ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5 т. қараңыз
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған "Мәдени құндылықтардың, ұлттық архив қорлары құжаттарының, архив құжаттары түпнұсқаларының экспортына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидалары бекітілсін.
2. Мыналардың:
1) "Мәдени құндылықтардың, ұлттық архив қорлары құжаттарының, архив құжаттары түпнұсқаларының экспортына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2018 жылғы 21 желтоқсандағы № 366 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18035 болып тіркелген, 2019 жылғы 10 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
2) "Мәдени құндылықтардың, ұлттық архив қорлары құжаттарының, архив құжаттары түпнұсқаларының экспортына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 20 наурыздағы № 72 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18422 болып тіркелген, 2019 жылғы 2 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Архив ісі және құжаттама департаменті департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін екі жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы тармақпен көзделген іс-шараларды орындағаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекішілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі |
А. Раимкулова |
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі 2020 жылғы 25 мамырдағы № 141 бұйрығымен бекітілген |
"Мәдени құндылықтардың, ұлттық архив қорлары құжаттарының, архив құжаттары түпнұсқаларының экспортына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Мәдени құндылықтардың, ұлттық архив қорлары құжаттарының, архив құжаттары түпнұсқаларының экспортына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына, "Экспорты және (немесе) импорты лицензиялауға жататын тауарлардың, лицензиарлардың және лицензия беруге келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 287 қаулысына сәйкес әзірленді және "Мәдени құндылықтардың, ұлттық архив қорлары құжаттарының, архив құжаттары түпнұсқаларының экспортына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) архивтік құжат - қоғам мен мемлекет үшін маңыздылығына қарай сақталатын немесе сақталуға жататын, сол сияқты меншік иесі үшін құндылығы бар құжат;
2) мәдени құндылықтар - тарихи, көркем, ғылыми немесе өзге де мәдени мәні бар, зайырлы және діни сипаттағы материалдық және материалдық емес құндылықтар.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет осы Қағидаларға сәйкес жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушылар) "электронды үкіметтің" www. egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы өтінішпен жүгінеді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынудың ерекшеліктерін ескере отырып процесінің, нысанының сипаттамалары, көрсетудің мазмұны мен нәтижесі, сондай-ақ өзге де мәліметтер кіретін мемлекеттік қызметті көрсетуге негізгі талаптардың тізбесі Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартында жазылған.
5. Портал арқылы жүгінгенде "жеке кабинетте" көрсетілетін қызметті алушының жүгінулері тарихында мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұраудың қабылданғаны туралы мәртебесі, сондай-ақ көрсетілетін қызметтің нәтижесін алған күні көрсетілген хабарлама көрінеді.
6. Көрсетілетін қызметті алушымен Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағымен көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасы және (немесе) қолданыста болу мерзімі өтіп кеткен құжаттар ұсынылған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы екі жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы жауапты қалыптастырады.
Құжаттардың толық топтамасы ұсынылған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы олардың мазмұны мен толықтығын тексереді, мәдени құндылықтардың немесе ұлттық архив қорлары құжаттарының, немесе архив құжаттары түпнұсқаларының экспортына лицензия беру мүмкіндігі тұрғысынан қарайды және 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде мынадай шешімдердің біреуін шығарады:
1) мәдени құндылықтардың немесе ұлттық архив қорлары құжаттарының немесе архив құжаттары түпнұсқаларының экспортына лицензия беру туралы;
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту туралы.
Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті берушінің басшысының электронды цифрлық қолы қойылған, электронды құжат нысанындағы мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін 4 (төрт) сағат ішінде порталдағы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолдайды.
7. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 5-бабының 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
3-тарау. Лауазымды тұлғалардың көрсетілетін қызметті көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
8. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымданған жағдайда: шағым Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің www.mcs.gov.kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына беріледі.
Шағым жазбаша нысанда пошта бойынша, портал арқылы, не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Қабылданған шағым "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген мерзімдерде тіркеледі және қаралады.
Шағымды қарау нәтижелері туралы өтініш берушіге жазбаша түрде хабарланады.
Шағымды көрсетілетін қызметті алушыға портал арқылы "жеке кабинеттен" жіберген кезде жүгіну туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішін өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау, туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына түскен шағым тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
9. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 4-бабының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгіне алады.
Мәдени құндылықтардың, ұлттық архив қорлары құжаттарының, архив құжаттары түпнұсқаларының экспортына рұқсат беру қағидаларына 1-қосымша |
"Мәдени құндылықтардың, ұлттық архив қорлары құжаттарының, архив құжаттары түпнұсқаларының экспортына рұқсат беру қағидалары" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің стандарты | ||
1 | Қызмет көрсетушінің атауы | Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі |
2 | Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері | Өтініштерді қабылдау және нәтижелерін беру мынадай "электронды үкіметтің" веб-порталы арқылы: www.egov.kz, www.elicense.kz |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
Құжаттар пакетін порталға тапсырған сәттен бастап мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі: |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электронды |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысандағы мәдени құндылықтардың экспортына лицензия немесе ұлттық архив қорлары құжаттарының экспортына лицензия немесе архив құжаттары түпнұсқаларының экспортына лицензия беру не осы көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағымен қарастырылған негіздер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруден бас тарту туралы дәлелді жауап беру. |
6 | Мемлекеттік қызметті көрсеткенде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемнің мөлшері, және Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі. |
7 | Жұмыс кестесі |
Көрсетілетін қызметті беруші: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мерекелік күндерді есепке алмағанда дүйсенбіден жұманы қоса, сағат 9.00-дан 18.30 - дейін белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес, сағат 13.00-ден 14.30 дейін түскі үзіліспен. |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті құжаттардың тізбесі |
Порталға: |
9 | Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушымен мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынылған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) шүбәсіз еместігінің анықталуы; |
Өтініш
Сізден ______________________________ (экспортына) лицензия беруіңізді сұраймын.
(экспортқа/импортқа (керегін көрсету қажет))
1. | Мәдени құндылықтың, ұлттық архив қорлары құжатының, архив құжаты түпнұсқасының атауы, оның өлшем бірліктері | |
2. | Экспорттаушы ел (импорттаушы ел) | |
3. | Мәдени құндылықтың, ұлттық архив қорлары құжатының, архив құжаты түпнұсқасының шыққан жері, мекенжайы | |
4. | Мәдени құндылықтың, ұлттық архив қорлары құжатының, архив құжаты түпнұсқасының экспорты кезінде пайдаланылуы болжанатын көлік түрі | |
5. | Мәдени құндылықты, ұлттық архив қорлары құжатын, архив құжаты түпнұсқасын алып өту көзделетін мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттерін көрсете отырып, мәдени құндылықтың, ұлттық архив қорлары құжатының, архив құжаты түпнұсқасының жол жүру бағдары | |
6. | Экспорттың мақсаты | |
7. | Сақтауды жүзеге асыратын ұйымның атауы мен нөмірін көрсете отырып, үшінші елдер (Еуразиялық экономикалық одақтың мүшесі болып табылмайтын мемлекеттер) (экспорттау кезінде) | |
8. | Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің сипаттамасы | |
9. | Объектінің орналасқан жері (мекенжайы) | |
10. | Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, қол жетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісемін. Мәліметтердің шүбәсіздігін растаймын. |
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) (қолы, күні)
Мәдени құндылықтардың, ұлттық архив қорлары құжаттарының, архив құжаттары түпнұсқаларының экспортына рұқсат беру қағидаларына 3-қосымша |
Тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына лицензия беруге арналған өтінішке қосымша
______ №______ өтінішке қосымша | |||
Р/с № | Тауардың сипаттамасы | саны | өлшем бірлігі |
құны | |||
Р/с № | Тауардың сипаттамасы | саны | өлшем бірлігі |
құны | |||
Р/с № | Тауардың сипаттамасы | саны | өлшем бірлігі |
құны | |||
Р/с № | Тауардың сипаттамасы | саны | өлшем бірлігі |
құны | |||
Р/с № | Тауардың сипаттамасы | саны | өлшем бірлігі |
құны | |||
Р/с № | Тауардың сипаттамасы | саны | өлшем бірлігі |
құны | |||
Р/с № | Тауардың сипаттамасы | саны | өлшем бірлігі |
құны | |||
Барлығы _____ парақ |
18. Өтініш берушінің уәкілетті тұлғасы |
Мәдени құндылықтардың, ұлттық архив қорлары құжаттарының, архив құжаттары түпнұсқаларының экспортына рұқсат беру қағидаларына 4-қосымша |
Біліктілік талаптар туралы мәліметтер нысаны
№ | Біліктілік талаптар | Оларға сәйкестігін растайтын құжаттар | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Лицензияны алуға ниеттігін растау | Евразиялық экономикалық комиссия Алқасының тиісті шешімімен бекітілген, Тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына лицензия беруге өтінішті ресімдеу және ондай лицензияны ресімдеу туралы нұсқаулыққа сәйкес толтырылған және ресімделген өтініш | |
2 | Тауарлардың идентификациясы | Әрбір шығарылатын мәдени құндылықтың барынша өзіне тән проекциясының мөлшері 10х15 сантиметр екі фотосуреті немесе шығарылатын архивтік құжаттың екі көшірмесі, ал қажет болған жағдайда - мәдени құндылықтың (архивтік құжаттың) өзін | |
3 | Құқыққа иелігінің заңдылығы | Тауарға меншік құқығын растайтын құжат |
Мәдени құндылықтардың, ұлттық архив қорлары құжаттарының, архив құжаттары түпнұсқаларының экспортына рұқсат беру қағидаларына 5-қосымша |
Тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына лицензия
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі | |||
1. № ___ лицензия |
2. Қолданыста болу кезеңі _____-нен/нан | ||
3. Лицензия тұрпаты |
4. Келісім-шарт ___________________ | ||
5. Өтініш беруші | 6. Сатып алушы | ||
7. Шығарылатын ел | 8. Сатып алушының елі | ||
9. Келісім-шарт валютасы | 10. Құны | 11. Статистикалық құны | |
12. Шығу елі | 13. Саны | 14. Өлшем бірлігі | |
15. Тауардың СЭҚ БТН бойынша коды және оның сипаттамасы | |||
16. Қосымша ақпарат | |||
17. Лицензияны беруге негіз |
18. Уәкілетті тұлғаның |