"Босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнайы құралдарды құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 13 сәуірдегі № 197 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 16 сәуірде № 20414 болып тіркелді.

Жаңартылған

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнайы құралдарды құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің міндетін атқарушы
К. Ускенбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2020 жылғы 13 сәуірдегі
№ 197 бұйрығымен
бекітілген

"Босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнайы құралдарды құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнайы құралдарды құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнайы құралдарды құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін айқындайды.

      2. Қағидалар жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.

      3. "Босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнайы құралдарды құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі осы Қағидаларға сәйкес көрсетеді.

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызмет алушыға ақылы негізде көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін "Босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнайы құралдарды құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 6-тармағына, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық кодексі) сәйкес жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алым төленеді.

2-тарау. "Босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнайы құралдарды құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      5. Жеке немесе заңды тұлға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті алу үшін www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы Стандарттың 9 пунктіне сәйкес құжаттарды жолдайды.

      6. Көрсетілетін қызметті беруші Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген құжаттар мен мәліметтерді тіркеуді олар түскен күні жүзеге асырады.

      Өтініш беруші Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      "Электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төленген жағдайда, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы, лицензия, бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растау туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден ЭҮТШ арқылы алады. Жеке басын куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді уәкілетті орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы алады.

      7. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

      1) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде - 15 (он бес) жұмыс күні;

      2) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде - 3 (үш) жұмыс күні;

      3) көрсетілетін қызметті алушыны бөліп шығару немесе бөліну нысанында қайта ұйымдастыру кезінде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде - 15 (он бес) жұмыс күні;

      4) лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын беру кезінде - 2 (екі) жұмыс күні.

      Көрсетілетін қызметті алушы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес ұсынылған құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан бас тартады.

      8. Көрсетілетін қызметті алушы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда:

      көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжаттардың дұрыстығын және көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) ұсынылған құжаттардың осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін тексереді;

      көрсетілетін қызметті берушіге ұсынылған құжаттарды алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуді және лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын қоспағанда, азаматтық қорғау саласындағы тиісті мемлекеттік органға келісім алу үшін сұрау салу жіберіледі.

      Мемлекеттік орган рұқсат беру органының сұрау салуы негізінде он жұмыс күні ішінде тиісті рұқсат беру органына өтініш берушінің лицензиялау кезінде немесе рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру кезінде қойылатын талаптарға сәйкестігі немесе сәйкессіздігі туралы жауапты жібереді.

      Мемлекеттік органдар белгіленген мерзімдерде жауап ұсынбаған жағдайда, рұқсат беру келісілген деп есептеледі.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      9-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 06.04.2022 № 189 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген іс-әрекеттерді орындау нәтижелері бойынша босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнайы құралдарды жою, кәдеге жарату, көму және қайта өңдеу арқылы жою жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия және (немесе) лицензияға қосымша не қайта ресімделген лицензия және (немесе) лицензияға қосымша не лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасы не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап ресімделеді.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      10. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздері Стандарттың 9 пунктінде көрсетілген.

      1) Қазақстан Республикасының заңдарында жеке немесе заңды тұлғалардың осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынғануы;

      2) лицензиялық алым енгізілмеуі;

      3) көрсетілетін қызметті алушы Біліктілік талаптарына сәйкес келмегенде;

      4) мемлекеттік органның көрсетілетін қызметті алушының лицензиялау кезінде немесе рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру кезінде қойылатын талаптарға сәйкес еместігі туралы жауабы;

      5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;

      6) сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот көрсетілетін қызметті алушы-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салуы;

      7) өтініш беруші лицензия алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталуы.

      Босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнайы құралдарды құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензияны қайта ресімдеу негізі және лицензияны қайта ресімдеуге берген жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің іс-қимылдары:

      1) жеке тұлға-лицензиаттың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) өзгеруі;

      2) жеке кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның атауы немесе заңды мекенжайы өзгеруі;

      3) заңды тұлға-лицензиатты "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңның 34-бабында айқындалған тәртіпке сәйкес қайта ұйымдастырылуы;

      4) заңды тұлға-лицензиаттың атауы және (немесе) орналасқан жері өзгеруі (лицензияда мекенжай көрсетілген жағдайда);

      5) егер нақты лицензияның иеліктен шығарылатындығы осы Заңға 1-қосымшада көзделген жағдайларда, лицензиат үшінші тұлғалардың пайдасына объектімен бірге "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілген лицензияны иеліктен шығаруы;

      6) "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілген лицензия үшін немесе лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып, объект нақты көшірілмей оның орналасқан жерінің мекенжайы өзгеруі;

      7) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талаптың болуы.

      Осы тармақтың бірінші бөлігі 2), 4) және 6) тармақшаларының қолданысы дара кәсіпкер-лицензиаттың заңды мекенжайы, заңды тұлға-лицензиаттың орналасқан жерінің мекенжайы, "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілген лицензия үшін объектінің орналасқан жерінің мекенжайы өзгерген немесе объектілер көрсетілген лицензияға қосымшалар үшін "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес елді мекендер атауының, көшелер атауының өзгеруіне байланысты болған жағдайларға қолданылмайды. Лицензиаттар мен лицензия объектісінің мекенжайларын осындай өзгерістер мемлекеттік ақпараттық жүйелерді интеграциялау арқылы жүзеге асырылады.

      11. Мемлекеттік ызметті көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторын (бұдан әрі - оператор) хабардар етеді және көрсетілетін қызметті беруші қол қойылған техникалық проблема туралы хаттама толтырады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      3-тарау жаңа редакцияда көзделген - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 06.04.2022 № 189 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3 - тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      12. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1 мекенжайы, miid@miid.gov.kz электрондық мекенжайы бойынша немесе Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің блогына ("Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің блогы" парағы) көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

      Шағым пошта бойынша жазбаша нысанда не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі, сондай-ақ портал арқылы қолма-қол беріледі.

      Шағымда көрсетілетін қызметті алушы тегін, атын, әкесінің атын, пошталық мекенжайын, шығыс нөмірі мен күнін көрсетеді. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қоюы тиіс.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қабылдап алған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орны көрсетіле отырып, шағымды тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Портал арқылы өтініш жасаған кезде шағым жасаудың тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны бойынша алуға болады.

      Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" өтініш жасағаны туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішін өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау, туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

      Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      13. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте сотқа жүгінуге құқығы бар.

  "Босатылатын оқ-дәрілерді,
қару-жарақтарды, әскери
техниканы, арнайы құралдарды
құртып жіберу, кәдеге жарату,
көму арқылы жою және қайта
өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге
асыруға лицензия беру"
мемлекеттік қызметті көрсету
қағидаларына қағидаларына
1-қосымша

"Босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнайы құралдарды құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

Босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнайы құралдарды құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру.

2.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.

3.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкіметтің" веб порталы (бұдан әрі - портал).

4.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

1) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде- 15 (он бес) жұмыс күні;
2) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде - 3 (үш) жұмыс күні;
3) көрсетілетін қызметті алушыны бөліп шығару немесе бөліну нысанында қайта ұйымдастыру кезінде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде - 15 (он бес) жұмыс күні;
4) лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын беру кезінде - 2 (екі) жұмыс күні.

5.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (толығымен автоматтандырылған).

6.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - Босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнайы құралдарды құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, қайта ресімделген лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшанының телнұсқасы немесе стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін ұсыну нысаны: электрондық түрде.

7.

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым төленеді:
1) лицензия беру кезінде - 22 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК);
2) лицензияны қайта ресімдегені үшін- лицензия беру кезінде мөлшерлеменің 10 %;
3) лицензияның телнұсқасын беру үшін - лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің.
Лицензиялық алымды төлеу екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады, сондай-ақ төлем ЭҮТШ арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

8.

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті берушіде - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі-жұма аралығында, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) порталда - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

9.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) лицензияны алу үшін:
лицензия алу үшін ЖТ өтініші немесе лицензия алу үшін ЗТ өтініші;
ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 24 сәуірдегі № 54/НҚ бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18605 болып тіркелген) бекітілген Босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнаулы құралдарды жою (жою, тазарту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне (бұдан әрі - біліктілік талаптарын) сәйкес құжаттардың электрондық көшірмесі;
2) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін:
Лицензияны қайта рәсімдеу үшін ЖТ өтініші немесе лицензияны қайта рәсімдеу үшін ЗТ өтініші;
ЭҮТШ арқылы төлеу жүргізілген жағдайларын қоспағанда, қызметтің жекеленген түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алым төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың электрондық көшірмесі;
3) лицензия туралы мәліметтерді тиісті ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болмаған жағдайда, лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын алу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.

10.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) Қазақстан Республикасының заңдарында жеке немесе заңды тұлғалардың осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынуы;
2) лицензиялық алым енгізілмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушы Біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;
4) мемлекеттік органның көрсетілетін қызметті алушының лицензиялау кезінде немесе рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру кезінде қойылатын талаптарға сәйкес еместігі туралы жауабы;
5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
6) сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот көрсетілетін қызметті алушы-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салған жағдайларда жүзеге асырылуы;
7) өтініш беруші лицензия алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталуы.

11.

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар

1) Мемлекеттік қызметті көрсету мекенжайы көрсетілетін қызметті берушінің www.mdaі.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
2) ЭЦҚ болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
3) Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қолжетімділік режимінде алу мүмкіндігі бар.
4) Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтің байланыс телефондары: 8 (7172) 75-94-48, мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

  "Босатылатын оқ-дәрілерді,
қару-жарақтарды, әскери
техниканы, арнайы құралдарды
құртып жіберу, кәдеге жарату,
көму арқылы жою және қайта
өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге
асыруға лицензия беру"
мемлекеттік қызметті көрсету
Стандартына
1-қосымша
  Нысан

Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған жеке тұлғаның өтiнiші

      ________________________________________________________________________________

      (лицензиардың толық атауы)

      ________________________________________________________________________________

      (жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі)

      ________________________________________________________________________________

      (қызметтiң түрi және (немесе) қызметтiң кіші түрінің(-лері) толық атауы көрсетілсін) жүзеге

      асыруға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруiңiздi сұраймын.

      Жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің мекенжайы

      ________________________________________________________________________________

      (пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат нөмірі)

      Электрондық пошта ______________________________________________________________

      Телефондары ____________________________________________________________________

      Факс___________________________________________________________________________

      Банк шоты_______________________________________________________________________

      (шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)

      Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің

      мекенжайы______________________________________________________________________

      (пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат

      (стационарлық үй-жайлар) нөмірі) ______ парақта қоса беріліп отыр

      Осымен:

      көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және

      оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту

      мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;

      өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен

      айналысуға сот тыйым салмайтыны;

      қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып

      табылатындығы расталады;

      өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде

      ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі

      шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді;

      өтініш беруші халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерінің өтінішті электрондық

      цифрлық қолтаңбамен растауына келіседі (халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы жүгінген жағдайда).

      Жеке тұлға ___________ _____________________________________________________

      (қолы)                  (тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда)

      Толтыру күні: 20___ жылғы "__" ___________

  "Босатылатын оқ-дәрілерді,
қару-жарақтарды, әскери
техниканы, арнайы құралдарды
құртып жіберу, кәдеге жарату,
көму арқылы жою және қайта
өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге
асыруға лицензия беру"
мемлекеттік қызметті көрсету
Стандартына
2-қосымша
  Нысан

Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған заңды тұлғаның өтiнiші

      ________________________________________________________________________________

      (лицензиардың толық атауы)

      ________________________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, мекенжайы,

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда

      - шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      ________________________________________________________________________________

      (қызметтiң түрiн және (немесе) қызметтің кіші түрінің(-лері) толық атауы көрсетілсін)

      __________________________________________________________________________ жүзеге

      асыруға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруiңiздi сұраймын.

      Заңды тұлғаның мекенжайы________________________________________________________

      (шетелдік заңды тұлға үшін) пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы,

      елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)

      Электрондық пошта ______________________________________________________________

      Телефондары ____________________________________________________________________

      Факс ___________________________________________________________________________

      Банк шоты ______________________________________________________________________

      (шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)

      Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің

      мекенжайы______________________________________________________________________

      (пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені,

      көшеатауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі) ______ парақта қоса беріліп отыр.

      Осымен:

      көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және

      оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту

      мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;

      өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен

      айналысуға сот тыйым салмайтыны;

      қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып

      табылатындығы расталады;

      өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде

      ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі

      шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді;

      өтініш беруші халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерінің өтінішті электрондық

      цифрлық қолтаңбамен растауына келіседі (халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы жүгінген жағдайда).

      Басшы __________ _________________________________________________________

      (қолы)                  (тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда)

      Толтыру күні: 20__ жылғы "__" _________________

  "Босатылатын оқ-дәрілерді,
қару-жарақтарды, әскери
техниканы, арнайы құралдарды
құртып жіберу, кәдеге жарату,
көму арқылы жою және қайта
өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге
асыруға лицензия беру"
мемлекеттік қызметті көрсету
Стандартына
3-қосымша
  Нысан

Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған жеке тұлғаның өтiнiші

      ________________________________________________________________________________

      (лицензияардың толық атауы)

      ________________________________________________________________________________

      (жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі)

      ________________________________________________________________________________

      (қызметтiң түрi және (немесе) кіші түрінің (-лері) толық атауы)

      __________________________________________________ жүзеге асыруға 20___ жылғы " "

      ___________ № ____________, _____________берілген, (лицензияның және (немесе)

      лицензияға қосымшаның (лардың) нөмірі (лері), берілген күні, лицензияны және (немесе)

      лицензияға қосымшаны(ларды) берген лицензиардың атауы) лицензияны және (немесе)

      лицензияға қосымшаны (керектің астын сызу)

      мынадай негіз(дер) бойынша (тиісті жолға Х қою қажет) қайта ресімдеуіңізді сұраймын:

      1) жеке тұлға-лицензиаттың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) өзгеруі _______

      2) жеке кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның атауының өзгеруі ______

      3) жеке кәсіпкер-лицензиаттың қайта тіркелуі, оның заңды мекенжайы өзгеруі _______

      4) егер лицензияның иеліктен шығарылатындығы "Рұқсаттар және хабарламалар

      туралы" Қазақстан Республикасының Заңына 1-қосымшада көзделген жағдайларда, лицензиат

      үшінші тұлғалардың пайдасына объектімен бірге "объектілерге берілетін рұқсаттар" класы

      бойынша берілген лицензияны иеліктен шығаруы ________

      5) "объектілерге берілетін рұқсаттар" класы бойынша берілген лицензия үшін немесе

      лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып, объект нақты көшірілмей оның

      орналасқан жерінің мекенжайы өзгеруі _______

      6) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талап болған жағдайларда _______

      7) қызмет түрінің атауының өзгеруі ________

      8) қызметтің кіші түрінің атауының өзгеруі ________

      Жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің мекенжайы_________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат нөмірі)

      Электрондық пошта ______________________________________________________________

      Телефондары____________________________________________________________________

      Факс ___________________________________________________________________________

      Банк шоты ______________________________________________________________________

      (шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)

      Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы

      ________________________________________________________________________________

      (пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені,

      көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар нөмірі) ______ парақта қоса беріліп отыр.

      Осымен:

      көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және

      оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту

      мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;

      өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен

      айналысуға сот тыйым салмайтыны;

      қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады;

      өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде

      ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі

      шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді;

      өтініш беруші халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерінің өтінішті электрондық

      цифрлық қолтаңбамен растауына келіседі (халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүгінген жағдайда).

      Жеке тұлға ____________ ____________________________________________________

      (қолы)                  (тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда)

      Толтыру күні: 20__ жылғы "__" _________________

  "Босатылатын оқ-дәрілерді,
қару-жарақтарды, әскери
техниканы, арнайы құралдарды
құртып жіберу, кәдеге жарату,
көму арқылы жою және қайта
өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге
асыруға лицензия беру"
мемлекеттік қызметті көрсету
Стандартына
4-қосымша
  Нысан

Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған заңды тұлғаның өтiнiші

      ________________________________________________________________________________

      (лицензиардың толық атауы)

      ________________________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, мекенжайы, бизнес-

      сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда –

      шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      ________________________________________________________________ жүзеге асыруға

      (қызметтiң түрi және (немесе) қызметтің кіші түрінің(-лері) толық атауы) 20___ жылғы " "

      ___________ № ____________, ______________берілген, (лицензияның және (немесе)

      лицензияға қосымшаның(лардың) нөмірі(лері), берілген күні, лицензияны және (немесе)

      лицензияға қосымшаны(ларды) берген лицензиардың атауы) лицензияны және (немесе)

      лицензияға қосымшаны ( керектің асты сызылсын) мынадай негіз(дер) бойынша (тиісті жолға

      Х белгісін қою қажет) қайта ресімдеуіңізді сұраймын:

      1) заңды тұлға-лицензиат "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабында айқындалған тәртіпке сәйкес (тиісті жолға Х белгісін қою қажет):

      бірігу ____

      қайта құру ____

      қосылу ____

      бөліп шығару ____

      бөліну ____ жолымен қайта ұйымдастырылуы

      2) заңды тұлға-лицензиат атауының өзгеруі ____

      3) заңды тұлға-лицензиаттың орналасқан жерінің өзгеруі ____

      4) егер лицензияның иеліктен шығарылатындығы "Рұқсаттар және хабарламалар

      туралы" Қазақстан Республикасының Заңына 1-қосымшада көзделген жағдайларда, лицензиат

      үшінші тұлғалардың пайдасына объектімен бірге "объектілерге берілетін рұқсаттар" класы

      бойынша берілген лицензияны иеліктен шығаруы ____

      5) "объектілерге берілетін рұқсаттар" класы бойынша берілген лицензия үшін немесе

      лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып, объект нақты көшірілмей оның

      орналасқан жерінің мекенжайының өзгеруі ____

      6) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талап болған жағдайларда ____

      7) қызмет түрінің атауының өзгеруі ____

      8) қызметтің кіші түрінің атауының өзгеруі _____

      қағаз тасығышта ________(егер лицензияны қағаз тасығышта алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою)

      Заңды тұлғаның мекенжайы__________________________________________________

      (шетелдік заңды тұлға үшін-елі, пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені,

      көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)

      Электрондық пошта_______________________________________________________________

      Телефондары____________________________________________________________________

      Факс ___________________________________________________________________________

      Банк шоты_______________________________________________________________________

      (шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)

      Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы

      ________________________________________________________________________________

      (пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені,

      көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі) ______ парақта қоса беріліп отыр.

      Осы өтінішпен:

      көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және

      оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту

      мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;

      өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен

      айналысуға сот тыйым салмайтыны;

      қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады;

      өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде

      ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі

      шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді;

      өтініш беруші халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерінің өтінішті электрондық

      цифрлық қолтаңбамен растауына келіседі (халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүгінген жағдайда).

      Басшы___________ _________________________________________________________

      (қолы)                        (тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда)

      Толтырылған күні: 20__ жылғы "__" _________________