Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 05.01.2022 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының м.а. 25.12.2020 № 161 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Мыналар:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес "Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес "Прокуратура органдарынан, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары;
3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті мен оның аумақтық органдары архивтерінің шегінде архивтік анықтамаларды және/немесе архивтік құжаттардың көшірмелерін беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары;
4) Алып тасталды – ҚР Бас Прокурорының м.а. 25.12.2020 № 161 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет) заңнамамен бекітілген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрықты Комитеттің аумақтық органдарына орындау үшін жіберуді қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры |
Г. Нурдаулетов |
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2020 жылғы 18 мамырдағы № 64 бұйрығына 1-қосымша |
"Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" (бұдан әрі – Заң) 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібін айқындайды.
2. "Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті және оның аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және (немесе) заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) электрондық нысанда, шет елге шығу үшін – қағаз нысанында көрсетіледі.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 05.01.2022 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама беру туралы өтінішті осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) және ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы не "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес "Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартында (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты) көрсетілген құжаттарды қоса ұсына отырып береді.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының м.а. 25.12.2020 № 161 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің сипаттамасы, нысаны, мазмұны және нәтижесі, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну ерекшеліктерін ескере отырып, басқа да мәліметтер қамтылатын мемлекеттік қызметті көрсетуге негізгі талаптардың тізбесі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартында мазмұндалған.
Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорацияның қызметкері "электрондық үкімет" шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады. Ақпараттық жүйелерде тиісті мәліметтер болмаған кезде, құжаттардың электрондық көшірмелерін жасайды, кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
Мемлекеттік корпорация құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге оларды қабылдаған күні жеткізуді қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі.
Құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.
Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалармен көзделген тізбеге сәйкес толық құжаттар топтамасын ұсынбаған, қолдану мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар мәліметтерінің және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) шынайы еместігі анықталған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама беруге құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Мемлекеттік корпорация арқылы алған кезде Мемлекеттік корпорация қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжат нысанындағы өтініш (көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуы) ЭҮШ арқылы көрсетілетін қызметті берушінің автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – ААЖ) құжаттарды қабылдаған күні жіберіледі.
Портал арқылы жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрау салуды қарау мәртебесі туралы ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін - соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтаманы алу күні және уақытын көрсетумен хабарлама жіберіледі.
Анықтамада сауалнамалық деректер (тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда), туған күні (күні, айы, жылы) және жері) "Жеке тұлғалар" Мемлекеттік деректер базасының мәліметтеріне сәйкес көрсетіледі.
Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Бас Прокурорының м.а. 25.12.2020 № 161 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. Сұрау салуды өңдеуді көрсетілетін қызметті беруші ААЖ-ға сұрау салу келіп түскен кезден бастап жүзеге асырады.
ААЖ-да көрсетілетін қызметті алушының сауалнамалық деректерінің ААЖ-ның тексеру сәйкестендірушісі бойынша сәйкестіктері болмаған кезде, сұрау салуға жауап осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес электрондық құжат нысанында 10 (он) минут ішінде жіберіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі порталға жіберіледі және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" сақталады.
ААЖ-да көрсетілетін қызметті алушының сауалнамалық деректерінің ААЖ-ның тексеру сәйкестендіргіші бойынша сәйкес келуі анықталған кезде, көрсетілетін қызметті беруші 3 (үш) жұмыс күні ішінде ААЖ-ның деректері, оның ішінде соттылықты өтеу мерзімін есептеуді тексереді (өңдейді), одан кейін қызметті алушыға сұрау салуға жауап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жіберілетіні туралы хабарланатын аралық жауапты бір уақытта жібере отырып, 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сын пайдалана отырып, электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі ресімделеді.
Қосымша анықтау тексерісін (процестік шешімді анықтау үшін тиісті мемлекеттік органдарға сұрау салуды жіберу) жүргізген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілген мерзімде аралық жауап жіберіледі, онда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті алған сәттен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні өткеннен кейін көрсетілетін қызметті алушының қайтадан жүгінуінің қажеттілігі туралы хабарланады.
Осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес қағаз нысанында нәтижені ресімдеген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші оны көрсетілетін қызметті алушы таңдаған Мемлекеттік корпорацияның филиалына мемлекеттік қызметті көрсетудің мерзімі өткенге дейін бір тәуліктен кешіктірмей жеткізуді қамтамасыз етеді.
Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Бас Прокурорының м.а. 25.12.2020 № 161 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – үшінші тұлғалар) портал арқылы электрондық нысанда басқа жеке тұлғаға қатысты оның келісімі болған жағдайда көрсетілуі мүмкін.
Үшінші тұлғалар портал арқылы көрсетілетін қызметті алуға сұрау салу жібереді. Үшінші тұлғалардың электрондық сұрау салуы өзіне қатысты мәліметтер сұратылып отырған адам порталда "жеке кабинеттен", сондай-ақ порталда тіркелген адамның ұялы байланыстың абоненттік нөмірі арқылы порталдың хабарламасына жауап ретінде бір реттік парольді жіберу немесе қысқа мәтіндік хабарлама жіберу жолымен келісім берген жағдайда орындалады.
Мемлекеттік қызметті көрсетуге мәліметтер сұратылып отырған адамның келісімі (бас тартуы) сұрау салу келіп түскен кезден бастап 2 (екі) сағаттың ішінде жіберіледі. Келісім алынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-сын пайдалана отырып, ААЖ арқылы қалыптастырылған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі үшінші тұлғаның "жеке кабинетіне" жіберіледі.
8. Көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет "бір өтініш" қағидаты бойынша "Прокуратура органдарынан, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" мемлекеттік көрсетілетін қызметпен бірге осы бұйрыққа 2-қосымшаға (бұдан әрі – "бір өтініш" қағидаты бойынша қызмет) сәйкес көрсетіледі.
Осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес апостилі бар соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтаманы беру туралы өтініш портал арқылы не Мемлекеттік корпорация арқылы жіберіледі.
"Прокуратура органдарынан, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтінішті және (немесе) талап етілетін құжаттарды және (немесе) мәліметтерді алған күннен бастап "бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілетін қызметтердің құрамына кіретін мемлекеттік қызметтер көрсетудің тәртібін реттейтін заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік баж алынады.
"Прокуратура органдарынан, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін мемлекеттік баж төлемі "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) немесе екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылады.
Портал арқылы "бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілетін қызметті алу үшін электрондық өтінім берілген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы қағаз нысанында "бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу үшін порталда шетел мемлекетінің ("бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілетін қызметтің нәтижесін ұсыну елі) атауын және Мемлекеттік корпорация филиалын қосымша таңдайды.
"Бір өтініш" қағидаты бойынша қызметті көрсету мерзімі – 10 (он) жұмыс күні, оның ішінде:
соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама дайындау – 5 (бес) жұмыс күні;
соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтамаға апостиль қою – 5 (бес) жұмыс күні.
"Бір өтініш" қағидаты бойынша қызметті көрсету нәтижесі – апостиль мөртабаны қойылған қағаз нысанындағы соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама (бұдан әрі – апостилі бар анықтама) не оны көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
"Бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілетін қызметті Мемлекеттік корпорация арқылы алған кезде, апостилі бар анықтаманы беру туралы өтініш беріледі. "Прокуратура органдарынан, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін мемлекеттік бажды төлегені туралы түбіртек қосымша ұсынылады.
9. Көрсетілетін қызметті берушінің ААЖ-сы істен шыққан, электрондық байланыс болмаған немесе хабарламаны жіберуге кедергі келтіретін басқа да мән-жайлар туындаған жағдайларда, ақпараттық жүйелерді алып жүруге және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (бұдан әрі – АКТ) пайдалануға жауапты көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті бөлімшесі дереу техникалық істен шығудың туындауы анықталған кезден бастап 1 (бір) сағаттан кешіктірмей, көрсетілген себептерді анықтау және жою үшін шаралар қабылдайды (жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін).
Хабарламаларды жіберуді 1 (бір) сағаттан артық кешіктіруге әкеп соқтыратын әрбір жағдайды көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті бөлімшесінің ақпараттық жүйелерді алып жүруге және АКТ-ны пайдалануға жауапты орындаушысы арнайы журналда белгілейді.
10. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабының 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіпте мемлекеттік қызметті көрсету кезеңі туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
3-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша шағымды шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті берушіге, лауазымды адамға береді.
Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам егер 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім қабылдаса не әрекет жасаса, ол шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.
Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік корпорация жұмыскерлерінің қызмет көрсету кезіндегі әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым оның басшысының атына не ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға беріледі.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 05.01.2022 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама беру туралы ӨТІНІШ
Сізден соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама беруіңізді сұраймын
___________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), туған жылы (күні, айы, жылы)
(қажеттілік болған кезде олар ауыстырылған жағдайда, бұрынғы анықтамалық
деректерді де көрсету қажет) анықтама сұратылып жатқан жеке тұлғаның жеке
сәйкестендіру нөмірі, электрондық түрде немесе қағаз тасымалдағышта қандай
анықтама керек екенін көрсету қажет).
Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтердің
пайдаланылуына келісемін.
_______________________________________________ _________
Көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, қолы
әкесінің аты (болған жағдайда)
20___ жылғы "__" ____________
"Соттылықтың болуы | |
не болмауы туралы анықтама | |
беру" мемлекеттік қызметін | |
көрсету қағидаларына | |
2-қосымша |
"Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 05.01.2022 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті және оның аумақтық органдары |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынудың тәсілдері (қол жеткізу арналары) |
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау және беру: |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
1) құжаттар топтамасын Мемлекеттік корпорацияға тапсырған күннен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 10 (он) минут; |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны |
Электрондық (ішінара автоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
"Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларының 4 немесе 5-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама беру. |
6 | Қазақстан Республикасы заңнамасымен көзделген жағдайларда мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және оны алу тәсілдері | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және (немесе) заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі. |
7 | Жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, дүйсенбі мен жұма аралығында белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін; |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі |
1) Мемлекеттік корпорацияға: |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер | Жоқ |
10 | Мемлекеттік қызметті көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызметті көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар |
Қажет болған жағдайда, тұрмыс-тіршілігін шектейтін ағза функцияларында тұрақты ауытқумен денсаулығы бұзылған көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау Мемлекеттік корпорацияның қызметкерімен Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефонына жүгіну арқылы тұрғылықты мекенжайына барумен жүзеге асырылады. |
Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама беруге құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы филиалының №__ бөлімі (мекенжайды көрсету қажет) мемлекеттік қызметті көрсетуге (мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің атауы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартына сәйкес көрсетілсін) құжаттарды Сіз мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын, атап айтқанда:
Жетіспейтін құжаттардың құжаттардың атауы:
1) ___________________________________________________________;
2) ___________________________________________________________;
3) ____________________________________________________________________...
ұсынбауыңызға және (немесе) қолдану мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынуыңызға байланысты қабылдаудан бас тартады.
Осы қолхат әр тарап үшін бір-бірден, барлығы 2 (екі) данада жасалды.
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) ____________________(қолы)
Телефоны ____________
Алдым: тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)/көрсетілетін қызметті алушының қолы
20__ жылғы "__" __________
"Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларына 4-қосымша |
|
Нысан |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БАС ПРОКУРАТУРАСЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ СТАТИСТИКА ЖӘНЕ АРНАЙЫ ЕСЕПКЕ АЛУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТІ КОМИТЕТ ПО ПРАВОВОЙ СТАТИСТИКЕ И СПЕЦИАЛЬНЫМ УЧЕТАМ ГЕНЕРАЛЬНОЙ ПРОКУРАТУРЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН А Н Ы Қ Т А М А С П Р А В К А
_________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)/фамилия, имя, отчество (при его наличии)
__________________________________________________________________________
(туған жылы /дата рождения)
__________________________________________________________________________
(туған жері / место рождения)
20___ жылғы "___"_________ жағдай бойынша соттылығы жоқ / бар.
По состоянию на "__" ________ 20__ года судимости не имеет / имеет.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!! Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ақпараттық-анықтама есептерінің мәліметтері қолданыстағы заңнамаға сәйкес пайдаланылады. Осы анықтамада көрсетілген мәліметтер қылмыстық істер бойынша процестік шешімді қабылдау кезінде, мемлекеттік фунцияларды орындауға уәкілетті тұлғаларға және оларға теңестірілген тұлғаларға қатысты арнайы тексерулер жүргізу кезінде, сондай-ақ заңнамалық актілермен көзделген оларды қылмыстық жауаптылыққа тартумен байланысты шектеулер қойылған адамдарға қатысты қолдануға жатпайды. ВНИМАНИЕ!!! Сведения информационно-справочных учетов Комитета по правовой статистике и специальным учетам Генеральной прокуратуры Республики Казахстан используются в соответствии с действующим законодательством. Указанные в настоящей справке сведения не подлежат использованию при принятии процессуальных решений по уголовным делам, при производстве специальных проверок в отношении лиц, уполномоченных на выполнение государственных функций, и лиц приравненных к ним, а также в отношении лиц, подпадающих под ограничения, связанные с привлечением их к уголовной ответственности, предусмотренные законодательными актами. |
---|
Осы құжат "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 1-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдей.
Данный документ согласно пункту 1 статьи 7 Закона Республики Казахстан от 7 января 2003 года "Об электронном документе и электронной цифровой подписи" равнозначен документу на бумажном носителе.
Электрондық құжаттың түпнұсқалығын Сіз egov.kz сайтынан, сондай-ақ "электрондық үкімет" веб-порталының мобильді қосымшасы арқылы тексере аласыз.
Проверить подлинность электронного документа Вы можете на egov.kz, а также посредством мобильного приложения веб-портала "электронного правительства".
штрих-код "Арнайы есепке алу" автоматтандырылған ақпараттар жүйесінен алынған жəне Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің басқармасы бастығының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған деректерді қамтиды.
штрих-код содержит данные, полученные из автоматизированной информационной системы "Специальные учеты" и подписанный электронно-цифровой подписью начальника Управления Комитета по правовой статистике и специальным учетам Генеральной прокуратуры Республики Казахстан.
"Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 5-қосымша |
|
нысан |
Соттылықтың болуы не болмауы туралы А Н Ы Қ Т А М А С П Р А В К А о наличии либо отсутствии судимости
Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 05.01.2022 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
_____________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)/фамилия, имя, отчество (при его наличии)
_____________________________________________________________________________
(туған жылы / дата рождения)
_____________________________________________________________________________
(туған жері / место рождения)
20__ жылғы "__" ____________ жағдай бойынша соттылығы жоқ / бар. По состоянию на "__" _________ 20_____года судимости не имеет / имеет. Осы анықтама шет елге шығу үшін беріледі. Настоящая справка выдается для выезда за границу.
Басқарма бастығы ____________________________ ____________________________ Начальник управления ____________________________ ____________________________ |
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!! |
(форматтың мөлшері А 4) (размер формата А 4)
Апостилі бар соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама беру туралы өтініш
Сізден апостилі бар соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтаманы
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), туған жылы (күні, айы, жылы) (қажет болған
кезде олар ауыстырылған жағдайда бұрынғы анықтама деректерін көрсету қажет)
одан әрі ___________________________________________ (шетел мемлекетінің атауы)
құзыретті органына ұсыну үшін ____________________________ беруіңізді сұраймын.
Осы өтінішке апостиль қою үшін мемлекеттік бажды төлеу туралы түбіртек қоса беріледі
(әрбір құжатқа).
Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтердің
пайдаланылуына келісемін.
_______________________________________________ ________
Көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, қолы
әкесінің аты (болған жағдайда)
20___ жылғы "__" ____________
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2020 жылғы 18 мамырдағы № 64 бұйрығына 2- қосымша |
"Прокуратура органдарынан, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Прокуратура органдарынан, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" (бұдан әрі – Заң) 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін айқындайды.
2. "Прокуратура органдарынан, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті және оның аумақтық органдарымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) қағаз жүзінде көрсетіледі.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар көрсетілетін қызметті берушіге прокуратура органдарынан, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қоюға өтінішті осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес "Прокуратура органдарынан, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартында (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты) көрсетілген құжаттарды қоса ұсына отырып береді.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің сипаттамасы, нысаны, мазмұны және нәтижесі, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну ерекшеліктерін ескере отырып, басқа да мәліметтер қамтылатын мемлекеттік қызметті көрсетуге негізгі талаптардың тізбесі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартында мазмұндалған.
Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорацияның қызметкері "электрондық үкімет" шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады. Ақпараттық жүйелерде тиісті мәліметтер болмаған кезде, құжаттардың электрондық көшірмелерін жасайды, кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
Мемлекеттік корпорация құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге оларды қабылдаған күні жеткізуді қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі.
Құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.
Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалармен көзделген тізбеге сәйкес толық құжаттар топтамасын ұсынбаған, қолдану мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар мәліметтерінің және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) шынайы еместігі анықталған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша прокуратура органдарынан, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қоюға құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру көрсетілетін қызметті алушы (не нотариалды түрде куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) жеке басты куәландыратын құжатты көрсеткен жағдайда жүзеге асырылады.
6. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар келіп түскен күні көрсетілетін қызметті алушының анықтама деректерін осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша апостиль қойылған құжаттарды есепке алу журналында және ақпараттық жүйеде тіркейді.
Көрсетілетін қызметті беруші 3 (үш) жұмыс күні ішінде ақпараттық жүйелер және картотека бойынша көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын, ресми құжаттың түпнұсқалығын тексереді (өңдейді).
Тексеру қорытындысы бойынша 1 (бір) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі – адамның қойылған қолының түпнұсқалығын куәландыратын және оның өкілеттігін, сондай-ақ осы құжат бекітілген мөр немесе мөртабанның түпнұсқалығын растайтын арнайы мөртабан – апостиль қойылған құжат не Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауап ресімделеді.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер бар болған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күнінен бұрын жіберіледі. Тыңдау көрсетілетін қызметті алушы хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижесі бойынша көрсетілетін қызметті алушыға апостиль қойылған құжат не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту жөнінде уәжді жауап жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту жөніндегі уәжді жауапты қағаз жеткізгіште Мемлекеттік корпорацияның филиалына мемлекеттік қызметті көрсетудің мерзімі өткенге дейінгі бір күннен кешіктірмей жеткізуді қамтамасыз етеді.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 05.01.2022 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабының 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіпте мемлекеттік қызметті көрсету кезеңі туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
8. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті "бір өтініш" қағидаты бойынша осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес "Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама беру", не осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті мен оның аумақтық органдары архивтерінің шегінде архивтік анықтамаларды және/немесе архивтік құжаттардың көшірмелерін беру" мемлекеттік қызметтерін алған кезде көрсетілетін қызметті алушылармен ұсынылған өтініштер және (немесе) талап етілетін құжаттарды және (немесе) мәліметтерді алған күннен бастап алуға болады.
3-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
9. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша шағымды шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті берушіге, лаузымды адамға береді.
Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам егер 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім қабылдаса не әрекет жасаса, ол шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.
Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік корпорация жұмыскерлерінің қызмет көрсету кезіндегі әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым оның басшысының атына не ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға беріледі.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 05.01.2022 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Прокуратура органдарынан, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қоюға өтініш
Маған _________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), туған жылы (күні, айы, жылы)
(қажеттілік болған кезде олар ауыстырылған жағдайда, бұрынғы анықтамалық
деректерді де көрсету қажет) жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі)
"Прокуратура органдарынан, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми
құжаттарға апостиль қою" мемлекеттік көрсетілетін
қызметті ____________________________________________
(шетел мемлекетінің атауы) құзыретті органына одан әрі ұсыну үшін беруді сұраймын.
Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтердің
пайдаланылуына келісемін.
___________________________________ _____________
Көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, қолы
әкесінің аты (болған жағдайда)
20___ жылғы "__" __________
"Прокуратура органдарынан, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларына 2-қосымша |
"Прокуратура органдарынан, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 05.01.2022 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті және оның аумақтық органдары |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынудың тәсілдері | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау және беру "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады. |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
1) құжаттар топтамасын облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада орналасқан Мемлекеттік корпорация филиалдарының бөлімдеріне тапсырған күннен бастап - 5 (бес) жұмыс күні; |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны |
Қағаз түрінде |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Адамның қойылған қолының түпнұсқалығын және оның өкілеттігін куәландыратын, сондай-ақ осы құжат бекітілген мөр және мөртабанның түпнұсқалығын растайтын арнайы мөртабан – апостиль қойылған құжат не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап. Мемлекеттік корпорация соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтаманың қағаз нысанда 1 (бір) айдың ішінде сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оны көрсетілетін қызметті берушіге 2 (екі) ай ішінде одан әрі сақтау үшін береді. Көрсетілетін қызметті алушы 1 (бір) ай өткеннен кейін жүгінген кезде, Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді. |
6 | Қазақстан Республикасы заңнамасымен көзделген жағдайларда мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және оны алу тәсілдері |
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке тұлғаларға ақылы түрде көрсетіледі. |
7 | Жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, дүйсенбі мен жұма аралығында белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін; |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі |
"Прокуратура органдарынан, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша арыз; |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартқан кезде көрсетілетін қызметті беруші бас тартудың мынадай: |
10 | Мемлекеттік қызметті көрсетудің, оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызметті көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар |
Қажет болған жағдайда, тұрмыс-тіршілігін шектейтін ағза функцияларында тұрақты ауытқумен денсаулығы бұзылған көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау Мемлекеттік корпорацияның қызметкерімен Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефонына жүгіну арқылы тұрғылықты мекенжайына барумен жүзеге асырылады. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет "бір өтініш" қағидаты бойынша "Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметпен немесе "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті мен оның аумақтық органдары архивтерінің шегінде архивтік анықтамаларды және/немесе архивтік құжаттардың көшірмелерін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметпен жиынтықта көрсетілуі мүмкін. |
Прокуратура органдарынан, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қоюға құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы филиалының №__ бөлімі (мекенжайды көрсету қажет) мемлекеттік қызметті көрсетуге (мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің атауы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартына сәйкес көрсетілсін) құжаттарды Сіз мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын, атап айтқанда:
Жетіспейтін құжаттардың атауы:
1) ___________________________________________________________;
2) ___________________________________________________________;
3) ____________________________________________________________________...
ұсынбауыңызға және (немесе) қолдану мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынуыңызға байланысты қабылдаудан бас тартады.
Осы қолхат әр тарап үшін бір-бірден, барлығы 2 (екі) данада жасалды.
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы қызметкерінің тегі, аты,
әкесінің аты (болған жағдайда) ____________________(қолы)
Телефоны ____________
Алдым: тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)/көрсетілетін қызметті алушының қолы
20__ жылғы "__" __________
"Прокуратура органдарынан, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларына 4-қосымша |
|
Нысан |
Апостиль қойылған құжаттарды есепке алу журналы
Кір.№, құжаттың түскен күні / вх. №, дата поступления документа | Шығ.№, құжаттың жіберілген күні / исх.№, дата отправки документа | Көрсетілетін қызметті алушының ЖСН-ы / ИИН услугополучателя | Көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә. (болған жағдайда) / Ф.И.О. (при его наличии) услугополучателя | Апостилі бар соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама композитті түрде құжатқа қол қойған тұлғаның (Т.А.Ә. (болған жағдайда) және лауазымы)/ Справка о наличии либо отсутствии судимости с апостилем композитно (Ф.И.О. (при его наличии) и должность лица, подписавшего документ) | Апостилі бар соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама композитсіз (азаматтан Мемлекеттік корпорация арқылы) (органның толық атауы, Т.А.Ә. (болған жағдайда) және құжатқа қол қойған тұлғаның лауазымы) / Справка о наличии либо отстутсвии судимости с апостилем вне композита (от гражданина через Госкорпорацию) (полное наименование органа, Ф.И.О. (при его наличии) и должность лица, подписавшего документ) | Апостилі бар архивтік анықтама (органның толық атауы, Т.А.Ә. (болған жағдайда) және құжатқа қол қойған тұлғаның лауазымы) / Архивная справка с апостилем (полное наименование органа, Ф.И.О. (при его наличии) и должность лица подписавшего документ) | Ақтау туралы анықтама және апостилі бар прокуратура органдарының басқа құжаттары (құжаттың және прокуратураның толық атауы, Т.А.Ә. (болған жағдайда) және құжатқа қол қойған тұлғаның лауазымы)/ Справка о реабилитации и другие документы органов прокуратуры с апостилем (полное наименование документа, прокуратуры, Ф.И.О. (при его наличии) и должность лица, подписавшего документ) | Апостилі бар тергеу және анықтау органдарының құжаттары (құжаттың және органның толық атауы, Т.А.Ә. (болған жағдайда) және құжатқа қол қойған тұлғаның лауазымы)/ Документы органов следствия и дознания с апостилем (полное наименование документа, органа, Ф.И.О. (при его наличии) и должность лица, подписавшего документ) | Барлық апостиль қойылған құжат/ Всего апостилировано документов | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2020 жылғы 18 мамырдағы № 64 бұйрығына 3-қосымша |
"Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті мен оның аумақтық органдары архивтерінің шегінде архивтік анықтамаларды және/немесе архивтік құжаттардың көшірмелерін беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті мен оның аумақтық органдары архивтерінің шегінде архивтік анықтамаларды және/немесе архивтік құжаттардың көшірмелерін беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібін айқындайды.
2. "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті мен оның аумақтық органдары архивтерінің шегінде архивтік анықтамаларды және/немесе архивтік құжаттардың көшірмелерін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті мен оның аумақтық органдарымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және (немесе) заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз нысанда көрсетіледі.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге арызды осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес "Электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) не "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысанда, "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті мен оның аумақтық органдары архивтерінің шегінде архивтік анықтамаларды және/немесе архивтік құжаттардың көшірмелерін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартында (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты) көрсетілген құжаттарды қоса тіркей отырып береді.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 05.01.2022 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің сипаттамасы, нысаны, мазмұны және нәтижесі, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну ерекшеліктерін ескере отырып, басқа да мәліметтер қамтылатын мемлекеттік қызметті көрсетуге негізгі талаптардың тізбесі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартында мазмұндалған.
Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорацияның қызметкері "электрондық үкімет" шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Ақпараттық жүйелерде тиісті мәліметтер болмаған кезде, құжаттардың электрондық көшірмелерін жасайды, кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады және құжаттарды қабылдаған күні ЭЦҚ-мен куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжат нысанында (көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуы) ЭҮШ арқылы көрсетілетін қызметті берушінің автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті берушінің ААЖ) жібереді.
Мемлекеттік корпорация құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге оларды қабылдаған күні жеткізуді қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі.
Құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.
Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалармен көзделген тізбеге сәйкес толық құжаттар топтамасын ұсынбаған, қолдану мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың мәліметтері және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) шынайы еместігі анықталған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті мен оның аумақтық органдары архивтерінің шегінде архивтік анықтамаларды және/немесе архивтік құжаттардың көшірмелерін беруге құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
6. Көрсетілетін қызметті алушы 1940 жылдың 1 қаңтарында он алты жасқа толмаған адамға сұрау салу жіберген кезде, сұрау салынған адамның ата-анасының деректерін көрсетеді.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер бар болған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау көрсетілетін қызметті алушы хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Құжаттар топтамасы Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының талаптарына сәйкес келген кезде көрсетілетін қызметті беруші 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде арнайы қоныс аударуға жіберілген адамдарды есепке алатын автоматтандырылмаған (қағаз жүзіндегі) картотекада, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің ААЖ-да сұрау салынған ақпаратқа іздеу жүргізуді жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде сұрау салынған мәліметтерді анықтаған кезде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті мен оның аумақтық органдары архивтерінің шегінде архивтік анықтамалар және/немесе архивтік құжаттардың көшірмелерін (бұдан әрі – архивтік анықтама) қағаз жеткізгіште қалыптастырады, оған басшының қолы қойылады және оны Мемлекеттік корпорацияға жібереді, мәлімет болмаған жағдайда жауап қағаз немесе электрондық нысанда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті ұсынудың таңдалған әдісіне сәйкес жіберіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыға қағаз жеткізгіште архивтік анықтама, мәліметтер болмаған кезде –көрсетілетін қызметті алушы таңдаған мемлекеттік қызметті ұсынудың әдісіне сәйкес жауап қағаз немесе электрондық нысанда жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметке көрсетілетін сұрау салуды қарау мәртебесі, сонымен қатар нәтижені алатын жердің орны және күні көрсетілген ақпарат "жеке кабинетке" жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін немесе қағаз жеткізгіштегі мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі өткенге дейінгі бір күннен кешіктірмей Мемлекеттік корпорацияның филиалына жеткізуді қамтамасыз етеді.
Нәтижені беру көрсетілетін қызметті алушы таңдаған Мемлекеттік корпорацияның филиалы арқылы жеке басын куәландыратын құжатты немесе оның өкілінің нотариус бекіткен сенімхатты және жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған кезде жүзеге асырылады.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 05.01.2022 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7. Көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет "бір өтініш" қағидаты бойынша осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес "Прокуратура органдарынан, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" мемлекеттік көрсетілетін қызметпен (бұдан әрі – апостилі бар архивтік анықтама) бірге көрсетіледі.
Апостилі бар архивтік анықтаманы ұсынғаны үшін көрсетілетін қызметті берушіден архивтік анықтаманың дайындығы туралы хабарламаны алғаннан кейін мемлекеттік баж салығы алынады.
Апостилі бар архивтік анықтаманы алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті берушіге прокуратура органдарынан, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қоюға өтініш береді.
Портал арқылы "бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілетін қызметті алу үшін электрондық өтініш берілген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы "бір өтініш" қағидаты бойынша қызметтің нәтижесін қағаз нысанда алу үшін порталда шетел мемлекетінің ("бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілетін қызметтің нәтижесін ұсыну елі) атауын және Мемлекеттік корпорация филиалын қосымша таңдайды.
"Бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілетіндер құрамына кіретін мемлекеттік қызметтердің көрсетілу мерзімі 13 (он үш) жұмыс күнінен аспайды, оның ішінде:
архивтік анықтаманы дайындау – 8 (сегіз) жұмыс күні;
апостилі бар архивтік анықтаманы дайындау – 5 (бес) жұмыс күні.
"Бір өтініш" қағидаты бойынша қызметті көрсету нәтижесі – қағаз жүзіндегі апостилі бар архивтік анықтама не оны көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
8. Көрсетілетін қызметті берушінің ААЖ-сы істен шыққан, электрондық байланыс болмаған немесе хабарламаны жіберуге кедергі келтіретін басқа да мән-жайлар туындаған жағдайларда, ақпараттық жүйелерді алып жүруге және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (бұдан әрі – АКТ) пайдалануға жауапты көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті бөлімшесі дереу техникалық істен шығудың туындауы анықталған кезден бастап 1 (бір) сағаттан кешіктірмей, көрсетілген себептерді анықтау және жою үшін шаралар қабылдайды (жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін).
Хабарламаларды жіберуді 1 (бір) сағаттан артық кешіктіруге әкеп соқтыратын әрбір жағдайды көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті бөлімшесінің ақпараттық жүйелерді алып жүруге және АКТ-ны пайдалануға жауапты орындаушысы арнайы журналда белгілейді.
9. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабының 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіпте мемлекеттік қызметті көрсету кезеңі туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
3-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша шағымды шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті берушіге, лаузымды адамға береді.
Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам егер 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім қабылдаса не әрекет жасаса, ол шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.
Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік корпорация жұмыскерлерінің қызмет көрсету кезіндегі әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым оның басшысының атына не ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға беріледі.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 05.01.2022 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Архивтік анықтамаларды және/немесе архивтік құжаттардың көшірмелерін беру туралы ӨТІНІШ
Сізден маған, архивтік анықтама талап етілетін менің туыстарыма қатысты архивтік
анықтаманы, архивтік көшірмені немесе архивтік үзінді жазбаны беруіңізді сұраймын:
1.____________________,______________________________________________
(туыстық дәрежесі, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
____________________________________________________________________
(ұлты)
19____жылы,____________________________________________________ туған
(туған жері, қоныс аударғанға дейін тұрған жері)
___________________________________________(-дан, -ден, ...) қоныс аударды
____________________________________________________________________
(ауыл, колхоз, совхоз, аудан, қала, облыс, өлке, республика көрсетіледі)
және 19___жылы _________________________(-қа, -ке,...) арнайы қонысқа келді
(арнайы қоныс аударуда болған ауыл, колхоз, совхоз, аудан, қала, облыс, өлке,
республика көрсетіледі)
_____________________________________________________________________
және басқа да болуы мүмкін мәліметтер)
2.____________________,_______________________________________________
(туыстық дәрежесі, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
_____________________________________________________________________
(ұлты)
19____жылы,_____________________________________________________ туған
(туған жері, қоныс аударғанға дейін тұрған жері)
___________________________________________(-дан, -ден, ...) қоныс аударды
_____________________________________________________________________
(ауыл, колхоз, совхоз, аудан, қала, облыс, өлке, республика көрсетіледі)
және 19___жылы _________________________(-қа, -ке, ...) арнайы қонысқа келді
(арнайы қоныс аударуда болған ауыл, колхоз, совхоз, аудан, қала, облыс, өлке,
республика көрсетіледі)
______________________________________________________________________
және басқа да болуы мүмкін мәліметтер)
Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтердің пайдаланылуына келісемін.
______________________________________ ________
Көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, қолы
әкесінің аты (болған жағдайда)
20___ жылғы "__" ____________
Көрсетілетін қызметті алушының телефон нөмірі:_____________
Ескерту:
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), туған күні және жері баспа әріптермен
толтырылады, өтінішті толтыру кезінде міндетті түрде бұрынғы және өзгертілген
сауалнамалық деректер көрсетілуге жатады.
"Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті мен оның аумақтық органдары архивтерінің шегінде архивтік анықтамаларды және/немесе архивтік құжаттардың көшірмелерін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 05.01.2022 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті және оның аумақтық органдары |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынудың тәсілдері |
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау және беру: |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
1) құжаттар топтамасын облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада орналасқан Мемлекеттік корпорация филиалдарының бөлімдеріне тапсырған күннен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 8 (сегіз) жұмыс күні; |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны |
Электрондық (ішінара автоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті мен оның аумақтық органдары архивтерінің шегінде архивтік анықтама және/немесе архивтік құжаттардың көшірмелері, мәліметтер болмаған кезде –жазбаша жауап не порталдың "жеке кабинетінде" көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті адамның ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық құжат нысанында. |
6 | Қазақстан Республикасы заңнамасымен көзделген жағдайларда мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және оны алу тәсілдері | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және (немесе) заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі. |
7 | Жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, дүйсенбі мен жұма аралығында белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін; |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі |
1) Мемлекеттік корпорацияға: |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартқан кезде көрсетілетін қызметті беруші бас тартудың мынадай: |
10 | Мемлекеттік қызметті көрсетудің, оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызметті көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар |
Қажет болған жағдайда, тұрмыс-тіршілігін шектейтін ағза функцияларында тұрақты ауытқумен денсаулығы бұзылған көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорация қызметкері Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефонына жүгіну арқылы тұрғылықты мекенжайына барумен жүзеге асырады. |
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті мен оның аумақтық органдары архивтерінің шегінде архивтік анықтамаларды және/немесе архивтік құжаттардың көшірмелерін беруге құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы филиалының №__ бөлімі (мекенжайды көрсету қажет) мемлекеттік қызметті көрсетуге (мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің атауы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартына сәйкес көрсетілсін) құжаттарды Сіз мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын, атап айтқанда:
Жетіспейтін құжаттардың атауы:
1) __________________________________________________________;
2) ___________________________________________________________;
3) __________________________________________________________________...
ұсынбауыңызға және (немесе) қолдану мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынуыңызға байланысты қабылдаудан бас тартады.
Осы қолхат әр тарап үшін бір-бірден барлығы 2 (екі) данада жасалды.
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) ____________________(қолы)
Телефоны ____________
Алдым: тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)/көрсетілетін қызметті алушының қолы
20__ жылғы "__" __________
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2020 жылғы 18 мамырдағы № 64 бұйрығына 4-қосымша |
"Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша адамның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтер беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары
Ескерту. 4-қосымша алып тасталды – ҚР Бас Прокурорының м.а. 25.12.2020 № 161 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2020 жылғы 18 мамырдағы № 64 бұйрығына 5-қосымша |
Мыналар:
1) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерінің стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 27 шілдедегі № 95 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12055 болып тіркелген, 2015 жылғы 25 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
2) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерінің стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 27 шілдедегі № 95 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 29 ақпандағы № 37 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13577 болып тіркелген, 2016 жылғы 18 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
3) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерінің стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 27 шілдедегі № 95 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2017 жылғы 9 наурыздағы № 23 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14976 болып тіркелген, 2017 жылғы 7 сәуірде Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған);
4) "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы мәлімет беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2017 жылғы 9 наурыздағы № 24 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14977 болып тіркелген, 2017 жылғы 7 сәуірде Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған);
5) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 27 шілдедегі № 95 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 152 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18023 болып тіркелген, 2018 жылғы 27 желтоқсанда Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған);
6) "Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 27 шілдедегі № 95 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының міндетін атқарушысының 2019 жылғы 16 сәуірдегі № 26 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18536 болып тіркелген, 2019 жылғы 17 сәуірде Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған);
7) "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті және оның аумақтық органдары көрсететін мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2019 жылғы 22 қаңтардағы № 7 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18232 болып тіркелген, 2019 жылғы 29 қаңтарда Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған);
8) "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы мәлімет беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2017 жылғы 9 наурыздағы № 24 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының міндетін атқарушының 2019 жылғы 16 сәуірдегі № 27 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18537 болып тіркелді, 2019 жылғы 17 сәуірде Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған);
9) "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті және оның аумақтық органдары көрсететін мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2019 жылғы 22 қаңтардағы № 7 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2019 жылғы 24 мамырдағы № 44 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18730 болып тіркелген, 2019 жылғы 28 мамырда Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.