"Пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 23 мамырдағы № 367 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № 110 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 19 мамырда № 20670 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Пайдалы қазбалар жатқан аумақта құрылыс салуға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 23 мамырдағы № 367 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17049 болып тіркелген, Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 21 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат беру қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Геология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының электрондық үкімет порталында орналастыруын;

      3) көрсетілген бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелгеннен кейін 10 жұмыс күні ішінде 1) және 2) тармақшаларда көрсетілген шаралардың орындалуы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Экология, геология және табиғи ресурстар министрі
М. Мирзагалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      цифрлық даму, инновациялар мен

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрінің
2020 жылғы 18 мамырдағы
№ 110 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2018 жылғы 23 мамырдағы
№ 367 бұйрығымен
Бекітілген

Пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат беру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат беру қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 27-бабының 3-тармағына сәйкес әзiрленді және пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат беру тәртiбiн айқындайды.

      2. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) құрылыс салудың экономикалық орындылығы бөлігінде ұсынылған негіздеуші материалдарды қарастырады, ал жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкiлеттi органның аумақтық бөлімшесі (бұдан әрі - аумақтық бөлімше) пайдалы қазбаларды алу мүмкiндігі бөлігінде ұсынылған негіздеуші материалдарды қарастырады.

2-тарау. Пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат беру тәртiбi

      3. Елді мекендерді, өнеркәсіп кешендерін және (немесе) басқа да шаруашылық объектілерін жобалауға және салуға көрсетілетін қызметті беруші аумақтық бөлімшемен келісу бойынша алдағы уақытта құрылыс салынатын учаске астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ екендігі немесе олардың елеусіз екендігі туралы оң қорытындысын алғаннан кейін ғана рұқсат етіледі.

      4. Пайдалы қазбалар қабаттары жатқан аумақтарда құрылыс салуға аумақтық бөлімшемен келісу бойынша көрсетілетін қызметті берушінің рұқсатымен пайдалы қазбаларды алу мүмкіндігі қамтамасыз етілген немесе құрылыс салудың экономикалық орындылығы дәлелденген жағдайда жол беріледі.

      5. Пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат алу үшін жеке немесе заңды тұлға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Болашақ құрылыс учаскелері астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның маңызының аздығы туралы қорытынды беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге арналған өтінімді "электрондық үкімет" веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі-портал) арқылы көрсетілетін қызметті алушының куәландырылған электрондық цифырлық қолтаңбасымен жібереді.

      "Болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды беру" мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, процестің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет стандартында жазылған.

      Жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы өтінімді портал арқылы "жеке кабинетте" жіберген кезде нәтижені алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салудың қабылданғаны туралы статус автоматты түрде көрсетіледі.

      Мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы ақпарат мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесінде автоматты режимде жаңартылады.

      6. Көрсетілетін қызметті беруші 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімінде электронды түрде өтiнiмді тиісті аумақтық бөлiмшеге келісу үшiн жібереді.

      7. Аумақтық бөлiмше өтiнiмді тіркеген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімінде қарайды және алдағы құрылыс салу аумағының астында пайдалы қазбалардың болуы немесе жоқ екендігі (олардың елеусіз екендігі) туралы өтінімді келісімдейді.

      8. Өтінім берілген алдағы құрылыс салу аумағының астында пайдалы қазбалардың жоқ екендігі (олардың елеусіз екендігі) жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші 2 (екі) жұмыс күннен кешіктірмейтін мерзімінде көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша алдағы уақытта құрылыс салынатын учаске астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ екендігі (олардың елеусіз екендігі) туралы қорытынды береді, мұндай жағдайда пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат алу қажет емес.

      9. Өтінім берілген алдағы құрылыс салу аумағының астында пайдалы қазбалар бар екендігі жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші 2 (екі) жұмыс күнiнен кешіктірмейтін мерзімінде көрсетілетін қызметті алушыға алдағы құрылыс салу аумағының астында пайдалы қазбалардың болуы туралы хабарламаны береді.

      10. Болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды беру" мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздемелер:

      1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтінімнің және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған;

      2) аумақтық бөлімшенің мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған жағдайларда.

      11. Хабарламаны алғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушы "Пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат беру" мемлекеттік қызметін алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім береді.

      Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1) көзделіп отырған құрылыс салу аумағының және оған іргелес алаңның топографиялық жоспарының электрондық көшірмесі (топографиялық жоспардың көшірмесінде тау-кен-геологиялық ахуал, қолданыстағы және жобаланатын құрылыс контурлары, тау-кендік бөлу шекаралары, құрылыс объектілеріне тау-кен әзірлемелерінің зиянды әсер ету аймақтарының шекаралары көрсетіледі);

      2) электрондық түсіндірме жазба.

      Жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, , көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.

      Көрсетілетін қызметті алушы өтінімді портал арқылы "жеке кабинетте" жіберген кезде нәтижені алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салудың қабылданғаны туралы статус автоматты түрде көрсетіледі.

      Мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы ақпарат мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесінде автоматты режимде жаңартылады.

      "Пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, оның ішінде процестің сипаттамасы, нысаны, мазмұны мен нәтижесі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де мәліметтер осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет стандартында жазылған.

      12. Түсіндірме жазба мыналарды қамтиды:

      1) пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға сұрау салған көрсетілетін қызметті алушы туралы, объекті жобалауды және салуды жүзеге асыратын ұйымдар туралы мәліметтер;

      2) нысаналы мақсатын, қысқаша сипаттамасын және болжамды құрылыс аумағының көлемін қоса алғанда, объекті туралы мәліметтер;

      3) тау-кен бөлінісі аумағында объекті құрылысы жоспарлаған жер қойнауын пайдаланушы туралы мәліметтер, жоспарланған құрылыс ауданының қысқаша геологиялық сипаттамасы (ауданның геологиялық құрылымы, шөгудің тереңдігі, негізгі дененің және олармен бірге жатқан пайдалы қазбалардын құрылымы, қорлардың сапасы мен саны, гидрогеологиялық және инженерлік геологиялық талаптары);

      4) объектінің нысаналы бағытын, іргетас пен қабырға материалдарының сипаттамасын, жерасты құрылыстың бекітілуін; пайдалану уақытындағы өзгеру мүмкіндігін көрсете отырып, жоспарланған құрылыс объектсі туралы мәліметтер;

      5) құрылыс салудың экономикалық орындылығын негіздеу және пайдалы қазбалар жатқан аумаққа құрылыс салуға байланысты пайдалы қазбалардың күтілетін шығындарынан экономикалық залалды есепке ала отырып, оны басқа мүмкін нұсқалармен салыстыру;

      6) жер қыртысының және тау жыныстарының құрылыс учаскесі астында жатқан пайдалы қазбаларды алу кезінде күтілетін түрлен есебі, сондай-ақ құрылыс объектісі және техналогиялық жабдықтар үшін оларды тау-кен жұмыстарымен игерген кезде түрленуінің рұқсат берілген мөлшері.

      13. Көрсетілетін қызметті беруші өтінімді және негіздеуші материалдарды 2 (екі) жұмыс күннен кешіктірмейтін мерзімінде тиісті аумақтық бөлімшеге электронды түрде жібереді.

      14. Аумақтық бөлімше көрсетілетін қызметті берушіден пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат беру туралы өтінімнің көшірмесі және негіздеуші материалдар келiп түскен сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күннен кешіктірмейтін мерзімінде осы құжаттарды қарастырып, көрсетілетін қызметті берушіге пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға келісім хатты не осы Қағидалардың 16-тармағында көзделген жағдайларда дәлелдi бас тартуды бередi.

      15. Көрсетілетін қызметті беруші аумақтық бөлімшенің келісім хаты келiп түскен сәттен бастап 2 (екi) жұмыс күннен кешіктірмейтін мерзімінде көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға арналған рұқсат не осы Қағидалардың 16-тармағында көзделген жағдайларда дәлелдi бас тартуды бередi.

      16. Көрсетілетін қызметті беруші пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат беруден мынадай жағдайларда:

      1) құрылыс салу барысында жер қойнауынан пайдалы қазбаларды алу мүмкiн болмаса немесе құрылыс салудың экономикалық орындылығы дәлелденбесе;

      2) көрсетілетін қызметті алушының пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталса бас тартады;

      3) пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат беру үшін ұсынылған материалдар, объектілер, деректер мен мәліметтер осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеген;

      4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) бар болған жағдайларда бас тартады.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі

      17. 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 14-бабының 3) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына берілуі мүмкін.

      Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

  Пайдалы қазбалар жатқан
аумақтарда құрылыс салуға
рұқсат беру қағидаларына
1-қосымша
  Нысан
  ____________________________
(облыстардың, республикалық
маңызы бар қаланың, астананың
жергілікті атқарушы органдары)
____________________________
(жеке тұлғалар үшін: тегі, аты,
әкесінің аты (бар болған
жағдайда), жеке сәйкестендіру
нөмiрi, мекенжайы)
____________________________
атынан (заңды тұлғалар үшін:
толық атауы, бизнес-
сәйкестендіру нөмiрi,
мекенжайы)

Алдағы уақытта құрылыс салынатын учаске астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ екендігі немесе олардың елеусіз екендігі туралы қорытынды беру туралы өтінім

      ____________________________________________________________ алдағы құрылыс

      (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) не заңды тұлғаның атауы)

      салу аумағының астында пайдалы қазбалардың жоқ екендігі (олардың елеусіз екендігі) туралы қорытынды беруді сұрайды.

      Құрылыс салу объектісі:_____________________________________________________

      Географиялық координаттағы объектінің орналасқан жері:

Бұрыштық нүкте №

Бұрыштық нүктелердің координаттары

Солтүстік ендік

Шығыс бойлық

градустар

минуттар

секундтар

градустар

минуттар

секундтар

1

2

3

4

...

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпиямен құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      ____________________________________________________________________

      Қол қоятын адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      "____"_____________ 20__ жыл

  Пайдалы қазбалар жатқан
аумақтарда құрылыс салуға
рұқсат беру қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Алдағы уақытта құрылыс салынатын учаске астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ екендігі (олардың елеусіз екендігі) туралы қорытынды

      ________________________________________________________________________________

      (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) не заңды тұлғаның

      атауы, көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________ берілді.

      (құрылыс объектісінің географиялық координаттары бойынша орналасқан жері, мекенжайы)

      Қосымша:_______________________________________________________________________

      Қорытынды:_____________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (пайдалы қазбалардың болуы (болмауы) туралы қарау нәтижесі)

      Рұқсат берген органның басшысы:

      ________________________________________________________________________________

      (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

  Пайдалы қазбалар жатқан
аумақтарда құрылыс салуға
рұқсат беру қағидаларына
3-қосымша
  Нысан
  ____________________________
(облыстардың, республикалық
маңызы бар қаланың, астананың
жергілікті атқарушы органдары)
____________________________
(жеке тұлғалар үшін: тегі, аты,
әкесінің аты (бар болған
жағдайда), жеке сәйкестендіру
нөмiрi, мекенжайы)
____________________________
атынан (заңды тұлғалар үшін:
толық атауы, бизнес-
сәйкестендіру нөмiрi,
мекенжайы)

Пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат беру туралы өтінім

      __________________________________________________________ пайдалы қазбалар

      жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) не заңды тұлғаның атауы)

      жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат беруді сұрайды.

      Құрылыс салу объектісі:_____________________________________________________

      Географиялық координаттағы объектінің орналасқан жері:

Бұрыштық нүкте №

Бұрыштық нүктелердің координаттары

Солтүстік ендік

Шығыс бойлық

градустар

минуттар

секундтар

градустар

минуттар

секундтар

1

2

3

4

...

      Алдағы құрылыс учаскесінің астында пайдалы қазбалардың жоқ екендігі немесе олардың елеусіз екендігі туралы қорытындының нөмірі және уақыты:

      __________________________________________________________________________

      Қосымша:

      1) __________________________________________________

      2) __________________________________________________

      3) ...

      __________________________________________________________________________

      (қол қоятын адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      "____"_____________ 20__ жыл

  Пайдалы қазбалар жатқан
аумақтарда құрылыс салуға
рұқсат беру қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

_______________________________________________________________ (облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының атауы)

Пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат

  Жеке тұлғаның тегі, аты,
әкесінің аты (бар болған
жағдайда) не заңды тұлғаның
атауы, көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы

      __________ қаласы                                    20 ___ жылғы "___" ______________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат беру туралы қараудың нәтижесі)

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (құрылыс объектісінің географиялық координаттар бойынша мекенжайы, орналасқан жері)

      Қосымша:_______________________________________________________________________

      Рұқсат берген органның басшысы:

      ________________________________________________________________________________

      (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

  Пайдалы қазбалар жатқан
аумақтарда құрылыс салуға
рұқсат беру қағидаларына
5-қосымша

"Болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші).

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру "электрондық үкімет" веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі порталға құжаттарды тапсырған сәттен бастап - 9 (тоғыз) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған).

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі - осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Қағидасының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша болашақ құрылыс учаскелері астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе маңызының аздығы туралы қорытынды немесе алдағы құрылыс салу алаңы астындағы пайдалы қазбалардың бар екендігі туралы еркін нысандағы хабарлама-хат не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген мәселелер негіз болған жағдайда мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында жолданады және көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" сақталады.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін негізде көрсетіледі.

7

Жұмыс кестесі:

Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
2) порталда - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары порталда орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысаны бойынша алдағы құрылыс учаскелері астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ (мәні аз) екендігі туралы өтінім (бұдан әрі - өтінім).

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтінімнің және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған;
2) аумақтық бөлімшенің мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған жағдайларда.

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті ЭЦҚ-сы бар болған жағдайда электронды түрде портал арқылы алады.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен статусы туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: "1414", 8 800 080 7777 арқылы алуға мүмкіндігі бар.

  Пайдалы қазбалар жатқан
аумақтарда құрылыс салуға
рұқсат беру қағидаларына
6-қосымша

"Пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші).

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі порталға құжаттарды тапсырған сәттен бастап - 9 (тоғыз) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған).

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі - осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Қағидасының 4-қосымшасына сәйкес пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат беру немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 16-тармағында көзделген мәселелер негіз болған жағдайда мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында жолданады және көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" сақталады.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін негізде көрсетіледі.

7

Жұмыс кестесі:

Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
2) порталда - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары порталда орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысаны бойынша пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат беру туралы өтінім;
2) көзделіп отырған құрылыс салу аумағының және оған іргелес алаңның топографиялық жоспарының электрондық көшірмесі (топографиялық жоспардың көшірмесінде тау-кен-геологиялық ахуал, қолданыстағы және жобаланатын құрылыс контурлары, тау-кендік бөлу шекаралары, құрылыс объектілеріне тау-кен әзірлемелерінің зиянды әсер ету аймақтарының шекаралары көрсетіледі);
3) электрондық түсіндірме жазба.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) құрылыс салу барысында жер қойнауынан пайдалы қазбаларды алу мүмкін емес немесе құрылыстың экономикалық дәйексіздігі анықталған;
2) мемлекеттік қызметті алу үшін, көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған;
3) пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат беру үшін ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
4) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған жағдайларда мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.