"Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 25 шілдедегі № 65 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 56 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 27 сәуірде № 20491 болып тіркелді

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына және "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқару туралы шарт туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 18 мамырдағы № 655 қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқарудың тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 25 шілдедегі № 65 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4361 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қорды сенімгерлік басқару бойынша қызметке қаржы нарықтары туралы деректерді ұсынатын Bloomberg L.P., Reuters (Eastern Europe) Limited және басқа ақпараттық жүйелердің қызмет көрсетулерін сатып алу кіреді.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Активтерді активтік басқару - портфель кірістілігі ауытқуының өзгермелілік мәні (tracking error) 2 (екі) пайыздан асатын басқару түрі.";

      26-2 және 26-3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "26-2. Өтпелі кезең - жинақ портфелінің активтерін жаңа нысаналы стратегиялық бөлуге көшіру жүзеге асырылатын, 2017 жылдан бастап ұзақтығы 3 (үш) жылдан 5 (бес) жылға дейін тұратын кезең.

      26-3. Өту жоспары - Ұлттық Банктің өтпелі кезең ішінде жинақ портфелінің активтерін жаңа нысаналы стратегиялық бөлуге келтіруге бағытталған жүйелі іс-қимылдарының қатары.";

      мынадай мазмұндағы 26-5, 26-6 және 26-7-тармақтарымен толықтырылсын:

      "26-5. Активтерді жетілдірілген индекстік басқару - кірістілік ауытқуының өзгермелілік мәні (tracking error) 0,5 (нөл бүтін оннан бес) пайыздан қоса алғанда 2 (екі) пайызға дейін болатын басқару түрі. Активтерді жетілдірілген индекстік басқаруда эталондық портфельдің негізгі көрсеткіштерінен бірқалыпты ауытқуы болжанады.

      26-6. Басқарушылық бақылау - бір заңды тұлғаның шешімді тікелей және (немесе) жанама айқындау және (немесе) басқа заңды тұлғаның осындай заңды тұлғаға қатысуға (меншіктеуге) байланысты қабылдайтын шешімдеріне ықпал ету мүмкіндігі.

      26-7. Компаниялар тобы - бірге бір заңды тұлғаның басқарушылық бақылауында болатын заңды тұлғалар, немесе бір заңды тұлға екінші заңды тұлғаның басқарушылық бақылауында болатын заңды тұлғалар.";

      30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. Қордың активтерін портфельдер арасында аудару, олардың түрі мен көлемі айқындалып өкілетті өкілдің тапсырмасымен Қағидалардың шеңберінде жүзеге асырылады.";

      32-1, 33, 34 және 35-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "32-1. Сенімгерлік басқару кезінде активтерді активтік басқару, активтерді пассивтік басқару, активтерді жетілдірілген индекстік басқару қолданылады.

      33. Репо және кері репо операциялары А-1 (Standard&Poor's)/P1(Moody's) төмен емес қысқа мерзімді кредиттік рейтингтері бар және A- (Standard & Poor's)/A3 (Moody's) төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингтері бар қарсы әріптестермен жүзеге асырылады. Кері репо операцияларына арналған қамтамасыз ету нарықтық құны операция сомасының кемінде 100 (жүз) пайызын құрайтын, ең төменгі кредиттік рейтингі A+ (Standard&Poor’s)/А1 (Moody’s) төмен емес бағалы қағаздар болады.

      34. Шетел валютасындағы және алтын депозиттері (салымдар) A-1 (Standard&Poor’s)/P1 (Moody’s) төмен емес қысқа мерзімді кредиттік рейтингі бар және A (Standard&Poor’s)/A2 (Moody’s) төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар қарсы әріптестерде орналастырылады. Шетел валютасындағы депозиттердің (салымдардың) ең көп мерзімі - 1 (бір) ай. Алтын депозиттерінің (салымдарының) ең көп мерзімі Қағидалардың 56-11 тармағында көзделген.

      35. "Төлемге қарсы жеткізу" қағидаты бойынша мәмілелерді қарсы әріптестер (немесе кастодиандар) арасында активтерді бір мезгілде жеткізу кезінде олардың кредиттік рейтингіне шектеулерсіз жүзеге асырылады.";

      35-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "35-2. Ақшаның қалдықтарын инвестициялау АААm - Standard & Роог's рейтингі бар ақша нарығының қорларына немесе Ааа - Мооdу's немесе АААm - Standard & Рооr's немесе Ааа - Мооdу's рейтингі бар қорларға қойылатын барлық талаптарды орындайтын ақша нарығының қорларына жүзеге асырылады.";

      35-5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "35-5. Қор активтерінің кірістілігін арттыру мақсатында Қағидалардың 8-1-тарауына сәйкес кепіл арқылы бағалы қағаздарды қарызға беру (securities lending) бойынша операцияларды жүзеге асыруға рұқсат беріледі.";

      40, 41, 42 және 43-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "40. Бағалы қағазды өтеудің ең көп мерзімі 10 (он) жылдан аспайды.

      41. Тұрақтандыру портфелі қаржы құралдарының орташа алынған өтеу мерзімі 1 (бір) жылдан аспайды.

      42. Тұрақтандыру портфелі активтерінің 50 (елу) пайыздан аспайтын мөлшерін сыртқы басқаруға беріледі.

      43. Тұрақтандыру портфелі активтерінің валюталық бөлуге қатысты ең көп дегенде 50 (елу) пайызын жинақ портфелінің индекстеріне кіретін елдердің АҚШ долларынан басқа валюталарда деноминирленген активтерге инвестицияланады.";

      46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "46. Төмендегідей бөлу жинақ портфелінің активтерін өтпелі кезең аяқталғаннан кейін нысаналы стратегиялық бөлу болып табылады:

      1) мыналарды қоса алғанда, 60 (алпыс) пайыз - облигациялар:

      29 (жиырма тоғыз) пайыз - дамыған елдердің мемлекеттік облигациялары;

      21 (жиырма бір) пайыз - дамушы елдердің мемлекеттік облигациялары;

      10 (он) пайыз - корпоративтік облигациялар:

      2) 30 (отыз) пайыз - акциялар;

      3) 5 (бес) пайызға дейін - баламалы құралдар;

      4) 5 (бес) пайызға дейін - алтын.";

      47-1 және 47-2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "47-1. Жинақ портфелінің активтерін жаңа нысаналы стратегиялық бөлуге өту Қағидаларға 3-1-қосымшаға сәйкес жинақ портфелінің активтері құрамындағы портфельдердің нысаналы үлестерін әр жылдың соңында бөлуден тұратын өту жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.

      47-2. Нарықтың қолайсыз конъюнктурасы және жинақ портфелінің инфрақұрылымын дайындауға қосымша уақыт қажет болған жағдайда, өту жоспарынан ауытқуға рұқсат етіледі.";

      48 және 49-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "48. Өтімділігі жоғары бағалы қағаздардың мынадай индекстерінен тұратын дамыған елдер облигацияларының композиттік индексі дамыған елдердің мемлекеттік облигацияларының портфелі үшін эталондық портфель болып табылады:

      ICE BofAML 1-10 Year US Treasury Index (GVQ0) - 62,5 (алпыс екі бүтін оннан бес) пайыз;

      ICE BofAML 1-10 Year German, France, Netherlands, Austria, Luxemburg & Finland Government Index (EVDF) - 12,5 (он екі бүтін оннан бес) пайыз;

      ICE BofAML 1-10 Year UK Gilt Index (GVL0) - 10 (он) пайыз;

      ICE BofAML 1-10 Year Japan Government Index (GVY0) - 5 (бес) пайыз;

      ICE BofAML 1-10 Year Australia Government Index (GVT0) - 5 (бес) пайыз;

      ICE BofAML 1-10 Year Canada Government Index (GVC0) - 5 (бес) пайыз.

      Дамыған елдер облигацияларының композиттік индексінде эталондық бөлуге қайта оралу күнтізбелік тоқсанның соңғы жұмыс күнінде жүргізіледі.

      Дамыған елдер облигацияларының композиттік индексінде бағалы қағаздардың құрамы ай сайын өзгеріп тұрады.

      Ұлттық Банк кірістілік және тәуекел көрсеткіштерін күн сайын есептейді.

      49. Портфельдің дюрациясы эталондық портфель дюрациясынан +30/-40 (плюс отыз/минус қырық) пайыз шегінен аспайды.";

      51-1, 51-2, 51-3 және 51-4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "51-1. Дамыған елдердің мемлекеттік облигациялары портфелі кірістілігінің ауытқуының күтілетін өзгермелілігі (ex-ante tracking error) оған кіретін туынды қаржы құралдарын есепке ала отырып, жылдық 2 (екі) пайыздан аспайды.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген шектеу асып кеткен жағдайда Ұлттық Банк оны асып кеткен күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күннен артық емес мерзімде жояды.

      51-2. Дамушы елдердің мемлекеттік облигацияларының портфелі:

      1)экспортта 80 (сексен) пайыздан астам мөлшерде мұнай үлесі бар елдердің облигацияларын қоспағанда, ICE BofAML Q34A Custom Index индекстері бар эталондық портфельдерді қолданып, дамушы елдердің мемлекеттік облигацияларының портфелінен;

      2) көлемі жинақ портфелінен 1 (бір) пайыздан аспайтын эталондық портфельді қолданусыз, Қытай юаніндегі портфельден тұрады.

      51-3. Дамушы елдердің мемлекеттік облигацияларының портфелі үшін мына талаптар қолданылады:

      1) дамушы елдердің мемлекеттік облигацияларының портфелі активтерінің ең төменгі кредиттік рейтингі ВВ (Standard&Poor's)/Ва2 (Moody’s) деңгейіне немесе басқа халықаралық рейтингтік агенттіктердің ұқсас кредиттік рейтингіне сәйкес келеді.

      Дамушы елдердің мемлекеттік облигациялары портфелінің активтері үшін 2 (екі) және одан астам кредиттік рейтинг болған кезде ең төменгі кредиттік рейтинг олардың ең төменгісі ретінде айқындалады.

      Егер актив бойынша кредиттік рейтингтің мәні ең төменгі кредиттік рейтингтен төмен түсірілсе, Ұлттық Банк актив бойынша ең төменгі кредиттік рейтингтің мәнін төмендету күнінен бастап 2 (екі) айдан астам емес нарықтың ағымдағы конъюнктурасын ескере отырып, осы актив бойынша позицияны жою бойынша іс-шараларды жүзеге асырады;

      2) Қағидаларға 6-1-қосымшада белгіленген жеке басқарушының дамушы елдердің мемлекеттік облигациялары портфелін секторлар бойынша бөлуіне сәйкес шектеулер.

      51-4. Эталондық портфельді қолдана отырып, дамушы елдердің мемлекеттік облигациялары портфелі үшін мынадай талаптар қолданылады:

      1) Ұлттық Банк экспорттағы мұнайдың кемінде 80 (сексен) пайыз мөлшерде үлесі бар елдің облигацияларын индексі құрамынан алып тастауды кемінде жылына 1 (бір) рет жүзеге асырады;

      2) эталондық портфельге кіретін бір эмитент-елдің бағалы қағаздарының үлесі дамушы елдердің мемлекеттік облигациялар портфелі көлемінің 20 (жиырма) пайызынан аспайды;

      3) эталондық портфельге кірмейтін бір эмитент-елдің бағалы қағаздарының үлесі дамушы елдердің мемлекеттік облигациялар портфелі көлемінің 5 (бес) пайызынан аспайды;

      4) дамушы елдердің мемлекеттік облигациялар портфелінің дюрациясы эталондық портфель дюрациясының +30/-40 (плюс отыз/минус қырық) пайызы шегінен аспайды;

      5) дамушы елдердің мемлекеттік облигациялар портфелі кірістілігінің ауытқуының күтілетін өзгермелілігі (ex-ante tracking error) оған кіретін туынды қаржы құралдарын есепке ала отырып, жылдық 4 (төрт) пайыздан аспайды.

      Осы тармақтың 5) тармақшасында көзделген шектеу асып кеткен жағдайда Ұлттық Банк оны асып кеткен күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күннен артық емес мерзімде жояды.";

      51-5, 51-6, 51-7, 51-8 және 51-9 тармақтар алып тасталсын;

      51-12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "51-12. Корпоративтік облигациялар портфелінің дюрациясы эталондық портфельдің дюрациясынан +30/-40 (плюс отыз/минус қырық) пайыз шегінен аспайды.";

      51-14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "51-14. Корпоративтік облигациялар портфелі кірістілігінің ауытқуының күтілетін өзгермелілігі (ex-ante tracking error) оған кіретін туынды қаржы құралдарын есепке ала отырып, жылдық 4 (төрт) пайыздан аспайды.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген шектеу асып кеткен жағдайда Ұлттық Банк оны асып кеткен күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күннен артық емес мерзімде жояды.";

      53, 54 және 55-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "53. Жинақ портфелінің акциялары портфелінің активтері (бұдан әрі - акциялар портфелі) жай және артықшылықты акцияларға, акциялар портфелінің эталондық портфелінде негізге алынатын немесе оның құрамдас секторларындағы индекстерге, туынды қаржы құралдарына, сондай-ақ ақшаға инвестицияланады.

      54. Дербес басқарудағы акциялар портфелінің активтері Қағидалардың 53-тармағында аталған қаржы құралдарына инвестицияланады, сондай-ақ өтеу мерзімі 1 (бір) жылға дейінгі мемлекеттік бағалы қағаздар мен депозиттерге инвестициялауна және репо операцияларын жасауына жол беріледі.

      55. Акциялар портфелінің активтік басқарудағы үлесі акциялар портфелінің 50 (елу) пайызынан аспайды.";

      55-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "55-2. Акциялар портфелі кірістілігінің ауытқуының күтілетін өзгермелілігі (ex-ante tracking error) оған кіретін туынды қаржы құралдарын есепке ала отырып, жылдық 3,75 (үш бүтін жүзден жетпіс бес) пайыздан аспайды.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген шектеу асып кеткен жағдайда Ұлттық Банк оны асып кеткен күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күннен артық емес мерзімде жояды.";

      56-8-тармаққа орыс тілінде өзгеріс енгізіледі, қазақ тілде мәтін өзгермейді;

      59 және 60-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "59. Бір кастодианда клиенттердің активтері ең аз сомасы 3 (үш) триллион АҚШ долларына тең сақтауда болады.

      60. Жаһандық кастодиан Ұлттық Банкке Қордың активтерін мониторингтеу үшін on-line есептілік жүйесіне қол жеткізуді ұсынады.";

      62, 63, 63-1, 63-2 және 63-3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "62. Егер Ұлттық Банк Басқармасының шешімімен өзгеше көзделмесе, Қордың бір кастодианға өткізілетін активтерінің нарықтық құны 25 (жиырма бес) миллиард АҚШ доллары баламасынан аспайды.

      63. Құрылымдық өнімдерді тәуекелдерді хеджирлеу және кірістілікті ұлғайту үшін пайдаланады.

      63-1. Сатып алуға эмитенттің А+ (Standard&Poor's)/А1 (Moody's) төмен емес рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдары және тәуелсіз агенттіктер эмиссиялайтын құрылымдық өнімдер сатып алуға жол беріледі.

      63-2. Ақша ағындары және (немесе) өтеудің негізгі сомасы валюталық, шикізат нарықтарына және (немесе) акциялар нарықтарына не кредиттік оқиғаларға байланысты құрылымдық өнімдерді сатып алуға жол берілмейді.

      63-3. Егер құрылымдық өнім бойынша нарықтық қайта бағалау болса, құрылымдық өнімді сатып алуға жол беріледі.";

      8-1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8-1-тарау. Бағалы қағаздарды кепіл арқылы қарызға беру (securities lending)";

      70-1, 70-2, 70-3 және 70-4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "70-1. Кепіл арқылы бағалы қағаздарды қарызға беру операциялары (securities lending) кастодиан бағалы қағаздарды қарызға алушы ретінде әрекет ететін немесе кастодианмен бірге компаниялар тобына кіретін заңды тұлға қарызға алушы ретінде әрекет ететін кастодиандардың бағдарламаларына сәйкес кастодианның қарызға кепіл арқылы берілген бағалы қағаздардың құнын қайтару немесе өтеу талаптарында жүзеге асырылады.

      70-2. Мәміле ашылған сәтте нарықтық құны кепіл арқылы қарызға берілетін (securities lending) бағалы қағаздың нарықтық құнының 102 (бір жүз екі) пайызынан кем болмайтын, ең аз кредиттік рейтингі A+ (Standard&Poor’s)/А1 (Moody’s) төмен емес немесе басқа халықаралық рейтингтік агенттіктердің осыған ұқсас кредиттік рейтингі бар бағалы қағаздар кепіл арқылы бағалы қағаздарды қарызға беру (securities lending) операциялары бойынша кепіл ретінде қабылданады.

      Кепіл арқылы бағалы қағаздарды қарызға беру (securities lending) операциялары бойынша кепіл ретінде жылжымайтын мүлік (MBS) және активтер кепілімен бағалы қағаздар (ABS), тұрақтандыру және жинақ портфельдерінің валюталарынан басқа валюталармен номинирленген бағалы қағаздар қабылданбайды.

      Тұрақтандыру және жинақ портфельдерінің валюталарындағы ақша қарыз алушының Ұлттық Банкке бағалы қағаздарды кепілге беруі үшін қажетті мерзімге кепіл ретінде қабылданады.

      Тұрақтандыру және жинақ портфельдерінің валюталарындағы ақша да қарыз алушы Ұлттық Банктің қарызға берген бағалы қағаздарды қайтару жөніндегі міндеттемелерін орындамаған жағдайда Ұлттық Банк алдындағы өз міндеттемелерін орындау үшін қарыз алушы Ұлттық Банкке балама бағалы қағаздарды бергенге дейінгі мерзімге не қарыз алушының Ұлттық Банк алдындағы өз міндеттемелерін тараптардың келісімі бойынша өзге тәсілмен орындағанға дейінгі мерзімге кепіл ретінде қабылданады. Балама бағалы қағаздар деп қарызға берілген бағалы қағаздар сол эмитентінің, сол шығарылымдағы және номиналдық құны (облигацияларға қатысты) немесе саны (акцияларға қатысты) сондай бағалы қағаздары түсініледі.

      70-3. Кепіл арқылы бағалы қағаздарды қарызға беру (securities lending) бойынша операциялар күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен аспайтын мерзімге жасалады.

      70-4. Кепіл арқылы бағалы қағаздарды қарызға беру (securities lending) Ұлттық Банктің меншікті басқаруындағы активтерге, сондай-ақ сыртқы басқаруға берілген активтерге де қатысты рұқсат етіледі.";

      2-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      3-1-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      4-қосымша осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      6-1-қосымша осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      6-2-қосымша осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Монетарлық операциялар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшаcында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Ақпарат және коммуникациялар департаменті - Ұлттық Банктің баспасөз қызметі осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің Төрағасы
Е. Досаев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы Министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2020 жылғы 21 сәуірдегі
№ 56 қаулысына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қорының
инвестициялық операцияларын
жүзеге асыру қағидаларына
2-қосымша

Тұрақтандыру портфелінің секторлық бөлінуі

Активтер түрі

Нарықтық құны (туынды қаржы құралдары үшін олардың негізінде жатқан қаржы құралдарының нарықтық құны пайдаланылады)

ең төменгі (пайызбен анықталады)

ең жоғарғы (пайызбен анықталады)

Ақша (ағымдағы шоттардағы қалдықтар; келесі жұмыс күні қайтару мүмкіндігімен ақша нарығы қорларына орналастырылған қаражат), эталондық портфелге кіретін елдердің мемлекеттік бағалы қағаздары

50

100

Эталондық индекске кірмейтін елдердің мемлекеттік бағалы қағаздары, агенттік борыштық міндеттемелер, халықаралық қаржы ұйымдарының борыштық міндеттемелері, эталондық портфельге кіретін елдердің муниципалдық борыштық міндеттемелері

0

50

Депозиттер (салымдар), оның ішінде репо операцияларынан депозиттерге (салымдарға) орналастырылған ақша

0

50

Туынды қаржы құралдары

0

20

Корпоративтік бағалы қағаздар, коммерциялық бағалы қағаздар, депозиттік сертификаттар

0

30

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2020 жылғы 21 сәуірдегі
№ 56 қаулысына
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қорының
инвестициялық операцияларын
жүзеге асыру қағидаларына
3-1-қосымша

Өту жоспары

Портфельдердің әр жылдың соңындағы жинақ портфелінің құрамындағы нысаналы үлестері (пайызбен анықталады)

Жыл

Облигациялар

Дамыған елдердің акциялары

Балама құралдар

Алтын

Мемлекеттік

Корпоративтік

дамыған елдердің

дамушы елдердің

2019

63

5

3

22 және жоғары

5-ке дейін

3-ке дейін

2020

47

12

6

26 және жоғары

4-5-ке дейін

2021

29

21

10

30 және жоғары

5-ке дейін

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2020 жылғы 21 сәуірдегі
№ 56 қаулысына
3-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қорының
инвестициялық операцияларын
жүзеге асыру қағидаларына
4-қосымша

Дамыған елдердің мемлекеттік облигациялары портфелінің секторлық бөлінуі

Активтер түрі

Нарықтық құны (туынды қаржы құралдары үшін олардың негізінде жатқан қаржы құралдарының нарықтық құны пайдаланылады)

ең төменгі (пайызбен анықталады)

ең жоғарғы (пайызбен анықталады)

Ақша (ағымдағы шоттардағы қалдықтар; келесі жұмыс күні қайтару мүмкіндігімен ақша нарығының қорларына орналастырылған ақша), эталондық портфельге кіретін елдердің мемлекеттік (тәуелсіз) борыштық міндеттемелері және агенттік борыштық міндеттемелері

60

100

Халықаралық қаржы ұйымдарының борыштық міндеттемелері

0

30

Эталондық портфельге кірмейтін елдердің мемлекеттік (тәуелсіз) борыштық міндеттемелері, агенттік борыштық міндеттемелері, эталондық портфельге кіретін елдердің муниципалдық борыштық міндеттемелері

0

40

Депозиттер (салымдар), оның ішінде репо операцияларынан депозиттерге (салымдарға) орналастырылған ақша

0

30

Туынды қаржы құралдары (Tracking Error бойынша шектеу арқылы реттеледі)

0

50

Құрылымдық өнімдер (жылжымайтын мүлікке кепілге салынған бағалы қағаздарды (MBS), активтерге кепілге салынған бағалы қағаздарды (ABS) қоспағанда)

0

30

Жылжымайтын мүлікке кепілге салынған бағалы қағаздар (MBS) және активтерге кепілге салынған бағалы қағаздар (ABS)

0

30

Корпоративтік және коммерциялық бағалы қағаздар, депозиттік сертификаттар

0

30

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2020 жылғы 21 сәуірдегі
№ 56 қаулысына
4-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қорының
инвестициялық операцияларын
жүзеге асыру қағидаларына
6-1-қосымша

Жеке басқарушының дамушы елдердің мемлекеттік облигациялары портфелін секторлық бөлуі

Активтердің түрлері

Нарықтық құны (туынды қаржы құралдары үшін олардың негізінде жатқан қаржы құралдарының нарықтық құны пайдаланылады)

ең төменгі (пайызбен анықталады)

ең жоғары (пайызбен анықталады)

Ақша (ағымдағы шоттарда қалған валюта, келесі жұмыс күні қайтару мүмкіндігімен ақша нарығының қорларына орналастырылған қаржы активтері), эталондық портфельге кіретін елдердің мемлекеттік бағалы қағаздары

70

100

Эталондық портфельге кірмейтін елдердің мемлекеттік борыштық міндеттемелері, агенттік борыштық міндеттемелер, халықаралық қаржы ұйымдарының борыштық міндеттемелері

0

30

Депозиттер (салымдар)

0

20

Туынды қаржы құралдары (Tracking Error бойынша шектеумен реттеледі)

0

50

Корпоративтік және коммерциялық бағалы қағаздар

0

20

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2020 жылғы 21 сәуірдегі
№ 56 қаулысына
5-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қорының
инвестициялық операцияларын
жүзеге асыру қағидаларына
6-2-қосымша

Корпоративтік облигациялар портфелінің секторлық бөлінуі

Активтердің түрлері

Нарықтық құны (туынды қаржы құралдары үшін олардың негізінде жатқан қаржы құралдарының нарықтық құны пайдаланылады)

ең төменгі (пайызбен анықталады)

ең жоғары (пайызбен анықталады)

Ақша (ағымдағы шоттарда қалған валюта, келесі жұмыс күні қайтару мүмкіндігімен ақша нарығының қорларына орналастырылған қаржы активтері)

0

15

Эталондық портфельге кіретін корпоративтік бағалы қағаздар

70

100

Эталондық портфельге кірмейтін корпоративтік бағалы қағаздар

0

15

Эталондық портфельге кіретін елдердің мемлекеттік борыштық міндеттемелері, агенттік борыштық міндеттемелер, халықаралық қаржы ұйымдарының борыштық міндеттемелері

0

15

Депозиттер (салымдар)

0

15

Туынды қаржы құралдары (Tracking Error бойынша шектеумен реттеледі)

0

50