"Мемлекеттік органдар ашық деректердің интернет-порталына орналастыратын электрондық ақпараттық ресурстарды ашық деректерге жатқызу өлшемшарттарын, сондай-ақ оларды беру қағидалары мен форматын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі м.а. 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 86 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 19 мамырдағы № 201/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 29 мамырда № 20762 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік органдар ашық деректердің интернет-порталына орналастыратын электрондық ақпараттық ресурстарды ашық деректерге жатқызу өлшемшарттарын, сондай-ақ оларды беру қағидалары мен форматын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрі м. а. 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 86 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13231 болып тіркелген, "Әділет" нормативтік құқықтық актілерінің жүйесінде 2016 жылғы 11 наурызда жарияланған) мынадай өзгертулер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген мемлекеттік органдар ашық деректердің интернет-порталына орналастыратын ашық деректерді беру қағидалары мен форматында:

      2-тармақ мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "5-1) кеңейтілетін белгілеу тілі (eXtensible Markup Language) (бұдан әрі - XML) - құрылымдық және машинада оқылатын форматтағы деректерді сақтау және беру үшін пайдаланылатын кеңейтілетін белгілеу тілі;";

      10-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Сұратылған ашық деректерді ұсыну мүмкін болған жағдайда, мемлекеттік орган уәкілетті органнан сұрауды алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде осы Қағидаларға 2-қосымшада белгіленген ашық деректер жиынтықтарын ұсыну форматын ұстана отырып, автоматтандырылған жұмыс орны (бұдан әрі - АЖО) арқылы интернет-порталда орналастырады немесе мемлекеттік органның API-ін қолдана отырып ашық деректерді ұсынады немесе уәкілетті органды ашық деректерді орналастырудың жоспарланған күні туралы хабарлайды.";

      11-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Интернет-порталда АЖО көмегімен ашық деректер жиынтығын мемлекеттік органдардың орналастыруы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес ашық деректер жиынтығын ұсыну форматына сәйкес JSON форматында жүзеге асырылады.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Мемлекеттік органның API-ін қолдана отырып ашық деректерді ұсыну, егер ұсынылатын ақпарат XML және JSON форматта мемлекеттік органның ақпараттық жүйесінде болған жағдайда жасалады.";

      2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі
А. Жумагалиев