БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8275 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2013 жылғы 23 ақпандағы № 74 (28013) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың кіріспе сөзбасы мынадай редакцияда жазылсын:
"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 6) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 1 қарашадағы № 604 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес 1 жастан бастап 1-сыныпқа қабылданғанға дейін балаларды оқыту қазақ тілінде жүргізілетін мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 1 жастан бастап 1-сыныпқа қабылданғанға дейін балаларды оқыту орыс тілінде жүргізілетін мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары бекітілсін;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес мүмкіндіктері шектеулі балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың үлгілік оқу жоспары бекітілсін.".
1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Ш. Т. Кариноваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі |
А. Аймагамбетов |
1 жастан бастап 1-сыныпқа қабылданғанға дейін балаларды оқыту қазақ тілінде жүргізілетін мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары
№ | Білім беру салалары/ Ұйымдастырылған оқу қызметі | Жас тобы | ||||
Ерте жас тобы (1 жастан бастап) | Кіші топ (2 жастан бастап) | Ортаңғы топ (3 жастан бастап) | Ересек топ (4 жастан бастап) | Мектепалды даярлық тобы (сыныбы) (5-жастан бастап) | ||
1 | "Денсаулық" | 3 | 3 | 3 | 3 | 3 |
Дене шынықтыру | 3 | 3 | 3 | 3 | 2,5 | |
Қауіпсіз мінез-құлық негіздері | - | - | - | - | 0,5 | |
2 | "Қатынас" | 1 | 1 | 2 | 2,5 | 5 |
Сөйлеуді дамыту | 0,5 | 0,5 | 1 | 1 | 1 | |
Көркем әдебиет | 0,5 | 0,5 | 0,5 | 1 | 1 | |
Сауат ашу негіздері | - | - | - | - | 2 | |
Орыс тілі | - | - | 0,5 | 0,5 | 1 | |
3 | "Таным" | 1 | 2 | 2,5 | 2,5 | 2,5 |
Математика негіздері | - | - | 1 | 1 | 1 | |
Сенсорика | 0,5 | 0,5 | - | - | - | |
Құрастыру | - | 0,5 | 0,5 | 0,5 | 0,5 | |
Жаратылыстану | 0,5 | 1 | 1 | 1 | 1 | |
4 | "Шығармашылық" | 2 | 3 | 3 | 3,5 | 5 |
Сурет салу | 0,5 | 1 | 1 | 1 | 1 | |
Мүсіндеу | 0,5 | 0,25 | 0,25 | 0,5 | 1 | |
Жапсыру | - | 0,25 | 0,25 | 0,5 | 1 | |
Музыка | 1 | 1,5 | 1,5 | 1,5 | 2 | |
5 | "Әлеумет" | - | - | 0,5 | 0,5 | 1,5 |
Өзін-өзі тану | - | - | - | - | 1 | |
Қоршаған ортамен танысу | - | - | 0,5 | 0,5 | 0,5 | |
6 | Ұйымдастырылған оқу қызметінің ұзақтығы | 7-10 минут | 10-15 минут | 15-20 минут | 20-25 минут | 25-30 минут |
7 | Апталық оқу жүктемесінің көлемі | 7 | 9 | 11 | 12 | 17 |
8 | Вариативтік компонент* | - | - | 1 | 2 | 3 |
9 | Барлығы | 7 | 9 | 12 | 14 | 20 |
*іс-әрекет түрлері (ойын, дербес, шығармашылық), тілдерді үйрету, жеке жұмыс.
1 жастан бастап 1-сыныпқа қабылданғанға дейін балаларды оқыту орыс тілінде жүргізілетін мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары
№ | Білім беру салалары/ Ұйымдастырылған оқу қызметі | Жас тобы | ||||
Ерте жас тобы (1 жастан бастап) | Кіші топ (2 жастан бастап) | Ортаңғы топ (3 жастан бастап) | Ересек топ (4 жастан бастап) | Мектепалды даярлық тобы (сыныбы) (5-жастан бастап) | ||
1 | "Денсаулық" | 3 | 3 | 3 | 3 | 3 |
Дене шынықтыру | 3 | 3 | 3 | 3 | 2,5 | |
Қауіпсіз мінез-құлық негіздері | - | - | - | - | 0,5 | |
2 | "Қатынас" | 1 | 1 | 2,5 | 3 | 6 |
Сөйлеуді дамыту | 0,5 | 0,5 | 1 | 1 | 1 | |
Көркем әдебиет | 0,5 | 0,5 | 0,5 | 1 | 1 | |
Сауат ашу негіздері | - | - | - | - | 2 | |
Қазақ тілі | - | - | 1 | 1 | 2 | |
3 | "Таным" | 1 | 2 | 2,5 | 2,5 | 2,5 |
Математика негіздері | - | - | 1 | 1 | 1 | |
Сенсорика | 0,5 | 0,5 | - | - | - | |
Құрастыру | - | 0,5 | 0,5 | 0,5 | 0,5 | |
Жаратылыстану | 0,5 | 1 | 1 | 1 | 1 | |
4 | "Шығармашылық" | 2 | 3 | 3 | 3,5 | 5 |
Сурет салу | 0,5 | 1 | 1 | 1 | 1 | |
Мүсіндеу | 0,5 | 0,25 | 0,25 | 0,5 | 1 | |
Жапсыру | - | 0,25 | 0,25 | 0,5 | 1 | |
Музыка | 1 | 1,5 | 1,5 | 1,5 | 2 | |
5 | "Әлеумет" | - | - | 0,5 | 0,5 | 1,5 |
Өзін-өзі тану | - | - | - | - | 1 | |
Қоршаған ортамен танысу | - | - | 0,5 | 0,5 | 0,5 | |
6 | Ұйымдастырылған оқу қызметінің ұзақтығы | 7-10 минут | 10-15 минут | 15-20 минут | 20-25 минут | 25-30 минут |
7 | Апталық оқу жүктемесінің көлемі | 7 | 9 | 11,5 | 12,5 | 18 |
8 | Вариативтік компонент* | - | - | 0,5 | 1,5 | 2 |
9 | Барлығы | 7 | 9 | 12 | 14 | 20 |
*іс-әрекет түрлері (ойын, дербес, шығармашылық), тілдерді үйрету, жеке жұмыс.