ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Бұйрықтың күшін жою көзделген - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 29.09.2021 № 485 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5 т. қараңыз
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған "Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі |
Б. Атамкулов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 229 1-қосымша |
Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару тәртібін анықтайды.
2. "Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) болып табылады және осы Қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің аумақтық департаменттерімен және аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 02.06.2021 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару үшін қауіпті техникалық құрылғының иесі немесе қауіпті техникалық қүрылғыны пайдаланушы ұйымның басшысы:
өнеркәсіптік объектілерде, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне өтініш береді;
әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органға өтініш береді.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы:
1) осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес өтінішті;
2) қауіпті техникалық құрылғы паспортының электрондық көшірмесі.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 02.06.2021 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі - Стандарт) баяндалған.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы берген кезде - көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
Құжаттарды қараудың жалпы мерзімі және қауіпті техникалық құрылғыны есепке қою, есептен шығару туралы хабарлама беру 3 (үш) жұмыс күнін құрайды.
6. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды келіп түскен күні тіркеуді жүзеге асырады және жауапты орындаушы тағайындалатын көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
7. Жауапты орындаушы бір жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дәлелді бас тартуды дайындайды және оны көрсетілетін қызметті беруші басшысының не оны алмастыратын адамның ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жібереді.
Жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.
8. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды тексереді және бір күн ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ресімдейді - Қағидаларға 4, 5 немесе 6-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша қауіпті техникалық құрылғыны есепке қою туралы хабарлама немесе қауіпті техникалық құрылғыны есептен шығару туралы хабарлама не дәлелді бас тарту болып табылады және оны көрсетілетін қызметті беруші басшысының не оны алмастыратын адамның ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне портал арқылы жібереді.
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер осы Қағидаларға 3-қосымшада баяндалған.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті беруші басшысының не оны алмастыратын адамның ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында жолданады және сақталады.
9. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына және (немесе) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 02.06.2021 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11. Көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2) тармағына сәйкес:
көрсетілетін қызметті берушімен – ол тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органмен – ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 02.06.2021 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.12. Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес мыналар қажет болған жағдайда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 02.06.2021 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен."Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 1-қосымша |
|
нысан |
[Жеке немесе заңды тұлғаның деректемелері (мекенжайы, жеке сәйкестендіру/бизнес-сәйкестендіру нөмірі, телефоны)]
[Мемлекеттік органның атауы] басшысына |
Өтініш нөмірі: [Нөмірі]
Өтініш күні: [Күні] |
Қауіпті техникалық құрылғыны есепке қою туралы
ӨТІНІШ
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 02.06.2021 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
_____________________________________________________________
(жеке немесе заңды тұлғаның атауы)
"Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 77-бабын басшылыққа ала отырып, Сізден қоса берілген құжаттар тізбесін қарап, мынаны есепке қоюды сұрайды:
__________________________________________________________________________
(қауіпті техникалық құрылғының атауы, типі, түрі)
Зауыттық (сериялық) №_____________________________________________________
______________________________________________________________ дайындалған
(дайындалған күні мен жылы, дайындаушы зауыттың атауы, елі)
Қосымша: [Мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті құжаттардың тізбесі]
Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
Ұсынылған ақпараттың анықтығын растаймын және анық емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын.
____________________________ [Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), электрондық цифрлық қолтаңбасы] |
"Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 2-қосымша |
|
нысан |
[Жеке немесе заңды тұлғаның деректемелері (мекенжайы, жеке сәйкестендіру/бизнес-сәйкестендіру нөмірі, телефоны)]
[Мемлекеттік органның атауы] басшысына |
Өтініш нөмірі: [Нөмірі]
Өтініш күні: [Күні] |
Қауіпті техникалық құрылғыны есептен шығару туралы
ӨТІНІШ
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 02.06.2021 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
__________________________________________________________________________
(жеке немесе заңды тұлғаның атауы)
"Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 77-бабын басшылыққа ала отырып, Сізден қоса берілген құжаттар тізбесін қарап, мынаны есептен шығаруды сұрайды:
__________________________________________________________________________
(қауіпті техникалық құрылғының атауы, типі, түрі, есептен шығару себебі)
Зауыттық (сериялық) № _____________________________________________________
______________________________________________________________ дайындалған
(дайындалған күні мен жылы, дайындаушы зауыттың атауы, елі)
Қосымша: [Мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті құжаттардың тізбесі]
Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісім беремін.
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын.
____________________________ [Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), электрондық цифрлық қолтаңбасы] |
"Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 3-қосымша |
Ескерту. 3-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 02.06.2021 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің аумақтық департаменттері және аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші). |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері | "Электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы |
3 | Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімі | 3 (үш) жұмыс күні |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электронды (толықтай автоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Қауіпті техникалық құрылғыны есепке қою туралы хабарлама немесе қауіпті техникалық құрылғыны есептен шығару туралы хабарлама не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту. |
6 | Көрсетілетін қызметті алушыдан мемелекеттік қызметті көрсету кезінде өндіріп алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері | Тегін |
7 | Жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. |
8 | Мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
1) өтініш; |
9 | Қазақстан Республикасының заннамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) осы "Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-жолында көрсетілген құжаттарды ұсынбау; |
10 | Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар. |
"Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 4-қосымша |
|
нысан |
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 02.06.2021 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
[Мемлекеттік органның атауы] | [Наименование государственного органа] | |||
[Мемлекеттік органның деректемелері] | [Реквизиты государственного органа] | |||
Күні: [Берілген күні] | [Жеке немесе заңды тұлғаның атауы] | |||
Нөмірі: [Құжаттың нөмірі] | [Жеке немесе заңды тұлғаның деректемелері (мекенжайы, жеке сәйкестендіру/бизнес-сәйкестендіру нөмірі, телефоны)] | |||
ДӘЛЕЛДІ БАС ТАРТУ
|
"Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 5-қосымша |
|
нысан |
Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 02.06.2021 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
[Мемлекеттік органның атауы] | [Наименование государственного органа] | |||
[Мемлекеттік органның деректемелері] | [Реквизиты государственного органа] | |||
Нөмірі: [Құжат нөмірі] | [Заңды тұлғаның атауы] | |||
Өтініш нөмірі: [Нөмірі] | [Жеке немесе заңды тұлғаның деректемелері (мекенжайы, жеке сәйкестендіру/бизнес-сәйкестендіру нөмірі, телефоны)] | |||
Берілген күні: [Күні] | ||||
Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою туралы
| ||||
"Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 6-қосымша |
|
нысан |
Ескерту. 6-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 02.06.2021 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
[Мемлекеттік органның атауы] | [Наименование государственного органа] | |||
[Мемлекеттік органның деректемелері] | [Реквизиты государственного органа] | |||
Нөмірі: [Құжат нөмірі] | [Заңды тұлғаның атауы] | |||
Өтініш нөмірі: [Нөмірі] | [Жеке немесе заңды тұлғаның деректемелері (мекенжайы, жеке сәйкестендіру/бизнес-сәйкестендіру нөмірі, телефоны)] | |||
Берілген күні: [Күні] | ||||
Қауіпті техникалық құрылғыларды есептен шығару туралы
| ||||
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 229 2-қосымша |
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
1) "Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 қарашадағы № 822 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17845 тіркелген, 2018 жылғы 12 желтоқсан Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).
2) "Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 22 қаңтардағы № 28 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18235 тіркелген, 2019 жылғы 30 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).
3) "Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 қарашадағы № 822 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 30 шілдедегі бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19152 тіркелген, 2018 жылғы 6 тамызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).