Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 30 сәуірдегі № 55 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 30 сәуірде № 20549 болып тіркелді.

Жаңартылған

      "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі, "Микроқаржылық қызмет туралы" 2012 жылғы 26 қарашадағы, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының заңдарына, "Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы" 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285, "Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" 2020 жылғы 16 наурыздағы № 286 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Пруденциялық нормативтердi және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның сақтауы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi, оларды есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 14 қарашадағы № 192 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19629 болып тіркелген, 2019 жылғы 27 қарашада Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Пруденциялық нормативтерде және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның сақтауы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттерде, оларды есептеу әдістемесінде:

      3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшері:

      1) 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органда (бұдан әрі - уәкілетті орган) есептік тіркеуден өткен, ол үшін жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшері:

      2020 жылғы 1 қаңтардан бастап - 30 000 000 (отыз миллион) теңге;

      2021 жылғы 1 қаңтардан бастап - 50 000 000 (елу миллион) теңге;

      2022 жылғы 1 қаңтардан бастап - 70 000 000 (жетпіс миллион) теңге;

      2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - 100 000 000 (бір жүз миллион) теңге болатын микроқаржы ұйымын қоспағанда, микроқаржы ұйымы үшін - 100 000 000 (бір жүз миллион) теңге;

      2) кредиттік серіктестік үшін - 50 000 000 (елу миллион) теңге, мыналарды қоспағанда:

      кредиттік серіктестік ретінде 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін мемлекеттік тіркеуден өткен және өз қызметін Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында немесе облыс орталығында жүзеге асыратын кредиттік серіктестікті, ол үшін жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшері:

      2020 жылғы 1 қаңтардан бастап - 10 000 000 (он миллион) теңге;

      2020 жылғы 1 шілдеден бастап - 20 000 000 (жиырма миллион) теңге;

      2021 жылғы 1 шілдеден бастап - 30 000 000 (отыз миллион) теңге;

      2022 жылғы 1 шілдеден бастап - 50 000 000 (елу миллион) теңге;

      кредиттік серіктестік ретінде 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін мемлекеттік тіркеуден өткен және өз қызметін Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан немесе облыс орталығынан тыс жерде жүзеге асыратын кредиттік серіктестікті, ол үшін жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшері:

      2020 жылғы 1 қаңтардан бастап - 5 000 000 (бес миллион) теңге;

      2021 жылғы 1 қаңтардан бастап - 10 000 000 (он миллион) теңге;

      2022 жылғы 1 қаңтардан бастап - 15 000 000 (он бес миллион) теңге;

      2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - 25 000 000 (жиырма бес миллион) теңге;

      3) 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін ломбард ретінде мемлекеттік тіркеуден өткен және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында немесе облыс орталығында өз қызметін жүзеге асыратын, ол үшін жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшері:

      2020 жылғы 1 қаңтардан бастап - 10 000 000 (он миллион) теңге;

      2021 жылғы 1 қаңтардан бастап - 30 000 000 (отыз миллион) теңге;

      2022 жылғы 1 қаңтардан бастап - 50 000 000 (елу миллион) теңге;

      2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - 70 000 000 (жетпіс миллион) теңге болатын ломбардты қоспағанда, ломбард үшін - 70 000 000 ( жетпіс миллион) теңге;

      4) 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін ломбард ретінде мемлекеттік тіркеуден өткен және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан немесе облыс орталығынан тыс өз қызметін жүзеге асыратын, ол үшін жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшері:

      2020 жылғы 1 қаңтардан бастап - 5 000 000 (бес миллион) теңге;

      2021 жылғы 1 қаңтардан бастап - 10 000 000 (он миллион) теңге;

      2022 жылғы 1 қаңтардан бастап - 20 000 000 (жиырма миллион) теңге;

      2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - 30 000 000 (отыз миллион) теңге болатын ломбардты қоспағанда, ломбард үшін - 30 000 000 (отыз миллион) теңге.

      4. Меншікті капиталдың ең төменгі мөлшері:

      1) 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін уәкілетті органда есептік тіркеуден өткен, ол үшін меншікті капиталдың ең төменгі мөлшері:

      2020 жылғы 1 қаңтардан бастап - 30 000 000 (отыз миллион) теңге;

      2021 жылғы 1 қаңтардан бастап - 50 000 000 (елу миллион) теңге;

      2022 жылғы 1 қаңтардан бастап - 70 000 000 (жетпіс миллион) теңге;

      2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - 100 000 000 (бір жүз миллион) теңге болатын микроқаржы ұйымын қоспағанда, микроқаржы ұйымы үшін - 100 000 000 (бір жүз миллион) теңге;

      2) кредиттік серіктестік үшін - 50 000 000 (елу миллион) теңге, мыналарды қоспағанда:

      кредиттік серіктестік ретінде 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін мемлекеттік тіркеуден өткен және өз қызметін Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында немесе облыс орталығында жүзеге асыратын кредиттік серіктестікті, ол үшін меншікті капиталдың ең төменгі мөлшері:

      2020 жылғы 1 қаңтардан бастап - 10 000 000 (он миллион) теңге;

      2020 жылғы 1 шілдеден бастап - 20 000 000 (жиырма миллион) теңге;

      2021 жылғы 1 шілдеден бастап - 30 000 000 (отыз миллион) теңге;

      2022 жылғы 1 шілдеден бастап - 50 000 000 (елу миллион) теңге;

      кредиттік серіктестік ретінде 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін мемлекеттік тіркеуден өткен және өз қызметін Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан немесе облыс орталығынан тыс жерде жүзеге асыратын кредиттік серіктестікті, ол үшін меншікті капиталдың ең төменгі мөлшері:

      2020 жылғы 1 қаңтардан бастап - 5 000 000 (бес миллион) теңге;

      2021 жылғы 1 қаңтардан бастап - 10 000 000 (он миллион) теңге;

      2022 жылғы 1 қаңтардан бастап - 15 000 000 (он бес миллион) теңге;

      2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - 25 000 000 (жиырма бес миллион) теңге;

      3) 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін ломбард ретінде мемлекеттік тіркеуден өткен және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында немесе облыс орталығында орналасқан, ол үшін меншікті капиталдың ең төменгі мөлшері:

      2020 жылғы 1 қаңтардан бастап - 10 000 000 (он миллион) теңге;

      2021 жылғы 1 қаңтардан бастап - 30 000 000 (отыз миллион) теңге;

      2022 жылғы 1 қаңтардан бастап - 50 000 000 (елу миллион) теңге;

      2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - 70 000 000 (жетпіс миллион) теңге болатын ломбардты қоспағанда, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында немесе облыс орталығында орналасқан ломбард үшін - 70 000 000 (жетпіс миллион) теңге;

      4) 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін ломбард ретінде мемлекеттік тіркеуден өткен және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан немесе облыс орталығынан тыс орналасқан, ол үшін меншікті капиталдың ең төменгі мөлшері:

      2020 жылғы 1 қаңтардан бастап - 5 000 000 (бес миллион) теңге;

      2021 жылғы 1 қаңтардан бастап - 10 000 000 (он миллион) теңге;

      2022 жылғы 1 қаңтардан бастап - 20 000 000 (жиырма миллион) теңге;

      2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - 30 000 000 (отыз миллион) теңге болатын ломбардты қоспағанда, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан немесе облыс орталығынан тыс орналасқан ломбард үшін - 30 000 000 (отыз миллион) теңге.".

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      2-тармақтың күшін жою көзделген – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2020 № 108 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. "Есептік тіркеуден өту үшін ұсынылатын құжаттар тізбесін қоса алғанда, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың есептік тіркеуден өту, сондай-ақ микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың тізілімін жүргізу және тізілімнен шығару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 24 наурыздағы № 21 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20163 болып тіркелген, 2020 жылғы 25 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Есептік тіркеуден өту үшін ұсынылатын құжаттар тізбесін қоса алғанда, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың есептік тіркеуден өту, сондай-ақ микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың тізілімін жүргізу және тізілімнен шығару қағидаларында:

      3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қағидалардың 4-тармағының бірінші бөлігінде көзделген құжаттар:

      Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында және облыс орталықтарында мемлекеттік тіркеуден өткен ломбардтар үшін - 2020 жылғы 1 маусымға дейін;

      басқа елді мекендерде мемлекеттік тіркеуден өткен ломбардтар үшін - 2020 жылғы 15 маусымға дейін ұсынылады.

      4. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) есептік тіркеуден өту үшін қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган, көрсетілетін қызметті беруші) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш беруге уәкілетті адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған өтініш;

      2) жарғылық капиталдың төленгенін растайтын құжаттар, сондай-ақ Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша меншікті капиталдың ең төменгі мөлшерін сақтау туралы мәліметтер;

      3) есептік тіркеуден өткені үшін алымның төленгенін растайтын құжаттар;

      4) Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ломбардтың үй-жайларының қауіпсіздігін және техникалық нығайтылуын қамтамасыз ету жүйесі туралы мәліметтер (ломбардтар үшін);

      5) құжаттарға қол қоюға құрылтайшылар (акционерлер, қатысушылар) уәкілеттік берген тұлға бекіткен және компанияның толық құрылымын, қызметінің стратегиясын, қызметінің бағыттары мен ауқымын, қаржылық перспективаларын (бюджет, есеп айырысу балансы, алғашқы үш қаржы (операциялық) жылындағы пайда мен шығындар есебі), маркетинг жоспарын (клиенттік базаны қалыптастыру), еңбек ресурстарын тарту жоспарын, тәуекелдерді басқаруды ұйымдастыруды ашатын таяудағы үш жылға арналған бизнес-жоспар.

      Осы тармақшаның талабы қарыз беру жөніндегі қызметті жүзеге асырған және 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін мемлекеттік тіркеуден өткен заңды тұлғаларға қолданылмайды;

      6) микрокредиттерді беру қағидалары;

      7) соңғы үш жылдағы салық декларациясын (қызметін көрсетілген мерзімнен аз жүзеге асыратын субъектілер үшін - соңғы салық кезеңдері үшін);

      8) соңғы үш жылдағы қаржылық есептілік (аудиторлық ұйым растаған, бар болса);

      9) басшы қызметкерлер мен құрылтайшылардың (қатысушылардың, акционерлердің) жеке басын куәландыратын құжаттар (шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар үшін);

      10) басшы қызметкерде жоғары білімінің болуын растайтын құжаттар;

      11) басшы қызметкерлерде және құрылтайшыларда (қатысушыларда, акционерлерде) алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқтығын растайтын құжаттар (шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар үшін);

      12) филиалдар мекенжайларының тізімі.

      Осы тармақтың 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11) және 12) тармақшаларында көзделген құжаттар PDF форматындағы құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде ұсынылады.

      "Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды есептік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес "Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды есептік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі - стандарт) келтірілген.

      Мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзімі құжаттардың толық топтамасы ұсынылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайды.

      Көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттарда көрсетілген, Қазақстан Республикасының резиденттері басшы қызметкерлерде және құрылтайшыларда (қатысушыларда, акционерлерде) алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқ екенін, сондай-ақ заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркелгенін (қайта тіркелгенін) растайтын мәліметтерді "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар болып табылатын басшы қызметкерлер және құрылтайшылар (қатысушылар, акционерлер) бойынша шет тілінде ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың талаптарына сәйкес заңдастырылуы немесе апостильденуі тиіс (жеке басын куәландыратын құжатты қоспағанда). Көрсетілген құжаттар қазақ және орыс тілдеріне аударылады және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес нотариат куәландырып, уәкілетті органға ұсынылады.";

      4-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      3. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 4-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Халықаралық қатынастар және сыртқы коммуникациялар басқармасы осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және дамыту
Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі
Басқармасының
2020 жылғы 30 сәуірдегі № 55
қаулысына қосымша
  Есептік тіркеуден өту үшін
ұсынылатын құжаттар тізбесін
қоса алғанда, микроқаржылық
қызметті жүзеге асыратын
ұйымдардың есептік тіркеуден
өту, сондай-ақ микроқаржылық
қызметті жүзеге асыратын
ұйымдардың тізілімін жүргізу
және тізілімнен шығару
қағидаларына
4-қосымша

"Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды есептік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

"Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі" республикалық мемлекеттік мекемесі

2.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәсілдері

"Электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы

3.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімі

10 (он) жұмыс күні ішінде

4.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны

Электрондық (толығымен автоматтандырылған)

5.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі

Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның тізіліміне енгізу туралы хабарлама не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту себептері туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің нысаны: электрондық.

6.

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан өндіріп алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері

"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 553-бабының 8-тармағына сәйкес ақылы негізде.
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушының орналасқан жері бойынша бюджетке тіркеу алымы төленеді, ол 10 (он) айлық есептік көрсеткішті құрайды.
Ақы төлеу "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы немесе екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылады.

7.

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті берушінің - 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі - жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) порталдың - жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты болатын техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Кодекске сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш беруге уәкілетті адамның ЭЦҚ куәландырылған өтініш;
2) жарғылық капиталдың төленгенін растайтын құжаттар, сондай-ақ Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша меншікті капиталдың ең төменгі мөлшерін сақтау туралы мәліметтер;
3) есептік тіркеуден өткені үшін алымның төленгенін растайтын құжат;
4) Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ломбардтың үй-жайларының қауіпсіздігін және техникалық нығайтылуын қамтамасыз ету жүйесі туралы мәліметтер (ломбардтар үшін);
5) құрылтайшылар (акционерлер, қатысушылар) құжаттарға қол қоюға уәкілеттік берген адам бекіткен және компанияның толық құрылымы, қызмет стратегиясы, қызмет бағыттары мен ауқымдылығы, қаржылық перспективалары (алғашқы үш қаржы (операциялық) жылына арналған бюджеті, есеп айырысу балансы, пайда мен зиянының шоты, маркетингтік жоспары (клиенттік базаны қалыптастыру) қамтылған таяудағы үш жылға арналған бизнес-жоспар, сондай-ақ еңбек ресурстарын тарту, тәуекелдерді басқаруды ұйымдастыру жоспары.
Осы тармақшаның талаптары қарыздар беру бойынша қызметті жүзеге асыратын және 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін мемлекеттік тіркеуден өткен заңды тұлғаларға қолданылмайды;
6) микрокредиттерді беру қағидалары;
7) соңғы үш жылдағы салық декларациясы (қызметін көрсетілген мерзімнен аз мерзімде жүзеге асыратын субъектілер үшін - соңғы салық кезеңдері үшін);
8) соңғы үш жылдағы қаржылық есептілік (аудиторлық ұйым растаған, бар болса);
9) басшы қызметкерлердің және құрылтайшылардың (қатысушылардың, акционерлердің) жеке басын куәландыратын құжаттар (шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін);
10) басшы қызметкердің жоғары білімінің болуын растайтын құжаттар;
11) басшы қызметкерлердің және құрылтайшылардың (қатысушылардың, акционерлердің) алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқ екенін растайтын құжаттар (шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін);
12) филиалдар мекенжайларының тізімі.
Қағидалардың 4-тармағы 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11) және 12) тармақшаларында көзделген құжаттар құжаттардың PDF форматындағы электрондық көшірмелері түрінде ұсынылады.
Шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар болып табылатын басшы қызметкерлер және құрылтайшылар (қатысушылар, акционерлер) бойынша шет тілінде ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес заңдастырылуға немесе апостильдендірілуге (жеке басын куәландыратын құжаттарды қоспағанда) тиіс. Көрсетілген құжаттар қазақ және орыс тілдеріне аударылады және уәкілетті органға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес нотариат куәландырған құжат ұсынылады.

9.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) ұсынылған құжаттар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі, сондай-ақ осы құжаттарда көрсетілуге жататын анық емес мәліметтер мен ақпарат беру;
2) егер микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясында мемлекеттік тіркелген (қайта тіркелген) күнінен бастап алты ай ішінде есептік тіркеуден өту туралы өтініш жасамауы;
3) "Микроқаржылық қызмет туралы" 2012 жылғы 26 қаршадағы Заңның (бұдан әрі - Заң) 14-бабының 6 және 7-тармақтарында белгіленген талаптардың бірі сақталмау;
4) Заңның 31-бабының 1-тармағында белгіленген мемлекеттік қайта тіркеу мерзімін сақтамау.

10.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.finreg.kz ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы жеке кабинет арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің www.finreg.kz ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы:
8-800-080-7777, 1414.