"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған "Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерiн бекiту" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары бекітілсін.
2. "Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерiн бекiту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 567 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19163 болып тіркелген, 2019 жылғы 7 тамызда Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму Министрінің міндетін атқарушы |
К. Ускенбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 251 бұйрығымен бекітілген |
"Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерiн бекiту" мемлекеттiк қызметті көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерiн бекiту" мемлекеттiк қызметті көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және "Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерiн бекiту" мемлекеттiк қызметті көрсету тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидалар жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңы, ауданішілік, ауданаралық (қалааралық, облысішілік) тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына куәлік алған және тасымалдаушылар мен тиісті жергілікті атқарушы органдар арасындағы жасалатын жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру шарттарын жасаған жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.
3. Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) қозғалыс кестесі - жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршрутының әрбір аялдама пункті бойынша автобустардың, шағын автобустардың, троллейбустардың қозғалыс орны мен уақыты туралы мәліметтерді қамтитын құжат (кесте, графикалық бейне);
2) маршрут - белгілі бір бастапқы, аралық және соңғы аялдама пункттері арасында автобустың, шағын автобустың, троллейбустың белгіленген жүру жолы.
4. "Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерiн бекiту" мемлекеттiк көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2-тарау. "Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерiн бекiту" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
5. Жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерін бекітуге арналған өтінішті және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерiн бекiту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі - Стандарт) көзделген тізбе бойынша құжаттар топтамасын жолдайды.
Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Стандартта жазылған.
Құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушыға қабылданған күні, сұрау салынып отырған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрі, қоса берілген құжаттардың саны мен атауы, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні көрсетілген тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы еркін нысандағы қолхат беріледі.
6. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы құжаттар мен мәліметтердің тіркеуін, олар келіп түскен күні жүзеге асырады.
7. Құжаттарды қарау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру мерзімі олар келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспайды.
Көрсетілетін қызметті алушы Стандартта көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы өтінішті қабылдаудан бас тартады.
8. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, Стандартта көзделген тізбеге сәйкес кеңсе маманы құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе, жетекшілік ететін басшының орынбасары және (немесе) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы арқылы көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтайтын оның міндетін атқаратын адамға тапсырады.
Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 7-тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті алушының және мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің осы Қағидалардың және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11550 болып тіркелген) бекітілген Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларының (бұдан әрі - Жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидалары) талаптарына сәйкестігін тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы мен ұсынылған материалдар, деректер мен мәліметтердің сәйкестігін айқындау кезінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы Жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларының 13-тармағының 1) тармақшасына сәйкес уақыт бойынша қосарланған маршруттар автобустары арасында жоспарланған жүру интервалын құрайтын шартты қарастырады және , кенттермен, селолармен аудан орталықтары арасындағы және аудан орталықтары мен облыс орталықтары және облыстық маңызы бар өзге де жақын қалалар арасындағы байланыс басымдылығын басшылыққа алады.
Көрсетілетін қызметті алушының және осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген талаптарға сәйкес ұсынылғанматериалдар, деректер мен мәліметтердің сәйкестігі нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерін бекіту туралы хабарламаны не егер көрсетілетін қызметті алушы және ұсынылған материалдар, деректер мен мәліметтер осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген талаптарға сәйкес келмесе, Стандартта көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдейді.
Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің жобасын көрсетілетін қызметті берушінің басшысына не жетекшілік ететін басшы орынбасарымен және (немесе) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысымен келісу бойынша оның міндетін атқаратын адамға жібереді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесіне көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның міндетін атқарушы қол қояды және көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жіберіледі.
9. Көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының "Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерiн бекiту" мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағым автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті органның және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына берілуі мүмкін.
Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол, сондай-ақ www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы беріледі.
Қолма-қол, пошта арқылы түскен шағымды қабылдаудың растамасы шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні көрсетуімен көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу күні) болып табылады.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға пайдаланушы кабинетіндегі шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, оны мемлекеттік органда өңдеу барысында жаңартылып отырады (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі, қарау немесе қараудан бас тарту нәтижелері бойынша жауабы).
Шағымда:
1) жеке тұлғаның - оның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), пошталық мекенжайы;
2) заңды тұлғаның - оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі не көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған электрондық құжат нысанында жолданады.
Мемлекеттік көрсетілген қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы шағыммен мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға жүгінуіне болады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның және автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
11. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерін бекітуге арналған өтініш
Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және
ауданішілік (керектігінің астын сызу) тұрақты тасымалдау
________________________________________________________________________________
(маршруттың атауы) маршрут схемасын және қозғалыс кестесін бекітуді сұраймын.
______ парақта қоса беріледі. ________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) (қолы)
Мөр орны* (бар болған кезде)
*Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларға мөрдің болуы талап етілмейді.
Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерiн бекiту қағидаларына 2-қосымша |
"Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерiн бекiту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары. |
2. | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арнасы) | көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы |
3. | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі | 5 (бес) жұмыс күні; |
4. | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Қағаз түрінде. |
5. | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерін бекіту туралы хабарлама немесе мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауабы. |
6. | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін. |
7. | Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі |
Көрсетілетін қызметті берушінің - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. |
8. | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
1) Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерін бекітуге арналған өтініш; |
9. | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
10. | Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар |
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.mііd.gov.kz интернет-ресурсында "Көлік комитеті" бөлімінің "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған. |
Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерiн бекiту қағидаларына 3-қосымша |
|
Нысан |
Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерін бекіту туралы № _____ хабарлама
20 ____ жылғы "___" | |
______________ |
__________________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушы)
Жүгінген күні 20 ____ жылғы "____" _______________
Шешім: ___________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Сұрақтар туындаған жағдайда ________________________________________________
___________________________________________ жүгінуіңізді сұраймыз.
(көрсетілетін қызметті беруші)
__________________________________________________________________________
мемлекеттік органдағы жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)
________________________ Мөр орны (жеке кәсіпкерлік субъектілері болып
табылатын тұлғаларды қоспағанда) Қолы