Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 26/қе бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 23 сәуірде № 20461 болып тіркелді.

Қолданыстағы

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Бекітілсін:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Қазақстандық кемелердің аумақтық суларда (теңізде), ішкі суларда және континенттік қайраңда кәсіпшілік қызметті жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсаттар беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға рұқсаттамалар беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес "Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуына рұқсаттамалар беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасы кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры Ділманов Дархан Айтқалиұлына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      ҚР Ұлттық қауіпсіздік
комитетінің Төрағасы
К. Масимов

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі

      министрлігі

      ___________________

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағасының
2020 жылғы 20 сәуірдегі
№ 26/қе бұйрығына
1-қосымша

"Қазақстандық кемелердің аумақтық суларда (теңізде), ішкі суларда және континенттік қайраңда кәсіпшілік қызметті жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсаттар беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1)-тармақшасына (бұдан әрі – Заңы) сәйкес әзірленді және "Қазақстандық кемелердің аумақтық суларда (теңізде), ішкі суларда және континенттік қайраңда кәсіпшілік қызметті жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсаттар беру" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін анықтайды (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет).

      2. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің әскери бөлімдерімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) мемлекеттік қызметті алушы Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларға, сондай-ақ шетел азаматтарына, азаматтығы жоқ тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      3. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге көрсетілетін қызметті алушының электронды цифрлық қолы (бұдан әрі – ЭЦҚ) арқылы расталған, электронды нысанда "электрондық үкіметтің" веб-порталына (бұдан әрі – веб-портал) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуге рұқсатты беру (ұзарту) туралы өтінішті (бұдан әрі – өтініш) ұсынады.

      Веб-порталда өтінішке электронды нысанда осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген мемлекеттік қызмет көрсетудің рәсімі, нысандары, мазмұны және көрсетілу нәтижелері сипаттамасын, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсынудың ерекшеліктері ескерілетін басқа да мәліметтерді қосатын мемлекеттік қызмет көрсетуге негізгі талаптардың тізбелерін қамтитын мемлекеттік қызмет стандартының 8-тармағына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар қоса беріледі.

      Көрсетілетін қызметті алушымен веб-порталға барлық қажетті құжаттарды берілген кезде – көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін шығару күні мен уақыты көрсетілетін сұраныстың қабылдануы туралы мәртебесі көрінеді.

      4. Мемлекеттік қызмет стандартының 7-тармағында қарастырылған көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесіне сәйкес қоса берілген құжаттары бар өтініш (бұдан әрі – құжаттар топтамасы) келіп түскен күні, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері оларды қабылдайды, тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің бөлімше жауапты қызметкерін (бұдан әрі – орындаушы) белгілейтін және оған орындауға жіберетін көрсетілетін қызметті берушінің бөлімше басшысына қарастыруға береді.

      5. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет стандартының 8-тармағында қарастырылған тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, орындаушы екі жұмыс күні ішінде қызметті алушының веб-порталдағы "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ арқылы расталған, электронды құжат түрінде өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы хабарламаны жолдайды.

      6. Толық болған жағдайда, орындаушы тоғыз жұмыс күні ішінде құжаттар топтамасын осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін қарастырады және егер рұқсат беру туралы өтініште көрсетілген кәсіпшілік ауданы (аудандары) Қазақстан Республикасының аумақтық суларының (теңіз), ішкі суларының шегінде орналасқан болса, қазақстандық кеменің кәсіпшілік қызметті жүргізуі кезінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өту қажеттілігін анықтайды.

      7. Құжаттар топтамасын қарастырғаннан кейін орындаушы үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуге рұқсатты (бұдан әрі – рұқсат беру) немесе осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны құрастырады және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ арқылы расталған, электронды құжат түрінде көрсетілетін қызметті алушының веб-порталдағы "жеке кабинетіне" жолдайды.

      8. Заңның 5-бабы 2-тармағы 11)-тармақшасына сәйкес, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен енгізуді қамтамасыз етеді.

      9. Рұқсат беру және хабардар ету мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде оны көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде келіп түседі.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.

      11. Мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабы 2)-тармақшасына сәйкес оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      12. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

  "Қазақстандық кемелердің
аумақтық суларда (теңізде), ішкі
суларда және континенттік
қайраңда кәсіпшілік қызметті
жүргізу үшін Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік
шекарасын бірнеше рет кесіп
өтуіне рұқсаттар беру"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуге рұқсаттар беру (ұзарту) туралы өтініш

      Кімге _______________________________________________________________

      (Шекара қызметі әскери бөлімінің атауы)

      Кімнен ______________________________________________________________

      (заңды тұлғаның заңды мекенжайы көрсетілген толық атауы немесе жеке кәсіпкердің

      тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), оның мекенжайы

      Мақсаты Қазақстан Республикасының аумағында балық өнімдері мен өзге де өнімді

      сату немесе өндіру үшін теңіз кәсіпшілігі өнімдерін жеткізу болып табылатын

      кәсіпшілік қызмет жүргізілген жағдайда кәсіпшілік өнімдерін (объектілерін) шетелдік

      кемелерге, сондай-ақ шекаралық бақылау жүзеге асырылған қазақстандық кемелерге

      ауыстырып тиемей

      _________________________________________________________ ауданында

      (балық кәсіпшілігі ауданы көрсетіледі)

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуге рұқсаттар алуға (ұзартуға) өтінішті қарауды сұраймын.

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуге рұқсаттар алуға мәлімделген кемелер туралы мәліметтер ______ парақта келтірілген.

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      (заңды тұлға басшысының немесе жеке кәсіпкердің қолы)

      20 __ жылғы "__" _________

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуге рұқсаттар алуға мәлімделген қазақстандық кеме туралы өтінішке мәліметтер

      1. Кеменің атауы ________________________________________________

      2. Кеменің типі __________________________________________________

      3. Кеменің борттық нөмірі _________________________________________

      4. Кеме тіркелген теңіз порты (орналасқан пункті) _____________________

      5. Қазақстан Республикасының кемелер тізілімінде кеменің тіркелуі туралы

      мәліметтер: ________________________________________________________

      6. Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттың нөмірі, алынған орны, күні және оның

      қолданылу мерзімдері ______________________________________

      7. Заңды тұлғаның атауы, оның заңды мекенжайы немесе жеке кәсіпкердің тегі, аты,

      әкесінің аты, оның мекенжайы ________________________________

      8. Кеменің меншік иесінің атауы және мекенжайы _____________________

      9. Квоталар иесінің атауы және мекенжайы ___________________________

      10. Кеме капитанының (иесінің) тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда),

      оның мекенжайы __________________________________________________

      11. Техникалық бақылау құралдарының типі _________________________

      12. Кәсіпшілік қызмет жүргізу ауданы (аудандары) ____________________

      13. Кеме кәсіпшілік ауданына баратын кезде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік

      шекарасын кесіп өтуінің болжамды координаталары мен мерзімдері

      ________________________________________________________________________

      Кеме кәсіпшілік ауданына шығатын және кәсіпшілік өнімдерін (объектілерін)

      жеткізуі мен түсіруі үшін кіретін Қазақстан Республикасының теңіз порты

      (орналас упункті)

      ___________________________________________________________________

      (заңды тұлға басшысының немесе жеке кәсіпкердің қолы)

      20 __ жылғы "___" _________

  "Қазақстандық кемелердің
аумақтық суларда (теңізде), ішкі
суларда және континенттік
қайраңда кәсіпшілік қызметті
жүргізу үшін Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік
шекарасын бірнеше рет кесіп
өтуіне рұқсаттар беру"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
2-қосымша

"Қазақстандық кемелердің аумақтық суларда (теңізде), ішкі суларда және континенттік қайраңда кәсіпшілік қызметті жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсаттар беру" мемлекеттік қызметтің стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

"Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері

15 (он бес) жұмыс күні

4

Көрсету нысаны

Электронды (толық автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсаттар немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарлама.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны – электронды.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы төлейтін төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған жағдайларда оны төлеу тәсілдері

Тегін

7

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі

1) веб-порталдың: техникалық жұмыстарды жүргізумен байланысты үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы демалыс және мереке күндері жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін ұсыну келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
2) көрсетілетін қызметті берушінің: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен сенбі аралығында (дүйсенбі – жұма сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін, түскі үзіліс сағат13-00-ден 15-00-ге дейін, сенбі күні сағат 9-00-ден 13-00-ге дейін).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Шекара қызметінің интернет-қорында: gov. egov. kz/ mem leke t/ entitis/ she kara knb;
2) веб-порталда көрсетілген.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі

1) қазақстандық кеменің капитаны (иесі) жасаған кеменің рөлі қоса берілген рұқсат беру туралы өтініш;
2) қазақстандық кемеге меншік құқығы туралы куәліктің электронды көшірмесі немесе қазақстандық кемені жалға алу шартының көшірмесі (теңіз кемелері үшін);
3) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеріп жүзу құқығы туралы куәліктің электронды көшірмесі (теңіз кемелері үшін);
4) жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттың электронды көшірмесі;
5) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін жұмыс істеуге рұқсаттың электронды көшірмесі;
6) кеме куәлігінің электронды көшірмесі (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кемелер тізілімінде тіркелген кемелер үшін).

9

Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту (тоқтата тұру, жою) үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;
2) егер рұқсат беру туралы өтініште көрсетілген кәсіпшілік ауданы (аудандары) Қазақстан Республикасының аумақтық суларының (теңіз), ішкі суларының шегінде орналасқан болса, қазақстандық кеменің кәсіпшілік қызметті жүргізуі кезінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өту қажеттілігінің болмауы;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнайы құқығынан айырылуы;
5) көрсетілетін қызметті алушымен мемлекеттік қызметтерді көрсетуге қажет ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен ақпараттардың осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілетін өзге талаптар

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті веб-портал арқылы алу үшін электронды цифрлық қолы болуы тиіс.
Көрсетілетін қызметті алушы қашықтықтан шығу мүмкіндігі режимінде мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөнінде көрсетілетін қызметті берушінің байланыс телефондары: 8 (7172) 71-91-55, 71-91-59, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414.

  "Қазақстандық кемелердің
аумақтық суларда (теңізде), ішкі
суларда және континенттік
қайраңда кәсіпшілік қызметті
жүргізу үшін Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік
шекарасын бірнеше рет кесіп
өтуіне рұқсаттар беру"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Сериясы _______ № ___________

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуге рұқсат

      1. Заңды тұлғаның атауы, оның заңды мекенжайы немесе жеке кәсіпкердің тегі, аты,

      әкесінің аты (бар болған жағдайда),

      оның мекенжайы ___________________________________

      2. Кеме иесінің атауы және мекенжайы ___________________________

      3. Кеменің атауы ______________________________________________

      4. Кеменің түрі _______________________________________________

      5. Кеменің борттық нөмірі ______________________________________

      6. Кеме тіркелген теңіз порты (орналасу пункті) ____________________

      7. Кеме капитанының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), оның мекенжайы

      __________________________________________________

      8. Техникалық бақылау құралдарының түрі ________________________

      9. Қазақстан Республикасының кемелер тізілімінде кеменің тіркелуі туралы мәлімет

      ____________________________________________________

      10. Рұқсаттың қолданылу мерзімі ________________________________

      11. Теңіз кәсіпшілігінің ауданы (аудандары) _______________________

      12. Теңіз кәсіпшілігі өнімдерін кіргізу және түсіру үшін Қазақстан Республикасы

      теңіз порттарының (орналасу пункттерінің) тізбесі

      ________________________________________________________________________

      (Шекара қызметі әскери бөлімі командирінің қолы)

      20__ жылғы "___" _________

      Парақтың сыртқы жағы

      Ерекше белгілер

      1. Рұқсаттың тоқтатылған күні __________________________________

      2. Рұқсатты тоқтатудың себептері _____________________________

      _______________________________________________________________

      3. Рұқсат қайта жаңартылған күн __________________________________

      Рұқсаттың күші жойылғаны туралы белгі

      1. Рұқсаттың күші жойылған күні _________________________________

      2. Рұқсаттың күшін жою себептері ________________________________

      ______________________________________________________________

      ______________________________________________________________

      ______________________________________________________________

      Шекара қызметі әскери бөлімінің белгілері _________________________

      ______________________________________________________________

      ______________________________________________________________

      ______________________________________________________________

  "Қазақстандық кемелердің
аумақтық суларда (теңізде), ішкі
суларда және континенттік
қайраңда кәсіпшілік қызметті
жүргізу үшін Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік
шекарасын бірнеше рет кесіп
өтуіне рұқсаттар беру"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуге рұқсаттар беруден (ұзартудан) бас тарту туралы хабарлама

      1. Заңды тұлғаның атауы, оның заңды мекенжайы немесе жеке кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), оның мекенжайы ___________________

      2. Кеме иесінің атауы және мекенжайы _________________________________

      3. Кеменің атауы __________________________________________________

      4. Кеменің типі ____________________________________________________

      5. Кеменің борттық нөмірі __________________________________________

      6. Кеме тіркелген теңіз порты (орналасу пункті) ________________________

      7. Кеме капитанының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), оның мекенжайы

      _____________________________________________________

      8. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуге рұқсат

      беруден (ұзартудан) бас тарту себептері _______________________

      ____________________________________________________________________

      (Шекара қызметі әскери бөлімі командирінің қолы)

      20 __ жылғы "___" _________

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағасының
2020 жылғы 20 сәуірдегі
№ 26/қе бұйрығына
2-қосымша

"Шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға рұқсаттамалар беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1)-тармақшасына (бұдан әрі – Заңы) сәйкес әзірленді және "Шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға рұқсаттамалар беру" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін анықтайды (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет).

      2. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің әскери бөлімдерімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) мемлекеттік қызметті алушы Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларға, сондай-ақ шетел азаматтарына, азаматтығы жоқ тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі..

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      3. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге көрсетілетін қызметті алушының электронды цифрлық қолы (бұдан әрі – ЭЦҚ) арқылы расталған, электронды нысанда "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) арқылы:

      жеке тұлға – осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      жеке және заңды тұлғалар – шекаралық белдеуде шаруашылық, кәсіпшілік немесе өзге де қызметті жүргізуге, қоғамдық-саяси, мәдени немесе өзге де іс-шараларды өткізуге рұқсаттама алуға, онда жұмыс жүргізудің немесе іс-шаралар өткізудің сипаты, орны, қатысушылары, уақыты, кәсіпшілік және өзге де кемелерде пайдаланылатын көлік және өзге де техникалық құралдар туралы, ал қажет болған жағдайларда, егер бұл шектес мемлекетпен Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында ескертілсе, мемлекеттік шекараны кесіп өту орны мен уақыты туралы мәліметтер көрсетілетін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсыныс береді.

      Веб-порталда өтінішке электронды нысанда осы Қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген мемлекеттік қызмет көрсетудің рәсімі, нысандары, мазмұны және көрсетілу нәтижелері сипаттамасын, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсынудың ерекшеліктері ескерілетін басқа да мәліметтерді қосатын мемлекеттік қызмет көрсетуге негізгі талаптардың тізбелерін қамтитын мемлекеттік қызмет стандартының 8-тармағына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар қоса беріледі.

      Көрсетілетін қызметті алушымен веб-порталға барлық қажетті құжаттарды берілген кезде – көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін шығару күні мен уақыты көрсетілетін сұраныстың қабылдануы туралы мәртебесі көрінеді.

      4. Мемлекеттік қызмет стандартының 7-тармағында қарастырылған көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесіне сәйкес қоса берілген құжаттары бар өтініш (бұдан әрі – құжаттар топтамасы) келіп түскен күні, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері оларды қабылдайды, тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің бөлімше жауапты қызметкерін (бұдан әрі – орындаушы) белгілейтін және оған орындауға жіберетін көрсетілетін қызметті берушінің бөлімше басшысына қарастыруға береді.

      5. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет стандартының 8-тармағында қарастырылған тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, орындаушы екі жұмыс күні ішінде қызметті алушының веб-порталдағы "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ арқылы расталған, электронды құжат түрінде өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы хабарламаны жолдайды.

      6. Толық болған жағдайда, орындаушы төрт жұмыс күні ішінде құжаттар топтамасын осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін қарастырады.

      7. Құжаттар топтамасын қарастырғаннан кейін орындаушы үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға рұқсаттаманы (бұдан әрі – рұқсаттама) немесе осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны құрастырады және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ арқылы расталған, электронды құжат түрінде көрсетілетін қызметті алушының веб-порталдағы "жеке кабинетіне" жолдайды.

      8. Рұқсаттама тиісті уәкілетті органдар шаруашылық, кәсіпшілік немесе өзге де қызметті, қоғамдық-саяси, мәдени немесе өзге іс-шараларды жүргізуге берген рұқсаттың қолданылу мерзімдерін ескере отырып, өтініште (ұсыныста) көрсетілген, бірақ күнтізбелік бір жылдан аспайтын мерзімге беріледі.

      9. Шекаралық белдеуге ата-анасымен немесе өздерімен бірге жүретін адамдармен кіретін 16 жасқа дейінгі балалар туралы мәліметтер осы адамдардың рұқсаттамасына енгізіледі.

      10. Заңның 5-бабы 2-тармағы 11)-тармақшасына сәйкес, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен енгізуді қамтамасыз етеді.

      11. Рұқсат беру және хабардар ету мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде оны көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде келіп түседі.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      12. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.

      13. Мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Қазақстан Республикасы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның 25-бабы 2)-тармақшасына сәйкес оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      14. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

  "Шекаралық белдеуге кіруге
және онда болуға рұқсаттамалар
беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

ӨТІНІШ (ЗАЯВЛЕНИЕ)

      Шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға рұқсаттама беруді сұраймын

      (Прошу выдать пропуск на въезд и пребывание в пограничную полосу)

      _________________________________________________________________________

      (елді мекен, аудан, облыс) (населенный пункт, район, область)

      Мақсаты (цель) ____________________________________________________________

      Уақыты (время) ___________________________________________________________

      Өзім туралы мынадай мәліметтерді хабарлаймын (о себе сообщаю следующие сведения)

      Тегі (фамилия) ____________________________________________________________

      Аты (имя) ________________________________________________________________

      Әкесінің аты (болған жағдайда) (отчество, при его наличии) _____________________

      Туған жылы мен жері (год и место рождения) __________________________________

      Жұмыс орны (место работы) ________________________________________________

      (ұйымның атауы және лауазымы) (наименование организации и должность)

      Жеке басын куәландыратын құжаты (документ, удостоверяющий личность) _________

      № __________________ 20__ ж. "______"__________

      ________________________________________________________________________

      (жеке басын куәландыратын құжатты берген органның атауы және күні)

      (дата и наименование органа, выдавшего документ, удостоверяющий личность)

      Тұрғылықты жері (местожительство) __________________________________________

      Өзіммен бірге балаларым барады (со мной следуют дети)_________________________

      (аты және жасы) (имя и возраст)______________________________________________

      Өтініш білдірушінің электрондық мекенжайы (электронный адрес заявителя) ________

      Мен ұсынылған деректердің дұрыстығына дербес жауап беремін (я несу персональную

      ответственность за достоверность представленных данных)

      _________________________________________________________________________

                        (Күні, айы, жылы) (дата, месяц, год)

  "Шекаралық белдеуге кіруге
және онда болуға рұқсаттамалар
беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

ҰСЫНЫС (ПРЕДСТАВЛЕНИЕ)

      Тізімге сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтарына (шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға) _____________________________________________ (елді мекен, аудан, облыс) шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға рұқсаттама (лар) беруді сұраймын

      (Прошу выдать пропуск (а) на въезд и пребывание в пограничную полосу гражданам Республики Казахстан (иностранцам и лицам без гражданства) согласно списку)

      _________________________________________________________________________

      (населенный пункт, район, область)

      Мақсаты (цель) ___________________________________________________________

      Уақыты (время) __________________________________________________________

Шекаралық белдеуге рұқсаттамалар алатын Қазақстан Республикасы азаматтарының (шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың) тізімі (Список граждан Республики Казахстан (иностранцев, лиц без гражданства) на получение пропуска в пограничную полосу)

Р/с №

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Туған жылы, айы, күні

Тұратын жерінің мекенжайы

Жұмыс орны, лауазымы

Жеке басын куәландыратын құжаттың №

Азаматтығы

(№ п/п)

Фамилия, имя, отчество (при его наличии)

(Число, месяц, год рождения)

(Адрес места жительства)

(Место работы, должность)

(№ документа, удостоверяющего личность)

(Гражданство)

1







2







3







      Шекара белдеуінде техникалық құралдар жұмылдырылады:

      (В пограничной полосе будут задействованы технические средства):

Р/с №
№ п/п

Техникалық құралдардың атауы
(Наименование технического средства)

Мемлекеттік тіркеу номері
(Государственный регистрационный номер)

Жүргізушінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
(Фамилия, имя, отчество водителя (при его наличии)

Иесі
(Владелец)

1





2





      Ұсынысқа мынадай құжаттар қоса беріледі

      (К представлению прилагаются следующие документы)

      ____________________________________________________________________

      Өтініш білдірушінің электрондық мекенжайы

      (электронный адрес заявителя)

      ____________________________________________________________________

      Мен ұсынылған деректердің дұрыстығына дербес жауап беремін

      (я несу персональную ответственность за достоверность представленных данных)

      ____________________________________________________________________

      лауазымы (должность)

      ____________________________________________________________________

      (күні, айы және жылы) (дата, месяц, год)

  "Шекаралық белдеуге кіруге
және онда болуға рұқсаттамалар
беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет қағидаларына
3-қосымша

"Шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға рұқсаттамалар беру" мемлекеттік қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызмет берушінің аты

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті

2

Мемлекеттік қызметтерді беру тәсілдері

"Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері

10 (он) жұмыс күні

4

Қызмет көрсету нысаны

Электронды (толық автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі

Шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға рұқсаттамалар немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарлама.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны – электронды.

6

Көрсетілетін қызмет алушыдан мемлекеттік қызмет көрсеткен кезде алынатын төлемақының көлемі және оларды Қазақстан Республикасының заңнамаларында қарастырылған жағдайларда төлеу тәсілдері

Тегін

7

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі

1) веб-порталдың: техникалық жұмыстарды жүргізумен байланысты үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы демалыс және мереке күндері жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін ұсыну келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
2) көрсетілетін қызметті берушінің: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен сенбі аралығында (дүйсенбі – жұма сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 15-00-ге дейін, сенбі күні сағат 9-00-ден 13-00-ге дейін).
Мемлекеттік қызмет көрсетудің мекенжайлары орналастырылған:
1) Шекара қызметінің интернет-ресурсында: gov. egov. kz/ mem leke t/ entitis/ she kara knb;
2) веб-порталда.

8

Мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

жеке тұлға – рұқсаттама алу үшін өтініш.
жеке және заңды тұлғадан – шекаралық белдеуде шаруашылық, кәсіпшілік немесе өзге де қызметті жүргізуге, қоғамдық-саяси, мәдени немесе өзге де іс-шараларды өткізуге рұқсаттама алу үшін:
1) ұсыныс, онда жұмыс жүргізудің немесе іс-шаралар өткізудің сипаты, орны, қатысушылары, уақыты, кәсіпшілік және өзге де кемелерде пайдаланылатын көлік және өзге де техникалық құралдар туралы, ал қажет болған жағдайларда, егер бұл шектес мемлекетпен Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында ескертілсе, мемлекеттік шекараны кесіп өту орны мен уақыты туралы мәліметтер көрсетіледі;
2) тиісті уәкілетті органдардың шекаралық белдеуде шаруашылық, кәсіпшілік немесе өзге де қызметті жүргізуге, қоғамдық-саяси, мәдени немесе өзге іс-шараларды өткізуге рұқсат құжаттарының электронды көшірмесі.

9

Қазақстан Республикасының заңнамаларында бекітілген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнайы құқығынан айырылуы;
4) көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) мемлекеттік қызметтерді көрсетуге қажет ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен ақпараттардың осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі.

10

Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті веб-портал арқылы алу үшін электронды цифрлық қолы болуы қажет.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің байланыс телефондары: 8 (7172) 71-91-55, 71-91-59, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

  "Шекаралық белдеуге кіруге
және онда болуға рұқсаттамалар
беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға рұқсаттама

РҰҚСАТТАМА түбіршегінің №_____
(корешок пропуска)
Берілді (выдан)__________________________
Тұрушы (жителю)_________________________
Шекаралық белдеу аумағына кіруге және онда болуға рұқсат берілген (разрешен въезд и пребывание в пограничной полосе в районе)
Кіру мақсаты (цель въезда)
Болу мерзімі (срок пребывания)
Болу уақыты (время пребывания)
Негіздеме (основание)
Берілген күні (дата выдачи)
"___________" заставасының бастығы (начальник заставы)
________ ә/б (в/ч)
Мөрдің орыны (болған жағдайда)
(Место печати (при наличии)

РҰҚСАТТАМА
№_____
(пропуск)
Берілді (выдан)___________________________
Тұрушы (жителю)_________________________
Шекаралық белдеу аумағына кіруге және онда болуға рұқсат берілген (разрешен въезд и пребывание в пограничной полосе в районе)
Кіру мақсаты (цель въезда)
Болу мерзімі (срок пребывания)
Болу уақыты (время пребывания)
Негіздеме (основание)
Берілген күні (дата выдачи)
Рұқсаттама жеке басын куәландыратын құжат ұсынылған жағдайда жарамды (пропуск действителен при предъявлении документа, удостоверяющего личность) №
"___________" заставасының бастығы (начальник заставы)
________ ә/б (в/ч)
Мөрдің орыны (болған жағдайда)
(Место печати (при наличии)

  "Шекаралық белдеуге кіруге
және онда болуға рұқсаттамалар
беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет қағидаларына
5-қосымша
  Нысан
  Қайда (Куда)
____________________
____________________________
Кімге (Кому)
____________________
Бастамашының мекенжайы және
анықтамалық деректері
(адрес и установочные
данные инициатора)

ХАБАРЛАМА (УВЕДОМЛЕНИЕ)

      Сіздің 20___ жылғы ____ __________ өтінішіңізге (ұсынысыңызға), құжаттарды толық көлемде ұсынбауға немесе өтініште (ұсыныста) дұрыс емес мәліметтерді:

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      көрсетуге байланысты шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға рұқсаттама беруден бас тартатынымыз туралы хабарлаймыз.

      (На Ваше заявление (представление) от __ _____ 20 ___ года уведомляем об отказе в выдаче пропуска на въезд и пребывание в пограничной полосе в связи представлением докуметов не полном объеме либо указание в заявлении (представлении) не достоверных сведений:

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      0000 әскери бөлімінің командирі (командир воинской части 0000)

      __________________________________________________________________________

      лауазымды тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), қолы

      (подпись, фамилия, имя, отчество (при его наличии), должностного лица)

      "_____" _____________ 20 ___ жыл (года). күні, айы және жылы (дата, месяц и год)

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағасының
2020 жылғы 20 сәуірдегі
№ 26/қе бұйрығына
3-қосымша

"Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуына рұқсаттамалар беру"мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1)-тармақшасына (бұдан әрі – Заңы) сәйкес әзірленді және "Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуына рұқсаттамалар беру" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін анықтайды (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет).

      2. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің әскери бөлімдерімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) мемлекеттік қызметті алушы Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларға, сондай-ақ шетел азаматтарына, азаматтығы жоқ тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      3. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге көрсетілетін қызметті алушының электронды цифрлық қолы (бұдан әрі – ЭЦҚ) арқылы расталған, электронды нысанда "электрондық үкіметтің" веб-порталына (бұдан әрі – веб-портал) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуы үшін рұқсаттамалар алуға ұсыныс (бұдан әрі – ұсыныс) береді.

      Веб-порталда өтінішке электронды нысанда осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген мемлекеттік қызмет көрсетудің рәсімі, нысандары, мазмұны және көрсетілу нәтижелері сипаттамасын, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсынудың ерекшеліктері ескерілетін басқа да мәліметтерді қосатын мемлекеттік қызмет көрсетуге негізгі талаптардың тізбелерін қамтитын мемлекеттік қызмет стандартының 8-тармағына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар қоса беріледі.

      Көрсетілетін қызметті алушымен веб-порталға барлық қажетті құжаттарды берілген кезде – көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін шығару күні мен уақыты көрсетілетін сұраныстың қабылдануы туралы мәртебесі көрінеді.

      4. Көрсетілетін қызметті алушымен енгізілетін ұсыныс Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің және Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының аумақтық бөлімшелерімен келісілген болуы тиіс.

      Келісу мерзімдері ұсыну алынған сәттен бастап он жұмыс күнінен аспауға тиіс.

      5. Аумақтық суларда (теңізде) теңіздегі ғылыми зерттеулер және (немесе) іздестіру қызметін жүргізуге ниеттенген көрсетілетін қызметті алушы веб-портал арқылы көрсетілетін қызметті берушіге ұсыну енгізген кезде:

      1) жобаның сипаты және мақсаты, ғылыми жабдықтардың сипаттамасы;

      2) кемелердің атауын, типін және сыныбын, жоба жүргізілетін аудан бойынша географиялық мәліметтерін қоса алғанда, пайдаланылатын әдіс пен құралдар;

      3) зерттеу жүргізетін кемелер келетін және кететін немесе тиісті жағдайларда жабдықтар орналастырылатын және алып тасталатын күні;

      4) жобаға жауапты ұйымның атауы, басшы немесе адам туралы толық ақпаратты қосымша ұсынады.

      6. Мемлекеттік қызмет стандартының 7-тармағында қарастырылған көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесіне сәйкес қоса берілген құжаттары бар өтініш (бұдан әрі – құжаттар топтамасы) келіп түскен күні, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері оларды қабылдайды, тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің бөлімше жауапты қызметкерін (бұдан әрі – орындаушы) белгілейтін және оған орындауға жіберетін көрсетілетін қызметті берушінің бөлімше басшысына қарастыруға береді.

      7. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет стандартының 8-тармағында қарастырылған тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, орындаушы екі жұмыс күні ішінде қызметті алушының веб-порталдағы "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ арқылы расталған, электронды құжат түрінде өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы хабарламаны жолдайды.

      8. Толық болған жағдайда, орындаушы тоғыз жұмыс күні ішінде құжаттар топтамасын осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін қарастырады.

      9. Құжаттар топтамасын қарастырғаннан кейін орындаушы үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуына рұқсаттаманы (бұдан әрі – рұқсаттама) немесе осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны құрастырады және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ арқылы расталған, электронды құжат түрінде көрсетілетін қызметті алушының веб-порталдағы "жеке кабинетіне" жолдайды.

      10. Рұқсаттама кәсіпшілік, зерттеу, іздестіру немесе өзге де қызметті жүргізуге тиісті уәкілетті органдар рұқсатының қолданылу мерзімін ескере отырып, ұсынуда көрсетілген мерзімге беріледі, бірақ күнтізбелік бір жылдан аспауға тиіс.

      Қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін рұқсаттама күшін жояды.

      11. Заңның 5-бабы 2-тармағы 11)-тармақшасына сәйкес, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен енгізуді қамтамасыз етеді.

      12. Рұқсат беру және хабардар ету мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде оны көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде келіп түседі.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      13. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.

      14. Мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Қазақстан Республикасы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның 25-бабы 2)-тармақшасына сәйкес оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      15. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

  "Қазақстандық шағын көлемді
өздігінен жүзетін және өздігінен
жүзбейтін (суүсті және суасты)
кемелердің (құралдардың) және
мұз үстімен жылжитын
құралдардың Қазақстан
Республикасының аумақтық
суларына (теңізіне) және ішкі
суларына шығуына
рұқсаттамалар беру"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуына рұқсаттамалар алуға ұсыну

0000 әскери бөлімінің командиріне
(командиру воинской части 0000)
ҰСЫНУ
(ПРЕДСТАВЛЕНИЕ)

Теңізге шығуға рұқсаттама беруді сұраймын________________________________________

(Прошу выдать пропуск на выход в море) ______________________________________________________________________________
(заң тұлғаның атау, жеке тұлғаның тегі, аты, әкісінің аты (болған жағдайда)
(наименование юридического лица, фамилия, имя, отчество (при наличии)
физического лица)

Мақсаты (с целью) _____________________________________________________________
Уақыты (время) ________________________________________________________________
Ауданында аумақтық суларда болу
(нахождение в территориальных водах в районе) ___________________________________
______________________________________________________________________________
Жүзу құралының түрі (тип плавсредства)___________________________________________
Жүзу құралының тіркеу № (рег. № плавсредства) ____________________________________
Жүзу құралының тіркелімге алыну орны (место приписки плавсредства): _______________
______________________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының азаматтарына (шетелдік және азаматтығы жоқ тұлғаларға)
қоса берілген тізімге сәйкес саны _____ дана рұқсаттама
(Гражданам Республики Казахстан (иностранцам и лицам без гражданства) согласно
прилагаемому списку в количестве ______ экземпляров)
Ұсынуға мынадай құжаттар қоса беріледі
(К представлению прилагаются следующие документы) _____________________________
_____________________________________________________________________________
лауазымы (должность)
қолы (подпись)_____________________
__________________________________
(күні, айы, жылы) (дата, месяц, год)
Место печати (при необходимости) мөрдің орыны (қажетті жағдайда)

      (Парақтың сыртқы жағы)

Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығу үшін рұқсаттамалар алуға Қазақстан Республикасы азаматтарының (шетелдіктердің, азаматтығы жоқ тұлғалардың) тізімі

Р/с №

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Туған жылы, күні, айы

Тұратын жерінің мекенжайы

Жұмыс орны, лауазымы

Жеке басын куәландыратын құжаттың №

Азаматтығы

Ескертпе

1








2








3








      Барлығы: ____________________________________________________________

      (адамдардың жалпы саны – жазбаша)

      Бұл ретте мынадай техникалық құралдар тартылатын болады:

Р/с №

Техникалық құралдардың атауы

Мемлекеттік тіркеу нөмірі

Капитанның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Ескертпе

1





2





  "Қазақстандық шағын көлемді
өздігінен жүзетін және өздігінен
жүзбейтін (суүсті және суасты)
кемелердің (құралдардың) және
мұз үстімен жылжитын
құралдардың Қазақстан
Республикасының аумақтық
суларына (теңізіне) және ішкі
суларына шығуына
рұқсаттамалар беру"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
2-қосымша

"Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуына рұқсаттамалар беру" мемлекеттік қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

"Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері

15 (он бес) жұмыс күні

4

Көрсету нысаны

Электронды (толық автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі

Шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуына рұқсаттама немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарлама.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны – электронды.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы төлейтін төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған жағдайларда оны төлеу тәсілдері

Тегін

7

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі

1) веб-порталдың: техникалық жұмыстарды жүргізумен байланысты үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы демалыс және мереке күндері жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін ұсыну келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
2) көрсетілетін қызметті берушінің: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен сенбі аралығында (дүйсенбі – жұма сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 15-00-ге дейін, сенбі күні сағат 9-00-ден 13-00-ге дейін).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Шекара қызметінің интернет-қорында: gov. egov. kz/ mem leke t/ entitis/ she kara knb;
2) веб-порталда көрсетілген.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі

1) адамдар тізімін қоса бере отырып, қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуы үшін рұқсат алуға ұсыныс;
2) тиісті уәкілетті органдардың аумақтық суларда (теңізде) және ішкі суларда кәсіпшілік, зерттеу, іздестіру немесе өзге де қызметті жүргізуге рұқсат құжаттарының электронды көшірмесі.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнайы құқығынан айырылуы;
4) көрсетілетін қызметті алушымен мемлекеттік қызметтерді көрсетуге қажет ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен ақпараттардың осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілетін өзге талаптар

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті веб-портал арқылы алу үшін электронды цифрлық қолы болуы тиіс.
Көрсетілетін қызметті алушы қашықтықтан шығу мүмкіндігі режимінде мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алады.
мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөнінде көрсетілетін қызметті берушінің байланыс телефондары:
8 (7172) 71-91-55, 71-91-59, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414.

  "Қазақстандық шағын көлемді
өздігінен жүзетін және өздігінен
жүзбейтін (суүсті және суасты)
кемелердің (құралдардың) және
мұз үстімен жылжитын
құралдардың Қазақстан
Республикасының аумақтық
суларына (теңізіне) және ішкі
суларына шығуына
рұқсаттамалар беру"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуына рұқсаттама

РҰҚСАТТАМА түбіршегінің №___
(корешок пропуска)
(выдан) _______________________ берілді
(жителю) _________________________ тұрғыны
20 ___ жылы теңізге және ішкі суларға шығуға рұқсат берілген (разрешҰн выход в море и внутренние воды в 20__ году)
Ауданның аумақтық суларында болу (нахождение в территориальных водах в районе)
Жол жүру бағыты _____________________
(маршрут следования)
Теңізге шығу мақсаты _________________
(цель выхода в море)
Шығу уақыты ________________________
(время выхода)
Келу уақыты _________________________
(время пребывания)
Жүзу құралының түрі __________________
(тип плавсредства)
Жүзу құралының тіркеу №_________
(рег. № плавсредства)
Жүзу құралының тіркелімге алыну орны ________________________________
(место приписки плавсредства):
Негіздеме ___________________________
(основание)
Берілген күні _________________________
(дата выдачи)
0000 ә/б "_________" заставасының бастығы
(начальник заставы "_________" в/ч 0000)
________________________
Мөрдің орыны (қажетті жағдайда)
Место печати (при необходимости)

РҰҚСАТТАМА №___
(пропуск)
(выдан) ___________________________ берілді
(жителю) _______________________ тұрғыны
20 ___ жылы теңізге және ішкі суларға шығуға рұқсат берілген (разрешҰн выход в море и внутренние воды в 20__ году)
Аумақтық сулардан тыс ауданда болу (нахождение в территориальных водах в районе)
Жол жүру бағыты ______________________
(маршрут следования)
Теңізге шығу мақсаты __________________
(цель выхода в море)
Шығу уақыты ________________________
(время выхода)
Келу уақыты ______________________
(время пребывания):
Жүзу құралының түрі
(тип плавсредства)
Жүзу құралының тіркеу № ________
(рег. № плавсредства)
Жүзу құралының тіркелімге алыну орны _________________________
приписки плавсредства)
Рұқсаттама жеке басын куәландыратын құжат ұсынылған жағдайда жарамды (пропуск действителен при предъявлении документа, удостоверяющего личность)
№ ______
Берілген күні ______________________
(дата выдачи)
0000 ә/б "_________" заставасының бастығы
(начальник заставы "_________" в/ч 0000)
_______________________________________________
Мөрдің орыны (қажетті жағдайда)
Место печати (при необходимости)

  "Қазақстандық шағын көлемді
өздігінен жүзетін және өздігінен
жүзбейтін (суүсті және суасты)
кемелердің (құралдардың) және
мұз үстімен жылжитын
құралдардың
Қазақстан Республикасының
аумақтық суларына (теңізіне)
және ішкі суларына шығуына
рұқсаттамалар беру"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Қазақстандық кемелердің Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуына рұқсаттама беруден бас тарту туралы хабарлама

Қайда ______________________
____________________________
Кімге _______________________
(бастамашының мекенжайы
және анықтамалық деректері)
ХАБАРЛАМА
20___жылғы "____" ______ Сіздің өтінішіңізге
________________________________________________________________
ұсынылған құжаттардың толық болмауына байланысты Қазақстан Республикасының
аумақтық суларына (теңізіне), ішкі суларына
________________________________________________________________
________________________________________________________________
(шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің
(құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың түрі) шығуға рұқсаттама беруден
бас тартылатыны туралы хабарлаймыз.
0000 әскери бөлімінің командирі
________________________________________________________________
лауазымды тұлғаның қолы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
20___ жылғы "_____" ____________________
(күні, айы, жылы)

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағасының
2020 жылғы 20 сәуірдегі
№ 26/қе бұйрығына
4-қосымша

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының күші жойылатын кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі көрсететін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 26 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 23 мамырда № 11146 болып тіркелген).

      2. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі көрсететін мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 28 мамырдағы № 42 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 30 маусымда № 11504 болып тіркелген).

      3. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі көрсететін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 26 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2019 жылғы 29 шілдедегі № 57/қе бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2019 жылғы 1 тамызда № 19176 болып тіркелген).

      4. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі көрсететін мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 28 мамырдағы № 42 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2019 жылғы 10 қыркүйектегі № 72/қе бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2019 жылғы 13 қыркүйекте № 19378 болып тіркелген).