"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Жер асты сулары, емдік балшық және қатты пайдалы қазбаларды барлау, өндіру немесе аралас барлау және өндіру үшін жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу қағидалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қатты пайдалы қазбаларды қайта өңдеу туралы келісім жасау қағидалары;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Жер қойнауы учаскесін өзгертуге өтінім беру қағидалары;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Тарату қорын пайдалануға рұқсат беру қағидалары;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес Барлау учаскесінде бір мың текше метрден асатын көлемде тау массасын алуға және (немесе) топырақты ауыстыруға рұқсат беру қағидалары бекітілсін.
2. "Кен іздеушілікке арналған лицензияларды беруге өтініштерді беру және қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 17 мамырдағы № 339 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16985 болып тіркелген, 2018 жылғы 13 маусымда Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы"2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 265-бабының 10-тармағына және "Мемлекеттік қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
Көрсетілген бұйрық пен бекітілген Кен іздеушілікке арналған лицензияларды беруге өтініштерді беру және қарау қағидалары осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі |
Б. Атамкулов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрлігі
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 30 мамырдағы № 323 бұйрығына 1-қосымша |
"Жер асты суларын, емдік балшықты және қатты пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге, бірлесіп барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу" мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Жер асты суларын, емдік балшықты және қатты пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге, бірлесіп барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу" мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. "Жер асты суларын, емдік балшықты және қатты пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге, бірлесіп барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Кодекстің 26-бабының 1-тармағына сәйкес кен іздеушілікке арналған лицензия бұдан әрі – лицензия қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарымен, жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерімен келісу бойынша облыстың жергілікті атқарушы органдары айқындайтын аумақтарға беріледі.
3. Қағидалар жер қойнауын пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) қолданылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі
4. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті www.egov.kz электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы ұсынады, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті "Тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының осы Қағидаларына 2-қосымшаның 8-тармағында көрсетілген құжаттармен жібереді. жер асты сулары, емдік балшық және қатты пайдалы қазбаларды барлау, өндіру немесе аралас барлау және өндіру үшін жер қойнауын пайдалану құқығын кепілге беру шарты (бұдан әрі - "Мемлекеттік қызмет стандарты").
Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, оның ішінде процестің сипаттамасын, ұсыну нысаны, мазмұны және нәтижесі, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де ақпарат Мемлекеттік қызмет стандартында көрсетілген.
5. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды олар алынған күні тіркейді.
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері, жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушының өтініші кезінде, өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру кейінгі жұмыс күнімен жүзеге асырылады.
6. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы барлық қажетті құжаттарды берген кезде - көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын туралы заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
7. Мемлекеттік қызметті көрсетудің жалпы мерзімі 2 (екі) жұмыс күнін құрайды.
8. Жауапты орындаушы өтініш тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде Мемлекеттік қызмет стандартының 8-тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттардың толықтығы мен дұрыстығын тексереді және келесі мемлекеттік қызмет нәтижесін береді:
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер қойнауын пайдалану құқығына кепіл шартын тіркеу туралы анықтама;
2) Мемлекеттік қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолы қойылған (бұдан әрі – ЭЦҚ) электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетіне" жолданады.
9. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен енгізуді қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік қызмет рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы көрсетілетін кезде мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде келіп түседі.
3-тарау. Мемлекеттік қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10. Мемлекеттік қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану жағдайында, шағым мына мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына беріледі: 010000, Нұр-Сұлтан қ., Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, телефон: 8 (7172) 98-31-35.
11. Шағымдар көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы поштамен немесе қолма-қол жазбаша нысанда жұмыс күндері қабылданады.
12. Шағымға көрсетілетін қызметті алушының қолы қойылып, оның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), шығыс нөмірі мен күні, пошталық мекенжайы, байланысу телефоны көрсетіледі.
13. Шағымның қабылданғанын растау шағымды қабылдаған адамның тегін, атын, әкесінің атын (болған жағдайда) көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) болып табылады.
14. Көрсетілетін қызметті алушының шағымын "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның 25-бабы 2) тармақшасына сәйкес:
уәкілетті орган – оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауы тиіс.
15. Көрсетілетін қызметті берушінің, уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабы 4-тармағына сәйкес, қажет болған жағдайда шағымды қарау мерзімі:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда, он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.
16. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
Келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын кепілге беруге рұқсат беруге байланысты: өтініш
__________________________________________
(Келісімшарттың нөмірі, келісімшарттың жасалған күні)
______________________________
(Жер қойнауын пайдалану операциясының түрі, пайдалы қазба)
_____________________________
(кен орынның атауы)
____________________________________________
(Кепіл ұстаушы банкінің атауы, шарттың нөмірі, шарттың күні)) пайдасына
Сізден жер қойнауын пайдалану құқығының кепілшартын тіркеуді сұраймын.
Қоса берілетін құжаттар:
Жер қойнауын пайдалану құқығының кепілшарты
___________________________________
(күні) (Т.А.Ә/ Өтініш берушінің атауы)
"Жер асты суларын, емдік балшықты және пайдалы қатты қазбаларды барлауға, өндіруге немесе бірлесіп барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты | ||
1 | Көрсетілетін қызмет берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері | "электрондық үкімет" веб-порталы www.egov.kz. |
3 | Мемлекеттік қызметкөрсету мерзімі | 2 (екі) жұмыс күн. |
4 | Мемлекеттік қызметкөрсету нысаны | электрондық (толық автоматтандырылған). |
5 | Мемлекеттік қызметкөрсету нәтижесі | Нысан бойынша жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу туралы куәлік немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. |
7 | Жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі- жұма аралығында, сағат 13.00- ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден18.30-ға дейін; |
8 | Мемлекеттік қызметтікөрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі |
1) өтініш; |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау; |
10 | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар |
Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайы интернет-ресурста www.mііd.gov.kz орналастырылған, "Мемлекеттік қызметтер" кіші бөлімінде Жер қойнауын пайдалану департаменті бөлімі. |
Жер қойнауын пайдалану құқығының кепілі туралы шартты тіркеу туралы № Куәлік
20___ жылғы "__"_________№ _________ __
___________________
(қала, аудан)
Кепіл беруші:______________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) мекенжайы, Жеке сәйкестендіру нөмірі/Бизнес сәйкестендіру нөмірі)
_________________________________________________________________
Кепіл ұстаушы:____________________________________________________
( банктің атауы, оның заңды мекенжайы)
Жер қойнауын пайдалану құқығының сипаттамасы:____________________
_________________________________________________________________
(жер қойнауын пайдалану операциясының түрі, кен орнының толық атауы)
Келісімшарт/лицензия:_____________________________________________
(келісімшарттың нөмірі мен жасалғанкүні / лицензия)
Міндеттеме сомасы:_______________________________________________
(санмен және валюта)
Міндеттемені өтеу мерзімі :________________________________________
(күні)
Ескерту: _________________________________________________________
________________________________________________________________
Жер қойнауын пайдалану құқығының кепілін тіркеу туралы куәлікті беретін
мемлекеттік орган басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы.
Қазақстан Республикасы |
Министерство индустрии |
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ КӨРСЕТУДЕН БАС ТАРТУ ТУРАЛЫ ДӘЛЕЛДІ ЖАУАП
Құжаттың нөмірі:____________
Берілген күні:_________
_____________________
(заңды тұлғаның атауы,
немесе жеке тұлғаның Т.А.Ә)
"Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі" ММ сіздің ж._ _._ № ______ өтінішіңізді қарап, Қазақстан Республикасының аумағында пайдалы қатты қазбаларды немесе кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу туралы куәлікті мына себептер бойынша беруге бас тартады:
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 30 мамырдағы № 323 бұйрығына 2-қосымша |
"Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу" мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу" мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары (бұдан әрі- Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. "Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер (бұдан әрі-мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі -көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
3. Қағидалар жер қойнауын пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) қолданылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі
4. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі немесе www.egov.kz электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы ұсынады, осы Қағидаларға 2-қосымшаның 8-тармағында көрсетілген құжаттармен бірге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш жібереді. "Қатты пайдалы қазбаларды қайта өңдеу туралы келісім жасау" мемлекеттік қызметі (бұдан әрі - Мемлекеттік қызмет стандарты).
Мемлекеттік қызметтерді көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, оның ішінде процестің сипаттамасы, ұсыну нысаны, мазмұны және нәтижесі, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де ақпарат мемлекеттік қызметтерге арналған стандартта көрсетілген.
5. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды олар алынған күні тіркейді.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
6. Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы берген кезде – көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет"шлюзі арқылы алады.
7. Мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзімі 2 (екі) жұмыс күнін құрайды.
8. Жауапты орындаушы өтініш тіркелген сәттен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде Мемлекеттік қызмет стандартының 8-тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттардың толықтығы мен дұрыстығын тексереді және келесі мемлекеттік қызмет нәтижесін береді:
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша келіссөздердің басталған күні туралы хабарламалар;
2) мемлекеттік қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дәлелді бас тарту.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
9. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде түседі.
3-бөлім. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану жағдайда шағым көрсетілетін қызметті беруші, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдарының басшыларының атына беріледі.
11. Шағымдар жазбаша нысанда пошта байланысы бойынша көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс күндеріне сәйкес кеңсе арқылы қолма-қол қабылданады.
12. Шағым көрсетілетін қызметті алушы қол қояды, онда оның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), шығыс нөмірі мен күні, пошталық мекенжайы, байланыс телефоны көрсетіледі.
13. Шағымды қабылдаған адамның тегі,аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
14. Көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның 25-бабының 2) тармақшасына сәйкес қарауға жатады:
уәкілетті орган оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган– тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде.
15. Көрсетілетін қызметті берушінің, уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес қажет болған жағдайда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу үшін.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды тұлға шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген өтініш берушіге ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімін ұзарту туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.
16. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
Келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын кепілге беруге рұқсат беруге байланысты: өтініш
__________________________________________
(Келісімшарттың нөмірі, келісімшарттың жасалған күні)
______________________________
(Жер қойнауын пайдалану операциясының түрі, пайдалы қазба)
_____________________________
(кен орынның атауы)
____________________________________________
(Кепіл ұстаушы банкінің атауы, шарттың нөмірі, шарттың күні))
______________________________________пайдасына
Сізден жер қойнауын пайдалану құқығының кепілшартын тіркеуді сұраймын.
Қоса берілетін құжаттар: Жер қойнауын пайдалану құқығының кепілшарты
___________________________________
(күні) (Т.А.Ә/ Өтініш берушінің атауы)
"Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу" мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына 2-қосымша |
"Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарты | ||
1 | Көрсетілетін қызмет берушінің атауы | Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері | "электрондық үкімет" веб-порталы |
3 | Мемлекеттік қызметкөрсету мерзімі | 2 (екі) жұмыс күні |
4 | Мемлекеттік қызметкөрсету нысаны | Электрондық (толық автоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік қызметкөрсету нәтижесі | Нысан бойынша жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу туралы куәлік немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі |
7 | Жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі- жұма аралығында, сағат 13.00- ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден18.30-ға дейін; |
8 | Мемлекеттік қызметтікөрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі | 1) белгіленген тәртіппен қол қойылған жер қойнауын пайдалану құқығының кепілі туралы шарттың электрондық көшірмесі |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау; |
10 | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар |
Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайы Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдарының интернет-ресурстарында орналастырылған. |
"Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығының кепілшартын тіркеу" мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына 3-қосымша |
Жер қойнауын пайдалану құқығының кепілі туралы шартты тіркеу туралы № КУӘЛІК
20___ жылғы "__"_________№ _________ __
___________________
(қала, аудан)
Кепіл беруші:______________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) мекенжайы, Жеке сәйкестендіру нөмірі/Бизнес сәйкестендіру нөмірі)
__________________________________________________________________
Кепіл ұстаушы:_____________________________________________________
( банктің атауы, оның заңды мекенжайы)
Жер қойнауын пайдалану құқығының сипаттамасы:_____________________
__________________________________________________________________
(жер қойнауын пайдалану операциясының түрі, кен орнының толық атауы)
Келісімшарт/лицензия:______________________________________________
(келісімшарттың нөмірі мен жасалған күні / лицензия)
Міндеттеме сомасы:________________________________________________
(санмен және валюта)
Міндеттемені өтеу мерзімі :__________________________________________
(күні)
Ескерту: __________________________________________________________
__________________________________________________________________
Жер қойнауын пайдалану құқығының кепілін тіркеу туралы куәлікті беретін мемлекеттік орган басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы.
"Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығының кепілшартын тіркеу" мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына 4-қосымша |
Уәкілетті орган | Уполномоченный орган |
МЕМЛЕКЕТІК ҚЫЗМЕТТІ КӨРСЕТУДЕН БАС ТАРТУ ТУРАЛЫ ДӘЛЕЛДІ ЖАУАП
Құжаттың нөмірі:____________ Берілген күні:_________ _____________________ (заңды тұлғаның атауы, немесе жеке тұлғаның Т.А.Ә) |
"Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары" сіздің __.__.__ ж. ._ _._ № ______ өтінішіңізді қарап, Қазақстан Республикасының аумағында пайдалы қатты қазбаларды немесе кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу туралы куәлікті мына себептер бойынша беруге бас тартады:
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 30 мамырдағы № 323 бұйрығына 3-қосымша |
"Қатты пайдалы қазбаларды қайта өңдеу туралы келісім жасау" мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Қатты пайдалы қазбаларды қайта өңдеу туралы келісім жасау" мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары (бұдан әрі- Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. "Қатты пайдалы қазбаларды қайта өңдеу туралы келісім жасау" мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі-мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі -көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
3. Қағидалар жер қойнауын пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) қолданылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі
4. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі немесе www.egov.kz электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы ұсынады, осы Қағидаларға 2-қосымшаның 8-тармағында көрсетілген құжаттармен бірге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш жібереді. "Қатты пайдалы қазбаларды қайта өңдеу туралы келісім жасау" мемлекеттік қызметі (бұдан әрі - Мемлекеттік қызмет стандарты).
Мемлекеттік қызметтерді көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, оның ішінде процестің сипаттамасы, ұсыну нысаны, мазмұны және нәтижесі, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де ақпарат мемлекеттік қызметтерге арналған стандартта көрсетілген.
5. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды олар алынған күні тіркейді.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды көрсетілетін қызметті берушілерге берген кезде (қолма– қол не пошта байланысы арқылы) - қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау оның көшірмесіндегі құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелгені туралы белгі болып табылады.
6. Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы берген кезде– көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу ) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет"шлюзі арқылы алады .
7. Мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзімі 30 (отыз) жұмыс күнін құрайды
8. Жауапты орындаушы өтініш тіркелген сәттен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде Мемлекеттік қызмет стандартының 8-тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттардың толықтығы мен дұрыстығын тексереді және келесі мемлекеттік қызмет нәтижесін береді:
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша келіссөздердің басталған күні туралы хабарламалар;
2) мемлекеттік қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дәлелді бас тарту.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы берілген жағдайда нәтижеге басшы немесе оны алмастыратын тұлға қол қояды және оны көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жолдайды.
Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
9. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде түседі.
3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану жағдайда шағым көрсетілетін қызметті беруші мына мекенжай бойынша 010000, Нұр-Сұлтан қ., Қабанбай батыр даңғылы 32/1, телефон: 8 (7172) 98-31-35 басшыларының атына беріледі.
11. Шағымдар жазбаша нысанда пошта байланысы бойынша көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс күндеріне сәйкес кеңсе арқылы қолма-қол қабылданады.
12. Шағым көрсетілетін қызметті алушы қол қояды, онда оның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), шығыс нөмірі мен күні, пошталық мекенжайы, байланыс телефоны көрсетіледі.
13. Шағымды қабылдаған адамның тегі,аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
14. Көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның 25-бабының 2) тармақшасына сәйкес қарауға жатады:
уәкілетті орган оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган– тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде.
15. Көрсетілетін қызметті берушінің, уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес қажет болған жағдайда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу үшін.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды тұлға шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген өтініш берушіге ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімін ұзарту туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде ) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.
16. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
"Қатты пайдалы қазбаларды қайта өңдеу туралы келісім жасау" мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына 1-қосымша |
"Қатты пайдалы қазбаларды қайта өңдеу туралы келісім жасасу" мемлекеттік қызметтер көрсету стандарты | ||
1 | Көрсетілетін қызмет берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (кіру арналары) |
1) Көрсетілетін қызмет берушінің кеңсесіне; |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | 30 (отыз) күнтізбеліккүні |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық және (немесе) қағаз |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі | Келіссөздердің басталу күні туралы хабарлама не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі |
7 | Жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00- ден 18.30-ға дейін; |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі |
1) көрсетілетін қызметті берушіге: |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау; |
10 | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзгеде талаптар |
Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайы интернет-ресурста www.mііd.gov.kz орналастырылған, "Мемлекеттік қызметтер" кіші бөлімінде Жер қойнауын пайдалану департаменті бөлімі |
Қатты пайдалы қазбаларды қайта өңдеу туралы келісім жасауға өтініш
Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы туралы мәліметтер | ||
1. | Заңды тұлғаның атауы | |
2. | Заңды тұлғаның тіркеуден (қайта тіркеуден ) өткені туралы ақпарат (күні, негіздемесі) | |
3. | Орналасқан жері: заңды мекенжайы, нақты орналасқан жері | |
4. | Бизнес сәйкестендіру нөмірі | |
5. | Заңды тұлғаның басшысы |
______________________________ |
6. | "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 47-бабына сәйкес жер қойнауын пайдаланушының қызметін тікелей немесе жанама бақылайтын тұлғалар және (немесе) ұйымдар туралы мәліметтер | |
2. Пайдалы қатты қазбаларды (бұдан әрі -ПҚҚ) өңдеу жобасы туралы мәліметтер | ||
7. | ПҚҚ қайта өңдеу жобасының сипаттамасы (шикізаттың (пайдалы қазбаның) болжамды көзі, шикізаттың (пайдалы қазбаның) түрі, кен орындарының атауы, орналасқан жері, үлес салмағы | |
8. | ПҚҚ қайта өңдеу жобасын іске асыру орны | |
9. | Инвестициялау үшін таңдап алынған қызметтің басым түрі (лері) ( Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің сыныптары деңгейінде)) | |
10. | Қосылған құн салығын есепке алмағандағы заңды тұлғаның тіркелген активтеріне инвестициялардың көлемі( тіркелген активті пайдалануға енгізу күніне дейінгі, бірақ ПҚҚ қайта өңдеу туралы келісім жасасу жөніндегі өтініш берілген күнге дейін 24 айдан ерте емес шығындар және (немесе) пайдалануға берілгенге дейінгі болашақ кезеңдердің шығындары ескеріледі)) |
_________________________ |
11. |
Жобаны қаржыландыру көздері, бар болуы: |
1)____________________________ |
3. Жер қойнауын пайдалану құқығы туралы мәліметтер | ||
12. |
1) лицензияның (келісімшарттың) нөмірі және берілген күні) | |
4. Жобаны іске асыру үшін талап етілетін инвестициялық преференциялар | ||
13. | Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес инвестициялық преференциялардың түрі | |
14. | Талап етілетін инвестициялық преференциялардың мерзімі мен көлемі |
Өтініш беруші:___________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
Қолы:___________________ Толтыру күні: 20__ жылғы "__" _______ |
Қайта өңдеу жобасының бизнес-жоспарын жасау жөніндегі талаптар
1. Қайта өңдеу жобасының бизнес-жоспары мынадай бөлімдерден тұрады:
1) жобаның түйіндемесі;
2) технологиялық бөлім;
3) коммерциялық бөлім;
4) әлеуметтік-экономикалық және экологиялық әсер ету;
5) қаржылық бөлім.
2. Жобаның түйіндемесі:
1) заңды тұлға туралы ақпарат:
заңды тұлғаның атауы;
заңды тұлғаның басшысы (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)));
заңды және нақты мекенжайы, телефон, факс, электрондық пошта;
2) жоба бойынша ақпарат:
жобаның атауы;
жобаның мақсаты;
қайта өңдеу жобасын іске асыру орны (облыс, аудан);
болжамды қайта өңдеу жобасының сипаты (жаңа өндірістерді құру, жұмыс істеп тұрғандарын кеңейту және жаңарту));
құрылатын жұмыс орындарының саны (уақытша және тұрақты).
3. Технологиялық бөлім:
1) сатып алынатын және пайдаланылатын тіркелген активтерді, сондай-ақ технологиялық процесте импортталатын шикізат пен материалдарды көрсете отырып, қайта өңдеу жобасы технологиясының сипаттамасы;
2) қайта өңдеу жобасында қазіргі заманғы технологияларды қолдану;
3) осы қосымшаға сәйкес нысан бойынша техникалық және шығын сипаттамаларына арналған балама шешімдерге салыстырмалы талдау;
4) осы қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаны іске асыру кестесі;
4. Коммерциялық бөлім:
1) шикізатты, материалдар мен жабдықтарды жеткізу туралы мәліметтер:
пайдаланылатын шикізат пен материалдар түрлерінің тізбесі;
Қазақстан Республикасының аумағында және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде өндірістің болуын ескере отырып, шикізат пен материалдар (отандық және импорттық) нарығын талдау( осы шикізат пен материалдар импорты кезінде толтырылады));
пайдаланылатын шикізат пен материалдардың атауы мен көлемін көрсете отырып, инвестициялық жоба шеңберінде жабдықта шығарылатын дайын өнім бірлігін өндіруге импортталатын шикізат пен материалдар шығыстарының орташаланған нормасы;
қажетті технологиялық жабдықтардың тізбесі;
пайдаланылатын технологиялық жабдықтың сипаттамасы және оның жаңалығы (жабдықтың шығарылған күні және моделі);
инвестициялық преференцияларды беруге өтінім берген заңды тұлғамен шарттық қатынастардың болуын көрсете отырып, технологиялық жабдықтар мен шикізатты жеткізушілер;
көліктік шығыстарды, монтаждау және іске қосу-жөндеу жұмыстарын ескере отырып, технологиялық жабдықтың құны;
2) маркетинг: өнімді өткізу -қандай өңірлерге, қандай тұтынушыларға, шетелде қандай елдерге жеткізу болжанып отырғандығын, нарықта ұқсас, өзара алмастырылатын немесе өзара толықтыратын тауарлардың, қызметтердің бар-жоғын, олардың өндірісінің болашақ өсуін бағалауды, соңғы бірнеше жылдағы тауарлар импортының және/немесе экспортының серпінін, көлемі мен бағасын, негізгі бәсекелестерді көрсету .
5. Әлеуметтік - экономикалық және экологиялық әсер ету:
1) қайта өңдеу жобасының тікелей қатысушылары туралы мәліметтер: жобалау салушы, бас мердігер, мердігер, қосалқы мердігер немесе сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы қызметтерді орындаушы (іздестіру және жобалау қызметін, инжинирингтік қызметтерді қоса алғанда), жабдықтарды жеткізуші, шикізат пен материалдарды жеткізуші , делдалдар;
2)осы Талаптарға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаның еңбек ресурстарына қажеттілігі (саны);
3) осы талаптарға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тартылатын шетелдік жұмыс күші туралы мәліметтер, олардың саны;
4) тартылатын шетелдік жұмыс күшінің функционалдық міндеттерін бөлу;
5) осы қосымшаға сәйкес нысан бойынша өндіріс іске қосылғаннан кейін жұмысшыларға қажеттілік;;
6) инвестициялық жобаны іске асыру кезіндегі күтілетін әлеуметтік әсер;
7) шетелдік жұмыс күшін кейіннен ауыстыру үшін жергілікті кадрлардың біліктілік деңгейін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспары;
8) жобаның қоршаған ортаның жай- күйіне әсері және зиянды әсерді азайту жөніндегі іс- шаралар жоспары;
9) жоба технологиясының қоршаған ортаға әсері бойынша халықаралық стандарттар мен нормативтерге сәйкестігі.
6. Қаржылық бөлім кіреді:
1) инвестицияларды бағалау: толық инвестициялық шығындар (негізгі және айналым капиталына инвестициялар);
2) инвестициялық жобаны іске асыру құны, қаржыландыру көздері:
меншікті қаражат;
қарыз қаражаты (кредиттер немесе шаруашылық жүргізуші субъектілердің тартылған қаражаты) және/немесе грант;
бюджеттік қаражат;
3) қаржылық талдау:
инвестициялық преференцияларды ескерместен және тиісті инвестициялық преференцияларды ескере отырып модельдерді есептеуді қамтитын жобаның қаржылық моделі;
жобаның өмірлік циклі үшін таза дисконтталған табыс;
жобаның өмірлік циклі үшін кірістіліктің ішкі нормасы;
жобаның өтелу мерзімі (қарапайым және дисконтталған);
пайданың қарапайым нормасы (рентабельділік);
осы қосымшаға сәйкес нысан бойынша республикалық және жергілікті бюджет үшін шартты шығындар мен кірістердің есебі.
Ескертпе: қайта өңдеу жобасының бизнес-жоспары тігілуі және нөмірленуі, бірінші басшының қолымен және заңды тұлғаның мөрімен (ол болған жағдайда) куәландыруы қажет.
Нысан |
Техникалық шешімдер бойынша баламалы шешімдерді салыстырмалы талдау және құндық сипаттамалары
Көрсеткіштер атауы | Көрсеткіштердің мәні | |
ұсынылатын үлгі | аналогтар | |
1. | ||
2. |
Нысан |
Жобаны іске асыру кестесі
Жұмыс атауы | Күнтізбелік жыл | Қорытынды | |
1 жартыжылдық | 2 жартыжылдық | ||
Тіркелген активтерге инвестициялар (мың теңге) | |||
1. | |||
2. | |||
3. | |||
Шикізат пен материалдарға инвестициялар (мың теңге) | |||
1. | |||
2. | |||
3. | |||
Құрылатын және / немесе сақталатын жұмыс орындарының саны |
Нысан |
Жобаның еңбек ресурстарына қажеттілігі (саны))
Құрылыс кезеңінде | Пайдалануға берілгеннен кейін (1 жыл) | ||
Қазақстан Республикасының Азаматтары | Шетел жұмыс күші | Қазақстан Республикасының Азаматтары | Шетел жұмыс күші |
Нысан |
Тартылатын шетелдік жұмыс күші туралы мәліметтер, олардың саны
Мамандық атауы (тарифтік разряд, санат | Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса, оның ішінде латын әріптерімен)) | Туған күні | Азаматтығы/ тұрақты тұратын елі | Тарту кезеңі (ай, жыл) | |
1. Басшылар: | |||||
2. Жоғары білімі бар мамандар: | |||||
3. Білікті жұмысшылар: | |||||
Барлығы (адам ): | |||||
Нысан |
Өндірісті пайдалануға енгізгеннен кейін қызметкерлерге қажеттілік
р/с | Кәсіптердің атауы | Біліктілік деңгейі (тарифтік разряд, санат) | Саны | |
Нысан |
Республикалық және жергілікті бюджеттер үшін шартты шығындар мен кірістерді есептеу
Салық түрлері және басқа да міндетті бюджетке төлемдерді | Күнтізбелік жыл | Күнтізбелік жыл | Барлығы | |||
Преференцияны есепке алмай бюджетке түсетін түсімдер | Преференцияларды ескере отырып бюджетке түсетін түсімдер | Преференцияны есепке алмай бюджетке түсетін түсімдер | Преференцияларды ескере отырып бюджетке түсетін түсімдер | Преференцияны есепке алмай бюджетке түсетін түсімдер | Преференцияларды ескере отырып бюджетке түсетін түсімдер | |
Корпоративтік табыс салығы | ||||||
Мүлік салығы | ||||||
Жер салығы | ||||||
Кеден баждары | ||||||
Әлеуметтік салық | ||||||
Зейнетақы аударымдары |
"Қатты пайдалы қазбаларды қайта өңдеу туралы келісім жасау" мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына 3-қосымша |
Мемлекеттік тілдегі УО | Орыс тіліндегі УО атауы |
Хабарлама
_____________________ (заңды тұлғаның атауы, немесе жеке тұлғаның Т.А.Ә) |
Уәкілетті органның атауы сіздің _.___ _жылғы "___"_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _____________№ өтінішіңізге келіссөздердің басталған күні туралы хабарлайды (келіссөздердің басталған күні).
(Қол қоюшының лауазымы) (Қол қоюшының Т.А.Ә)
"Қатты пайдалы қазбаларды қайта өңдеу туралы келісім жасау" мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына 4-қосымша |
Мемлекеттік тілдегі |
Орыс тіліндегі |
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап
_____________________ (заңды тұлғаның атауы, немесе жеке тұлғаның Т.А.Ә) |
Уәкілетті органның атауы сіздің (күні) (өтініш нөмірі) өтінішіңізді қарап келесіні хабарлайды:
(Хат мәтіні)
(Қол қоюшының лауазымы) (Қол қоюшының Т.А.Ә)
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 30 мамырдағы № 323 бұйрығына 4-қосымша |
"Жер қойнауы учаскесін өзгертуге өтініш" мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Жер қойнауы учаскесін өзгертуге өтініш" мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. "Жер қойнауы учаскесін қайта өзгертуге өтініш" (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) мемлекеттік көрсетілетін қызметін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі – қызмет беруші ) әзірледі.
3. Қағидалар жер қойнауын пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) қолданылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі
4. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті www.egov.kz электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы ұсынады, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті "Тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының осы Қағидаларына 2-қосымшаның 8-тармағында көрсетілген құжаттармен жібереді. "Жер қойнауы учаскесін өзгертуге өтініш" (бұдан әрі - "Мемлекеттік қызмет стандарты").
Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, оның ішінде процестің сипаттамасын, ұсыну нысаны, мазмұны және нәтижесі, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де ақпарат Мемлекеттік қызмет стандартында көрсетілген.
5. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды олар алынған күні тіркейді.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды көрсетілетін қызметті берушілерге берген кезде (қолма– қол не пошта байланысы арқылы) - қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау оның көшірмесіндегі құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелгені туралы белгі болып табылады.
6. Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы берген кезде – көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу ) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет"шлюзі арқылы алады.
7. Мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзімі 30 (отыз) жұмыс күнін құрайды.
8. Жауапты орындаушы өтінішті тіркеген сәттен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттардың "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 31-тарауында белгіленген талаптарға сәйкестігін және толықтығын тексереді және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің келесі нәтижесін береді:
1) 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге лицензия беру;
2) ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, сондай-ақ осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген мемлекеттік қызметті көрсету үшін негіздер бойынша уәждемелі бас тарту.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
9. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде түседі.
3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану жағдайда шағым көрсетілетін қызметті беруші мына мекенжай бойынша 010000, Нұр-Сұлтан қ., Қабанбай батыр даңғылы 32/1, телефон: 8 (7172) 98-31-35 басшыларының атына беріледі.
11. Шағымдар жазбаша нысанда пошта байланысы бойынша көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс күндеріне сәйкес кеңсе арқылы қолма-қол қабылданады.
12. Шағым көрсетілетін қызметті алушы қол қояды, онда оның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), шығыс нөмірі мен күні, пошталық мекенжайы, байланыс телефоны көрсетіледі
13. Шағымды қабылдаған адамның тегі,аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
14. Көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның 25-бабының 2) тармақшасына сәйкес қарауға жатады:
уәкілетті орган оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган– тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде
15. Көрсетілетін қызметті берушінің, уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес қажет болған жағдайда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу үшін
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды тұлға шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген өтініш берушіге ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімін ұзарту туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде ) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.
16. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
"Жер қойнауы учаскесін өзгертуге өтініш" мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына 1-қосымша |
"Жер қойнауы учаскесін өзгертуге өтініш" мемлекеттік | ||
1 | Көрсетілетін қызмет берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері |
Көрсетілетін қызмет берушінің кеңсесіне; |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | 30 (отыз) жұмыс күні |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық және (немесе) қағаз |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі | Нысан бойынша пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге лицензия беру немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі |
7 | Жұмыс кестесі |
көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00- ден 18.30-ға дейін портал-жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады) |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі |
көрсетілетін қызметті берушіге: |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау; |
10 | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар |
Мемлекетті кқызмет көрсету мекенжайы интернет-ресурста www.mііd.gov.kz орналастырылған, "Мемлекеттік қызметтер" кіші бөлімінде Жер қойнауын пайдалану департаменті бөлімі |
Жер қойнауы учаскесін өзгертуге өтініш
20__ жылғы "__" __________
Жер қойнауы учаскесінің аумақтық шекараларын
_____________________________________________
жол мен өзгертуді сұраймын
(өзгерту әдісін көрсету)
Өтініш беруші туралы мәліметтер | |
жеке тұлғалар үшін-өтініш берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), тұрғылықты жері, азаматтығы, өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттары туралы мәліметтер, өтініш берушінің салық төлеуші ретінде тіркелуі туралы мәліметтер | |
заңды тұлғалар үшін- өтініш берушінің атауы, орналасқан жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу және салық органдарында тіркеу туралы мәліметтер, басшылар туралы мәліметтер | |
Өндіру учаскесін қосуға | |
жер қойнауының негізгі учаскесінің пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензияның нөмірі, берілген күні, лицензиардың толық атауы | |
негізгі өндіру учаскесінің ауданы мен географиялық координаталарының нүктелерін көрсету | |
қосылатын жер қойнауы учаскесінің пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензияның нөмірі, берілген күні, лицензиардың толық атауы | |
қосылатын өндіру учаскесінің ауданы мен географиялық координаталарының нүктелерін көрсету | |
Жер қойнауы учаскесін бөлуге | |
лицензияның нөмірі, берілген күні, лицензиардың толық атауы | |
бөлуге жататын блоктың (блоктардың) коды мен атауын не бөлуге жататын жер қойнауы учаскесінің географиялық координаталарының ауданы мен нүктелерін көрсету |
Қоса берілетін құжаттардың тізбесі:
__________________________________________________________________
(құжаттардың атауы және беттер саны)*
Ескертпе:
* Құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері қоса беріледі
Толтыру күні: 20___ ж."__" __________ |
___________________ |
"Жер қойнауы учаскесін өзгертуге өтініш" мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына 3-қосымша |
[Мемлекеттік тілдегі УО атауы] |
[Орыс тіліндегі УО атауы] | |
[Нөмір] | [Берілген күні ] |
Мемлекеттің қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап
[Уәкілетті органның атауы ] [күні] [өтініш нөмірі] сіздің өтінішіңізді қарап келесіні хабарлайды:
[Хат мәтіні]
[Қол қоюшының лауазымы] [Қол қоюшының Т.А.Ә]
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 30 мамырдағы № 323 бұйрығына 5-қосымша |
"Тарату қорын пайдалануға рұқсат беру" мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Тарату қорын пайдалануға рұқсат беру" мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. "Тарату қорын пайдалануға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
3. Қағидалар жер қойнауын пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) қолданылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі
4. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті www.egov.kz электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы ұсынады, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті "Тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының осы Қағидаларына 2-қосымшаның 8-тармағында көрсетілген құжаттармен жібереді. "Тарату қорын пайдалануға рұқсат беру" (бұдан әрі - "Мемлекеттік қызмет стандарты").
Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, оның ішінде процестің сипаттамасын, ұсыну нысаны, мазмұны және нәтижесі, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де ақпарат Мемлекеттік қызмет стандартында көрсетілген.
5. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды олар алынған күні тіркейді.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге берген кезде (қолма-қол немесе пошта байланысы арқылы) – өтінімді қағаз тасығышта қабылдауды растау оның көшірмелеріне құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелгендігі туралы қойылған белгі болып табылады.
Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартымен көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінімді қабылдаудан бас тартады.
6. Осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген өтінімдер мен қоса берілген құжаттар келіп түскен кезде көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі оны келіп түскен күні тіркеуді жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге берген кезде – өтінімді қағаз тасығышта қабылдауды растау оның көшірмелеріне құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелгендігі туралы қойылған белгі болып табылады.
7. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартымен көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінімді қабылдаудан бас тартады.
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері, жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушының өтініші кезінде, өтінімді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру кейінгі жұмыс күнімен жүзеге асырылады.
Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын туралы заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
8. Мемлекеттік қызметті көрсетудің жалпы мерзімі 7 (жеті) жұмыс күнін құрайды.
9. Жауапты орындаушы өтінімді тіркеген сәттен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттардың толықтығы мен дұрыстығын тексереді және мемлекеттік көрсетілген қызметтің келесі нәтижесін береді:
1) 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тарату қорын пайдалануға рұқсат;
2) ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, сондай-ақ осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген мемлекеттік қызметті көрсету үшін негіздер бойынша уәждемелі бас тарту.
10. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен енгізуді қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік қызмет рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы көрсетілетін кезде мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде келіп түседі.
3-тарау. Мемлекеттік қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Мемлекеттік қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану жағдайында, шағым мына мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына беріледі: 010000, Нұр-Сұлтан қ., Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, телефон: 8 (7172) 98-31-35.
12. Шағымдар көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы поштамен немесе қолма-қол жазбаша нысанда жұмыс күндері қабылданады.
13. Шағымға көрсетілетін қызметті алушының қолы қойылып, оның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), шығыс нөмірі мен күні, пошталық мекенжайы, байланысу телефоны көрсетіледі.
14. Шағымның қабылданғанын растау шағымды қабылдаған адамның тегін, атын, әкесінің атын (болған жағдайда) көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) болып табылады.
15. Көрсетілетін қызметті алушының шағымын "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның 25-бабы 2) тармақшасына сәйкес:
уәкілетті орган – оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауы тиіс.
16. Көрсетілетін қызметті берушінің, уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабы 4-тармағына сәйкес, қажет болған жағдайда шағымды қарау мерзімі:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда, он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.
17. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасындабелгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
"Тарату қорын пайдалануға рұқсат беру" мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына 1-қосымша |
"Тарату қорын пайдалануға рұқсат беру" мемлекеттік қызмет | ||
1 | Көрсетілетін қызмет берушінің атауы | Қазақстан РеспубликасыИндустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері | көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | 7 (жеті) жұмыс күні |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Қағаз |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі | Тарату қорын пайдалануға рұқсат немесе бас тарту туралы дәлелді жауап |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі |
7 | Жұмыс кестесі |
Қызмет берушінің жұмыс кестесі–2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден түскі үзіліспен, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00- ден 18.30-ға дейін |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі |
көрсетілетін қызметті берушіге: |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау; |
10 | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар |
Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайы интернет-ресурста www.mііd.gov.kz орналастырылған, "Мемлекеттік қызметтер" кіші бөлімінде Жер қойнауын пайдалану департаменті бөлімі. |
Өтініш
Сізден келісімшарт бойынша тарату қорын пайдалануға рұқсат беру бөлігінде өтінішті қарауды сұраймын
__________________________________________________________________________
(Келісімшарттың нөмірі, келісімшартты жасасу күні, не келісімшартты бұзу күні)
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
(Жер қойнауын пайдалану операциясының түрі, пайдалы қазба)
(Кен орнының атауы)______________________________
(себебі), сондай-ақ ұсынылған құжаттар тізбесіне сәйкес.
Қоса берілетін құжаттар:
___________________________________________________
(күні) (Т.А.Ә/ Өтініш берушінің атауы)
Жауап
20___жылғы "__"_____ № _ _ _ _ __
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық дамуминистрлігі, сіздің тарату қорды пайдалануға рұқсат алуға өтінішіңізді қарап, мынадай шешім қабылдады: рұқсат ету немесе бас тарту.
Қол қоюшының лауазымы Т. А. Ә.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап
20___жылғы "__"_____№ _ _ _ _ __
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, сіздің тарату қорды пайдалануға рұқсат алуға өтінішіңізді қарап, келесіні хабарлайды.
( Бас тарту негіздемесі)
Қол қоюшының лауазымықол қоюшының Т. А. Ә.
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 30 мамырдағы № 323 бұйрығына 6-қосымша |
"Барлау учаскесінде бір мың текше метрден асатын көлемде тау массасын алуға және (немесе) топырақты ауыстыруға рұқсат беру" мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Барлау учаскесінде бір мың текше метрден асатын көлемде тау массасын алуға және (немесе) топырақты ауыстыруға рұқсат беру" мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары(бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. "Барлау учаскесінде бір мың текше метрден асатын көлемде тау массасын алуға және (немесе) топырақты ауыстыруға рұқсат беру" (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) мемлекеттік көрсетілетін қызметін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі – қызмет беруші ) әзірледі.
3. Қағидалар жер қойнауын пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) қолданылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі
4. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы өтініш береді www.egov.kz және мынадай құжаттарды қоса береді:
1) құзыретті тұлғаның пайдалы қатты қазбалар ресурстарын бағалау мақсаттары үшін алынатын тау-кен массасы және (немесе) орны ауыстырылатын топырақ көлемінің сұралып отырған асып кетуінің негізділігін растайтын қорытындысы, сондай-ақ құзыретті тұлғаның өкілеттігін растайтын құжат.
Мүше болып табылатын жеке тұлға құзыретті тұлға деп танылады: геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері, минералдық ресурстар мен минералдық қорлар туралы Қазақстандық Кодексте (KAZRC кодексі) көзделген, оның қағидаларына сәйкес қазақстандық кәсіби ұйымының;
қазақстандық кәсіби ұйым деп танылған шетелдік кәсіби ұйымының мүшесі болып табылатын жеке тұлға танылады:
2) өтініш берушінің атынан әрекет ететін тұлғаның өкілеттігін растайтын электрондық құжат, егер мұндай тұлғаны өтініш беруші тағайындаған болса.
Қоса берілген құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілдерінде жасалады.
Егер өтінішті шетелдік немесе шетелдік заңды тұлға берсе, өтінішке қоса берілетін құжаттар әрбір құжатқа қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасымен қоса, оның дұрыстығын нотариус куәландырған шет тілінде жасалуы мүмкін.
Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет"шлюзі арқылы алады.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны және нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отрырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі құжаттар мен негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартты нысанында жазылған.
5. Осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген өтініш пен қоса берілген құжаттар келіп түскен кезде көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі оны түскен күні тіркеуді жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
6. Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы берген кезде – көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзімі 10 (он) жұмыс күнін құрайды.
8. "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 194-бабының 7-тармағында көзделген жауапты орындаушы өтінішті тіркеген сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде толықтығы мен дұрыстығы, талаптар мен шарттарға сәйкестігін тексереді, сондай -ақ, осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттарды қарайды және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің келесі нәтижесін береді:
1) 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша барлау учаскесінде бір мың текше метрден асатын көлемде тау-кен массасын алуға және (немесе) топырақты ауыстыруға рұқсат беру; 2) ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, сондай-ақ осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген мемлекеттік қызметті көрсету үшін негіздер бойынша уәждемелі бас тарту.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
9. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді .
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде түседі.
3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану жағдайда шағым көрсетілетін қызметті беруші мына мекенжай бойынша010000, Нұр-Сұлтан қ., Қабанбай батыр даңғылы 32/1, телефон: 8 (7172) 98-31-35 басшыларының атына беріледі.
11. Шағымдар жазбаша нысанда пошта байланысы бойынша көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс күндеріне сәйкес кеңсе арқылы қолма-қол қабылданады.
12. Шағым көрсетілетін қызметті алушы қол қояды, онда оның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), шығыс нөмірі мен күні, пошталық мекенжайы, байланыс телефоны көрсетіледі.
13. Шағымды қабылдаған адамның тегі,аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
14. Көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның 25-бабының 2) тармақшасына сәйкес қарауға жатады:
уәкілетті орган оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган– тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде.
15. Көрсетілетін қызметті берушінің, уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес қажет болған жағдайда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу үшін.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды тұлға шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген өтініш берушіге ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімін ұзарту туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде ) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.
16. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
"Барлау учаскесінде бір мың текше метрден асатын көлемде тау массасын алуға және (немесе) топырақты ауыстыруға рұқсат беру" мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына 1-қосымша |
"Барлау учаскесінде бір мың текше метрден асатын көлемде тау | ||
1 | Көрсетілетін қызмет берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (кіру арналары) | "электрондық үкімет" веб-порталы |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | қызмет көрсету мерзімі - 7 (жеті) жұмыс күні |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | электрондық (толық автоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі | Барлау учаскесінде бір мың текше метрден асатын көлемде тау-кен массасын алуға және (немесе) топырақты ауыстыруға рұқсат берунемесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі |
7 | Жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші дүйсенбіден жұмаға дейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, сағат 13.00- ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін; |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі |
Портал: |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау; |
10 | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзгеде талаптар |
Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайы интернет-ресурста www.mііd.gov.kz орналастырылған, "Мемлекеттік қызметтер" кіші бөлімінде Жер қойнауын пайдалану департаменті бөлімі |
Барлау учаскесінде бір мың текше метрден асатын көлемде тау массасын алуға және (немесе) топырақты ауыстыруға рұқсат беруге арналған өтініш
20__жылғы "__"_________
Барлау учаскесінде бір мың текше метрден асатын көлемде тау массасын алуға және (немесе) топырақты ауыстыруға рұқсат беруіңізді сұраймын
Өтініш беруші туралы мәліметтер | |
жеке тұлғалар үшін-өтініш берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) , тұрғылықты жері , азаматтығы, өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтер |
[Ұйымның атауы / өтініш берушінің Т. А. ә.][ өтініш берушінің ЖСН][мекенжайы][ жеке куәліктің нөмірі |
заңды тұлғалар үшін өтініш берушінің атауы, орналасқан жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер (сауда тізілімінен үзінді немесе өтініш беруші шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын басқа да заңдастырылған құжат)) |
[Ұйымның атауы / өтініш берушінің Т. А. ә.][ өтініш берушінің ЖСН][мекенжайы] |
лицензияның нөмірін көрсету, лицензияның берілген күні | [лицензияның нөмірі] [лицензияның берілген күні] |
сұратылып отырған асып кету мақсатын көрсету | [Сұратылған мақсаты] |
сұратылған асып түсу көлемін көрсету | [Сұратылған көлемі] |
Қоса берілетін құжаттардың тізбесі: ___________________________________________
(құжаттардың атауы және беттер саны)
Толтыру күні: 20__ жылғы "__" __________
"Барлау учаскесінде бір мың текше метрден асатын көлемде тау массасын алуға және (немесе) топырақты ауыстыруға рұқсат беру" мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына 3-қосымша |
|
Нысан |
[Мемлекеттік тілдегі УО атауы] | [Орыс тіліндегі УО атауы] | |
[Мемлекеттік тілдегі УО атауы] | [Орыс тіліндегі УО атауы] |
Барлау учаскесінде бір мың текше метрден асатын көлемде тау массасын алуға және (немесе) топырақты ауыстыруға рұқсат беру
Берілді_______________________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) не заңды тұлғаның атауы,
өтініш берушінің мекенжайы)
______________________________________________________________
_____________________________________________________________
______________________________________________________________
(лицензияның нөмірі, берілген күні, лицензияның түрі)
______________________________________________________________
құзыретті тұлғаның қорытындысы негізінде ________________________
______________________________________________________________
( құзыретті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), құзыретті тұлғаның өкілеттігін
растайтын құжат))
______________________________________________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________
(барлау учаскесінде алынатын массаның көлемі және (немесе) топырақтың орнын
ауыстыру)
рұқсат берген
органның басшысы
________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)
Берілген күні: [Берілген күні] қ.
[Қол қоюшының лауазымы] [Қол қоюшының Т.А.Ә]
"Барлау учаскесінде бір мың текше метрден асатын көлемде тау массасын алуға және (немесе) топырақты ауыстыруға рұқсат беру" мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына 3-қосымша |
|
Нысан |
[Мемлекеттік тілдегі УО атауы] |
[Орыс тіліндегі УО атауы] | |
[Нөмір] | [Берілген күні ] |
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап
[Уәкілетті органның атауы ] [күні] [өтініш нөмірі] сіздің өтінішіңізді қарап келесіні хабарлайды:
[Хат мәтіні]
[Қол қоюшының лауазымы] [Қол қоюшының Т.А.Ә]
"Кен іздеушілікке арналған лицензияларды беруге өтініштерді беру және қарау қағидалары"
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Кен іздеушілікке арналған лицензияларды беруге өтініштерді беру және қарау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына, "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 265-бабы 10-тармағына және кен іздеушілікке арналған лицензияларды беруге өтініштерді беру және қарау тәртібін айқындайды.
2. "Кен іздеушілікке арналған лицензияларды беруге өтініштерді беру және қарау" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстар, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалаларының жергілікті атқарушы органдары көрсетеді.
Кодекстің 264-бабының 1-тармағына сәйкес кен іздеушілікке арналған лицензия (бұдан әрі – лицензия) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарымен, жер қойнауын зеттеу жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерімен келісу бойынша облыстардың жергілікті атқарушы органдары айқындайтын аумақтарға беріледі.
3. Қағидалар жер қойнауын пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) қолданылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі
4. Көрсетілетін қызметті алушы кен іздеушілікке арналған лицензиялар алу немесе кен іздеушілікке арналған лицензияларды қайта ресімдеу үшін, облыстың жергілікті атқарушы органына жүгінеді, кен іздеушілік учаскесінің орналасқан жері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы немесе "электрондық үкімет" www.egov.kz (бұдан әрі – портал) веб-порталы арқылы өтінім жібереді және мынадай құжаттарды қоса ұсынады:
Көрсетілетін қызметті алушыға лицензиялар алу үшін:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш.
2) кен іздеушілік салдарын жою бойынша міндеттеменің орындалуын қамтамасыз етудің ұсынылғанын растайтын құжаттың көшірмесі;
3) өтініш беру кезінде өтініш иесінің атынан әрекет ететін тұлғаның, егер мұндай тұлғаны өтініш иесі тағайындаған болса, өкілеттігін растайтын құжат;
4) өтініш иесі бекіткен және кен іздеушілік кезінде пайдаланылуы жоспарланып отырған механикаландыру құралдары мен жабдықтың тізбесін, сондай-ақ кен іздеушілік учаскесінде жүргізілуі жоспарланып отырған кен іздеушілік жөніндегі жұмыстың түрлері мен тәсілдерінің сипаттамасын қамтитын құжат;
5) аумағына осы тармаққа сәйкес өтініш берілетін жер пайдаланушының немесе жер учаскесінің жеке меншік иесінің, сондай-ақ жер қойнауы учаскесін пайдаланушының келісімі;
6) мыналар қамтылған кен іздеушілік жоспары: 1) кен іздеушілік жөніндегі жұмыс түрлері, әдістері мен тәсілдері, жұмыстардың шамамен алғандағы көлемдері және оларды жүргізу мерзімдері, пайдаланылатын механикаландыру құралдары мен қуаты аз өзге де жабдықтар 2) жер пайдалану объектісі, оның орналақсан жері, жұмыстар ауданының климаттық жағдайлары, инфрақұрылымы туралы жалпы мәліметтер; 3) ауданның геологиялық және гидрогеологиялық сипаттамасы; 4) кен іздеушілік жұмыстарын ашу тәсілдері, технологиясы және ұйымдастырылуы; 5) жұмыстардың жоспарланатын режимі (маусымдық жұмыстар, жұмыс ауысымының түрлері); 6) бағалы металдарды және (немесе) асыл тастарды кен іздеушілік өндірудің тау массасының күтілетін көлемдері; 7) жер қойнауын және қоршаған ортаны кен іздеушілік бойынша жұмыстардың зиянды әсерінен қорғау жөніндегі іс-шаралар; 8) қауіпсіздік техникасы, еңбекті қорғау, өндірістік санитария бойынша іс-шаралар; 9) кен іздеушілік мақсатында пайдаланылатын су айдындары мен өзендер жағалауларының табиғи рельефі мен түбінің бүлінуін болғызбау бойынша іс-шаралар; 10) кен іздеушілік барысында бүлінген жерді рекультивациялау бойыншаіс-шаралар; 11) жоспарланған кен іздеушілік жұмыстарын негіздейтін графикалық материалдар.
Өтінішке қоса берілетін құжаттардың көшірмелері нотариалдық куәландырылған болуы тиіс.
Сондай-ақ өтініш және оған қоса берілетін құжаттар қазақ және орыс тілдерінде жасалуытиіс.
2) Портал:
1) кен іздеушілік салдарын жою бойынша міндеттеменің орындалуын қамтамасыз етудің ұсынылғанын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
2) өтініш беру кезінде өтініш иесінің атынан әрекет ететін тұлғаның, егер мұндай тұлғаны өтініш иесі тағайындаған болса, өкілеттігін растайтын электрондық құжат;
3) өтініш иесі бекіткен және кен іздеушілік кезінде пайдаланылуы жоспарланып отырған механикаландыру құралдары мен жабдықтың тізбесін, сондай-ақ кен іздеушілік учаскесінде жүргізілуі жоспарланып отырған кен іздеушілік жөніндегі жұмыстың түрлері мен тәсілдерінің сипаттамасын қамтитын электрондық құжат;
4) аумағына осы тармаққа сәйкес өтініш берілетін жер пайдаланушының немесе жер учаскесінің жеке меншік иесінің, сондай-ақ жер қойнауы учаскесін пайдаланушының келісімнің электрондық көшірмесі;
5) мыналар қамтылған кен іздеушілік жоспарының электрондық көшірмесі: 1) кен іздеушілік жөніндегі жұмыс түрлері, әдістері мен тәсілдері, жұмыстардың шамамен алғандағы көлемдері және оларды жүргізу мерзімдері, пайдаланылатын механикаландыру құралдары мен қуаты аз өзге де жабдықтар 2) жер пайдалануобъектісі, оның орналақсан жері, жұмыстар ауданының климаттық жағдайлары, инфрақұрылымы туралы жалпы мәліметтер; 3) ауданның геологиялық және гидрогеологиялық сипаттамасы; 4) кен іздеушілік жұмыстарын ашу тәсілдері, технологиясы және ұйымдастырылуы; 5) жұмыстардың жоспарланатын режимі (маусымдық жұмыстар, жұмыс ауысымының түрлері); 6) бағалы металдарды және (немесе) асыл тастарды кен іздеушілік өндірудің тау массасының күтілетін көлемдері; 7) жер қойнауын және қоршаған ортаны кен іздеушілік бойынша жұмыстардың зиянды әсерінен қорғау жөніндегі іс-шаралар; 8) қауіпсіздік техникасы, еңбекті қорғау, өндірістік санитария бойынша іс-шаралар; 9) кен іздеушілік мақсатында пайдаланылатын су айдындары мен өзендер жағалауларының табиғи рельефі мен түбінің бүлінуін болғызбау бойынша іс-шаралар; 10) кен іздеушілік барысында бүлінген жерді рекультивациялау бойынша іс-шаралар; 11) жоспарланған кен іздеушілік жұмыстарын негіздейтін графикалық материалдар.
5. Лицензия: жер қойынауын пайдаланушы туралы мәліметтер өзгерген: тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) өзгерген, лицензияның мерзімі ұзартылған; жер қойнауы учаскесі аумағының шекаралары өзгерген жағдайларда қайта ресімделуге жатады.
6. Осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген өтінімдер мен қоса берілген құжаттар келіп түскен кезде көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі оны келіп түскен күні тіркеуді жүзеге асырады.
7. Өтініштің облыстың жергілікті атқарушы органына түскен күні мен уақыты өтініш беру кезі деп айқындалады және өтініштерді есепке алу журналында (бұдан әрі – журнал) есепке алынады.
8. Облыстың жергілікті атқарушы органының кеңсесі өтінішті қабылдау кезінде өтінішке бірегей есептік нөмірі, журналда тіркеу күні мен уақытын (сағатын, минутын) көрсете отырып, тіркейді және береді.
Келіп түскен өтініш алынған сәтте тіркеледі.
9. Журнал мыналарды қамтиды:
1) өтініштің бірегей есептік нөмірін;
2) өтініш иесінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда);
3) өтінішті тіркеу күні мен уақытын (сағат, минут).
10. Берілген өтініш туралы мәліметтер облыстың жергілікті атқарушы органының интернет-ресурсында өтініш берілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде орналастыруға жатады және олар мыналарды:
1) өтініш иесінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда);
2) өтініш иесі пайдалануына беру үшін сұраған кен іздеушілік учаскесі аумағының координаттарын;
3) өтініштің келіп түскен күні мен уақытын қамтиды.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны және нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі құжаттар мен негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартты нысанында жазылған.
11. Облыстың жергілікті атқарушы органына берілген, сол бір аумақты қамтитын, лицензияларды беруге арналған өтініштер келіп түсу кезектілігі тәртібімен қаралады.
12. Облыстың жергілікті атқарушы органы кезекті өтінішті қарауға алдыңғы қаралған өтініш бойынша лицензияны беруден бас тарту туралы шешім қабылданғаннан кейін ғана кіріседі.
Кезекті өтінішті қарау алдыңғы қаралған өтініш бойынша лицензияны беруден бас тарту туралы шешім шығарылған күннен бастап он жұмыс күні өткен соң басталады.
Егер өтініш иесі бас тарту туралы шешімге сотқа шағым жасаса, облыстың жергілікті атқарушы органы кезекті өтінішті қарау туралы мәселені соттың оң шешімі болған жағдайда, күшіне енгеннен кейін шешеді.
13. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы барлық қажетті құжаттарды берген кезде - көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын туралы заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
14. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы кодексінің 727-бабына сәйкес ақылы негізде көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген мөлшерде, тәртіппен және мерзімдерде қол қою бонусын төлеуге міндетті.
Қол қою бонусы құрайды:
1) берілген аумақтың алаңы 0,3 км2-ге дейін болған кезде – 9 (тоғыз) айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК);
2) берілген аумақтың алаңы 0,3-тен 0,5 км2-ге дейін болған кезде – 12 (он екі) АЕК;
3) берілген аумақтың алаңы 0,5-тен 0,7 км2-ге дейін болған кезде – 15(он бес) АЕК.
Алымды төлеу екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол ақшасын төлемдерде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы алуға электрондық сұрау салу берген жағдайда, төлем "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі - ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
15. Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің жалпы мерзімі 7 (жеті) жұмыс күнін, ал сондай-ақ лицензияны қайта ресімдеу 7 (жеті) жұмыс күнін құрайды.
16. Жауапты орындаушы өтінімді тіркеген сәттен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығы мен дұрыстығын және осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген Кодекске сәйкестігін тексереді және мемлекеттік көрсетілген қызметтің мынадай нәтижесін береді:
1) 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кен іздеушілікке арналған лицензияны, қайта ресімделген лицензияны беру;
2) ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, сондай-ақ осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген мемлекеттік қызметті көрсету үшін негіздер бойынша уәждемелі бас тарту.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолы қойылған (бұдан әрі – ЭЦҚ) электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетіне" жолданады.
17. Лицензияларды беруден бас тарту Кодекстің 267-бабының 2-тармағының талаптарына сәйкес шығарылады.
18. Лицензия беруден бас тартылған жағдайда өтініш беруші осы Қағидалармен белгіленген тәртіппен облыстың жергілікті атқарушы органына қайта өтініш береді.
Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартымен көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінімді қабылдаудан бас тартады.
19. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен енгізуді қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік қызмет рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы көрсетілетін кезде мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде келіп түседі.
3-тарау. Мемлекеттік қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
20. Мемлекеттік қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану жағдайында, шағым мына мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысының, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары басшыларының атына беріледі.
21. Шағымдар көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы поштамен немесе қолма-қол жазбаша нысанда жұмыс күндері қабылданады.
22. Шағымға көрсетілетін қызметті алушының қолы қойылып, оның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), шығыс нөмірі мен күні, пошталық мекенжайы, байланысу телефоны көрсетіледі.
23. Шағымның қабылданғанын растау шағымды қабылдаған адамның тегін, атын, әкесінің атын (болған жағдайда) көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) болып табылады.
24. Көрсетілетін қызметті алушының шағымын "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның 25-бабы 2) тармақшасына сәйкес:
уәкілетті орган – оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауы тиіс.
25. Көрсетілетін қызметті берушінің, уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабы 4-тармағына сәйкес, қажет болған жағдайда шағымды қарау мерзімі:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда, он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.
26. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасындабелгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
"Кен іздеушілікке арналған лицензияларды беруге өтініштерді беру және қарау" мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына 1-қосымша |
"Кен іздеушілікке арналған лицензияларды беруге өтініштерді беру және қарау" мемлекеттік қызметтер көрсету стандарты | ||
1 | Көрсетілетін қызмет берушінің атауы | Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері |
Көрсетілетін қызмет берушінің кеңсесіне; |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | 7 (жеті) жұмыс күні |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық және (немесе) қағаз |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі | Осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес кен іздеушілікке лицензия, қайта ресімделген лицензия немесе қағидалардың _ тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 727-бабына сәйкес ақылы негізде көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті алушы қол қойылатын бонусты Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген мөлшерде, тәртіппен және мерзімде төлеуге міндетті |
7 | Жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00- ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00- ден 18.30-ға дейін; |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі |
лицензия алу үшін: |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) өтініш немесе оған қоса берілетін құжаттар осы Қағидалардың көзделген талаптарға сәйкес келмейді; |
10 | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар |
Мемлекеттік қызметті көрсету мекенжайы облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдарының интернет-ресурсында орналастырылған |
Кен іздеушілікке арналған лицензияны беру туралы өтініш
20__ жылға "__"_________
Кен іздеушілікке арналған лицензияны беруді сұраймын
№ | Өтініш беруші туралы мәліметтер | |
1 | Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), тұрғылықты жері, жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтер | |
2 | Өтініш беруші пайдалануға беруді өтінген кен іздеушілік учаскесін анықтайтын аумаққа бұрыштық нүктелердің географиялық координаттары және жалпы ауданы көрсетілген масштабта көрсету |
Қоса берілетін құжаттардың тізбесі:
1)________________________________________________________________
2)________________________________________________________________
3)________________________________________________________________
4)________________________________________________________________
(құжаттардың атауы және парақтар саны)
Мөр орны_____________________________________________
(болған жағдайда) (Өтініш берушінің немесе оның уәкілетті өкілінің қолы))
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді
пайдалануға келісемін 20 __ жылғы _________ "__" ____ (қолы)
"Кен іздеушілікке арналған лицензияларды беруге өтініштерді беру және қарау" мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына 3-қосымша |
|
нысан |
Кен іздеушілікке арналған лицензия
1. 20___жылғы "___" ___________ №______
тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) (бұдан әрі – Жер қойнауын пайдаланушы) және "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі -Кодекс) сәйкес кен іздеушілік жүргізу мақсатында жер қойнауы учаскесін пайдалануға құқық береді
__________________________________________________________________
2. Лицензия шарты:
1) лицензияның мерзімі (кен іздеушілікке лицензия мерзімін ұзарту кезінде мерзімді ұзартуды ескере отырып көрсетіледі) ): ______________ оны берген күннен бастап
2) мындай географиялық координаттары бар________га, жер қойнауы учаскесі аумағының шекаралары ____________________________( географиялық координаталардың нүктелерін көрсету) және осы аумақтың жер бетінің ең төменгі нүктесінен үш метр тереңдікте төменгі шекарамен
3) жер қойнауын пайдаланудың өзге де шарттары:
_______________________________________________________________
Жер қойнауы учаскесінің (кен орнының) атауы, орналасқан жері):
(атауы, облыс, аудан)
Бағалы металдар мен асыл тастардың атауы: _________;
20__ жылғы "__"_______ дейін
Жер қойнауын пайдаланушы қол қою бонусын төлеуге міндетті.
Жер қойнауы учаскесі аумағының схемалық орналасуы осы лицензияға қоса беріледі .
1. Жер қойнауын пайдаланушы құқығындағы:
жүк көтергіштігі он тоннадан аспайтын бір жүк машинасы, бұрғылау жабдығы, сондай-ақ шөміш көлемі жиынтығында текше метрден аспайтын экскаватор және (немесе) бульдозер түріндегі механикаландыру құралдарын пайдалануға;
кен іздеушілік учаске аумағында жер бетіндегі ең төменгі нүктесінен үш метрден аспайтын тереңдікте бұрғылау және өзге де жер жұмыстарын жүзеге асыру .
Жер қойнауын пайдаланушыға шашыранды алтын бойынша кен іздеушілікті жүргізу кезінде күнтізбелік жылда елу килограммнан аспайтын алтын өндіруге жол беріледі .
5. Жер қойнауын пайдаланушының құқығы жоқ:
1) кен іздеушілік учаскесінде экскаваторлар мен бульдозерлерді су объектілерінде және су қоры жерлерінде пайдалануға;
2) Химиялық реагенттер мен жарылғыш заттарды қолдануға;
3) Күрделі ғимараттарды салу және салу;
4) кен іздеушілік учаскесінен тыс жерге топырақты және алынған тау массасын шығаруға.
6. Лицензияны қайтарып алу негіздері:
1) экологиялық және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұзу салдарынан жер қойнауын пайдалану жөніндегі қызметке тыйым салу туралы сот шешімінің күшіне енуі;
2) қол қойылатын бонус Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген мерзімде төленбеген жағдайда;
3) кен іздеушілік салдарын жою бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді ұсынбай, кен іздеушілік бойынша жұмыстар жүргізу;
4) кен іздеушілік бойынша жұмыстар жүргізуді, механикаландыру құралдарын пайдалануды шектеу туралы кен іздеушілік лицензия шарттарының бұзылуы,
химиялық реагенттерді, жарылғыш заттарды пайдалануға тыйым салу,
күрделі құрылыстар салу,
топырақты және тау-кен массасын кен іздеушілік учаскеден тыс жерге шығару;
кен іздеушіліктің жоспарсыз, оның болуы қажет болғанда, кен іздеушілік жұмыстарын жүргізу.
7. Лицензияны берген мемлекеттік орган
___________________________________________
(лицензияны берген мемлекеттік органның атауы)
_____________________ (қағаз тасығыштағы лицензиялар үшін)
басшының (уәкілетті тұлғаның) қолы
Мөр орны (бар болса) (қағаз тасығыштағы лицензиялар үшін)
Берілген орны: ______________________, Қазақстан Республикасы
___________________ _ (облыстың әкімшілік орталығы)
"Кен іздеушілікке арналған лицензияларды беруге өтініштерді беру және қарау" мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына 4-қосымша |
|
нысан |
Кен іздеушілікке арналған лицензия
________________________ ________________________ (мемлекеттік органның атауы) ____________________________ жеке тұлғалар үшін– өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты болған кезде ), жеке сәйкестендіру нөмірі нөмірі ( болған кезде), байланыс деректері; |
Кен іздеушілікке арналған лицензияны қайта ресімдеуге өтініш
20__жылға "__"_________
Лицензияны қайта ресімдеуді сұраймын
№ | Өтініш беруші туралы мәліметтер | |
1 | жеке тұлғалар үшін-өтініш берушінің тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), азаматтығы, өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі және берілген күні, өтініш берушінің салық төлеуші ретінде тіркелгені туралы мәліметтер | |
2 | лицензияның нөмірін ( лерін ), лицензияны берген берілген күнін көрсету | |
3 | Қызмет түрінің толық атауын көрсету) | |
4 | лицензияны қайта ресімдеу негіздемесі немесе себептерін көрсету |
Мөр орны ___________________________________________________
(өтініш берушінің немесе оның уәкілетті өкілінің қолы) (бар болса)
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін
20 __ жылы __________ "__" ____ (қолы))
Лауазымы | Т.А.Ә |