БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында әскери-дәрігерлік сараптама өткізу қағидаларын және Әскери-дәрігерлік сараптама органдары туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 18 қарашадағы № 939 бұйрығына (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 12834 болып тіркелген; 2016 жылғы 21 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Жалпы ережелер";
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Әскери-дәрігерлік сараптама өткізу тәртібі";
мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:
"11-1. ӘДК-ның қорытынды отырысы барлық мамандардың тексерулері аяқталған соң не болмаса осы Қағидалардың 25-тармағында баяндалған негіздер бойынша медициналық куәландыру тоқтатылғаннан кейін 3 жұмыс күнінен кешіктірмей өткізіледі.";
29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"29. 17 жасқа толмағаны себепті тіркеу куәлігін алмаған адамдардан басқа тіркеу куәліктері немесе әскери билеттері жоқ азаматтық жастар арасындағы адамдар медициналық куәландыруға жіберілмейді.";
34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"34. Алдын ала куәландыруды ІІМ ОӘДК, облыстардың, республикалық маңызы бар қалаларының Полиция департаменттерінің (бұдан әрі - ПД) штаттық ӘДК оқуға қабылдау емтихандарынан 4 ай бұрын жүргізеді және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 77 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13199 болып тіркелген) Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларына сәйкес оқу орындарына жеке істерді жіберудің соңғы мерзімінен кешіктірмей аяқталады.
ӘДК тіркеу бөлімі алдын ала куәландыруға жолдамаларды қабылдауды және оқуға түсуге кандидаттарға медициналық куәландыру карталарын беруді оқу орындарына жеке істерді жіберудің аяқталу мерзімінен 3 жұмыс күні бұрын тоқтатылады.
Соңғы куәландыруды білім беру ұйымының уақытша жұмыс істейтін ӘДК білім беру ұйымына қабылдау кезеңінде жүргізеді.";
52 және 53-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"52. ӘДК қатардағы және басшы құрамдағы адамдардың жарамдылық санаты туралы қорытындыны Талаптардың тиісті бағаны, "қатардағы және басшы құрам" бөлімі бойынша бөлінісін және қызмет түрін ескере отырып шығарады.
Талаптарға сәйкес жарамдылық санатын "В-жеке" жеке бағалау көзделетін, қатардағы және басшы құрамдағы адамдарда бірін-бірі ауырлататын үш және одан да көп аурулары (зақымдары) болған және қолайсыз болжам кезде оған қатысты "әскери қызметке шектеулі жарамды" қорытынды қабылданады.
53. Куәландыру сәтіне зейнеткерлікке шығу құқығы жоқ қызметкерлерді Талаптардың І және ІІ бағандары бойынша куәландыру кезінде және "бейбіт уақытта әскери қызметке жарамсыз, соғыс уақытында шектеулі жарамды" не болмаса "әскери қызметке шектеулі жарамды" қорытындысын шығарған кезде ӘДК Талаптардың III, IV бағандары бойынша олардың жарамдылық мүмкіндіктерін қарастырады.
Осы қызметкерлерге Талаптардың III, IV бағандары бойынша жолдама ұсынған және көрсетілген бағандар бойынша "әскери қызметке шектеулі жарамды" қорытындысын шығарған кезде, ӘДК нақты ұсынылған лауазымға жарамдылығын анықтау мақсатында, егер атқаратын немесе ұсынылған лауазымдардағы қызмет аурудың (закымдардың) ағымына кері әсерін тигізбейтін жағдайда және қызметкер денсаулық жағдайы бойынша жүтелетін функцияларды іске асыруға қабілетті болса, қосымша " ____ қызметке жарамды" (нақтылы лауазымын көрсетіп) қорытындыңы шығарады.
Нақты лауазымға жарамдылығын анықтау үшін осындай қосымша қорытындылар лауазымдардағы қызметті жалғастырушы немесе Талаптардың III, IV бағандары бойынша лауазымдарға тағайындалатын қызметкерлерді куәландыру кезінде, "әскери қызметке шектеулі жарамды" қорытындысын шығару кезінде шығарылады.
58-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"58. Қазақстан Республикасының климаттық жағдайлары қолайсыз жерлерде қызмет өткеретін қатардағы және басшы құрамдағы адамдар, әскери қызметшілер және осы жерлерде қызмет өткеруіне кедергі келтіретін ауруының бар екені туралы белгіленген тәртіппен мәлімдеген адамдар медициналық куәландыруға жіберіледі. ӘДК олардың көрсетілген жерлерде қызмет өткеру мүмкіндігі туралы мәселені, егер олар медициналық куәландыру кезінде әскери қызметке жарамды немесе "әскери қызметке шектеулі жарамды" деп танылған жағдайда ғана шешеді.";
83-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"83. Білім беру ұйымының курсанттары мен тыңдаушыларын аумағында білім беру ұйымы орналасқан ПД-ның штаттық ӘДК куәландырады.
90-тармақтың екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
Психикалық, ауыр созылмалы аурулар, жарақат зардаптары анықталған жағдайда ӘДК "Әскери қызметке шектеулі жарамды", "Бейбіт уақытта әскери қызметке жарамсыз, соғыс уақытында шектеулі жарамды", "Әскери есептен шығара отырып, қызметке жарамсыз" тұжырымдамасымен қорытынды шығарылса, академиялық демалыс ұсынылмайды.
ӘДК-нің "Әскери қызметке шектеулі жарамды. Білім беру ұйымында оқуға жарамсыз" деген қорытындысы негізінде оқудан шығарылған бітіруші курстардың тыңдаушылары (курсанттар) ішкі істер органдары бөліністерінің жедел емес лауазымдарында қызметін жалғастыруы және ӘДК-де міндетті түрде медициналық куәландырудан өту шартымен білім беру ұйымының сырттай оқыту нысаны бойынша оқуға қайта қабылдануы мүмкін.";
98-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"98. Ішкі істер органдарында қызмет өткерген азамат ішкі істер органдарынан қызметтен босатылу сәтінде (қызметтен босатылу себебі мен уақытына қарамастан) қызметке жарамдылығы туралы ӘДК-нің қорытындысын белгілеу немесе қайта қарау туралы өтініш білдірсе, оның тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органының кадр қызметі әскери қызметке жарамдылық санаты туралы осы адамға қорытынды шығарған ІІМ ОӘДК, ПД ӘДК-ға оның өтінішін, жеке ісін, ал Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің зейнеткеріне оған қоса зейнеткер ісін, өтініш иесінің қолындағы немесе денсаулық сақтау ұйымдарынан алынған медициналық құжаттарын жібереді.";
100 және 101-тармақтар алынып тасталсын;
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"3-тарау. Қызметке, білім беру ұйымдарына қабылданатындарды және ішкі істер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарын психофизиологиялық және полиграфологиялық зерттеу.";
110-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"110. Психологиялық әдістемелердің барлық міндетті түрлері күннің бірінші жартысында жүргізіледі. Әңгімелесу, психофункциялық және тестілеудің қосымша түрлері күні бойы жүргізіледі.";
113-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"113. Куәландырылатын адамда қауіп-қатер факторлары болған кезде (мінез-құлық, эмоциялық-жігерлілік), бейімделу белгілерінің бұзылуы, зияткерлік және когнитивтік (танымдық) салалар көрсеткіштерінің төмендеуі, сондай-ақ барынша егжей-тегжейлі диагностикалау қажет болған кезде ол қосымша психофизиологиялық зерттеуге жіберіледі.";
116 және 117-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"116. Психологиялық мінездеме медициналық куәландыру туралы анықтамаға міндетті түрде енгізіледі және ПФЗ бастығының (сарапшы-психологтың) қолымен расталады.
Куәландырылатын адам "ұсынылды" деп танылған, бірақ қызметке бейімделу мерзімінде немесе есеңгіреген жағдайда ӘДК психологының пікірі бойынша уақытша психологиялық қолдау ұсынуға немесе түзетуге мұқтаж болғанда, психологиялық мінездеме мәтінінің мағынасына бақылау, түзету немесе қолдау қажеттілігі туралы ұсыныстар енгізуге немесе бөлініс психологының қолдауына жол беріледі.
117. Психофизиологиялық зертхана бастығы әрі бас сарапшы-психолог; жетекші сарапшы-психолог, аға сарапшы-психолог, сарапшы-психолог және функциялық диагностиканың сарапшы-психолог/дәрігері психология бойынша дайындығы бар жоғары психологиялық немесе медициналық білімі бар сарапшы-мамандар болып табылады.";
131-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"131. Полиграфологиялық зерттеу нәтижелері бойынша қорытындыны осы Қағидаларға 20-қосымшаға сәйкес нысан бойынша полиграфолог үш жұмыс күні ішінде дайындайды, содан кейін осы Қағидалардың 17-қосымшасына сәйкес кадр қызметтерінің инспекторларына Полиграфологиялық зерттеулер қорытындыларын беру журналына қол қойдырып беріледі. Қорытындының жарамдылық мерзімі - 12 ай.";
4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"4-тарау. Ішкі істер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының, ішкі істер органдары білім беру ұйымдарының
тыңдаушылары мен курсанттарының, ішкі істер органдарында қызмет өткерген азаматтардың ауруларының, мертігулерінің (жаралануының, контузияларының, жарақаттарының) ішкі істер органдарында қызмет өткеру кезеңімен (әскери қызметтің міндеттерімен) себепті байланысын анықтау.";
158-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6) МӘС бөлімінде осы уақыттағы және мұрағаттық куәландыру материалдары;";
162-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"162. МӘС бөлімі үшін қаулы қабылданған шешімді негіздейтін құжаттар көрсетіліп, себепті байланысты анықтаған ӘДК-нің бланкісінде нысан бойынша жалғыз данада ресімделеді, ӘДК бастығы қол қояды, ал ол болмаған жағдайда олардың орынбасары қол қояды, ол елтаңбалы мөрмен бекітіледі.
Қаулы аталған адамға мүгедектікті белгілейтін МӘС бөліміне жіберіледі (беріледі). ӘДК-ға қарау үшін құжаттарын жолдаған органдар мен азаматтарға (халықты әлеуметтік қорғау органдарын қоспағанда) нақты МӘС бөліміне қаулы жолданғаны туралы хабардар етіледі, оларға әскери-есептік құжаттар қайтарылады.";
163-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) "Ауру құқық қорғау органдарында қызметтік міндеттерін орындау кезінде алынған" деген қаулы, егер ол аса қауіпті инфекцияның эпидемиялық ошағында қызметтік міндеттерін орындағанда жұқтырып алынса, сондай-ақ қызметкерлер туберкулезбен, АИТВ-инфекциясымен ауырған жағдайда, қылмыстық-атқару жүйесінің медициналық мекемелерінде тікелей істейтін не болмаса арнайы вагондармен этаппен алып жүретін және сотталған науқастармен тікелей қатынастағы қызметшілерге шығарылады;";
170-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) "Қызметтік міндеттерін атқару кезінде қазаға (қайтыс болуға) әкеп соққан ауру" - қызметкерді, әскери қызметшіні қызмет мерзімінде немесе жұмыстан шыққаннан кейін бір жыл ішінде өлімге әкеп соқтырған ауру осы Қағидалардың 163-тармағының 2) тармақшасымен көзделген жағдайларда алынған болса;"
5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"5-тарау. Радиациялық әсерлерден зардап шеккен қатардағы және басшы құрамдағы адамдарда, әскери қызметшілерде, бұрынғы қатардағы және басшы құрамдағы адамдарда және әскери қызметшілерде аурулар мен мертігулердің себеп салдарлы байланысын айқындау тәртібі.";
180-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қаулы осы адамның мүгедектігін бекітетін МӘС бөліміне жолданады (жіберіледі). Қарау үшін ӘДК-ға құжаттар жіберген органдар (халықты әлеуметтік қорғау органдарынан басқа) мен азаматтар қаулыны МӘС бөліміне жіберілгендігі туралы хабардар етіледі, оларға әскери-есепке алу құжаттары қайтарылады.";
6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"6-тарау. Әскери-дәрігерлік комиссиялардың қорытындыларын ресімдеу.";
183-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"183. Ішкі істер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарына қатысты:
1) "____________ қызметке жарамды";
(лауазымы көрсетілсін).
2) "____________ қызметке жарамсыз";
(лауазымы көрсетілсін).
3) "Әскери қызметке жарамды";
4) "Әскери қызметке шектеулі жарамды";
5) "Кейіннен куәландыра отырып, тексеруге (емделуге) жатады";
6) "Қызметтік міндеттерін (оқу) атқарудан босатуға ____________ мерзімде мұқтаж";
7) "Ауруы бойынша демалысқа ____________ мерзімде мұқтаж";
(демалыс мерзімі көрсетілсін);
8) "Бейбіт уақытта әскери қызметке жарамсыз, соғыс уақытында шектеулі жарамды";
9) "Әскери есептен шығарыла отырып, әскери қызметке жарамсыз";
187-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"187. Қызметке жарамдылықты жеке бағалауды (Д-жеке) көздейтін Талаптардың қосымшалары бойынша куәландырылатын қатардағы және басшы құрамдағы адамдарға ӘДК мынадай тұжырымдардың біреуі бойынша қорытынды шығарады:
1) "әскери қызметке шектеулі жарамды";
2) "бейбіт уақытта әскери қызметке жарамсыз, соғыс уақытында шектеулі жарамды".
Қызметке жарамдылықты жеке бағалауды "В-жеке" көздейтін Талаптардың тармақтары бойынша куәландырылатын қатардағы және басшы құрамдағы адамдарға ӘДК мынадай тұжырымдардың біреуі бойынша қорытынды шығарады:
1) "әскери қызметке шектеулі жарамды";
2) "әскери қызметке жарамды" не болмаса " ____ қызметке жарамды" лауазымы көрсетілсін.
7-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"7-тарау. Медициналық сараптамалық құжаттарды ресімдеу.";
"193, 194 және 195-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"193. Бейбіт уақытта ауруы туралы куәлік білім беру ұйымдарының уақытша жұмыс істейтін ӘДК-дан басқа, мыналарға:
әскери есептен шығарыла отырып, әскери қызметке жарамсыз;
бейбіт уақытта әскери қызметке жарамсыз, соғыс уақытында шектеулі жарамды;
егер ӘДК қорытындысын іске асыру қатардағы және басшы құрамдағы адамдарды жаңа қызмет орнына ауыстырға әкеп соқса, мамандандырылған емдеу мекемелерінде ұзақ уақыт (1 жылдан астам) емделу, бақылауда болу, мамандандырылған білім беру ұйымдарында оқу немесе тәрбиелеу қажет болған жағдайда (тек отбасы мүшелері үшін), сондай-ақ оларды тасымалдау мүмкін болмаған жағдайда, қолайсыз климаттық жағдайлары бар жерлерде қызмет өткеруге (тұруға) жарамсыз деп танылғандарға, барлық ӘДК-да ресімделеді:
1) қатардағы және басшы құрамдағы адамдарға;
2) білім беру ұйымдарының курсанттары мен тыңдаушыларға.
Соғыс уақытында ауру туралы куәлік әскери қызметке жарамсыз; әскери қызметке шектеулі жарамды; 6-12 айдан кейін қайта куәландырыла отырып, әскери қызметке жарамсыз деп танылған қатардағы және басшы құрамдағы адамдарға толтырылады.
Жоғары басшы құрамдағы адамдарға толтырылатын ауруы туралы куәліктер ҚР ІІМ ОӘДК-де бекітуге жатады.
Ауру туралы куәліктерді бейбіт уақытта штаттық ӘДК 4 данада, штаттан тыс ӘДК 5 данада (5-ші данасы штаттан тыс ӘДК-нің қорытындысын бекіткен ӘДК-де қалады) толтырылады. Ауру туралы куәліктің үш данасы медициналық куәландыру актісінің титул парағына қол қойдыра отырып, тиісті кадр қызметіне (1 данасы жеке іске, 2-данасы зейнеткерлік іске, 3-данасы тұрғылықты жері бойынша әскери басқару органдарына әскери жеке ісіне тігу үшін) беріледі, төртінші данасы ӘДК-нің медициналық куәландыру актісінде қалдырылады.
Соғыс уақытында ауру туралы куәліктер 3 данада жасалады.
Кадр қызметінің инспекторына медициналық куәландәру актісіне қол қойғыза отырып, ауру туралы куәлік беріледі.
Ауру туралы куәлік куәландырылатын адамның қолына берілмейді.
Психикалық аурулары, қатерлі ісік аурулары, жыныстық аурулары бар адамдарға, АИТВ-инфекциясын жұқтырып алған науқастарға толтырылған ауру туралы куәліктердің әр данасының ішкі жағындағы жоғарғы жағында мынадай мазмұндағы мөртаңба қойылады: "көшірмесін жасауға, қолға беруге, мәліметтерді жария етуге тыйым салынады".
Көрсетілген ауру туралы куәліктерден көшірмелер немесе телнұсқалар тек олар жоғалған жағдайларда ішкі істер органдарының, медициналық мекемелердің, халықты әлеуметтік қорғау органдарының, жергілікті әскери басқару органдарының сұрау салуы бойынша тек бір данада беріледі.
Ауру туралы куәлікте ӘДК ресімдеген жарамдылық санаты туралы қорытынды 6 ай ішінде жарамды. Егер қорытынды мерзімінде іске асырылмаса немесе қызмет өткеруін жалғастырып жүрген куәландырылатын адамның денсаулық жағдайында елеулі өзгерістер болса, куәландыру қайтадан жүргізіледі.
Ауру туралы куәлікте куәландыру барысында анықталған барлық ауруларға қатысты аурудың себепті байланысы туралы қорытынды міндетті түрде шығарылады, әртүрлі тұжырымдар болған жағдайда бөлек шығарылады. Мертігулердің (контузиялардың, жарақаттардың, жараланулардың) зардаптары бойынша ӘДК-ге акт (мертігу туралы анықтамалар) не денсаулығына зиян келтіру фактісі мен оның мән-жайлары туралы қызметтік тергеу қорытындылары ұсынылуы тиіс, бұл ретте ауру туралы куәлікте себепті байланыс туралы тиісті тұжырымнан кейін құжаттың сақталу орны көрсетіле отырып, толтырылған күні мен нөмірі жазылады (№ істе, медициналық куәландыру актісінде және т.б.).
Жарамдылық санаты туралы қорытындыны және аурудың, мертігудің, (жараланудың, жарақаттардың, контузиялардың) себепті байланысы туралы қаулыны бекіту үшін жоғары тұрған ӘДК-нің қарауына жататын ауру туралы куәліктер тиісті комиссияларға ӘДК отырыстарының хаттамалары кітабында тіркелген сәттен бастап 5 күннен кешіктірілмейтін мерзімде медициналық куәландыру актісімен және анықталған ауруларды сипаттайтын медициналық сараптама құжаттарымен бірге жолданады.
Ауру туралы куәліктерді толтыруда латын белгілерін пайдалануға, терминдер мен сөздерді (жалпы қабылданғандардан басқа) қысқартуға тыйым салынады. Ауру туралы куәлікте келісілмеген түзетулер мен тазартуларға жол берілмейді.
194. Медициналық куәландыру туралы анықтама медициналық куәландыру нәтижелері бойынша барлық басқа жағдайларда:
1) ӘДК нақты лауазымда, мамандықта қызметке жарамды; әскери қызметке шектеулі жарамды, әскери қызметке жарамды деп таныған қатардағы және басшы құрамдағы адамдарға;
2) ішкі істер органдарындағы қызметке түсетіндерге (жарамды, жарамсыз);
3) алдын ала куәландыру нәтижелері бойынша күндізгі және сырттай оқу нысанына білім беру ұйымдарына түсетіндерге, сондай-ақ академиялық демалыстардан кейін куәландырылатын адамдарға;
4) Қазақстан Республикасының қолайсыз климаттық жағдайлары бар жерлерінде қызмет өткеруге (тұруға) жарамды деп танылған қатардағы және басшы құрамдағы адамдарға;
5) ауруы бойынша қызметтік міндеттерінен, әскери қызметтің міндеттерінен босатуға, демалыс алуға мұқтаж қатардағы және басшы құрамдағы адамдарға, білім беру ұйымдарының курсанттары мен тыңдаушыларына ресімделеді.
ӘДК әскери қызметке жарамды деп таныған қатардағы және басшы құрамдағы адамдарға анықтама 3 данада ресімделеді және тиісті кадр қызметіне: 1 данасы жеке іске, 2-ші данасы зейнеткерлік іске, 3-ші данасы әскери жеке іске тігу үшін жолданады.
Ауруы бойынша демалысқа, қызметтік міндеттерінен босатылуға, әскери қызмет міндеттерінен босатылуға мұқтаж адамдарға штаттан тыс ӘДК 2 данада анықтама толтырады. Екінші данасы жоғары тұрған аумақтық ӘДК-ге бақылау үшін жіберіледі.
Қалған жағдайларда анықтама 1 данада ресімделеді.
Өз құрамында психофизиологиялық зертханасы (психологиялық тобы) бар ӘДК осы Қағидалардың 112-тармағында көрсетілген адамдарға міндетті түрде медициналық куәландыру туралы анықтамаға психологиялық мінездемені енгізеді.
Соғыс уақытында әскери қызметке жарамды деп танылғандарға анықтама 2 данада, барлық басқа жағдайларда - 1 данада жасалады.
Соғыс уақытында штаттан тыс ӘДК анықтамаларын жоғары тұрған ӘДК-ге тексеруге жібермейді.
ӘДК-де анықтама отырыстар хаттамаларының кітабында қорытынды тіркелген күннен бастап 3 күн мерзімінде ресімделеді. Анықтаманы іске асыру мерзімі қызметке (оқуға) түсетін және қатардағы және басшы құрамдағы адамдар үшін 6 айды құрайды.
Егер куәландырылатын адамның денсаулық жағдайында айтарлықтай өзгерістер болса, медициналық куәландыру қайта жүргізіледі.
195. Денсаулыққа келген ауырлық дәрежесі туралы анықтама қызметтік міндеттерін, әскери қызмет міндеттерін орындау кезінде алған мертігу (жаралану, контузия, жарақат) туралы анықтама (акті) ұсынған жағдайда қатардағы және басшы құрамдағы адамдарға, әскери қызметшілерге, оқу, әскери-оқу орындарының курсанттары мен тыңдаушыларына, Қазақстан Республикасы ҰҰ-ның әскери жиындарына шақырылған азаматқа ем жүргізген ведомстволық денсаулық сақтау жүйесінің емдеу-профилактикалық мекемесінде беріледі. Денсаулыққа келген зақымның ауырлық дәрежесі туралы анықтама қызметкерлердің қызметтік міндеттерін (борышын) орындау кезінде алынған, мүгедектікке әкеп соқтырмаған мертігу (жаралану, жарақат, контузия) кезінде біржолғы өтемақы алу үшін беріледі.
Егер жоғарыда санамаланған адамдар ведомстволық емдеу-профилактикалық мекемелерінде емделу барысында қызметтік міндеттерін, әскери қызмет міндеттерін орындау кезінде мертігу (жаралану, контузия, жарақат) алғаны туралы актіні (анықтаманы) ұсынбаса, соның салдарынан денсаулығына келтірілген зиянның ауырлық дәрежесі туралы анықтама ресімделмесе, ӘДК кадр қызметтерінің бағыттары бойынша қызметте тұруды жалғастырушы адамдарға медициналық куәландыру жүргізеді не қызметтен босатылған адамдардың оларды алу фактісін және мән-жайларын растайтын түпнұсқа медициналық және басқа да сараптамалық құжаттарды қарайды.
Нәтижелер тиісінше медициналық куәландыру актісіне жазылады не ӘДК отырысының хаттамасымен сырттай қаулылар кітабында ресімделеді.
Мертігудің (жараланудың, контузияның, жарақаттың) ауырлық дәрежесі туралы қорытынды бойынша анықтама жалғыз данада ресімделеді. Анықтама нөмірі медициналық куәландыру актісінің тіркеу нөміріне не болмаса сырттай қаулылар кітабындағы хаттаманың нөміріне сәйкес келеді.
Анықтама жоғалған жағдайда азаматтың өтініші бойынша ӘДК анықтаманың оң жақ жоғарғы бұрышында "Жоғалғанның орнына телнұсқа" деген белгіні көрсете отырып, телнұсқа береді.
Қызметке (әскери қызметке) жарамдылық санаты туралы қорытынды осы мәселені кадр қызметі ӘДК-нің алдына қойған жағдайларда ғана шығарылады, бұл ретте акт толтырылып, толық медициналық куәландыру жүргізіледі.
196. Қолайсыз ыстық климатты шетелге шығатын адамның денсаулық жағдайы туралы анықтаманы штаттық ӘДК қатардағы және басшы құрамдағы адамдарға осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес толтырады.
Медициналық куәландыру нәтижелері бойынша қорытынды анықтамаға осы Қағидаларда көрсетілген тұжырымдарда жазылады.
8-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"8-тарау. Қорытынды ережелер";
196 және 197-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"197. ПД ӘДК және Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының штаттан тыс уақытша жұмыс істейтін ӘДК-сының қорытындысы Қазақстан Республикасы ІІМ ОӘДК-де шағымдалады.
198. Қазақстан Республикасының ІІМ ОӘДК-сының қорытындылары және қаулылары сот тәртібінде шағымдалады.";
көрсетілген Қағидаларға 7-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 11-қосымшаның 2-тармағында:
14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"14) ___________________________
(зейнеткерлік органының, ІІМ-нің, ПД-нің, ПБ-нің _______________________________
қаржы бөлінісінің, әскери комиссариаттың, халықты_______ № _______ зейнеткерлік ісі.
әлеуметтік қорғау бөлімінің атауы көрсетілсін)";
18) және 19) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"18) МӘС бөлімінің 20 __ жылғы "__" _____ сериясы_____ № ______ анықтамасы.
19) ______________ аудандық МӘС бөлімінің 20____ жылғы куәландыру актісі.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының әскери-дәрігерлік сараптама органдары туралы ережеде:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Негізгі ережелер.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. ӘДС органдары - Ішкі істер министрлігі мен оның облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың аумақтық Полиция департаменттері (бұдан әрі - ПД) дербес құрылымдық бөліністері болып табылатын штаттық ӘДК.";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. ӘДК қорытындысын комиссия мүшелерінің басым дауысымен алқалық түрде шығарады. Дауыс саны тең болған кезде ӘДК төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Комиссия төрағасы немесе жекелеген мүшелері басқалардың ойымен келіспеген жағдайда олардың ерекше пікірі немесе негіздемесі куәландыру актісіне (картасына) және әскери-дәрігерлік комиссия хаттамасына жазылады. Ішкі істер органдарында қызметке жарамдылығы Талаптарға сәйкес айқындалады.";
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Әскери-дәрігерлік комиссия құрамы.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. ӘДК мамандарының және қызметкерлерінің лауазымдары мен тегі көрсетілген ӘДК құрамы (тұрақты және уақытша жұмыс істейтін) ПД бастықтарының және Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары бастығының бұйрықтарымен анықталады.
ПД ӘДК құрамы алдын ала ОӘДК төрағасымен келісіледі.";
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"3-тарау. Штаттық әскери-дәрігерлік комиссиялар, олардың құқықтары менміндеттері.";
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. ОӘДК, ПД ӘДК арнайы мақсаттағы медициналық (әскери-медициналық) сараптама-диагностикалық бөліністер болып табылады.";
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Өз алдында тұрған мәселелерді шешуде штаттық ӘДК әскери-дәрігерлік сараптама мәселелері бойынша ӘДК-мен, басқа министрліктердің және ведомствалардың мекемелерімен, ұйымдарымен, әскери-медициналық, медициналық қызметтерімен, мемлекеттік және муниципалдық денсаулық сақтау жүйесінің медициналық мекемелерімен, сәйкес медициналық және әскери-медициналық мекемелермен, сонымен қатар Қазақстан Республикасы ІІМ-нің, ПД басшылығымен, ҰҰ қолбасшылығымен өзара іс-қимыл жасасады.";
17-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) ПД ӘДК.";
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Егер комиссия төрағасының штатты лауазымы сан нормативтерінде көзделмесе, ПД ӘДК-сы толық емес құрамды бола алады. Осы жағдайда толық емес құрамды ӘДК-ның төрағасы болып негізгі дәрігерлік мамандықтардың бірі ПД ӘДК сарапшысы болып табылады.";
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"6) Нұр-Сұлтан қаласы аумақтық ПД-нің және Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан ішкі істер органдары кадр қызметтерінің жолдамасы бойынша қатардағы және басшы құрамдағы қызметкерлерді, қызметке жаңадан түсушілерді медициналық куәландыру;";
21) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"21) ішкі істер органдарына қабылдауға байланысты ПД ӘДК-да куәландырылған бұрын ішкі істер органдарынан, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінен (бұдан әрі - ҰҚК), Қарулы Күштерден, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардан ауруы бойынша босатылған, ауруы бойынша әскердегі мерзімді қызметтен босатылған адамдарға медициналық сараптамалық құжаттаманы қарау және қорытындыларды бекіту;";
30-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"10) осы бұйрықпен бекітілген Ереже мен Нұсқаулықтарды ішкі істер органдарында практикалық қолдану, әскери-дәрігерлік сараптаманың басқа да мәселелері бойынша ПД ӘДК-ға нұсқаулар және түсіндірулер береді;";
3-тараудың 2-параграфының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-параграф. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың ПД әскери-дәрігерлік комиссиясы";
31, 32, 33, 34, 35 және 36-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"31. ПД ӘДК тиісті ПД-ның ішкі істер органдарында әскери-дәрігерлік сараптаманың басшылық етуші бөлінісі болып табылады.
32. ПД-ның штаттық ӘДК осы Ереженің 10-тармағында айтылған жүктемеге байланысты толық және толық емес құрамды бола алады.
ПД ӘДК-ның құрылымы мен штаттарын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі бекітеді.
33. ПД ӘДК бастығы (төрағасы) азаматтардың, қатардағы және басшы құрамдағы адамдардың және әскери қызметшілердің әскери-дәрігерлік сараптамасы мәселелері бойынша ОӘДК бастығына бағынады.
34. ПД ӘДК әскери-дәрігерлік сараптама мәселелері бойынша осы Ереже мен Қағидаларды басшылыққа алады.
35. Арнайы мақсаттағы медициналық сараптама-диагностикалық бөлінісі болып табылатын ПД ӘДК ішкі істер органдарына қабылданатын, білім беру ұйымдарына түсетін адамдарға қатысты ПД кадр қызметтерінің, ал қатардағы және басшы құрамдағы адамдарға және әскери қызметшілерге қатысты халықты әлеуметтік қорғау органдарының, сақтандыру органдарының тиісті құжаттарын ресімдеу үшін заңды күші бар қорытынды (қаулы) шығарады.
36. Қазақстан Республикасы ІІМ номенклатурасына кіретін жоғары басшы құрамдағы адамдарға, бұрын ішкі істер органдарынан, ҰҚК-ден, Қарулы Күштерден, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардан босатылған не ауруы бойынша әскердегі мерзімді қызметтен босатылған, бірақ кейіннен жарамды деп танылған азаматтарға қатысты ПД ӘДК-ның шешімі ішкі істер органдарына қабылдау кезінде Қазақстан Республикасы ІІМ ОӘДК-да бекітілуге жатады.";
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) ПД әскери-дәрігерлік сараптаманы ұйымдастыру және қызметті жетілдіру бойынша жоғары тұрған органдарға ұсыныстар әзірлеу;";
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) ішкі істер органдарына қабылданатын, білім беру ұйымдарына түсетін адамдарды, қатардағы және басшы құрамдағы адамдарды ПД, ішкі істер органдары кадр қызметтерінің жолдамалары бойынша, сондай-ақ жергілікті әскери басқару органдарының, прокуратураның жолдамалары бойынша белгіленген тәртіпте куәландыру";
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"38. ПД ӘДК:";
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) ПД, жергілікті әскери басқару органдарынан, басқа мекемелердің әскери бөлімдерінен жеке және зейнеткерлік істерді, медициналық құжаттар, қызметтік тексерістер, әкімшілік тергеу, анықтау, қылмыстық іс материалдарын, мінездемелерді, мұрағаттық анықтамаларды, бұйрықтардан, актілерден, хаттамалардан үзінділерді және қорытынды жасауға қажетті басқа да құжаттарды сұратады;";
4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"4-тарау. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі білім беру ұйымдарының штаттан тыс уақытша жұмыс істейтін әскери-дәрігерлік комиссиясы.".
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Орталық әскери-дәрігерлік комиссиясының Басқармасы (М.Ш. Ниязов) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Аппарат басшысына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрі | Е. Тургумбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 19 мамырдағы № 407 Бұйрыққа қосымша |
|
Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында әскери-дәрігерлік сараптама өткізу қағидаларына 7-қосымша |
__________________________________ (білім беру ұйымының атауы) оқу, әскери-оқу орнының әскери- дәрігерлік комиссиясы денсаулық жағдайы бойынша 20_____жылы оқуға түсуге жарамсыз деп танылған кандидаттардың ТІЗІМІ
Р/с | Тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы, арнаулы немесе әскери атағы | Алдын ала медициналық куәландыруды өткізген ІІМ, ПД, ПБ әскери-дәрігерлік комиссиясының атауы | Оқуға жіберу кезінде ІІМ, ПД, ПБ әскери-дәрігерлік комиссиясының диагнозы | Білім беру ұйымының ОӘДК толық жазылған диагнозы | Адамдардың ішкі істер органдарындағы қызметке денсаулық жағдайының сәйкестігіне қойылатын талаптардың қосымшасы мен бағаны (Қазақстан Республикасы ІІМ-нің 2010 жылғы 31 наурыздағы № 132 бұйрығы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Әскери-дәрігерлік комиссия төрағасы ________________
(қолы, тегі, аты-жөні)
20___ жылғы "____" ____________