Мүліктің меншік иелері бірлестігі немесе жай серіктестік немесе көппәтерлі тұрғын үйді басқарушы немесе басқарушы компания мен коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынатын ұйымдар арасындағы ынтымақтастықтың үлгілік шарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 250 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 30 сәуірде № 20545 болып тіркелді.

Жаңартылған

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-2-бабының 10-11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 22.02.2024 № 68 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған:

      1)осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мүліктің меншік иелерінің бірлестігі немесе жай серіктестік немесе көппәтерлі тұрғын үйді басқарушы немесе басқарушы компания мен газбен жабдықтау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсынатын ұйымдар арасындағы ынтымақтастықтың үлгілік шарты;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Мүліктің меншік иелерінің бірлестігі немесе жай серіктестік немесе көппәтерлі тұрғын үйді басқарушы немесе басқарушы компания мен лифт қызметін көрсету жөніндегі қызметтерді ұсынатын ұйымдар арасындағы ынтымақтастықтың үлгілік шарты;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Мүліктің меншік иелерінің бірлестігі немесе жай серіктестік немесе көппәтерлі тұрғын үйді басқарушы немесе басқарушы компания мен қатты тұрмыстық қалдықтарды (коммуналдық қалдықтар) жинау және шығару жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсынатын ұйымдар арасындағы ынтымақтастықтың үлгілік шарты;

      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Мүліктің меншік иелерінің бірлестігі немесе жай серіктестік немесе көппәтерлі тұрғын үйді басқарушы немесе басқарушы компания мен жылумен жабдықтау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсынатын ұйымдар арасындағы ынтымақтастықтың үлгілік шарты;

      5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Мүліктің меншік иелерінің бірлестігі немесе жай серіктестік немесе көппәтерлі тұрғын үйді басқарушы немесе басқарушы компания мен электрмен жабдықтау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсынатын ұйымдар арасындағы ынтымақтастықтың үлгілік шарты;

      6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес Мүліктің меншік иелерінің бірлестігі немесе жай серіктестік немесе көппәтерлі тұрғын үйді басқарушы немесе басқарушы компания мен сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсынатын ұйымдар арасындағы ынтымақтастықтың үлгілік шарты бекітілсін.

      2."Кондоминиум объектісін басқару органы мен түпкі тұтынушыларға коммуналдық көрсетілетін қызметтер жеткізетін нарық субъектілері арасындағы ынтымақтастықтың үлгі шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 ақпандағы № 109 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10485 болып тіркелген, 2015 жылғы 13 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық даму
Министрінің міндетін атқарушы
К. Ускенбаев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Энергетика министрлігі

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Экология, геология және табиғи

      ресурстар министрлігі

  2020 жылғы 29 сәуірдегі
Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрі міндетін атқарушының
№250 бұйрығына
1-қосымша

Мүліктің меншік иелерінің бірлестігі немесе жай серіктестік немесе көппәтерлі тұрғын үйді басқарушы немесе басқарушы компания мен газбен жабдықтау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсынатын ұйымдар арасындағы ынтымақтастықтың үлгілік шарты

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 22.02.2024 № 68 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      _____________                               20__жылғы "__" _____________

      Бұдан әрі "Жеткізуші" деп аталатын

      ____________________________________________________ атынан

      (көрсетілетін қызметті жеткізетін нарық субъектісінің атауы)

      _____________________________________________________

      негізінде әрекет ететін

      _________________________________________ бір тараптан және

      (уәкілетті адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) бұдан әрі

      "Атқарушы орган" деп аталатын

      ___________________________________________________________

      ______________________________________ атынан

      (мүліктің меншік иелері бірлестігінің немесе жай серіктестіктің немесе көппәтерлі

      тұрғын үйді басқарушының немесе басқарушы компанияның немесе уақытша

      басқарушы компанияның атауы немесе тікелей бірлескен басқару кезінде барлық

      меншік иелері)

      _________________________________________________ негізінде әрекет ететін

      ________________________________________________________екінші тараптан,

      (уәкілетті адамның немесе тікелей бірлескен басқаруда барлық меншік иелерінің тегі,

      аты, әкесінің аты (бар болса)) бұдан әрі бірлесіп "Тараптар" деп аталатындар мына

      төмендегілер туралы осы шартты жасасты:

1-тарау. Шартта пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      1. Шартта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жеткізуші – "Газ және газбен жабдықтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген шарттарда газды бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын тұлға;

      2) тұтынушы - көппәтерлі тұрғын үйге (тұрмыстық тұтынушыларға) газ жеткізу қызметтерін пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға;

      3) атқарушы орган - мүліктің меншік иелері бірлестігінің төрағасы немесе жай серіктестіктің сенімді тұлғасы немесе көппәтерлі тұрғын үйді басқарушы немесе басқарушы компания;

      4) кондоминиум объектісі - жеке (бөлек) меншіктегі пәтерлерден, тұрғын емес үй-жайлардан, тұрақ орындарынан, қоймалардан және жеке (бөлек) меншікте бола алмайтын және көппәтерлі тұрғын үйдің және (немесе) үй жанындағы жер учаскесінің астындағы бірыңғай бөлінбейтін жер учаскесін қоса алғанда, пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, тұрақ орындарының, қоймалардың ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі ортақ мүліктен тұратын біртұтас мүліктік кешен;

      5) пайдалану жауапкершілігін бөлу шекарасы - газбен жабдықтау жүйелерінің элементтерін пайдалану үшін міндеттер (жауапкершілік) белгісі бойынша жеке тәртіппен жасалатын шартқа сәйкес белгіленетін газбен жабдықтау жүйелерінің элементтерін бөлу сызығы. Мұндай шарт болмаған кезде пайдалану жауапкершілігінің шекарасы "Газ және газбен жабдықтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленеді;

      6) есепке алу аспаптары - мынадай функцияларды: газды өлшеуді, жинауды, сақтауды, оның шығысы, көлемі, температурасы, қысымы және аспаптардың жұмыс уақыты туралы ақпарат көрсетуді орындайтын өлшеу құралдары мен басқа да техникалық құралдар;

      7) инженерлік желілер мен құрылыстар - тұтынушыларға коммуналдық қызметтерді көрсетуге арналған жабдықтар мен желілер;

      8) теңгерімдік тиесілілігін бөлу шекарасы - газбен жабдықтау жүйелері мен олардың құрылыстары элементтерін меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару белгісі бойынша бөлу сызығы.

2-тарау. Шарттың мәні

      2. Жеткізуші тұтынушыға теңгерімдік тиесілілігін бөлу шекарасына дейін газбен жабдықтау жөніндегі қызметтерді көрсетеді, ал Атқарушы орган тұтынушыларға газбен жабдықтау жөніндегі қызметтер көрсетілетін үй ішіндегі инженерлік желілер мен құрылыстардың сақталуын және тиісті техникалық жай-күйде болуы мен пайдаланылуын қамтамасыз етеді.

      3. Қызметті қабылдау жеткізуші мен тұтынушының теңгерімдік тиесілілігін бөлу шекарасында жүргізіледі.

      4. Тараптардың газбен жабдықтау бойынша пайдалану жауапкершілігін бөлу шекарасы есепке алу аспабы, ал ол болмаған жағдайда - көппәтерлі тұрғын үйге сәйкес келетін бекіту құрылғысы (кірме кран) болып табылады.

      5. Көрсетілетін қызметтердің сипаттамалары мен сапасы ұлттық, мемлекеттік стандарттарда, санитариялық-эпидемиологиялық талаптармен, техникалық регламенттерде көзделген талаптарға сәйкес болады және нормативтік құқықтық актілермен реттеледі.

      6. Газбен жабдықтау жөніндегі қызметтерді көрсету режимі - тәулік бойы.

3-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      7. Жеткізуші газбен жабдықтау жөніндегі қызметтер көрсетілетін үй ішіндегі инженерлік желілер мен құрылыстарға техникалық қызмет көрсетуді жүргізеді және үйге ортақ есепке алу аспаптарын тексеруді ұйымдастырады және тексереді.

      8. Жеткізушінің міндеттері:

      1) теңгерiмдiк тиесiлiлiгiн бөлу шекарасына дейiн Қазақстан Республикасы заңнамасының, ұлттық стандарттардың талаптарына сәйкес көлемде және сапада газбен жабдықтау жөнiндегі қызметтердің тиiсiнше көрсетілуін қамтамасыз етеді;

      2) газбен жабдықтау жөнінде қызметтер көрсету режимін бұзуды болдырмау, жою бойынша уақтылы шаралар қабылдайды.

      9. Атқарушы органның құқықтары:

      1) үй ішіндегі инженерлік желілер мен құрылыстарды тиісті техникалық жай-күйде күтіп ұстау бойынша жөндеу және пайдалану жұмыстарын жүзеге асыру үшін үшінші тұлғаларды тартады;

      2) үй ішіндегі инженерлік желілер мен құрылыстарды қарау кезінде Жеткізуші жасайтын барлық актілердің көшірмелерін Жеткізушіден алады.

      10. Атқарушы органның міндеттері:

      1) пайдалану жауапкершілігін бөлу шекарасы шегінде газбен жабдықтау бойынша қызметтер көрсетілетін инженерлік желілердің, техникалық құрылғылар мен жабдықтардың сақталуын, қауіпсіздігін, тиісті техникалық жай-күйін және пайдаланылуын қамтамасыз етеді;

      2) үйге ортақ мұқтаждыққа пайдаланылатын газбен жабдықтау жөніндегі қызметтерді ұтымды пайдалануды қамтамасыз етеді, үй ішіндегі инженерлік желілер мен құрылыстардағы шығындарды болдырмайды;

      3) Жеткізуші орнатқан пломбалардың бүтіндігінің бұзылу жағдайлары туралы Жеткізушіге хабарлайды;

      4) үй ішіндегі инженерлік желілер мен құрылыстардың істен шығуын жояды;

      5) аварияларды жою, есепке алу және бақылау аспаптарының көрсеткіштерін қарау және алу үшін Жеткізуші өкілдерінің қол жеткізуін қамтамасыз етеді;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Жеткізуші белгілейтін техникалық талаптарды орындайды;

      7) көппәтерлі тұрғын үйді дербес жылыту кезінде газ қазандығындағы қазандардың техникалық жай-күйінің сақталуын қамтамасыз етеді;

      8) пәтер, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері тұтынушыларының сапасы лайықсыз және (немесе) үзілістермен коммуналдық қызметтерді ұсыну фактісі туралы хабарламасын қабылдауды, тиісті акт жасай отырып, мұндай фактіні жеткізушімен бірлесіп салыстырып тексеруді ұйымдастырады және жүргізеді.

4-тарау. Форс-мажор

      11. Форс-мажорлық жағдайлар, яғни еңсерілмейтін күш жағдайлары (дүлей апаттар немесе болжап білу немесе алдын алу мүмкін емес өзі жағдайлар), сондай-ақ әскери қимылдар, көтерілістер және Шарт талаптарының орындалмауына немесе тиісінше орындалмауына әкеп соққан басқа оқиғалар туындаған жағдайда, Тараптардың ешқайсысы екінші Тараптың алдында жауапты болмайды.

      12. Тараптардың Шарт бойынша міндеттемелері еңсерілмейтін күш жағдайларының әрекет ету мерзіміне, бірақ мұндай жағдайлар Тараптардың Шарт бойынша міндеттемелерін орындауына бөгет болатындай дәрежеде ғана тоқтатыла тұрады.

      Тараптың өзі де, басқа тарап жауап бермейтін мән-жайдан туындаған міндеттемені орындамаған жағдайда, егер Шартта өзгеше көзделмесе, ол екінші тараптан міндеттеме бойынша орындауды талап етпейді. Бұл ретте міндеттемені орындаған әрбір тарап орындалғанды қайтаруды талап етеді.

5-тарау. Жалпы ережелер және дауларды шешу

      13. Тараптар өздерінің құқықтық қатынастарында Шартты және қолданыстағы заңнаманы басшылыққа алады.

      14. Тараптар туындайтын дауларды келіссөздер жүргізу арқылы реттеу үшін барлық күш-жігерін салады. Тараптар арасында келісімге қол жеткізілмеген жағдайда даулар мен келіспеушіліктер сот тәртібімен шешіледі.

      15. Тараптардың Шарттан туындайтын және онымен реттелмеген қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

      16. Шарт Тараптардың әрқайсысы үшін бірдей заңды күші бар мемлекеттік және орыс тілдерінде екі данада жасалды.

6-тарау. Шарттың қолданылу мерзімі

      17. Осы Шарт 20__ жылғы "__" _____ 20_ жылғы "__" _____ дейінгі мерзімге жасалады және, егер оның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін 30 күнтізбелік күннің ішінде Тараптардың бірі Шарттан бас тарту туралы өтініш бермесе, оның мерзімі ұзартылды деп саналады.

7-тарау. Тараптардың деректемелері

      Жеткізуші: Атқарушы орган:


  2020 жылғы 29 сәуірдегі
Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрі міндетін атқарушының
№250 бұйрығына
2-қосымша

Мүліктің меншік иелерінің бірлестігі немесе жай серіктестік немесе көппәтерлі тұрғын үйді басқарушы немесе басқарушы компания мен лифт қызметін көрсету жөніндегі қызметтерді ұсынатын ұйымдар арасындағы ынтымақтастықтың үлгілік шарты

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 22.02.2024 № 68 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20__ жылғы "__" _____________

      Бұдан әрі "Сервистік қызмет субъектісі" деп аталатын

      __________________________________________________________________ атынан

      (көрсетілетін қызметті жеткізетін нарық субъектісінің атауы)

      _____________________________________________________________________

      негізінде әрекет ететін

      _____________________________________________ бір тараптан және

      (уәкілетті адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      бұдан әрі "Атқарушы орган" деп аталатын

      __________________________________________________________________ атынан

      (мүліктің меншік иелері бірлестігінің немесе жай серіктестіктің немесе көппәтерлі

      тұрғын үйді басқарушының немесе басқарушы компанияның немесе уақытша

      басқарушы компанияның атауы немесе тікелей бірлескен басқару кезінде барлық

      меншік иелері)

      _____________________________________________________ негізінде әрекет ететін

      ____________________________________ екінші тараптан,

      (уәкілетті адамның немесе тікелей бірлескен басқаруда барлық меншік иелерінің тегі,

      аты, әкесінің аты (бар болса)) бұдан әрі бірлесіп "Тараптар" деп аталатындар мына

      төмендегілер туралы осы шартты жасасты:

1-тарау. Шартта пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      1. Шартта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) сервистік қызмет субъектісі - жасалған шарт негізінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі қызметтерді көрсететін жеке немесе заңды тұлға;

      2) тұтынушы - лифтілерге қызмет көрсету жөніндегі қызметтерді пайдаланатын немесе пайдалануға ниеттенетін жеке немесе заңды тұлға;

      3) атқарушы орган - мүліктің меншік иелері бірлестігінің төрағасы немесе жай серіктестіктің сенімді тұлғасы немесе көппәтерлі тұрғын үйді басқарушы немесе басқарушы компания;

      4) кондоминиум объектісі - жеке (бөлек) меншіктегі пәтерлерден, тұрғын емес үй-жайлардан, тұрақ орындарынан, қоймалардан және дара (бөлек) меншікте бола алмайтын және көппәтерлі тұрғын үй астындағы бірыңғай бөлінбейтін жер учаскесін және (немесе) үй маңындағы жер учаскесін қоса алғанда, ортақ үлестік меншік құқығындағы пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, тұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелеріне тиесілі ортақ мүліктік кешен;

      5) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкі - дара (бөлек) меншіктегі пәтерлерден, тұрғын емес үй-жайлардан, тұрақ орындарынан, қоймалардан басқа, кондоминиум объектісінің бөліктері (қасбеттер, кіреберістер, вестибюльдер, холдар, дәліздер, баспалдақ марштары мен баспалдақ алаңдары, лифтілер, шатырлар, шатырастылар, техникалық қабаттар, жертөлелер, үйге ортақ инженерлік жүйелер мен жабдықтар, абоненттік пошта жәшіктері, көппәтерлі тұрғын үй тұрған жер учаскесі және (немесе) үй жанындағы жер учаскесі, абаттандыру элементтері және ортақ пайдаланылатын басқа да мүлік);

      6) лифт қызметін көрсету - лифтілерге қызмет көрсету – нормативтік-техникалық құжаттамаға (қағидаларға, стандарттарға, дайындаушы зауыттың нұсқаулықтарына), ұлттық стандарттарға және Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы нормаларына сәйкес лифтті пайдалану кезінде оның жұмыс істеу қабілеттілігі және қауіпсіздігін қолдау жөніндегі сервистік қызмет көрсету жөніндегі қызмет;

      7) лифт - адамдарды және (немесе) жүктерді кабинада көтеруге және түсіруге арналған, қатты тік сызықты бағыттаушы бойынша қозғалатын, тігіне қарай еңіс бұрышы 15 градустан аспайтын мерзімді әсер ететін тұрақты жүк көтергіш механизм.

2-тарау. Шарттың мәні

      2. Сервистік қызмет субъектісі лифт шаруашылығын мақсатына сай пайдалану, күтіп-ұстау және сақтау кезінде оның жұмыс қабілетін және жарамдылығын сүйемелдеуді және қалпына келтіруді қамтамасыз етеді, ал Атқарушы орган кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне жататын және тұтынушылардың ортақ меншігі болып табылатын лифт шаруашылығының сақталуын, тиісті техникалық жай-күйде болуы мен пайдаланылуын қамтамасыз етеді.

      3. Атқарушы органның Сервистік қызмет субъектісіне қызмет көрсетуге лифтілерді беру жабдықталған жабдықты, оның жинақтаушы бөліктерін, ағымдағы жай-күйін егжей-тегжейлі көрсете отырып, тиісті қабылдау-беру актісі негізінде, сол сияқты берілетін жабдыққа тікелей қатысты өзге де ақпарат негізінде жүзеге асырылады.

      4. Лифтілерге қызмет көрсету бойынша қызмет көрсетудің тұтынушылық қасиеттері мен режимі Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қолданыстағы заңнамасының және Қазақстан Республикасының ұлттық стандартының талаптарына сәйкес келуі тиіс.

      5. Лифт қызметін көрсету жөніндегі қызметтерді көрсету режимі - тәулік бойы.

      6. Лифттерге қызмет көрсету кезіндегі жұмыс түрлері, сондай-ақ оларды орындау мерзімдері мен кезеңділігі Қазақстан Республикасының "Мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған лифттер, эскалаторлар, траволаторлар және көтергіштер" ҚР СТ 3305-2018 ұлттық стандартына сәйкес белгіленеді.

3-тарау. Тараптардың міндеттері

      7. Атқарушы органның міндеттері:

      1) Сервистік қызмет субъектісінің лифтілерге, машина үй-жайына және лифт шахталарына кедергісіз кіруін қамтамасыз етеді;

      2) тәуліктің кез келген уақытында лифт шахтасының есіктеріне, машина үй-жайларына және қабатты алаңдарға кіреберістерді үюге жол бермейді;

      3) машиналық үй-жайдың есіктерін жарамды құлыптармен сенімді жабуды, сондай-ақ лифт шаруашылығының сақталуын қамтамасыз етеді;

      4) пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерімен лифтті пайдалану қағидалары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;

      5) лифт істен шыққан жағдайлар туралы Сервистік қызмет субъектісіне дереу хабарлайды;

      6) лифт шаруашылығының лифт жұмысының бұзылуына, сондай-ақ тұтынушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін барлық зақымданулары немесе ақаулықтары туралы Сервистік қызмет субъектісіне хабарлайды;

      7) пәтер, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері тұтынушыларының сапасы лайықсыз және (немесе) үзілістермен коммуналдық қызметтерді ұсыну фактісі туралы хабарламасын қабылдау, тиісті акт жасай отырып, мұндай фактіні жеткізушімен бірлесіп салыстырып тексеруді ұйымдастырады және жүргізеді.

      8. Сервистік қызмет субъектісінің міндеттері:

      1) Атқарушы органға бұйрықтың көшірмесін ұсына отырып, лифттерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын ұйымдастыруға жауапты тұлға тағайындайды. Сервистік қызмет субъектісінің авариялық қызметінің телефондары _____________________;

      2) лифтілерге тиісті сапада және толық көлемде қызмет көрсетеді, олардың сенімді және қауіпсіз жұмысын қамтамасыз етеді;

      3) дайындаушы зауыттың нұсқаулықтарына, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы және ұлттық стандарттың талаптарына сәйкес ай сайынғы тексерулер мен техникалық қызмет көрсетуді жүргізеді;

      4) лифт паспорттарының сақталуын қамтамасыз етеді, жоқ техникалық құжаттаманы қалпына келтіру үшін тиісті күш-жігер мен ресурстарды салады;

      5) тиісті техникалық қызмет көрсетпеу салдарынан болған лифттердің барлық ақауларын өз есебінен жояды;

      6) осы Шарт қабылдау-беру актісіне сәйкес бұзылған жағдайда Атқарушы органға бұрын қабылданған жабдықты және оның жинақтаушы бөліктерін қайтаруға, сондай-ақ Атқарушы органға лифтілердің техникалық құжаттамасы мен паспортын береді;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Атқарушы орган мен пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің алдында жауап береді.

4-тарау. Тараптардың құқықтары

      9. Атқарушы органның құқықтары:

      1) тиісті сападағы қызметті алады;

      2) орындалған жұмыстар мен қызметтердің актілерін қабылдайды;

      3) тараптардың келісімі бойынша осы Шартты өзгертеді және бұзады;

      4) лифт шаруашылығын тиісті техникалық жағдайда ұстау жөніндегі жөндеу және пайдалану жұмыстарын жүзеге асыру үшін үшінші тұлғаларды тартады;

      5) Сервистік қызмет субъектісінен лифт шаруашылығының сервистік қызметін тексеру кезінде жасалатын барлық актілердің көшірмелерін алады.

      10. Сервистік қызмет субъектісінің құқықтары:

      1) мынадай:

      лифт немесе лифттің құрылыс конструкциясы зақымданған жағдайда;

      лифт ақауларын жою кезінде;

      штаттан тыс жағдай болған жағдайда;

      адамдардың өміріне қауіп төнгенде;

      техникалық қызмет көрсету, куәландыру жүргізу кезінде жағдайларда лифт жұмысын тоқтатады немесе шектейді;

      2) тараптардың келісімі бойынша осы Шартты өзгертеді және бұзады.

5-тарау. Тараптардың жауапкершілігі

      11. Тараптар Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.

      6-тарау. Форс-мажор

      12. Форс-мажорлық жағдайлар, яғни еңсерілмейтін күш жағдайлары (дүлей апаттар немесе болжап білу немесе алдын алу мүмкін емес өзге жағдайлар), сондай-ақ әскери қимылдар, көтерілістер және Шарт талаптарының орындалмауына немесе тиісінше орындалмауына әкеп соққан басқа оқиғалар туындаған жағдайда, Тараптардың ешқайсысы екінші Тараптың алдында жауапты болмайды.

      13. Тараптардың Шарт бойынша міндеттемелері еңсерілмейтін күш жағдайларының әрекет ету мерзіміне, бірақ мұндай жағдайлар Тараптардың Шарт бойынша міндеттемелерін орындауына бөгет болатындай дәрежеде ғана тоқтатылады.

      Тараптың өзі де, басқа тарап жауап бермейтін мән-жайдан туындаған міндеттемені орындамаған жағдайда, егер Шартта өзгеше көзделмесе, ол екінші тараптан міндеттеме бойынша орындауды талап етпейді. Бұл ретте міндеттемені орындаған әрбір тарап орындалғанды қайтаруды талап етеді.

7-тарау. Жалпы ережелер және дауларды шешу

      14. Тараптар өздерінің құқықтық қатынастарында Шартты және қолданыстағы заңнаманы басшылыққа алады.

      15. Тараптар туындайтын дауларды келіссөздер жүргізу арқылы реттеу үшін барлық күш-жігерін салады. Тараптар арасында келісімге қол жеткізілмеген жағдайда даулар мен келіспеушіліктер сот тәртібімен шешіледі.

      16. Тараптардың Шарттан туындайтын және онымен реттелмеген қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

      17. Шарт Тараптардың әрқайсысы үшін бірдей заңды күші бар мемлекеттік және орыс тілдерінде екі данада жасалды.

8-тарау. Шарттың қолданылу мерзімі

      18. Осы Шарт 20__ жылғы "___" ________ 20_ жылғы "___" ________ дейінгі мерзімге жасалады және, егер оның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін 30 күнтізбелік күннің ішінде Тараптардың бірі Шарттан бас тарту туралы өтініш бермесе, оның мерзімі ұзартылды деп саналады.

9-тарау. Тараптардың деректемелері

      Сервистік қызмет субъектісі: Атқарушы орган:

  2020 жылғы 29 сәуірдегі
Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрі міндетін атқарушының
№250 бұйрығына
3-қосымша

Мүліктің меншік иелерінің бірлестігі немесе жай серіктестік немесе көппәтерлі тұрғын үйді басқарушы немесе басқарушы компания мен қатты тұрмыстық қалдықтарды (коммуналдық қалдықтар) жинау және шығару жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсынатын ұйымдар арасындағы ынтымақтастықтың үлгілік шарты

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 22.02.2024 № 68 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      ______________                               20__жылғы "__" _____________

      Бұдан әрі "Жеткізуші" деп аталатын

      ________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті жеткізетін нарық субъектісінің атауы)

      ________________________________________________________________ атынан

      (уәкілетті адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      ______________________________________________________

      негізінде әрекет ететін

      ________________________________________________________________

      бір тараптан, және (мүліктің меншік иелері бірлестігінің немесе жай серіктестіктің

      немесе көппәтерлі тұрғын үйді басқарушының немесе басқарушы компанияның атауы)

      ________________________________________________________

      ________________________________________________________,

      бұдан әрі "Атқарушы орган" деп аталатын

      __________________________________________________ атынан

      (уәкілетті адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      ________________________________________________________

      негізінде әрекет ететін

      ________________________________________________________

      екінші тараптан, "Тараптар" деп аталатындар мына төмендегілер туралы осы шартты жасасты:

1-тарау. Шартта пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      1. Шартта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жеткізуші - меншік нысанына қарамастан, тұтынушыларға қатты тұрмыстық қалдықтарды (коммуналдық қалдықтар) жинау және шығару жөніндегі қызметтерді көрсететін жеке тұлға, дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;

      2) тұтынушы - тұрмыстық қатты қалдықтарды (коммуналдық қалдықтарды) жинау және шығару жөніндегі қызметтерді пайдаланатын немесе пайдалануға ниет білдірген жеке немесе заңды тұлға;

      3) атқарушы орган - мүліктің меншік иелері бірлестігінің төрағасы немесе жай серіктестіктің сенімді тұлғасы немесе көппәтерлі тұрғын үйді басқарушы немесе басқарушы компания;

      4) коммуналдық қалдықтар - елді мекендерде, оның ішінде адамның тіршілік әрекеті нәтижесінде пайда болатын тұтыну қалдықтары, сондай-ақ құрамы мен түзілу сипаты бойынша оларға жақын өндіріс қалдықтары;

      5) кондоминиум объектісі - дара (бөлек) меншіктегі пәтерлерден, тұрғын емес үй-жайлардан, тұрақ орындарынан, қоймалардан және дара (бөлек) меншікте болмайтын және пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, тұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелеріне көппәтерлі тұрғын үй тұрған біртұтас бөлінбейтін жер учаскесін және (немесе) үй жанындағы тұрақ орындарынан, қоймалардан жер учаскесін қоса алғанда, ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі ортақ мүліктен тұратын біртұтас мүліктік кешен;

      6) қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және шығару - коммуналдық қалдықтарды сұрыптауды, жинауды, тасымалдауды, кәдеге жаратуды, қайта өңдеуді, сақтауды, көмуді қамтамасыз ететін іс-шаралар жиынтығы;

      7) коммуналдық қалдықтарды бөлек жинау - кейіннен кәдеге жаратуды, қайта өңдеуді және жоюды қамтамасыз ету үшін қалдықтардың түрі мен құрамына байланысты коммуналдық қалдықтар бөлек жиналатын процесс.;

      8) қатты тұрмыстық қалдықтар – қатты күйдегі коммуналдық қалдықтар.

2-тарау. Шарттың мәні

      2. Жеткізуші Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес қатты тұрмыстық қалдықтарды (коммуналдық қалдықтарды) толық жинауды және әкетуді қамтамасыз етеді, ал Атқарушы орган қатты тұрмыстық қалдықтарды (коммуналдық қалдықтарды) жинау және әкету жөніндегі қызметтерді жүзеге асырылатын инженерлік жабдықтардың сақталуын және тиісті техникалық жай-күйде болуы мен пайдаланылуын қамтамасыз етеді.

      3. Қатты тұрмыстық қалдықтарды (коммуналдық қалдықтарды) жинау және шығару жөніндегі қызметтерді көрсетудің тұтынушылық қасиеті мен режимі нормативтік-техникалық құжаттамада белгіленген талаптарға, экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес болуы тиіс.

      4. Қатты тұрмыстық қалдықтарды (коммуналдық қалдықтар) жинау және шығару жөніндегі қызметтерді көрсету режимі - тәулік бойы.

3-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      5. Жеткізуші қатты тұрмыстық қалдықтарды (коммуналдық қалдықтарды) жинау және шығару жөніндегі қызметтер көрсетілетін инженерлік жабдыққа техникалық қызмет көрсетеді.

      6. Жеткізушінің міндеттері:

      1) экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес қатты тұрмыстық қалдықтарды (коммуналдық қалдықтарды) жинау және шығару жөніндегі қызметтердің тиісінше көрсетілуін қамтамасыз ету;

      2) тұрмыстық қатты қалдықтарды (коммуналдық қалдықтарды) жинау және шығару жөніндегі қызметтерді көрсету режимін бұзуды болдырмау, жою бойынша уақтылы шаралар қабылдау.

      7. Атқарушы органның құқықтары:

      1) инженерлік жабдықты тиісті техникалық жай-күйде күтіп ұстау бойынша жөндеу және пайдалану жұмыстарын жүзеге асыру үшін үшінші тұлғаларды тарту;

      2) инженерлік жабдықты қарау кезінде Жеткізуші жасайтын барлық актілердің көшірмелерін Жеткізушіден алу.

      8. Атқарушы органның міндеттері:

      1) қатты тұрмыстық қалдықтарды (коммуналдық қалдықтар) жинау және шығару жөніндегі қызметтер көрсетілетін инженерлік жабдықтың сақталуын, қауіпсіздігін, тиісті техникалық жай-күйін және пайдаланылуын қамтамасыз ету;

      2) контейнерлер мен басқа да құрылғылар болған жағдайда коммуналдық қалдықтарды бөлек жинауды қамтамасыз ету;

      3) пәтер, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері тұтынушыларының сапасы лайықсыз және (немесе) үзілістермен коммуналдық қызметтерді ұсыну фактісі туралы хабарламасын қабылдау, тиісті акт жасай отырып, мұндай фактіні жеткізушімен бірлесіп салыстырып тексеруді ұйымдастыру және жүргізу.

4-тарау. Форс-мажор

      9. Форс-мажорлық жағдайлар, яғни еңсерілмейтін күш жағдайлары (дүлей апаттар немесе болжап білу немесе алдын алу мүмкін емес өзге жағдайлар), сондай-ақ әскери қимылдар, көтерілістер және Шарт талаптарының орындалмауына немесе тиісінше орындалмауына әкеп соққан басқа оқиғалар туындаған жағдайда, Тараптардың ешқайсысы екінші Тараптың алдында жауапты болмайды.

      10. Тараптардың Шарт бойынша міндеттемелері еңсерілмейтін күш жағдайларының әрекет ету мерзіміне, бірақ мұндай жағдайлар Тараптардың Шарт бойынша міндеттемелерін орындауына бөгет болатындай дәрежеде ғана тоқтатыла тұруы мүмкін.

      Тараптың өзі де, басқа тарап жауап бермейтін мән-жайдан туындаған міндеттемені орындамаған жағдайда, егер Шартта өзгеше көзделмесе, ол екінші тараптан міндеттеме бойынша орындауды талап етпейді. Бұл ретте міндеттемені орындаған әрбір тарап орындалғанды қайтаруды талап етеді.

5-тарау. Жалпы ережелер және дауларды шешу

      11. Тараптар өздерінің құқықтық қатынастарында Шартты және қолданыстағы заңнаманы басшылыққа алады.

      12. Тараптар туындайтын дауларды келіссөздер жүргізу арқылы реттеу үшін барлық күш-жігерін салады. Тараптар арасында келісімге қол жеткізілмеген жағдайда даулар мен келіспеушіліктер сот тәртібімен шешіледі.

      13. Тараптардың Шарттан туындайтын және онымен реттелмеген қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

      14. Шарт Тараптардың әрқайсысы үшін бірдей заңды күші бар мемлекеттік және орыс тілдерінде екі данада жасалды.

6-тарау. Шарттың қолданылу мерзімі

      15. Осы Шарт 20__ жылғы "__" __________ 20_ жылғы "__" __________ дейінгі мерзімге жасалады және егер оның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін 30 күнтізбелік күннің ішінде Тараптардың бірі Шарттан бас тарту туралы өтініш бермесе, оның мерзімі ұзартылды деп саналады.

7-тарау. Тараптардың деректемелері

      Жеткізуші: Атқарушы орган:


  2020 жылғы 29 сәуірдегі
Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрі міндетін атқарушының
№ 250 бұйрығына
4-қосымша

Мүліктің меншік иелерінің бірлестігі немесе жай серіктестік немесе көппәтерлі тұрғын үйді басқарушы немесе басқарушы компания мен жылумен жабдықтау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсынатын ұйымдар арасындағы ынтымақтастықтың үлгілік шарты

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 22.02.2024 № 68 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      ___________________                         20__жылғы "__" _____________

      Бұдан әрі "Жеткізуші" деп аталатын

      ________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті жеткізетін нарық субъектісінің атауы)

      ________________________________________________________________ атынан

      (уәкілетті адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      ________________________________________________________

      негізінде әрекет ететін

      ________________________________________________________________

      бір тараптан, және

      ________________________________________________________

      (мүліктің меншік иелері бірлестігінің немесе жай серіктестіктің немесе көппәтерлі

      тұрғын үйді басқарушының немесе басқарушы компанияның немесе уақытша

      басқарушы компанияның атауы немесе тікелей бірлескен басқару кезінде барлық

      меншік иелері)

      ________________________________________________________________ бұдан әрі

      "Атқарушы орган" деп аталатын

      _________________________________________________ атынан

      (уәкілетті адамның немесе тікелей бірлескен басқаруда барлық меншік иелерінің тегі,

      аты, әкесінің аты (бар болса))

      _____________________________________________________

      негізінде әрекет ететін

      ________________________________________________________ екінші тараптан,

      "Тараптар" деп аталатындар мына төмендегілер туралы осы шартты жасасты:

1-тарау. Шартта пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      1. Шартта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жеткізуші - меншік нысанына қарамастан, жасалған шартқа сәйкес тұтынушыларға жылумен жабдықтау жөніндегі қызметтер көрсететін заңды немесе жеке тұлға;

      жасалған шартқа сәйкес тұтынушыларға жылумен жабдықтау бойынша қызмет көрсететін, меншік нысанына қарамастан, заңды немесе жеке тұлға;

      2) тұтынушы - жылумен жабдықтау жөніндегі қызметтерді пайдаланатын немесе пайдалануға ниеттенетін жеке немесе заңды тұлға;

      3) атқарушы орган - мүліктің меншік иелері бірлестігінің төрағасы немесе жай серіктестіктің сенімді тұлғасы немесе көппәтерлі тұрғын үйді басқарушы немесе басқарушы компания;

      4) жылумен жабдықтау - жылу энергиясын және (немесе) жылу жеткізгішті өндіру, беру, бөлу және тұтынушыларға сату жөніндегі қызмет;

      5) инженерлік желілер мен құрылыстар - тұтынушыларға коммуналдық қызметтерді көрсетуге арналған жабдықтар мен желілер;

      6) кондоминиум объектісі - дара (бөлек) меншіктегі пәтерлерден, тұрғын емес үй-жайлардан, тұрақ орындарынан, қоймалардан және дара (бөлек) меншікте болмайтын және пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, тұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелеріне көппәтерлі тұрғын үй тұрған біртұтас бөлінбейтін жер учаскесін және (немесе) үй жанындағы жер учаскесін қоса алғанда, ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі ортақ мүліктен тұратын біртұтас мүліктік кешен;

      7) пайдалану жауапкершілігін бөлу шекарасы - Тараптардың келісімімен белгіленетін жылумен жабдықтау жүйелерінің элементтерін жылумен жабдықтау жүйелерінің элементтерін пайдалану үшін міндеттер (жауапкершілік) белгісі бойынша бөлу сызығы. Мұндай келісім болмаған кезде пайдалану жауапкершілігінің шекарасы теңгерімдік тиесілілігінің шекарасы бойынша белгіленеді;

      8) теңгерімдік тиесілілігін бөлу шекарасы - жылумен жабдықтау жүйелері мен олардың құрылыстары элементтерін меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару белгісі бойынша бөлу сызығы.

2-тарау. Шарттың мәні

      2. Жеткізуші тұтынушыға теңгерімдік тиесілілігін бөлу шекарасына дейін жылумен жабдықтау жөніндегі қызметтерді көрсетеді, ал Атқарушы орган тұтынушыға жылумен жабдықтау жөніндегі қызмет көрсетілетін үй ішіндегі инженерлік желілер мен құрылғылардың сақталуын және тиісті техникалық жай-күйде болуы мен пайдаланылуын қамтамасыз етеді.

      3. Көрсетілетін қызметті қабылдау Жеткізуші мен тұтынушының теңгерімдік тиесілілігін бөлу шекарасында жүргізіледі.

      4. Жылумен жабдықтау бойынша тараптардың пайдалану жауапкершілігін бөлу шекарасы жылу энергиясы көзі жағынан басқару торабының кіріс ысырмаларының бірінші бөлу фланеці немесе дәнекерлеу тігісі бойынша анықталады.

      5. Көрсетiлетiн қызметтердiң сипаты мен сапасы Қазақстан Республикасы заңнамасының, санитариялық-гигиеналық қағидалар мен нормалардың, ұлттық стандарттардың талаптарына, сондай-ақ Жеткiзушi жасаған және жергiлiктi атқарушы органдармен келiсiлген температура кестесiне сәйкес болуы тиiс.

      6. Жылумен жабдықтау жөніндегі қызметтерді көрсету режимі - жылыту маусымында тәулік бойы.

3-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      7. Жеткізуші жылумен жабдықтау жөніндегі қызмет көрсетілетін үй ішіндегі инженерлік желілер мен құрылыстарға техникалық қызмет көрсетуді жүргізеді және үйге ортақ есепке алу аспаптарын тексеруді ұйымдастыруға және тексеруге Атқарушы органмен жасалған шарт негізінде жүзеге асырады.

      8. Жеткізушінің міндеттері:

      1) теңгерiмдiк тиесiлiлiгiн бөлу шекарасына дейiн Қазақстан Республикасы заңнамасының, санитариялық-гигиеналық қағидалар мен нормалардың, ұлттық стандарттардың талаптарын, сондай-ақ температура кестесiне сәйкес көлемде және сапада жылумен жабдықтау жөнiндегi қызметтiң тиiсiнше көрсетiлуiн қамтамасыз ету;

      2) жылумен жабдықтау жөніндегі қызметтерді көрсету режимін бұзуды болдырмау, жою бойынша уақтылы шаралар қабылдау.

      9. Атқарушы органның құқықтары:

      1) үй ішіндегі инженерлік желілер мен құрылыстарды тиісті техникалық жай-күйде күтіп ұстау бойынша жөндеу және пайдалану жұмыстарын жүзеге асыру үшін үшінші тұлғаларды тарту;

      2) үй ішіндегі инженерлік желілер мен құрылыстарды қарау кезінде Жеткізуші жасайтын барлық актілердің көшірмелерін Жеткізушіден алу.

      10. Атқарушы органның міндеттері:

      1) пайдалану жауапкершілігін бөлу шекарасы шегінде жылумен жабдықтау жөніндегі қызмет көрсетілетін үй ішіндегі инженерлік желілер мен құрылыстардың, жылу энергиясын есептеудің үйге ортақ аспаптардың сақталуын, қауіпсіздігін, тиісті техникалық жай-күйін және пайдаланылуын қамтамасыз ету;

      2) үйге ортақ мұқтаждыққа пайдаланылатын жылумен жабдықтау жөніндегі қызметтерді ұтымды тұтынуды қамтамасыз ету, үй ішіндегі инженерлік желілер мен құрылыстардағы шығындарды болдырмау;

      3) Жеткізуші орнатқан пломбалардың бүтіндігінің бұзылу жағдайлары туралы Жеткізушіге хабарлау;

      4) үй ішіндегі инженерлік желілер мен құрылыстардың істен шығуын жою;

      5) үйге ортақ есепке алу аспаптарына, үй ішіндегі инженерлік желілер мен құрылыстарға Жеткізуші өкілдерінің кедергісіз кіруін қамтамасыз ету;

      6) кондоминиум объектісін жылыту маусымына дайындау және қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттамаға және жергілікті өкілетті органдар бекіткен жылыту маусымына дайындық пен оны өткізу қағидаларына сәйкес техникалық дайындық актісін ресімдеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

      7) пәтер, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері тұтынушыларының сапасы лайықсыз және (немесе) үзілістермен коммуналдық қызметтерді ұсыну фактісі туралы хабарламасын қабылдау, тиісті акт жасай отырып, мұндай фактіні жеткізушімен бірлесіп салыстырып тексеруді ұйымдастыру және жүргізуі;

      8) үйге ортақ есепке алу аспабы болған жағдайда ай сайын осындай есепке алу аспабының көрсеткіштерін алып, алынған көрсеткіштерді Жеткізушіге жіберу.

4-тарау. Форс-мажор

      11. Форс-мажорлық жағдайлар, яғни еңсерілмейтін күш жағдайлары (дүлей апаттар немесе болжап білу немесе алдын алу мүмкін емес өзге жағдайлар), сондай-ақ әскери қимылдар, көтерілістер және Шарт талаптарының орындалмауына немесе тиісінше орындалмауына әкеп соққан басқа оқиғалар туындаған жағдайда, Тараптардың ешқайсысы екінші Тараптың алдында жауапты болмайды.

      12. Тараптардың Шарт бойынша міндеттемелері еңсерілмейтін күш жағдайларының әрекет ету мерзіміне, бірақ мұндай жағдайлар Тараптардың Шарт бойынша міндеттемелерін орындауына бөгет болатындай дәрежеде ғана тоқтатыла тұруы мүмкін.

      Тараптың өзі де, басқа тарап жауап бермейтін мән-жайдан туындаған міндеттемені орындамаған жағдайда, егер Шартта өзгеше көзделмесе, ол екінші тараптан міндеттеме бойынша орындауды талап етпейді. Бұл ретте міндеттемені орындаған әрбір тарап орындалғанды қайтаруды талап етеді.

5-тарау. Жалпы ережелер және дауларды шеш

      13. Тараптар өздерінің құқықтық қатынастарында Шартты және қолданыстағы заңнаманы басшылыққа алады.

      14. Тараптар туындайтын дауларды келіссөздер жүргізу арқылы реттеу үшін барлық күш-жігерін салады. Тараптар арасында келісімге қол жеткізілмеген жағдайда даулар мен келіспеушіліктер сот тәртібімен шешіледі.

      15. Тараптардың Шарттан туындайтын және онымен реттелмеген қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

      16. Шарт Тараптардың әрқайсысы үшін бірдей заңды күші бар мемлекеттік және орыс тілдерінде екі данада жасалды.

6-тарау. Шарттың қолданылу мерзімі

      17. Осы Шарт 20__ жылғы "___" ________ 20_ жылғы "___" ________ дейінгі мерзімге жасалады және, егер оның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін 30 күнтізбелік күннің ішінде Тараптардың бірі Шарттан бас тарту туралы өтініш бермесе, оның мерзімі ұзартылды деп саналады.

7-тарау. Тараптардың деректемелері

      Жеткізуші: Атқарушы орган:


  2020 жылғы 29 сәуірдегі
Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрі міндетін атқарушының
№ 250 бұйрығына
5-қосымша

Мүліктің меншік иелерінің бірлестігі немесе жай серіктестік немесе көппәтерлі тұрғын үйді басқарушы немесе басқарушы компания мен электрмен жабдықтау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсынатын ұйымдар арасындағы ынтымақтастықтың үлгілік шарты

      Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 22.02.2024 № 68 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      ___________________ 20__ж. "__" _____________

      Бұдан әрі "Жеткізуші" деп аталатын

      ________________________________________________________________ атынан

      (көрсетілетін қызметті жеткізетін нарық субъектісінің атауы)

      ______________________________________________________________

      негізінде әрекет ететін

      ________________________________________________________________

      бір тараптан және

      _______________________________________________________

      (уәкілетті адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) бұдан әрі "Атқарушы орган"

      деп аталатын

      _______________________________________________________

      атынан (мүліктің меншік иелері бірлестігінің немесе жай серіктестіктің немесе

      көппәтерлі тұрғын үйді басқарушының немесе басқарушы компанияның немесе

      уақытша басқарушы компанияның атауы немесе тікелей бірлескен басқару кезінде

      барлық меншік иелері)

      ________________________________________________________

      негізінде әрекет ететін

      ________________________________________________________

      екінші тараптан, (уәкілетті адамның немесе тікелей бірлескен басқаруда барлық меншік

      иелерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) бұдан әрі бірлесіп "Тараптар" деп

      аталатындар мына төмендегілер туралы осы шартты жасасты:

1-тарау. Шартта пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      1. Шартта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жеткізуші - меншік нысанына қарамастан, тұтынушыларға электрмен жабдықтау жөніндегі қызметтерді көрсететін жеке тұлға, дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;

      2) тұтынушы - электрмен жабдықтау жөніндегі қызметтерді пайдаланатын немесе пайдалануға ниеттенетін жеке немесе заңды тұлға;

      3) атқарушы орган - мүліктің меншік иелері бірлестігінің төрағасы немесе жай серіктестіктің сенімді тұлғасы немесе көппәтерлі тұрғын үйді басқарушы немесе басқарушы компания;

      4) электрмен жабдықтау - тұтынушылардың коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін ғимараттарды (құрылыстарды) электр энергиясымен жабдықтау;

      5) электр желілері - Жеткізушіге және/немесе кондоминиум объектісіне, сол сияқты үшінші тұлғаларға меншік құқығында, заттық құқықта немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де негіздер бойынша тиесілі тұтынушыларға коммуналдық қызметтерді жеткізуге арналған кіші станциялардың, бөлуші құрылғылардың және оларды біріктіруші электр беру желілерінің жиынтығы;

      6) кондоминиум объектісі - жеке (бөлек) меншіктегі пәтерлерден, тұрғын емес үй-жайлардан, тұрақ орындарынан, қоймалардан және жеке (бөлек) меншікте болмайтын және пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, тұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелеріне көппәтерлі тұрғын үй тұрған біртұтас бөлінбейтін жер учаскесін және (немесе) үй жанындағы жер учаскесін қоса алғанда, ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі ортақ мүліктен тұратын біртұтас мүліктік кешен;

      7) пайдалану жауапкершілігін бөлу шекарасы - Тараптардың келісімімен белгіленетін электрмен жабдықтау жүйелерінің элементтерін электрмен жабдықтау жүйелерінің элементтерін пайдалану үшін міндеттер (жауапкершілік) белгісі бойынша бөлу сызығы. Мұндай келісім болмаған кезде пайдалану жауапкершілігінің шекарасы теңгерімдік тиесілілігінің шекарасы бойынша белгіленеді;

      8) теңгерімдік тиесілілігін бөлу шекарасы - электрмен жабдықтау жүйелері мен олардың құрылыстары элементтерін меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару белгісі бойынша бөлу сызығы.

2-тарау. Шарттың мәні

      2. Жеткізуші тұтынушыға теңгерімдік тиесілілігін бөлу шекарасына дейін электрмен жабдықтау жөніндегі қызметтерді көрсетеді, ал Атқарушы орган тұтынушыларға электрмен жабдықтау жөніндегі қызметтер көрсетілетін электр желілерінің сақталуын және тиісті техникалық жай-күйде болуы мен пайдаланылуын қамтамасыз етеді.

      3. Көрсетілетін қызметті қабылдау Жеткізуші мен тұтынушының теңгерімдік тиесілілігін бөлу шекарасында жүргізіледі.

      4. Тараптарға меншік құқығында, өзге де заттық құқықта немесе заңнамада белгіленген өзге де негіздер бойынша тиесілі, электр энергиясын берудің соңғы пунктінде теңгерімдік тиесілілікті ажырату актісімен айқындалатын Тараптардың электр желілерін бөлу шекарасы пайдалану жауапкершілігін бөлу шекарасы болып табылады.

      5. Атқарушы орган мен Жеткізуші арасындағы кернеуі 1000 В дейінгі электр қондырғыларының күтіп ұстау, қызмет көрсету және техникалық жай-күйі үшін Тараптардың пайдалану жауапкершілігінің шекарасы былайша айқындалады:

      1) әуе тарамында - тіректе орнатылған өтпелі немесе соңғы оқшаулағыштарда қоректендіретін желіні қосу түйіспелерінде;

      2) кабельді енгізу кезінде - ғимаратқа кіруде қоректендіруші кабель ұштықтарының бұрандамалық қосылыстарында.

      6. Тараптардың электр қондырғылардың жай-күйі мен оларға қызмет көрсету үшін пайдалану жауапкершілігінің шекарасы олардың теңгерімдік тиесілігімен белгіленеді және электрлік желілердің теңгерімдік тиесілігі мен тараптардың пайдалану жауапкершілігін шектеу актісінде көрсетіледі.

      7. Электрмен жабдықтау жөнiндегi қызметтердi көрсетудiң тұтынушылық қасиеті мен режимi ұлттық стандарттарда немесе өзге нормативтiк-техникалық құжаттамада белгiленген талаптарға сәйкес болуы тиiс.

      8. Электрмен жабдықтау жөніндегі қызметтерді көрсету режимі - тәулік бойы.

3-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      9. Жеткізуші құқықтары:

      1) мынадай:

      Шартта белгіленген мерзімде электр энергиясы үшін төлем жүргізілмеген;

      Шартта белгіленген электр энергиясын тұтыну режимін бұзған жағдайларда Атқарушы орган хабарлама алған күннен бастап кемінде 5 (бес) жұмыс күнінен бұрын Атқарушы органды жазбаша ескерте отырып немесе Атқарушы органға Шарт акцептінде көрсетілген тәсілдермен (электрондық пошта, факс, пошта жөнелтілімі, қысқа мәтіндік хабарлама, мультимедиялық хабарлама, қолданыстағы мессенджерлермен) хабарлама жіберу арқылы электр энергиясын беруді тоқтату немесе шектеу;

      2) Шартты жасауға мен орындауға байланысты даулы мәселелерді шешу үшін сотқа жүгіну;

      3) электрмен жабдықтау жөніндегі қызметтер көрсетілетін электр желілеріне техникалық қызмет көрсету және үйге ортақ есепке алу аспаптарын тексеруді ұйымдастыру және тексеру.

      10. Жеткізушінің міндеттері:

      1) теңгерiмдiк тиесiлiлiгiн бөлу шекарасына дейiн Қазақстан Республикасы заңнамасының, ұлттық стандарттардың талаптарына сәйкес көлемде және сапада электрмен жабдықтау жөнiндегi қызметтердің тиiсiнше көрсетiлуiн қамтамасыз ету;

      2) электрмен жабдықтау жөніндегі қызметтерді көрсету режимін бұзуды болдырмау, жою бойынша уақтылы шаралар қабылдау.

      11. Атқарушы органның құқықтары:

      1) электр желілерін тиісті техникалық жай-күйде күтіп ұстау бойынша жөндеу және пайдалану жұмыстарын жүзеге асыру үшін үшінші тұлғаларды тарту;

      2) электр желілерін қарау кезінде Жеткізуші жасайтын барлық актілердің көшірмелерін Жеткізушіден алу;

      3) жасалған Шарттың талаптарына сәйкес Жеткізушіден электр энергиясын жеткізбеу немесе сапасыз жеткізу салдарынан келтірілген нақты залалды өтеу;

      4) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға тұтынылған электр энергиясы үшін сараланған тарифтер бойынша төлем жүргізу;

      5) Жеткізушіден тұтынылған электр энергиясының көлемдері бойынша есептеулерді толық ашып көрсете отырып, төлем құжатын талап ету.

      12. Атқарушы органның міндеттері:

      1) көппәтерлі тұрғын үйдегі үйге ортақ қажеттіліктегі электр қондырғыларының тиісті техникалық жай-күйін, пайдаланылуын, қауіпсіздік техникасын (кірме-тарату құрылғысы, кіреберістерді, аулаларды, нөмірлік шамдарды, жертөле және шатыр үй-жайларын жарықтандыруға арналған электр сымдары) қамтамасыз ету;

      2) үйге ортақ электр энергиясын есепке алу аспабының сақталуын және тұтастығын қамтамасыз ету;

      3) үйге ортақ мұқтаждыққа пайдаланылатын электрмен жабдықтау жөніндегі қызметтерді ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету, электр желілеріндегі шығындарды болдырмау;

      4) электр желілерінің зақымдануын жою;

      5) үйге ортақ есепке алу аспаптарына, электр желілеріне Жеткізуші өкілдерінің кедергісіз кіруін қамтамасыз ету;

      6) пәтер, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері тұтынушыларының сапасы лайықсыз және (немесе) үзілістермен коммуналдық қызметтерді ұсыну фактісі туралы хабарламасын қабылдау, тиісті акт жасай отырып, мұндай фактіні жеткізушімен бірлесіп салыстырып тексеруді ұйымдастыру және жүргізу.

4-тарау. Электр энергиясы үшін ақы төлеу тәртібі

      13. Атқарушы орган төлем құжаты берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде немесе Атқарушы орган мен Жеткізуші арасындағы тараптардың келісімі бойынша Шартта айтылған мерзімде төлем жасайды. Атқарушы орган келесі айдың 26 (жиырма алты) күніне дейін Жеткізушіге осы Шартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша электр энергиясын жеткізу туралы алдын ала өтінім береді және онымен келіседі. Егер төлем мерзімінің соңғы күні жұмыс емес күнге түссе, келесі жұмыс күні мерзім аяқталған күн деп есептеледі.

      Смарт-картасы бар коммерциялық есепке алу аспаптарын қолдануға негізделген электр энергиясының автоматтандырылған коммерциялық есепке алу жүйесі болған жағдайда, Атқарушы орган тұтынған электр энергиясы үшін төлемді төлем құжатынсыз өз бетінше анықтаған көлемде өтейді.

      14. Жаңа тарифтерді қолданысқа енгізу тұтынушыларға 3 (үш) күннен кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдары арқылы алдын ала хабарлағаннан кейін жүзеге асырылады және осы шартты қайта жасасу үшін негіз болып табылмайды.

      15. Егер Атқарушы орган Шарттың талаптарын бұзғаны үшін ажыратылса, онда оны қосуды Жеткізуші тұтынушының бұзушылықтарды жоюды және қосу үшін қызметке ақы төлеуді растайтын құжаттары қоса берілген өтінішін бергеннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде жүргізеді.

      16. Атқарушы орган төлем құжаттарын пошта байланысы, интернет-ресурсы арқылы, Жеткізушінің персоналы немесе бірыңғай есеп айырысу ұйымы арқылы алады.

      Тұтынушының жазбаша келісімі болған жағдайда, төлем құжаттарын интернет-ресурсы арқылы алуға жол беріледі.

      17. Атқарушы орган кемінде 5 (бес) жұмыс күнінен бұрын Шарт акцептінде көрсетілген тәсілдермен (электрондық пошта, факс, пошта жөнелтілімі, қысқа мәтіндік хабарлама, мультимедиялық хабарлама, қолданыстағы мессенджерлермен) электр энергиясын жеткізуді тоқтату немесе шектеу туралы хабарлама алады.

5-тарау. Форс-мажор

      18. Форс-мажорлық жағдайлар, яғни еңсерілмейтін күш жағдайлары (дүлей апаттар немесе болжап білу немесе алдын алу мүмкін емес өзге жағдайлар), сондай-ақ әскери қимылдар, көтерілістер және Шарт талаптарының орындалмауына немесе тиісінше орындалмауына әкеп соққан басқа оқиғалар туындаған жағдайда, Тараптардың ешқайсысы екінші Тараптың алдында жауапты болмайды.

      19. Тараптардың Шарт бойынша міндеттемелері еңсерілмейтін күш жағдайларының әрекет ету мерзіміне, бірақ мұндай жағдайлар Тараптардың Шарт бойынша міндеттемелерін орындауына бөгет болатындай дәрежеде тоқтатылады.

      Тараптың өзі де, басқа тарап жауап бермейтін мән-жайдан туындаған міндеттемені орындамаған жағдайда, егер шартта өзгеше көзделмесе, ол екінші тараптан міндеттеме бойынша орындауды талап етпейді. Бұл ретте міндеттемені орындаған әрбір тарап орындалғанның қайтарылуын талап етеді.

6-тарау. Жалпы ережелер және дауларды шешу

      20. Тараптар өздерінің құқықтық қатынастарында Шартты және қолданыстағы заңнаманы басшылыққа алады.

      21. Тараптар туындайтын дауларды келіссөздер жүргізу арқылы реттеу үшін барлық күш-жігерін салады. Тараптар арасында келісімге қол жеткізілмеген жағдайда даулар мен келіспеушіліктер сот тәртібімен шешіледі.

      22. Тараптардың Шарттан туындайтын және онымен реттелмеген қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

      23. Шарт Тараптардың әрқайсысы үшін бірдей заңды күші бар мемлекеттік және орыс тілдерінде екі данада жасалды.

7-тарау. Шарттың қолданылу мерзімі

      24. Осы Шарт 20__ жылғы "__" _______ 20_ жылғы "__" _______ дейінгі мерзімге жасалады және, егер оның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін 30 күнтізбелік күннің ішінде Тараптардың бірі Шарттан бас тарту туралы өтініш бермесе, оның мерзімі ұзартылды деп саналады.

8-тарау. Тараптардың деректемелері

      Жеткізуші: Атқарушы орган:

  Мүліктің меншік иелерінің
бірлестігі немесе жай серіктестік
немесе көппәтерлі тұрғын үйді
басқарушы немесе басқарушы
компания мен электрмен
жабдықтау жөніндегі
көрсетілетін қызметтерді
ұсынатын ұйымдар арасындағы
ынтымақтастықтың
үлгілік шартына
қосымша
  Нысан
  Кімге ____________________
(энергия беруші ұйым)
Кімнен ___________________
(ұйым атауы)

Электр энергиясын беру туралы алдын ала өтінім

      Мен,_______________________________, Сізден электр энергиясын____________ көлемде___________ аралығында алдын ала беруіңізді сұраймын.

№п/п

Айлар

кВт.сағ

Цифрмен

Жазбаша

1

Қаңтар



2

Ақпан



3

Наурыз



4

Сәуір



5

Мамыр



6

Маусым



7

Шілде



8

Тамыз



9

Қыркүйек



10

Қазан



11

Қараша



12

Желтоқсан




Барлығы



      Тұтынушы:

      ______________________



  2020 жылғы 29 сәуірдегі
Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрі міндетін атқарушының
№ 250 бұйрығына
6-қосымша

Мүліктің меншік иелерінің бірлестігі немесе жай серіктестік немесе көппәтерлі тұрғын үйді басқарушы немесе басқарушы компания мен сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсынатын ұйымдар арасындағы ынтымақтастықтың үлгілік шарты

      Ескерту. 6-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 22.02.2024 № 68 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      ____________                               20___ жылғы "__"________

      Бұдан әрі "Жеткізуші" деп аталатын

      ______________________________________________________________

      атынан (қызмет көрсететін субъектiнiң атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке

      сәйкестендіру нөмірі)

      ________________________________________________________ негізінде

      әрекет ететін

      ________________________________________________________________

      бір тараптан және (уәкілетті адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) бұдан

      әрі "Атқарушы орган" деп аталатын

      _____________________________________________________ атынан

      (мүліктің меншік иелері бірлестігінің немесе жай серіктестіктің немесе көппәтерлі

      тұрғын үйді басқарушының немесе басқарушы компанияның атауы немесе уақытша

      басқарушы компанияның атауы немесе тікелей бірлескен басқару кезінде барлық

      меншік иелері)

      _____________________________________________________ негізінде

      әрекет ететін_________________________________

      екінші тараптан, (уәкілетті адамның немесе тікелей бірлескен басқаруда барлық меншік

      иелерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі) жеке

      сәйкестендіру нөмірі) бұдан әрі бірлесіп "Тараптар" деп аталатындар мына

      төмендегілер туралы осы шартты жасасты:

1-тарау. Шартта пайдаланылған негізгі ұғымдар

      1. Шартта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жеткізуші - меншік нысанына қарамастан, тұтынушыларға сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі қызметтерді көрсететін дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;

      2) тұтынушы - сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі қызметтерді пайдаланатын немесе пайдалануға ниеттенген жеке немесе заңды тұлға;

      3) атқарушы орган - мүліктің меншік иелері бірлестігінің төрағасы немесе жай серіктестіктің сенімді тұлғасы немесе көппәтерлі тұрғын үйді басқарушы немесе басқарушы компания;

      4) сумен жабдықтау - су тұтынушыларға сумен жабдықтау жүйелері арқылы су алуды, сақтауды, дайындауды, беруді және бөлуді қамтамасыз ететін іс-шаралар жиынтығы;

      5) су бұру - сарқынды суларды су бұру жүйелері арқылы су объектілеріне және (немесе) жергілікті жер бедеріне жинауды, тасымалдауды, тазартуды және бұруды қамтамасыз ететін іс-шаралар жиынтығы;

      6) инженерлік желілер мен құрылыстар - суды жинауға, сақтауға, дайындауға, беруге және оны тұтыну орындарына таратуға арналған, сондай-ақ сарқынды суларды жинауға, тасымалдауға, тазартуға және бұруға арналған жабдықтар мен желілер;

      7) кондоминиум объектісі - дара (бөлек) меншіктегі пәтерлерден, тұрғын емес үй-жайлардан, тұрақ орындарынан, қоймалардан және дара (бөлек) меншікте болмайтын және пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, тұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелеріне көппәтерлі тұрғын үй тұрған біртұтас бөлінбейтін жер учаскесін және (немесе) үй жанындағы жер учаскесін қоса алғанда, ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі ортақ мүліктен тұратын біртұтас мүліктік кешен;

      8) пайдалану жауапкершілігін бөлу шекарасы - тараптардың келісімімен белгіленетін, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің элементтерін міндеттер (оларды пайдаланғаны үшін жауапкершілік) белгісі бойынша бөлу орны. Мұндай келісім болмаған кезде, пайдалану жауапкершілігінің шекарасы баланстық тиесілікті бөлу шекарасы бойынша белгіленеді;

      9) баланстық тиесілікті бөлу шекарасы - сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің элементтерін иеленушілер арасында меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару белгісі бойынша бөлу орны, бұл схемаларда көрсетіледі.

2-тарау. Шарттың мәні

      2. Жеткізуші теңгерімдік тиесілілігін бөлу шекарасына дейін тұтынушыға сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі қызметтерді көрсетеді, ал Атқарушы орган тұтынушыларға сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі қызметтер көрсетілетін үй ішіндегі инженерлік желілер мен құрылыстардың сақталуын және тиісті техникалық жай-күйде болуы мен пайдаланылуын қамтамасыз етеді.

      3. Көрсетілетін қызметті қабылдау Жеткізуші мен тұтынушының теңгерімдік тиесілілігін бөлу шекарасында жүргізіледі.

      4. Кондоминиум объектілеріндегі пайдалану жауапкершілігін бөлу шекарасы:

      1) сумен жабдықтау бойынша - ғимаратта су құбырын енгізудегі бірінші ысырманың бөлу фланеці;

      2) су бұру бойынша - елді мекеннің су бұру желілеріне қосылған жердегі құдық.

      5. Тараптардың су бұру жөніндегі пайдалану жауапкершілігін бөлу шекарасы тұтынушыны қосқан жердегі құдық болып табылады.

      6. Көрсетiлетiн қызметтердiң сипаттамасы мен сапасы Қазақстан Республикасы заңнамасының, ұлттық стандарттардың талаптарына, берiлетiн судың құрамы, қасиетi мен жылыту температурасы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға, сондай-ақ есептеу құралына сәйкес, ал су болмаған жағдайда тәулiктiк орташа шығыны бойынша есептiк су шығыны талаптарына сәйкес келуге тиiс.

      7. Су бұру және сумен жабдықтау жөніндегі қызметтерді көрсету режимі - тәулік бойы.

3-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      8. Жеткізуші сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі қызметтер көрсетілетін үй ішіндегі инженерлік желілер мен құрылыстарға техникалық қызмет көрсетуді жүргізуді және Атқарушы органмен жасалған шарт негізінде үйге ортақ есепке алу аспаптарын тексеруді және салыстырып тексеруді ұйымдастырады.

      9. Жеткізушінің міндеттері:

      1) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына, санитарлық ережелер мен мемлекеттік стандарттарға сәйкес келетін көлемде және сапада теңгерімдік тиесілігін бөлу шекарасына дейін сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі қызметтерді тиісінше ұсынуды қамтамасыз ету;

      2) сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі қызметтерді көрсету режимін бұзуды болдырмау, жою бойынша уақтылы шаралар қабылдау.

      10. Атқарушы органның құқықтары:

      1) үй ішіндегі инженерлік желілер мен құрылыстарды тиісті техникалық жай-күйде күтіп ұстау бойынша жөндеу және пайдалану жұмыстарын жүзеге асыру үшін үшінші тұлғаларды тарту;

      2) үй ішіндегі инженерлік желілер мен жабдықтарды қарау кезінде Жеткізуші жасайтын барлық актілердің көшірмелерін Жеткізушіден алу.

      11. Атқарушы органның міндеттері:

      1) пайдалану жауапкершілігін бөлу шекарасы шегінде сумен жабдықтау және су бөлу жөніндегі қызметтер көрсетілетін үй ішіндегі инженерлік желілер мен құрылыстардың сақталуын, қауіпсіздігін, тиісті техникалық жай-күйін және пайдаланылуын қамтамасыз ету;

      2) үйге ортақ мұқтаждыққа пайдаланылатын сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі қызметтерді ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету, үй ішіндегі инженерлік желілер мен құрылыстардағы шығындарға жол бермеу;

      3) сумен жабдықтау, сарқынды суларды шығару жүйелері құрылыстарының және үйге ортақ есепке алу аспаптарының жұмысындағы көрсетілетін қызметтерді пайдалану кезінде орын алған ақаулар туралы көрсетілетін қызметті берушіге, ал сумен жабдықтау және сарқынды суларды шығару жүйесі құрылыстары бұзылған немесе ластағыш, уытты заттар авариялық шығарылған жағдайда - төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жергілікті органдарға да жедел хабарлау;

      4) үй ішіндегі инженерлік желілер мен құрылыстардың зақымдалуын жою;

      5) үйге ортақ есепке алу аспаптарына, үй ішіндегі инженерлік желілер мен құрылыстарға Жеткізуші өкілдерінің кедергісіз кіруін қамтамасыз ету;

      6) пәтер, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері тұтынушыларының сапасы лайықсыз және (немесе) үзілістермен коммуналдық қызметтерді ұсыну фактісі туралы хабарламасын қабылдау, тиісті акт жасай отырып, мұндай фактіні жеткізушімен бірлесіп салыстырып тексеруді ұйымдастыру және жүргізу.

4-тарау. Форс-мажор

      12. Форс-мажорлық жағдайлар, яғни еңсерілмейтін күш жағдайлары (дүлей апаттар немесе болжап білу немесе алдын алу мүмкін емес өзге жағдайлар), сондай-ақ әскери іс-қимылдар, көтерілістер және Шарт талаптарының орындалмауына немесе тиісінше орындалмауына әкеп соққан басқа оқиғалар туындаған жағдайда, Тараптардың ешқайсысы екінші Тараптың алдында жауапты болмайды.

      13. Тараптардың Шарт бойынша міндеттемелері еңсерілмейтін күш жағдайларының әрекет ету мерзіміне, бірақ мұндай жағдайлар Тараптардың Шарт бойынша міндеттемелерін орындауына бөгет болатындай дәрежеде ғана тоқтатыла тұруы мүмкін.

      Тараптың өзі де, басқа тарап жауап бермейтін мән-жайдан туындаған міндеттемені орындамаған жағдайда, егер Шартта өзгеше көзделмесе, ол екінші тараптан міндеттеме бойынша орындауды талап етпейді. Бұл ретте міндеттемені орындаған әрбір тарап орындалғанды қайтаруды талап етеді.

5-тарау. Жалпы ережелер және дауларды шешу

      14. Тараптар өздерінің құқықтық қатынастарында Шартты және қолданыстағы заңнаманы басшылыққа алады.

      15. Тараптар туындайтын дауларды келіссөздер жүргізу арқылы реттеу үшін барлық күш-жігерін салады. Тараптар арасында келісімге қол жеткізілмеген жағдайда даулар мен келіспеушіліктер сот тәртібімен шешіледі.

      16. Тараптардың Шарттан туындайтын және онымен реттелмеген қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

      17. Шарт Тараптардың әрқайсысы үшін бірдей заңды күші бар мемлекеттік және орыс тілдерінде екі данада жасалды.

6-тарау. Шарттың қолданылу мерзімі

      18. Осы Шарт 20__ жылғы "__" ___________20_ жылғы "__" _________ дейінгі мерзімге жасалады және егер оның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін 30 күнтізбелік күннің ішінде Тараптардың бірі Шарттан бас тарту туралы өтініш бермесе, оның мерзімі ұзартылды деп саналады.

7-тарау. Тараптардың деректемелері

      Жеткізуші: Атқарушы орган: