"Қазақстан Республикасының азаматтығы, Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту мен одан айыру және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау мәселелері бойынша өтініштерді Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің қабылдау, ресімдеу және қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2017 жылғы 15 қыркүйектегі № 11-1-2/420 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 11-1-4/178 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 30 мамырда № 20781 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының азаматтығы, Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту мен одан айыру және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау мәселелері бойынша өтініштерді Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің қабылдау, ресімдеу және қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2017 жылғы 15 қыркүйектегі № 11-1-2/420 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15884 болып тіркелген, 2017 жылғы 24 қазанда Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтығы, Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту мен одан айыру және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау мәселелері бойынша өтініштерді Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің қабылдау, ресімдеу және қарау қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қазақстан Республикасының азаматтығы, Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту мен одан айыру және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау мәселелері бойынша өтініштерді Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің қабылдау, ресімдеу және қарау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" (бұдан әрі - "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Заң) 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" (бұдан әрі - "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заң) 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген, Қазақстан Республикасының азаматтығы, Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту мен одан айыру және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау мәселелері бойынша өтініштерді Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің қабылдау, ресімдеу және қарау тәртібін, сондай-ақ, "Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу жөніндегі құжаттарды ресімдеуі" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызметтер).";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 10 қазандағы № 198 Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелер жөніндегі Комиссия туралы ереженің 23-тармағына сәйкес, азаматтықты өзгерту туралы өтініштер жөніндегі материалдарды қарау мерзімі шет елдердегі мекемелерде, Министрлікте және Ұлттық қауіпсіздік комитетінде осы органдардың әрқайсысында бір айдан аспауға тиіс.";

      мынадай мазмұндағы 14-1, 14-2-тармақтарымен толықтырылсын:

      "14-1. Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу жөніндегі материалдарды рәсімдеуден мынадай негіздер бойынша өтініш иесіне бас тартылуы мүмкін:

      1) өтініш иесінің мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің белгілі болуы;

      2) өтініш иесінің және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректердің және мәліметтердің осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі;

      3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауабы.

      14-2. "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның 5-бабы 2-тармағы 11) тармақшасына сәйкес консулдық лауазымды адам мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын кәмелетке толмағандар, іс-әрекетке қабілетсіз және Қазақстан Республикасының алдында ерекше еңбек сiңiрген адамдар немесе Қазақстан Республикасы Президентiнің 2005 жылғы 6 маусымдағы № 1587 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудың оңайлатылған тәртібі белгіленетін адамдар үшін кәсіптердің тізбесіне (бұдан әрі - тізбе) және оларға қойылатын талаптарға сәйкес келетiн адамдар мен олардың отбасы мүшелерi шет елдердегі мекемелер арқылы Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтінішіне қосымша болу елінің құзыретті органдары ресімдеген мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауалнама- өтініш;

      2) өмiрбаян (өз қолымен жазылған);

      3) 3,5 х 4,5 көлемінде фотосурет;

      4) Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұруын растайтын құжат;

      5) соттылығының болуы немесе болмауы туралы апостильденген немесе заңдастырылған анықтама;

      6) тиісті мемлекеттің құзыретті органы берген басқа мемлекеттің азаматтығының жоқтығы немесе тоқтатылғандығы туралы апостильденген немесе заңдастырылған анықтама;

      7) балаларының туу туралы және неке қию туралы куәлiктерінің (бар болған жағдайда) көшірмелері;

      8) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Заңның 1-бабында көзделген шарттарды сақтау туралы өтініш-келісім;

      9) консулдық алымның төленгенi туралы құжат.

      Консулдық лауазымды адам құжаттарды қабылдаған кезде өтініш иесінің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелерін жасайды, содан кейін өтініш иесіне түпнұсқаларын қайтарып береді.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматы шет елдердегі мекемелер арқылы азаматтықтан шығу туралы өтінішіне қосымша мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауалнама-өтініш;

      2) өмiрбаян (өз қолымен жазылған);

      3) 3,5 х 4,5 көлемінде фотосурет;

      4) Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұруын растайтын құжат;

      5) соттылығының болуы немесе болмауы туралы анықтама;

      6) балаларының туу туралы және неке қию туралы куәлiктерінің көшiрмелерi (бар болған жағдайда);

      7) шетелдік азаматтықты алу мүмкіндігін растайтын құжат;

      8) консулдық алымның төленгенi туралы құжат;

      9) өтiнiш берушiнiң Қазақстан Республикасында тұратын жұбайының немесе оның асырауындағы адамдардың өзіне нотариалды куәландырылған Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуға келісімі және материалдық және өзге де талаптардың жоқ екендiгi туралы өтiнiш-келісімі немесе олардың қайтыс болғаны туралы, азаматтың қайтыс болуы немесе хабарсыз кеткені туралы сот шешімінің көшірмелері.

      Консулдық лауазымды адам құжаттарды қабылдаған кезде өтініш иесінің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелерін жасайды, содан кейін өтініш иесіне түпнұсқаларын қайтарып береді.

      Шет мемлекеттің құзыретті мекемесі берген немесе куәландырған не осы тұлғаға арнайы уәкілеттік берілген, оның құзыреті шегінде және ол белгілеген нысан бойынша шет мемлекеттің ресми мөрімен бекітілген құжаттар арнайы куәландыру рәсімінен (заңдастыру немесе апостильдеу) өткеннен кейін ғана қабылданады.

      Қағидалардың осы тармағында көзделген құжаттарды қабылдаған кезде өтiнiш берушiлерге Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатудың құқықтық және өзге де салдары түсiндiрiледi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматы бола тұра оның шетелдік азаматтығы танылмайтыны жөнінде Заңның 3-бабының ережелерi түсiндiрiледi және ол туралы сауалнама-өтiнiште белгi жасалады.

      Процестің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі "Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу жөніндегі құжаттарды ресімдеуі" мемлекеттік қызмет көрсету стандартында осы Қағидалардың 4-1-қосымшасына сәйкес баяндалған.";

      мынадай мазмұндағы 18-1, 18-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "18-1. Құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 60 минут, қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 10 минут.

      18-2. Өтініш иесі құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда шет елдердегі мекеме өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      Өтініш иесі құжаттардың топтамасын толық ұсынған жағдайда, шет елдердегі мекемелер қабылданған құжаттарды осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен қарайды.";

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері Қазақстан Республикасының азаматтығын тексеру нәтижелері бойынша 7 жұмыс күн ішінде "Бүркіт" БАЖ-дан ақпарат және Министрліктен хабарлама алған күннен бастап өтініш берушіге тексеру нәтижесі туралы жазбаша түрде хабарлайды.

      Қазақстан Республикасының азаматтығын растайтындығы немесе азаматтығының жоқтығы туралы анықтама алу жөнінде өтініш түскен жағдайда, шет елдердегі мекемелер еркін нысанда толтырылған тиісті анықтаманы береді.

      2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі - "Салық кодексі") және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2019 жылғы 20 мамырдағы № 11-1-4/227 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18702 тіркелген) бекітілген Шет мемлекеттің аумағында консулдық әрекеттер жасағаны үшін консулдық алым мөлшерлемелеріне (бұдан әрі - консулдық алым мөлшерлемелері) сәйкес анықтамаларды ресімдеу үшін консулдық алым алынады.";

      мынадай мазмұндағы 24-1-тармақпен толықтырылсын:

      "24-1. Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын және басқа мемлекеттің азаматтығын қабылдаған адам Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуын тіркеу үшін шет елдердегі мекемелерге мына құжаттарды ұсынады:

      1) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуды тіркеу үшін еркін нысандағы өтініш;

      2) Қазақстан Республикасының паспорты (түпнұсқа);

      3) шет елдің азаматтығын растайтын шет мемлекет паспортының немесе құжатының көшірмесі;

      4) басқа мемлекетке тұрақты тұруға кету туралы шешім немесе басқа мемлекетке тұрақты тұруға кетуге рұқсатты растайтын құжаттың көшірмесі.";

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Шет елдердегі мекеме өтініш берушіге ол тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқаны туралы хабарлайды.

      Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқаны туралы анықтама алуға өтініш түскеннен кейін, шет елдердегі мекеме өтініш берушіге бес жұмыс күні ішінде еркін нысанда толтырылған тиісті анықтаманы береді.

      Салық кодексіне және бекітілген консулдық алым мөлшерлемелеріне сәйкес анықтама ресімдегені үшін консулдық алым алынады.";

      мынадай мазмұндағы 26-1-тармақпен толықтырылсын:

      "26-1. Консулдық лауазымды адам Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан адам туралы ақпаратты "Бүркіт" БАЖ-ға енгізеді.";

      27-тармақ алынып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 33-тармақпен толықтырылсын:

      "33. "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның 25-бабына сәйкес" консулдық лауазымды адамның мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым шет елдердегі мекемелер басшысының атына, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау мен бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі,

      Консулдық лауазымды адамның атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның 25-бабы 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

      Өтініш беруші көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның 4-бабы 1-тармағы 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.";

      осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 4-1-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы ақпаратты ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі М. Тілеуберді

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік

      комитеті

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі

      министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрі
2020 жылғы 29 мамырдағы
№ 11-1-4/178
Бұйрыққа қосымша
  Қазақстан Республикасының
азаматтығы, Қазақстан
Республикасының азаматтығын
жоғалту мен одан айыру және
Қазақстан Республикасының
азаматтығына жататындығын
айқындау мәселелері бойынша
өтініштерді Қазақстан
Республикасының шет елдердегі
мекемелерінің қабылдау,
ресімдеу және қарау
қағидаларына
4-1-қосымша

"Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу жөніндегі құжаттарды ресiмдеуі" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші).

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері (қолжетімділік арналары)

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

Көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап - алты ай.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Қағаз түрінде.

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы анықтама немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету барысында көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және оны Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда алу тәсілдері

Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының Кодексіне және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2019 жылғы 20 мамырдағы № 11-1-4/227 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18702 тіркелген) бекітілген Шет мемлекеттің аумағында консулдық әрекеттер жасағаны үшін консулдық алым мөлшерлемелеріне сәйкес консулдық мөлшерлемелер бойынша көрсетілетін қызметті алушыға ақылы негізде көрсетіледі.
Консулдық алым сомасын төлеу қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз нысанда екінші дәрежелі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүргізіледі.

7

Жұмыс кестесі

2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру сағат 09:00-ден 17:30-ға дейін жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қабылдау сағаты 09:30-дан 12:30-ға дейін, ал мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру сағаты 16:00-ден 17:00-ге дейін жүзеге асырылады.
Сәрсенбі қабылдамайтын күн.
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары мына сайтта орналастырылған: www.mfa.gov.kz.

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сауалнама-өтініш;
2) өмірбаян (өз қолымен жазылған);
3) 3,5х4,5 сантиметр көлемінде фотосурет;
4) Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары ресімдеген шетелге тұрақты тұру үшін шығуға рұқсат;
5) соттылығының болуы немесе болмауы туралы анықтама;
6) балаларының туу туралы және неке қию туралы куәлiктерінің көшiрмелерi (бар болған жағдайда);
7) шетелдік азаматтықты алу мүмкіндігін растайтын құжат;
8) консулдық алымның төленгенi туралы құжат;
9) өтiнiш берушiнiң Қазақстан Республикасында тұратын жұбайының немесе оның асырауындағы адамдардың өзіне нотариалды куәландырылған Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуға келісімі және материалдық және өзге де талаптардың жоқ екендiгi туралы өтiнiш-келісімі немесе олардың қайтыс болғаны туралы, азаматтың қайтыс болуы немесе хабарсыз кеткені туралы сот шешімінің көшірмелері.
Консулдық лауазымды адам құжаттарды қабылдаған кезде өтініш иесінің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелерін жасайды, содан кейін өтініш иесіне түпнұсқаларын қайтарып береді.
Шет мемлекеттің құзыретті мекемесі берген немесе куәландырған не осы тұлғаға арнайы уәкілеттік берілген, оның құзыреті шегінде және ол белгілеген нысан бойынша шет мемлекеттің ресми мөрімен бекітілген құжаттар арнайы куәландыру рәсімінен (заңдастыру немесе апостильдеу) өткеннен кейін ғана қабылданады.
Құжаттарды қабылдаған кезде өтiнiш берушiлерге Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатудың құқықтық және өзге де салдары түсiндiрiледi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматы бола тұра оның шетелдік азаматтығы танылмайтыны жөнінде Заңның 3-бабының ережелерi түсiндiрiледi және ол туралы сауалнама-өтiнiште белгi жасалады.

9

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартудың Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген негіздері

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің белгілі болуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректердің және мәліметтердің осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі;
3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауабы.

10

Мемлекеттік қызмет, оның ішінде электрондық нұсқада және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, қойылатын өзге талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен оның мәртебесі туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.mfa.gov.kz интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызмет" бөлімінде көрсетілген, мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының нөмірі - 1414, 8 800 080 7777.