ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз
БҰЙЫРАМЫН:
1. Өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 419 бұйрығына өзгерістер (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11870 болып тіркелген, 2015 жылғы 7 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) енгізу туралы:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 6-бабының 17) тармақшасына және "мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат беру Ережесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен::
1) Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі |
Б. Атамкулов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының цифрлық
даму, инновациялар және аэроғарыш
өнеркәсібі министрлігі
Өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат беру ережесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат беру қағидалары (бұдан әрі - қағидалар) "экспорттық бақылау туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 6 - бабының 17) тармақшасына және "мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат беру тәртібін және "өнімді Қазақстан Республикасының
2. Егер межелі елге Қазақстан Республикасы осы салада оларды сақтау жөнінде міндеттемелер қабылдаған Қазақстан Республикасының, халықаралық ұйымдардың және жекелеген мемлекеттердің санкциялары салынса, осы Ереженің күші қолданылмайды және өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат (бұдан әрі - рұқсат) берілмейді.
3. "Өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) болып табылады және оны Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
4. Рұқсат жеке және заңды тұлғаларға екі жыл мерзімге беріледі.
5. Рұқсаттың қолданылу мерзімі сыртқы сауда шартының (келісімшарттың) қолданылу мерзімінен аспауға тиіс.
6. Рұқсат келісім-шартқа (шартқа) енгізілген өнім атауларының санына қарамастан, он таңбалы кодын көрсете отырып, Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасына сәйкес өнімнің бір атауына ресімделеді.
7. Берілген рұқсаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол берілмейді.
8. Рұқсаттың қолданысын тоқтата тұру, қайта бастау, одан айыру (қайтарып алу) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы"2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен және негіздер бойынша жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
9. Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жолдайды www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі - портал):
1) осы Қағидаларға 1 - қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі-ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;;
2) өнімді қайта өңдеуге арналған сыртқы сауда шарты (келісімшарт);
3) "Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында/аумағынан тыс тауарларды қайта өңдеу және тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу шарттары туралы құжатты толтыру және беру, оған өзгерістер (толықтырулар) енгізу, оны кері қайтарып алу (жою) және (немесе) оның қолданылуын қайта бастау нысанын және қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 28 маусымдағы № 392 қаулысына сәйкес тиісті құзыретті уәкілетті мемлекеттік органның аумағынан тыс және ішкі тұтыну үшін, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу бойынша операциялар нәтижесінде пайда болған, одан әрі коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз қалдықтарды тану " (егер қайта өңдеудің мақсаты жөндеу болып табылған жағдайда, көрсетілген құжатты ұсыну талап етілмейді).
10. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай - ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі-стандарт) баяндалған. Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы берген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
11. Құжаттарды қараудың жалпы мерзімі және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру - өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат немесе Мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту 10 (он) жұмыс күні ішінде құрайды.
12. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар мен мәліметтерді олар түскен күні тіркеуді жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы берген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
13. Жауапты орындаушы 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және оны көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне басшының немесе оны алмастыратын адамның ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында портал арқылы жібереді.
14. Жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет"шлюзі арқылы алады.
15. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың дұрыстығын және көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) ұсынылған құжаттардың осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсатты және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды ресімдейді.
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер осы Қағидаларға 2-қосымшада баяндалған.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" көрсетілетін қызметті беруші басшысының не оны алмастыратын адамның ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында жолданады және сақталады.
16. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер Мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде түседі.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
17. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым экспорттық бақылау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.
18. Көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес қарауға жатады:
уәкілетті орган оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган - ол тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде.
19. Көрсетілетін қызметті берушінің, уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес қажет болған жағдайда он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.
"Өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат беру" мемлекеттік қызметі Ережесіне 1-қосымша нысаны |
Өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат алу үшін өтініш
1.Кімге______________________________________________________ | ||||
2. __Кімнен____________________________________________________ | ||||
3. Қайта өңдеуші, оның мекенжайы, телефоны | ||||
4. Межелі ел | ||||
5. Қайта өңдеу сипаты | ||||
6. Мемлекеттік кірістер органы | ||||
7. Өнімнің атауы | 8. Еуразиялықэкономикалықодақтыңсыртқыэкономикалыққызметініңтауарноменклатурасыбойыншаөнім коды | 9.Бақылау тізім бойынша өнім коды | 10. Өлшем бірлігі | 11. Саны |
12.Қайта өңдеу өнімдерінің атауы | 13. Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы бойынша өнім коды | 14. Бақылау тізім бойынша өнім коды | 15. Өлшем бірлігі | 16. Саны |
17. Рұқсатты сұрату үшін негіздеме (қайта өңдеуге арналған шарттың (келісімшарттың) күні мен нөмірі)): | 18. Көрсетілетін қызметті алушы рұқсат беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісетінін растайды. | |||
19. Өтініш беруші _______________________________________ (Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болған жағдайда)) | ||||
20. Рұқсаттың ерекше шарттары |
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты "Қайта өңдеуге рұқсат беру өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс" | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші). |
3 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері | "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады. |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі | 10 (он) жұмыс күні ішінде. |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық (толық автоматтандырылған). |
6 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
"Өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына (бұдан әрі - қағидалар) 3 немесе 4-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат беру не оны беруден дәлелді бас тарту. |
7 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде өтініш берушіден алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін. |
8 | Жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліс пен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. |
9 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;; |
10 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған;; |
11 | Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар |
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекен жайлары интернет-ресурстарда орналастырылған: |
"Өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат беру" мемлекеттік қызметі ережесі 3-қосымша нысаны |
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі "Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі |
|
Министерство индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан Республиканское государственное учреждение "Комитет индустриального развития и промышленной безопасности" |
---|---|---|
Нұр-Сұлтан қ. | г. Нур-Султан | |
Нөмір:[құжат нөмірі] | Берілген күні: [Берілген күні] жыл | |
[Ұйымның атауы, заңды мекенжайы, БСН/ЖСН] | ||
ДӘЛЕЛДІ БАС ТАРТУ | ||
"Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі, сіздің [күні] жылғы № [кіріс құжатының нөмірі] өтінішіңізді қарап, келесіні хабарлайды. | ||
"Өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат беру" мемлекеттік қызметі Ережесі 4-қосымша нысаны |
Өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат
1. Рұқсат № | |||||
2. Өтініш беруші, оның мекенжайы, телефоны, БСН (ЖСН)) | |||||
3. Қайта өңдеуші, оның мекенжайы, телефоны | |||||
4. Межелі ел | |||||
5. Қайта өңдеу сипаты | |||||
6. Мемлекеттік кірістер органы | |||||
7. Өнімнің атауы | 8. Тауар бойынша өнім коды Номенклатурамен Сыртқы экономикалық қызмет: | 9. Бақылау тізім бойынша өнім коды | 10. Өлшем бірлігі | 11. Саны | |
12. Қайта өңдеу өнімдерінің атауы | 13. Өнім коды Тауар номенклатурамен сыртқы экономикалық қызмет: | 9. Бақылау тізім бойынша өнім коды | 15. Өлшем бірлігі | 16. Саны | |
17.Рұқсатты сұрау үшін негіздеме (өнімді қайта өңдеуге арналған шарттың (келісімшарттың) күні мен нөмірі)): |
18. Өтініш берушіден_______________ | ||||
19. Уәкілетті орган____________________________________________(уәкілеттіорганныңтолықатауы) | |||||
20. Қолданылу мерзімі: "____" __________ ______ жауап: | |||||
21. Рұқсаттың ерекше шарттары |