ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5 т. қараңыз
"Педагог мәртебесі туралы" 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңның 8-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік ұйымдар педагогтарінің жалақысын есептеу қағидаларын бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Бюджеттік жоспарлау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Мемлекеттік білім беру ұйымдары педагогтеріне жалақыны есептеу қағидаларының (бұдан әрі - Қағида) 40, 42 және 43-тармақтарын қоспағанда алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі |
А. Аймагамбетов |
Келісілді:
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрі
2020 жылғы " "
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 191 бұйрығымен бекітілген |
Мемлекеттік ұйымдар педагогтерінің жалақысын есептеу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік ұйымдар педагогтерінің жалақысын есептеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің (бұдан әрі - Кодекс), "Педагог мәртебесі туралы" 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі - Заң) және "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының (бұдан әрі - Қаулы) нормаларына сәйкес әзірленді және мемлекеттік ұйымдар педагогтерінің жалақысын есептеу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) жалақы - жұмыскердің біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделілігіне, санына, сапасына және жағдайларына қарай еңбек үшін төленетін сыйақы, сондай-ақ өтемақы және ынталандыру сипатындағы төлемдер;
2) тарифтік мөлшерлеме (айлықақы) - жұмыскердің уақыт бірлігі ішінде белгілі бір күрделіліктегі (біліктіліктегі) еңбек міндеттерін орындағаны үшін еңбегіне ақы төлеудің тіркелген мөлшері;
3) педагог - педагогтік немесе тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіптік білімі бар және білім алушыларды және (немесе) тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу, білім беру қызметін әдістемелік қолдау немесе ұйымдастыру бойынша педагогтің кәсіптік қызметін жүзеге асыратын адам.
2-тарау. Мемлекеттік білім беру ұйымдары педагогтерінің жалақысын есептеу тәртібі
3. Мемлекеттік ұйымдар педагогтерінің жалақысын есептеу ұйымның бірінші басшысы бөлетін және Заңда көзделген апталық нормативтік жүктемені ескере отырып анықталатын оқу жүктемесінің санына қарай, сондай-ақ Заңда және Қаулыда көзделген орындалатын жұмыстың күрделілігіне, санына, сапасына және жағдайларына қарай өтемақы және ынталандыру сипатындағы төлемдерді, арттыруларды, қосымша ақыларды, үстемеақыларды ескере отырып, Қаулыға сәйкес тарифтік мөлшерлемелерді (айлықақыларды) анықтау үшін қызметкерлердің біліктілігіне байланысты есептеледі.
4. Орта білім беру ұйымдарының (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта) педагогтерінің, күндізгі-сырттай оқыту нысанындағы кешкі (ауысымдық) жалпы білім беретін мектептер (сыныптар) педагогтерін, сондай-ақ емдеу-профилактикалық ұйымдарда ұзақ уақыт жатып емделетін балалармен сабақ өткізетін педагогтерін және кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарының педагогтерін қосапағанда, оқу жүктемесі жылына бір рет оқу жартыжылдықтары бойынша белгіленеді, қажет болған жағдайда екінші оқу жартыжылдығының басында түзетіледі.
5. Күндізгі, сырттай оқыту нысанындағы жалпы білім беретін кешкі (ауысымдық) мектептерде (сыныптарда), сондай-ақ емдеу-профилактикалық ұйымдарда ұзақ уақыт жатып емделетін балалармен сабақ өткізетін педагогтердің оқу жүктемесін бөлу жылына екі рет бірінші және екінші оқу жартыжылдықтарының басында жүргізіледі.
6. Білім беру ұйымдарының педагогтеріне айлық тарифтік мөлшерлемелер (айлықақылар) олардың астрономиялық сағат бойынша жұмсаған жұмыс уақытына қарай Заңның 8-бабының 3-тармағына сәйкес белгіленген апталық оқу жүктемесіне сәйкес есептеледі. Сабақтар (дәрістер) арасында көзделген қысқаша үзілістер педагогтің жұмыс уақыты болып табылады.
7. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының біліктілікті арттырудың деңгейлік курстарынан өткен бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагогтеріне белгіленген қосымша ақыларды қоспағанда, айлық тарифтік мөлшерлемелер (айлықақылар) қосымша ақылар мен үстемеақылар мөлшерлерін өзгерту:
1) біліктілік санатын беру (растау) кезінде Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13317 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламалары және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарында өзгеше көзделмесе, оқу жылының 1 қыркүйегінен бастап;
2) жұмыс стажының көбейген күнінен бастап;
3) құрметті атақ берілген күнінен бастап;
4) білім алған (техникалық және кәсіптік білім, орта білімнен кейінгі, жоғары білім) немесе білімі туралы құжатын қалпына келтірген жағдайда - тиісті құжат берілген күнінен бастап;
5) философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми атақ берілген жағдайда - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім саласындағы білім сапасын қамтамасыз ету комитетінің диплом беру туралы шешім шығарған күнінен бастап;
6) бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарының педагогтеріне ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистр дәрежесі берілген кезде жүргізіледі.
8. Қызметкер жыл сайынғы еңбек, жыл сайынғы қосымша төленетін еңбек, әлеуметтік демалыстарда және экологиялық апат пен радиациялық қауiптi аймақтар бойынша жыл сайынғы қосымша ақы төленетін ақылы демалыста, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыз болған кезеңде (оның ішінде жүктілігі мен тууы бойынша) айлық тарифтік мөлшерлемелер (айлықақылар) өзгертілген кезде жалақыны есептеу жаңа айлық тарифтік мөлшерлемелерге (айлықақылар) байланысты демалысы немесе еңбекке уақытша жарамсыздығы аяқталған күнінен бастап жүргізіледі.
1 - параграф. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары педагогтерінің жалақысын есептеу тәртібі
9. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары педагогтерінің жалақысын есептеу үшін бір ай кезеңі қолданылады.
Педагогтердің айлық жалақысы тарифтік мөлшерлемені (айлықақы) олардың апталық нақты жүктемесіне көбейту және шыққан нәтижені Заңда белгіленген нормативтік апталық оқу жүктемесіне бөлу жолымен есептеледі.
10. Тарифтеу кезінде белгіленген айлық жалақы жылдың әрбір айларындағы апталар мен жұмыс күндерінің санына қарамастан, тарифтеу мерзімі аяқталғанға дейін сақталады.
11. Оқу тоқсандары аралығындағы және оқу жылы басталғанға дейінгі каникул кезінде, білім беру ұйымдары қызметкерлерінің демалыс күндерін қоспағанда, негізгі жұмыс орны бойынша педагогикалық жұмыс жүргізетін білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне еңбекақы каникул басталар алдындағы тарифтеу кезінде белгіленген жалақы есебінен жүргізіледі.
12. Оқушылардың жазғы каникулы кезінде жұмысқа басшы және педагог ретінде қабылданғандарға оқу жылы басталғанға дейінгі кезең үшін жалақы олардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген біліктілік санаттарын, білім деңгейін және жұмыс стажын ескере отырып анықталатын тарифтік ставкасы (лауазымдық жалақы) есебінен төленеді.
13. Сабақ 28 аптаға есептелген оқу жоспары бойынша өткізілетін жалпы білім беретін мектептердің жанындағы кешкі (ауысымдық) жалпы білім беретін мектептердің және кешкі (сырттай) оқыту жекелеген сыныптарының педагогтеріне айлық жалақы оқу жылы бойы, сондай-ақ оқу басталғанға дейін бір апта, оқу жылы аяқталғаннан кейін бір апта үшін төленеді.
14. Негізгі жұмыс орны бойынша білім беру ұйымдарында педагогтердің бір сағат үшін жалақысын есептеу ауырып қалған немесе басқа себептермен екі айдан аспайтындай уақыт ішінде жұмыста уақытша болмаған педагогтің міндеттерін орындау кезіндегі оқу сағаттары үшін жүргізіледі.
Бұл ретте, егер демалыс кезінде сабақ жүргізілмейтін болса , онда бұл уақытқа жалақы есептелмейді.
Егер жұмыста уақытша болмаған қызметкердің міндеттерін орындау қатарынан екі айдан асқан болса, педагогке еңбекақы оның орнын алмастырған күннен бастап осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген жалпы тәртіп бойынша нақты педагогикалық жүктеменің барлық сағаттары үшін төленеді.
15. Оқу жүктемесімен толық қамтамасыз етілмеген педагогтерге айлық тарифтік ставка толық көлемде бекітілген сағаттар нормасына дейін басқа педагогикалық жұмыстармен толықтыратын мынадай жағдайларда төленуі мүмкін:
көркем еңбек, музыка, дене шынықтыру сабақтарын педагог-мамандар бере алатындай жағдай жасалған жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сынып педагогтеріне;
денсаулығына және басқа себептерге байланысты дене тәрбиесі және музыка сабақтарын жүргізе алмайтын жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сынып педагогтеріне;
шетел тілін тереңдетіп оқытатын мектептердің бастауыш сынып педагогтеріне, дайындығына байланысты шетел тілінен, қазақ және орыс тілдерінен сабақ жүргізе алмайтын ауылдық қазақ және орыстан басқа ұлттар бастауыш мектептерінің педагогтеріне;
орыс және басқа ұлттардың (қазақтық емес) тілінде сабақ беретін ауылдық мектептердің қазақ тілі педагогтеріне;
қазақ және басқа ұлттардың (орыстық емес) тілінде сабақ беретін ауылдық мектептердің орыс тілі педагогтеріне;
селолық мектептердің дене тәрбиесі педагогтеріне, алыс жерлерге орналасқан мектептердің шетел тілінен сабақ беретін педагогтеріне, оларға төленетін толық ставка есебінен дене тәрбиесі жөніндегі (дене тәрбиесі педагогтері үшін) сыныптан тыс жұмыстар ұйымдастыру, жазба жұмыстарын тексеру және сынып жетекшісі (шетел тілі педагогтері үшін) міндеттері (міндеттердің бір бөлігі) қоса жүктелген жағдайда, толық төленеді.
Басқа қосымша педагогикалық жұмысқа:
денсаулығына байланысты мектепке барудан босатылған оқушылармен үйде сабақ өткізу;
уақытша жоқ мұғалімдердің орнына сабақ беру;
ұзартылған күн тобында тәрбие жұмысын жүргізу;
басқа оқу-тәрбиелік жұмыстар жатады.
16. Оқу жүктемесі екінші жарты жылдықта оқу жоспарына сәйкес азаю жағдайын қоспағанда, оқу жүктемесі оқу жылы ішінде педагогтерге қатысы жоқ себептермен тарифтеу кезінде белгіленген жүктемемен салыстырғанда азайтылған жағдайда оларға оқу жылының аяғына дейін:
1) егер қалған жүктеме айлық белгіленген ставкадан жоғары болса - жалақы нақты сағат саны үшін;
2) егер қалған жүктеме айлық белгіленген ставкадан төмен болса - айлық белгіленген ставка;
3) егер тарифтеу кезінде оқу жүктемесі айлық тарифтік ставкадан кем белгіленген болса - тарифтеу кезінде белгіленген жалақы төленеді.
17. Қосымша білім беру ұйымдарындағы, жалпы білім беретін мектептердегі және басқа да білім беру ұйымдарындағы жұмысы негізгі жұмыс орны болып есептелетін қосымша білім беретін педагогтерге айлық жалақы осы Қағидалардың 9-тармағында қарастырылған тәртіппен белгіленеді, ал егер негізгі жұмыс орны болып есептелмесе, онда айлық жалақы үйірмелерден сабақ өткізілген нақты сағаттар санына және сағаттық ставкаға қарай ставканы орташа айлық сағат нормасына бөлу жолымен белгіленеді.
2-параграф. Балалар демалыс лагерлері қызметкерлерінің жалақысын есептеу тәртібі
18. Мектептердің, мектеп-интернаттардың және қосымша білім беру ұйымдарының жыл сайынғы ақылы еңбек демалыстарына тұспа-тұс келмейтін кезеңде лагерлерге жіберілетін педагогтерінің жалақылары толық сақталады.
Сонымен қоса, бұл қызметкерлерге сауықтыру шараларын өткізу үшін бөлінген қаражат есебінен лагерлердегі лауазымдарына сәйкес немесе сағаттық ақы бойынша жалақы төленеді.
Білім беру ұйымдарының жыл сайынғы ақылы еңбек демалыстарына тұспа-тұс келмейтін кезеңде туристік саяхат өткізу үшін жіберілетін (оның ішінде жорықтарға, экспедицияларға, экскурсияларға) педагогтері мен басқа да қызметкерлеріне де осындай тәртіппен еңбекақы төленеді.
3-параграф. Педагогтерге оқытылуы сырттай нысан бойынша жүзеге асырылатын балалармен істеген жұмысы үшін және ұзақ уақыт емделетін балаларды оқыту бойынша жалақы есептеу тәртібі
19. Педагогтерді ауруханаларда ұзақ уақыт жатып емделетін балаларды оқытқаны үшін тарифтеу, егер оқушылардың үнемі ауысып отыруы педагогтердің оқу жүктемесіне әсер еткен жағдайда, әр жартыжылдық басында педагогтің оқу жүктемесіне оқу жоспары бойынша топтық және жекедара сабақтарға бөлінген сағаттар көлемінің 80 пайызын қосу арқылы жүргізіледі.
Жалақы әрбір жартыжылдықтың басына нақты жүктеменің 80 пайызы ескеріле отырып есептеледі.
Осылайша белгіленген айлық жалақы осы оқу жартыжылдығының басталуына дейін әртүрлі айларындағы нақты жүктемелерге қарамастан келесі жартыжылдықтың басына дейін төленіп отыратын болады.
Педагогтерге оқытылуы сырттай нысан бойынша жүргізілетін балалармен істеген жұмысы үшін жалақы есептеу кезінде педагогтің оқу жүктемесіне оқу жоспары бойынша жартыжылдықта топтық және жекедара консультациялар есептелген оқу жүктемесі, сондай-ақ ауызша және жазбаша қабылданатын сынақтар сағаты көлемінің 70 пайызы ескеріледі. Бұл ретте ауызша және жазбаша сынақ алудың оқу жоспарындағы оқу уақытының көлемі есебінен, оқушылардың 9-дан 15 адамға дейінгі орташа тобы үшін - 12 сағат, ал 16-дан 20 адамға дейінгі тобы үшін - 18 сағат.
20. Әрбір оқу жартыжылдығы аяқталысымен тарифтеу кезінде белгіленген, оқу жүктемесінен тыс орындалған педагогикалық жұмыс сағаттарының ақысы тарифтік сағаттық ставка бойынша қосымша төленеді.
21. Педагогтерге жазба жұмыстарын тексергені үшін тарифтеу кезінде тексеру үлгілік оқу бағдарламаларымен қарастырылған пәндерден оқу жүктемесіне енгізілген сағаттары көлемінің жалпы санынан есептелетін қосымша ақы жүргізіледі.
22. Мектеп педагогтерінің созылмалы науқасы бар балаларды жекедара үйде оқытқаны үшін, сондай-ақ денсаулығына байланысты арнайы медициналық топқа жатқызылған оқушылармен дене шынықтыру сабағын жүргізгені үшін айлық жалақы осы Қағидалардың 9-тармағында қарастырылған тәртіппен белгіленеді.
4-параграф. Шағын жинақты жалпы білім беретін мектептер педагогтерінің жалақысын есептеу тәртібі
23. Шағын жинақты жалпы білім беретін мектептер педагогтеріне жалақы апта ішіндегі педагогтік жұмыстың нақты оқу жүктемесіне қарай есептеледі, бірақ ол сағат көлемі сынып-комплектіге кіретін сыныптардың оқу жоспарында қарастырылған ең көп көлемнен аспауға тиіс.
24. Оқушылардың жалпы құрамы 20 адамға дейін болатын 2 бастауыш сынып, жалпы саны 15 адамға дейінгі 3 бастауыш сынып, оқушылардың жалпы саны 10 адамға дейін жететін 4 бастауыш сынып болған жағдайда, жалақы бір мұғалімге оқу жоспары бойынша оқу уақытының көлеміне байланысты, сынып-жиынтығымен бір ауысымда жұмыс істегені үшін есептеледі
25. Егер 2 бастауыш сыныптағы оқушылардың саны 20 немесе одан да көп адамды құрайтын болса, онда әр мұғалімге жеке сыныппен айналысқаны үшін жалақы есептеледі.
26. Егер 3 бастауыш сыныптағы оқушылар саны 15 және одан да көп, ал 4 бастауыш сыныпта 10 және одан да көп болса, онда оқушылар екі комплект сыныпқа біріктірілетін әрбір сынып комплекті үшін мұғалімге жалақы есептеледі.
27. Мектептер мен мектеп-интернаттардағы (оқыту мен тәрбиеленуге ерекше білім беру қажеттілігі балаларға арналған арнаулы түзету ұйымдарынан басқа) оқушы (тәрбиеленуші) саны 15-тен кем сыныптарда сынып жетекшілігі және дәптерлер мен жазба жұмыстарын тексергені үшін лауазымдық айлықақыларына (ставкаларына) қосымша ақы төлеу Қаулыда белгіленген мөлшерден 50 пайыз мөлшерінде жүргізіледі. Бұл тәртіп сондай-ақ сыныптарды кіші топтарға бөлгенде де қолданылады.
28. Құрамында шағын комплекті сыныптары бар негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында сабақ жүргізу және осы сыныптардың (сынып - комплектілердің) педагогтеріне еңбекақы төлеу осы Қағидалардың 4-параграфда көзделген тәртіппен жүргізіледі.
5-параграф. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы педагогтерге жалақы есептеу тәртібі
29. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында педагогтерге жалақы есептеу үшін бір ай кезеңі қолданылады.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтеріне (жалпы білім беру пәндерінің педагогтерінен басқа) жыл сайын оқу жылы басталғанға дейін айына орташа жалақы оқытушының сағаттық тарифтік ставкасын оған белгіленген жылдық жүктемеге көбейтіп, шыққан нәтижені 10 оқу айына бөлу жолымен анықталады. Тарифтік сағаттық мөлшерлеме жалақының тарифтік айлық мөлшерлемесін оқу жүктемесінің орташа айлық нормасына бөлу жолымен анықталады. Белгіленген орташа айлық жалақы оқытушыға, кезекті демалыс күндерін қоспағанда, оқу жылы ішіндегі жұмысы үшін төленеді.
30. Оқу жылы ішінде жұмысқа кірген педагогтерге тарифтік орташа айлық жалақы осы педагогтің сағаттық ставкасын оқу жылының аяғына дейінгі қалған толық оқу айларының оқу жүктемесіне көбейтіп, шыққан нәтижені сол айлардың санына бөлу жолымен белгіленеді. Бұл жағдайда толық емес ай үшін жалақы сағаттық мөлшерлеме бойынша нақты сағаттар саны үшін төленеді.
Жұмысқа оқу жылы басталғанға дейін кіріскен педагогтерге сабақ басталғанға дейінгі жұмысы үшін жалақы олардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген білім деңгейін және педагогикалық стажын ескере отырып анықталған айлық ставкасы есебінен төленеді.
31. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес педагогтер оқу сабақтарынан орташа жалақыларын сақтай отырып босаған кезде, оларға белгіленген жылдық оқу жүктемесінің көлемі:
1) жұмыста болмаған әрбір толық ай үшін жылдық жүктемеден 1/10 бөлікке қысқаруға тиіс;
2) толық емес ай үшін - жұмыста болмаған күндерінің санына қарай .
Педагогтерді сабақтан орташа жалақысын сақтамастан босатқан жағдайда жылдық оқу жүктемесін азайту осы тәртіппен жүргізіледі.
Педагог іс жүзінде оқу жұмысын орындаған күндер үшін (мәселен, науқастық парағын берген күн, іссапарға шыққан және іссапардан оралған күн) жүктемені азайту жүргізілмейді.
32. Егер оқу орнына оқу процесі барлық күнтізбелік жыл бойы жалғасатын болса және осыған байланысты педагогтерге төленетін жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы жазғы каникул кезеңінде ғана емес, әртүрлі айларда беріледі, ағымдағы жылдың төленетін жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы үшін оқу жүктемесін 1/10 бөлікке азайту жүргізілмейді.
33. Белгіленген жылдық жүктемеден тыс берілген педагогтік жұмыс сағаттары үшін жалақы педагог жылдық оқу жүктемесін орындағаннан кейін қосымша тарифтік сағаттық мөлшерлемелер бойынша есептеледі.
34. Жеке оқыту нысанындағы (мәдениет және өнер) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында педагогтерді тарифтеу оқу жылында екі рет: бірінші және екінші жартыжылдықтардың басында өткізіледі.
35. Егер техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында теориялық сабақтар жылына 39-40 оқу аптасы бойы (10 айлық оқу мерзімімен) жүргізілетін болса, онда жалпы білім беру пәндерінің педагогтеріне жалақы осы пән бойынша апталық оқу сағаттарының орташа саны есебінен және оқу жоспары бойынша теориялық оқыту апталарының саны есебінен есептеледі.
36. Техникалық және кәсіптік білім беру орындарында теориялық сабақтар оқу жоспарына сәйкес жылына 27 оқу аптасы бойы (6 айлық оқу мерзімімен) жүргізілген жағдайда, педагогтерге айлық жалақы оқу жоспары бойынша жылдық оқу жұмысының көлемін 38 аптаға бөлу жолымен белгіленетін апталық орташа оқу жүктемесі есебінен төленеді.
37. Оқу орындарының штатындағы өндірістік оқыту шеберлеріне жалақы лауазымдық айлықақылар бойынша төленеді.
Оқу жүктемесінің көлемі толық болмағанда, сондай-ақ белгіленген жұмыс уақытының нормасынан тыс берілген оқу уақытының көлемі үшін Кодексте көзделген науқастануына, демалыста болуына байланысты өндірістік оқу педагогтерінің уақытша міндетін орындаған жағдайда, іссапарда, оқу жиындарында және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа себептерге байланысты, оқу жұмысының жеткіліксіз көлеміне байланысты оқу орнының штатына шебердің штаттық бірлігі енгізілуі мүмкін емес болған жағдайда, өндірістік оқу шеберіне сағаттық ақы төленеді. Бұл жағдайда жалақы мөлшері шебердің айлық лауазымдық жалақысын жұмыс сағаттарының орташа айлық нормасына бөліп, шыққан сағаттық ставканы ай ішінде істелген нақты сағаттар санына көбейту жолымен белгіленеді.
3-тарау. Білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне көбейтуді, сондай-ақ қосымша ақылар мен үстемеақыларды есептеу тәртібі
38. Үкімет қаулысымен белгіленген көбейтудің, қосымша ақылар мен үстемеақылардың сомалары, төмендегі аталған қосымша ақыларды қоспағанда, нақты жүктемеге байланысты:
1) барлық үлгідегі және барлық түрдегі жалпы білім беретін мектептер мен мектеп-интернаттардың 1-4-сыныптың негізгі мұғаліміне оқу жүктемесінің көлеміне қарамастан дәптер тексеру үшін қосымша ақы беріледі;
2) бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарының педагогтеріне ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша магистр дәрежесі үшін;
3) мәдениет және спорт саласындағы қызметті жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын, әскери оқу орындарын қоспағанда, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне тәлімгерлігі үшін.
39. Бастауыш, негізгі және жалпы орта білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын, біліктілікті арттырудың деңгейлік курстарынан өткен, 2016 жылғы 1 қаңтарына дейін біліктілік емтихан тапсырған және мынадай тиісті деңгейлер бойынша: бірінші (ілгері) деңгей; екінші (негізгі) деңгей; үшінші (базалық) деңгейдегі сертификат алған білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне біліктілік деңгейі үшін қосымша ақыны есептеу заңды түрде бекітілген нормативтік оқу жүктемесінен артық емес лауазымдық айлыққа нақты жүктемені ескере отырып жүзеге асырылады.
40. APTIS (All Purpose Ticket Issuing System - Ол Пупос Тикет Ишун Систем), IELTS (International English Language Testing System - Интенашнл Инглиш Лангуич Тестин Систем), TOEFL (Test of English as a Foreign Language - Тест оф Инглиш аз э Форин Лангуич), CEPT (Conference of European Post and Telecommunications - Конфеернц оф Еуропиан Пост энд Телекомюникайшнз), FCE (First Certificate in English - ФҰст Сертификат ин Инглиш), EMI (English as the Medium of Instruction - Инглиш аз зе Мидиам оф Интракшин), TKT CLIL (Content and Language Integrated Learning - Контент энд Лангуич Интеграйтед ЛҰнинг) ағылшын тілін білуі жөнінде халықаралық емтиханнан өткендігі туралы құжаты бар және CEFR (Common European Framework of Reference - Комин Еуропиан Фремуорк оф Референс) шкаласына сәйкес кем дегенде B1-Intermediate деңгейін растайтын немесе дипломның қосымшасына сәйкес ағылшын тілінде пәндерді оқытуға мүмкіндік беретін тілдік құзыреттілікке және ағылшын тілінде физика, химия, биология, информатика пәндері бойынша негізгі және жалпы орта білім беретін, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының мұғалімдері мен оқытушыларына базалық лауазымдық жалақыдан 200%-ға дейін көлемде қосымша ақы төленеді:
Базалық лауазымдыақыдан 200 % - толық іске асырғанда: толық іске асыру деңгейі - жалпы білім беретін мектептер, мамандандырылған білім беру ұйымдары 10-11 сыныптарда инвариантты және вариативті компонент есебінен және жалпы білім беретін мектептер, мамандандырылған білім беру ұйымдарында 7-9 сыныптарда вариативті компонент есебінен сабақтың барлық кезеңдерін ағылшын тілінде өткізу болып табылады;
Базалық лауазымдықақыдан100 % - ішінара іске асырғанда: ішінара іске асыру тәртібі жалпы білім беретін мектептер, мамандандырылған білім беру ұйымдарында 7-9 сыныптарда вариативті компонент есебінен ағылшын тілінде сабақтың жеке кезеңдерін өткізу, терминологияны оқыту және жекелеген бөлімдерді оқыту болып табылады.
Бұл жағдайда, мұғалімдердің дайындық деңгейі пәнді ағылшын тілінде 100% меңгеруіне сәйкес, оқушылардың дайындық деңгейі - ағылшын тілін А2 және одан жоғары деңгейде меңгеруіне сәйкес, ағылшын тілінде оқулықтар мен ОӘК (оның ішінде-билингвалды) 100% қамтылуының болуы қажет.
41. Сынып жетекшілігі үшін қосымша ақы барлық үлгідегі мектеп-интернаттарда қатынап оқитын оқушылардан топтастырылған сыныптарда белгіленеді.
42. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарының педагогтеріне 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде қосымша ақы белгіленген үлгідегі құжаттары болған жағдайда белгіленеді және негізгі жұмыс орны бойынша нақты жүктемеге қарай жүргізіледі:
- Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқу мерзімі екі жылдан кем емес ғылыми-педагогикалық бағытта және (немесе) ғылыми-педагогикалық бағыттағы білім беру бағдарламалары бойынша ECTS (European Credit Transfer and Accumulation System - Еуропиан Кредит Трансфер энд Акьюмилейшн Систем) 120 академиялық кредиттен кем емес меңгерген магистр дәрежесі үшін (дайындау бағыттары бойынша - 7M011 Педагогика и психология, 7M012 Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту педагогикасы, 7M013 Пәндік мамандануынсыз мұғалімдер дайындау, 7M014 Жалпы дамудың пәндік мамандандыруымен мұғалімдерді дайындау, 7M015 ғылыми-жаратылыстану пәндер бойынша мұғалімдер дайындау, 7M016 Гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдер дайындау, 7M017 тілдер мен әдебиет бойынша мұғалімдерді дайындау, 7M018 Әлеуметтік педагогика мен өзін-өзі тану бойынша мамандар дайындау, 7M019 Арнайы педагогика бойынша мамандар дайындау, 7M021 Өнер, 7M022 Гуманитарлық ғылымдар, 7M023 Тілдер мен әдебиет, 7M031 Әлеуметтік ғылымдар, 7M032 Журналистика және ақпарат, 7M041Бизнес және басқару, 7M042 Құқық, 7M051 Биологиялық және аралас ғылымдар, 7M052 Қоршаған орта, 7M053 Физикалық ғылымдар, 7M054 Математика және статистика, 7M061 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, 7M121 Әскери іс, 7M122 Ұлттық қауіпсіздік, 7M123 Қоғамдық қауіпсіздік), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі мамандықтар жіктеуішіне сәйкес жоғарыда аталған даярлау бағыттарына баламалы мамандықтары бойынша;
-педагогикалық бейіндегі магистратураның бағдарламасын қосымша меңгеруден кейін бейінді магистратураны аяқтаған магистрге белгіленеді.
43. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне, мәдениет пен спорт саласында қызмет атқаратын, әскери оқу орындарын қоспағанда, білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілейтін тәртіпте жүзеге асырылатын нақты жүктеме қарай тәлімгерлік үшін базалық лауазымдық ақыдан 100% көлемінде қосымша ақы төленеді.
44. Қосымша ақы мен үстемеақының барлық түрлері, лауазымдық ақыдан есептелінетін ғылыми дәрежесі үшін, түнгі уақыттағы, мерекелік және демалыс күндеріндегі жұмысы үшін, сабақтан тыс жұмыстары үшін, радияциялық қауіпті аумақтарда және экологиялық апат аймақтарында тұрғаны, жаңартылған білім беру мазмұнын іске асыратын бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру бағдарламаларын іске асыратын мұғалімдерге жаңартылған білім беру мазмұны, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру бағдарламаларын іске асыратын мұғалімдерге, педагог-психологтарға педагогикалық шеберлігі, ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистр дәрежесі, біліктілік деңгейі үшін төленетін қосымша ақыны, сондай-ақ лауазымдық ақыдан есептелетін біліктілік санаты үшін қосымша ақыны қоспағанда, базалық лауазымдық ақысынан есептеледі.
4-тарау. Төтенше жағдай, төтенше ахуал кезеңінде мемлекеттік білім беру ұйымдары педагогтерінің жалақысын есептеу тәртібі
45. Төтенше жағдай, төтенше ахуал кезеңінде мемлекеттік білім беру ұйымдары педагогтерінің жалақысын есептеу тәртібі Кодекспен, төтенше жағдай, төтенше ахуал режимін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілермен және осы Қағидалармен реттеледі.
46. Төтенше жағдай (бұдан әрі – ТЖ), төтенше ахуал (бұдан әрі – ТА) кезеңінде қашықтан оқытуды ұйымдастыруға және өткізуге тартылған білім беру ұйымдары қызметкерлерінің жалақысын есептеу осы Қағидаларда көрсетілген тәртіпке және білім беру ұйымының түріне сәйкес жүргізіледі.
Ескерту. 46-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 06.05.2021 № 207 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.47. Жалақыны бұрынғы жалақы деңгейін сақтай отырып есептеу ТЖ, ТЖ кезеңінде қашықтан оқытуды ұйымдастыруға және өткізуге тартылмаған білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне оларды еңбек шартына тиісті өзгерістер енгізумен ресімделген қызметкердің өзінің келісімімен басқа жұмыс түрлеріне тарту кезінде Кодекстің 38, 41, 42, 46 және 58-баптарына сәйкес басқа жұмыс түрлеріне ауыстыру арқылы, сондай-ақ Кодекстің 127-бабына сәйкес қызметкерді жұмыс берушінің басқа жерде орналасқан құрылымдық бөлімшесіне уақытша ауыстыру кезінде жүргізіледі.
Ескерту. 47-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 06.05.2021 № 207 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.48. Жұмыс берушіге және жұмыскерге байланысты емес себептер бойынша бос тұрып қалу уақытында ТЖ, ТА кезеңінде мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің жалақысын есептеу Еңбек кодексінің 112-тармағына сәйкес еңбек, ұжымдық шарттарда анықталған ТЖ,ТА режимі енгізілгенге дейінгі мерзімде белгіленген, бірақ бір тарифтік мөлшерлемеден (лауазымдық айлық) аспайтын және заңнамалық түрде бекітілген жалақының ең төмен мөлшерінен кем болмайтын мөлшерде жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 191 бұйрығына 2-қосымша |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі.
1) "Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне жалақы есептеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 29 қаңтардағы № 40 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 02 тамыздағы № 313 бұйрығы;
2) "Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне жалақы есептеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 29 қаңтардағы № 40 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 394 бұйрығы;
3) "Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне жалақы есептеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 29 қаңтардағы № 40 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 ақпандағы № 181 бұйрығы;
4) "Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне жалақы есептеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 29 қаңтардағы № 40 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 3 шілдедегі № 315 бұйрығы;
5) "Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне жалақы есептеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 29 қаңтардағы № 40 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № 638 бұйрығы;
6) "Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне жалақы есептеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 29 қаңтардағы № 40 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 64 бұйрығы;