Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің жер қойнауын пайдалану саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 214 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 29 мамырда № 20776 болып тіркелді

Қолданыстағы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің "Жер қойнауын пайдалану құқығының және жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуы" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің "Көмірсутектер мен уранды өндіру бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарды жасасу (қол қою)" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің "Көмірсутектер мен уранды өндіру бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарға қосымша келісімдерді жасасу (қол қою)" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Энергетика министрі Н. Ногаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Индустрия және

      инфрақұрылымдық даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2020 жылғы 29 мамырдағы
№ 214 бұйрығына
1-қосымша

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің "Жер қойнауын пайдалану құқығының және жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуы" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Жер қойнауын пайдалану құқығының және жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуы" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің "Жер қойнауын пайдалану құқығының және жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуы" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) мемлекеттік көрсетілетін қызмет - көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі;

      2) көрсетілетін қызметті алушы - орталық мемлекеттік органдарды, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерін, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарын, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін қоспағанда, жеке және заңды тұлғалар;

      3) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсететін орталық мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы:

      1) жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуы үшін:

      осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуына рұқсат беру туралы өтінішті;

      сатып алынатын жер қойнауын пайдалану құқығы (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілер туралы растаушы құжаттарды;

      жер қойнауын пайдалану құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді сатып алу ниеті бар тұлғаның қаржылық және техникалық мүмкіндіктерін растаушы құжаттарды береді.

      Өтінішке қоса берілетін барлық құжаттар қазақ және орыс тілдерінде жасалған. Егер өтінішті шетелдік немесе шетелдік заңды тұлға беретін болса, мұндай құжаттар дұрыстығын нотариус куәландырған әрбір құжатқа қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасы міндетті түрде қоса беріле отырып, өзге тілде де жасалуы мүмкін.

      2) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілер болып табылатын акцияларды және басқа да бағалы қағаздарды ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында айналымға шығаруға арналған рұқсатты беру үшін:

      осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуына рұқсат беру туралы өтінішті;

      жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілер болып табылатын акциялары немесе басқа да бағалы қағаздары ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында айналымға шығаруға жататын эмитент-ұйымның жарғылық капиталының мөлшері туралы мәліметтерді растайтын жарғының және/немесе басқа құжаттардың көшірмесін;

      жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілер болып табылатын және ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында шығаруға жататын бағалы қағаздар, оның ішінде ұйымның туынды бағалы қағаздары, олардың базалық активтері немесе үлестік қатысудың басқа да нысандары туралы мәліметтерді растайтын құжаттарды;

      андеррайтердің болуын (болмауын) растайтын құжаттарды;

      ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында бұрын орналастырылған акцияларды қоса алғанда, акциялардың немесе басқа да бағалы қағаздардың саны туралы растайтын құжаттарды береді.

      Өтінішке қоса берілетін барлық құжаттар қазақ және орыс тілдерінде жасалған. Егер өтінішті шетелдік немесе шетелдік заңды тұлға беретін болса, мұндай құжаттар дұрыстығын нотариус куәландырған әрбір құжатқа қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасы міндетті түрде қоса беріле отырып, өзге тілде де жасалуы мүмкін;

      Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес "Жер қойнауын пайдалану құқығының және жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуы" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген.

      5. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.

      6. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде өтінішті қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) көрсетіле отырып тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) құжаттар топтамасының қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметтерді көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      7. Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттарды бір ай ішінде, ал ірі кен орындары және жер қойнауының стратегиялық учаскелері бойынша өтінішті және оған қосымша құжаттарды алған күннен бастап үш ай ішінде тексереді.

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің орындаушысы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы) осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде олардың толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды еркін нысанда көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесіне қарау және ұсынылған құжаттардың "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодекс (бұдан әрі - Кодекс) талаптарына сәйкестігіне қорытынды беру үшін сұрау жібереді.

      9. Егер жер қойнауын пайдалану құқығының және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуына рұқсат беруге арналған өтініш жер қойнауының стратегиялық учаскесі болып табылатын жер қойнауы учаскесінде жер қойнауын пайдалану құқығына қатысты берілген не егер жер қойнауын пайдалану құқығының және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің болжамды ауысуы тиісті жер қойнауы учаскесінде ұлттық қауіпсіздік мүдделерін қозғайтын болса, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы осындай өтінішті және оған қоса берілетін құжаттарды алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оларды ұлттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің өтуін қарау үшін ұлттық қауіпсіздік органдарына жібереді

      Егер жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуы ұлттық қауіпсіздік мүдделерін қозғайтын болса, ұлттық қауіпсіздік органдары бұл туралы құзыретті органды өтінішті алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде хабардар етеді. Бұл жағдайда көрсетілетін қызметті беруші ұлттық қауіпсіздік органдарынан жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің Кодекстің 45-бабының 7-тармағына сәйкес ұлттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы растауды алғанға дейін өтінішті қарауды тоқтата тұрады.

      10. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесіне қорытындыларды жолдайды.

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттарды алғаннан кейін оларды Жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптама комиссиясының (бұдан әрі - сараптама комиссиясы) қарауына шығарады.

      Сараптама комиссиясы жер қойнауын пайдалану құқығының және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуына рұқсат беру үшін өтініштерді қарау кезінде ұсынымдар әзірлеу мақсатында көрсетілетін қызметті берушінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

      Сараптама комиссиясы осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттарды он жұмыс күнінен аспайтын, ал ірі кен орындары және стратегиялық жер қойнауы учаскелері бойынша - қырық жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды.

      Көрсетілетін қызметті беруші жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптама комиссиясының ұсынымын алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтініш бойынша шешім шығарады немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден мынадай негіздер бойынша бас тарту туралы дәлелді жауап жолдайды:

      1) егер жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуы елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтамауға, оның ішінде жер қойнауын пайдалану құқықтарын шоғырландыруға әкеп соқса;

      2) егер жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде құқықтарды шоғырландыруға әкеп соқса;

      3) егер рұқсат беру туралы өтініш Кодекс талаптарына сәйкес келмесе;

      4) егер жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуы Кодексте тыйым салынса;

      5) егер жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) ауысуы жер қойнауын пайдаланушыға салынған әкімшілік өндіріп алуға сәйкес жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды немесе жекелеген жұмыс түрлерін жүргізуге тыйым салынған жер қойнауы учаскесі бойынша жүзеге асырылса;

      6) мемлекеттің басым құқығын іске асыруы;

      7) егер жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуы Қазақстан Республикасы жасасқан халықаралық келісімдердің ережелеріне сәйкес келмесе.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      12. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымданған жағдайда шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына берілуі мүмкін.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабы 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      13. Көрсетілетін қызметті берушінің шешімдері нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы сотқа жүгіне алады.

  "Жер қойнауын пайдалану
құқығының және (немесе) жер
қойнауын пайдалану құқығымен
байланысты объектілердің
ауысуы" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан
  ____________________________
(көрсетілетін қызметті
берушінің толық атауы)

Жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуына рұқсат беру туралы өтініш

      ____________________________________________________ рұқсат беруді сұраймын.

      1. Жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы

      үлестің) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің сатып

      алу ниеті бар тұлға (ұйым) туралы мәліметтер:

      Жеке тұлғалар үшін_________________________________________________________

      (Сатып алушының тегін, атын және әкесінің атын (егер ол жеке басын куәландыратын

      құжатта көрсетілсе), тұрғылықты жерін, азаматтығын, жеке басын куәландыратын құжаттар

      туралы мәліметтерді көрсету).

      Заңды тұлғалар үшін________________________________________________________

      (Сатып алушының атауын, оның орналасқан жерін, оның мемлекеттік тиесілігін

      көрсетуді, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді, басшылар мен

      олардың өкілеттіктері туралы мәліметтерді, өтініш беруші қабылдайтын шешімдерді тікелей

      немесе жанама айқындауға мүмкіндігі бар тұлғалар, ұйымдар мен мемлекеттер туралы

      мәліметтерді көрсету).

      2. Жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы

      үлестің) және жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің сатып

      алынатын құқығын көрсету________________________;

      3. Жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы

      үлестің) және жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің өту

      негізі_____________________________________________;

      (Мәміле бағасы туралы және оны төлеу тәртібі туралы мәліметтерді көрсету)

      4. Жер қойнауын пайдалану құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлес)

      сатып алуға ниеті бар тұлғаның қаржылық және техникалық мүмкіндіктері туралы

      мәліметтер______________________________________________________________________;

      Анық емес мәліметтер бергені үшін жауапкершілік туралы хабардармын.

      Өтініште және өтінішке қоса берілетін құжаттарда көрсетілген мәліметтердің дұрыс екенін растаймын.

      Өтініш беруші (өтініш берушінің атынан өтінішке қол қойған адам):

      _______________________________________________ ________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)                        (күні, қолы)

      Ескертпе: өтініш және оған қоса берілетін құжаттар қазақ және орыс тілдерінде жасалады.

      Егер өтінішті шетелдік немесе шетелдік заңды тұлға берсе, оған қоса берілетін

      құжаттар әрбір құжатқа дұрыстығын нотариус куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі

      аудармасы міндетті түрде қоса беріле отырып, өзге тілде жасалуы мүмкін.

  "Жер қойнауын пайдалану
құқығының және (немесе) жер
қойнауын пайдалану құқығымен
байланысты объектілердің
ауысуы" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
қағидаларына
2-қосымша
  ____________________________
(көрсетілетін қызметті
берушінің толық атауы)

Жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуына рұқсат беру туралы өтініш

      ____________________________________________________ рұқсат беруді сұраймын.

      (Қосымша эмиссия (шығарылым) шеңберінде орналастыруға өтінішті эмитент береді,

      ал ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында айналымға шығаруды осы акцияларды

      немесе басқа бағалы қағаздарды ұстаушы жүргізген жағдайда, өтінішті осындай ұстаушы береді)

      1) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілер болып табылатын

      акциялары немесе басқа да бағалы қағаздары бағалы қағаздардың ұйымдастырылған

      нарығында айналымға шығаруға жататын эмитент-ұйымның толық атауы: ____________;

      2) ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында айналымға шығаруға жататын,

      онымен байланысты акциялардың немесе басқа да бағалы қағаздардың соған қатысы бар жер

      қойнауы учаскесін көрсету:

      _______________________________________________________________________________;

      3) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілер болып табылатын

      акциялары немесе басқа да бағалы қағаздары бағалы қағаздардың ұйымдастырылған

      нарығында айналымға шығаруға жататын эмитент-ұйымның жарғылық капиталының мөлшері

      туралы мәліметтер _______________________________________________________________;

      4) ұйымның бағалы қағаздары, оның ішінде туынды бағалы қағаздары, олардың

      базалық активтері немесе жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілер болып

      табылатын үлестік қатысудың басқа да нысандары туралы мәліметтер (түрі және жалпы саны)

      _______________________________________________________________________________;

      5) андеррайтер туралы мәліметтер (бар болса)___________________________________;

      6) листинг жүзеге асырылатын ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногы туралы

      мәліметтер______________________________________________________________________;

      жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілер болып табылатын және

      ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында айналымға шығаруға жататын акциялардың немесе басқа да

      бағалы қағаздардың саны туралы мәліметтер________________________________;

      Анық емес мәліметтер бергені үшін жауапкершілік туралы хабардармын.

      Өтініште және өтінішке қоса берілетін құжаттарда көрсетілген мәліметтердің дұрыс екенін растаймын.

      Өтініш беруші (өтініш берушінің атынан өтінішке қол қойған адам):

      _______________________________________________ ________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)                        (күні, қолы)

      20__ жылғы "___" ____________

      Ескертпе: өтініш және оған қоса берілетін құжаттар қазақ және орыс тілдерінде жасалады.

      Егер өтінішті шетелдік немесе шетелдік заңды тұлға берсе, оған қоса берілетін

      құжаттар әрбір құжатқа дұрыстығын нотариус куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі

      аудармасы міндетті түрде қоса беріле отырып, өзге тілде жасалуы мүмкін.

  "Жер қойнауын пайдалану
құқығының және (немесе) жер
қойнауын пайдалану құқығымен
байланысты объектілердің
ауысуы" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
қағидаларына
3-қосымша

"Жер қойнауын пайдалану құқығының және жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуы" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі.

2.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады

3.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Егер кен орны ірі кен орны емес және жер қойнауының стратегиялық учаскелері емес болған жағдайда - 20 (жиырма) жұмыс күні, ал ірі кен орындары және жер қойнауының стратегиялық учаскелері бойынша- 60 (алпыс) жұмыс күні;

4.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нысаны

Қағаз түрінде

5.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесі

Жер қойнауын пайдалану құқығының және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуына рұқсат беру

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет тегін негізде көрсетіледі.

7.

Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің жұмыс графигі

демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Құжаттар сағат 18.00-ге дейін қабылданады

8.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1)жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуы үшін:
жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуына рұқсат беру туралы өтініш;
сатып алынатын жер қойнауын пайдалану құқығы (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлес) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілер туралы растайтын құжаттар;
жер қойнауын пайдалану құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді сатып алу ниеті бар тұлғаның қаржылық және техникалық мүмкіндіктерін растайтын құжаттар;
Өтінішке қоса берілетін барлық құжаттар қазақ және орыс тілдерінде жасалған. Егер өтінішті шетелдік немесе шетелдік заңды тұлға беретін болса, мұндай құжаттар дұрыстығын нотариус куәландырған әрбір құжатқа қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасы міндетті түрде қоса беріле отырып, өзге тілде де жасалуы мүмкін.
2) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілер болып табылатын акцияларды және басқа да бағалы қағаздарды ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында айналымға шығаруға рұқсат беру үшін:
жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуына рұқсат беру туралы өтініш;
акциялары немесе жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілер болып табылатын басқа да бағалы қағаздары бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында айналымға шығаруға жататын эмитент-ұйымның жарғысының және/немесе жарғылық капиталының мөлшері туралы мәліметтерді растайтын басқа да құжаттардың көшірмесі;
ұйымның бағалы қағаздары, оның ішінде туынды бағалы қағаздары, олардың базалық активтері немесе жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілер болып табылатын үлестік қатысудың басқа да нысандары туралы мәліметтерді растайтын және бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында айналымға шығаруға жататын құжаттар;
андеррайтердің болуын (болмауын) растайтын құжаттар;
ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында бұрын орналастырылған акцияларды қоса алғанда, акциялардың немесе басқа да бағалы қағаздардың нақты санын, түрлерін растайтын құжат.
Өтінішке қоса берілетін барлық құжаттар қазақ және орыс тілдерінде жасалған. Егер өтінішті шетелдік немесе шетелдік заңды тұлға беретін болса, мұндай құжаттар дұрыстығын нотариус куәландырған әрбір құжатқа қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасы міндетті түрде қоса беріле отырып, өзге тілде де жасалуы мүмкін.

9.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) егер жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуы елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтамауға, оның ішінде жер қойнауын пайдалану құқықтарын шоғырландыруға әкеп соқса;
2) егер жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде құқықтарды шоғырландыруға әкеп соқса;
3) егер рұқсат беру туралы өтініш "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) талаптарына сәйкес келмесе;
4) егер жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуы Кодексте тыйым салынса;
5) егер жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) ауысуы жер қойнауын пайдаланушыға салынған әкімшілік өндіріп алуға сәйкес жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды немесе жекелеген жұмыс түрлерін жүргізуге тыйым салынған жер қойнауы учаскесі бойынша жүзеге асырылса;
6) мемлекеттің басым құқығын іске асыруы;
7) егер жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуы Қазақстан Республикасы жасасқан халықаралық келісімдердің ережелеріне сәйкес келмесе.

10.

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілген мемлекеттік қызмет ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

1) мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 19, "А" блогы, телефондары: 8 (7172) 78-68-01.
2) мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.gov.kz интернет-ресурсында, "Энергетика министрлігі" бөлімі "Көрсетілетін қызметтер" кіші бөлімінде көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777.

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2020 жылғы 29 мамырдағы
№ 214 бұйрығына
2-қосымша

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің "Көмірсутектер мен уранды өндіру бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарды жасасу (қол қою)" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің "Көмірсутектер мен уранды өндіру бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарды жасасу (қол қою)" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің "Көмірсутектер мен уранды өндіру бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарды жасасу (қол қою)" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) мемлекеттік көрсетілетін қызмет - көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі;

      2) көрсетілетін қызметті алушы - орталық мемлекеттік органдарды, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерін, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарын, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін қоспағанда, жеке және заңды тұлғалар;

      3) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсететін орталық мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі көрсетеді (бұдан әрі - мемлекеттік қызметті беруші).

      4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы:

      1) жер қойнауын пайдалануға арналған аукцион қорытындылары бойынша көмірсутектерді барлау және өндіруге арналған келісімшарт алу үшін:

      осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көмірсутектерді барлау және өндіру үшін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт жасасуға (қол қоюға) өтінішті;

      Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 11 маусымдағы № 233 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17140 болып тіркелген) бекітілген көмірсутектерді барлау мен өндіруге арналған үлгілік келісімшартқа сәйкес әзірленген көмірсутектерді барлау мен өндіруге арналған жер қойнауын пайдалануға арналған 3 (үш) данада өз тарапынан қол қойылған келісімшартты;

      көмірсутектерді барлау және өндіру үшін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың ажырамас бөлігі болып табылатын, барлау кезеңінде жұмыстардың көлемін, сипаттамасын және орындалу мерзімдерін қамтитын және барлау кезеңінде жер қойнауы учаскесіндегі жұмыстардың көлемі мен түрлері бойынша ең төменгі талаптарға сәйкес келетін жұмыстар бағдарламасын;

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 110-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізуге құқылы жер қойнауы учаскесін белгілейтін, оның ажырамас бөлігі болып табылатын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа қосымшаны;

      қол қойылатын бонустың төленгенін растайтын төлем тапсырмасының түпнұсқасын;

      2) аукцион қорытындылары бойынша көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшарт алу үшін:

      осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аукцион қорытындылары бойынша көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшарт алу үшін өтінішті;

      Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 11 маусымдағы № 233 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17140 болып тіркелген) бекітілген көмірсутектерді өндіруге арналған үлгілік келісімшартқа сәйкес әзірленген көмірсутектерді барлау мен өндіруге арналған жер қойнауын пайдалануға арналған 3 (үш) данада өз тарапынан қол қойылған келісімшартты;

      Кодекстің 110-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы көмірсутектерді өндіру операцияларын жүргізуге құқылы жер қойнауы учаскесін белгілейтін, оның ажырамас бөлігі болып табылатын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа қосымшаны;

      қол қойылатын бонустың төленгенін растайтын төлем тапсырмасының түпнұсқасын;

      3) тікелей келіссөздер хаттамасының қорытындысы бойынша көмірсутектерді барлау және өндіруге арналған келісімшарттар үшін:

      Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 11 маусымдағы № 233 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17140 болып тіркелген) бекітілген көмірсутектерді барлау мен өндіруге арналған үлгілік келісімшартқа сәйкес әзірленген көмірсутектерді барлау мен өндіруге арналған жер қойнауын пайдалануға арналған 3 (үш) данада өз тарапынан қол қойылған келісімшартты;

      көмірсутектерді барлау және өндіру үшін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың ажырамас бөлігі болып табылатын, барлау кезеңінде жұмыстардың көлемін, сипаттамасын және орындалу мерзімдерін қамтитын және барлау кезеңінде жер қойнауы учаскесіндегі жұмыстардың көлемі мен түрлері бойынша ең төменгі талаптарға сәйкес келетін жұмыстар бағдарламасын;

      Кодекстің 110-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізуге құқылы жер қойнауы учаскесін белгілейтін, оның ажырамас бөлігі болып табылатын көмірсутектерді барлау және өндіру үшін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа қосымшаны;

      қол қойылатын бонустың төленгенін растайтын төлем тапсырмасының түпнұсқасын;

      4) тікелей келіссөздер хаттамасының қорытындысы бойынша көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшарттар үшін:

      Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 11 маусымдағы № 233 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17140 болып тіркелген) бекітілген көмірсутектерді өндіруге арналған үлгілік келісімшартқа сәйкес әзірленген көмірсутектерді барлау мен өндіруге арналған жер қойнауын пайдалануға арналған 3 (үш) данада өз тарапынан қол қойылған келісімшартты;

      Кодекстің 110-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізуге құқылы жер қойнауы учаскесін белгілейтін, оның ажырамас бөлігі болып табылатын көмірсутектерді барлау және өндіру немесе өндіру үшін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа қосымшаны;

      қол қойылатын бонустың төленгенін растайтын төлем тапсырмасының түпнұсқасын;

      5) уран саласындағы тікелей келіссөздер хаттамасының қорытындылары бойынша уран өндіруге арналған келісімшарт алу үшін:

      Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 11 маусымдағы № 233 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17140 болып тіркелген) бекітілген уранды өндіруге арналған үлгілік келісімшартқа сәйкес әзірленген көмірсутектерді барлау мен өндіруге арналған жер қойнауын пайдалануға арналған 3 (үш) данада өз тарапынан қол қойылған келісімшартты;

      қол қойылатын бонустың төленгенін растайтын төлем тапсырмасының түпнұсқасын.

      6) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 11 маусымдағы № 233 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17140 болып тіркелген) көмірсутектерді барлау мен өндіру және өндіруге арналған үлгілік келісімшарттарға көшу жағдайында көмірсутектерді барлау мен өндіру немесе өндіруге арналған келісімшарт алу үшін:

      осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аукцион қорытындылары бойынша көмірсутектерді барлау мен өндіру және өндіруге арналған келісімшартты алу үшін өтінішті;

      Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 11 маусымдағы № 233 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17140 болып тіркелген) бекітілген көмірсутектерді барлау мен өндіруге және өндіруге арналған үлгілік келісімшартқа сәйкес әзірленген көмірсутектерді барлау мен өндіруге немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалануға арналған 3 (үш) данада өз тарапынан қол қойылған келісімшартты;

      көмірсутектерді барлау және өндіру үшін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың ажырамас бөлігі болып табылатын, барлау кезеңінде жұмыстардың көлемін, сипаттамасын және орындалу мерзімдерін қамтитын және барлау кезеңінде жер қойнауы учаскесіндегі жұмыстардың көлемі мен түрлері бойынша ең төменгі талаптарға сәйкес келетін жұмыстар бағдарламасын;

      көрсетілетін қызметті алушы бекіткен және жер қойнауына мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алған қорларды есептеу бойынша есепті;

      7) халықаралық шарттарға сәйкес көмірсутектерді барлауға арналған келісімшартты алу үшін:

      осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көмірсутектерді барлауға арналған келісімшартты алу үшін өтінішті;

      көмірсутектерді барлауға арналған өз тарапынан қол қойылған келісімшартты;

      көмірсутектерді барлауға арналған келісімшартқа оның ажырамас бөлігі ретінде қоса берілетін тікелей келіссөздер нәтижелері бойынша айқындалған барлау кезеңінде жұмыстарды орындау көлемдерін, сипаттамасын және мерзімдерін қамтитын жұмыс бағдарламасын;

      қол қойылатын бонусты төлеу туралы төлем тапсырмасының түпнұсқасын береді.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес "Көмірсутектер және уран өндіру бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар жасасу (қол қою)" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген.

      5.Осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген көрсетілетін қызметті алушының құжаттары келіп түскен кезде көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі олар келіп түскен күні жұмыс графигіне сәйкес қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде өтінішті қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) көрсетіле отырып тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) құжаттар топтамасының қабылданғанын растау болып табылады.

      6. Осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті беруші жауапты орындаушыны айқындайды.

      Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде еркін нысанда құжаттарды одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және оны көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы өтініш берушіге жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынған жағдайда 6 (алты) жұмыс күні ішінде олардың Кодекс талаптарына сәйкестігін қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелеріне қорытынды беру үшін сұрау жібереді.

      7. Құрылымдық бөлімшелер сұрауды ұсынғаннан кейін 6 (алты) жұмыс күні ішінде қорытынды дайындайды және оларды көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына ұсынады.

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 4 (төрт) жұмыс күні ішінде құрылымдық бөлімшелердің қорытындысын қарайды, көмірсутектер және уран өндіру бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға дайындайды немесе мынадай негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы еркін нысанда дәлелді жауапты жолдайды:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты осы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған жағдайда;

      4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімі бар, соның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқықтан айырылған.

      9. Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы осы Қағидалардың 8-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде көмірсутектер және уран өндіру бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа қол қояды, одан кейін көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы оны көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы өтініш берушіге жібереді.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімше қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының немесе мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына берілуі мүмкін.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің шешімдері нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы сотқа жүгіне алады.

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігінің
"Көмірсутектер мен уранды
өндіру бойынша жер қойнауын
пайдалануға арналған
келісімшарттарды жасасу
(қол қою)" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Көмірсутектерді барлау және өндіру үшін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты жасасуға (қол қоюға) өтініш

  ____________________________
(көрсетілетін қызметті
берушінің атауы)

      Осымен, ______________, (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда/ заңды тұлғаның атауы) Көмірсутектерді барлау және өндіру бойынша келісімшарт жасасуды сұрайды. Анық емес мәліметтер бергені үшін жауапкершілік туралы хабардармын. Ұсынылған деректердің дұрыс екенін растаймын. Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияларды қамтитын мәліметтерді қолдануға келісемін. Өтінішке қосымша беріледі:__________________

      __________________                        _______________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)                  (қолы)

      20__ жылғы "___" ____________

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігінің
"Көмірсутектер мен уранды
өндіру бойынша жер қойнауын
пайдалануға арналған
келісімшарттарды жасасу
(қол қою)" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Көмірсутектерді өндіру үшін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты жасасуға (қол қоюға) өтініш

  ____________________________
(көрсетілетін қызметті
берушінің атауы)

      Осымен, ______________, (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда/ заңды тұлғаның атауы) Көмірсутектерді өндіру бойынша келісімшарт жасасуды сұрайды. Анық емес мәліметтер бергені үшін жауапкершілік туралы хабардармын. Ұсынылған деректердің дұрыс екенін растаймын. Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияларды қамтитын мәліметтерді қолдануға келісемін. Өтінішке қосымша беріледі:__________________ __________________                        __________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)                              (қолы)

      20__ жылғы "___" ____________

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігінің
"Көмірсутектер мен уранды
өндіру бойынша жер қойнауын
пайдалануға арналған
келісімшарттарды жасасу
(қол қою)" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Көмірсутектер өндіру бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты жасасуға (қол қоюға) өтініш

  ____________________________
(көрсетілетін қызметті
берушінің атауы)

      Осымен, көмірсутектерді __________ арналған _____ жылғы __ ____ №____

      келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдалану құқығына ие ___________________

      (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда/ заңды тұлғаның атауы) өндіру

      кезеңіне ауыстыруды сұрайды.

      Өндіру учаскесі ___________________________________________________________.

      Дайындық кезеңінің (үш жылдан аспайтын) ұзақтығы _______.

      Анық емес мәліметтер бергені үшін жауапкершілік туралы хабардармын.

      Ұсынылған деректердің дұрыс екенін растаймын.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияларды қамтитын

      мәліметтерді қолдануға келісемін.

      Өтінішке қосымша беріледі:__________________

      _______________________________                        _________________

      тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)                              (қолы)

      20__ жылғы "___" ____________

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігінің
"Көмірсутектер мен уранды
өндіру бойынша жер қойнауын
пайдалануға арналған
келісімшарттарды жасасу
(қол қою)" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Көмірсутектерді барлау бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты жасасуға (қол қоюға) өтініш

  ____________________________
(көрсетілетін қызметті
берушінің атауы)

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (өтініш берушінің атауы, орналасқан жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі туралы

      мәліметтер (сауда тізілімінен үзінді-көшірме немесе өтініш беруші шетел мемлекетінің

      заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын басқа да

      заңдастырылған құжат), басшылар туралы мәліметтер, өтініш берушіні тікелей немесе жанама

      бақылайтын заңды тұлғалар, жеке тұлғалар, мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар туралы мәліметтер)

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (ол соңғы үш жылда қызметін жүзеге асырған мемлекеттер тізімін қоса алғанда, өтініш

      берушінің бұған дейінгі қызметі туралы мәліметтер)

      ________________________________________________________________________________

      (өтініш беруші талаптанған жер қойнауы учаскесінің аумағы)

      Көмірсутектерді барлауға келісімшарт жасасуды сұрайды.

      Анық емес мәліметтер бергені үшін жауапкершілік туралы хабардармын.

      Ұсынылған деректердің дұрыс екенін растаймын.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияларды қамтитын

      мәліметтерді қолдануға келісемін.

      Өтінішке қосымша беріледі:__________________ __________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)

      20__ жылғы "___" ____________

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігінің
"Көмірсутектер мен уранды
өндіру бойынша жер қойнауын
пайдалануға арналған
келісімшарттарды жасасу
(қол қою)" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
қағидаларына
5-қосымша

"Көмірсутектер және уранды өндіру бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар жасасу (қол қою)" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі.

2.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру қағаз түрінде жүзеге асырылады

3.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

жер қойнауын пайдалануға арналған аукционның қорытындылары бойынша көмірсутектерді барлау мен өндіруге арналған келісімшартқа, аукцион қорытындылары бойынша көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшартқа, тікелей келіссөздер хаттамасының қорытындылары бойынша көмірсутектерді барлау мен өндіруге арналған келісімшартқа, тікелей келіссөздер хаттамасының қорытындылары бойынша көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшартқа, уран саласындағы тікелей келіссөздер хаттамасының қорытындылары бойынша көмірсутектерді барлау мен өндіруге арналған келісімшартқа, халықаралық шарттарға сәйкес көмірсутектерді барлау үшін келісімшартқа, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 11 маусымдағы № 233 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №17140 болып тіркелген) бекітілген үлгілік келісімшартқа көшу шартымен көмірсутектерді барлау мен өндіру және өндіруге арналған келісімшартқа қол қою кезінде - 20 (жиырма) жұмыс күні.

4.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нысаны

қағаз түрінде

5.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесі

жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту.

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

тегін

7.

Көрсетілетін қызметті берушінің
жұмыс графигі

демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Құжаттарды қабылдау көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы сағат 18.00-ге дейін жүзеге асырылады.

8.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) жер қойнауын пайдалануға арналған аукцион қорытындылары бойынша көмірсутектерді барлау және өндіруге арналған келісімшарт алу үшін:
көмірсутектерді барлау және өндіру үшін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт жасасуға (қол қоюға) өтініш;
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 11 маусымдағы № 233 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №17140 болып тіркелген) бекітілген көмірсутектерді барлау мен өндіруге арналған үлгілік келісімшартқа сәйкес әзірленген көмірсутектерді барлау мен өндіруге арналған жер қойнауын пайдалануға арналған 3 (үш) данада өз тарапынан қол қойылған келісімшарт;
көмірсутектерді барлау және өндіру үшін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың ажырамас бөлігі болып табылатын, барлау кезеңінде жұмыстардың көлемін, сипаттамасын және орындалу мерзімдерін қамтитын және барлау кезеңінде жер қойнауы учаскесіндегі жұмыстардың көлемі мен түрлері бойынша ең төменгі талаптарға сәйкес келетін жұмыстар бағдарламасы;
"Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 110-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізуге құқылы жер қойнауы учаскесін белгілейтін оның ажырамас бөлігі болып табылатын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа қосымша;
қол қойылатын бонустың төленгенін растайтын төлем тапсырмасының түпнұсқасы.
2) аукцион қорытындылары бойынша көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшарт алу үшін:
көмірсутектерді өндіруді жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт жасасуға (қол қоюға) өтініш;
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 11 маусымдағы № 233 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17140 болып тіркелген) бекітілген көмірсутектерді өндіруге арналған үлгілік келісімшартқа сәйкес әзірленген көмірсутектерді өндіруге арналған жер қойнауын пайдалануға арналған 3 (үш) данада өз тарапынан қол қойылған келісімшарт;
Кодекстің 110-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы көмірсутектерді өндіру операцияларын жүргізуге құқылы жер қойнауы учаскесін белгілейтін, оның ажырамас бөлігі болып табылатын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа қосымша;
қол қойылатын бонустың төленгенін растайтын төлем тапсырмасының түпнұсқасы.
3) тікелей келіссөздер хаттамасының қорытындысы бойынша көмірсутектерді барлау және өндіруге арналған келісімшарт үшін:
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 11 маусымдағы № 233 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17140 болып тіркелген) бекітілген көмірсутектерді барлау мен өндіруге арналған үлгілік келісімшартқа сәйкес әзірленген көмірсутектерді барлау мен өндіруге арналған жер қойнауын пайдалануға арналған 3 (үш) данада өз тарапынан қол қойылған келісімшарт;
көмірсутектерді барлау және өндіру үшін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың ажырамас бөлігі болып табылатын, барлау кезеңінде жұмыстардың көлемін, сипаттамасын және орындалу мерзімдерін қамтитын және барлау кезеңінде жер қойнауы учаскесіндегі жұмыстардың көлемі мен түрлері бойынша ең төменгі талаптарға сәйкес келетін жұмыстар бағдарламасы;
Кодекстің 110-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізуге құқылы жер қойнауы учаскесін белгілейтін, оның ажырамас бөлігі болып табылатын көмірсутектерді барлау және өндіру үшін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа қосымша;
қол қойылатын бонустың төленгенін растайтын төлем тапсырмасының түпнұсқасы.
4) тікелей келіссөздер хаттамасының қорытындысы бойынша көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшартты алу үшін:
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 11 маусымдағы № 233 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №17140 болып тіркелген) бекітілген көмірсутектерді өндіруге арналған үлгілік келісімшартқа сәйкес әзірленген көмірсутектерді өндіруге арналған жер қойнауын пайдалануға арналған 3 (үш) данада өз тарапынан қол қойылған келісімшартты;
Кодекстің 110-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізуге құқылы жер қойнауы учаскесін белгілейтін, оның ажырамас бөлігі болып табылатын көмірсутектерді барлау және өндіру немесе өндіру үшін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа қосымша;
қол қойылатын бонустың төленгенін растайтын төлем тапсырмасының түпнұсқасы.
5) уран саласындағы тікелей келіссөздер хаттамасының қорытындылары бойынша уранды өндіруге арналған келісімшарт алу үшін:
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 11 маусымдағы № 233 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17140 болып тіркелген) бекітілген уранды өндіруге арналған үлгілік келісімшартқа сәйкес әзірленген уранды өндіруге арналған жер қойнауын пайдалануға арналған 3 (үш) данада өз тарапынан қол қойылған келісімшартты;
қол қойылатын бонустың төленгенін растайтын төлем тапсырмасының түпнұсқасы.
6) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 11 маусымдағы № 233 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17140 болып тіркелген) бекітілген үлгілік келісімшартқа көшу жағдайында көмірсутектерді барлау мен өндіруге және өндіруге арналған келісімшарт алу үшін:
көмірсутектерді өндіру үшін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт жасасуға (қол қоюға) өтініш;
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 11 маусымдағы № 233 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17140 болып тіркелген) бекітілген уран өндіруге арналған үлгілік келісімшартқа сәйкес әзірленген көмірсутектерді барлау мен өндіруге немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалануға арналған 3 (үш) данада өз тарапынан қол қойылған келісімшарт;
көмірсутектерді барлау және өндіру үшін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың ажырамас бөлігі болып табылатын, барлау кезеңінде жұмыстардың көлемін, сипаттамасын және орындалу мерзімдерін қамтитын және барлау кезеңінде жер қойнауы учаскесіндегі жұмыстардың көлемі мен түрлері бойынша ең төменгі талаптарға сәйкес келетін жұмыстар бағдарламасын;
көрсетілетін қызметті алушы бекіткен және жер қойнауына мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алған қорларды есептеу бойынша есепті;
7) халықаралық шарттарға сәйкес көмірсутектерді барлау үшін келісімшарт алу үшін:
көмірсутектерді барлау үшін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт жасасуға (қол қоюға) өтініш;
көмірсутектерді барлау үшін жер қойнауын пайдалануға арналған өз тарапынан қол қойылған келісімшарт;
көмірсутектерді барлауға арналған келісімшартқа оның ажырамас бөлігі ретінде қоса берілетін тікелей келіссөздер нәтижелері бойынша айқындалған барлау кезеңінде жұмыстарды орындау көлемдерін, сипаттамасын және мерзімдерін қамтитын жұмыс бағдарламасы;
қол қойылатын бонусты төлеу туралы төлем тапсырмасының түпнұсқасы.

9.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін қажетті көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты осы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған жағдайда;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімі бар, соның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқықтан айырылған.

10.

Мемлекеттік көрсетілетін, соның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып өзге де талаптар

1) мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 19, "А" блогы, телефондары: 8 (7172) 78-68-01.
2) мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.gov.kz интернет-ресурсында, "Көрсетілетін қызметтер" бөлімінде көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2020 жылғы 29 мамырдағы
№ 214 бұйрығына
3-қосымша

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің "Көмірсутектер мен уранды өндіру бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарға қосымша келісімдерді жасасу (қол қою)" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің "Көмірсутектер мен уранды өндіру бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарға қосымша келісімдерді жасасу (қол қою)" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің "Көмірсутектер мен уранды өндіру бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарға қосымша келісімдерді жасасу (қол қою)" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) мемлекеттік көрсетілетін қызмет - көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі;

      2) көрсетілетін қызметті алушы - орталық мемлекеттік органдарды, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерін, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарын, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін қоспағанда, жеке және заңды тұлғалар;

      3) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсететін орталық мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі (бұдан әрі - мемлекеттік қызметті беруші) көрсетеді.

      4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы:

      1) жер қойнауын пайдаланушы туралы мәліметтер өзгерген кезде келісімшартқа қосымша келісім алу үшін:

      осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтерді өзгертуге өтініш;

      көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтерге өзгерістер енгізу қажеттілігін растайтын құжаттар;

      көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтерге өзгерістер енгізуді көздейтін келісімшартқа 3 (үш) данада көрсетілетін қызметті алушы қол қойған толықтыру;

      2) жер қойнауын пайдалану құқығы мен жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлес ауысқан кезде келісімшартқа қосымша келісім алу үшін:

      осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) ауысуы туралы өтініш;

      көрсетілетін қызметті алушы қол қойған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа 3 (үш) данада толықтыру;

      жер қойнауын пайдалану құқығын алуға негіз болатын құжаттың түпнұсқасы;

      жер қойнауын пайдалану құқығын сатып алушы туралы мәліметтерді растайтын құжаттар:

      жеке тұлғалар үшін-өтініш берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), тұрғылықты жері, азаматтығы, өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтер;

      заңды тұлғалар үшін-өтініш берушінің атауы, оның орналасқан жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер (сауда тізілімінен үзінді немесе өтініш беруші шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын басқа да заңдастырылған құжат), акциялары ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында, мемлекеттерде, халықаралық ұйымдарда айналыста болатын заңды тұлғалар және сатып алушыны тікелей немесе жанама бақылайтын жеке тұлғалар туралы мәліметтер;

      сатып алушының "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2018 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар;

      3) өндіру учаскесін (учаскелерін) және дайындық кезеңін бекіту кезінде келісімшартқа қосымша келісім алу үшін:

      осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өндіру учаскесін және дайындық кезеңін (дайындық кезеңдерін) бекіту туралы өтініш;

      дайындық кезеңін (дайындық кезеңдерін) бекітуді көздейтін және Кодекстің 110-бабына сәйкес өндіру учаскесін (учаскелерін) белгілейтін келісімшартқа қосымшаны қамтитын келісімшартқа көрсетілетін қызметті алушы қол қойған толықтыру;

      көрсетілетін қызметті алушы бекіткен және жер қойнауына мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алған геологиялық қорларды есептеу бойынша есеп;

      4) өндіру учаскесі мен кезеңін немесе өндіру кезеңін бекіту кезінде келісімшартқа қосымша келісім алу үшін:

      осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өндіру учаскесін (учаскелерін) және кезеңін (кезеңдерін) немесе өндіру кезеңін (кезеңдерін) бекіту туралы өтініш;

      Кодекстің 119-бабының 7-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, өндіру учаскесін (учаскелерін) және кезеңін (кезеңдерін) немесе өндіру кезеңін (кезеңдерін) бекітуді көздейтін келісімшартқа көрсетілетін қызметті алушы қол қойған толықтыру. Бұл ретте өндіру учаскесін (учаскелерін) бекіту мақсатында келісімшартқа қосымша Кодекстің 110-бабына сәйкес өндіру учаскесін (учаскелерін) белгілейтін келісімшартқа қосымшаны қамтуы тиіс;

      көрсетілетін қызметті алушы бекіткен және жер қойнауына мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алған геологиялық қорларды есептеу бойынша есеп (есептер);

      көрсетілетін қызметті алушы бекіткен және Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген сараптамалардың оң қорытындыларын алған кен орнын игеру жобасы;

      5) барлау немесе өндіру кезеңін ұзарту кезінде келісімшартқа қосымша келісім алу үшін:

      осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша барлау немесе өндіру кезеңін ұзартуға байланысты жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер енгізуге өтініш;

      жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және барлау кезеңі ұзартылған жағдайда жер қойнауын пайдаланушы тиісті жер қойнауы учаскесінде орындауға міндеттенетін қосымша жұмыстардың көлемін, сипаттамасын және орындалу мерзімдерін қамтитын қосымша жұмыстардың бағдарламасы;

      жер қойнауын пайдаланушы қол қойған келісімшартқа:

      барлау кезеңін ұзарту;

      Кодекстің 117-бабының 2 және 3-тармақтарында көзделген жағдайларда - Кодекстің 110-бабына сәйкес, тереңдігі бойынша барлау учаскесінің (учаскелерінің) шекараларын белгілеуді қоса алғанда, анықталған шоғырлардың (шоғырлардың жиынтығының) болжамды контурлары орналастырылатын блоктардан тұратын (тұратын) барлау учаскесін (учаскелерін) белгілейтін келісімшартқа қосымша;

      жер қойнауын пайдаланушының осы тармақшаның үшінші абзацында көрсетілген және келісімшартқа қоса берілетін оның ажырамас бөлігі ретінде қосымша жұмыстар бағдарламасын орындау жөніндегі міндеті;

      Кодекстің 117-бабының 2-тармағында көзделген, жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген сараптамалардың оң қорытындыларын алған жағдайда, табылған шоғырларды (шоғырлардың жиынтығын) Бағалау жөніндегі жұмыстарды көздейтін барлау жұмыстарының жобасына қосымша);

      Кодекстің 117-бабының 3-тармағында көзделген жағдайда - жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген сараптамалардың оң қорытындыларын алған сынамалы пайдалану жобасы;

      жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және өндіру кезеңі ұзартылған жағдайда жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауы учаскесінде орындауға міндеттенетін жұмыстардың көлемін, сипаттамасын және орындалу мерзімін қамтитын жұмыс бағдарламасы;

      жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген сараптамалардың оң қорытындыларын алған, өндіру кезеңін ұзартудың сұралған мерзімі ішінде кен орнын игеруді көздейтін кен орнын игеру жобасы.

      6) жер қойнауы учаскесін ұлғайту немесе азайту кезінде келісімшартқа қосымша келісім алу үшін:

      осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер қойнауы учаскесінің (учаскелерінің) ұлғаюына немесе азаюына байланысты жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер енгізуге өтініш;

      Кодекстің 110-бабына сәйкес жер қойнауының ұлғайтылған (учаскелері) немесе көрсетілетін қызметті алушының 113-баптың 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген және келісімшартқа қоса берілетін оның ажырамас бөлігі ретінде қосымша жұмыстар бағдарламасын орындау жөніндегі міндетін белгілейтін келісімшартқа қосымшасы бар 3 (үш) данада көрсетілетін қызметті алушы қол қойған келісімшартқа қосымша;

      Кодекстің 110-бабына сәйкес жер қойнауының азайтылған учаскесін (учаскелерін) белгілейтін келісімшартқа қосымшасы бар келісімшартқа көрсетілетін қызметті алушы қол қойған қосымша 3 (үш) данада;

      жер қойнауы учаскесін ұлғайту кезінде көрсетілетін қызметті алушы бекіткен және көрсетілетін қызметті алушы сұратылған жер қойнауы учаскесінде орындауға міндеттенетін жұмыстардың көлемін, сипаттамасын және орындалу мерзімін қамтитын қосымша жұмыстар бағдарламасы көрсетілетін қызметті алушы жер қойнауын пайдалану құқығын алу кезінде белгіленген барлау кезеңінде жер қойнауы учаскесіндегі жұмыстардың көлемі мен түрлері бойынша ең аз талаптарға сай келетін пропорционалды түрде;

      жер қойнауы учаскесі азайған кезде қайтарылатын жер қойнауы учаскесінде (учаскелерінде) жер қойнауын пайдалану салдарын жою актісінің көшірмесі;

      7) Жер қойнауы учаскесін бөлу кезінде келісімшартқа қосымша келісім алу үшін:

      осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер қойнауы учаскесін бөлу туралы өтініш;

      Кодекстің 110-бабына сәйкес азайтылған жер қойнауының негізгі учаскесін белгілейтін келісімшартқа қосымша бар, көрсетілетін қызметті алушы қол қойған келісімшартқа қосымша;

      Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 11 маусымдағы № 233 бұйрығымен бекітілген үлгілік келісімшартқа сәйкес әзірленген, өтініш беруші қол қойған көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарт (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17140 болып тіркелді);

      8) келісімшарттың жұмыс бағдарламасына өзгерістер енгізу кезінде келісімшартқа қосымша келісім алу үшін:

      осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыс бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге байланысты жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер енгізуге өтініш;

      келісімшартқа толықтыру 3 (үш) данада;

      құзыретті орган бекіткен нысан бойынша жасалған жұмыс бағдарламасының жобасы және оған түсіндірме жазба;

      ұсынылатын өзгерістер мен толықтырулар қажеттілігінің жазбаша негіздемесі.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес "Көмірсутектер және уран өндіру бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарға қосымша келісімдер жасасу (қол қою)" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген.

      5. Осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген көрсетілетін қызметті алушының құжаттары келіп түскен кезде көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі келіп түскен күні жұмыс кестесіне сәйкес қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.

      Қоса берілген құжаттармен бірге шағымды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) қосымшаларымен бірге өтініштің қабылданғанын растау болып табылады.

      6. Көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтер өзгерген кезде осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде келісімшартқа қосымша келісімге қол қою кезінде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын айқындайды.

      Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттар келіп түскен сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде еркін нысанда құжаттарды одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және оны көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы өтініш берушіге жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 6 (алты) жұмыс күні ішінде олардың Кодекс талаптарына сәйкестігін қарайды және қорытынды беру үшін көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелеріне сұрау салуды жібереді.

      7. Құрылымдық бөлімшелер сұрау салуды ұсынғаннан кейін 6 (алты) жұмыс күні ішінде қорытынды дайындайды және оларды көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына ұсынады.

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 4 (төрт) жұмыс күні ішінде құрылымдық бөлімшелердің қорытындысын қарайды, көмірсутектер және уран өндіру бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға дайындайды немесе егер өтініш Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес келмесе, еркін нысанда мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды жолдайды;

      9. Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген мерзім ішінде көмірсутектер және уран өндіру бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа қосымша келісімге қол қояды, одан кейін көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы оны көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы өтініш берушіге жібереді.

      10. Осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттар тіркелген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер қойнауын пайдалану құқығы мен жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлес ауысқан кезде келісімшартқа қосымша келісімге қол қою кезінде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын айқындайды.

      Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттар келіп түскен сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде еркін нысанда құжаттарды одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және оны көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы өтініш берушіге жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде олардың кодекс талаптарына сәйкестігін қарайды және қорытынды беру үшін көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелеріне сұрау салуды жібереді.

      11. Құрылымдық бөлімшелер сұрау салуды ұсынғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде қорытынды дайындайды және оларды көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына ұсынады.

      12. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 2 (екі) жұмыс күні ішінде құрылымдық бөлімшелердің қорытындысын қарайды, көмірсутектер және уран өндіру бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға дайындайды немесе мынадай негіздер бойынша Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы еркін нысанда дәлелді жауапты жолдайды:

      өтініштің Кодекстің 40-бабы 3-тармағының талаптарына сәйкес келмеуі;

      егер мұндай ауысу осындай рұқсатқа сәйкес жүзеге асырылса, жер қойнауын пайдалану құқығының берілген рұқсатқа ауысу шарттарының сәйкес келмеуі;

      мұндай рұқсат Кодекске сәйкес талап етілген кезде жер қойнауын пайдалану құқығының ауысуына рұқсат болмаған кезде;

      егер жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) ауысуы көрсетілетін қызметті алушыға жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды немесе салынған әкімшілік өндіріп алуға сәйкес жекелеген жұмыс түрлерін жүргізуге тыйым салынған жер қойнауы учаскесі бойынша жүзеге асырылса;

      егер жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) ауысуына Кодексте тыйым салынған болса;

      егер жер қойнауын пайдалану құқығының ауысуы (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлес) Қазақстан Республикасы жасасқан халықаралық шарттардың ережелерін бұзуға әкеп соқтырса;

      13. Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы осы Қағидалардың 12-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде көмірсутектер және уран өндіру бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа қосымша келісімге қол қояды, одан кейін көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы оны көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы өтініш берушіге жібереді.

      14. Жер қойнауы учаскесін бөлу кезінде келісімшартқа қосымша келісімге қол қою кезінде осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын айқындайды.

      Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттарды тіркеген сәттен бастап осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде олардың толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде еркін нысанда құжаттарды одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және оны көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы өтініш берушіге жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 6 (алты) жұмыс күні ішінде олардың кодекс талаптарына сәйкестігін қарайды және қорытынды беру үшін көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелеріне сұрау салуды жібереді.

      15. Құрылымдық бөлімшелер сұрау салуды ұсынғаннан кейін 6 (алты) жұмыс күні ішінде қорытынды дайындайды және оларды көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына ұсынады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы қорытындыларды алғаннан кейін оларды жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптама комиссиясының (бұдан әрі - сараптама комиссиясы) қарауына шығарады.

      Сараптама комиссиясы өтініштерді қарау кезінде ұсынымдар әзірлеу мақсатында құзыретті орган жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

      16. Көрсетілетін қызметті беруші сараптама комиссиясының ұсынымдарын алған күннен бастап 6 (алты) жұмыс күні ішінде өтініш бойынша шешім шығарады не еркін нысанда мынадай негіздер бойынша Мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды жолдайды:

      Егер өтініш Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;

      Кодекстің 115-бабында белгіленген талаптарды сақтамау;

      17. Көрсетілетін қызметті беруші оң шешім қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде өтініш берушімен келісімшартқа қосымша келісім жасайды және өтініш берушіге оның қол қойылған данасын жібереді.

      18. Сараптама комиссиясының оң қорытындысы болған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде еркін нысанда құжаттарды одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және оны көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы өтініш берушіге жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 2 (екі) жұмыс күні ішінде олардың кодекс талаптарына сәйкестігін қарайды және қорытынды беру үшін көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелеріне сұрау салуды жібереді.

      19. Құрылымдық бөлімшелер көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысынан сұрау салуды ұсынғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде қорытынды дайындайды және оларды көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына ұсынады.

      20. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 3 (үш) жұмыс күні ішінде құрылымдық бөлімшелердің қорытындысын қарайды, көмірсутектер және уран өндіру бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа қосымша келісімді көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға дайындайды.

      21. Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы осы Қағидалардың 20-тармағында көрсетілген мерзім ішінде көмірсутектер және уран өндіру бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа қосымша келісімге қол қояды, одан кейін көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы оны көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы өтініш берушіге жібереді.

      22. Өндіру учаскесін және дайындық кезеңін бекіту кезінде, өндіру учаскесін және кезеңін немесе өндіру кезеңін бекіту кезінде, барлау немесе өндіру кезеңін ұзарту кезінде, жер қойнауы учаскесін ұлғайту немесе азайту кезінде, өндіру кезеңіне ауысу кезінде, келісімшарттың жұмыс бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде келісімшартқа қосымша келісімге қол қою кезінде, "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2018 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне дейін жасалған келісімшарттар бойынша жер қойнауы учаскесінің шекарасына өзгерістер енгізу кезінде осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын айқындайды.

      Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттарды тіркеген сәттен бастап осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде олардың толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде еркін нысанда құжаттарды одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және оны көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы өтініш берушіге жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 6 (алты) жұмыс күні ішінде олардың Кодекс талаптарына сәйкестігін қарайды және қорытынды беру үшін көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелеріне сұрау салуды жібереді.

      23. Құрылымдық бөлімшелер сұрау салуды ұсынғаннан кейін 6 (алты) жұмыс күні ішінде қорытынды дайындайды және оларды көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына ұсынады.

      24. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы қорытындыларды алғаннан кейін оларды жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі Сараптама комиссияның қарауына шығарады.

      Сараптама комиссиясы өтініштерді қарау кезінде ұсынымдар әзірлеу мақсатында құзыретті орган жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті беруші сараптама комиссиясының ұсынымдарын алған күннен бастап 6 (алты) жұмыс күні ішінде өтініш бойынша шешім шығарады не еркін нысанда осы Қағидалардың 12-тармағында көзделген негіздер бойынша дәлелді бас тартуды жібереді.

      25. Көрсетілетін қызметті беруші оң шешім қабылданған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде өтініш берушімен келісімшартқа қосымша келісім жасайды және өтініш берушіге оның қол қойылған данасын жібереді.

      Сараптама комиссиясының оң қорытындысы болған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде еркін нысанда құжаттарды одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және оны көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы өтініш берушіге жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 7 (жеті) жұмыс күні ішінде олардың Кодекс талаптарына сәйкестігін қарайды және қорытынды беру үшін көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелеріне сұрау салуды жібереді.

      26. Құрылымдық бөлімшелер көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысынан сұрау салуды ұсынғаннан кейін 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қорытынды дайындайды және оларды көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына ұсынады.

      27. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 4 (төрт) жұмыс күні ішінде құрылымдық бөлімшелердің қорытындысын қарайды, көмірсутектер және уран өндіру бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа қосымша келісімді көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға дайындайды немесе мынадай негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы еркін нысанда дәлелді жауапты жолдайды:

      1) өндіру учаскесін (учаскелерін) және дайындық кезеңін (дайындық кезеңдерін) бекіту кезінде келісімшартқа қосымша келісім үшін:

      көрсетілетін қызметті алушы жоймаған құзыретті органның хабарламасында көрсетілген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша міндеттемелерді бұзушылықтардың болуы;

      егер өтініш Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;

      2) өндіру учаскесін (учаскелерін) және өндіру кезеңін (кезеңдерін) бекіту кезінде келісімшартқа қосымша келісім үшін:

      көрсетілетін қызметті алушы жоймаған құзыретті органның хабарламасында көрсетілген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша міндеттемелерді бұзушылықтардың болуы;

      егер өтініш Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;

      3) барлау немесе өндіру кезеңін (кезеңдерін) ұзарту кезінде келісімшартқа қосымша келісім үшін:

      Кодекстің 117-бабының 1-3-тармақтарында көзделген барлау кезеңін ұзарту үшін негіздердің болмауы;

      көрсетілетін қызметті алушы жоймаған құзыретті органның хабарламасында көрсетілген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша міндеттемелерді бұзушылықтардың болуы;

      егер өтініш Кодекстің 120-бабының 2-тармағында белгіленген мерзімнен кеш берілсе;

      егер кен орнын игеру жобасы игеру мерзімін көздейтін болса, өндіру кезеңін ұзарту үшін өтініште сұралғаннан аз;

      құзыретті органның өндіру кезеңін ұзарту ниеті болмаған кезде, оның ішінде қосылған құны жоғары (неғұрлым жоғары қайта өңдеу және қайта өңдеу) өнім өндіруді көздейтін индустриялық-инновациялық жобаны іске асыру жөніндегі міндеттемелерді қабылдау жөнінде көрсетілетін қызметті алушымен келісімге не Кодекстің 119-бабының 7-тармағында көзделген өзге де инвестициялық міндеттемелерге қол жеткізілмеген жағдайда;

      егер өтініш Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;

      4) Жер қойнауы учаскесін (учаскелерін) ұлғайту немесе азайту кезінде келісімшартқа қосымша келісім үшін:

      Кодекстің 113-бабының 1-тармағында белгіленген шарттарды сақтамау;

      егер өтініш Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;

      28. Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы осы Қағидалардың 27-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде көмірсутектер және уран өндіру бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа қосымша келісімге қол қояды, одан кейін көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы оны көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы өтініш берушіге жібереді.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      29. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымданған жағдайда шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына берілуі мүмкін.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      30. Көрсетілетін қызметті берушінің шешімдері нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы сотқа жүгіне алады.

  "Көмірсутектер және уран
өндіру бойынша жер қойнауын
пайдалануға арналған
келісімшарттарға қосымша
келісімдер жасасу (қол қою)"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметті өзгертуге өтініш

  ____________________________
(көрсетілетін қызметті
берушінің атауы)

      Осымен, ______________, (тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын

      құжатта көрсетілсе), жер қойнауын пайдаланушының атауы) __________ Келісімшарт

      бойынша жер қойнауын пайдалану құқығына иеленуші (көмірсутектерді барлау мен өндіруге

      арналған келісімшарттың тіркеу нөмірі мен күні) ұзақтығы _____ ж. _____________ өндіру

      учаскесін бекітуге рұқсат беруіңізді сұрайды (өндіру учаскесін (учаскелерін) және дайындық

      кезеңін (кезеңдерін) көрсету).

      Анық емес мәліметтер бергені үшін жауапкершілік туралы хабардармын.

      Ұсынылған деректердің дұрыс екенін растаймын.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияларды қамтитын

      мәліметтерді қолдануға келісемін.

      Өтінішке қосымша беріледі:__________________

      ____________________________________ __________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)            (қолы)

      20__ жылғы ___ ____________

  "Көмірсутектер және уран
өндіру бойынша жер қойнауын
пайдалануға арналған
келісімшарттарға қосымша
келісімдер жасасу (қол қою)"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Жер қойнауын пайдалану құқығына (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесіне) ауысу туралы өтініш

  ____________________________
(көрсетілетін қызметті
берушінің атауы)

      Осымен, ______________, (тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын

      құжатта көрсетілсе), жер қойнауын пайдаланушының атауы) __________ Келісімшарт

      бойынша жер қойнауын пайдалану құқығына иеленуші (көмірсутектерді барлау мен

      өндіруге арналған келісімшарттың тіркеу нөмірі мен күні) ұзақтығы _____ ж. _____________

      жер қойнауын пайдалану құқығына (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті) ауысуға

      байланысты ________ келісімшартқа өзгеріс енгізуді сұрайды (өндіру учаскесін (учаскелерін)

      және дайындық кезеңін (кезеңдерін) көрсету).

      Анық емес мәліметтер бергені үшін жауапкершілік туралы хабардармын.

      Ұсынылған деректердің дұрыс екенін растаймын.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияларды қамтитын

      мәліметтерді қолдануға келісемін.

      Өтінішке қосымша беріледі:__________________

      ____________________________________ __________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)            (қолы)

      20__ жылғы ___ ____________

  "Көмірсутектер және уран
өндіру бойынша жер қойнауын
пайдалануға арналған
келісімшарттарға қосымша
келісімдер жасасу (қол қою)"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Өндіру учаскесін және дайындық кезеңін (дайындық кезеңдерін) бекіту туралы өтініш

  ____________________________
(көрсетілетін қызметті
берушінің атауы)

      Осымен, ______________, (тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын

      құжатта көрсетілсе), жер қойнауын пайдаланушының атауы) __________ Келісімшарт

      бойынша жер қойнауын пайдалану құқығына иеленуші (көмірсутектерді барлау мен өндіруге

      арналған келісімшарттың тіркеу нөмірі мен күні) ұзақтығы _____ ж. _____________ Өндіру

      учаскесін және дайындық кезеңін бекітуге рұқсат беруді сұрайды (өндіру учаскесін

      (учаскелерін) және дайындық кезеңін (кезеңдерін) көрсету).

      Анық емес мәліметтер бергені үшін жауапкершілік туралы хабардармын.

      Ұсынылған деректердің дұрыс екенін растаймын.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияларды қамтитын

      мәліметтерді қолдануға келісемін.

      Өтінішке қосымша беріледі:__________________

      ____________________________________ __________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)            (қолы)

      20__ жылғы ___ ____________

  "Көмірсутектер және уран
өндіру бойынша жер қойнауын
пайдалануға арналған
келісімшарттарға қосымша
келісімдер жасасу (қол қою)"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Өндіру учаскесін (учаскелерін) және кезеңін (кезеңдерін) немесе өндіру кезеңін (кезеңдерін) бекіту туралы өтініш

  ____________________________
(көрсетілетін қызметті
берушінің атауы)

      Осымен, ______________, (тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын

      құжатта көрсетілсе), жер қойнауын пайдаланушының атауы) __________ Келісімшарт

      бойынша жер қойнауын пайдалану құқығына иеленуші (көмірсутектерді барлау мен өндіруге

      арналған келісімшарттың тіркеу нөмірі мен күні) ұзақтығы _____ ж. _____________ өндіру

      учаскесін (учаскелерін) және кезеңін (кезеңдерін) немесе өндіру кезеңін (кезеңдерін) бекітуге

      рұқсат беруді сұрайды (өндіру учаскесін (учаскелерін) және дайындық кезеңін (кезеңдерін) көрсету).

      Анық емес мәліметтер бергені үшін жауапкершілік туралы хабардармын.

      Ұсынылған деректердің дұрыс екенін растаймын.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияларды қамтитын

      мәліметтерді қолдануға келісемін.

      Өтінішке қосымша беріледі:__________________

      ____________________________________            __________________

      (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)            (қолы)

      20__ жылғы ___ ____________

  "Көмірсутектер және уран
өндіру бойынша жер қойнауын
пайдалануға арналған
келісімшарттарға қосымша
келісімдер жасасу (қол қою)"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет қағидаларына
5-қосымша
  Нысан

Барлау немесе өндіру мерзімін ұзартуға байланысты жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер енгізуге өтініш

  ____________________________
(көрсетілетін қызметті
берушінің атауы)

      Осымен, ______________, (тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын

      құжатта көрсетілген болса), жер қойнауын пайдаланушының атауы) __________ Келісімшарт

      бойынша жер қойнауын пайдалану құқығына иеленуші (көмірсутектерді барлау мен өндіруге

      немесе көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшарттың тіркеу нөмірі мен күні)

      ________________ ұзақтығы __________ жылды құрайтын барлау немесе өндіру мерзімін

      ұзартуды сұрайды (_________ (барлау мерзімін ұзарту негізінде) _____________ учаскесі

      бойынша (барлау кезеңін ұзарту сұралатын жер қойнауы учаскесін (учаскелерін) көрсету

      немесе өндіру кезеңін ұзарту сұралатын мерзім қамтылуға тиіс) (тиісті жобалау құжаттары

      негізінде айқындалған барлау кезеңін ұзартудың сұралатын мерзімі немесе өндіру кезеңін

      ұзарту сұралатын мерзім).

      Анық емес мәліметтер бергені үшін жауапкершілік туралы хабардармын.

      Ұсынылған деректердің дұрыс екенін растаймын.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияларды қамтитын

      мәліметтерді қолдануға келісемін.

      Өтінішке қосымша беріледі:__________________

      ____________________________________ __________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)            (қолы)

      20__ жылғы ___ ____________

  "Көмірсутектер және уран
өндіру бойынша жер қойнауын
пайдалануға арналған
келісімшарттарға қосымша
келісімдер жасасу (қол қою)"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет қағидаларына
6-қосымша
  Нысан

Жер қойнауы учаскесі (учаскелері) ұлғайтылған немесе азайтылған жағдайда жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер енгізуге өтініш

  ____________________________
(көрсетілетін қызметті
берушінің атауы)

      Осымен, ______________, (тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын

      құжатта көрсетілген болса), жер қойнауын пайдаланушының атауы) __________ Келісімшарт

      бойынша жер қойнауын пайдалану құқығына иеленуші (көмірсутектерді барлау мен өндіруге

      арналған келісімшарттың тіркеу нөмірі мен күні) ________________ жер қойнауы учаскесін

      (учаскелерін) ұлғайтуды немесе азайтуды сұрайды (жер қойнауының бастапқы учаскесін

      ұлғайту болжанатын, сұралатын жер қойнауы учаскесіне нұсқау қамтылуға тиіс/жер қойнауын

      пайдаланушыда қалатын жер қойнауы учаскесіне (учаскелеріне) нұсқауды қамтуға тиіс)

      ________________ (тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта

      көрсетілген болса), жер қойнауын пайдаланушының атауы) мына _____________ жер қойнауы

      учаскесін қайтарады (мемлекетке қайтару болжанатын жер қойнауы учаскесіне (оның бөлігіне) нұсқау).

      Анық емес мәліметтер бергені үшін жауапкершілік туралы хабардармын.

      Ұсынылған деректердің дұрыс екенін растаймын.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияларды қамтитын

      мәліметтерді қолдануға келісемін.

      Өтінішке қосымша беріледі:__________________

      __________________________________            __________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)                  (қолы)

      20__ жылғы ___ ____________

  "Көмірсутектер және уран
өндіру бойынша жер қойнауын
пайдалануға арналған
келісімшарттарға қосымша
келісімдер жасасу (қол қою)"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет қағидаларына
7-қосымша
  Нысан

Учаскені (учаскелерді) және өндіру кезеңін (кезеңдерін) немесе өндіру кезеңін (кезеңдерін) бекітуге байланысты жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер енгізуге өтініш

  ____________________________
(көрсетілетін қызметті
берушінің атауы)

      Осымен, ______________, (тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын

      құжатта көрсетілген болса), жер қойнауын пайдаланушының атауы) __________ Келісімшарт

      бойынша жер қойнауын пайдалану құқығына иеленуші (көмірсутектерді барлау мен өндіруге

      арналған келісімшарттың тіркеу нөмірі мен күні) ________________ жер қойнауы учаскесін

      бөліп беруді сұрайды (жер қойнауын пайдалануға арналған жеке келісімшартты көздейтін жер

      қойнауы учаскесін (учаскелерін) көрсету).

      Анық емес мәліметтер бергені үшін жауапкершілік туралы хабардармын.

      Ұсынылған деректердің дұрыс екенін растаймын.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияларды қамтитын

      мәліметтерді қолдануға келісемін.

      Өтінішке қосымша беріледі:__________________

      ______________________________________            ____________

      (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)                  (қолы)

      20__ жылғы ___ ____________

  "Көмірсутектер және уран
өндіру бойынша жер қойнауын
пайдалануға арналған
келісімшарттарға қосымша
келісімдер жасасу (қол қою)"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет қағидаларына
8-қосымша
  Нысан

Жұмыс бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге байланысты жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер енгізуге өтініш

  ____________________________
(көрсетілетін қызметті
берушінің атауы)

      Осымен, ______________, (тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын

      құжатта көрсетілген болса), жер қойнауын пайдаланушының атауы) __________ Келісімшарт

      бойынша жер қойнауын пайдалану құқығына иеленуші (көмірсутектерді барлау мен өндіруге

      арналған келісімшарттың тіркеу нөмірі мен күні) ________________жұмыс бағдарламасына

      өзгеріс (-тер) және/немесе толықтыру (-лар) енгізуге рұқсат беруді сұрайды.

      Анық емес мәліметтер бергені үшін жауапкершілік туралы хабардармын.

      Ұсынылған деректердің дұрыс екенін растаймын.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияларды қамтитын

      мәліметтерді қолдануға келісемін.

      Өтінішке қосымша беріледі:__________________

      _______________________________            __________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)                  (қолы)

      20__ жылғы ___ ____________

  "Көмірсутектер және уран
өндіру бойынша жер қойнауын
пайдалануға арналған
келісімшарттарға қосымша
келісімдер жасасу (қол қою)"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет қағидаларына
9-қосымша

"Көмірсутектер және уран өндіру бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарға қосымша келісімдер жасасу (қол қою)" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру қағаз түрінде жүзеге асырылады

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

жер қойнауын пайдаланушы туралы мәліметтер өзгерген кезде келісімшартқа қосымша келісімге қол қою кезінде - 20 (жиырма) жұмыс күні.
жер қойнауын пайдалану құқығы мен жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлес ауысқан кезде келісімшартқа қосымша келісімге қол қою кезінде - 7 (жеті) жұмыс күні.
жер қойнауы учаскесін бөлу кезінде келісімшартқа қосымша келісімге қол қою кезінде - 30 (отыз) жұмыс күні.
өндіру учаскесін және дайындық кезеңін бекіту кезінде, өндіру учаскесін және кезеңін немесе өндіру кезеңін бекіту кезінде, барлау немесе өндіру кезеңін ұзарту кезінде, жер қойнауы учаскесін ұлғайту немесе азайту кезінде, келісімшарттың жұмыс бағдарламасына өзгерістер енгізу кезінде келісімшартқа қосымша келісімге қол қою кезінде, "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" ҚР Кодексіне дейін жасалған келісімшарттар бойынша жер қойнауы учаскесінің шекарасына өзгерістер енгізу кезінде, өндіру кезеңіне ауысу кезінде келісімшартқа қосымша келісімге қол қою кезінде - 40 (қырық) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нысаны

қағаз түрінде

5

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесі

жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа қосымша келісім немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

тегін

7

Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің жұмыс графигі

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Құжаттар көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы 18.00-ге дейін жүзеге асырылады

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) жер қойнауын пайдаланушы туралы мәліметтер өзгерген кезде келісімшартқа қосымша келісім алу үшін:
көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтерді өзгертуге өтініш;
көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтерге өзгерістер енгізу қажеттілігін растайтын құжаттар;
көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтерге өзгерістер енгізуді көздейтін келісімшартқа 3 (үш) данада көрсетілетін қызметті алушы қол қойған толықтыру;
2) жер қойнауын пайдалану құқығы мен жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлес ауысқан кезде келісімшартқа қосымша келісім алу үшін:
жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) ауысуы туралы өтініш;
көрсетілетін қызметті алушы қол қойған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа 3 (үш) данада толықтыру;
жер қойнауын пайдалану құқығын алуға негіз болатын құжаттың түпнұсқасы;
жер қойнауын пайдалану құқығын сатып алушы туралы мәліметтерді растайтын құжаттар:
жеке тұлғалар үшін-өтініш берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), тұрғылықты жері, азаматтығы, өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтер;
заңды тұлғалар үшін-өтініш берушінің атауы, оның орналасқан жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер (сауда тізілімінен үзінді немесе өтініш беруші шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын басқа да заңдастырылған құжат), акциялары ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында, мемлекеттерде, халықаралық ұйымдарда айналыста болатын заңды тұлғалар және сатып алушыны тікелей немесе жанама бақылайтын жеке тұлғалар туралы мәліметтер;
сатып алушының "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2018 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар);
3) өндіру учаскесін (учаскелерін) және дайындық кезеңін бекіту кезінде келісімшартқа қосымша келісім алу үшін:
өндіру учаскесін және дайындық кезеңін (дайындық кезеңдерін) бекіту туралы өтініш;
дайындық кезеңін (дайындық кезеңдерін) бекітуді көздейтін және Кодекстің 110-бабына сәйкес өндіру учаскесін (учаскелерін) белгілейтін келісімшартқа қосымшаны қамтитын келісімшартқа көрсетілетін қызметті алушы қол қойған толықтыру;
көрсетілетін қызметті алушы бекіткен және жер қойнауына мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алған геологиялық қорларды есептеу бойынша есеп;
4) өндіру учаскесі мен кезеңін немесе өндіру кезеңін бекіту кезінде келісімшартқа қосымша келісім алу үшін:
өндіру учаскесін (учаскелерін) және кезеңін (кезеңдерін) немесе өндіру кезеңін (кезеңдерін) бекіту туралы өтініш;
Кодекстің 119-бабының 7-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, өндіру учаскесін (учаскелерін) және кезеңін (кезеңдерін) немесе өндіру кезеңін (кезеңдерін) бекітуді көздейтін келісімшартқа көрсетілетін қызметті алушы қол қойған толықтыру. Бұл ретте өндіру учаскесін (учаскелерін) бекіту мақсатында келісімшартқа қосымша Кодекстің 110-бабына сәйкес өндіру учаскесін (учаскелерін) белгілейтін келісімшартқа қосымшаны қамтуы тиіс;
көрсетілетін қызметті алушы бекіткен және жер қойнауына мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алған геологиялық қорларды есептеу бойынша есеп (есептер);
көрсетілетін қызметті алушы бекіткен және Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген сараптамалардың оң қорытындыларын алған кен орнын игеру жобасы;
5) барлау немесе өндіру кезеңін ұзарту кезінде келісімшартқа қосымша келісім алу үшін:
барлау немесе өндіру кезеңін ұзартуға байланысты жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер енгізуге өтініш;
жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және барлау кезеңі ұзартылған жағдайда жер қойнауын пайдаланушы тиісті жер қойнауы учаскесінде орындауға міндеттенетін қосымша жұмыстардың көлемін, сипаттамасын және орындалу мерзімдерін қамтитын қосымша жұмыстардың бағдарламасы;
жер қойнауын пайдаланушы қол қойған келісімшартқа:
барлау кезеңін ұзарту;
Кодекстің 117 - бабының 2 және 3-тармақтарында көзделген жағдайларда - Кодекстің 110-бабына сәйкес, тереңдігі бойынша барлау учаскесінің (учаскелерінің) шекараларын белгілеуді қоса алғанда, анықталған шоғырлардың (шоғырлардың жиынтығының) болжамды контурлары орналастырылатын блоктардан тұратын (тұратын) барлау учаскесін (учаскелерін) белгілейтін келісімшартқа қосымша;
жер қойнауын пайдаланушының осы тармақшаның үшінші абзацында көрсетілген және келісімшартқа қоса берілетін оның ажырамас бөлігі ретінде қосымша жұмыстар бағдарламасын орындау жөніндегі міндеті;
Кодекстің 117-бабының 2-тармағында көзделген, жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген сараптамалардың оң қорытындыларын алған жағдайда, табылған шоғырларды (шоғырлардың жиынтығын) Бағалау жөніндегі жұмыстарды көздейтін барлау жұмыстарының жобасына қосымша);
Кодекстің 117-бабының 3-тармағында көзделген жағдайда-жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген сараптамалардың оң қорытындыларын алған сынамалы пайдалану жобасы;
жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және өндіру кезеңі ұзартылған жағдайда жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауы учаскесінде орындауға міндеттенетін жұмыстардың көлемін, сипаттамасын және орындалу мерзімін қамтитын жұмыс бағдарламасы;
жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген сараптамалардың оң қорытындыларын алған, өндіру кезеңін ұзартудың сұралған мерзімі ішінде кен орнын игеруді көздейтін кен орнын игеру жобасы.
6) жер қойнауы учаскесін ұлғайту немесе азайту кезінде келісімшартқа қосымша келісім алу үшін:
жер қойнауы учаскесінің (учаскелерінің) ұлғаюына немесе азаюына байланысты жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер енгізуге өтініш;
Кодекстің 110-бабына сәйкес жер қойнауының ұлғайтылған (учаскелері) немесе көрсетілетін қызметті алушының 113-баптың 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген және келісімшартқа қоса берілетін оның ажырамас бөлігі ретінде қосымша жұмыстар бағдарламасын орындау жөніндегі міндетін белгілейтін келісімшартқа қосымшасы бар 3 (үш) данада көрсетілетін қызметті алушы қол қойған келісімшартқа қосымша;
Кодекстің 110-бабына сәйкес жер қойнауының азайтылған учаскесін (учаскелерін) белгілейтін келісімшартқа қосымшасы бар келісімшартқа көрсетілетін қызметті алушы қол қойған қосымша 3 (үш) данада;
жер қойнауы учаскесін ұлғайту кезінде көрсетілетін қызметті алушы бекіткен және көрсетілетін қызметті алушы сұратылған жер қойнауы учаскесінде орындауға міндеттенетін жұмыстардың көлемін, сипаттамасын және орындалу мерзімін қамтитын қосымша жұмыстар бағдарламасы көрсетілетін қызметті алушы жер қойнауын пайдалану құқығын алу кезінде белгіленген барлау кезеңінде жер қойнауы учаскесіндегі жұмыстардың көлемі мен түрлері бойынша ең аз талаптарға сай келетін пропорционалды түрде;
жер қойнауы учаскесі азайған кезде қайтарылатын жер қойнауы учаскесінде (учаскелерінде) жер қойнауын пайдалану салдарын жою актісінің көшірмесі;
7) Жер қойнауы учаскесін бөлу кезінде келісімшартқа қосымша келісім алу үшін:
учаскені (учаскелерді) және өндіру кезеңін (кезеңдерін) немесе өндіру кезеңін (кезеңдерін) бекітуге байланысты жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер енгізуге өтініш;
Кодекстің 110-бабына сәйкес азайтылған жер қойнауының негізгі учаскесін белгілейтін келісімшартқа қосымша бар, көрсетілетін қызметті алушы қол қойған келісімшартқа қосымша;
Осы Қағидаларға 8-қосымшаға және Кодекстің 115-бабы 4-тармағының тиісті талаптарына сәйкес нысан бойынша, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 11 маусымдағы № 233 бұйрығымен бекітілген үлгілік келісімшартқа сәйкес әзірленген, өтініш беруші қол қойған көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарт (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17140 болып тіркелген);
8) келісімшарттың жұмыс бағдарламасына өзгерістер енгізу кезінде келісімшартқа қосымша келісім алу үшін:
жұмыс бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге байланысты жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер енгізуге өтініш;
келісімшартқа толықтыру 3 данада;
құзыретті орган бекіткен нысан бойынша жасалған жұмыс бағдарламасының жобасы және оған түсіндірме жазба;
ұсынылатын өзгерістер мен толықтырулар қажеттілігінің жазбаша негіздемесі;

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) жер қойнауын пайдалану құқығы мен жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлес ауысқан кезде келісімшартқа қосымша келісім үшін:
өтініштің Кодекстің 40-бабы 3-тармағының талаптарына сәйкес келмеуі;
егер мұндай ауысу осындай рұқсатқа сәйкес жүзеге асырылса, жер қойнауын пайдалану құқығының берілген рұқсатқа ауысу шарттарының сәйкес келмеуі;
мұндай рұқсат Кодекске сәйкес талап етілген кезде жер қойнауын пайдалану құқығының ауысуына рұқсат болмаған кезде;
егер жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) ауысуы көрсетілетін қызметті алушыға жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды немесе салынған әкімшілік өндіріп алуға сәйкес жекелеген жұмыс түрлерін жүргізуге тыйым салынған жер қойнауы учаскесі бойынша жүзеге асырылса;
егер жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) ауысуына Кодексте тыйым салынған болса;
егер жер қойнауын пайдалану құқығының ауысуы (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлес) Қазақстан Республикасы жасасқан халықаралық шарттардың ережелерін бұзуға әкеп соқтырса
2) өндіру учаскесін (учаскелерін) және дайындық кезеңін (дайындық кезеңдерін) бекіту кезінде келісімшартқа қосымша келісім үшін):
көрсетілетін қызметті алушы жоймаған құзыретті органның хабарламасында көрсетілген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша міндеттемелерді бұзушылықтардың болуы.
егер өтініш Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;
3) өндіру учаскесін (учаскелерін) және өндіру кезеңін (кезеңдерін) бекіту кезінде келісімшартқа қосымша келісім үшін:
егер өтініш Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;
көрсетілетін қызметті алушы жоймаған құзыретті органның хабарламасында көрсетілген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша міндеттемелерді бұзушылықтардың болуы;
4) барлау немесе өндіру кезеңін (кезеңдерін) ұзарту кезінде келісімшартқа қосымша келісім үшін:
егер өтініш Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;
кодекстің 117 - бабының 1-3-тармақтарында көзделген барлау кезеңін ұзарту үшін негіздердің болмауы;
көрсетілетін қызметті алушы жоймаған құзыретті органның хабарламасында көрсетілген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша міндеттемелерді бұзушылықтардың болуы;
егер өтініш Кодекстің 120-бабының 2-тармағында белгіленген мерзімнен кеш берілсе;
егер кен орнын игеру жобасы игеру мерзімін көздейтін болса, өндіру кезеңін ұзарту үшін өтініште сұралғаннан аз;
құзыретті органның өндіру кезеңін ұзарту ниеті болмаған кезде, оның ішінде қосылған құны жоғары (неғұрлым жоғары қайта өңдеу және қайта өңдеу) өнім өндіруді көздейтін индустриялық-инновациялық жобаны іске асыру жөніндегі міндеттемелерді қабылдау жөнінде көрсетілетін қызметті алушымен келісімге не кодекстің 119-бабының 7-тармағында көзделген өзге де инвестициялық міндеттемелерге қол жеткізілмеген жағдайда;
5) жер қойнауы учаскесін (учаскелерін) ұлғайту немесе азайту кезінде келісімшартқа қосымша келісім үшін:
егер өтініш Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;
кодекстің 113-бабының 1-тармағында белгіленген шарттарды сақтамау;
6) жер қойнауы учаскесін (учаскелерін) бөлу кезінде келісімшартқа қосымша келісім үшін:
егер өтініш Кодекстің 115-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;
егер өтініш Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;

10

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілген мемлекеттік қызмет ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

1) мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 19 "А" блогы, телефондары: 8 (7172) 78-68-01.
2) мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.gov.kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттік көрсетілетін қызмет" бөлімінде. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы:1414, 8-800-080-7777.