"Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 12 мамырдағы № 196 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 13 мамырда № 20626 болып тіркелді.

Қолданыстағы

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
А. Аймагамбетов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  бұйрығына қосымша/
бұйрығымен бекітілген/
бірлескен қаулысы мен
шешіміне қосымша/
бірлескен қаулысы мен
шешімімен бекітілген
  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 12 мамырдағы
№ 196 бұйрығымен
бекітілген

"Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу" мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.

      2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) жеке немесе заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға сәйкес көрсетеді.

      3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:

      1) аккредиттеу туралы куәлік - жеке немесе заңды тұлға жүзеге асыратын ғылыми, ғылыми-техникалық қызметті уәкілетті органның ресми тануын растайтын белгіленген үлгідегі құжат;

      2) аккредиттеу - нәтижесінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері өз қызметінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптар мен стандарттарға сәйкестігін ресми тануды иеленетін рәсім;

      3) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты - мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандарты) 8-тармағына сәйкес құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге не "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорациясы) арқылы ұсынады.

      5. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорацияның қызметкері "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы қабылдағанда көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартында көрсетілген тізімге сәйкес қажетті құжаттарды толық ұсынбаса не құжаттардың мерзімі өтіп кеткен жағдайда Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бастартады және осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес қолхат береді.

      Құжаттарды Нұр-Сұлтан қаласы Мемлекеттік корпорациясының қызметкері 1 (бір) күнтізбелік күн ішінде курьер арқылы, барлық басқа өңірлердің Мемлекеттік корпорациялары 7 (жеті) күнтізбелік күн ішінде пошта байланысы арқылы жолдайды.

      6. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды келген күні қабылдайды және тіркейді, және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды, ол жауапты орындаушыны анықтайды.

      7. Жауапты орындаушы өтініш келіп түскеннен бастап, ұсынылған құжаттардың, оның ішіндегі деректердің (мәліметтердің) мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартына сәйкестігін тексереді.

      Ұсынылған құжаттар мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының талаптарына сәйкес келмесе және толық еместігі анықталған жағдайда жауапты орынаушы бір жұмыс күні ішінде бас тарту туралы дәлелді жауап әзірлеп, оны көрсетілетін қызметті берушінің басшысымен не оның орынбасарымен қол қойдырып көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды.

      8. Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар мемлекеттік қызмет Стандартына сәйкес келген жағдайжа жауапты орындаушы бір жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес бес жыл мерзімге аккредиттеу туралы куәлікті беру шешімін әзірлейді, оған көрсетілетін қызметті берушінің басшысы не оның міндетін атқаршы тұлға қол қояды.

      Бұл ретте бұрын берілген аккредиттеу туралы куәліктің күші жойылды деп танылады және уәкілетті орган аккредиттелген субъектілердің деректер базасына тиісті ақпаратты енгізеді.

      9. Дайын аккредиттеу туралы куәлікті беру Көрсетілетін қызметті алушыға немесе оның уәкілетті өкіліне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес заңды тұлғаның атынан берілетін сенімхат немесе жеке тұлғаның атынан нотариалды расталған сенімхат негізінде қол қою арқылы беріледі.

      10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер:

      1) осы Қағиданың 1-қосымшасының 8 тармағына және 4-қосымшасына сәйкес талап етілген барлық құжаттар ұсынылмаса;

      2) ұсынылған құжаттарда мерзімі өтіп кеткен болса;

      3) ұсынылған құжаттарда күмәнді немесе толық емес мәліметтер болса.

      11. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін жеткізуді көрсетілетін қызметті беруші Нұр-Сұлтан мемлекеттік корпорациясы үшін 1 (бір) күнтізбелік күн ішінде курьер арқылы, басқа өңірлердің Мемлекеттік корпорациясы үшін - пошта байланысы арқылы 7 (жеті) күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырады.

      Бұл ретте, көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірмей жеткізуді қамтамасыз етеді.

      12. Мемлекеттік корпорациясы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін (бір) ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, кейін одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берішуге 1 (бір) жыл мерзімге сақтау үшін өткізеді. көрсетілетін қызметті алушы 1 (бір) ай өткен соң, жүгінген жағдайда Мемлекеттік корпорацияның сұрауы бойынша (10) он күн ішінде (Нұр-Сұлтан қаласында орналасса 1 (бір) жұмыс күні ішінде) көрсетілетін қызмет алушуға дайын құжаттарды береді.

      13. Ғылыми-техникалық қызмет негізгі қызмет түрі болып табылмайтын, өз құрылымында ғылыми бөлімшелері бар ұйым өзінің құрылтай құжаттарында бекітілген міндеттерді шешу мақсатында аккредиттеу туралы куәлік алу үшін уәкілетті органда аккредиттеуден өте алады.

      14. Филиалдарды аккредиттеу бас ұйымның құрамында жүргізіледі.

      15. Көрсетілетін қызметті беріші аккредиттеу туралы куәлік алған, сондай-ақ куәліктердің қолданысын тоқтатқан аккредиттелген субъектілердің уәкілетті органның интернет-ресурстарында орналастырылған деректер базасын қалыптастырады.

      16. Көрсетілетін қызметті алушының (жеке тұлғаның) тегі, аты, әкесінің аты және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының (заңды тұлғаның) атауы өзгерген жағдайда, аккредиттелген субъектілер уәкілетті органға ос Қағидалардың 5 және 6-қосымшаларына сәйкес өтініш және тегі, аты, әкесінің аты және (немесе) атауы өзгергенін растайтын құжаттармен қоса аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу туралы өтініш береді.

      17. Аккредиттеу туралы куәлік жоғалған жағдайда көрсетілетін қызметті беріші аккредиттелген субъектінің жазбаша өтініші бойынша күнтізбелік он күнге дейінгі мерзімде аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасын береді.

      18. Аккредиттеу туралы куәлік өз қолданысын мынадай жағдайларда тоқтатады:

      1) аккредиттелген субъектіні қайта ұйымдастыру немесе тарату;

      2) куәліктің қолданысын тоқтату туралы субъектінің жазбаша өтініші болғанда.

      19. Заңының 5-бабының 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингісінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      20. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау және бағалау жөніндегі уәкілетті органға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілуі мүмкін.

      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.

      Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорацияның www.gov4c.kz. интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша Мемлекеттік корпорацияның филиалының, бөлімінің басшысына жолданады.

      21. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

  Ғылыми және (немесе)
ғылыми-техникалық қызмет
субъектілерін аккредиттеу"
мемлекеттік қызмет
көрсету қағидасына
1-қосымша

"Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу" мемлекеттік қызмет көрсету стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру қызметті берушінің кеңсесі және (немесе) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорациясы) арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі өтініш, құжаттар келіп түскен күннен бастап:
1) көрсетілетін қызметті алушылар (жеке тұлғалар) үшін 7 (жеті) күнтізбелік күн ішінде;
2) көрсетілетін қызметті алушылар (заңды тұлғалар) үшін күнтізбелік 25 (жиырма бес) күн ішінде;
Көрсетілетін қызметті алушының (жеке тұлғаның) тегі, аты, әкесінің аты және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының (заңды тұлғаның) атауы өзгерген жағдайда көрсетілетін қызметті иісті жазбаша өтініш берілген күннен бастап:
1) көрсетілетін қызметті алушыларға (жеке тұлғаларға) күнтізбелік 5 (бес) күннен кешіктірмей;
2) көрсетілетін қызметті алушыларға (заңды тұлғаларға) күнтізбелік 15 (он бес) күннен кешіктірмей аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдейді.
Мемлекеттік корпорация арқылы келіп түскен құжаттар бойынша уәкілетті орган ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу туралы не аккредиттеуден бас тарту туралы шешімді:
1) көрсетілетін қызметті алушыларға (заңды тұлғаларға) күнтізбелік 30 (отыз күннен) аспайтын мерзім ішінде (Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік корпорация бөлімдері арқылы ұсынса - күнтізбелік жиырма бес күн);
2) көрсетілетін қызметті алушыларға (жеке тұлғаларға) күнтізбелік 10 (он) үш күннен аспайтын мерзім ішінде қабылдайды (Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік корпорация бөлімдері арқылы ұсынса - күнтізбелік жеті күн).
Көрсетілетін қызметті алушының (жеке тұлғалардың) тегі, аты, әкесінің аты және (немесе) атауы өзгерген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасы берілген күннен бастап:
1) көрсетілетін қызметті алушыларға (жеке тұлғаларға) күнтізбелік он күннен кешіктірмей (Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік корпорация бөлімдері арқылы ұсынса - күнтізбелік 5 (бес) күн);
2) көрсетілетін қызметті алушыларға (заңды тұлғаларға) күнтізбелік 20 (жиырма) күннен кешіктірмей (Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік корпорация бөлімдері арқылы ұсынса - күнтізбелік 15 (он бес) күн) аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдейді.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут;
Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут.

4

Көрсету нысаны

Қағаз түрінде

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Осы Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес Аккредиттеу туралы куәлік немесе бас тарту туралы дәлелді жауап

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлңаларға тегін көрсетіледі.

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші - еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі - жұма аралығында сағат 13.00 - ден 14.00 - ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00 - ден 18.00-ге дейін;
2) Мемлекеттік корпорация - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз 9 сағат 00 минуттан 20 сағат 00 минутқа дейін.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

Аккредиттеуді алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар (жеке тұлғалар) көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) Мемлекеттік корпорацияға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны салыстыру үшін);
3) мыналардың: жоғары білім туралы дипломның; магистр дипломының және (немесе) ғылыми дәрежені (ғылым кандидаты, ғылым докторы), философия докторының (PhD) дәрежесін, бейіні бойынша доктор дәрежесін беру туралы дипломның және (немесе) қауымдастырылған профессор (доцент) немесе профессор ғылыми атағын беру туралы аттестаттың (дипломның) нотариат растаған көшірмелері (шетелдік білім беру ұйымдары берген білімі туралы құжаттар Қазақстан Республикасының аумағында білім саласындағы заңнамаға сәйкес танылады);
4) соңғы 5 жылда жарияланған ғылыми мақалалар: техникалық және жаратылыстану ғылымдары үшін 1 халықаралық патент немесе Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Journal Citation Reports (Джоурнал Ситэйшн Рэпортс) деректері бойынша нөлдік емес импакт-факторы бар халықаралық рецензияланатын ғылыми журналда, немесе Scopus (Скопус) деректер базасында ғылыми салалардың ең болмағанда біреуі бойынша CiteScore (СайтСкор) бойынша кемінде 35 процентиль көрсеткіші бар басылымдарда 1 (бір) мақала, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар үшін Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Journal Citation Reports (Джоурнал Ситэйшн Рэпортс) деректері бойынша нөлдік емес импакт-факторы бар немесе Web of Science Core Collection (Уэп оф Сайнс Кор Калэкшн) деректер базасында (Arts and Humanities Citation Index(Артс энд Хюманитис Ситэйшн Индекс), Science Citation Index Expanded (Сайнс Ситэйшн Индекс Экспандэд), Social Sciences Citation Index бөлімінде) (Сошл Сайнс Ситиэйшн Индекс) 1 (бір) мақала, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған ғылыми журналда 3 (үш) мақала.
Көретілентін қызметті алушылар (заңды тұлғалар) аккредиттеу алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес рейтингтік парақ;
3) ұйым жарғысының көшірмесі;
4) соңғы 5 жыл ішіндегі рейтингтік парақта көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелері.
Егер субъект қызметінің кезеңі 5 жылдан аспаса, онда растайтын құжаттар оның қызметінің барлық кезеңіндегі құжаттар ұсынылады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) осы Стандарттың 8 тармағына сәйкес құжаттарды толық ұсынылмаса;
2) ұсынылған құжаттардың мерзімі өтіп кетсе;
3) ұсынылған құжаттарда күмәнді немесе толық емес мәліметтер болса.

10

Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

Организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы бұзылған көрсетілетін қызметті алушыларға, қажет болған жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорация қызметкері бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777 арқылы жүгіну арқылы тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.
Көрсетілетін қызметті берушінің Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 74-24-67, 8 (7172)-74-24-59.
Байланыс телефоны: 1414, 8-800-080-7777.

      _______________________________________________________

  Ғылыми және (немесе)
ғылыми-техникалық қызмет
субъектілерін аккредиттеу"
мемлекеттік қызмет
көрсету қағидасына
2-қосымша
  Нысан
  Аты -жөні (болған жағдайда),
(қызмет алушы ұйымның атауы)
____________________________
(қызмет алушының мекен-жайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік қызмет көрсету туралы" Қазақстан Республикасы 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 20-бабының, 2-тармағын басшылыққа ала отырып "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорацясы филиалының № __ бөлімі (мекенжайын көрсету) мемлекеттік қызмет көрсету қағидасында көрсетілген тізбеге сәйкес Сіз ұсынған құжаттардың пакеті толық болмауына байланысты мемлекеттік қызмет көрсетуге (мемлекет қызмет көрсету стандартына сәйкес көрсетілетін мемлекеттік қызметтің атауы) құжаттарыңызды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

      Жетіспейтін құжаттардың атауы:

      1.________________________________________;

      2.________________________________________...

      Осы қолхат әртарап үшін бір-бірден 2 данада құрастырылды, әр тарапқа бір данадан.

      ________________________________________________________________________________

      (Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорацясы

      қызметкерінің аты-жөні, тегі (болған жағдайда)

      ________________

      (қолы)

      Орындаушы: ______________________________________________________________

      (аты-жөні, тегі (болған жағдайда)) (қолы)

      Телефон: ________________

      Қабылдады: _____________________________________________________________________

      (аты-жөні, тегі (болған жағдайда)) (көрсетілетін қызмет берушінің қолы)

      "___" _________ 20__ жыл.

      ________________________________________

  Ғылыми және (немесе)
ғылыми-техникалық қызмет
субъектілерін аккредиттеу"
мемлекеттік қызмет
көрсету қағидасына
3-қосымша

Субъектіні аккредиттеу туралы куәлік

      Нұр-Сұлтан қ.                                          "___" "__________" 20__ ж.

      "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабына сәйкес

      ________________________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның атауы / жеке тұлғаның Т.А.Ә. (бар болса))

      ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде бес жыл мерзімге

      аккредиттелді. Куәлік мемлекеттік бюджет қаражаты, Қазақстан Республикасы жер қойнауын

      пайдаланушылардың қаражаты есебінен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет

      конкурсына қатысу үшін беріледі.

      Уәкілетті орган

      М. О.

      Сериясы _______                                                № _____

      ________________________________________

  Ғылыми және (немесе)
ғылыми-техникалық қызмет
субъектілерін аккредиттеу"
мемлекеттік қызмет
көрсету қағидасына
4-қосымша

Субъектінің рейтингтік парағы (заңды тұлғалар үшін)

      Субъектінің атауы:__________________________________________________________

      Заңды мекенжайы, телефон, факс:_____________________________________________

      Құрылған жылы:___________________________________________________________

      Интернет-ресурс/e-mail:_____________________________________________________

Р/с

Көрсеткіштердің мазмұны

Өлшем бірліктері

Көрсеткіштің нақты мәні

1

2

3

4

1

1-блок. Ұйым туралы мәліметтер



1

Алғаш мемлекеттік тіркелген күні:



- 1 жылға дейін

0/1


-1- 5 жыл аралығында

0/1


- 5 және одан көп жыл

0/1


2

Меншік нысаны:



- мемлекеттік

0/1


- жеке

0/1



1-блок бойынша жиыны:




2-блок. ҒЗЖ қаржыландыру



3

ҒЗЖ қаржыландырудың жалпы көлемі:



-5000 АЕК-ке дейін

0/1


-5000 - 25000 АЕК

0/1


-25000 АЕК-тен жоғары

0/1


4

Көздер бөлінісінде ҒЗЖ қаржыландыру:



- мемлекеттік бюджет:



ГҚ

0/1



БНҚ

0/1


ҒТҚН коммерцияландыруға арналған гранттар

0/1


- даму институттарының гранттары, жергілікті бюджет

0/1


- меншікті қаражат

0/1


- өзге де көздер, оның ішінде шетелдік

0/1


2-блок бойынша жиыны:




3-блок. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет



5

Орындалған ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалар:



- нысаналы ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалар (БНҚ)

бірл.


- гранттық қаржыландыру жобалары (ГҚ)

бірл.


- ҒТҚН коммерцияландыру жобалары (ГҚ)

бірл.


- халықаралық ұйымдар мен қорлар қаржыландыратын ҒТҚН коммерцияландыру жобалары

бірл.


- үкіметтік емес қорлар мен ұйымдар қаржыландыратын бағдарламалар мен жобалар

бірл.


- бизнес қаржыландыратын бағдарламалар мен жобалар

бірл.



3-блок бойынша жиыны:




4-блок. Ғылыми әлеует және кадрларды даярлау



6

Ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді орындаған жұмыскерлер саны, барлығы (зерттеуші мамандар, инженер-техник жұмыскерлер):

адам


7

Ғылыми дәрежелері/дәрежесі бар қызметкерлер саны:

адам


- ғылым докторы

адам


- ғылым кандидаты

адам


- философия докторы (PhD) және бейіні бойынша доктор

адам


- магистр

адам


8

Кадрлар даярлау:



- докторанттарды PhD басқару (докторанттардың саны)

адам



- ғылыми ұйым ғалымдарының басшылығымен философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алу үшін қорғалған диссертациялардың саны

бірл.


9

Диссертациялық кеңестердің жұмысына қатысу:



- Төраға

адам


- Кеңес мүшесі

адам


10

Біліктілікті арттыру курстарынан өткен қызметкерлер саны:



- халықаралық деңгейде

адам


- республикалық деңгейде

адам


11

Марапаттар, сыйлықтар:



- халықаралық деңгейдегі (сыйлықтар, марапаттар)

адам


- ғылым саласындағы мемлекеттік сыйлық, атаулы ғылыми сыйлықтар

адам


- мемлекеттік ғылыми стипендиялар, жас ғалымдарға стипендиялар/өзге де стипендиялар

адам



4-блок бойынша жиыны:




5-блок. ҒЗЖ-ның материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі



12

Негізгі құралдардың орташа жылдық құны:



- 100 АЕК-тен кем

0/1


- 100 -1000 АЕК

0/1


- 1000 АЕК-тен жоғары

0/1


13

Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге арналған зертханалар және үй-жайлар саны:



- зерттеу жұмыстарына арналған зертхананың болуы

бірл.


- сертификатталған немесе аттестатталған (аккредиттелген) зертхананың болуы:

бірл.


- халықаралық деңгейде

бірл.


- республикалық деңгейде

бірл.



5-блок бойынша жиыны:




6-блок. Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелері



14

Зияткерлік меншік объектілері:



- Қорғау құжаттары

бірл.


- Авторлық құқық

бірл.


- Халықаралық патент, Лицензиялық келісімдер

бірл.


15

Соңғы 5 жылда жарияланған ғылыми жұмыстардың саны:



- Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Journal Citation Reports (Джоурнал Ситэйшн Рэпортс) деректері бойынша 1, 2 және 3 квартильге кіретін халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда немесе Scopus (Скопус) деректер базасында ғылыми салалардың ең болмағанда біреуі бойынша CiteScore (СайтСкор) бойынша кемінде 35 процентиль көрсеткіші бар басылымдарда мақала, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласында Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Web of Science Core Collection (Уэп оф Сайнс Кор Калэкшн) деректер базасында индекстелетін журналдарда (Arts and Humanities Citation Index (Артс энд Хюманитис Ситэйшн Индекс), Science Citation Index Expanded (Сайнс Ситэйшн Индекс Экспандэд), Social Sciences Citation Index (Сошл Сайнс Ситиэйшн Индекс)бөлімінде) мақала

бірл.


- РҒДИ индекстелетін ғылыми журналдарда және басқа да нөлдік емес импакт-факторы бар халықаралық базаларда

бірл.


- ҚР БҒМ БҒССҚК ұсынған ғылыми басылымдарда

бірл.


- конференциялардың, форумдардың, съездердің, симпозиумдердің, конгрестердің материалдарында

бірл.


16

Баспа қызметі



- ғылыми журналдар

бірл.


- монографиялар, оқулықтар

бірл.


- құралдар, әдістемелік құжаттар.

бірл.


17

Таяу және алыс шетелдердің ғылыми ұйымдарымен ынтымақтастықта іске асырылған бағдарламалар, жобалар, инновациялық гранттар, ғылыми



жетістіктерді енгізу:



- шетелдік ұйыммен

бірл.


- республикалық ұйыммен

бірл


18

Көрмелерге қатысу:



- халықаралық деңгей

бірл.


- республикалық, өңірлік деңгей

бірл.



6-блок бойынша жиыны:




7-блок. Сараптамалық-талдау, қоғамдық қызмет, БАҚ



19

Жұмыс топтарының құрамына қатысу, заң жобаларына, нормативтік құқықтық актілерге, бағдарламаларға ұсыныстар әзірлеу және оларды сараптау

бірл.


20

Ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаларды, жобаларды, ҒЗЖ есептерін, диссертацияларды, журналдардың редакциялық алқалары құрамындағы ғылыми жарияланымдарды сараптауға қатысу

бірл.


21

Халықаралық және республикалық деңгейдегі съездер, конференциялар, симпозиумдар, семинарлар жұмысына қатысу:



- модератор

бірл.


- ұйымдастыру комитетінің мүшесі

бірл.


- баяндамашы

бірл.


22

Теледидар, радиоларда сөз сөйлеу, республикалық және жергілікті журналдарда, газеттерде және электрондық басылымдардағы жарияланымдар саны

бірл.



7-блок бойынша жиыны:




Барлығы:



      Субъектінің рейтингін айқындау үшін жоғарыда келтірілген деректердің дұрыстығын растаймын

      Басшы___________ ____________________

      Қолы      Т.А.Ә. (бар болса)

      Ескертуге: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      * АЕК - айлық есептік көрсеткіш

      * ҒЗЖ - ғылыми-зерттеу жұмысы

      * ГҚ - гранттық қаржыландыру

      * БНҚ - бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру

      * РҒДИ - Ресейлік ғылыми дәйексөз индексі

      * ҒТҚН - коммерцияландыру-ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелері

      * ҚР БҒМ БҒССҚК - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті

      * БАҚ - бұқаралық ақпарат құралдары

  Ғылыми және (немесе)
ғылыми-техникалық қызмет
субъектілерін аккредиттеу"
мемлекеттік қызмет
көрсету қағидасына
5-қосымша
  кімге _______________________
кімнен______________________
(Т.А.Ә.)
_______________________
(тел./эл. мекенжай)

Өтініш

      (жеке тұлғалар үшін)

      ________________________________________________________________________________

      ғылыми және (өтініш берушінің Т.А.Ә. (бар болса))

      (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредиттеу өткізуді сұраймын.

      Қосымша:

Р/с №

Құжаттың атауы

Бар-жоғы туралы белгі

1

2

3

1.

мыналардың: жоғары білім туралы дипломның; магистр дипломының және (немесе) ғылыми дәрежені (ғылым кандидаты, ғылым докторы), философия докторының (PhD) дәрежесін, бейіні бойынша доктор дәрежесін беру туралы дипломның және (немесе) қауымдастырылған профессор (доцент) немесе профессор ғылыми атағын беру туралы аттестаттың (дипломның) нотариат растаған көшірмелері.
(Шетелдік білім беру ұйымдары берген білімі туралы құжаттар Қазақстан Республикасының аумағында білім саласындағы заңнамаға сәйкес танылады).


2.

соңғы 5 жылда жарияланған ғылыми мақалалар: техникалық және жаратылыстану ғылымдары үшін 1 халықаралық патент немесе Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Journal Citation Reports (Джоурнал Ситэйшн Рэпортс) деректері бойынша нөлдік емес импакт-факторы бар халықаралық рецензияланатын ғылыми журналда, немесе Scopus (Скопус) деректер базасында ғылыми салалардың ең болмағанда біреуі бойынша CiteScore (СайтСкор) бойынша кемінде 35 процентиль көрсеткіші бар басылымдарда 1 (бір) мақала, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар үшін Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Journal Citation Reports (Джоурнал Ситэйшн Рэпортс) деректері бойынша нөлдік емес импакт-факторы бар немесе Web of Science Core Collection (Уэп оф Сайнс Кор Калэкшн) деректер базасында (Arts and Humanities Citation Index(Артс энд Хюманитис Ситэйшн Индекс), Science Citation Index Expanded (Сайнс Ситэйшн Индекс Экспандэд), Social Sciences Citation Index бөлімінде) (Сошл Сайнс Ситиэйшн Индекс) 1 (бір) мақала, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған ғылыми журналда 3 (үш) мақала.


      20____ ж. "____" "_________"

      _____________________ _____________________________________

      ( (Қолы)                  (Т.А.Ә. (бар болса))

      ____________________________________

  Ғылыми және (немесе)
ғылыми-техникалық қызмет
субъектілерін аккредиттеу"
мемлекеттік қызмет
көрсету қағидасына
6-қосымша
  кімге_______________________
кімнен______________________
(субъектінің толық атауы)

Өтініш

      (заңды тұлғалар үшін)

      Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде

      _______________________________________ аккредиттеуді өткізуді сұраймын.

      (заңды тұлғаның атауы (бар болса)

      Қосымша:

Р/с №

Құжаттың атауы

Бар-жоғы туралы белгі

1

2

3

1.

Субъектінің рейтингтік парағы


2.

Ұйым жарғысының көшірмесі


3.

Рейтингтік парақта көрсетілетін құжаттардың көшірмелері, мәліметтер


      20____ ж. "_____" "_________"

      Басшы

      _______________ _____________ ____________________________

      (Мөр орны)      (Қолы)            (Т.А.Ә. (бар болса))

      ____________________________________

  бұйрығына қосымша/
бұйрығымен бекітілген/
бірлескен қаулысы мен
шешіміне қосымша/
бірлескен қаулысы мен
шешімімен бекітілген
  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 12 мамырдағы
№ 196 бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Білім және ғылым саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 212 бұйрығының 1-тармағының 3) тармақшасы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11260 болып тіркелген, 2015 жылғы 23 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      2. "Білім және ғылым саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 тамыздағы № 528 бұйрығының 1-тармағының 3) тармақшасы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12066 болып тіркелген, 2015 жылғы 22 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      3. "Білім және ғылым саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 212 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 31 мамырдағы № 256 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 115206 болып тіркелген, 2017 жылғы 17 қазанда Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      4. "Білім және ғылым саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 тамыздағы № 528 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 21 қарашадағы № 588 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 116498 болып тіркелген, 2017 жылғы 13 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).