"Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі Заңының 7-бабының 65-5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғынжай беру және оны пайдалану қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін екі жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы тармақпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі |
А. Раимкулова |
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 97 бұйрығымен бекітілген |
Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғынжай беру және оны пайдалану ҚАҒИДАЛАРЫ
1-бөлім. Жалпы ережелер
1. Осы Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғынжай беру және оны пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі Заңының 7-бабының 65-5) тармақшасына сәйкес әзірленген және Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғынжай беру және оны пайдалану тәртібін анықтайды.
2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) коммуналдық тұрғынжай қоры – тұрғынжайларды пайдалануға беру жөніндегі арнайы мемлекеттік мекемеге бекітілген, жергілікті атқарушы органдардың қарауындағы тұрғынжайлар;
2) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган (бұдан әрі – ЖАО);
3) спорт федерациясы – спорттың бір немесе бірнеше түрін дамыту мақсатында қоғамдық бірлестік нысанында немесе қауымдастық (одақ) нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі нысанында құрылған коммерциялық емес ұйым;
4) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.
3. Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпиондары немесе жүлдегерлеріне тұрғынжайды беруді қаржыландыру Дүниежүзілік допингке қарсы ұйымның, Халықаралық Олимпиада комитетінің, Халықаралық Паралимпиада комитетінің, Саңыраулардың халықаралық спорт комитетінің ресми шешімі немесе хаттаманы алған кезден бастап алты айдан кешіктірілмей жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
4. Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғынжай ЖАО спортшының тұрғылықты жеріне және алған жүлделі орнына байланысты облыстар, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары, аудандар және облыстық маңызы бар қалалардан береді.
5. Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғынжай коммуналдық тұрғын үй қорынан өтеусіз негізде беріледі.
6. Көрсетілетін қызметті алушыға мынадай шарттар белгіленеді:
1) Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындарда алтын медаль жеңіп алған чемпионға – үш бөлмелі пәтер;
2) Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындарда күміс медаль жеңіп алған жүлдегерге – екі бөлмелі пәтер;
3) Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындарда қола медаль жеңіп алған жүлдегерге – бір бөлмелі пәтер.
7. Бір Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындарда бір медальдан артық алған тұлғаларға көрсетілетін қызметті берушіден тұрғынжай алу құқығы бір рет беріледі.
2-бөлім. Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғынжай беру және оны пайдалану тәртібі
8. Спорт түрінен аккредиттелген республикалық және (немесе) өңірлік спорт федерациясы (бұдан әрі – федерация) Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындар біткен күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) федерацияның мөрімен расталған Дүниежүзілік допингке қарсы ұйымның, Халықаралық Олимпиада комитетінің, Халықаралық паралимпиада комитетінің, Саңыраулардың халықаралық спорт комитетінің және халықаралық федерацияның жарыс хаттамасын немесе ресми шешімін береді.
9. Уәкілетті орган Дүниежүзілік допингке қарсы ұйымның, Халықаралық Олимпиада комитетінің, Халықаралық паралимпиада комитетінің, Саңыраулардың халықаралық спорт комитетінің және халықаралық федерацияның жарыс хаттамасын немесе ресми шешімін 3 (үш) жұмыс күні ішінде ЖАО-ға электронды түрде жібереді.
ЖАО Дүниежүзілік допингке қарсы ұйымның, Халықаралық Олимпиада комитетінің, Халықаралық паралимпиада комитетінің, Саңыраулардың халықаралық спорт комитетінің жарыс хаттамасын немесе ресми шешімін алғанын растау оның Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесіндегі тіркелуі болып табылады.
10. ЖАО (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) 3 (үш) жұмыс күні ішінде Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) оларға тұрғынжай берілетіндігі туралы хабарлама жібереді.
11. Көрсетілетін қызметті алушы хабарлама алғаннан кейін 1 (бір) ай ішінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – мемлекеттік корпорация) арқылы көрсетілетін қызметті берушіге өтініш береді және осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген стандартқа сәйкес құжаттарды қоса береді.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттардың мәліметін көрсетілетін қызметті беруші мен мемлекеттік корпорацияның қызметкері "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттар қабылданған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
12. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін айқындайтын мемлекеттік қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес пакетін, сонымен қатар қолданыс мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
13. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына қарауға береді.
Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттарды алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде Стандарттың 8-тармағында көзделген ұсынылған құжаттардың толықтығы мен сәйкестігін тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды жібереді.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 31.12.2021 № 414 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.14. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 6 (алты) жұмыс күні ішінде құжаттар пакетін зерделейді және 1 (бір) күн ішінде Қазақстан Республикасының азаматтарына коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайды беруді жүзеге асыратын тұрғын-үй қатынастары саласындағы құрылымдық бөлімшеге (бұдан әрі - бөлімше) хат жолдайды, хат 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.
Бөлімше хатты қарағаннан кейін оны тұрғын үй комиссиясының қарауына жолдайды
Тұрғын үй комиссиясы хатты 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде қарайды.
Тұрғын үй комиссиясының оң шешімі негізінде, "Дене шынықтыру және спорт туралы", "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші 10 (он) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға ЖАО әкімдігінің тұрғын үй беру туралы қаулысын немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап шығарады.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 31.12.2021 № 414 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.15. Тұрғын үй комиссиясының шешімі теріс болған немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін өзге де негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігін беру үшін мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушының алдын ала шешім бойынша қарсылығын көрсетілетін қызметті беруші оны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қабылдайды.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші комиссияның оң шешімі болған кезде 10 (он) жұмыс күні ішінде ЖАО әкімдігінің көрсетілетін қызметті алушыға тұрғын үй беру туралы қаулысын, комиссияның теріс шешімі болған кезде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап шығарады.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 31.12.2021 № 414 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.16. ЖАО әкімдігі тұрғынжайды беру туралы қаулыны қабылдағаннан кейін 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде көрсетілетін қызметті алушымен тұрғынжайды пайдалану шарты (бұдан әрі – шарт) жасалады.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 17.02.2021 № 44 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.17. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі өткенге дейін бір тәуліктен кешіктірмей мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің мемлекеттік корпорацияға жеткізілуін қамтамасыз етеді.
18. Көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 тіркелген) белгілеген тәртіпте мемлекеттік қызметтерді көрсету сатысындағы мемлекеттік қызмет көрсетуді бақылаудың ақпараттық жүйесіне енгізілуін қамтамасыз етеді.
19. Көрсетілетін қызметті алушымен шарт 10 (он) жыл мерзімге жасалады.
Шарт жасасқан күннен бастап 10 (он) жыл өткен соң көрсетілетін қызметті алушылар коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген, өздері тұрып жатқан тұрғынжайды өтеусіз негізде меншікке алады.
20. Тұрғынжай берілген көрсетілетін қызметті алушылар қайтыс болған (қаза болған) жағдайда, тұрғынжайды меншікке өтеусіз алу құқығы осы Қағидалардың 19-тармағында көрсетілген допинг сынамасының нәтижесіне және мерзіміне қарамастан қайтыс болған (қаза болған) адамның мұрагерлеріне өтеді.
21. Паралимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне коммуналдық тұрғын үй қорынан – олардың қалауы ескеріле отырып, төменгі қабаттардан немесе лифтілері бар тұрғын үйлерден, ал Паралимпиадалық ойындардың тірек-қозғалыс аппараты бұзылған чемпиондары мен жүлдегерлеріне екіншіден жоғары емес қабаттан тұрғынжай беріледі.
Паралимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне ғимараттың типі, абаттандырылу дәрежесі және басқа да тұруға қажетті жағдайлар ескеріле отырып, тұрғын үй-жайды таңдау құқығы беріледі.
22. Дүниежүзілік допингке қарсы ұйымның, Халықаралық Олимпиада комитетінің, Халықаралық паралимпиада комитетінің, Саңыраулардың халықаралық спорт комитетінің шешімі негізінде жүлделі орын берілген кезде, Олимпиадалық, Паралимпиадалық, Сурдлимпиадалық ойындардың қатысушысына осы Қағидалардың 7-тармағына сәйкес коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжай беріледі.
23. Дүниежүзілік допингке қарсы ұйымның, Халықаралық Олимпиада комитетінің, Халықаралық паралимпиада комитетінің, Саңыраулардың халықаралық спорт комитетінің шешімі негізінде неғұрлым жоғары жүлделі орын берілген кезде, көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжай беріледі.
24. Уәкілетті орган Дүниежүзілік допингке қарсы ұйымның, Халықаралық Олимпиада комитетінің, Халықаралық паралимпиада комитетінің, Саңыраулардың халықаралық спорт комитетінің жарыс хаттамасын немесе ресми шешімін алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге Дүниежүзілік допингке қарсы ұйымның, Халықаралық Олимпиада комитетінің, Халықаралық паралимпиада комитетінің, Саңыраулардың халықаралық спорт комитетінің және халықаралық спорттық федерацияның жарыс хаттамасын немесе спорттық нәтижені жою туралы ресми шешімін жібереді.
25. Допингті қолданған немесе пайдалануға әрекет жасаған жағдайда спорттық нәтиже жойылғанда, көрсетілетін қызметті алушымен осы Қағидалардың 19 тармағына сәйкес 10 жылға жасалған шарт бұзылады.
26. Көрсетілетін қызметті беруші Дүниежүзілік допингке қарсы ұйымның, Халықаралық Олимпиада комитетінің, Халықаралық паралимпиада комитетінің, Саңыраулардың халықаралық спорт комитетінің жарыс хаттамасын және (немесе) спорттық нәтижені жою туралы ресми шешімнің негізінде 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға шартты бұзу туралы хабарлама жібереді.
27. Шартты бұзу көрсетілетін қызметті алушыдан шартты бұзу туралы хабарлама алғаннан кейін 1 (бір) ай ішінде тұрғынжайды көрсетілетін қызметті берушіге қайтаруға әкеп соғады.
28. Тұрғынжайды қайтарудан бас тартқан жағдайда, шартты бұзу сот тәртібімен жүзеге асырылады.
3-бөлім. Көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
29. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шағым лауазымды адамның шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына және (немесе) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) беріледі.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды тұлға шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте, көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды тұлға, шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасайды, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешімді немесе әкімшілік әрекетті қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 31.12.2021 № 414 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.30. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін мемлекеттік органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 31.12.2021 № 414 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
Олимпиадалық, Паралимпиадалық, Сурдлимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғын үй беру және оны пайдалану қағидаларына 1-қосымша |
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 31.12.2021 № 414 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Нысан
Кімге_______________________ облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, ____________________________ астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар ____________________________ қалалардың жергілікті атқарушы органы ___________________________ басшысының лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) Кімнен______________________ чемпионның не жүлдегердің немесе уәкілетті ____________________________ өкілдің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) ____________________________ Тұрғылықты мекенжайы: ____________________________ Ұялы байланыстың абоненттік нөмірі: ____________________________ Электрондық пошта мекенжайы: ___________________________. |
Тұрғынжай беру туралы өтiнiш
"Дене шынықтыру және спорт туралы" 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 47-бабына сәйкес маған
______________________________________________________________________ ______________________________________________________________________
(тұрғынжайдың орналасу орнын (облыс, қала) көрсету керек)
тұрғынжай беруді сұраймын.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
___________ _______________________________________________ (қолы) (тегi, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
20__ жылғы "___" ____________
Өтiнiштiң түскен күнi 20__ жылғы "___"_____________
____________________________________________________________________
(өтінішті қабылдаған тұлғаның қолы, тегi, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғынжай беру және оны пайдалану қағидаларына 2-қосымша |
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 17.02.2021 № 44 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 31.12.2021 № 414 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
"Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғынжай беру және оны пайдалану" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты | ||
1. | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандар және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші). |
2. | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері |
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру "Азаматтарға арналған үкімет "Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) жүзеге асырылады. |
3. | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
1 кезең: көрсетілетін қызметті берушінің тұрғынжаймен қамтамасыз ету туралы шешім қабылдауы – 3 (үш) ай; |
4. | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Қағаз түрінде. |
5. | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі |
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – тұрғынжайды пайдалану шарты. |
6. | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін |
7. | Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс графигі |
Көрсетілетін қызмет беруші: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00 – ден 14.30 – ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00 – ден 18.30 – ға дейін. |
8. | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі |
Мемлекеттік корпорацияға: |
9. | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтауы; |
10. | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Организм функцияларының тұрақтыбұзылуы бар, өзіне-өзі қызмет көрсету, өздігінен жүріп-тұру, бағдарлай алу қабілетінен немесе мүмкіндігінен толық немесе ішінара айырылған көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорация қызметкері тұрғылықты жеріне барып, бірыңғай байланыс орталығы арқылы өтініш беру жолымен жүргізеді. |
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы қолхат
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 17.02.2021 № 44 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) филиалының № ____ бөлімі (мекенжайы көрсетілсін) "Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғынжай беру және оны пайдалану" мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты бас тартады, атап айтқанда жоқ және (немесе) қолданыс мерзімі өтіп кеткен құжаттардың атауы:
1)___________________________________________________________;
2)___________________________________________________________;
3)___________________________________________________________.
Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.
Мемлекеттік корпорацияның қызметкері:
_________________________________________________ _________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
Орындаушы:______________________________________ _________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
Телефоны ____________________
Алдым: __________________________________________ _________
(көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, (қолы)
әкесінің аты (болған жағдайда)
20__ жылғы "___"_________"