БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттермен арадағы тауарлармен сыртқы сауданың кедендік статистикасын жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 14 ақпандағы № 182 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16460 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 14 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттермен арадағы тауарлармен сыртқы сауданың кедендік статистикасын жүргізу қағидаларында:
4, 5, 6 және 7 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Сыртқы сауда статистикасын жариялау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (бұдан әрі – Комитет): kgd.gov.kz ресми интернет-ресурсында жүргізіледі.
5. Сыртқы сауда статистикасын Комитеттің жауапты тұлғасы жариялайды.
6. Тауарлармен сыртқы сауда статистикасын жүргізу үшін ақпарат көздері "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің тауарларымен өзара сауда статистикасын жүргізу әдістемесін және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің тауарларының сыртқы саудасының кедендік статистикасын жүргізу әдістемесін бекіту туралы" 2018 жылғы 25 желтоқсандағы № 210 Евразиялық экономикалық комиссияның шешіміне сәйкес тауарларға арналған декларацияларда және өзге де құжаттарда қамтылған мәліметтер, сондай-ақ аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының өзге де мәліметтері пайдаланылады.
Осы тармақтың шеңберінде өзге мәліметтер деп өз қызметін орындау барысында аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының мәліметтері түсініледі.
7. Ақпараттық жүйе мынадай:
1) деректерді жүктеу;
2) сыртқы сауда кедендік статистикасының деректерін талдау;
3) Комитеттің: kgd.gov.kz ресми интернет-ресурсында есептерді жариялау кіші жүйелерінен тұрады.";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Комитет статистикалық ақпаратты беруді Кодекстің 19-бабына сәйкес жүзеге асырады.".
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші Орынбасары –Қаржы министрі |
А. Смаилов |