"Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша әскерге шақырылушыларды, әскери міндеттілерді жинау, оларды жіберу және өтеусіз және өтеулі негіздерде оқыту, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру қағидаларын, сондай-ақ оқу мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 17 шілдедегі № 357 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № 216 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 21 мамырда № 20681 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша әскерге шақырылушыларды, әскери міндеттілерді жинау, оларды жіберу және өтеусіз және өтеулі негіздерде оқыту, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру қағидаларын, сондай-ақ оқу мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 17 шілдедегі № 357 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15517 болып тіркелген, 2017 жылғы 15 қыркүйекте электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 4-тармағына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша әскерге шақырылушыларды, әскери міндеттілерді жинау, оларды жіберу және өтеусіз және өтеулі негіздерде оқыту, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру қағидаларында, сондай-ақ оқу мерзімдерінде:

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Әскерге шақырылушыларды, әскери міндеттілерді өтеулі негізде даярлау ақылы негізде жүзеге асырылады. "Азаматтарды әскери-техникалық және басқа да әскери мамандықтар бойынша даярлау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет болып табылады (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) және оны Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі ЖӘБО арқылы көрсетеді.

      Қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұнын және нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну ерекшеліктері ескерілген өзге де мәліметтер осы Қағидаларға 2-1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету стандартында келтірілген.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Өтеулі негізде оқыту үшін әскерге шақырылушыларды, әскери міндеттілерді жинау ерікті негізде жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қызмет мынадай екі кезеңде көрсетіледі:

      бірінші кезеңде, мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінішті қарау. Қарау мерзімі - 2 жұмыс күні;

      екінші кезеңде, мамандандырылған ұйымдарда сабақтар басталған сәттен бастап оқыту мерзімі 42 (қырық екі) жұмыс күнін құрайды.

      ЖӘБО мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингісінің ақпараттық жүйесіне енгізуді "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес қамтамасыз етеді.

      Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар осы Қағидалардың 2-1-қосымшасының 8-тармағында белгіленген.

      Бірінші кезеңде мемлекеттік қызмет көрсетуге осы Қағидаларға 2-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті қабылдау "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) және www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы құрылғысы арқылы (бұдан әрі - портал) әскерге шақырылушының, әскери міндеттінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық нысанда жүзеге асырылады.

      Құжаттарды портал арқылы беру кезінде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінішке құжаттардың электрондық көшірмелері тіркеледі.

      Әскерге шақырылушының немесе әскери міндеттінің жеке басын куәландыратын (сәйкестендіру үшін) құжат туралы, соттылығының болуы не болмауы туралы, соңғы тұрғылықты жері немесе уақытша тіркелуі туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорация жұмыскері "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Құжаттар топтамасы толық болған кезде Мемлекеттік корпорация жұмыскері құжаттарды тіркейді және әскерге шақырылушыға, әскери міндеттіге құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді және 1 (бір) жұмыс күні ішінде құжаттар топтамасын ЖӘБО жолдайды.

      Әскерге шақырылушы, әскери міндетті құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда құжаттарды қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 2-3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолхат береді.

      Порталға өтініш жасаған кезде әскерге шақырылушы, әскери міндетті мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу үшін Мемлекеттік корпорация филиалын таңдайды. Әскерге шақырылушының, әскери міндеттінің "жеке кабинетіне" ЖӘБО уәкілетті адамының ЭЦҚ-сымен қол қойылған мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу күнін көрсете отырып, өтініштің қабылданғаны туралы хабарлама жолданады.

      ЖӘБО құпия емес іс жүргізудің жұмыскері Мемлекеттік корпорация шабарманынан құжаттар топтамасын алған кезде құжаттарды тіркейді және оларды ЖӘБО басшысының қарауына тапсырады.

      ЖӘБО басшысы құжаттар топтамасын ЖӘБО жасақтау бөлімшесіне орындауға тапсырады.

      ЖӘБО жасақтау бөлімшесі екі жұмыс күні ішінде ұсынылған материалдардың толықтығын қарайды, қарау нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 2-4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша азаматтарды әскери-техникалық және басқа да әскери мамандықтар бойынша даярлауға қабылдау туралы хабарлама (бұдан әрі - оқуға қабылдау туралы хабарлама) дайындайды немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты қағазда береді не порталда ЖӘБО басшысының ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолдайды.

      ЖӘБО құпия емес іс жүргізудің жұмыскері Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірмей жеткізуді қамтамасыз етеді.

      Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері әскерге шақырылушыға, әскери міндеттіге мемлекеттік қызметтің нәтижесін тіркейді және береді.

      Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды әскерге шақырылушыға, әскери міндеттіге беру жеке басын куәландыратын құжатты немесе нотариат растаған сенімхатты ұсынған кезде жүзеге асырылады.

      Әскери-техникалық және басқа да мамандықтар бойынша оқуға қабылдау туралы оң шешім болған кезде әскерге шақырылушы, әскери міндетті оқуға қабылданғаны туралы хабарламада көрсетілген мекенжай бойынша белгіленген мерзімде келеді.";

      30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. Оқытушылар бітіру емтиханына шығарылмайтын пәндер бойынша қорытынды бағаларды үлгерімді ағымдағы бақылау бағалары негізінде қояды.

      Өтеулі негізде оқыған, бітіру емтихандарын табысты тапсырған әскерге шақырылушыларға, әскери міндеттілерге мамандандырылған ұйым

      "Әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша дайындық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 12 шілдедегі № 350 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15861 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша әскери оқытылған резервті даярлау бағдарламасы бойынша оқуды аяқтағаны туралы сертификат береді.

      Әскерге шақырылушы, әскери міндетті оқуды аяқтағаннан және ол әскери оқытылған резервті даярлау бағдарламасы бойынша оқуды аяқтағаны туралы сертификат алғаннан кейін оқуға қабылданғаны туралы хабарлама халыққа қызмет көрсету орталықтарының интеграцияланған ақпараттық жүйесінде мемлекеттік көрсетілетін қызметті жабу үшін ЖӘБО арқылы Мемлекеттік корпорацияға қайтарылуға тиіс.";

      мынадай мазмұндағы 6-тараумен толықтырылсын:

      "6-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың жұмыскерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      65. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.

      Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен әскерге шақырылушының, әскери міндеттінің шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Мемлекеттік корпорация арқылы қызметтер көрсету кезінде Мемлекеттік корпорация жұмыскерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорация басшысының атына не ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға беріледі.

      66. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайларда әскерге шақырылушы, әскери міндетті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.".

      Осы бұйрыққа 1, 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес 2-1, 2-2, 2-3 және 2-4-қосымшалармен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық лауызымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Н. Ермекбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму,

      инновациялар және аэроғарыш

      өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2020 жылғы 18 мамырдағы
№ 216 бұйрығына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігінің
мамандандырылған
ұйымдарында әскери-
техникалық және өзге де
мамандықтар бойынша әскерге
шақырылушыларды, әскери
міндеттілерді жинау, оларды
жіберу және өтеусіз және өтеулі
негіздерде оқыту, оқу-тәрбие
процесін ұйымдастыру
қағидаларына, сондай-ақ оқу
мерзімдеріне
2-1-қосымша

"Азаматтарды әскери-техникалық және басқа да әскери мамандықтар бойынша даярлау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

Мемлекеттік корпорация, www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы және ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

1) бірінші кезеңде - құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап - 2 (екі) жұмыс күні;
2) Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут;
3) Мемлекеттік корпорацияда қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут;
4) екінші кезеңде - оқуға қабылдау туралы хабарламада көрсетілген сабақтар басталған сәттен бастап 42 (қырық екі) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағазда.

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

1) бірінші кезеңде - азаматтарды әскери-техникалық және басқа да әскери мамандықтар бойынша даярлауға қабылдау туралы хабарлама немесе осы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап;
2) екінші кезеңде - әскери оқытылған резервті даярлау бағдарламасы бойынша оқуды аяқтағаны туралы сертификат беру.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық/қағазда.
Мемлекеттік корпарация нәтижені бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін одан әрі сақтау үшін ЖӘБО-ға береді. Әскерге шақырылушы, әскери міндетті бір ай өткеннен кейін өтініш жасаған кезде ЖӘБО Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды әскерге шақырылушыға, әскери міндеттіге беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.

6

Мемлекетік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін төлем оқу үшін алынады, ол білім алушыны әскери оқытылған резерв бағдарламасы бойынша даярлау құнының калькуляциясына сәйкес 263 318 теңгені құрайды.
Оқу үшін төлем қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.

7

Жұмыс кестесі

1) ЖӘБО-да - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұмаға дейін сағат
9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі асқа үзіліс сағат
13.00-ден 14.00-ге дейін;
2) Мемлекеттік корпорацияда - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбіні және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіге дейінгіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі асқа үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Қабылдау әскерге шақырылушының, әскери міндеттінің тұрақты тіркелу орны бойынша жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, электрондық кезекті портал арқылы броньдауға болады;
3) порталда - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес әскерге шақырылушы, әскери міндетті жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде өтінішті қабылдау күні келесі жұмыс күні болып табылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің www.mod.gov.kz интернет-ресурсында;
2) Мемлекеттік корпорацияда: www.gov4c.kz;
3) www.egov.kz порталында орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі

Әскерге шақырылушы, әскери міндетті (не нотариат растаған сенімхат бойынша оның өкілі) Мемлекеттік корпорацияға өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш;
жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
жеке әскери-есептік құжат (тіркеу туралы куәлік, әскери билет, уақытша куәлік (әскери билеттің орнына);
әскери қызметке жарамдылық санаты туралы медициналық куәландыру картасы;
порталға:
ұялы байланыс операторы ұсынған әскерге шақырылушының, әскери міндеттінің абоненттік нөмірі порталдың есептік жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда әскерге шақырылушының, әскери міндеттінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен немесе бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш;
әскерге шақыру учаскесіне тіркеу туралы куәліктің электрондық көшірмесін әскерге шақырылушы, әскери міндетті мемлекеттік қызмет көрсету өтінішіне тіркейді;
әскери қызметке жарамдылық санаты туралы медициналық куәландыру картасының электрондық көшірмесін әскерге шақырылушы, әскери міндетті мемлекеттік қызмет көрсету өтінішіне тіркейді.
Әскерге шақырылушының, әскери міндеттінің жеке басын куәландыратын (сәйкестендіру үшін) құжат туралы, соттылығының болуы не болмауы туралы, соңғы тұрғылықты жері немесе уақытша тіркелген жері туралы мәліметтерді ЖӘБО немесе Мемлекеттік корпорация жұмыскері "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер

ЖӘБО мынадай негіздер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынудан бас тартады:
1) әскерге шақырылушы, әскери міндетті мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) нақты еместігін анықтау;
2) әскерге шақырылушының, әскери міндеттінің және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабында және осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

Әскерге шақырылушыларды, әскери міндеттілерді оқыту өтеулі негізде - 1 ақпан мен 20 желтоқсан кезеңінде жүзеге асырылады.
Әскерге шақырылушы, әскери міндетті оқуды аяқтағаннан және әскери оқытылған резервті даярлау бағдарламасы бойынша оқуды аяқтағаны туралы сертификатты алғаннан кейін оқуға қабылдау туралы хабарлама халыққа қызмет көрсету орталықтарының интеграцияланған ақпараттық жүйесінде мемлекеттік көрсетілетін қызметті жабу үшін ЖӘБО арқылы Мемлекеттік корпорацияға қайтарылуға тиіс.
Әскерге шақырылушының, әскери міндеттінің қашықтықтан қолжетімділік режимінде ЖӘБО-ның анықтама қызметі, Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы мемлекеттік қызмет көрсету белгісі туралы ақпарат алу мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің www.mod.gov.kz интернет-ресурсында, сондай-ақ Мемлекеттік корпорацияның www.gov4c.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы алуға болады.

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2020 жылғы 18 мамырдағы
№ 216 бұйрығына
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігінің
мамандандырылған
ұйымдарында әскери-
техникалық және өзге де
мамандықтар бойынша әскерге
шақырылушыларды, әскери
міндеттілерді жинау, оларды
жіберу және өтеусіз және өтеулі
негіздерде оқыту, оқу-тәрбие
процесін ұйымдастыру
қағидаларына, сондай-ақ оқу
мерзімдеріне
2-2-қосымша
  Нысан
  __________________________
_________________ бастығына
__________________________
мекенжайы бойынша тұратын
__________________________
тегі, аты, әкесінің аты
(ол бар болған кезде)
телефоны _________________

Өтініш

      Мені "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мектебі"

      республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының филиалына түсу үшін кандидат ретінде

      қабылдауыңызды сұраймын.

      Мынадай құжаттарды қоса беремін:

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Күні __________________

      Қолы _________________

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2020 жылғы 18 мамырдағы
№ 216 бұйрығына
3-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігінің
мамандандырылған
ұйымдарында әскери-
техникалық және өзге де
мамандықтар бойынша әскерге
шақырылушыларды, әскери
міндеттілерді жинау, оларды
жіберу және өтеусіз және өтеулі
негіздерде оқыту, оқу-тәрбие
процесін ұйымдастыру
қағидаларына, сондай-ақ оқу
мерзімдеріне
2-3-қосымша
  Нысан
  Тегі, аты, әкесінің аты
(ол бар болған кезде)
____________________________
(әскерге шақырылушының,
әскери міндеттінің мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы филиалының №____ бөлімі (мекенжайы көрсетілсін) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты мемлекеттік қызмет көрсетуге

      __________________________________________________________________________

      (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын стандартқа сәйкес көрсету)

      құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

      Жоқ құжаттардың атауы:

      1) ____________________________________;

      2) ____________________________________;

      Осы қолхат әрбір тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды.

      ____________________________________________________ ____________

      (Мемлекеттік корпорация жұмыскерінің тегі, аты, әкесінің аты (қолы) (ол бар болған кезде)

      Орындаушы: тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде) _______________

      Телефоны _________________

      Алдым:

      ____________________________________________________ ____________

      әскерге шақырылушының, әскери міндеттінің тегі, аты, әкесінің аты (қолы) (ол бар болған кезде)

      20__жылғы "___"____________

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2020 жылғы 18 мамырдағы
№ 216 бұйрығына
4-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігінің
мамандандырылған
ұйымдарында әскери-
техникалық және өзге де
мамандықтар бойынша әскерге
шақырылушыларды, әскери
міндеттілерді жинау, оларды
жіберу және өтеусіз және өтеулі
негіздерде оқыту, оқу-тәрбие
процесін ұйымдастыру
қағидаларына, сондай-ақ оқу
мерзімдеріне
2-4-қосымша
  Нысан
  Әскерге шақырылушының,
әскери міндеттінің тегі, аты,
әкесінің аты
(ол бар болған кезде)
  ____________________________
____________________________
(әскерге шақырылушының,
әскери міндеттінің мекенжайы)

Азаматтарды әскери-техникалық және басқа да әскери мамандықтар бойынша даярлауға қабылдау туралы хабарлама

      __________________________________________________________________________

      (жергілікті әскери басқару органының атауы көрсетілсін)

      бастығының шешіміне сәйкес Сіз ақылы негізде әскери оқытылған резервті даярлау

      бағдарламасы бойынша оқудан өту үшін _____________________________________________

      мекенжайы бойынша орналасқан

      __________________________________________________________________________

      (ҚР Қорғаныс министрлігі мамандандырылған ұйымының атауы көрсетілсін)

      оқуға қабылдандыңыз.

      "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы негізінде Сіз:

      1) "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мектебі" РМҚК, мекенжайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Әуезов көшесі, 2, СТТН: 620200012088, ЖСК: "Қазақстан Халық банкі" АҚ KZ886010111000166464, БСК: НSВККZKX, БСН: 000840000345, КБЕ: 16, КНП: 861. деректемелері бойынша екі жүз алпыс үш мың үш жүз он сегіз теңгені құрайтын мемлекеттік қызмет көрсету құнын төлеуіңіз қажет.

      Төлем қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады;

      2) ________________________________________________________________________

      мекенжайы бойынша 20__жылғы "___"__________ сағат "___" жиынға келу қажет;

      3) оқуға төленгені туралы түбіртекпен бірге осы хабарламаны 20__жылғы "___"__________

      __________________________________________________________________________

      (жергілікті әскери басқару органының атауы көрсетілсін)

      мекенжайы бойынша тапсыру қажет.

      Сабақтар 20__жылғы "___"__________ бастап 20__жылғы "___"_________ дейін

      __________________________________ мекенжайы бойынша өткізіледі.

      ________________________________________ облысы

      жергілікті әскери басқару органының бастығы

      _______________________________________________

      (әскери атағы, қолы, тегі және инициалдары)

      Хабарлама әрбір тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды.

      Орындаушы: тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде) ____________

      Телефоны ___________

      Алдым:

      ____________________________________________________ ______________________

      (әскерге шақырылушының, әскери міндеттінің тегі, аты, әкесінің аты (қолы) (ол бар болған кезде)

      20__жылғы "___"____________

      № _________________ әскери оқытылған резервті даярлау бағдарламасы бойынша

      оқуды аяқтағаны туралы сертификат 20__ жылғы "___"__________ берілді,

      __________________________________________________________________________

      (ҚР Қорғаныс министрлігі мамандандырылған ұйымының атауы көрсетілсін)

      филиалының директоры

      Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде) _____________________________________

      (филиал директоры) (қолы)

      Мөрдің орны

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2020 жылғы 18 мамырдағы
№ 216 бұйрығына
5-қосымша

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің күші жойылды деп тануға жататын кейбір бұйрықтарының тізімі

      1) "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 14 наурыздағы № 113 бұйрығы 1-тармағының 9) тармақшасы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15393 болып тіркелген, 2017 жылғы 11 тамызда электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);

      2) "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 11 қыркүйектегі № 515 бұйрығы 1-тармағының 9) тармақшасы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15792 болып тіркелген, 2017 жылғы 24 қазанда электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);

      3) "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 14 наурыздағы № 113 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 11 маусымдағы № 442 бұйрығы 1-тармағының он екінші абзацы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18846 болып тіркелген, 2019 жылғы 24 маусымда электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).