпкерлікті қолдау орталықтары, қаржылық емес қолдау операторы және "электрондық үкімет" веб-порталы;
2) "Шағын және орта кәсіпкерліктің топ-менеджментін оқыту" қаржы агенттігі және "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
6. Мемлекеттік қызмет қағаз және электрондық нысанда көрсетіледі.
7. Өтінішті қабылдаған және тіркеген сәттен бастап қағаз және электрондық нысанда мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзімі мына құрал бойынша:
1) "Бизнес-Мектеп" - 3 (үш) жұмыс күнін;
2) "Шағын және орта кәсіпкерліктің топ-менеджментін оқыту" - 13 (он үш) жұмыс күнін құрайды.
8. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызметті көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "Бизнестің жол картасы – 2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерін оқыту" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің стандартында келтірілген.
9. Мемлекеттік қызмет өтеусіз негізде мына құрал бойынша:
1) "Бизнес-Мектеп" ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер үшін, сондай-ақ кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі қолданыстағы бағдарламалар шеңберінде іске қосылмаған жұмыспен қамтылған тұлғалардың жекелеген санаттары үшін;
2) "Шағын және орта кәсіпкерліктің топ-менеджментін оқыту" Бағдарлама шеңберінде экономиканың басым секторларында қызметін жүзеге асыратын ШОК субъектілерінің жоғары және орта буынының басшыларына көрсетіледі.
10. "Электрондық үкімет" веб-порталы мен субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің/"Бизнеске арналған үкімет" сервисі веб-порталының ақпараттық өзара іс-қимылы "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
11. Мемлекеттік қызметті электрондық нысанда көрсету мақсатында уәкілетті орган, қаржылық емес қолдау операторы, "Назарбаев Университеті" ДБҰ және қаржы агенттігі ЭЦҚ арқылы тіркеледі және субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде/"Бизнеске арналған үкімет" сервисі веб-порталында жеке кабинет құрады. Уәкілетті орган, қаржылық емес қолдау операторы, "Назарбаев Университеті" ДБҰ және қаржы агенттігі қызметтерді жеткізушіге дербес деректерді қорғау жөніндегі талаптарға сәйкес ЭЦҚ бар өз жұмыскерлерінің өзектілендірілген тізімдерін жыл сайын жібереді.
12. Электрондық өтінімде көрсетілетін деректер ақпараттық субсидиялау жүйесінің/"Бизнеске арналған үкімет" сервисі веб-порталының "Заңды тұлғалар", "Жеке тұлғалар", "Мүгедектігі бар тұлғалардың орталықтандырылған деректер банкі", "Төлемдерді өңдеуді ұйымдастыру" мемлекеттік дерекқорларымен және салық органдарының ақпараттық жүйелерімен ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде расталуға жатады.
Көрсетілген ақпараттық жүйелерден деректер автоматты режимде алынбаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы деректерді өз бетінше енгізеді, сондай-ақ растайтын құжаттарды қоса тіркейді.
13. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өтінішті қабылдау және толықтығын тексеру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
14. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
1-параграф. "Бизнес-Мектеп" құралы бойынша мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
15. "Бизнес-Мектеп" құралы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағаз нысанда мынадай тәртіппен көрсетіледі:
1) көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Бизнес-Мектеп" құралы бойынша "Бизнестің жол картасы – 2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерін оқыту" мемлекеттік көрсетілетін қызметін алуға өтініш (бұдан әрі - өтініш) береді;
2) көрсетілетін қызметті беруші өтініш келіп түскен күні осы Қағидаларға 1-қосымшада көзделген тізбеге сәйкес мәніне оларды қабылдауды және ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруді жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхатты қағаз жеткізгіште ұсыну арқылы қабылдаудан бас тартады;
3) көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті тіркейді және 2 (екі) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігін қарайды;
4) өтініш осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес "Бизнес-Мектеп" құралы бойынша "Бизнестің жол картасы – 2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерін оқыту" мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қағаз жеткізгіште 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсыну арқылы "Бизнес-Мектеп" құралы бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.
Өтініш осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес "Бизнес-Мектеп" құралы бойынша "Бизнестің жол картасы – 2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерін оқыту" мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша оқуға жіберу туралы хабарламаны қағаз жеткізгіште ұсынады.
16. "Бизнес-Мектеп" құралы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет электрондық нысанда "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы мынадай тәртіппен көрсетіледі:
1) көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес ЭЦҚ арқылы қол қойылған "Бизнес-Мектеп" құралы бойынша "Бизнестің жол картасы – 2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерін оқыту" мемлекеттік көрсетілетін қызметін алуға өтініш (бұдан әрі – электрондық өтініш) жібереді;
2) көрсетілетін қызметті беруші электрондық өтініш келіп түскен күні оларды қабылдауды және құжаттардың осы Қағидаларға 1-қосымшада көзделген тізбеге сәйкестігі тұрғысынан толықтығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолдану мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхатты ЭЦҚ арқылы қол қойылған электрондық құжат нысанында "электрондық үкімет" веб-порталымен өзара іс-қимыл жасасу кезінде ақпараттық субсидиялау жүйесіндегі/"Бизнеске арналған үкімет" сервисі веб-порталындағы жеке кабинет арқылы жіберу жолымен қабылдаудан бас тартады;
3) көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші электрондық өтінішті тіркейді және 2 (екі) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігіне қарайды;
4) электрондық өтініш осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес болмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес "Бизнес-Мектеп" құралы бойынша "Бизнестің жол картасы – 2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерін оқыту" мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны ЭЦҚ арқылы қол қойылған электрондық құжат нысанында "электрондық үкімет" веб-порталымен өзара іс-қимыл жасасу кезінде субсидиялау ақпараттық жүйесіндегі/"Бизнеске арналған үкімет" сервисі веб-порталындағы жеке кабинет арқылы жіберу жолымен мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.
Электрондық өтініш осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес болған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес "Бизнес-Мектеп" құралы бойынша "Бизнестің жол картасы – 2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерін оқыту" мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша оқуға жіберу туралы хабарламаны ЭЦҚ арқылы қол қойылған электрондық құжат нысанында "электрондық үкімет" веб-порталымен өзара іс-қимыл жасасу кезінде ақпараттық субсидиялау жүйесіндегі/"Бизнеске арналған үкімет" сервисі веб-порталындағы жеке кабинет арқылы жібереді.
17. Мыналар:
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін ұсынылған қажетті деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз болып табылады.
2-параграф. "Шағын және орта кәсіпкерліктің топ-менеджментін оқыту" құралы бойынша мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
18. "Шағын және орта кәсіпкерліктің топ-менеджментін оқыту" құралы бойынша мемлекеттік қызмет қағаз нысанда мынадай тәртіппен көрсетіледі:
1) көрсетілетін қызметті алушы қаржы агенттігі арқылы осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес "Шағын және орта кәсіпкерліктің топ-менеджментін оқыту" құралы бойынша "Бизнестің жол картасы – 2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерін оқыту" мемлекеттік көрсетілетін қызметін алуға өтініш (бұдан әрі – ШОК топ-менеджментін оқыту құралы бойынша өтініш) береді және "Шағын және орта кәсіпкерліктің топ-менеджментін оқыту" құралын іске асыруға байланысты мониторинг немесе өзге де іс-қимылдарды жүргізу үшін қажетті барлық мәліметтер мен деректерді ұсыну туралы жазбаша міндеттемеге қол қояды;
2) қаржы агенттігі көрсетілетін қызметті алушы жүгінген күні ұсынылған құжаттарды қабылдауды және оларды осы Қағидаларға 1-қосымшада көзделген тізбеге сәйкестігі мәніне толықтығын тексеруді жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 1-қосымшада көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық емес ұсынған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, қаржы агенттігі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхатты қағаз жеткізгіште ұсыну арқылы ШОК топ-менеджментін оқыту құралы бойынша өтінішті қабылдаудан бас тартады;
3) көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда қаржы агенттігі ШОК топ-менеджментін оқыту құралы бойынша өтінішті тіркейді және осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысына 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды.
Көрсетілетін қызметті алушының осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі анықталған жағдайда, қаржы агенттігі осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес "Шағын және орта кәсіпкерліктің топ-менеджментін оқыту" құралы бойынша "Бизнестің жол картасы – 2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерін оқыту" мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қағаз жеткізгіште ұсыну арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады;
4) көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес болған жағдайда қаржы агенттігі көрсетілетін қызметті алушылардың жиынтық тізімін қалыптастырады және оны уәкілетті органға 1 (бір) жұмыс күні ішінде келісуге жібереді;
5) уәкілетті орган көрсетілетін қызметті алушының осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан қарайды және көрсетілетін қызметті алушылардың келісілген тізімін "Назарбаев Университеті" ДБҰ-ға және қаржы агенттігіне оқытуды ұйымдастыру үшін 5 (бес) жұмыс күні ішінде жібереді;
6) "Шағын және орта кәсіпкерліктің топ-менеджментін оқыту" құралының көрсетілетін қызметті алушыларының уәкілетті органмен келісілген тізімін алғаннан кейін қаржы агенттігі 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес "Шағын және орта кәсіпкерліктің топ-менеджментін оқыту" құралы бойынша "Бизнестің жол картасы – 2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерін оқыту" мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша оқуға жіберу туралы хабарламаны не осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес "Шағын және орта кәсіпкерліктің топ-менеджментін оқыту" құралы бойынша "Бизнестің жол картасы – 2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерін оқыту" мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны ұсынады.
19. "Шағын және орта кәсіпкерліктің топ-менеджментін оқыту" құралы бойынша мемлекеттік қызмет "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық нысанда мынадай тәртіппен көрсетіледі:
1) көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ арқылы қол қойылған осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес "Шағын және орта кәсіпкерліктің топ-менеджментін оқыту" құралы бойынша "Бизнестің жол картасы – 2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерін оқыту" мемлекеттік көрсетілетін қызметін алуға өтінішті (бұдан әрі – ШОК топ-менеджментін оқыту бойынша электрондық өтініш) жібереді;
2) қаржы агенттігі электрондық өтініш түскен күні оларды қабылдауды және ұсынылған құжаттардың осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкестігі тұрғысынан толықтығын тексеруді жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мәліметтерді және (немесе) құжаттарды толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, қаржы агенттігі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхатты ЭЦҚ арқылы қол қойылған электрондық құжат нысанында "электрондық үкімет" веб-порталымен өзара іс-қимыл жасасу кезінде ақпараттық субсидиялау жүйесіндегі/"Бизнеске арналған үкімет" сервисі веб-порталындағы жеке кабинет арқылы жіберу жолымен қабылдаудан бас тартады;
3) көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, қаржы агенттігі ШОК топ-менеджментін оқыту бойынша электрондық өтініш электрондық өтінішті тіркейді және осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігін 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды.
Көрсетілетін қызметті алушының осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі анықталған жағдайда, қаржы агенттігі осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес "Шағын және орта кәсіпкерліктің топ-менеджментін оқыту" құралы бойынша "Бизнестің жол картасы – 2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерін оқыту" мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны ЭЦҚ арқылы қол қойылған электрондық құжат нысанында "электрондық үкімет" веб-порталымен өзара іс-қимыл жасасу кезінде ақпараттық субсидиялау жүйесіндегі/"Бизнеске арналған үкімет" сервисі веб-порталындағы жеке кабинет арқылы жіберу жолымен мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады;
4) көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес болған жағдайда, қаржы агенттігі 1 (бір) жұмыс күні ішінде уәкілетті органға келісуге ШОК топ-менеджментін оқыту бойынша электрондық өтінішті жолдайды;
5) уәкілетті орган 5 (бес) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан қарайды.
Уәкілетті орган көрсетілетін қызметті алушының осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкессіздігін анықтаған жағдайда, қаржы агенттігі көрсетілетін қызметті алушыға 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес "Шағын және орта кәсіпкерліктің топ-менеджментін оқыту" құралы бойынша "Бизнестің жол картасы – 2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерін оқыту" мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны ЭЦҚ арқылы қол қойылған электрондық құжат нысанында "электрондық үкімет" веб-порталымен өзара іс-қимыл жасасу кезінде ақпараттық субсидиялау жүйесіндегі/"Бизнеске арналған үкімет" сервисі веб-порталындағы жеке кабинет арқылы жіберу жолымен мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады;
6) уәкілетті орган ШОК топ-менеджментін оқыту бойынша электрондық өтінішті келіскен жағдайда, қаржы агенттігі 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес "Шағын және орта кәсіпкерліктің топ-менеджментін оқыту" құралы бойынша "Бизнестің жол картасы – 2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерін оқыту" мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша оқуға жіберу туралы хабарламаны ЭЦҚ арқылы қол қойылған электрондық құжат нысанында "электрондық үкімет" веб-порталымен өзара іс-қимыл жасасу кезінде ақпараттық субсидиялау жүйесіндегі/"Бизнеске арналған үкімет" сервисі веб-порталындағы жеке кабинет арқылы жібереді.
20. Мыналар:
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін келісу туралы сұрау салуға уәкілетті органның теріс жауабын, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысын алу мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болып табылады.
3-параграф. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
21. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым осы Қағидаларға 1-қосымшаның 10-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
22. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Заңның 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгіне алады.
"Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерін оқыту" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 1-қосымша |
"Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерін оқыту" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің стандарты | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
1. "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы – "Бизнес-Мектеп" құралы бойынша" (бұдан әрі – 1-ші көрсетілетін қызметті беруші) |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары) |
"Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерін оқыту" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсетілетін қызметті алушыларға қағаз немесе электрондық нысанда өтініш беру арқылы көрсетіледі. |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
1. "Бизнес-Мектеп" құралы – 3 (үш) жұмыс күні; |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Қағаз/ электрондық (ішінара автоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
1. "Бизнес-Мектеп" құралы |
6 | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі. |
7 | Жұмыс кестесі |
1-ші көрсетілетін қызметті беруші – 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Мерекелер туралы заң) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен КҚКО-да, КҚО-да сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін. |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
1. Қазақ нысанда: |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1-ші көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер: |
10 | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
1. "Бизнес-Мектеп" кұралы |
"Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерін оқыту" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 2-қосымша |
|
Нысан |
"Бизнес-Мектеп" құралы бойынша "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлік субьектілерін оқыту" мемлекеттік көрсетілетін қызметін алуға өтініш
Қоса беріліп отырған құжаттарды қарауды және мені "Бизнес-Мектеп" құралы шеңберінде оқыту бойынша тыңдаушылар қатарына қосуды сұраймын.
1. Көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтер:
аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі __________________________
жеке сәйкестендіру нөмірі ________________________________________
жеке басын куәландыратын құжат:
нөмірі_________________________________________________________
кім берді ______________________________________________________
берілген күні ____________________________________________________
мекенжайы __________________________________________________________
телефон (факс) нөмірі _____________________________
мобильді телефон нөмірі _____________________
қосымша мобильді байланыс телефондарының нөмірлері ____________
жынысы _________________
туған күні _______________
лауазымы ___________________
E-mail ______________________
2. Заңды тұлға үшін ұйым туралы мәліметтер:
атауы __________________________________________________
бизнес-сәйкестендіру нөмірі ________________________________
басшының аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі ________________
басшының жеке сәйкестендіру нөмірі ____________
мекенжайы _________________________________________________________
телефон (факс) нөмірі __________________________________________
веб-сайт _______________________________________________________
жеке тұлға, дара кәсіпкер үшін:
атауы __________________________________________________
аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), тегі__________________________
жеке сәйкестендіру нөмірі _______________________
жеке басын куәландыратын құжат:
нөмірі _________________________________________________________
кім берді ____________________________________________________
берілген күні ____________________________________________________
мекенжайы __________________________________________________________
телефон (факс) нөмірі _____________________________
Жеке тұлға, дара кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарлама:
орналасқан жері ________________________________________________
хабарлау күні ________________________________________________
Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің коды бойынша экономика секторы:
_______________________________________________________________
экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің коды бойынша саланың коды мен атауы:
_______________________________________________________________
экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің коды бойынша кіші саланың коды мен атауы:
______________________________________________________________
Кәсіпкерлік субъектісінің санаты (шағын/орта) _____________
Кәсіпорынның мемлекеттік тіркелген күні _____________________
Тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің негізгі номенклатурасы _________________
Өткен жылғы орташа жылдық кіріс (мың теңге)________________
Өткен жылғы жұмыскерлердің орташа жылдық саны (адам) ____
Заңды тұлға қызметінің қысқаша сипаттамасы ___________________
3. Көрсетілетін қызметті алушы туралы арнайы мәліметтер
мүгедектіктің болуы (иә / жоқ)_____________________________________
мүгедектік тобы _____________________________________________
4. Көрсетілетін қызметті алушының жұмыспен қамтылуы туралы мәліметтер:
жұмыспен қамтылған адамның санаты _________
жұмыс орнының атауы __________________________________________
осы жұмыс орнындағы жұмыс кезеңі: күн/ай/жылдан күн/ай/жылға дейінгі кезеңі
өтініш берушінің соңғы 12 (он екі) айдағы кірістері бойынша деректер _____________
"Іскерлік байланыстар" құралы бойынша шетелдік тағылымдамаға мүдделілігі
5. Оқу туралы мәліметтер:
қалайтын оқу тілі: (қазақ / орыс)_______________________________
оқу түрі (күндізгі / қашықтықтан онлайн оқыту) _____________________________
Мыналармен:
1) осы өтінішде қамтылған мәліметтер, сондай-ақ қаржылық емес қолдау операторы талап еткен барлық құжаттар тек осы құралды ұсыну үшін ұсынылғанына;
2) көрсетілген деректер мен ақпараттың дұрыс еместігі анықталған жағдайда осы өтініш оны қараудың кез келген кезеңінде қабылданбауы мүмкін екеніне келісемін.
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту бойынша бұрын мемлекеттік қолдау шараларын алмағанымды растаймын.
Осы мемлекеттік қызметті алған жағдайда, "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту" мемлекеттік қызметін алуға өтініш бермеуге міндеттенемін.
"Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде осы құралды ұсыну шарттарымен таныстым.
Көрсетілген қызметтердің сапасын бағалау (аудит) мақсатында жүргізілетін телефондық және/немесе SMS-пікіртерім жүргізуге келісім беремін.
Ұсынылған ақпараттың анықтығын растаймын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анық емес мәліметтерді ұсынғаны үшін жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді және өзге де ақпаратты жинауға, өңдеуге, сақтауға, үзіндісін алуға және пайдалануға келісім беремін.
Өтінішті қағаз нысанда берген кезде өтінішке мыналарды:
жеке куәліктің көшірмесін, жеке кәсіпкер/шаруа немесе фермер қожалығы куәлігінің көшірмесін, заңды тұлғаны тіркеу туралы анықтаманың көшірмесін/"Іскерлік байланыстар" құралы бойынша шетелдік тағылымдамаға қатысуға үміткерлер үшін - жұмыс орнынан анықтаманы (қажет болған жағдайда), салық төлеушінің соңғы он екі айдағы кірістерін растау туралы мемлекеттік кірістер департаментінен анықтаманы;
жеке куәліктің көшірмесін, кәсіпкерлік субъектісін тіркеу туралы анықтаманың көшірмесін және жұмыс орнынан анықтаманы (қажет болған жағдайда) қоса беремін.
Өтінішді қағаз нысанда берген кезде:
Күні:________________ Көрсетілетін қызметті алушының қолы: _______________
Өтінішті электрондық нысанда берген кезде:
Көрсетілетін қызметті алушы 20 __ жылғы "__" сағат 00:00-де қол қойды және жіберді:
Электрондық цифрлық қолтаңбаның деректері
Электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қою күні мен уақыты
Өтінішті қабылдау туралы хабарлама:
20 __ жылғы "__" сағат 00:00-де менеджер-консультант қабылдады:
Электрондық цифрлық қолтаңбаның деректері
Электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қою күні мен уақыты
"Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерін оқыту" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 3-қосымша |
|
Нысан |
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 20 – бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Бизнес-мектеп" /"Шағын және орта кәсіпкерлік топ-менеджментін оқыту" құралы бойынша "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерін оқыту" мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды қабылдаудан Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты, атап айтқанда:
Ұсынылмаған құжаттардың және (немесе) мәліметтердің атауы:
1) ________________________________________;
2) ________________________________________;
3) ________________________________________.
Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.
Көрсетілетін қызметті берушінің аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі _____ (қолы)
Орындаушы: аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі _____________
Телефон ______________
Алдым: аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі/ көрсетілетін қызметті алушының қолы _____
"___" _________ 20__ жыл
Электрондық нысанда өтініш беру кезінде:
Қызмет алушы қол қойды және сағат 00:00-де жіберілді "___" ________ 20___ жыл:
Электрондық цифрлық қолтаңбаның деректері
Электрондық цифрлық қолтаңбаға қол қою күні мен уақыты
"Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерін оқыту" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 4-қосымша |
|
Нысан |
Шығыс № және күні
Кімге ___________________________ (Көрсетілетін қызметті алушының аты-жөні) кімнен __________________________ (өңір көрсетіледі) |
"Бизнес-Мектеп" құралы бойынша "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерін оқыту" мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тарту туралы хабарлама
20 жылғы " " ________________ |
Филиал _________________________________________________________,
(өңірді толық көрсету)
Ұсынылған мәліметтер мен құжаттардың "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті
қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлік
субъектілерін оқыту" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 1-қосымшаның
9-тармағының 2-тармақшасына сәйкестігі мәніне тұрғысынан өтініміңізді қарап,
_______________________________________ байланысты, Сізге "Бизнес-Мектеп"
құралы бойынша "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың
мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерін оқыту" мемлекеттік
қызметін көрсетуден бас тартылғанын хабарлаймыз.
Филиал директоры _______________________
(Аты-жөні, қолы)
"Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерін оқыту" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 5-қосымша |
|
Нысан |
Шығыс № және күні
Кімге _________________________ (Көрсетілетін қызметті алушының аты-жөні) кімнен ________________________ (өңір көрсетіледі) |
"Бизнес-Мектеп" құралы бойынша "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерін оқыту" мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша оқуға жіберу туралы хабарлама
Филиал _________________________________________________________,
(өңірді толық көрсету)
Сізді "Бизнес-Мектеп" құралы шеңберінде оқыту бойынша тыңдаушылар қатарына қосуға қатысты өтінішіңізді қарап, күндізгі және/немесе қашықтықтан оқытуға қатысуға шақырады:
Күндізгі оқу нысанын таңдаған кезде келесі деректер көрсетіледі
Оқу уақыты мен күні: 20___ "____" ______ бастап
20____ жылғы "___" ______________________ сағат ___ минутқа дейін.
Оқытуды өткізу мекенжайы:
облыс ________________________ қала _______________ аудан _______________
кент/ауыл ______________ көше және / немесе шағын аудан ______________________
№ _____________ үй / ғимарат № _________________ кабинет
Тіркелу үшін өзіңізбен бірге жеке басты куәландыратын құжат болуы қажет.
Қашықтықтан оқыту нысанын таңдау кезінде:
Оқу материалдары жеке кабинетте қолжетімді.
Филиал директоры _______________________
(Аты-жөні, қолы)
"Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерін оқыту" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 6-қосымша |
|
Нысан |
"Шағын және орта кәсіпкерліктің топ-менеджментін оқыту" құралы бойынша "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерін оқыту" мемлекеттік көрсетілетін қызметін алуға өтініш
Ұсынылған материалдарды қарауды сұраймын және "Шағын және орта кәсіпкерліктің топ-менеджментін оқыту" құралы бойынша конкурстық іріктеуге қатысу туралы мәлімдеймін
1. Көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтер:
аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі__________________________
жеке сәйкестендіру нөмірі ________________________________________
жеке басын куәландыратын құжат:
нөмірі_________________________________________________________
кім берді ______________________________________________________
берілген күні ____________________________________________________
мекенжайы __________________________________________________________
телефон (факс) нөмірі _____________________________
ұялы телефон нөмірі _____________________
қосымша ұялы байланыс телефондарының нөмірлері ____________
жынысы (ер/әйел)_________________
туған күні _______________
лауазымы ___________________
E-mail ______________________
2. Заңды тұлға үшін ұйым туралы мәліметтер:
атауы __________________________________________________
бизнес-сәйкестендіру нөмірі ________________________________
басшының аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі ________________
басшының жеке сәйкестендіру нөмірі ____________
мекенжайы _________________________________________________________
телефон (факс) нөмірі __________________________________________
веб-сайт _______________________________________________________
жеке тұлға, дара кәсіпкер үшін:
атауы __________________________________________________
аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі__________________________
жеке сәйкестендіру нөмірі _______________________
жеке басын куәландыратын құжат:
нөмірі _________________________________________________________
кім берді ____________________________________________________
берілген күні ____________________________________________________
мекенжайы __________________________________________________________
телефон нөмірі (факс)_____________________________
Жеке тұлға, дара кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарлама:
орналасқан жері ________________________________________________
хабарлама күні ________________________________________________
Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің коды бойынша экономика секторы:
_______________________________________________________________
Кәсіпкерлік субъектісінің санаты (шағын/орта) _____________
Кәсіпорынның мемлекеттік тіркелген күні _____________________
Тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің негізгі номенклатурасы __________________
Өткен жылғы орташа жылдық кіріс (мың теңге)________________
Өткен жылғы қызметкерлердің орташа жылдық саны (адам) ____
Заңды тұлға қызметінің қысқаша сипаттамасы ___________________
Мынаны:
1) осы өтініште қамтылған мәліметтер, сондай-ақ "Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымы немесе қаржы агенттігі талап еткен барлық құжаттар тек Бағдарлама шеңберінде мемлекеттік қызмет көрсету үшін ғана ұсынылғанын растаймын.
Мыналарға:
1) өтініште көрсетілген деректер өзгерген жағдайда дереу хабардар етуге;
2) оқыту бағдарламасына немесе жобаны іске асыруға байланысты өзге де іс-әрекеттерге мониторинг жүргізу үшін қажетті барлық мәліметтер мен құжаттарды беруге міндеттенемін.
Мыналармен:
1) қаржы агенттігі ұсынылған мәліметтерге тексеру жүргізуі мүмкін екендігіне;
2) қаржы агенттігі көрсетілген деректердің дұрыстығын тексеруге міндетті емес екендігіне;
3) көрсетілген деректер мен ақпараттың дәйексіздігі анықталған жағдайда, осы өтініш оны қараудың кез келген кезеңінде қабылданбауы мүмкін екендігіне;
4) "Назарбаев Университеті" Дербес білім беру ұйымы немесе қаржы агенттігі осы өтініште көрсетілген мәліметтерді, ақпаратты және өтініш беруші ұсынған құжаттарды тексеру және қарау мақсатында мүдделі үшінші тұлғаларға беруге құқылы екендігіне келісемін.
Конкурс шарттарымен және "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерін оқыту мемлекеттік қызметінің "Шағын және орта кәсіпкерліктің топ-менеджментін оқыту" құралын ұсыну қағидаларымен таныстым.
Көрсетілген қызметтердің сапасын бағалау (аудит) мақсатында жүргізілетін телефондық және/немесе SMS-пікіртерім жүргізуге келісім беремін. Ұсынылған ақпараттың анықтығын растаймын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анық емес мәліметтерді ұсынғаны үшін жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді және өзге де ақпаратты жинауға, өңдеуге, сақтауға, түсіруге және пайдалануға келісім беремін.
Өтінішті қағаз нысанда берген кезде өтінішке қоса беремін:
жеке куәлігінің көшірмесі, кәсіпкерлік субъектісін тіркеу туралы анықтаманың көшірмесі және жұмыс орнынан анықтама (қажет болған жағдайда).
Өтінішті қағаз нысанда берген кезде:
Күні:________________ Көрсетілетін қызметті алушының қолы: _______________
Өтінішті электрондық нысанда берген кезде:
Өтініш беруші 20 __ жылғы "__" сағат 00:00-де қол қойды және жіберді:
Электрондық цифрлық қолтаңбаның деректері
Электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қою күні мен уақыты
Өтінішті қабылдау туралы хабарлама:
20 __ жылғы "__" сағат 00:00-де менеджер-консультант қабылдады:
Электрондық цифрлық қолтаңбаның деректері
Электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қою күні мен уақыты
"Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерін оқыту" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 7-қосымша |
|
Нысан |
"Шағын және орта кәсіпкерліктің топ-менеджментін оқыту" құралы бойынша "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау және дамыту мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерін оқыту" мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тарту туралы хабарлама
20 жылғы "___" ____________ |
Осы арқылы, "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы _________
"Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік
бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерін оқыту" мемлекеттік қызмет
көрсету қағидаларына 1-қосымшаның 9-тармағының 2) тармақшасына сәйкес,
_______________________________________ байланысты, Сізге "Шағын және орта
кәсіпкерліктің топ-менеджментін оқыту" құралы бойынша "Бизнестің жол картасы-
2025" бизнесті қолдау және дамыту мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлік
субъектілерін оқыту" мемлекеттік қызметін ұсынудан бас тартылғанын хабарлайды.
Филиал директоры ___________________
"Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерін оқыту" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 8-қосымша |
|
Нысан |
"Шағын және орта кәсіпкерліктің топ-менеджментін оқыту" құралы бойынша "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау және дамыту мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерін оқыту" мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша оқуға жіберу туралы хабарлама
20 жылғы "___" ____________ |
Осымен, "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы ____________ бойынша "Шағын және орта кәсіпкерліктің топ-менеджментін оқыту" құралы бойынша "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерін оқыту" мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша оқудан өту үшін іріктеуден өткеніңізді хабарлайды.
Филиал директоры ___________________