ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз
"Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы" 2007 жылғы 4 маусымдағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 11-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын жасау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрі |
Б. Сұлтанов |
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш
өнеркәсібі министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы Сауда және интегрция министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № 166-НҚ бұйрығымен бекітілген |
"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын жасау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын жасау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы" 2007 жылғы 4 маусымдағы Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 11-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын жасау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) лицензия - жеке немесе заңды тұлғаға қауіптіліктің жоғары деңгейіне байланысты лицензияланатын қызмет түрін не лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрін жүзеге асыруға беретін бірінші санаттағы рұқсат;
2) "электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі - Портал) - нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;
3) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі - ЭҮТШ) - төлемдерді электрондық нысанда көрсетілетін өтеулі қызметтер көрсету шеңберінде жүргізу туралы ақпарат беру процестерін автоматтандыратын ақпараттық жүйе;
4) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
3. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын жасау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) осы Қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
4. Қағидалар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын жасау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.
5. Жеке немесе заңды тұлға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) лицензия алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге мәліметтерді осы Қағиданың 1-қосымшаға сәйкес "электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі - Портал) жібереді.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының нысанында осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес баяндалған.
7. Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы мәліметтер көрсетілетін қызметті берушіге тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы беріледі.
8. Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы берген кезде - көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
9. Көрсетілетін қызметті беруші электрондық сұрау салу түскен күні оны қабылдайды және тіркеуді жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүгінген кезде электрондық сұрау салуды қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!10-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Сауда және интеграция министрінің 04.11.2021 № 583-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
10. Көрсетілетін қызметті беруші электрондық сұрау салуды алған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қарайды және ресімдейді.
Егер бас тартудың себебі болса, жауапты орындаушы екі жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды дайындауды қамтамасыз етеді.
11. Көрсетілетін қызметті алушы тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан бас тартады және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" хабарлама жіберіледі.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!12-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Сауда және интеграция министрінің 04.11.2021 № 583-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
12. Лицензияны беру кезінде және лицензияны қайта ресімдеу кезінде мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі 3 (үш) жұмыс күнін құрайды.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында "жеке кабинетке" жіберіледі.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!Қағида 12-1-тармақпен толықтыру көзделген - ҚР Сауда және интеграция министрінің 04.11.2021 № 583-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
13. "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) ,6) тармақшаларына сәйкес, лицензияны алу немесе лицензияны қайта ресімдеу кезінде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының заңдарымен субъектілердің осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынады;
2) Қызмет түріне лицензия беруге өтініш берілген жағдайда жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым енгізілмеген;
3) көрсетілетін қызметті алушы біліктілік талаптарына сәйкес келмейді;
4) келісуші мемлекеттік органмен көрсетілетін қызметті алушыға лицензия беру келісілмеген;
5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оған қызметтің жекелеген түрімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімі бар;
6) сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот өтініш берушіге лицензия алуға тыйым салады.
14. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді .
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде оны көрсету сатысы туралы деректер автоматты режимде мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне түседі.
15. Ақпараттық жүйеде іркіліс болған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші техникалық іркілістердің пайда болуы анықталған сәттен бастап дереу "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторын мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы, өтініш бойынша әкімшілік құжаттың нөмірі және коды, немесе өтініштің бірегей сәйкестендіру нөмірі, әкімшілік құжаттың нөмірі және коды, немесе рұқсат құжатының бірегей сәйкестендіру нөмірі, көрсетілетін қызметті алушының жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі бойынша ақпаратты міндетті түрде көрсету арқылы, авторизациялау сәтінен бастап қатенің нақты уақытын көрсете отырып, қате пайда болған сәтке дейінгі қадамдық скриншоттарды қоса бере отырып, бірыңғай қолдау қызметі sd@nitec.kz электрондық поштасына сұрау салуды жіберу арқылы хабардар етеді.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
16-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Сауда және интеграция министрінің 04.11.2021 № 583-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
16. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!17-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Сауда және интеграция министрінің 04.11.2021 № 583-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
17. Көрсетілетін қызметті беруші шешімінің нәтижелерімен келіспеген жағдайда өтініш беруші нәтижелерге сот тәртібімен шағымдана алады.
2020 жылғы " " № |
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
1-қосымша жаңа редакцияда көзделген - ҚР Сауда және интеграция министрінің 04.11.2021 № 583-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын жасау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 1-қосымша |
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын жасау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптарға сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны
1. Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар:
атауы _____________________________________________________________________
нөмірі ____________________________________________________________________
2. Өндірістік техникалық база:
Технологиялық жабдықтың болуы:____________________________________________
Өлшеу және бақылау құралдарының атауы:
түстерді көзбен салыстыру бойынша __________________________________________
сызықтық және бұрыштық өлшемдерді анықтау бойынша _________________________
сыртқы лак-бояу жабынын бағалау бойынша ____________________________________
толқындылықты және кедір-бұдырлықты анықтау бойынша _______________________
түстер атласының болуы (атауы) ______________________________________________
3. Өлшеу және бақылау құралдарына салыстырып тексеру немесе метрологиялық
аттестаттау туралы сертификаттар:
салыстырып тексеру/метрологиялық аттестаттау туралы сертификаттардың нөмірлері
__________________________________________________________________________
салыстырып тексеру/метрологиялық аттестаттау туралы сертификаттардың берілген күні
__________________________________________________________________________
сертификат берген органдардың атауы
__________________________________________________________________________
* Егер өтініш беруші технологиялық жабдықтың, өлшеу және бақылау құралдарының,
түстер атласының құқық иесі болып табылмаса, онда оларды пайдалану құқығына жалдау
шарты көрсетіледі (нөмірі, күні, жалдау мерзімі және кіммен жасалды).
2020 жылғы " " № |
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
2-қосымшаға өзгеріс енгізу көзделген - ҚР Сауда және интеграция министрінің 04.11.2021 № 583-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын жасау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 2-қосымша |
"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын жасау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары) | Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | Лицензия беру немесе лицензияны қайта ресімдеу кезінде - 3 (үш) жұмыс күні; |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық (толық автоматтандырылған). |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі -Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын жасау үшін лицензия, лицензияны қайта ресімдеу не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қағидаларының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі. |
7 | Жұмыс кестесі |
Порталдың жұмыс кестесі - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш жасаған жағдайда өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі | Көрсетілетін қызметті алушы лицензия алу үшін Порталда осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес біліктілік талаптары нысанына сәйкес мәліметтерді толтырады. |
9 | "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6) тармақшаларына сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) Қазақстан Республикасының заңдарымен субъектілердің осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынады; |
10 | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар: |