"Техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімді алып қою мен кері қайтарып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 1155 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 28 сәуірдегі № 102-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 29 сәуірде № 20511 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 29 мамырдағы № 373-НҚ бұйрығымен.

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Сауда және интеграция министрінің 29.05.2021 № 373-НҚ (01.07.2021 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімді алып қою мен кері қайтарып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 1155 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12668 болып тіркелген, "Әділет" ақпаратық құқықтық жүйесінде 2016 жыл 19 ақпан жарияланған күні) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімді алып қою мен кері қайтарып алуды жүзеге асыру қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
сауда және интеграция министрі
Б. Сұлтанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция
министрінің
2020 жылғы 28 сәуірдегі
№ 102-НҚ бұйрығына қосымша

Техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімді алып қою мен кері қайтарып алуды жүзеге асыру қағидалары

      1. Техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімді алып қою мен кері қайтарып алуды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Техникалық реттеу туралы" 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 7-бабының 12-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімді алып қою мен кері қайтарып алу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі түсініктер қолданылады:

      1) алып қою - Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінде көзделген жағдайларды қоспағанда, техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімді өткізуге жол бермеу жөніндегі шара;

      2) кері қайтару - тұтынушыға өткізілген техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімді қайтаруды қамтамасыз ету жөніндегі шара;

      3) өнім - материалдық-заттай нысанда ұсынылған және шаруашылық және өзге де мақсаттарда одан әрі пайдалануға арналған қызмет нәтижесі;

      4) уәкілетті орган - техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

      3. Өнімді алып қою және (немесе) кері қайтарудың негіздері техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімді өткізу фактілерін анықтау жағдайы болып табылады.

      4. Осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген негіз туындаған жағдайда дайындаушы (дайындаушының уәкілетті тұлғасы), сатушы өнімді өндірістен (айналымнан) өз еркімен алып тастайды, сондай-ақ сатушыны осындай өнімнің әрі қарай өткізілуіне жол бермеу туралы хабардар етеді.

      5. Өнімнің техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмеу фактісі анықталған сәттен бастап күнтізбелік бір күн ішінде дайындаушы (дайындаушының уәкілетті тұлғасы) бұл туралы техникалық регламенттердің талаптарын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органды хабардар етеді, ол өнімнің техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмеу фактісін тексереді.

      6. Техникалық регламенттердің талаптарына өнімнің сәйкессіздік фактісі анықталған кезден бастап дайындаушы (дайындаушының уәкілетті тұлғасы), сатушы өнімнің техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін факті анықталған сәттен бастап күнтізбелік үш күн ішінде, техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмейтін өнімді пайдалану нәтижесінде тұтынушының өміріне, денсаулығына, мүлкіне және қоршаған ортаға зиян келтіру мүмкіндігі туралы республикалық мерзімді баспа басылымдарында және (немесе) теле-, радио арналары, жылжымалы желінің абоненттік құрылғылары арқылы тұтынушыға хабарлайды.

      7. Дайындаушы (дайындаушының уәкілетті тұлғасы), Қазақстан Республикасының барлық аумағындағы сауда объектілерінен техникалық регламенттердің талаптарына өнімнің сәйкессіздік фактісі анықталған кезден бастап күнтізбелік бес күн ішінде техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін тағамдық өнімді, күнтізбелік он төрт күн ішінде техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өзге өнімді алып тастайды.

      8. Техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімді алып қою, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімді алып қою актісімен ресімделеді.

      9. Алып қойылған өнім дайындаушының (дайындаушының уәкілетті тұлғасының) немесе сатушының аумағында оны қайта өңдеу, кәдеге жарату не жою туралы шешім қабылданғанға дейін оған қол жеткізу мүмкіндігін болдырмайтын, шарттар сақталған кезде "Алып қойылды, сатуға жатпайды" дегенді көрсете отырып бөлек сақталады.

      10. Егер техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнім өткізілген жағдайда, дайындаушы (дайындаушының уәкілетті тұлғасы), сатушы үш күнтізбелік күн ішінде өнімнің тұтынушылардан кері қайтарып алынғаны туралы кері қайтару тәсілдері туралы толық ақпарат алу үшін байланыс деректерін, өнімді қабылдау пункттерінің орналасқан жерін және өнімді кері қайтару нәтижесінде туындаған зиянды өтеуге жауапты тұлғаны көрсете отырып, республикалық мерзімді басылымдар және (немесе) теле-, радиоарналар, жылжымалы желінің абоненттік құрылғылары арқылы хабарлайды.

      Тұтынушының байланыс деректері болған жағдайда, дайындаушы (дайындаушының уәкілетті тұлғасы), сатушы үш күнтізбелік күн ішінде оған техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімді кері қайтарып алу туралы оған хабарлайды.

      11. Дайындаушы (дайындаушының уәкілетті тұлғасы) сатушы кері қайтарылған өнімді қабылдаудың тиімділігін қамтамасыз ету үшін өзара әрекеттеседі.

      12. Дайындаушы (дайындаушының уәкілетті тұлғасы), сатушы тұтынушыдан техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімді қабылдайды және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін, кері қайтарып алынған өнімдіді қабылдау-беру актісімен ресімделеді.

      Нысан бойынша техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін кері қайтарып алынған өнім қайта өңдеуге, кәдеге жаратуға не жоюға жатады.

      13. Дайындаушы немесе дайындаушының уәкілетті тұлғасы, тиісті мемлекеттік органды техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімді алып қою және (немесе) қайтарып алу жүзеге асырылғаннан кейін келесі жұмыс күні ішінде алып қою және (немесе) қайтарып алу бойынша қабылданған шаралар, олардың нәтижелері туралы құзыреті бойынша хабардар етеді. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік орган Техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімді алып қою және (немесе) қайтарып алу жағдайлары туралы ақпаратты уәкілетті органға ұсынады.

      14. Өңделген және жаңадан шығарылған өнім "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 1-тармағының 31) тармақшасына сәйкес қайтадан сәйкестікті растау рәсімінен өтеді.

      Техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін қайта өнделген өнімді одан әрі пайдалану мүмкіндігі "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26 және 27 - баптарына сәйкес сәйкестікті растау рәсімі арқылы арқылы жүзеге асырылады.

      15. Техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімді алып қою, Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 144 - бабының 1-тармағына және "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7 - бабының 12-1 - тармақшасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу шеңберінде, жоспардан тыс тексеру нәтижесінде жүзеге асырылады.

  Техникалық регламенттердің
талаптарына сәйкес келмейтін
өнімді алып қою және кері
қайтарып алуды жүзеге асыру
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімді алып қою актісі

      Орны                                                                  Күні

      Өндірушінің (өндірушінің уәкілетті тұлғасының) және сатушының өкіл(дер)імен

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (Тегі, аты, және әкесінің аты (болған жағдайда) лауазымы, заңды тұлғаның атауы/жеке

      тұлғаның тегі, аты, және әкесінің аты (болған жағдайда), мекенжайы)

      __________________________________________________________________ негізінде

      (техникалық регламент атауы)

      техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін келесі өнімді алып қою жүргізілді

      ________________________________________________________________________________

      (өнім, серия, өндіріс атауы)

      Бұл ретте, техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмейтін өнімнің жалпы

      саны ________________________________________ құрайды.


р/с

Техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмейтін өнім атауы

Топтама нөмірі

Өндіруші, өнімді дайындаушы ел

Топтама мөлшері

Алып қойылған өнімнің саны (дана/тг)







      _____________________________________________            ________

      Өндіруші (өндірушінің уәкілетті тұлғасы) және                  қолы

      сатушының тегі, аты, және әкесінің аты

      (болған жағдайда)

  Техникалық регламенттердің
талаптарына сәйкес келмейтін
өнімді алып қою және кері
қайтарып алуды жүзеге асыру
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмейтін, кері қайтарып алынған өнімді қабылдау-беру актісі

      Өнімді қабылдау орны: Күні

      Техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмейтін өнімді

      қабылдаудың басталған уақыты

      ________________________________________________________________________________

      Техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмейтін өнімді

      қабылдаудың аяқталған уақыты

      ________________________________________________________________________________

      Қабылдау белгіленген мерзімді бұзумен жүргізілді, өйткені

      ________________________________________________________________________________

      егер бұл орын алған болса

      ________________________________________________________________________________

      қабылдаудың уақтылы болмау себептері,

      ________________________________________________________________________________

      олардың туындау және өндірушінің (өндірушінің уәкілетті тұлғасының)

      және сатушының өкіл(дер)інің жою уақыты

      ________________________________________________________________________________

      (атауы, тегі, аты, және әкесінің аты (болған жағдайда, лауазымы,)

      тұтынушыда _______________________________________________________________

      (атауы, тегі, аты, және әкесінің аты (болған жағдайда)

      ________________________________________________________________________ негізінде

      (техникалық регламент атауы)

      техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмейтін келесі өнімді

      кері қайтарып алу жүргізілді

      _______________________________________________________________________________.

      (өнім, серия, өндіріс атауы)

      Бұл ретте, техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмейтін

      кері қайтарып алынған өнімнің жалпы саны ___________________ құрайды.


р/с

Техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмейтін өнім атауы

Топтама нөмірі

Өндіруші, өнімді дайындаушы ел

Топтама мөлшері

Алып қойылған өнімнің саны (дана/тг)







      _____________________________________________            ________

      Өндіруші (өндірушінің уәкілетті тұлғасы) және                  қолы

      сатушының тегі, аты, және әкесінің аты

      (болған жағдайда)

      ________________________________________                  ________

      Тұтынушының тегі, аты, және әкесінің аты                  қолы

      (болған жағдайда)