Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 20.10.2022 № 74 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы, "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі, "Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы" 2004 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Сақтанушының инвестицияларға немесе сақтандырушының пайдасына қатысу қағидалары мен ерекшеліктері;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Сақтанушының инвестицияларға немесе сақтандырушының пайдасына қатысу талабы көзделетін сақтандыру шартының мазмұнына қойылатын талаптар;
3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Сақтандыру ұйымының инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған (жұмсалған) кірістер (шығыстар) есебінен қалыптастырылған активтерді сақтанушының инвестицияларға қатысу талабын көздейтін сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру ұйымы болып табылмайтын инвестициялық портфельді басқарушыға инвестициялық басқаруға беру шарттары мен қағидалары;
4) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының сақтанушының инвестицияларға немесе сақтандырушының пайдасына қатысу талабы көзделетін сақтандыру шартын жасау қағидалары мен ерекшеліктерін, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған (жұмсалған) кірістер (шығыстар) есебінен қалыптастырылған активтерді Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің бағалы қағаздар нарығында инвестициялық портфельді басқару қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымына инвестициялық басқаруға беру шарттары мен қағидалары;
5) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес Сақтандыру ұйымын ерікті, мәжбүрлеп тарату немесе ерікті түрде сақтандыру қызметін жүзеге асырмайтын заңды тұлғаға қайта ұйымдастыру жағдайларын қоса алғанда, сақтанушылардан инвестициялау мақсаттары үшін алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) және оларды инвестициялаудан алынған (жұмсалған) кірістердің (шығыстардың) бір бөлігі есебінен қалыптастырылған активтерді сақтанушының инвестицияларға қатысу талабын көздейтін сақтандыру шарттары бойынша сақтанушылар арасында бөлу ерекшеліктері;
6) осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес Сақтанушылардан инвестициялау мақсаттары үшін алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) және оларды инвестициялаудан алынған (жұмсалған) кірістердің (шығыстардың) бір бөлігі есебінен қалыптастырылған активтердің құнын сақтанушының инвестицияларға қатысу талабын көздейтін сақтандыру шарттары бойынша айқындау қағидалары, талаптары мен әдістемесі бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 20.10.2022 № 74 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. "Сақтанушының инвестицияларға немесе сақтандырушының пайдасына қатысу қағидалары мен ерекшеліктерін, сондай-ақ Сақтанушының инвестицияларға немесе сақтандырушының пайдасына қатысу талаптары көзделетін сақтандыру шартының мазмұнына қойылатын талаптарды, Сақтандыру ұйымының инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған кірістер (зиян) есебінен қалыптастырылған активтерді сақтандыру ұйымы болып табылмайтын инвестициялық портфельді басқарушыға инвестициялық басқаруға беру шарттары мен қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 190 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17399 болып тіркелген, 2018 жылғы 5 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Сақтандыру нарығы және актуарлық есеп айырысу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 4-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Халықаралық қатынастар және сыртқы коммуникациялар басқармасы осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
5. Орталық депозитарий 2020 жылғы 1 шілдеге дейін мерзімде Орталық депозитарийдің қағидалар жинағын және бағдарламалық қамтамасыз етуін осы қаулының талаптарына сәйкес келтіруді қамтамасыз етсін.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
7. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Төрағасы |
М. Абылкасымова |
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 25 мамырдағы № 59 қаулысына 1-қосымша |
Сақтанушының инвестицияларға немесе сақтандырушының пайдасына қатысу қағидалары мен ерекшеліктері
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Сақтанушының инвестицияларға немесе сақтандырушының пайдасына қатысу қағидалары мен ерекшеліктері (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шілдедегі Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім), "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы (бұдан әрі - Сақтандыру қызметі туралы заң), "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі (бұдан әрі - Бағалы қағаздар нарығы туралы заң), "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі, "Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы" 2004 жылғы 7 шілдедегі (бұдан әрі - Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы заң) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және сақтанушының инвестицияларға немесе сақтандырушының пайдасына қатысу тәртібі мен ерекшеліктерін айқындайды.
Қағидалар:
"өмірді сақтандыру" саласы бойынша лицензиясы бар, сақтанушының инвестицияларға немесе сақтандырушының пайдасына қатысу талаптары көзделетін сақтандыру шарттарын жасасуды жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарына;
бағалы қағаздар нарығында инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдарға қолданылады.
2. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) инвестицияларға қатысу шарты – сақтандыру ұйымы мен сақтанушының арасында жасалатын және сақтандыру сыйлықақысы (сақтандыру жарналары) тәуекел және жинақтаушы бөліктерден тұратын инвестицияларға сақтанушының қатысу талаптары көзделетін сақтандыру шарты;
2) инвестициялық декларация – инвестициялау объектілерінің тізбесін, сақтанушылардың активтеріне қатысты инвестициялық қызметтің мақсаттарын, стратегиясын, талаптары мен шектеулерін, сақтанушылардың активтерін хеджирлеу мен әртараптандыру талаптарын анықтайтын құжат;
3) инвестициялық портфель – сақтанушылардың активтері есебінен сатып алынған және инвестициялық қор активтерінің құрамына кірмейтін қаржы құралдары түрлерінің жиынтығы;
4) инвестициялық портфельді басқарушы – бағалы қағаздар нарығының сақтандыру ұйымы болып табылмайтын және бағалы қағаздар нарығында инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар кәсіби қатысушысы;
5) инвестициялық портфельді басқарушы құрған инвестициялық қор (бұдан әрі – басқарушының қоры) – Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы заңға сәйкес инвестициялық портфельді басқарушы құрған жабық инвестициялық пай қоры болып табылмайтын инвестициялық пай қоры;
6) инвестициялық сақтандыру шоты – сақтанушының сақтандыру ұйымының талдамалық есепке алу жүйесіндегі, сақтанушыны және оның активтерін сәйкестендіруді қамтамасыз ететін шоты;
7) инвестициялық тәуекел – сақтанушылардың активтерін инвестициялаумен байланысты тәуекел;
8) пай – меншік иесінің қордағы (басқарушының қордағы) үлесін, қордың (басқарушының қордың) активтерін іске асырудан алынған ақшаны және (немесе) оның қолданылуы тоқтатылған кезде, Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы заңда белгіленген жағдайда басқа да мүліктерді алу құқығын, сондай-ақ Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы заңда айқындалған инвестициялық пай қорлары қызметінің ерекшеліктерімен байланысты өзге құқықтарды растайтын құжаттамасыз шығарылым нысанындағы атаулы эмиссиялық бағалы қағаз;
9) пайдаға қатысу шарты – сақтандыру ұйымы мен сақтанушының арасында жасалатын және сақтанушының сақтандыру ұйымының пайдасына қатысу талаптары көзделетін сақтандыру шарты, ол бойынша төлем аяқталған қаржы жылының қорытындысы бойынша есептеледі;
10) сақтандыру жағдайы – басталған кезде сақтанушының инвестицияларға немесе сақтандырушының пайдасына қатысу талаптары көзделетін сақтандыру шартында сақтандыру төлемін жүзеге асыру көзделетін оқиға;
11) сақтандыру сыйлықақысының жинақтаушы бөлігі – инвестицияларға қатысу шарттары бойынша инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақысының (сақтандыру жарналарының) бөлігі;
12) сақтандыру сыйлықақысының тәуекел бөлігі – сыйлықақысының (сақтандыру жарналарының) сақтандыру жағдайының басталу тәуекелін, сақтандыру ұйымының әкімшілік шығыстарын өтейтін бөлігі;
13) сақтандыру төлемi – сақтандыру ұйымы сақтанушыға (пайда алушыға) сақтанушының инвестицияларға немесе сақтандырушының пайдасына қатысу талаптары көзделетін сақтандыру шартында айқындалған тәртіппен және мерзімдерде төлейтiн ақша сомасы;
14) сақтандыру ұйымының инвестициялық қоры (бұдан әрі – қор) – Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы заңға сәйкес жабық инвестициялық пай қоры болып табылмайтын және бағалы қағаздар нарығында инвестициялық портфельді басқару бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензиясы (бұдан әрі – инвестициялық портфельді басқаруға арналған лицензия) бар сақтандыру ұйымы сақтанушылардың активтері есебінен құрған инвестициялық пай қоры;
15) сақтанушылардың активтері – сақтанушының инвестицияларға қатысу талабы көзделетін сақтандыру шарттары бойынша инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) және оларды инвестициялаудан алынған (жұмсалған) кірістердің (шығыстардың) бөлігі есебінен қалыптастырылатын активтер;
16) сақтанушының өтініші – сақтанушы қол қойған және инвестицияларға қатысу шартының ажырамас бөлігі болып табылатын өтініш, ол сақтанушы активтерін инвестициялау үшін таңдап алған қорлардың және (немесе) басқарушы қорлардың және (немесе) инвестициялық портфельдердің атауы мен түрлерін қамтиды;
17) сақтанушының қосалқы шоты (бұдан әрі – қосалқы шот) – сақтандыру ұйымы сақтанушы таңдаған әрбір қор (басқарушы қоры), инвестициялық портфель бөлігінде ашатын және сақтанушыға тиесілі тиісті қор (басқарушы қоры) пайларының және (немесе) тиісті инвестициялық портфельдің шартты бірліктерінің саны, сондай-ақ инвестицияларға қатысу шартында көзделген мәліметтер көрсетілетін осы сақтанушының инвестициялық сақтандыру шотының шеңберіндегі сақтанушының шоты;
18) шартты бірлік – сақтанушының инвестицияларға қатысу талабы көзделетін сақтандыру шарттары бойынша инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының), оларды инвестициялаудан алынған (жұмсалған) кірістердің (шығыстардың) бөлігі есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфель активтерінің инвестициялық портфель активтерін инвестициялық басқару нәтижесінде активтердің өзгеруін сипаттау үшін пайдаланылатын үлес шамасы;
19) сақтанушының инвестициялық сақтандыру шотының сатып алу құны – сақтандыру ұйымының төлеуге соманы қалыптастыру сәтінде оның инвестициялық сақтандыру шотындағы сақтанушы активтерінің ағымдағы құны.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 20.10.2022 № 74 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2-тарау. Сақтанушының инвестицияларға қатысуы
3. Инвестицияларға қатысу шартын сақтандыру ұйымы әрбір сақтанушымен жеке жасайды.
Сақтанушының активтерін инвестициялаумен байланысты инвестициялық тәуекелдерді сақтанушы көтереді.
4. Инвестицияларға қатысу шарттарын жасаған кезде сақтандыру ұйымы инвестициялық портфельді басқаруға лицензия негізінде сақтанушылардың активтерін дербес басқарады және (немесе) сақтанушының Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы заңмен және осы қордың немесе басқарушының қорының ережелерімен бөлікті сатып алуға өтінімге қойылатын талаптарға сәйкес келетін сақтандырушының өтінішінде көрсетілген қордың және (немесе) басқарушы қордың пайларының балама санын сақтанушының сатып алу және (немесе) оның инвестициялық сақтандыру шотына сақтанушының өтінішінде көрсетілген инвестициялық портфельдің шартты бірліктерінің балама санын есептеу арқылы оларды инвестициялық портфельді басқарушының, оның ішінде сақтандыру ұйымының үлестес тұлғаларының және (немесе) сақтандыру ұйымымен ерекше қатынастармен байланысты тұлғаларының инвестициялық басқаруына береді.
5. Сақтандыру ұйымы инвестицияларға қатысу шартын жасасқанға дейін сақтанушыға (сақтанушының қалауы бойынша электрондық нысанда және (немесе) қағаз тасымалдағышта) танысу үшін:
1) Қағидалардың көшірмесін;
2) қор және (немесе) басқарушы қоры қағидаларының көшірмесін (сақтанушы осы қорға және (немесе) басқарушы қорға қатысқан жағдайда);
3) инвестициялық портфельді басқарушы туралы мәліметтерді (сақтанушылардың активтері инвестициялық портфельді басқарушыға инвестициялық басқаруға берілген жағдайда);
4) инвестициялық декларациялардың көшірмелерін, олардың негізінде қорлар және (немесе) басқарушылар қорлары және (немесе) инвестициялық портфельдер құрылады;
5) қор және (немесе) басқарушы қоры пайларының және (немесе) инвестициялық портфельдің шартты бірлігінің ағымдағы құны туралы ақпаратты;
6) сақтанушылардың активтерін инвестициялық басқарғаны үшін сақтандыру ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының сыйақыларының мөлшері туралы ақпаратты (сақтанушылардың активтері инвестициялық портфельді басқарушыға инвестициялық басқаруға берілген жағдайда) ұсынады.
6. Инвестициялық портфельді басқаруға лицензиясы бар сақтандыру ұйымы сақтанушылардың активтерін инвестициялау мақсаттары үшін бір немесе бірнеше қор құрады және (немесе) бір немесе бірнеше инвестициялық портфельді қалыптастырады.
Сақтанушы қор және (немесе) сақтанушының активтері инвестицияланатын инвестициялық портфель туралы мәліметтерді қамтитын сақтанушының өтінішіне қол қою арқылы сенімгерлік басқару шартына қосылады.
Сенімгерлік басқару шарты қосылу шарты болып табылады, оның талаптары қордың қағидаларымен және (немесе) сақтанушының өтінішінде көрсетілген инвестициялық портфельдің инвестициялық декларациясымен айқындалады.
Сақтанушы сенімгерлік басқару шарты бойынша сақтандыру ұйымына оны басқа сақтанушылардың ақшасын қорға және (немесе) сақтанушының өтінішінде көрсетілген инвестициялық портфельге қосу, және осы қордың қағидаларына және (немесе) осы инвестициялық портфельдің инвестициялық декларациясына сәйкес кейіннен инвестициялау мақсатында сақтандыру сыйлықақысының жинақталған бөлігін инвестициялық басқаруға береді.
Қордың және (немесе) басқарушы қордың және (немесе) инвестициялық портфельдің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін адамдардың шығыстары мен сыйақылары тиісінше, қордың және (немесе) басқарушы қордың және (немесе) инвестициялық портфельдің активтері есебінен төленуге тиіс.
7. Қордың (басқарушы қордың) инвестициялық декларациясы әрбір қор (басқарушы қоры) үшін әзірленеді және онда Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы заңның 39-бабының 1-тармағында көзделген мәліметтер қамтылады.
Инвестициялық портфельдің инвестициялық декларациясы әрбір инвестициялық портфель үшін әзірленеді және мыналар қамтылуға тиіс:
1) сақтандыру ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының (сақтанушылардың активтері инвестициялық портфельді басқарушыға инвестициялық басқаруға берілген жағдайда), кастодианның толық атауы, олардың лицензияларының деректемелері және орналасқан жері;
2) инвестициялық портфель активтерін есепке алу және құнын айқындау тәртібі;
3) инвестициялық портфель активтері есебінен төленуге жататын, сақтандыру ұйымына, инвестициялық портфельді басқарушыға (сақтанушылардың активтері инвестициялық портфельді басқарушыға инвестициялық басқаруға берілген жағдайда), кастодианға және өзге де тұлғаларға төленетін шығыстар мен сыйақылардың түрлері, айқындау тәртібі және ең жоғары мөлшерлері;
4) инвестициялық портфельдің инвестициялық саясатының мақсаттарын, міндеттерін сипаттау;
5) инвестициялық портфельді инвестициялау объектілерінің тізбесі, мәмілелер түрлері, инвестициялау талаптары мен лимиттері;
6) инвестициялық портфель активтерін хеджирлеу және әртараптандыру талаптары;
7) инвестициялық декларацияда айқындалған объектілерге инвестициялауға байланысты тәуекелдерді сипаттау, сондай-ақ оларды азайтуға бағытталған іс-шаралар;
8) инвестициялық портфельдің инвестициялық саясаты бойынша шектеулер.
8. Инвестициялық портфельді басқарушы құратын (қалыптастыратын басқарушы қорының және (немесе) инвестициялық портфельдің) инвестициялық декларациясын инвестициялық портфельді басқарушы әзірлейді және ол сақтандыру ұйымының директорлар кеңесімен келісілуі тиіс.
9. Сақтанушылардың активтері есебінен қаржы құралдарымен мәмілелер жасау қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) немесе бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысын тіркеу елінің уәкілетті органы берген брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензияға ие бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының қызметтерін пайдаланумен жүзеге асырылады.
Ашық сауда-саттық әдісімен жасалған ұйымдастырылған нарықтағы мәмілелерді қоспағанда, сақтанушылардың активтері есебінен қаржы құралдарымен мәмілелер сақтандыру ұйымының үлестес тұлғаларымен және (немесе) сақтандыру ұйымымен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалармен жасалмайды.
10. Сақтанушының бір немесе бір мезгілде бірнеше қорға және (немесе) басқарушылар қорларына және (немесе) инвестициялық портфельдерге қатысуына рұқсат етіледі.
Сақтандыру ұйымы және (немесе) инвестициялық портфельді басқарушы (сақтанушылардың активтерін инвестициялық портфельді басқарушыға инвестициялық басқаруға берген жағдайда) сақтанушының активтерін инвестицияларға қатысу шартының талаптарында көзделген мерзімде сақтанушының өтінішінде көрсетілген қорға және (немесе) басқарушы қорына және (немесе) инвестициялық портфельге орналастырады.
11. Сақтандыру ұйымы сақтанушылардың активтерін сақтанушылардың инвестициялық сақтандыру шоттарына жеке есепке алуды жүргізеді.
12. Қордың және (немесе) басқарушы қорының пайларын орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде сақтанушылардың жеке шоттарына (қосалқы шоттарына) есепке жазу Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы, Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы заңнамасына және сақтанушы инвестицияға қатысумен шарт жасалған сақтандыру ұйымы туралы мәліметті көрсетумен орталық депозитарийдің қағидалар жиынына сәйкес жүзеге асырылады.
Қағидалардың 11-тармағының мақсаттары үшін сақтанушыға тиесілі қор және (немесе) басқарушы қоры пайларының, инвестициялық портфельдің шартты бірліктерінің саны сақтандыру ұйымының талдамалық есепке алу жүйесіндегі сақтанушының тиісті қосалқы шотында көрсетіледі.
Қордың және (немесе) басқарушылар қорларының пайларын және (немесе) инвестициялық портфельдердің шартты бірліктерін сақтанушының инвестициялық сақтандыру шотында көрсетуді, сондай-ақ сақтанушының инвестициялық сақтандыру шоты бойынша өзге операцияларды сақтандыру ұйымы тек қана инвестицияларға қатысу шарты және сақтанушының өтініші негізінде жүргізеді.
Қордың және (немесе) басқарушы қорының пайларын иеліктен шығару немесе сатып алу тек сақтанушы онымен инвестицияға қатысумен шарт жасалған сақтандыру ұйымға ұсынылатын сақтанушының тиісті өтінішінің (аталған операцияларды жүргізуге) негізінде ғана жүзеге асырылады. Сақтандырушының қордың (басқарушының қорының) пайларын сатып алу туралы өтініміне Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы заңның талаптары және осы қордың (басқарушы қорының) ережелері қолданылады.
Инвестициялық портфельдің шартты бірліктерін сатып алу инвестицияларға қатысу шартында белгіленген шарттармен және тәртіппен жүзеге асырылады.
13. Инвестицияларға қатысу шартының сыйлықақысын (сақтандыру жарналарын) төлеу тәртібі мұндай шарттың талаптарында белгіленеді.
Сақтандыру ұйымының меншік активтері үшін арналған банктік шотқа сақтандыру сыйлықақыларын (сақтандыру жарналарын) аудару кезінде сақтандыру сыйлықақысының (сақтандыру жарналарының) жинақтаушы бөлігі сақтандыру сыйлықақыны (кезекті сақтандыру жарнасын) мұндай банктік шотқа есепке жазғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қордың және (немесе) басқарушы қорының және (немесе) инвестициялық портфельдің активтерінің құрамына кіретін ақшаны есепке алу және сақтауға арналған кастодианда ашылған банктік шотқа аударылуы тиіс.
14. Инвестицияларға қатысу шартының қолданылуы мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда, сақтандыру ұйымы төленетін соманы қалыптастырады және осындай төлем жүзеге асырылғаннан кейін сақтанушының инвестициялық сақтандыру шотын және осы шотпен байланысты сақтанушының барлық қосалқы шоттарын жабады.
15. Инвестицияларға қатысу шарты мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда төленетін соманың көлемі инвестицияларға қатысу шартының мерзімінен бұрын бұзылуына байланысты шығасыларды шегере отырып, өтеу сомасының (бар болса) және сақтанушының инвестициялық сақтандыру шотының өтеу құнының сомасына тең болып белгіленеді.
Мерзімінен бұрын бұзу талаптары және шығасылар көлемі инвестицияларға қатысу шартында белгіленеді.
16. Егер инвестицияларға қатысу шарты тоқтатылған күнге сақтанушының инвестициялық сақтандыру шотының барлық қосалқы шоттарында бір де бір пай (бір де бір шартты бірлік) тіркелмеген болса, онда сақтандыру ұйымы сақтанушының инвестициялық сақтандыру шотын, сақтанушының инвестициялық сақтандыру шотының өтеу құнын қалыптастырмай жабады.
17. Сақтандыру ұйымы әрбір инвестициялық портфель бойынша бір шартты бірліктің құнын және шартты бірліктердің санын есептеуді күн сайын жүргізеді.
18. Сақтандыру ұйымы бір шартты бірліктің құнын мынадай формула бойынша есептейді:
Қi - i күнінің соңындағы инвестициялық портфель активтерінің бір шартты бірлігінің құны;
Аі - i күнінің соңындағы инвестициялық портфель активтерінің ағымдағы құны;
ШБі - i күнінің соңындағы инвестициялық портфель активтерінің шартты бірліктерінің саны.
19. i күнінің соңындағы инвестициялық портфель активтерінің ағымдағы құны мынадай формула бойынша есептеледі:
А(і-1) - і-1 күнінің соңындағы инвестициялық портфель активтерінің ағымдағы құны;
Жi - i күні түскен сақтандыру сыйлықақысының жинақтаушы бөлігі;
СТi - i күні есептелген, инвестициялық портфель активтері есебінен сақтандыру төлемдері немесе төленетін сомалар (сақтандыру сыйлықақысының тәуекел бөлігінен қалыптасатын сақтандыру төлемдері немесе төленетін сомалары болып табылмайтын);
ИКі - i күні есептелген, инвестициялық портфель активтері бойынша инвестициялық кіріс;
КСi - i күні есептелген, инвестициялық портфель активтерін инвестициялық басқару үшін сақтандыру ұйымының комиссиялық сыйақысы (сақтанушылардың активтерін инвестициялық портфельді басқарушының инвестициялық басқаруына берген жағдайда инвестициялық портфельді басқарушының комиссиялық сыйақысын есептегенде);
Ші - i күні есептелген, инвестициялық портфель активтерін инвестициялық басқару үшін сақтандыру ұйымының комиссиялық сыйақысын есептемегенде, сақтанушының активтерін инвестициялау, есепке алу және сақтаумен байланысты шығыстар (сақтанушылардың активтерін инвестициялық портфельді басқарушының инвестициялық басқаруына берген жағдайда инвестициялық портфельді басқарушының комиссиялық сыйақысын есептегенде).
20. i күнінің соңындағы инвестициялық портфель активтерінің шартты бірліктерінің саны мынадай формула бойынша есептеледі:
ШБ(і-1) - i-1 күнінің соңындағы инвестициялық портфель активтерінің шартты бірліктерінің саны;
Bi - i күні түскен сақтандыру сыйлықақысының жинақтаушы бөлігі;
СТi - i күні есептелген, инвестициялық портфель активтері есебінен сақтандыру төлемдері немесе төленетін сомалар (сақтандыру сыйлықақысының тәуекел бөлігінен қалыптасатын сақтандыру төлемдері немесе төленетін сомалары болып табылмайтын);
Қ(і-1) - i-1 күнінің соңындағы инвестициялық портфель активтерінің бір шартты бірлігінің құны.
21. Активтердің инвестициялық басқаруда болған бірінші күннің басындағы инвестициялық портфель активтерінің бір шартты бірлігінің құны (Қ0) 1 000 (бір мың) теңгеге тең болады.
Активтердің инвестициялық басқаруда болған бірінші күннің басындағы инвестициялық портфель активтерінің шартты бірліктерінің саны (ШБ0) 0 (нөлге) тең.
Активтердің инвестициялық басқаруда болған бірінші күннің басындағы инвестициялық портфель активтерінің ағымдағы құны (А0) 0 (нөлге) тең.
22. Алып тасталды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 20.10.2022 № 74 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.23. Алып тасталды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 20.10.2022 № 74 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
24. Сатып алынған бағалы қағаздарды есептік санаттардың (амортизацияланған құны, өзге жиынтық кіріс арқылы әділ құны, пайда немесе шығын арқылы әділ құны бойынша бағаланатын) біріне жатқызу сақтандыру ұйымының инвестициялық комитетінің және (немесе) инвестициялық портфельді басқарушының шешім негізінде қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес жүргізіледі.
25. Сақтанушылардың активтерін дербес басқаруды жүзеге асыратын сақтандыру ұйымының инвестициялық портфельді басқаруға лицензиясының қолданылуы тоқтатыла тұрған не тоқтатылған кезде сақтандыру ұйымы мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:
1) сақтанушылардың активтеріне қатысты:
уәкілетті органның тиісті хабарламасын алған (лицензияны ерікті түрде қайтару туралы шешім қабылдаған) күннен бастап екі жұмыс күні ішінде сақтанушының инвестицияларға қатысуы көзделетін сақтандыру шарттары жасалған сақтанушыларға жеке хабарлама жіберу және сақтанушыларға қолжетімді орындарда (бас офис пен филиалдардың үй-жайларында, сондай-ақ сақтандыру ұйымының интернет-ресурсында) тиісті хабарландырулар орналастыру жолымен бұл туралы хабарлайды;
уәкілетті органның тиісті хабарламасын алған (лицензияны ерікті түрде қайтару туралы шешім қабылдаған) күннен бастап екі жұмыс күні ішінде бұл туралы сақтанушылардың активтерін есепке алуды және сақтауды жүзеге асыратын кастодианға хабарлайды;
қорды инвестициялық портфельді басқарушыға осы қордың қағидаларына жаңа инвестициялық портфельді басқарушыны тағайындауға қатысы енгізілген, лицензияны қолдану тоқтатыла тұрған (лицензияны ерікті түрде қайтару туралы шешім қабылдаған) күннен бастап үш ай, егер көрсетілген мерзімде лицензияны қолдану жаңартылмаса (лицензияны ерікті түрде қайтару туралы шешімнің күші жойылмаса) не лицензиядан айырған күннен бастап екі ай ішінде күшіне енетін өзгерістердің негізінде береді, керісінше жағдайда, сақтанушылардың активтерін қордың қағидаларында белгіленген тәртіппен қайтарады және осындай қайтаруды жүзеге асырғаннан кейін әрбір сақтанушының инвестициялық сақтандыру шотын жабады;
барлық сақтанушының жазбаша келісімі болған кезде инвестициялық портфельді жаңа сақтандыру ұйымына береді не осындай келісім болмаған кезде осы қаулымен бекітілген Сақтандыру ұйымын ерікті, мәжбүрлеп тарату немесе ерікті түрде сақтандыру қызметін жүзеге асырмайтын заңды тұлғаға қайта ұйымдастыру жағдайларын қоса алғанда, сақтанушылардан инвестициялау мақсаттары үшін алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) және оларды инвестициялаудан алынған (жұмсалған) кірістердің (шығыстардың) бір бөлігі есебінен қалыптастырылған активтерді сақтанушының инвестицияларға қатысу талабын көздейтін сақтандыру шарттары бойынша сақтанушылар арасында бөлу ерекшеліктеріне (бұдан әрі – Ерекшеліктер) сәйкес сақтанушылардың активтерін инвестицияларға қатысумен шартта белгіленген тәртіппен қайтарады және осындай қайтаруды жүзеге асырғаннан кейін әрбір сақтанушының инвестициялық сақтандыру шотын жабады;
2) сақтандыру сыйлықақысының тәуекел бөлігіне қатысты – инвестицияларға қатысу шартында белгіленген іс-шаралар.
Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 20.10.2022 № 74 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.26. "Өмірді сақтандыру" саласы бойынша қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиясының қолданылуы тоқтатылған жағдайда, сақтандыру ұйымы мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:
1) сақтанушылардың активтеріне қатысты - Қағидалардың 25-тармағының 1) тармақшасында көзделген іс-шаралар;
2) сақтандыру сыйлықақысының тәуекел бөлігіне қатысты - сақтандыру ұйымының "өмірді сақтандыру" саласы бойынша қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиясының қолданылуын тоқтату тәртібін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген іс-шаралар.
Сақтандыру компаниясының "өмірді сақтандыру" саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензиясы тоқтатылған жағдайда және осы лицензияның қолданылуын тоқтату жөніндегі шаралар аясында жаңа сақтандыру ұйымына инвестицияларға қатысу шарттарын бермеген жағдайда, қорды әрі қарай инвестициялық басқару, егер инвестициялық портфельді басқарушыға берілген жағдайда, тек Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы және Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.
27. Қордың қызметін тоқтату Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы заңның 34, 35 және 36-баптарына сәйкес және Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы заңның 33-бабында белгіленген жағдайларда жүзеге асырылады.
28. Сақтандыру ұйымы активтер Қағидалардың 25-тармағына сәйкес сақтанушыларға қайтарылған жағдайда инвестициялық портфельдің активтерін сату, инвестициялық портфельдің кредиторларымен есеп айырысуды жүзеге асыру, инвестициялық портфельді таратуға байланысты шығыстарды төлеу және қалған ақшаны Ерекшеліктерге сәйкес сақтанушылардың арасында бөлу көзделетін инвестициялық портфельді тарату жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады.
Сақтанушылардың келісімі болған жағдайда сақтандыру ұйымы Қағидалардың 32-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген шығыстар төленгеннен кейін қалған ақшаны бөледі және сатылмаған активтерді Ерекшеліктерге сәйкес сақтанушылардың меншігіне береді.
Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 20.10.2022 № 74 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.29. Сақтандыру ұйымы инвестициялық портфельді тарату үшін негіз туындаған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде сақтанушыларға, уәкілетті органға, инвестициялық портфельдің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ұйымдарға, инвестициялық портфельдің кредиторларына және инвестициялық портфельдің активтерімен орындалмаған мәмілелердің тараптарына инвестициялық портфельді тарату туралы, осы рәсімді жүргізу талаптары мен тәртібі туралы хабарламаны жібереді.
Инвестициялық портфельді тарату туралы ақпарат көрсетілген тұлғаларға инвестициялық портфельдің инвестициялық декларациясында айқындалған тәртіппен және талаптармен жіберіледі.
Инвестициялық портфельдің активтері есебінен қанағаттандырылуға тиіс кредиторлардың талаптарын қою мерзімі оларды инвестициялық портфельді тарату туралы хабардар еткен күннен бастап кемінде бір ай болуға тиіс.
30. Сақтандыру ұйымы талаптары инвестициялық портфельдің активтері есебінен қанағаттандырылуға тиіс кредиторларды анықтау және инвестициялық портфельдің төленген, бірақ оның жұмыс істеу кезеңінде жеткізілмеген активтерін алу бойынша шаралар қабылдайды.
31. Инвестициялық портфельдің активтері есебінен қанағаттандырылуға тиіс кредиторлардың талаптарын қою мерзімі аяқталған соң және көрсетілген кредиторлармен есеп айырысу басталғанға дейін инвестициялық портфель активтерінің құрамы мен құны туралы, кредиторлар қойған талаптар туралы, инвестициялық портфельдің төленген, бірақ жеткізілмеген активтері туралы мәліметтерді, сондай-ақ көрсетілген мәліметтерді қарау нәтижелері және одан кейінгі іс-әрекеттер туралы есепті жасайды және уәкілетті органға жібереді.
32. Инвестициялық портфельдің активтерін сатудан алынған ақша мынадай тәртіппен бөлінеді:
1) бiрiншi кезекте инвестициялық портфельдің жұмыс iстеуiн қамтамасыз еткен үшiншi тұлғалардың және олардың алдындағы мiндеттемелер инвестициялық портфельді таратуға негіз туындағанға дейiн құралған өзге де кредиторлардың шығыстарын төлеу жүзеге асырылады;
2) екiншi кезекте сақтандыру ұйымын, инвестициялық портфельді басқарушы мен инвестициялық портфельдің кастодианын қоспағанда, инвестициялық портфельді тарату кезеңiнде оның активтерін сатуды қамтамасыз еткен тұлғалардың шығыстарын төлеу жүзеге асырылады;
3) үшiншi кезекте инвестициялық портфельді басқарушының, сақтандыру ұйымының, инвестициялық портфель кастодианының инвестициялық портфельді таратуға байланысты шығыстарын төлеу жүзеге асырылады;
4) төртiншi кезекте Ерекшеліктерге сәйкес активтерді сақтанушылардың арасында бөлу жүзеге асырылады.
Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 20.10.2022 № 74 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.33. Инвестициялық портфельді басқарушының инвестициялық портфельдi басқаруға берiлген лицензиясы қолданылуының тоқтатыла тұруына (одан айырылуына) немесе оның инвестициялық портфельді сенiмгерлiк басқаруды одан әрi жүзеге асырудан бас тартуына байланысты, сондай-ақ қор кастодианының кастодиандық қызметке берiлген лицензиясы қолданылуының тоқтатыла тұруына (одан айырылуына) немесе оның инвестициялық портфельдің активтерiн есепке алуды және сақтауды одан әрi жүзеге асырудан бас тартуына байланысты инвестициялық портфельді тарату кезiнде инвестициялық портфельді басқарушының немесе кастодианның қордың жұмыс iстеуiн тоқтату рәсiмiне байланысты шығыстары инвестициялық портфельдің активтерi есебiнен өтелмейдi.
34. Инвестициялық портфельді басқарушыға (сақтанушылардың активтерін инвестициялық портфельді басқарушыға инвестициялық басқаруға берген жағдайда), сақтандыру ұйымына (инвестициялық портфельді дербес басқарған жағдайда) және кастодианға берiлетiн сыйақыны қоса алғанда, инвестициялық портфельді таратуға байланысты шығыстар инвестициялық портфельдің активтерiн сату нәтижесінде алынған ақша сомасының бес пайызынан аспайтын мөлшерде инвестициялық портфельдің активтерi есебiнен өтеледi.
35. Есеп айырысулар аяқталғаннан кейiн күнтiзбелiк он төрт күн iшiнде сақтандыру ұйымы уәкілетті органға инвестициялық портфель кастодианының осы инвестициялық портфельдің барлық активтерiн бөлу туралы хабарламасын қоса бере отырып инвестициялық портфельді тарату туралы ақпаратты ұсынады.
36. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 10 қаулысымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 20 наурызда № 9248 болып тіркелген) бекітілген Инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметті жүзеге асыру қағидаларында және Қағидаларда реттелмеген бөлігінде сақтанушының инвестицияларында сақтанушының қатысу тәртібі мен ерекшеліктері сақтандыру ұйымының ішкі құжаттарына және сақтанушымен жасалған сақтанушының инвестицияларға қатысу тәртібін қарастыратын сақтандыру шарттарына сәйкес жүзеге асырылады.
3-тарау. Сақтанушының сақтандыру ұйымының пайдасына қатысуы
37. Пайдаға қатысу шарты сақтандыру ұйымы мен сақтанушы арасында жасалады.
38. Сақтандыру ұйымы пайдаға қатысу шартын жасасқанға дейін сақтанушыға (сақтанушының қалауы бойынша электрондық нысанда және (немесе) қағаз тасымалдағышта) танысу үшін:
1) Қағидалардың көшірмесін;
2) сақтандыру ұйымының пайданы бөлу талаптарын, тәртібін және мерзімін;
3) сақтандыру ұйымының сыйақы мөлшері туралы мәліметті (бар болса) ұсынады.
39. Сақтанушылар арасында бөлінетін сақтандыру ұйымының пайда мөлшері туралы шешім сақтандыру ұйымының директорлар кеңесімен қабылданады.
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 25 мамырдағы № 59 қаулысына 2-қосымша |
Сақтанушының инвестицияларға немесе сақтандырушының пайдасына қатысу талаптары көзделетін сақтандыру шартының мазмұнына қойылатын талаптар
1. Осы Сақтанушының инвестицияларға немесе сақтандырушының пайдасына қатысу талаптары көзделетін сақтандыру шартының мазмұнына қойылатын талаптар "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы, "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі, "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі, "Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы" 2004 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және сақтандыру ұйымы мен сақтанушының арасында жасалатын және сақтанушының инвестицияларға немесе сақтандырушының пайдасына қатысу талаптары көзделетін сақтандыру шартының мазмұнына қойылатын талаптарды белгілейді.
2. Сақтанушының инвестицияларға қатысу талаптарын көздейтін сақтандыру шартында 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (Ерекше бөлім) (бұдан әрі - Азаматтық кодекс) 826-бабының 1-тармағында көрсетілген мәліметтерден басқа мынадай мәліметтер қамтылады:
1) сақтандыру сыйлықақысының тәуекел және жинақтаушы бөліктерінің (сақтандыру жарналарының) мөлшерлері;
2) сақтандыру ұйымының және инвестициялық портфельді басқарушының (сақтанушылардың активтерін инвестициялық портфельді басқарушыға инвестициялық басқаруға берген жағдайда) сақтанушылардың активтерін инвестициялық басқарғаны үшін сыйақы алу мөлшері және тәртібі;
3) инвестициялық портфельді қалыптастыруға және жұмыс істеуін тоқтатуға байланысты сыйақылар мен шығыстардың түрлері, анықтау тәртібі және ең көп мөлшері, оларды инвестициялық портфельдің активтерінен төлеу шарттары мен тәртібі;
4) сақтандыру ұйымының сақтанушылардың активтерін басқару талаптары мен тәртібі;
5) инвестициялық портфельді басқарушының (инвестициялық портфельді шетелдік басқарушының) (сақтанушылардың активтерін инвестициялық портфельді басқарушыға инвестициялық басқаруға берген жағдайда) инвестициялық басқаруына сақтанушылардың активтерін беру талаптары мен тәртібі;
6) сақтанушының активтерін инвестициялау тәртібі мен объектілері;
7) сақтандыру ұйымы мен сақтанушының құқықтары, міндеттері және жауапкершілігі;
8) сақтандыру ұйымының инвестициялық портфельді қалыптастыру жөніндегі әрі қарай қызметті жүзеге асыра алмауына немесе бас тартуына байланысты жаңа сақтандыру ұйымына инвестициялық портфелі активтерін беру шарттары мен тәртібі;
9) инвестициялық портфельдің жұмыс істеуін тоқтату талаптары мен тәртібі;
10) сақтанушылардың активтерін дербес басқаруды жүзеге асыратын сақтандыру ұйымының инвестициялық портфельді басқаруға берілген лицензиясының қолданылуы тоқтатылған жағдайда, сақтандыру сыйлықақысының тәуекел бөлігіне қатысты іс-шаралар жүргізу тәртібі;
11) төленетін соманы айқындау тәртібі, сондай-ақ оны жүзеге асыру мерзімдері;
12) инвестициялық портфельдің шартты бірліктерін сатып алу шарттары мен тәртібі;
13) сақтанушының өтінішін ұсыну тәртібі.
3. Сақтанушының сақтандыру ұйымының пайдасына қатысу талаптарын көздейтін сақтандыру шартында Азаматтық кодекстің 826-бабының 1-тармағында көрсетілген мәліметтерден басқа мынадай мәліметтер қамтылады:
1) сақтандыру ұйымының пайданы бөлу талаптары, тәртібі және мерзімі;
2) сақтандыру ұйымы мен сақтанушының құқықтары, міндеттері және жауапкершілігі;
3) сақтандыру ұйымының сыйақы алу мөлшері және тәртібі (бар болса).
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 25 мамырдағы № 59 қаулысына 3-қосымша |
Сақтандыру ұйымының сақтанушының инвестицияларға қатысу талабын көздейтін сақтандыру шарттары бойынша сақтанушылардан инвестициялау мақсаттары үшін алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) бір бөлігі есебінен қалыптастырылған активтерді және оларды инвестициялаудан алынған (жұмсалған) кірістерді (шығыстарды) инвестициялық портфельді басқарушыға инвестициялық басқаруға беру талаптары мен қағидалары
Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 20.10.2022 № 74 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1. Осы Сақтандыру ұйымының сақтанушының инвестицияларға қатысу талабын көздейтін сақтандыру шарттары бойынша сақтанушылардан инвестициялау мақсаттары үшін алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) бір бөлігі есебінен қалыптастырылған активтерді және оларды инвестициялаудан алынған (жұмсалған) кірістерді (шығыстарды) инвестициялық портфельді басқарушыға инвестициялық басқаруға беру талаптары мен Қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Сақтандыру қызметі туралы", "Бағалы қағаздар рыногы туралы", "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы", "Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы" (бұдан әрі – Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы заң) Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және сақтандыру ұйымының сақтанушының инвестицияларға қатысу талабын көздейтін сақтандыру шарттары бойынша сақтанушылардан инвестициялау мақсаттары үшін алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) бір бөлігі есебінен қалыптастырылған активтерді және оларды инвестициялаудан алынған (жұмсалған) кірістерді (шығыстарды) инвестициялық портфельді басқарушыға инвестициялық басқаруға беру талаптарын және қағидаларын белгілейді.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 20.10.2022 № 74 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) инвестицияларға қатысу шарты – сақтандыру ұйымы мен сақтанушының арасында жасалатын және сақтанушының сақтандыру сыйлықақысы (сақтандыру жарналары) тәуекел және жинақтаушы бөліктерден тұратын инвестицияларға қатысу талаптарын көздейтін сақтандыру шарты;
2) сақтанушылардың активтері – сақтанушының инвестицияларға қатысу талабы көзделетін сақтандыру шарттары бойынша инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) және оларды инвестициялаудан алынған (жұмсалған) кірістердің (шығыстардың) бір бөлігі есебінен қалыптастырылатын активтер;
3) инвестициялық портфельді басқарушы – сақтандыру ұйымы болып табылмайтын, бағалы қағаздар нарығында инвестициялық портфельді басқару қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы;
4) сақтанушының өтініші – сақтанушы қол қойған және сақтанушы активтерін инвестициялау үшін таңдаған қорлардың және (немесе) басқарушылар қорларының және (немесе) инвестициялық портфельдердің атауы және өзге де түрлерін қамтитын сақтанушының инвестицияларға қатысу шартының ажырамас бөлігі болып табылатын өтініші;
5) сақтандыру сыйлықақысының жинақтаушы бөлігі – инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушының инвестицияларға қатысуды көздейтін сақтандыру шарттары бойынша сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) бөлігі;
6) қор – Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы заңға сәйкес жабық инвестициялық пай қоры болып табылмайтын және бағалы қағаздар нарығында инвестициялық портфельді басқару бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар сақтандыру ұйымы сақтанушылардың активтері есебінен құрған инвестициялық пай қоры;
7) басқарушы қоры – жабық инвестициялық пай қоры болып табылмайтын, Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы заңға сәйкес инвестициялық портфельді басқарушы құрған инвестициялық пай қоры;
8) инвестициялық портфель – сақтанушылардың активтері есебінен сатып алынған және инвестициялық қор активтерінің құрамына кірмейтін қаржы құралдарының әр түрлерінің жиынтығы.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 20.10.2022 № 74 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.3. Сақтандыру ұйымы сақтандыру сыйлықақысының жинақтаушы бөлігі инвестициялық портфельді басқарушының инвестициялық басқаруына беруі Қағидалардың 4 және 5-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.
Сақтанушының активтері сақтандыру ұйымына берілген оның өтінішінде көрсетілген басқарушы қорына және (немесе) инвестициялық портфельге инвестициялануға тиіс.
4. Сақтандыру сыйлықақысының жинақтаушы бөлігін басқарушы қорға инвестициялау мақсаттары үшін сақтандыру ұйымы талабы сақтанушының өтінішінде көрсетілген басқарушы қорының қағидаларында айқындалатын қосылу шарты болып табылатын сенiмгерлiк басқару шартына қосылады.
5. Сақтандыру сыйлықақысының жинақтаушы бөлігін инвестициялық портфельге инвестициялау мақсаттары үшін сақтандыру ұйымы инвестицияларға қатысу шартының және сақтанушының өтініші негізінде инвестициялық портфельді басқарушысымен сенімгерлік басқару шартын жасайды және инвестициялық портфельді басқарушысына сақтандыру сыйлықақысының жинақтаушы бөлігін инвестициялық басқаруға береді.
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің 2020 жылғы 25 мамырдағы № 59 қаулысына 4-қосымша |
Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының сақтанушының инвестицияларға немесе сақтандырушының пайдасына қатысу талабы көзделетін сақтандыру шартын жасау қағидалары мен ерекшеліктері, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған (жұмсалған) кірістер (шығыстар) есебінен қалыптастырылған активтерді Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің бағалы қағаздар нарығында инвестициялық портфельді басқару қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымына инвестициялық басқаруға беру талаптары мен қағидалары
Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 20.10.2022 № 74 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Ескерту. 4-қосымшамен толықтырылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.02.2021 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының сақтанушының инвестицияларға немесе сақтандырушының пайдасына қатысу талабы көзделетін сақтандыру шартын жасау қағидалары мен ерекшеліктері, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған (жұмсалған) кірістер (шығыстар) есебінен қалыптастырылған активтерді Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің бағалы қағаздар нарығында инвестициялық портфельді басқару қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымына инвестициялық басқаруға беру талаптары мен қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының сақтанушының инвестицияларға немесе сақтандырушының пайдасына қатысу талабы көзделетін сақтандыру шартын жасау қағидаларын және ерекшеліктерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған (жұмсалған) кірістер (шығыстар) есебінен қалыптастырылған активтерді Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің бағалы қағаздар нарығында инвестициялық портфельді басқару қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымына инвестициялық басқаруға беру талаптарын және тәртібін белгілейді.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 20.10.2022 № 74 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) инвестицияларға қатысу шарты – Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалы мен сақтанушының арасында жасалатын және сақтанушының сақтандыру сыйлықақысы (сақтандыру жарналары) тәуекел және жинақтаушы бөліктерден тұрған (тұратын) инвестицияларға қатысу талаптарын көздейтін сақтандыру шарты;
2) пайдаға қатысу шарты – Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалы мен сақтанушының арасында жасалатын және сақтанушының Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының пайдасына қатысу талаптары көзделетін сақтандыру шарты, ол бойынша төлем аяқталған қаржы жылының қорытындысы бойынша есептеледі;
3) сақтандыру ұйымы – Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің бағалы қағаздар нарығында инвестициялық портфельді басқару қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының бас ұйымы болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы;
4) инвестициялық декларация – инвестициялау объектілерінің тізбесін, сақтанушылардың активтеріне қатысты инвестициялық қызметтің мақсаттарын, стратегиясын, талаптары мен шектеулерін, сақтанушылардың активтерін хеджирлеу мен әртараптандыру талаптарын анықтайтын құжат;
5) инвестициялық портфель – сақтанушылардың активтері есебінен сатып алынған, қаржы құралдары түрлерінің жиынтығы;
6) инвестициялық тәуекел – сақтанушылардың активтерін инвестициялаумен байланысты тәуекел;
7) сақтандыру сыйлықақысының жинақтаушы бөлігі – инвестициялау мақсаттары үшін инвестицияларға қатысуды көздейтін сақтандыру шарттары бойынша сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) бөлігі;
8) сақтандыру сыйлықақысының тәуекел бөлігі – сақтандыру сыйлықақысының (сақтандыру жарналарының) сақтандыру жағдайының басталу тәуекелін, сақтандыру ұйымының әкімшілік шығыстарын өтейтін бөлігі;
9) сақтанушылардың активтері – сақтанушының инвестицияларға қатысу талабы көзделетін сақтандыру шарттары бойынша инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) және оларды инвестициялаудан алынған (жұмсалған) кірістердің (шығыстардың) бөлігі есебінен қалыптастырылатын активтер;
10) сақтанушының өтініші – сақтанушы қол қойған және сақтанушы активтерін инвестициялау үшін таңдаған инвестициялық портфельдердің атауы және өзге де түрлерін қамтитын инвестицияларға қатысу шартының ажырамас бөлігі болып табылатын өтініші.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 20.10.2022 № 74 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2-тарау. Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының сақтанушының инвестицияларға немесе сақтандырушының пайдасына қатысу талабы көзделетін сақтандыру шартын жасау қағидалары мен ерекшеліктері.
3. Инвестицияларға немесе пайдаға қатысу шартын сақтандыру ұйымы атынан Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалы әрбір сақтанушымен жеке жасайды.
Сақтанушының активтерін инвестициялаумен байланысты инвестициялық тәуекелдерді сақтанушы көтереді.
4. Инвестицияларға қатысу шарттарын жасаған кезде Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалы сақтандыру сыйлықақысының жинақтаушы бөлігін сақтандыру ұйымының инвестициялық басқаруына береді.
5. Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалы инвестицияларға немесе пайдаға қатысу шартын жасасқанға дейін сақтанушыға (сақтанушының қалауы бойынша электрондық нысанда және (немесе) қағаз тасымалдағышта) танысу үшін:
1) Заңның 11-1-бабында көзделген Сақтандыру қағидаларының (бұдан әрі – Сақтандыру қағидалары) көшірмесін;
2) сақтандыру ұйымы туралы мәлімет (инвестицияларға қатысумен шарт жасалған жағдайда);
3) инвестицияларға немесе пайдаға қатысумен сақтандыру шартын жасауға, сондай-ақ сақтандырушылардың активтерін инвестициялық басқарғаны үшін тараптардың сыйақы алу мөлшері туралы мәліметті (олар бар болса);
4) сақтандыру ұйымының пайданы бөлу талаптарын, тәртібін және мерзімін (пайдаға қатысумен шарт жасалған жағдайда);
5) сақтандыру ұйымының инвестициялық декларацияларының көшірмелерін жіібереді, олардың негізінде портфельдер (инвестицияларға қатысу шартын жасаған кезде) құрылады.
6. Инвестицияларға қатысу шарты 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (Ерекше бөлім) (бұдан әрі – Азаматтық кодекс) 826-бабының 1-тармағында көрсетілген мәліметтерден басқа мынадай мәліметтерді қамтиды:
1) сақтандыру сыйлықақысының тәуекел және жинақтаушы бөліктерінің (сақтандыру жарналарының) мөлшерлері;
2) сақтандыру ұйымының сақтанушылардың активтерін инвестициялық басқарғаны үшін сыйақы алу мөлшері және тәртібі;
3) инвестициялық портфельді қалыптастыруға және жұмыс істеуін тоқтатуға байланысты сыйақылар мен шығыстардың түрлері, анықтау тәртібі және ең көп мөлшері, оларды инвестициялық портфельдің активтерінен төлеу шарттары мен тәртібі;
4) сақтандыру ұйымының сақтанушылардың активтерін басқару талаптары мен тәртібі;
5) сақтанушылардың активтерін сақтандыру ұйымының инвестициялық басқаруына беру талаптары мен тәртібі;
6)сақтанушының активтерін инвестициялау тәртібі мен объектілері;
7) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының, сақтандыру ұйымы мен сақтанушының құқықтары, міндеттері және жауапкершілігі;
8) сақтандыру ұйымының инвестициялық портфельді қалыптастыру жөніндегі әрі қарай қызметті жүзеге асыра алмауына немесе бас тартуына байланысты сақтанушыға инвестициялық портфелі активтерін беру шарттары мен тәртібі;
9) инвестициялық портфельдің жұмыс істеуін тоқтату талаптары мен тәртібі;
10) сақтандыу ұйымының инвестициялық портфельді басқаруға және (немесе) сақтандыру қызметін жүзеге асыруға лицензиясының қолданысы тоқтатылған, сондай-ақ қызметті тоқтатылған және (немесе) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының сақтандыру қызметін жүзеге асыруға берілген лицензияның қолданылуы тоқтатылған жағдайда сақтандыру сыйлықақысының тәуекел бөлігіне қатысты іс-шаралар жүргізу тәртібі;
11) төленетін соманы айқындау тәртібі, сондай-ақ оны жүзеге асыру мерзімдері;
12) сақтанушының өтінішін ұсыну тәртібі.
7. Сақтанушының сақтандыру ұйымының пайдасына қатысу талаптарын көздейтін сақтандыру шартында Азаматтық кодекстің 826-бабының 1-тармағында көрсетілген мәліметтерден басқа мынадай мәліметтер қамтылады:
1) сақтандыру ұйымының пайданы бөлу талаптары, тәртібі және мерзімі;
2) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының, сақтандыру ұйымы мен сақтанушының құқықтары, міндеттері және жауапкершілігі;
3) сақтандыру ұйымының сыйақы алу мөлшері және тәртібі (ол бар болса).
3-тарау. Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған (жұмсалған) кірістер (шығыстар) есебінен қалыптастырылған активтерді Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің бағалы қағаздар нарығында инвестициялық портфельді басқару қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымына инвестициялық басқаруға беру талаптары мен қағидалары.
Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 20.10.2022 № 74 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
8. Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының сақтандыру сыйлықақысының (сақтандыру жарнасының) жинақтаушы бөлігін сақтандыру ұйымына инвестициялық басқаруға беруі Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалын сақтандыру қағидаларында (бұдан әрі – Сақтандыру қағидалары) белгіленген талаптарда және тәртіппен жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының сақтандыру сыйлықақысының (сақтандыру жарнасының) жинақтаушы бөлігін сақтандыру ұйымына инвестициялық басқаруға беру талаптары мен тәртібі Қағидаларда және Сақтандыру қағидаларында реттелмеген бөлігінде сақтанушымен жасалған инвестицияларға қатысу шартына сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 20.10.2022 № 74 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 25 мамырдағы № 59 қаулысына 5-қосымша |
Сақтанушының инвестицияларға қатысу талабын көздейтін сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру ұйымын ерікті, мәжбүрлеп тарату немесе ерікті түрде сақтандыру қызметін жүзеге асырмайтын заңды тұлғаға қайта ұйымдастыру жағдайларын қоса алғанда, сақтанушылар арасында сақтанушылардан инвестициялау мақсаттары үшін алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) және оларды инвестициялаудан алынған (шеккен) кірістердің (шығыстардың) бір бөлігі есебінен қалыптастырылған активтерді бөлу ерекшеліктері
Ескерту. Бұйрық 5-қосымшамен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 20.10.2022 № 74 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1. Осы Сақтанушының инвестицияларға қатысу талабын көздейтін сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру ұйымын ерікті, мәжбүрлеп тарату немесе ерікті түрде сақтандыру қызметін жүзеге асырмайтын заңды тұлғаға қайта ұйымдастыру жағдайларын қоса алғанда, сақтанушылар арасында сақтанушылардан инвестициялау мақсаттары үшін алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) және оларды инвестициялаудан алынған (шеккен) кірістердің (шығыстардың) бір бөлігі есебінен қалыптастырылған активтерді бөлу ерекшеліктері (бұдан әрі - Ерекшеліктер) "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабының 5-3-тармағына, "Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы" (бұдан әрі – Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы заң), "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және Сақтанушының инвестицияларға қатысу талабын көздейтін сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру ұйымын ерікті, мәжбүрлеп тарату немесе ерікті түрде сақтандыру қызметін жүзеге асырмайтын заңды тұлғаға қайта ұйымдастыру жағдайларын қоса алғанда, сақтанушылар арасында сақтанушылардан инвестициялау мақсаттары үшін алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) және оларды инвестициялаудан алынған (шеккен) кірістердің (шығыстардың) бір бөлігі есебінен қалыптастырылған активтерді бөлу ерекшеліктерін айқындайды.
Ерекшеліктер:
"өмірді сақтандыру" саласы бойынша лицензиясы бар, сақтанушының инвестицияларға қатысу шартын көздейтін сақтандыру шарттарын жасасуды жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарына;
бағалы қағаздар нарығында инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдарға қолданылады.
1-тарау. Жалпы ережелер
2. Ерекшеліктер үшін келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) инвестицияларға қатысу шарты – сақтандыру ұйымы мен сақтанушы арасында жасалатын және сақтандыру сыйлықақысы (сақтандыру жарналары) тәуекелден және жинақтаушы бөліктерден тұратын сақтанушының инвестицияларға қатысу талабын көздейтін сақтандыру шарты;
2) инвестициялық портфель – сақтанушылардың активтері есебінен сатып алынған және инвестициялық қор активтерінің құрамына кірмейтін қаржы құралдарының әр түрлерінің жиынтығы;
3) инвестициялық портфельді басқарушы – бағалы қағаздар нарығында инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар, сақтандыру ұйымы болып табылмайтын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы;
4) инвестициялық портфельді басқарушы құрған инвестициялық қор (бұдан әрі – басқарушының қоры) – инвестициялық портфельді басқарушы Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы заңға сәйкес құрған, жабық инвестициялық пай қоры болып табылмайтын инвестициялық пай қоры;
5) пай – Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы заңда белгіленген жағдайда қордың (басқарушы қордың) активтерін және (немесе) өзге де мүлікті өткізуден алынған ақшаны оның жұмыс істеуі тоқтатылған кезде алу құқығын, сондай-ақ Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы заңда айқындалған инвестициялық пай қорлары қызметінің ерекшеліктеріне байланысты өзге де құқықтарды растайтын, құжатсыз нысандағы атаулы эмиссиялық бағалы қағаз;
6) сақтандыру ұйымының инвестициялық қоры (бұдан әрі – қор) – Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы заңға сәйкес жабық инвестициялық пай қоры болып табылмайтын және бағалы қағаздар нарығында инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы (бұдан әрі – инвестициялық портфельді басқаруға лицензия) бар сақтандыру ұйымы сақтанушылардың активтері есебінен құрған инвестициялық пай қоры;
7) сақтанушылардың активтері – сақтанушының инвестицияларға қатысу талабы көзделетін сақтандыру шарттары бойынша инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) және оларды инвестициялаудан алынған кірістердің (шығыстардың) бөлігі есебінен қалыптастырылатын активтер.
3. Сақтанушылардың активтері сақтанушылар арасында:
1) сақтанушылардың активтерін дербес басқаруды жүзеге асыратын сақтандыру ұйымының бағалы қағаздар нарығындағы инвестициялық портфельді басқаруға лицензиясының қолданысы үш айдан астам мерзімге тоқтатыла тұрған және көрсетілген мерзімде қор жаңа инвестициялық портфельді басқарушыға және (немесе) инвестициялық портфель жаңа сақтандыру ұйымына берілмеген;
2) сақтанушылардың активтерін дербес басқаруды жүзеге асыратын сақтандыру ұйымының бағалы қағаздар нарығындағы инвестициялық портфельді басқаруға лицензиясының қолданылуы тоқтатылған және екі ай ішінде қор жаңа инвестициялық басқарушыға және (немесе) инвестициялық портфель жаңа сақтандыру ұйымына берілмеген;
3) "өмірді сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру ұйымы лицензиясының қолданылуы тоқтатылған және қор жаңа инвестициялық портфельді басқарушыға және (немесе) инвестициялық портфель жаңа сақтандыру ұйымына берілмеген жағдайда бөлінуге жатады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген негіздерден басқа, қордың жұмыс істеуін тоқтату, оның ішінде Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы заңда көзделген негіздер бойынша тоқтату сақтанушылардың активтерін сақтанушылар арасында бөлу үшін негіз болып табылады.
4. Сақтанушылардың активтерін сақтанушылар арасында бөлуді сақтандыру ұйымы жүзеге асырады.
Сақтанушылардың активтерін инвестициялық портфельді басқарушыға беру кезінде сақтанушылардың активтерін бөлуді сақтандыру ұйымы инвестициялық портфельді басқарушымен бірлесіп, сақтандыру ұйымы мен инвестициялық портфельді басқарушының арасында жасалған шартта көзделген тәртіппен және шарттарда жүзеге асыруға тиіс.
Егер лицензияның тоқтатылуы сақтандыру ұйымының "өмірді сақтандыру" саласы бойынша қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясынан айыруға байланысты болса, сақтанушылардың активтерін сақтанушылар арасында бөлуді уақытша әкімшілік инвестициялық портфельді басқарушымен бірлесіп жүзеге асырады (сақтанушылардың активтерін инвестициялық портфельді басқарушыға инвестициялық басқаруға берген кезде).
5. Сақтанушыларға ақша төлеу ақша сомасын сақтанушының банк шотына аудару арқылы жүзеге асырылады.
6. Ерекшеліктерде реттелмеген бөлігінде сақтанушылардың активтерін сақтанушылар арасында бөлу тәртібі инвестициялық портфельдің инвестициялық декларациясында белгіленеді.
2-тарау. Сақтандыру ұйымы сақтанушылардың активтерін дербес басқарған кезде сақтанушылардың активтерін сақтанушылар арасында бөлу
7. Егер қорды жаңа инвестициялық портфельді басқарушыға беру жүзеге асырылмаса, сақтандыру ұйымы қорды тоқтату және сақтанушылардың активтерін сақтанушылар арасында бөлу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады.
Сақтанушылардың активтерін сақтанушылар арасында бөлу ағымдағы құны инвестициялау мақсаттарында сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) бөлігі есебінен қалыптастырылған активтердің және оларды инвестициялаудан алынған (шеккен) кірістердің (шығыстардың) құнын айқындау қағидаларында, талаптарында және әдістемесінде, сақтанушының осы қаулымен бекітілген инвестицияларға қатысу талабын көздейтін сақтандыру шарттары бойынша айқындалатын сақтандырушылар активтерінің қордағы үлестеріне теңбе-тең түрде жүзеге асырылады (бұдан әрі – Құнды айқындау қағидалары).
8. Ерекшеліктердің 7-тармағының мақсатында сақтандыру ұйымы қордың активтерін сату жөніндегі іс-шараларды, сондай-ақ қордың кредиторларымен есеп айырысуларды жүзеге асырады, қордың жұмыс істеуін тоқтатуға байланысты шығыстарды төлейді және қалған ақшаны Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы заңның талаптарына және қордың қағидаларына сәйкес сақтанушылар арасында бөледі.
9. Егер инвестициялық портфельді жаңа сақтандыру ұйымына беру жүзеге асырылмаса:
1) инвестициялық портфелі бірнеше сақтанушының активтерінен тұратын сақтандыру ұйымы инвестициялық портфельдің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге байланысты шығыстарды төлегеннен кейін қалған ақшаны инвестициялық портфельдегі активтерінің үлестеріне теңбе-тең түрде бөлу арқылы сақтанушылардың активтерін сақтанушылар арасында бөлу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады;
2) инвестициялық портфелі бір сақтанушының активтерінен тұратын сақтандыру ұйымы инвестициялық портфельдің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге байланысты шығыстарды төлегеннен кейін қалған ақшаны сақтанушыға қайтару жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады.
3-тарау. Сақтанушылардың активтерін инвестициялық портфельді басқарушыға инвестициялық басқаруға беру кезінде сақтанушылардың активтерін сақтанушылардың арасында бөлу
10. Осы тараудың мақсаттары үшін инвестициялық портфельді басқарушы Ерекшеліктердің 4-тармағының екінші бөлігінде көзделген шарттың негізінде әрекет етеді.
11. Егер қорды жаңа инвестициялық портфельді басқарушыға беру жүзеге асырылмаса, инвестициялық портфельді басқарушы қордың жұмыс істеуін тоқтату және сақтанушылардың активтерін сақтанушылар арасында бөлу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады.
Сақтанушылардың активтерін сақтанушылар арасында бөлу ағымдағы құны Құнды айқындау қағидаларында айқындалатын сақтанушылар активтерінің қордағы үлесіне теңбе-тең жүзеге асырылады.
12. Ерекшеліктердің 11-тармағының мақсатында инвестициялық портфельді басқарушы қордың активтерін сату жөніндегі іс-шараларды, сондай-ақ қордың кредиторларымен есеп айырысуларды жүзеге асырады, қордың жұмыс істеуін тоқтатуға байланысты шығыстарды төлейді және қалған ақшаны Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы заңның талаптарына және қордың қағидаларына сәйкес сақтанушылар арасында бөледі.
13. Егер инвестициялық портфельді жаңа сақтандыру ұйымына беру жүзеге асырылмаса:
1) инвестициялық портфелі бірнеше сақтанушының активтерінен тұратын инвестициялық портфельді басқарушы инвестициялық портфельдің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге байланысты шығыстарды төлегеннен кейін қалған ақшаны олардың инвестициялық портфельдегі активтерінің үлесіне теңбе-тең бөлу арқылы сақтанушылардың активтерін сақтанушылар арасында бөлу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады;
2) инвестициялық портфелі бір сақтанушының активтерінен тұратын инвестициялық портфельді басқарушы инвестициялық портфельдің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге байланысты шығыстарды төлегеннен кейін қалған ақшаны сақтанушыға қайтару жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 25 мамырдағы № 59 қаулысына 6-қосымша |
Инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) бір бөлігі және сақтанушының инвестицияларға қатысу талабын көздейтін сақтандыру шарты бойынша оларды инвестициялаудан алынған кірістер (шығыстар) есебінен қалыптастырылған активтердің құнын айқындау қағидалары, талаптары және әдістемесі
Ескерту. Бұйрық 6-қосымшамен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 20.10.2022 № 74 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1. Осы Инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) бір бөлігі және сақтанушының инвестицияларға қатысу талабын көздейтін сақтандыру шарты бойынша оларды инвестициялаудан алынған кірістер (шығыстар) есебінен қалыптастырылған активтердің құнын айқындау қағидалары, талаптары және әдістемесі (бұдан әрі – Қағидалар) "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 5-2-тармағына, "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы", "Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына (бұдан әрі – Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы заң) сәйкес әзірленді және инвестициялық мақсаттар үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру сыйлықақыларының) бір бөлігінен алынған активтердің құнын және алынған кірістерді (шығыстарды) айқындаудың талаптарын, әдістемесін және тәртібін белгілейді.
1-тарау. Жалпы ережелер
2. Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
1) инвестициялық декларация – инвестициялау объектілерінің тізбесін, сақтанушылардың активтеріне қатысты инвестициялық қызметтің мақсаттары, стратегиялары, талаптары мен шектеулерін, сақтанушылардың активтерін хеджирлеу және әртараптандыру шарттарын анықтайтын құжат;
2) инвестициялық портфель – сақтанушылардың активтері есебінен сатып алынған және инвестициялық қор активтерінің құрамына кірмейтін қаржы құралдарының әртүрлі түрлерінің жиынтығы;
3) инвестициялық портфельді басқарушы – сақтандыру ұйымы болып табылмайтын, бағалы қағаздар нарығында инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушысы;
4) инвестициялық портфельді басқарушы құрған инвестициялық қор (бұдан әрі – басқарушы қоры) – инвестициялық портфельді басқарушы Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы заңға сәйкес құрған, жабық инвестициялық пай қоры болып табылмайтын инвестициялық пай қоры;
5) пай – оның жұмыс істеуі тоқтатылатын кезде Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы заңда белгіленген жағдайда меншік иесінің қордағы (басқарушы қорындағы) үлесін, қордың (басқарушы қорының) активтерін және (немесе) өзге де мүлкін сатудан алынған ақшаны алу құқығын, сондай-ақ Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы заңда айқындалған инвестициялық пай қорлары қызметінің ерекшеліктеріне байланысты өзге де құқықтарды растайтын құжаттамалық емес шығарылым нысанындағы атаулы эмиссиялық бағалы қағаз;
6) сақтандыру ұйымының инвестициялық қоры (бұдан әрі – қор) – Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы заңға сәйкес жабық инвестициялық пай қоры болып табылмайтын және бағалы қағаздар нарығында инвестициялық портфельді басқару қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар сақтандыру ұйымы сақтанушылардың активтері есебінен құрған инвестициялық пай қоры;
7) сақтанушылардың активтері – инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) бір бөлігі және сақтанушының инвестицияларға қатысу талабын көздейтін сақтандыру шарттары бойынша оларды инвестициялаудан алынған кірістер (шығыстар) есебінен құрылатын активтер;
8) шартты бірлік – инвестициялық портфельдің активтерін инвестициялық басқару нәтижесінде активтердің өзгеруін сипаттау үшін қолданылатын, инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) бір бөлігі және сақтанушының инвестицияларға қатысу талабын көздейтін сақтандыру шарттары бойынша оларды инвестициялаудан алынған кірістер (шығыстар) есебінен құрылған инвестициялық портфель активтерінің үлестік шамасы.
3. Сақтанушылар активтерінің құнын айқындауды бағалы қағаздар нарығында инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар сақтандыру ұйымы (бұдан әрі – сақтандыру ұйымы) немесе инвестициялық портфельді басқарушы (сақтанушылардың активтерін инвестициялық портфельді басқарушыға инвестициялық басқаруға берген кезде) және кастодиан өздері олардың қызмет етуін қамтамасыз ететін әрбір қор, басқарушы қоры және инвестициялық портфель бойынша бөлек-бөлек жүзеге асырады.
Қор мен басқарушы қоры активтерінің құнын айқындау Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы № 259 қаулысымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3124 нөмірімен тіркелген "Инвестициялық қор активтерінің, инвестициялық қордың таза активтерінің құнын, инвестициялық пай қоры пайының есептiк құнын және акционерлiк инвестициялық қор акциясын сатып алу бағасын айқындау қағидалары, талаптары мен әдістемесіне сәйкес жүзеге асырылады.
2-тарау. Инвестициялық портфель активтерінің құнын айқындау тәртібі мен талаптары
4. Сақтандыру ұйымы немесе инвестициялық портфельді басқарушы (сақтанушылардың активтері инвестициялық портфельді басқарушыға инвестициялық басқаруға берілген кезде) және инвестициялық портфельдің кастодианы мына талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді:
1) инвестициялық портфель активтерінің құрылымы:
инвестициялық портфельдің бағалы қағаздары үшін төлем ретінде алынған активтер;
алынған кіріс, оның ішінде дивидендтер түріндегі түсімдер, қаржы құралдары бойынша сыйақы, сондай-ақ инвестициялық портфель активтерімен жасалған операциялардан алынған кірістерді;
есептелген кірістер, оның ішінде қаржы құралдары бойынша сыйақы, инвестициялық портфель активтерін қайта бағалау құнының өсімі бойынша көрсетіледі;
2) инвестициялық портфельдің активтері есебінен өтелетін және инвестициялық портфельдің жұмысын қамтамасыз ететін тұлғаларға төленген шығыстар:
инвестициялық портфельдің бағалы қағаздары үшін төлем ретінде алынған активтер;
инвестициялық кіріс есебінен өтелетін шығыстарды бөлінеді.
5. Инвестициялық портфельдің шоттарымен операцияларды жүзеге асыру кезінде мыналар көрсетіледі:
1) валютаның түрі;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шығарылған немесе Қазақстан Республикасының аумағындағы инвестициялық портфельдің активтері және Қазақстан Республикасынан басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған немесе олардың аумағындағы инвестициялық портфельдің активтері;
3) қаржы құралдарының түрлері мен айналыс (қолданыс) мерзімдері;
4) бағалы қағаздар эмитенттері (бағалы қағаздардың сәйкестендіру нөмірлері), банктік салым шарттары жасалған банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары, инвестициялық портфель активтерінің құрамына сатып алынған қаржы құралдарын шығарған адамдар;
5) инвестициялық портфель активтерінің құрамына енгізілген қаржы құралдарының саны;
6) инвестициялық портфель активінің соңғы ағымдағы құны және оның номиналды құны (борыштық бағалы қағаздар үшін) немесе баланстық құны (акциялар үшін);
7) инвестициялық портфель активін сатып алу күні және оның сатып алу құны;
8) есептелген кірістің, оның ішінде қаржы құралдары бойынша сыйақының сомасы.
6. Инвестициялық портфель активтерінің құны шартты бірліктерді сатып алу күнінің алдындағы жұмыс күнінің соңына оның жұмыс істеуінің барлық кезеңі ішінде, сондай-ақ:
1) инвестициялық портфельдің жұмыс істеуі тоқтаған кезде – оның жұмыс істеуінің тоқтауына негіз туындаған күнгі;
2) инвестициялық портфельдің инвестициялық декларациясына сәйкес өзге жағдайларда айқындалады.
7. Инвестициялық портфель активтерінің құрамында қаржы құралын тану, сондай-ақ қаржы құралын есептен шығару мәмілені кастодианның немесе орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде тіркеу күніне жүзеге асырылады.
8. Инвестициялық портфельдің активтерін құрайтын және қор биржасының тізіміне кіретін қаржы құралы ол тізіміне кіретін қор биржасының бағалы қағаздарын бағалау әдістемесіне сәйкес нарықтық құны бойынша не Bloomberg (Блумберг) немесе Reuters (Рейтер) ақпараттық-талдау жүйелерінің деректері бойынша бағаланады.
Қазақстан Республикасынан басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған қаржы құралдары Bloomberg (Блумберг) немесе Reuters (Рейтер) ақпараттық-талдау жүйелерінің деректері бойынша бағалау жүргізілетін сауда күнін жабу бағасы бойынша жұмыс күнінің соңына бағаланады.
Айқындау өлшемшарттары қор биржасының бағалы қағаздарын бағалау әдістемесінде белгіленген Қазақстан Республикасының резидент-ұйымдарының өтімді емес борыштық бағалы қағаздары қор биржасының ресми интернет-ресурсында жарияланған әділ құн бойынша ескеріледі.
Қор биржасының бағалы қағаздарды бағалау әдістемесінде және Қағидаларда бағасы көзделмеген борыштық бағалы қағаздардың әділ құны ағымдағы аптаның бірінші жұмыс күнінің соңында апта сайын амортизацияланған құны бойынша есепке алу арқылы айқындалады.
9. Қазақстан Республикасының резидент емес эмитенттерінің Қазақстан Республикасының аумағында айналысқа түсетін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің осы бағалы қағаздардың эмитентімен жасалған келісімдер шеңберінде Қазақстан Республикасынан басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған борыштық бағалы қағаздардың бағалануы сатып алу құны бойынша жүзеге асырылады.
3-тарау. Инвестициялық портфель активтерінің құнын айқындау әдістемесі
10. Сақтандыру ұйымы немесе инвестициялық портфельді басқарушы (сақтанушылардың активтерін инвестициялық портфельді басқарушыға инвестициялық басқаруға берген кезде) эмитенттің қаржы құралдары бойынша міндеттемелерін орындамауы немесе тиісінше орындамауы салдарынан құнын жоғалтқан кезде осы активтердің құнсыздануымен (арзандауымен) байланысты ай сайын инвестициялық портфельдің активтерін құрайтын қаржы құралдарының құнсыздануына тест жүргізеді және құнсызданудың қажетті мөлшерін қалыптастырады немесе құнын кері түзетуді жүзеге асырады.
Инвестициялық портфельдің активтерін құрайтын барлық қаржы құралы құнсыздануына тестілеуге жатады.
Қаржы құралдарының құнсыздануы және құнын төмендету құнсыздандыру әдістемесіне (бұдан әрі – Әдістеме) сәйкес жүзеге асырылады.
11. Құнсызданудың немесе құнын төмендетудің өлшемшарттары мыналар болып табылады:
1) эмитенттің қаржылық жай-күйі;
2) кез келген төлемдердің өтеу мерзімін өткізу;
3) кепілдіктердің болуы;
4) қор биржасы айқындайтын өтімділік көрсеткіші;
5) рейтингтің болуы.
Акциялардың құнсыздануына немесе құнының төмендетілуіне тестілеу жүргізу кезінде осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген өлшемшарттар қолданылады.
Борыштық бағалы қағаздардың құнсыздануына немесе құнының төмендетілуіне тестілеу жүргізу кезінде осы тармақтың бірінші бөлігінің 4) тармақшасында көрсетілген өлшемшарт қолданылмайды.
Әрбір өлшемшарт бойынша Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес балл беріледі. Баллдар сомасы бағалы қағаздардың жіктеу санатын анықтаған кезде қолданылады. Актив бойынша алған баллдар санына қарай оның жіктеу санаты және Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес қажетті құнсыздану мөлшері белгіленеді.
12. Эмитенттің қаржылық жай-күйі, қаржылық жай-күйін бағалау тәртібін, әдісін, тәсілдерін, қажетті құжаттар тізбесін және эмитенттің қаржылық жай-күйін анықтауға мүмкіндік беретін өзге де қабылдауға болатын ақпаратты қамтитын Әдістемеге сәйкес бағаланады. Әдістеме сақтандыру ұйымының немесе басқарушы компанияның басқару органымен бекітіледі (сақтанушылардың активтерін инвестициялық портфельді басқарушыға инвестициялық басқаруға берген кезде) және оның есеп жүргізу саясатының ажырамас бөлігі болып табылады. Әдістеме эмитенттің қаржылық жай-күйін сипаттайтын мынадай негізгі көрсеткіштерді:
1) эмитенттің өз міндеттемелерін қамтамасыз етуге қабілеттілігін ашып көрсететін, Әдістемеде белгіленген тиісті коэффициенттер жиынтығына қарай есептелетін төлем қабілеттілігін;
2) капиталдың құрылымын, кірістілік деңгейін (соңғы күнтізбелік жылғы динамикасымен), Әдістемеде белгіленген тиісті коэффициенттер жиынтығына қарай есептелетін рентабельділігін ашып көрсететін қаржылық тұрақтылығын;
3) эмитент өзінің қаржылық жай-күйін жақсарту үшін қолданатын шараларды қамтиды.
13. Эмитенттің қаржылық жай-күйі былайша жіктеледі:
1) тұрақты – эмитенттің қаржылық жай-күйі тұрақты:
эмитент төлеуге қабілетті;
коэффициенттердің мәні Әдістемеге сәйкес, жалпылама қабылданған нормалар шегінде есептелген;
бизнестің дамуы үшін жағымды нарықтық жағдайлары бар, сондай-ақ нарықтағы бәсекелестік позициясы жақсы;
ресурстар мен капитал нарығына еркін қол жетімділігі бар, бағалы қағаздарды шығару мерзімі ішінде эмитенттің қаржылық жағдайын елеулі нашарлатуға әкелетін сыртқы немесе ішкі факторлары анықталмаған;
эмитенттің өзінің міндеттемесі бойынша есеп айырысу мүмкіндігі күмән туғызбайды;
эмитенттің активтері мен міндеттемелері мерзімдер бойынша шамалас келеді;
2) қанағаттанарлық – осы санаттағы эмитенттің қаржылық жай-күйі "тұрақты" сипатындағыға жақын келеді, бірақ оны ұзақ уақыт осы деңгейде ұстап тұру ықтималы төмен болып табылады;
3) тұрақсыз – эмитент мынадай факторлардың себебінен өзінің міндеттемелері бойынша есеп айырыса алмайды деген ықтималы бар:
эмитенттің қаржылық жай-күйінің тұрақты және елеулі нашарлауының белгілері бар (эмитент қабылдаған шаралар қаржылық жай-күйінің тұрақтандыруы үшін тиімді емес);
эмитентті материалдық залалға ұшыратқан, бірақ оның қызметін тоқтатуға әкелмеген төтенше немесе өзге жағдайлардың болуы;
4) өте қиын – эмитенттің қаржылық жай-күйінің тұрақты нашарлауы күрделі деңгейге жетті:
төлеуге қабілетсіз, эмитент банкрот болуы немесе өзге түрде қайта құрылуы ықтимал;
шарт талаптарын бұзуы (пайыз немесе негізгі борыш сомасын төлемеу немесе төлеу мерзімдерін бұзу);
бағалы қағаздар ұстаушының эмитентке талап ету құқығын беру, өзге жағдайда ол берілмейтін еді;
эмитентті материалдық залалға ұшыратқан және (немесе) оған өзінің қызметін жалғастыруға мүмкіндік бермейтін төтенше жағдайлардың болуы.
14. Бағалы қағаздардың қажетті құнсыздану немесе құнын азайту мөлшері Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес айқындалады және бағаланатын бағалы қағаздың жіктеу санатына байланысты болады:
он пайызға – "1-санаттағы күмәнді" жіктеу санаты үшін;
он бес пайызға – "2-санаттағы күмәнді" жіктеу санаты үшін;
жиырма бес пайызға – "3-санаттағы күмәнді" жіктеу санаты үшін;
елу пайызға – "қанағаттанарлықсыз" жіктеу санаты үшін.
15. Сақтандыру ұйымы немесе инвестициялық портфельді басқарушы (сақтанушылардың активтерін инвестициялық портфельді басқарушыға инвестициялық басқаруға берген кезде) бухгалтерлік есепте Қағидалардың 1 және 2-қосымшаларына сәйкес есептелген бағалы қағаздардың қажетті құнсыздануының (құнын түзетудің) мөлшерін есепке алады.
Бағалы қағаздардың қажетті құнсыздануының мөлшерін қалыптастыру немесе құнын төмендетуді жүзеге асыру Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес барынша төменгі мөлшерде жүргізіледі.
16. Сақтандыру ұйымы немесе инвестициялық портфельді басқарушы (сақтанушылардың активтерін инвестициялық портфельді басқарушыға инвестициялық басқаруға берген кезде) қажетті құнсызданудың мөлшерін қалыптастыруды немесе бағалы қағаздардың құнын төмендетуді жүзеге асыруды құнсыздануды тану өлшемшарттарының туындауына немесе бағалы қағаздар құнын төмендеуіне қарай, бірақ кем дегенде айына бір рет жүргізеді.
Құнсызданудың қажетті мөлшері немесе бағалы қағаздар бойынша құнын төмендету бағалы қағаздардың ағымдағы (баланстық) құнынан бұрын қалыптастырылған осы бағалы қағаздардың құнсыздану немесе құнының төмендету мөлшерлері ескерілмей есептеледі.
17. Қаржы құралдарынан басқа, инвестициялық портфельдің өзге мүлкінің нарықтық құны Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес айқындалады.
Бағалы қағаздардың құнсыздануын немесе құнының азаюын тану өлшемшарттары
№ | Өлшемшарттың атауы | Балл саны |
1 | 2 | 3 |
1 | Қаржылық жай-күйі: | |
1.1 | Тұрақты | +0 |
1.2 | Қанағаттанарлық | +1 |
1.3 | Тұрақсыз | +2 |
1.4 | Қауіпті | +7 |
2 | Кез келген төлемді өтеу мерзімін өткізіп алу: | |
2.1 | Мерзімін өткізіп алудың болмауы | -1 |
2.2 | 7 (жеті) күнге дейін мерзімін өткізіп алу | +0 |
2.3 | 8 (сегіз) күннен 15 (он бес) күнге дейін мерзімін өткізіп алу | +1 |
2.4 | 16 (он алты) күннен 30 (отыз) күнге дейін мерзімін өткізіп алу | +2 |
2.5 | 30 (отыз) күннен астам | +3 |
2.6 | күнтізбелік 1 (бір) жылдан астам | +4 |
3 | Кепілдіктің болуы: | |
3.1 | Қазақстан Республикасы мемлекетінің (негізгі борыш пен сыйақының 100% кепілдігі болған кезде) | -4 |
3.2 | Қазақстан Республикасы мемлекетінің (негізгі борыш пен сыйақының 100%-дан аз кепілдігі болған кезде) | (Балдардың сомасы кепілдіктің "-4"-тен басталатын мөлшеріне теңбе-тең есептеледі) |
3.3 | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттiгiнiң халықаралық шкаласы бойынша "А-" төмен емес рейтингi немесе басқа рейтингтiк агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар шет мемлекеттің | -3 |
3.4 | Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері | -3 |
3.5 | Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттiгiнiң халықаралық шкаласы бойынша "А-" төмен емес рейтингi немесе басқа рейтингтiк агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингi бар шетел эмитентінің | -2 |
3.6 | Кепілдігі жоқ | +0 |
4 | Өтімділік көрсеткішінің болуы: | |
4.1 | Өтімділіктің бірінші сыныбы | +0 |
4.2 | Өтімділіктің бірінші сыныбының болмауы | +1 |
5 | Эмитенттердің қор биржасының ресми тізімінің "Негізгі" алаңының "акциялар" секторы "премиум" санатына енгізілген акциялары және олар бойынша депозитарлық қолхаттар | -1 |
5.1 | Эмитенттердің қор биржасының ресми тізімінің "Негізгі" алаңының "акциялар" секторы және "Баламалы" алаңының "акциялар" секторы "стандарт" санатына енгізілген акциялары немесе олар бойынша депозитарлық қолхаттар | +0 |
6 | Қор биржасының ресми тізімінің буферлік санатына енгізілген борыштық бағалы қағаздар | +1 |
7 | Дефолт, делистинг және рейтингті төмендету | +2 |
8 | Бағалы қағаздарды орналастыруды тоқтата тұру (қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) орналастыруды тоқтата тұру туралы шешімі) | +2 |
9 | Ақпараттың болмауы | +10 |
Ескерту: "Ақпараттың болмауы" өлшемшарты бойынша балдар эмитенттің қызметі туралы ақпарат (оның ішінде қаржылық есептілік) қор биржасының, уәкілетті органның интернет-ресурсында және эмитенттің өз интернет-ресурсында орналастырылмаған, сондай-ақ эмитенттің өзінен қаржылық жай-күйіне талдау жасау үшін қажетті қаржылық және өзге де есептілікті алуға мүмкіндік болмаған кезде беріледі.
Бағалы қағаздар құнсыздануының немесе құнының азаюының қажетті мөлшері
Балдар сомасы | Бағалы қағаздардың жіктеу санаты | Құнсыздануының немесе құнының төмендетілуінің қажетті барынша төмен мөлшері |
1 | Стандартты | 0% |
2-4 | 1-санаттағы күмәнді | 10% |
5-7 | 2-санаттағы күмәнді | 15% |
8-10 | 3-санаттағы күмәнді | 25% (35%) |
10-12 | Қанағаттанарлықсыз | 50% (70%) |
10-нан жоғары | Үмітсіз | 90% |
Кесте бойынша түсініктемелер:
Бағалы қағаздарды құнсыздандыру немесе бағалы қағаздардың құнын азайту үшін осы өлшемшарттарды пайдаланғанда, рейтингтік бағасы және листинг санаты болған кезде есепке рейтингтік бағасы алынады.
1-ге дейінгі (қоса алғанда) балл сомасы алынған кезде – бағалы қағаз стандартты болып жіктеледі.
Балл сомасы 2-ден 4-ке дейінгі (қоса алғанда) мәніне тең болған кезде – бағалы қағаз 1-санаттағы күмәнді болып жіктеледі, 10 (он) пайыз провизиялар қалыптастырылады.
Балл сомасы 5-тен 7-ге дейін (қоса алғанда) мәніне тең болған кезде – бағалы қағаз 2-санаттағы күмәнді болып жіктеледі, 15 (он бес) пайыз провизиялар қалыптастырылады.
Балл сомасы 8-ден 10-ға дейінгі (қоса алғанда) мәніне тең болған кезде – бағалы қағаз 3-санаттағы күмәнді болып жіктеледі:
облигациялар бойынша 25 (жиырма бес) пайыз провизиялар;
акциялар бойынша 35 (отыз бес) пайыз провизиялар қалыптастырылады.
Балл сомасы 10-нан 12-ге дейінгі (қоса алғанда) мәніне тең болған кезде – бағалы қағаз қанағаттанарлықсыз болып жіктеледі:
облигациялар бойынша 50 (елу) пайыз провизиялар;
акциялар бойынша 70 (жетпіс) пайыз провизиялар қалыптастырылады.
Сомасы 12-ден артық болған кезде бағалы қағаз үмітсіз деп жіктеледі, 90 (тоқсан) пайыз провизиялар қалыптастырылады. Бұл ретте, егер эмитенттің борыштық бағалы қағазы үмітсіз деп жіктелсе, осы эмитенттің акциясы бір мезгілде нөлге дейін есептен шығарылады.
Бағалы қағаз эмитенті банкрот болған кезде осы бағалы қағаз бір мезгілде нөлге дейін есептен шығарылады.